Жобаның негізі бойынша – Шолақ–Қорған БМАС қарастырылды

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасы – ТМД аумағында  мұнай өндіру бойынша  екінші орын (Ресейден кейін), газ өндіру бойынша  үшінші орын (Ресей мен Түркменстаннан кейін)  алатын мұнай державасы.

Мұнайды өндірудің өсімін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін оны алу процестерінің  техникалық және технологиялық барысын  жетілдіру қажет.

Мұндайда  мұнай өндірісін дамыту үрдістерінің негізгілерінің бірі елімізде қоры қомақты  болып табылатын аномальды қаситтері  бар ауыр мұнайды өндіруді ұлғайту  болып табылады.

Мұнай – жер астынан  табыртын сұйық отын, оның құрамына  көмірсутегі - СН, күкірт – S, азот – N2 кіреді. Соғыс жылдарына дейін ауыл шаруашылығын өркендету үшін мұнай саласын кеңейту және қайта өңдеу жұмыстары жүргізіле бастады. Мұнай айдау станциясы дегеніміз – мұнай және мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдауға арналған инженерлік құрылыс. Мұнай айдау станциялары көлемдеріне қарай екі топқа бөлінеді.

I-ші бас мұнай айдау  станциясы

II-ші аралық мұнай айдау станциясы

Оперативтік принциптері  бойынша мұнай айдау станциялары  мұнай және мұнай өнімдерін бір  станциядан екіеші станцияға тасымалдайды.

Дипломдық жобаның мақсаты: Шолаққорған мұнай айдау станциясын қайта жарақтандырудың талаптарын, жарықтандыруға қажетті негізгі жабдықтарды түрлерін пайдалануды үйретеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        І. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

         1.1Физика географиялық жағдайы

         Оңтүстік – Қазақстан Облысы Қазақстанның Оңтүстігінде, шамамен Тұран ойпатының шығысымен Тянь – Шань тауының батыс бөлігінде орналасқан.Аумақтың үлкен бөлігі жазық дала, Қызылқұмның дөңес тізбекті топырағы, Шардара шөл даласы (оңтүстік батыс, Сырдарияның сол жағалауы), және Мойынқұм (солтүстікте, Шудың сол жағалауы) алып жатыр. Солтүстік бөлігінде Бетпақ – Дала шөлі, оңтүстік шетінде – Мырзашөл.Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы (қ.Бессаз – 2176 м.), оңтүстік – шығысын – Алатау Таласскасының батысының шеті ғана,Қаржантау жоталары (биіктігі – 2824м дейін ) және Угам (ең биік нүктесі – Сайрам шыңы – 4238м ) иемденіп жатыр. 
Ең үлкен ірі өзендер – ол Сырдария (Келес, Құрықкелес, Арыс, Бұғын т.б.тармағы) облыстың оңтүстігі мен солтүстік – батыс аумағынан ағып өтеді, және Шу өзені (өзеннің төменгі ағысы), солтүстікте ағып, Мойынқұм топырағынан жоғаоып кетеді. Облыс алаңы 117,3 мың шаршы км немесе республиканың 4,3 % аймағы, Солтүстік пен Оңтүстік өлескінің арлығы тікелей 600 км қамтиды.Облыс тез континентальды климат аймағында орналасқан.Құнарлы жері, күн сәулесі тұрақты түсетін кең – байтақ өлкенің осы өңірі әр түрлі ауыл – шаруашылық бағытын, біріншіден – жер шаруашылығын және мал шаруашылығын дамытуға өте қолайлы аймақ. Егін, мақта, күріш және жүзім бақшалары жоғары дәрежеде мол өнім береді. Облыстың табиғи байлығы минералды – шикізат ресурстары және полиметалл рудасының табылған ошағы.(Қаратаудың оңтүстік батысында Кентау қаласының маңы, Ащысай, Байжансай, Мерғалысай және т.б.ошақтар).Оңтүстік Қазақстан облысы : солтүстікте Қарағандымен, шығыста Жамбыл облысымен және батыста Қызылорда облысымен, оңтүстікте Өзбекстан мемлекетімен шектелген.Халық саны – 1978,3 мың адамды құрайды.Оңтүстік Қазақстан Облысы әкімшілік бірлігі ретінде 1932 жылы құрылды.Аумақтың көп бөлігі тегіс жазық жер және 117,3мың шаршы км құрайды.Аумақтың солтүстік және батыс бөлігі – кең байтақ жазық ұлан дала, оңтүстік – шығысы Талас, Алатау, Ұғам, Қаржантау таулы жоталарымен көтерілген. (биік нүктесі – Сайрам шыңы, 4338м).Облыстың ең ірі өзендері – Сырдария және Шу.  Облыс көлеміндегі жер қойнауы – сұрғылт түсті, кейбірі тұзды сор жер.Жер бетінде өсетін өсімдік әлемі сан түрлі, оның ішінде жусанды дақылды өсімдіктер, құмды шөлейтті жерлерде – сексеуіл, өзен маңында – қамысты батпақты және тоғайлы ормандар, тау бөкперінде – арша жайылымдары, жабайы алмалар, таулы аймақтарда – жайылымдар алады. Қысы жылы, жайлы (10 С – қа дейін), ал жазғы ауа – райы өте ыстық(+ 35 С – қа дейін)Вегетациялық кезең – 230 – 320 күндерді қамтиды.Орташа есеппен жауын – шашын мөлшері жылына 100 – 450 мм дейін, ал биік таулы аймақтарда 800 мм дейін жетеді. Қарағанды облысы Еуразияныңнағызорталығындаорналасқан.Тарихы мол бұл аймақ Қазақстан мен басқа да елдердің экономикалық және мәдениет айыр бастау жол қатынасы болған.Қарағанды облысы жаңа қала болып 1997 жылдың мамыр айында құрылды. Қазақстанның оңтүстігінде Оңтүстік–Қазақстанмен және Жамбылмен, солтүтік – шығысында Павлодармен,солтүстік – батысында Қостанаймен, шығысында Шығыс Қазақстанмен, оңтүстік–батысында Қызылордамен, оңтүстік – шығысында Алматы облыстарыменшекараланған Алаңы 428 мыңшаршы км. 9 – ауылшаруашылық аудандарғабөлінеді. Аумақта 11 – қалалар және 39 – ауыл кенті, 588 – село және ауыл округтері орналасқан, орталығы Қарағанды қаласы. Бұл орталық аймақтың демографиялық өсуінің және дамуының негізгі ерекшелігі халық санының мүлдем динамикалық өзгеруі болды. 1993 жылға дейінгі орта жылдық өсуінің екпіні 1989 – 1992 ж.ж. кезеңдерінде 0,7 % құрайды, бұдан кейін халақ саны түсе бастады. 1999 жылға дейінгі адам санының орта жылдық төмендеуі 0,9 % құрайды. Кейінгі жылдары халық санының төмендеу екпіні күрт қысқарды, 2005 жылы алғаш рет осы өсу көрсеткіші анықталып, осы бағытты мақсатты түрде жалғастыруды көздеді.            Қазақстан Республикасының 1999 ж. Санағына сүйенсек, орталық қазақстанның халық саны 1 410 218 адамды құрады, яғни 1989 жылмен салыстырғанда 19,1% қысқарды ,содан кейінгі жылдары – тағы 5,6% , 2006 жылдың басында халық саны 1 331 702 жетті.

Табиғи мәліметі.Облыс Қазақстанның орталығын, ең көрнекі – Сарыарқа жерін алып жатыр, геоморфологиялық қатынасы жағынан өзіндік және бір қалыпты емес, ал табиғаты жағынан күштік өтерілген. Рельеф өзендер алқабымен, құрғақ жерлерден, жерасты суларының көтерілуінен күрделенген. 
Облыстың климаты күрт өзгеретін, тез континентальды. Жаз маусымы ыстық және өте құрғақ, ал қыста аз қар жауғаны мен боранды және ызғарлы суық желді. Көктем айлары тек сәуір айында түскенде қарағанды жері тіріліп әсемденіп жасыл шөптерге, түрлі түсті ашық қызғалдақтарға оранады. Жазғы қапырық күндері облыста ауа температурасы +37 С – қа дейін көтеріледі. Күн сәулесінің қатты түсуі жасыл шөптерді және кең байтақ даланы сары түске енгізеді. Мұндайдан бұтақ ағаштарының көлеңкесі және арасында жауған қысқа жауын – шашын құтқарады. Облыс – жануарлар әлеміне бай және алуан түрлі. Оңтүстігімен оңтүстік – батысында жасыл шөптер кілемше жайқалғандай, көптеген киік отарларын қызықтырып тартады. Оларды – алтын киікдеп те атайды. Киік – мамонттың қазіргі түрі, Сарыарқаның ең ежелгі фаунасының өкілдері. Олардың тәтті еттері Франция. Италия, Англия мемлекеттерінің мейрамханаларында таңдаулы тағам болып есептелінеді. Ал киіктің мүйізі емдік қасиетімен ерекшелінеді. Ол мүйізді тибет және қытай медициналарында қолданған. Осы киік мүйізінен алынған сығындыда тынышталдыратын өзіндік қасиеті бар.Жылдық орташа жауын – шашын мөлшері 100 – ден 300 мм. Жауын – шашынның көп бөлігі қыста жауады. Ең суық ай – қаңтар. Аяз – 40 С – қа дейін жетеді.

 

 

1.2 Литологиялық стратиграфиялық қимасы

 

1989 жылы  жүргізілген іздеу жұмыстары  нәтижесінде Шығыс Ақшабұлак  алаңында 2188 м тереңдікке дейін метоморфтанған мезозойға дейінгі фундамент таужыныстары  және юра мен бор-палеоген шөгінділері кешені ашылған.

Шөгінді кешен юралық рифогенді, сонымен  бірге бор-палеоген, тектоникалық режимде қалыптасумен ерекшеленетін плиоцен-төрттік ярустарына жіктеледі.

(Pr) фундаменті тау  жыныстары қалыңдығы 40 метрден (33 ұңғы) 95 метрге (2 ұңғы) дейін болып келеді, Шолоққорған аумағанда барлық ұңғыларда ашылған және хлорит-серицитті сазды тақтатастармен, протерезойға жататын гнейстермен берілген.

Фундаменттің  жарықшақты таужыныстары төбесі бөлігінде  мору қабығы пайда болуына байланысты бұзылған, фильтрациялық қасиеті  төмен екінші ретті коллекторлар болып табылады.

Фундаменттің  беткі жағыPZ тіректік шағылу горизонты  болып табылады.

Юра жүйесі (J) екі ритмді кешенге жіктеледі: орта(досжан мен қарағансай свиталары) және жоғары (кұмкөл және ақшабұлақ свиталары).

Орта юра (J2).Досжан свитасы (J1-2ds) шөгінділері Шолоққорған кенорнында 5, 1К, 2К және 4К ұңғыларымен ашылып, гравийлы жалпы қалыңдығы 15 метр болатын сұр құмтастармен берілген.

Қарағансай  свитасы (J2kr) қарасұр аргиллит тәріздес саздардан тұрады. Осы қарағансай свитасы төбесіымен IV тіректік шағылу горизонты сәйкестендірілген.

Жоғары юра шөгінділері (J3) осы ауданда 5 және 8 ұңғыларда ашылған, жекелеген жайылумен қарағансай свитасы шөгінділері үстінде орналасқан, ал күмбездік бөлігінде фундаменттік таужыныстары үстінде орналысқан.

Құмкөл  свитасы (J3km) Шолоққорған алаңында үш свита жігіне бөлінген: төмен, орта, жоғары.

Төменгі свита жігі (J3km1) қарасұр сазды алеролиттерден және саздардан тұрады, ал астында қалыңдығы 43 метр болатын сұр, қарасұр құмтастан құралған.

Орта  свита жігі (J3km2) екі горизонтқа бөлінеді: жоғарғы және төменгі.

Төменгі горизонт (J3km21) астынғы жағында гравелитке қарай ауысатын нашар цементтелген құмтастармен берілген де, Ю-III өнімді горизонты болып табылады. Қарасұр саздар қабатынан құралған орта бөлігінің қалыңдығы 7 метрден толық кірігуге дейін өзгереді.

Төбе  бөлігі карбонатты цементті құмтастардан құралған, бұл құмтастар құмтасты ізбестастарға ауысады. Горизонттың  жалпы қалыңдығы 12метрден  62 метр аралығында. Кенорын бойынша ол барлық жерінде таралмаған, көтеріңкі жерлерде кіріге отырып 8 ұңғы аймағында байқалмайды.

Жоғарғы (J3km22) горизонты сазды алевролит араласқан қара сұр саздардан құралған, жалпы қалыңдығы 41 метрден 78 метрге дейін және Ю-III горизонтының үстінде сұйыққа тосқауыл болып тұр. Оның төбе бөлігімен шағылу горизонты ОГ IIIа стратиграфиялы сәйкестенеді.

Жоғарғы свита жігі (J3km3) ұсық, орта түйірлі нашар цементтелген және бос болып келетін кварц далашпатты құмтастар мен қара сұр саздар мен сазды алевролиттердің кезектесіп келуімен құралған.

Төбе  бөлігінде Ю-I горизоты айқындалған, ал табанында Ю-II горизонты белгіленген. Алаңда свита жігінің орта бөлігінде  тұрақты құмтас қабаты байқалады. Свита  жігінің жалпы қалыңдығы 87ден 95 метрге дейін болып келеді.

Ақшабұлақ свитасы (J3а) екі свитаға жігіне жіктеледі: жоғары және төменгі.

Төменгі ақшабұлақ свита жігі негізінен  жасылдау сұр саздармен және сазды  алеролиттермен берілген. Жоғарғы ақшабұлақ  свитасы шұбар түсті саздармен  және сазды алевролиттермен берілген.

Ақшабұлақ свитасының Шолоққорған аумағындаға қалыңдығы 116 метрден 153 метр аралығында ауытқиды.

Бор жүйесі (K) кенорын шегінде жоғарғы және төменгі бөлімдермен берілген.

Төменгі бөлім (K1). Бордың төменгі және жоғарғы бөлімдерінің шөгінділері үш свитаға бөлінеді: дауылдық, қарашатаулық, қызылқиялық. Дауылдық свита (K1nc1dl) төменгі және жоғарғы свитажігіне бөлінген.

Төменгі подсвита өз кезегінде екі горизонтқа: төменгі (арысқұм) және жоғарғы деп  бөлінеді.

Арысқұм горизонты (K1nc1ar) Шолоққорған алаңында екі жікгоризонтымен берілген. Төменгі қабат жыныстары астында гравелит қатпары жатқан қоңыр және сұр құмдармен құралған, ал жоғарғы қабат алевриттілеу әлсіз карбонатты саздармен құралған.

Арысқұм горизонтының жалпы қалыңдығы кенорын  бойынша 122-151 метр аралығында. Осы горизонттың төбесіне тіректік шағылу горизонты IIar жатқызылған.

Төменгі жіксвитаның жоғарғы горизонты (K1nc12) алериттілеу қабатшалары бар қызыл түсті саздармен құралған. Жоғары юра мен арысқұмның мұнайлы горизонттары үстіндегі аймақтық сұйық тұйықтағыш болып табылады. Горизонт қалыңдығы 138метрден 158 метр аралығында.

Жоғары (K1nc2) жіксвитасы үш пачкамен берілген.

Төменгі пачка сазды алевролит және саздар араласқан қызыл қоңыр-қоңыр құмдармен  қалыптасқан. 

Орта  пачкада қоңыр алевролиттер мен  саздар саны жөнінен өзгермелі және қалыңдық бойында нашар цементтелген құмтастармен аралас келеді.

Жоғарғы пачка карбонатты цементті сұр құмтастар  мен сазды алевролиттер мен саздардың  араласып келуімен орындалған. Свитаның қалыңдығы  343метрден   366 метрге дейінгі аралықта ауытқиды.

Қарашатау свитасы (K1a-al2) қара сұр құмдармен, төменгі бөлігінде қара сұр саз қабатшалары бар гравелиттермен берілген. Свита қалыңдығы 232-263 метр аралығында.

Қызылқия  свитасы (K1-2al3-s) шұбар түсті сазды алевролиттермен, орта және жоғары  жағында құм горизонттары аралас саздармен берілген. Свита қалыңдығы 243-284 метр аралығында.

Жоғарғы бөлім(K2t-sn).. жоғарғы бор шөгінділері теңіздік сұртүсті және құрлықтық шұбартүсті негізіне құмтасты  тау жыныстарымен берілген, алевролит пен саздар аз кездеседі. Бөлім қалыңдығы 361метрден 418 метрге дейін.

Палеоген (P) шөгінділері жоғарғы бордың жайылмалы беткі жағында орналасқан, теңіздік сұртүсті саздармен, мергелдер және құмтастар горизонттарынан тұрады.  Шолоққорғанта олигоцен шөгінділері жоқ. Сұр түсті шөгінділер қалыңдығы 163 метрден 196 метрге дейін. 

Плиоцен-төрттік (N2-Q) шөгінділері саздармен, сусыма құмдармен және төрттік дәуірдәң эолды құмдарымен берілген, қалыңдығы 30-70 метр аралығында.

 

    1. Тектоникасы

 

Шолоққорған алаңы Арысқұм еңісті ойпатына жататын Ақшабұлақ грабен синклиналінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ол Тұран плитасының солтүстігіндегі Оңтүстік Торғай ойпатының оңтүстік бөлігін көрсетеді.

Шолоққорған көтерілімі Орталық Ақшабұлақтан солтүстік шығысқа қарай орналасып, одан юра кешенінен фундамент бетінен ерлікпен және жарықтармен бөлініп тұр.

2001-2002 жылдары  Ақшабұлақта 3Д сейсмотүсірілім  жүргізілді. 2003 жыл аяғында ISI GmbH компаниясы сейсмикалық 3Д интерпретация  есебін жасап, PETREL  бағдарламасы  көмегімен Шолоққорған кенорны үшін геологиялық моделін жасап берді. 

3D сейсмика мәліметтері   негізінде 33 ұңғының нақты орналасқан  жері жобадағыға қарағанда шығысқа  қарай 600 метрге ығысып кеткен, ал Ю-III құрылымдық картасы бойынша  көтерілімнің күмбезінде бұрғыланған  2 ұңғы мәліметтер бойынша құрылымның  солтүстік бөлігінде күмбезқасында  бұрғыланған болып шықты. 

Берілген жұмыста Ю-III өнімді горизонттың құрылымдық негізі ретінде 3D сейсмикасы материалдарын  іздеу ұңғылары(2, 8, 5) және жаңадан  бұрғыланған (33) ұңғылардан алынған  ақпараттарды есепке ала отырып қайта  интерпретациялау бойынша орындалған құрылымдық сызбалар қабалданған.

Қайтадан интерпретациялау материалдары бойынша қарастырылып отырған алаңнық құрылымдық картасы  2003 жылда жасалған интерпретация  нәтижелеріне қарағанда жарықты  бұзылулар геомериясын дәлдеу жағынан  онша көп  өзгерістерге ұшыраған жоқ. Құрылым негізіне екі жарықты  бұзылумен F1 и F2, күрделенген, олар сәйкеснше солтүстіктен оңтүстікке және солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа бағытталып созылған. F2 бұзылу құрылымды I және II деген екі блокқа бөліп жатыр.

Ю-III өнімді горизонттың  төбесіы бойымен жүргізілген  құрылымдық картасында Шолоққорған көтерілімі құрылымдық жағынан субкеңдікті созылған брахиантиклиналь болып келеді, құрылым екі күмбезбен күрделенген.

Бірінші күмбез бірінші  блокта орналасқан, субкеңістікті созылған, батыс бөлігінде субмеридианды  бағыттағы амплитудасы 60 метр тектоникалық бұзылумен (F1) шектелген.

-1910 мизогипс шегінде  күмбез өлшемі 1,25 * 1,0 км және амплитудасы 20 метр шамасында. Шығысына қарай кішкене еңістік арқылы, 33 ұңғы төңірегінде субмеридиалды созылған екінші күмбез айқындалады, батысында күмбез амплитудасы 30 метрдей болатын F2 тектоникалық бұзылумен күрделенген. -1910 метрлік тұйық изогипсте көтерілім өлшемі 2,25 * 1,0 км және амплитудасы 35 метрге дейін.

F1 бұзылу – негізгі тектоникалық бұзылу, ол бүкіл юра-бор қимасы бойында байқалады. Бұзылу амплитудасы қима бойында төменне жоғары қарай жоғалу тенденциясына ие. F2 бұзылу тек Ю-III горизонтында байқалады. Жарықтық бұзылулар F1 мен F2 құрылымның бірінші блогындағы Ю-III өнімді горизонты кеніштерінің тектоникалық экраны болып табылады.

Бұрын Шолоққорған құрылымына кіретін 5-ұңғы құрылымдық сызбалар бойынша соңғы сейсмика қортындысымен Орталық Ақшабұлақ көтерілімінің шеткі бөлігіне кіретін болды

 

    1.  Мұнайгаздылығы

 

Шолоққорған алаңының өндірістік мұнайгаздылығы жоғарғы юраның табан бөлігіне (Ортақұмкөл жіксвитасы) қатысты Ю-III горизонтында белгілі болған.

Ю-II, Ю-I (жоғары құмкөл жіксвитасы), Ю-ІІІ (ақшабұлақ  жіксвитасы) және төменгі неоком (М-II-2, М-II-1) қималары кенорын бойынша ұңғыларды геофизизикалық зерттеуді интерпретациялау нәтижесі орай сумен қаныққан болып келеді.

Жоғарғы юра өнімді горизонт шөгінділері  литологиясы күрт өзгерумен және тиімді қалыңдықтарының тұрақты  еместігімен ерекшеленеді.

Шолоққорған кенорны шегіндеүш іздеу ұңғылары 2, 5, 8, бұрғыланған, бір бағалау – пайдалану 33 ұңғысы және үш барлау ұңғылары 1К, 2К, 4К бұрғыланған. Барлық ұңғылар құрылымның екінші блогында орналасқан.

2, 5, 33 ұңғылары  жоғары юраның ортақұмкөл жіксвитасы  шөгінділерін ашты, оларға Ю-III мұнайлы  горизонты қатысты.

Кенорынның  солтүстік бөлігінде орналасқан 8 – ұңғыда осы шөгінділер фундаментке  кірігіп жатыр(5 - тіркеме).

Кенорын шекарасында барлық ұңғылар арқылы қимадағы қабаттардың бәрінде жекелеген  корреляция жасалды, бөлінген қабаттар индекстелді.

Өнімді ұңғылар бойынша біртекті еместік коэффициенттері есептелді, мәндері 1 - кестеде келтірілген.

Горизонттың жалпы қалыңдығы кеніш  шегінде 12,2 ден  2,6 метрге дейін өзгереді және орташа 6,3 метрді құрайды.

Кеніш жабыны жоғары горизонттың қалыңдығы  80 метр болатын   ортақұмкөл жіксвитасы шөгінділері.

Қабаттар қалыңдықтарының өзгеру сипаты мәліметтері 2-кестеде келтірілген.

Ю-III өнімді горизонты екі  коллектор қабатпен берілген, олар барлық ұңғыларда көрінеді. Жоғарғы, карбонатты терригенді қабаттың жалпы  орташа қалыңдығы метр. Тиімді мұнамен  қанығушылық 0,8 метрден (2 ұңғы) 3,4 метрге (1К ұңғы) дейін.

  1. кесте

 

Ю-III горизонты қабаттарының біртекті еместік сипаттамасының статикалық көрсеткіштері

Анықтауда қолданылған  ұңғылар

Қабаттың жалпы қалыңдығы, м

Қабаттың тиімді қалыңдығы, м

Тиімді мұнаймен қаныққан қабат, м

Құмдылық коэффициенті,

бірлік бөлігі.

Жіктілік коэффициенті,

бірлік бөлігі.

Таралу коэффициенті,

бірлік бөлігі.

2 (к-т)

1,4

0,8

0,8

0,571

1

1

33 (к-т)

1,8

1,8

1,8

1,000

1

1

1-К (к-т)

12,2

3,4

3,4

0,279

3

1

2-К (к-т)

4,6

2,6

2,6

0,565

1

1

4-К (к-т)

2,2

1,5

1,5

0,682

2

1

орташа

4

1,8

1,8

0,572

1,5

1

2 (п)

5,6

3,9

3,9

0,696

2

1

33 (п)

0,8

0,8

0,8

1,000

1

1

2-К (п)

2,6

2,6

2,6

1,000

1

1

4-К (п)

3,8

2,4

2,4

0,632

2

1

орташа

2,7

2,1

2,1

0,866

1,4

1


 

Төменгі құмақты қабаттың жалпы қалыңдығы  2- ұңғыда 5,6 метр болса, 33- ұңғыда 0,8 метр, орташа есеппен 2,7 метр. Мұнаймен қаныққан тиімді қалыңдық 3,9 метрден (2 - ұңғы)0,8 метрге (33- ұңғы) дейін.

5 - ұңғыда жоғарғы коллектор қабат сазды түрлермен араласып келген, төменгі коллектор қабат горизонттың табан бөлігінде анықталған, 8-ұңғыда коллектор қабаттар жоқ, себебі өнімді горизонт шөгінділері фундаментке кірігіп кеткен(4-тіркеме).

2 - ұңғыда сынау жұмыстары нәтижесінде Ю-III өнімді гори зонтында мұнай кеніші анықталған: 2025-2035 метр интервалда 9 мм штуцермен дебиті 180,4 м3/тәулік сусыз мұнай ағысы алынды.

Сонымен бірге осы кеніштің мұнайлылығы 33-ұңғыда сынау жұмыстарын жүргізу  барысында 1998-2025 метр интервалдан 85,0 м3/тәулік дебитпен  8 мм штуцермен сусыз мұнай фонтанды ағысы алынып дәлелденді. Екі ұңғыда (2 мен 33) таза мұнайлы кенішке түсті.

Сумұнайлы жапсар қабат разервуарының 3Д  сейсмика және жаңа ұңғылар бұрғылануына байланысты құрылысы өзгеруіне қарай былай  қабылданады:

-төменгі  терригенді қабатқа жатқазаылған  кеніш үшін 1936,0 м белгіде сумұнайлы жапсар ҰГЗ интерпретациялау мәліметтері бойынша 4К-ұңғысында (-1936,4 м) және 1К мен 2К ұңғыларын сынау мәліметтерімен расталып, оларда -1933,5 м белгіге дейін (2К-ұңғы) таза мұнай алынып, ал -1936,2 м белгісінен (1К-ұңғы) су алынды.

-жоғары  карбонатты терригенді қабатты  кеніш үшін  -1925,0 м белгісінде , яғни сыналған қабаттың 1К ұңғысында (-1925,2 м) белгіде сусыз мұнай алынды.

Ю-III горизонтына  қарасты кеніштер резервуар түрі бойынша қабаттық күмбезді, тектоникалық экрандалған, Шолоққорғантың барлық аумағында таралған.

 

  1. - кесте

Ю-III горизонты  бойынша өнімді қабаттар қалыңдықтары сипаттамасы

 

Горизонт

қалыңдық

Атауы

Қабат аймағы

мұнайлы

Ю-III (к-т)

Жалпылама

Орташа, м

4,0

Ауытқу  коэффициенті, бірлік бөлігі.

0,909

Өзгеру  аралығы, м

1,4 -12,2

тиімді

Орташа, м

1,8

Ауытқу  коэффициенті, бірлік бөлігі.

0,275

Өзгеру  аралығы, м

0,6 – 3,4

Мұнаймен  қаныққан

Орташа, м

1,8

Ауытқу  коэффициенті, бірлік бөлігі.

0,275

Өзгеру  аралығы, м

0,6 – 3,4

Ю-III (п)

Жалпылама

Орташа, м

2,7

Ауытқу  коэффициенті, бірлік бөлігі.

0,477

Өзгеру  аралығы, м

0,8 -5,6

тиімді

Орташа, м

2,1

Ауытқу  коэффициенті, бірлік бөлігі.

0,315

Өзгеру  аралығы, м

0,8 -3,9

Мұнаймен  қаныққан

Орташа, м

2,1

Ауытқу  коэффициенті, бірлік бөлігі.

0,315

Өзгеру  аралығы, м

0,8 -3,9

Ю-III

Жалпылама

Орташа, м

6.27

Ауытқу  коэффициенті, бірлік бөлігі.

0,268

Өзгеру  аралығы, м

2,6 – 12,4

тиімді

Орташа, м

3,5

Ауытқу  коэффициенті, бірлік бөлігі.

0,131

Өзгеру  аралығы, м

1,4 – 5,2

Мұнаймен  қаныққан

Орташа, м

3,5

Ауытқу  коэффициенті, бірлік бөлігі.

0,131

Өзгеру  аралығы, м

1,4 – 5,2


 

 

1.5 Гидрогеологиялық жағдайлары

 

Шолаққорған алаңы Торғай артезиандық бассейнінің оңтүстік бөлігі шегінде орналасқан. Торғай бассейні бірінші кезекті бассейн болып табылады және Оңтүстік Торғай ойпатын алып жатыр. Оңтүстік Торғай ойпаты Мыңбұлақ тоқымдығымен Жыланшық және Арысқұм ойыстарына жіктелген. Осы екі ойыспен екінші реттік бассейндер байланысты. Геологиялық құрылымдық жағынан қарастырылып отырған аудан – қатты дислокацияланған протерезой жасты фундаментік таужыныстарымен қордаланған күрделі қалаптасқан ойыс.

Бассейндер құрылымының барлық жеріндегі жабықтығы, сумен толығатын  аймақтардан алыстығы, құрғақ климат және өзендердің болмауы сулы горизонттарда  су жинақталу, алмасу жағдайларын анықтайды.

Оңтүстік Торғай ойпаты қимасында  үш гидрохимиялық аймақ бөлінеді: жоғары, орта, төменгі.

 Сулы горизонттар кенорын  ауданында сазды сұйықтірегіштермен  ажыратылған. 

Жоғарғы аймаққа жоғарғы бор сулы кешені кіреді, палеогеннің сулы горизонттары және неоген төрттік шөгінділердегі беткі сулар кешені кіреді.

Бұл аймақтың қабат сулары тұщы сульфатты  карбонатты хлоридті. Аймақ беткі  сулардың инфильтрациялық белсенді гидрохимиялық режимімен және көмірсутектер  кеніші қалыптасу және сақталу жағдаларына  қолайсыздығымен сипатталады 

Орта гидрохимиялық  аймақ құрамында апт-альбтың қарашатау свитасы тұщы және тұздылау сулардың құрамының өзгермелігімен арысқұм бассейні бортының  құрамы жағынан жағары аймақ тұздарына ұқсастығымен сипатталады және минералдануыны бассейннің ішкі жағында хлорнатрийкальцийлы құрамға шейін жоғары минералданған.

Горизонттардың толығуы негізінен  жер бетіне шығып жатқан қабат  бөліктерінің жауын шашын суларының  инфильтрациясы есебінен жасалады, бұған  қоса тасыған су фильтрациясы есебінен(Белеуті  және басқа өзендер) болады.

Орталық аймақ еркін суалмасумен және көмірсутектер кеніштерінің қалыптасуы және сақталуына қолайсыз жағдайлармен сипатталады.

Құрамына неоком мен юра кіретін  төменгі аймаққа хлорид натрий кальций  құрамды қабат сулары кіреді, олардың  минералдануыы жату тереңдігіне байланысты 100 г/л-ге дейін өседі. Бұл қабат сулары элизиондық кидродинамикалық режимді седиментациялық суларға жатады, бұл жағдай көмірсутекте кеніштерінің қалыптасу және сақталуына қолайлы жағдай болып табылады.

Төменгі неокомның арысқұм горизонты  сулы кешенінде бір сулы горизонт анық көрінеді, ол М-II өнімді горизонттың  контурсыртылық сулары ролін атқарады. Арысқұм сулы горизонты нашар  цементтелген құмтастармен ұсақкесекті  гравелитердің қатысуымен берілген.

Арысқұм өнімді горизонттарының  қабат сулары оңтүстік Ақшабұлақ  алаңында зерттелген, осы зерттеулер Шолоққорған үшін де анологиялық, әрі В.В. Сулин классификациялауы бойынша хлор кальцийлі типті тұздықтар, минерализациясы 51677 дан 80147 мг/л-ға дейін болатын хлорид топты, натрий топты сулар.

Арысқұм горизонты қабат  суларының негізгі компоненттерінің тұзды құрамы және минералдану деңгейі  су үлгілері сынамалары бойынша 3-кестеде келтірілген.

 

3-кесте

Қабат суларының химиялық құрамы

 

Гори

зонт

Ұңғы №

Н,

м

r,

г/см3

Sмин,

мг/л

Химиялық құрам, мг/л; мг-экв/л; % экв

Na+K

Ca

Mg

Cl

SO4

HCO3

J

B

Br

F

NH4

Шолоққорған алаңы

Ю-I

8

1995-2005

1,058

134996

66230

2879,6

40,59

13307

664

9,36

48,64

4,0

0,06

55318

3546

49,98

0,4938

0,01

0,0001

91,5

1,5

         

Оңтүстік Ақшабұлақ алаңы

М-II

3

1581-1680

 

63502

20349

881.2

81

3407

170

16

365

30

3

35855

1010

93

3360

70

7

134

2.2

       

18

М-II

3

1665-1672

 

80147

26070

1131.4

85

3407

170

13

243

20

2

38290

1081

82

11479

239

18

122

2

1.76

6

200

 

18

М-II

16

1653-1665

1.05

51677

15946.3

693

17.79

3377

168.5

18.9

359

29.5

3.31

31024

875

98.18

56.7

1.18

0.13

915

15

1.68

1.36

3.47

105.2

0.65

22

Ю-0

3

1742-1748

 

49077

18115

785,3

94

601

30

4

122

10

1

28362

800

97

980

20,4

2

134

2,2

0,0001

2

45

0,8

135

Ю-I

3

1775-1780

 

48860

15299

661

79

3206

160

19

243

20

2

29465

830

99

170

354

61

1

2,6

н/о

100

1,1

 

Ю-III

31

1898-1967

1,067

95300

 

7790,5

388,8

23,6

483,3

40

2,4

57799

1629,9

98,8

 

219,6

3,6

0,2

         

Сулар қатты, ыстық (t > 33°С), әлсіз қышқыл рН<7,0, арысқұм горизонты қабат суларындағы брома200 мг/л, йод 1,76 мг/л, фтор  0,65 мг/л-ға дейін болады.

Арысқұм ойысының гидрогеологиясы  туралы мәліметтер жиынтығы және бұған  дейін болған зерттеулер қабаттың жұмыс  режимі табиғи тұйық серпімді деп  тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Құмкөл свитасы кешенінде ортақұмкөл жіксвитасының және жоғарғы кұмкөл жіксвитасы сулы горизонттары айқындалып, зерттелген (Ю I-II өнімді горизонттарның контурсыртылық сулары). Ақшабұлақ  свитасы сулы горизонттары да зерттелген(Ю 0 горизонтының контурсыртылық сулары). Қабаттардың жату жағдайларының  бірдейлігі алынған мәліметтердің  Шолоққорғанқа да жарамдылығын көрсетеді.

Ю-0 гогризонтының керн бойынша  анықталған кеуектілігі 0,211-0,244 бірлік бөлшегі болатын және өткізгіштігі 22-30,8*10-3мкм2 болатын сумен қаныққан коллекторы бар.

Ю-I қабатының сумен қаныққан коллекторларының кеуектілігі керн бойынша 0,163-0,269, ал өткізгіштігі 2,1-419,4*10-3мкм2

Ю-III горизонты геофизикалық мәліметтер бойынша кеуектілі 0,13 тен жоғары, керн бойынша осы көрсеткіш 0.169-0.207 бірлік бөлшегіне тең. Бұнда өткізгіштік 9*10-3 мкм2 ден жоғары(керн бойынша 40,9-206,3), саздылық 0,13-ке дейін. Жоғарғы юраның барлық сумен қаныққан горизонттары нашар цементтелген құмтастармен берілген.

Қабат суының меншікті кедергісі Ю-0, Ю-I горизонттарында 0,04 Ом/метрден 0,05 Ом/м  для Ю-0 и Ю-I горизонтов.

Юра гоизонттары сулар арынды. Сынау  аралықтары қатты ағысты динамикалық  деңгейлерімен тез қалпына келтіріледі, бұл осы горизонттардың жақсы  фильтрациялық қасиеттерін сипаттайды. Қабат қысымының гидростаикалық қысымнан басымдығы Ю-0, Ю-I, Ю-III горизонттарында 1,02-ні құрайды.

7, 11, 14 мен 26 ұңғыларында өлшенген  геотермиялық градиент Ақшабұлақ  кенорнында қабат температурасы  70°С - 84°С болғанда 100 метрге  3 тен 3,5°С-қа дейін өзгереді.

Юра горизонттары қабат сулары дебиті 6-ұңғыда жоғарғы юра қабаттарын 1825-1955 м интервалда қабатсынағышпен МИГ-146 сынау кезінде құбырларда дебиті 26,2 м3/тәулік болатын динамикалық деңгейі 992 м қабат суы ағысы алынды, көрші Орталық Ақшабұлақ кенорында 10-ұңғы дебиті  (интервал 1841-1847 м) динамикалық деңгейі 653 м болған кезде 6,9 м3/тәулік болды.

Шолоққорған пен Оңтүстік Ақшабұлақ алаңдары аналогиялы болғандықтан, суларының құрамы мен қасиеттері де солайша анологиялы. Жоғарғы юра горизонттарының қабат сулары тұзды компонеттерінің минералдану мен құрамы олардыі негізгі өкілдері бойынша 1.5.1-кестеде көрсетілген.

Шолоққорған жоғары юра қабаттарының қабат сулары В.В. Сулин классификациялауы бойынша хлоридті топты, натрий топшалы хлоридті кальцийлі типті тұздықтар болып келеді. Үшінші юра горизонтының  8 – ұңғысында судың минералдануы 135 г/л болды. Сулар әлсіз қышқыл, рН 7,0 төмен, коррозияға ұшыратқыш, цементке агрессивті.

Жобаның негізі бойынша – Шолақ–Қорған БМАС қарастырылды