Адам киімді - конструкциялау обьектісі ретінде

Тақырыбы: Адам киімді - конструкциялау обьектісі ретінде

 

Мазмұны

 

Кіріспе

1 Адам киімді - конструкциялау  обьектісі ретінде

1.1 Киімді конструкциялау  жөнінде жалпы мәліметтер 

1.2 Адам денесі пішінінің  сипаттамасы

1.3 Адам денесінің  өлшемдік сипаттамасы

2 Киімді үлгілерін әзірлеуде  стильдік ерекшеліктерді ескеру

2.1 Киімнің жіктелімі және  ассортиментері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Киім дегеніміз - оның өзі  адам денесін немесе тұтастай бүркеп тұратын жабындылар жиынтығы.

Адам мен киімді бір-бірінен  бөле-жара қарауға болмайды. Сонау  ықылым заманнан бері, қазіргі күндерге дейін киім адамның тұрақты серігі болып келеді. Ол қазіргі біздің әдетте көріп жүргеніміздей әсте болған емес. Қазіргі түрге ие болмастан  бұрын, киім эволюциялық ұзақ та, күрделі  жолынан өтті.

Әр дәуірге, әрбір тарихи кезеңге сәйкес киімнің өзіне  тән формасы, пішімі, өңделуі мен  материалдары, матаның түсі мен суреттері, заттардың жиынтығы және олардың  котюмге үйлесімі болды, мұның өзі  осылармен бірге белгілі бір  стиль жасады. Киім стилі – мұның  өзі дәуірдің сондай-ақ жекелеген  мемлекеттің мәдениетімен экономикасы  туралы, адамның қоғамдағы жағдайы, оның таптық тегі туралы ой топшылауға мүмкіндік беретін кез - келген дәуірдің өзіне тән айнасы.

Адам қоғамының дамуының тым ертедегі кезеңіндегі киімі  әшейін тер-терсектерден тігілді де, адамды сыртқы ортадан – аптаған  ыстықтың, ызғардың жауынның әсерінен болатын қолайсыз жағдайлардан қорғау жолында қызмет етті. Тіпті осыншалық  ескі-құсқы киімнің арқасында  адам табиғи жағдайларға тәуелді  болмай ауа-райы әртүрлі аймақтарда өмір сүре білді.  

Адам мүшелерін бүркемелеу жүйесі мен денеге киімді қонымды  ету әдістері ұдайы жетілдіріліп, қолды жұмысқа босата берді. Мата кесінділері денені тек бүркеп қана қойған жоқ, қатарларын әдемілеп, баулар, түйреуіштер және т.б. арқылы денеге қондырды.

Құрақ киім сыртқы ортаның  қолайсыз әсерінен, суықтан, қорғайтыны былай тұрсын, жұмысқа киюге қолайсыз болды. Сондықтан құрақ киім пішілген киіммен ауыстырылды. Оның жеңі, өңірі  мен артқы бойлығы бөлек тігілді.

Таптық қатынастар дамыған  сайын әлеуметтік және материалдық  жағдайдың белгісі ретінде киім барған сайын үлкен рөл атқаруы  тиіс. Еңбек қызметімен тікелей байланысқан  халық үміті кезеңде де түр  мен пішіннің үлкен үйлесімділігімен ерекше көрініп отырады. Мұндай киім көбінесе қарапайым, үнемді, пайдалануға  ыңғайлы да сенімді келеді. Ол еңбек  етуге де, дем алуға да жақсы  болды.

Біз дүниелерді оның құнына қарап емес, ең алдымен олардың  әдемілігіне, жетілдірілуіне бағалаймыз. Қазіргі киімдер үшін адам мен  оны қоршаған орта заттар дүниесінің арсындағы барынша үйлесімділік, мақсаткерлік, іске икемділік, дәлділік, ыңғайлылық, сымбаттылық және жетілгендік  тән.

Киім үлгісі адамдардың жаңалыққа, өзгеріске шынайы талпынысынан туады.

Киім қызметі – оның өз мақсатына сәйкес атқаратын қызмет ролі. Мысалы, қысқы киімнің қызметі  – адамды суықтан қорғау.

Қызмет жүгін арқалаған  киімдер адамзат қоғамы дамуының тым ертедегі сатысы кезінде-ақ туған-ды. Қазіргі күндерде қызмет етушілік жаңа киімдер тігуге және бұрынғы дүниелерді жетілдіруге адамдарды ынталандыра  түсетін қозғаушы күштің негізіне айналды. Киімнің жоғарғы сапасына бастайтын жол, бәрінен бұрын, адам анатомиясына, физиологиясы мен психологиясына және қоршаған орта жағдайларына киім сәйкестігіне өлшем болып отырған оның қызметін жетілдіру арқылы өтеді.

Жоғары сапалы тігін өнімдерін  шығаруды арттыру жұмыс істеп  тұрған кәсіпорындарын техникалық жағынан  қайта жарақтандыруға және қайта  құру негізінде еңбек өнімділігін  арттыруға жаңа жабдықтар мен  кіші механизация құралдарын енгізуге, киім дайындаудың прогрессті технологиясын  қолдануға, сапасын басқаруды да ұйымдастыруға байланысты.

Жұмыстың мақсаты: адамның дене ерекшеліктерін ескере отырып иықтық киімдерді конструкциялау және модельдеудің теориялық негіздері.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • адам денесі пішініне сипаттама беру;
  • бұйым констркуциясын айқындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Адам киімді - конструкциялау обьектісі ретінде

1.1 Киімді конструкциялау жөнінде жалпы мәліметтер 

 

 Конструкциялау - мұның өз нәтижесінде киімнің  сыртқы пішімі мен құрылымы  анықталатын процес. Үлгілер, суреттер, есептеулер тігудің нәтижесі  болып табылады.

Конструкциялау  нәтижесінде киімнің сыртқы пішіні мен құрылымы анықталатын процесс. Киім конструкциясын қалыптастыруда дененің  барлық мүшелерінің өлшемдерінің бірдей мәнге ие бола бермейді. Киім үлгісін  жасаруда үлгіші суреткер әдетте оның адам денесіне қонымды болуын, киімнің  киілетін орны мен тігін өндірісінің  ерекшеліктерін ескереді. Киімнің негізгі  үлгісі дайындалғаннан кейін, оның бөлшектерінің  үлгілері қағаздан жасалады.

Конструкциялаудың инженерлік және көркемдік болып  бөлінеді.

Инженерлік  конструкциялау бұйымның техникалық құрылымын  шығармашылық жағынан алдын ала  анықтайды. Осы кезеңде шешілетін  негізгі міндеттер үлгінің көлемі формасының жазық детаьдардың өлшемдерін, саны мен фигурасын алу болып  табылады. Олар құрастыру кезінде  осы форманың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Көркем  конструкциялау болашақ бұйымның көркем бейнесін іздестіруге және заттай көрінісін  іздестіруге де байланысты.

Суретші шешетін негізгі міндет бұйымның көзге көретін сырттай пішінін  ішкі құрылымымен, онгың қызыметін  тұтынушының және қоршаған ортаның  мақсатымен кейіпімен үйлесімділігі  болып табылады.

Оның екі түрлі әдісі  бар:

  1. Техникалық конструкциялау (мұнда дене өлшемдерін қағаз бетіне түсіріп, үлгі сызылады).
  2. Матаны манекенге өлшеп алып, ол өлшемдерді жазық бетке 
    аудару. Бұл әдістер киімнің сыртқы пішімі мен үлгісіне байланысты 
    алынады.

Әйелдің дене пішімі негізінен  үш жетекші (ең басты) өлшем белгілермен  және тәуелділік қатарымен сипатталады. Жетекші өлшем белгілері әйел денесінің жалпы формасын анықтайды.

Дене қозғалысының еркін  болуы үшін, киімге қажетті қосымшалар белгіленеді. Олар 3 см-ден 6 см-ге дейін  ауытқиды. Қосымша неғұрлым аз болса  бұйым соғұрлым ыңғайлы болады. Сонымен  қатар, киімге қойылатын талаптар өте  жоғары болып, ол оны киімді конструкциялау барысында ескеру қажет.

Киім сызбасын дайындаудың  бірнеше әдістері бар. Оларды талқылаудың  арқасында екі топқа бөлуге болады. Бірінші топтағы әдіс бойынша  адам денесінің өлшемдерін алып, оған қосымшалар қосу арқылы киім дайындайды.  Бұл  пішу жүйесі немесе графикалық есепті әдіс деп аталады.

Екінші топтағы әдіс берілген жазықтықтың жазбасын сызба бөлшектерін  құрастыру арқылы табылады.

Бүгінде пішу жүйесін пайдалана  отырып жаңа киім модельдерінің сызбасын құрастыру қолданылып отыр. Бұл жүйе оншалықты дәл емес, бірақ алғашқы  сызбаны құрастыруға тұрарлықтай  әдіс.

Дегенімен пішу жүйесі мынадай  талаптарға сай орындалса денеге дәлірек келеді:

-    денені өлшеуде  бірнеше өлшемдерді әртүрлі жағдайда  алу;

- дененің жеке өлшемдері  мен сызба арасында негізгі  өлшемдердің байланысы;

- өлшемдері мен дененің  биіктігі, толықтығы бұйымның өлшеміне, ұзындығына, кеңдігіне байланысты  түрлі бөліктердің сызбасын біркелкі  дәрежедегі теңдікпен дайындауға  мүмкіншілік ету;

-   тігін материалының  қасиетін ескеру (қалыңдығын, иілгіштік  қасиетін, т.б.);

Киімнің түрін және қолданылуын  ескеру (жаз, қыс, күз);

-  есептеу формуласы  мен графикалық құру әдістерін  түбегейлі өзгертпестен-ақ киім  формалары пішімдері мен модельдері  әртүрлі киім детальдарының сызбаларын  құруға мүмкіндік беру;

- материалдардың қасиеттері  мен өндірістің нақтылы жағдайларын  ескере отырып, форма жасау жөніндегі  операциялардың орнын, сипаттамасы  мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік  береді.

3. Киімді жобалау. Жобалау  проблеманың қойылысынан бастап  қоғамдық және дербес талаптарға, өндірістік мүмкіндіктерге сай  келетін шешімдерді белгілеуге  дейінгі дәйекті іс-әрекеттер.  Жобалау дегенде ғылым мен  техниканың соңғы жаңалықтары  негізінде жаңа бұымның жобаларынорындайтын  адамдардың өндірістік қызметіндегі  шығармашылық қызмет деп түсінеміз. 

Бұрын тек техникалық жүйелер  ғана жобалау объектісі болып  келген еді. Кейінен жеңіл өнеркәсіпте  жаппай тасқынды өндірістік бола бастады.

Киімді жобалау кезінде  оның өзі дайындалатын материалды өзгерту  процесі жүреді, құрылымы ұйымдастырылған  объектіге қасиеттердің қажетті  комплексі бар затқа айналады. 

3. Конструкторлық жұмыстардың  үш кезеңі бар.

Бірінші кезеңі – киімнің  үлгісін, ассартименті мен көркемдік  коллоритті безендірілуін дамыту бағытын  көріктендіретін перспективалық коллекцияны  бір жыл бұрын алдын – ала  жасау. Бұл коллекцияның ең жаңа үлгілері ең алдымен жаңа формалардың, содан  соң өндіруіне дейін көрсете  алатын болашақ үлгінің басты  белгілерін сақтап қалады.

Екінші кезең – бағыттаушы өнеркәсіп коллекция құру. Бұл  кезеңде үлгілердің өнеркәсіптік колекцияларын  жасаудың базасы болып табылатын  үлгі түрлерінің сандары негіздері  белгіленеді. Мұндай негіздер жобалау  ұйымдарына нақтылы кәсіпорындар үшін олардың шикізат базасын, қолданып жүрген технологиясы мен өндірістің ұйымдастырылуын ескеретін үлгілер  сериаларын қысқа мерзімде белгіленуіне мүмкіндік береді. Бағыттаушы коллекцияның модель дері модалар южурналының  көмегі, үлгілерді көрмелерде, телевизиядан көрсету және басқалар арқылы тұтынушылар қауымына кеңінен жариа етіледі.

Үшінші кезең – модельдердің өнеркәсіп коллекцияларын жасау, яғни өнеркәсіп орындарының дайындауына  арналған модельдер жасау.осы кезеңдері  бұиымдар жобалары, кәсіпорындардың  тапсырыс негізінде өндіріс ерекшелігін  және оның шикізат ресурстарына ескере отырып орындалады.

 

1.2 Адам денесі  пішінінің сипаттамасы

 

Адам денесінің  анатомиялық құрылысы.

Адам денесінің қозғалыс аппараты сүйек қаңңасы мен бұлшық ет жүйесінен тұрады. Қаңқалық - енжар, ал бұлшық ет - белсенділік бөлігін құрайды. Адам қаңқасы сүйектен, шеміршек пен сіңірден тұрады және олар ішкі мүшелерді механикалық әсерден сақтау және оларды қозғалысқа түсіру мен оларға тірек болу қызметін атқа-рады. Қаңқа 170 жұп сүйектен және 36 сыңар сүйектен тұрады.

Сыртқы пішініне қарай  сүйектерді келесі түрлерге ажыратады:

• ұзын немесе түтік тәрізді;

• жалпақ (жауырын, төс сүйегі, бассүйек; жамбас сүйектер, қабырға сүйегі);

• қысқа (ұсақ сүйектер және табан сүйегі);

• араластар (омыртқалар, бастың желке сүйегі). Сүйектер бұлшық еттермен жабылған. 600-ден астам қаңқалық бұлшық ет бар. Бұлшық еттер тірек-қимыл мүшелерінің ішіндегі адам денесін қозғалысқа келтіруші ірі тұлғалы жүйе болып саналады. Әрбір бұлшық ет сіңірмен басталып, сіңірмен аяқталады. Осының көмегімен ол қаңқа сүйегіне, буын қапшығы немесе теріге бекітіледі.

Қаңқалық бұлшық еттің  пішіндері төмендегідей болады:

• ұзын (аяқ-қолдарда);

• кең (кеудеде);

• қысқа (өзара омыртқа мен қабырғалар болуы мүмкін); Сүйектердің өзара бірігуінің екі түрі болады: үзіксіз және үзілмелі. Үзіксіз немесе қозғалысқа аз түсетін сүйек бірігуі шеміршектер немесе бұлшық еттер арқылы жүзеге асады.

Адам денесінің сыртқы пішінінің сипаттамасы

Әдетте адамның сыртқы пішінін қарастырғанда оларды негізгі  ірі бөліктеге бөледі: тұлға, мойын, бас, аяқ-қол, саусақ-бармақ бастары.

Бас, мойын, иық, төс, қарын, арқа, жамбас, білектер, сандар және сирақ адам денесінің киіммен жабылатын негізгі бөліктері болып саналады. Енді осы бөліктерге тоқталайық.

Мойын артқы жағынан жетінші мойын омыртқа деңгейімен, бүйір жағынан мойын негізгі нүктелерімен, алдыңғы жағынан кеуде сүйегімен және бұғанамен шектеледі. Мойын әр түрлі болады. Жалпақ мойын біршама алдыға еңкіштеу орналасады. Мойын қимасының пішіні мойын айналымы денгейіндегі артқы жағынан майысыңқыраған эллипске ұқсайды.

Иық - тұлғаның кеуде бөлімінің жоғарғы бөлігі - мойынның негізгі нүктесінен иық будандарына дейін орналасқан және аз иіліңкі «иың биіктігі» өлшемдік бірлігімен сипатталған (Би - Вп). Биіктігіне байланысты иық-ты былайша бөледі:

Биік иықтар - Бц = 4,7 ± 0,75 см.

Нормаға сай иық - Би =6,2 ± 0675 см

Аласа иық Би= 7,7 ± 0,75 см.

Адам денесінің  морфологиялық белгілері. Пропорциясы, дене бітімі, келбеті

Адам денесінің сыртқы пішінін негізгі жалпы морфологиялық  белгілер, дене бітімінің пропорциясы, дене бітімі мен келбеті, денесі деп анықтайды.

Жалпы морфологиялық белгілерге дене ұзындығы немесе бойы, кеуде айналымы мен массасы жатады. Бірінші екі  көрсеткішті сантиметрмен өлшейді.

Бой сүйек қаңқа өлшеміне байланысты болады. Адам өмірінің даму кезеңдеріне байланысты бой өзгеріп отырады: туылғаннан 18-20 жасқа дейін дене ұзындығы барынша ұзарады; 45 жасқа дейін өсу шегі тұрақты болады; 45 жастан кейін дене ұзындығы қысқарады. Бұдан басқа да дене ұзындығы бір күн ішінде өзгеруі мүмкін. Кешке қарай адам шаршағанда дене ұзындығы әдет-тегіден 1,5-3,0 см қысқарады. Таңертең дене ұзындығы ұзарады. Дене ұзындығы бойынша артықтыққа Солтүстік Еуропа және Скандинавия елдері (шотландтар, норвеждер, шведтер), сонымен бірге Солтүстік Америка елдері ие болған.

125 см-ден төмен және 200 см-ден жоғары дене ұзындығын көп жағдайларда патологиялық категорияға жатқызады.

Кеуде айналымы өлшемін кеуде қуысы бұлшық еттерінің даму дәрежесі мен май жиналу көлеміне байланысты. Кеуде айналымы адам туылғаннан бастап, үздіксіз өсіп отырады да, 20-26 жас шамасында тұрақтанады. 40 жастан кейін тері асты майлы қабатының жиналуына байланысты кеуде айналымының қарқынды өсуі байқалады. Бірақ, 60 жастан кейін кеуде қуысының периметрі қарттық инволюциялық кезең басталуына байланысты біршама кішірейеді.

Дене пропорциялары. Пропорция деп адам денесінің бөлек бөліктері өлшемдерінің арақатынасын айтады. Адам денесінің пропорциясы оның ұлттық ерекшелігімен, тұратын жерінің географиялық-климаттық жағдайларымен, мүрагерлік факторларымен анықталады.

Адамның дене пішініне спорттың, яғни бұлшық ет пен май басудың даму дәрежесі эсер етеді.

Аяқ-қол ұзындығы мен иық  енінің жалпы дененің ұзындығына қатысына қарай дене пропорциясының үш негізгі типін ажыратады:

• долихоморфтық - тар кеудемен салыстырғанда аяқ-қолдары ұзын;

• брахиморфтық -ұзын, кең кеудемен салыстырғанда аяқ-қолдары қысқа;

• мезоморфтық - қалыпты, долихоморфтық және брахиморфтық типтердің аралық орнын иемденеді.

Әр түрлі жастағы және жыныстағы адамдардың пропорциялары  қатты өзгереді. Өзгерістер бас және тұлғаның салыстырмалық өлшемдерінің кішіреюі және са-лыстырмалық өлшемінің артуымен өзгереді. Егерде жаңа туылған нәрестенің бас биігі шамамен дене ұзындығының 25% -ын құраса, ересек адамда 13-14% ; нәрестенің аяқ ұзындығы дене ұзындығының 33% -ын құраса, ересекте -53%; нәресте бас айналымы кеуде айналымына тең, ал ересек адамда екі есе кіші. Адамдардың дене ұзындығындағы айырмашылығы негізінен аяқ-қол ұзындығына байланысты болады. Сондықтан долихо-морфтық тип бойы ұзын адамдарға, ал брахиморфтық бойы қысқа адамдарға тән.

Дене бітімі. Дене бітімі бұлшық ет дамуы дәрежесіне және тері асты майлы қабатына, адам жасына, қаңқаның пішіні мен өлшеміне байланысты болады.

Бұлшық ет дамуы әлсіз, орташа, күшті болады. Май басу дәрежесінің дамуы әлсіз, күшті және мол болуы мүмкін. Сонымен қатар дене бітімді анықтайтын категория белгілеріне кеуде қуысының пішіні (жалпаң, цилиндрлік және конустық), қарын пішіні (қабысыңқы, түзу, дөңгелек-шығыңқы) және арңа пішіні (әдеттегідей бүкір және түзу) жатады.

Осы сипаттаманың әр түрлі үйлесуі дене бітімінің әр түрлі типін құрайды. Ерлерде мынандай типтері болады:

• Кеуделік тип (6-сурет, а) - әлсіз май басумен және әлсіз бүлшық етімен, жалпақ кеуде қуысымен, қабы-сыңқы қарын және бүкір арңамен сипатталады;

• Бұлшық ет типі (б) - орта немесе күшті бұлшык, етпен және орташа май басумен, цилиндрлік кеуде қуысымен, әдеттегідей немесе түзу арқамен сипатталады;

• Құрсақтық тип (в) - орта немесе әлсіз бұлшық етпен және мол май басумен, конустық кеуде қуысымен, дөңгелек-шығынқы қарынмен, бүкір немесе өдеттегі арқамен ажыратылады.

1-сурет. Ерлердің дене бітім типтері

 

Май басудың таралуы мен дамуына байланысты дене бітім типтерін югослав зерттеушісі Б.Шкерли үш негізгі және бір қосымша деп бөліп көрсетеді:

• Барлық денені біркелкі майбасу тобы. Май басу дәрежесі әлсіз, орта және мол болуы мүмкін;

• Денені әркелкі май басу тобы. Дененің жоғарғы бөлігі мен төменгі бөліктеріне артық май жиналуы;

• Дененің тұлға бөлігін немесе аяқ-қолдарды әркелкімай басу тобы;

• Дененің бөлек бір бөліктерінде (кеудеде, мықында, санда) артық май жиналған қосымша типті топ.

2-сурет Әйелдер дене бітімі типтері

 

Келбет. Келбет дегеніміз мойын мен бел тұсындағы омыртқалардың әр түрлі иілімімен, қолдың денеге және иық биіктігіне қатысты орналасуымен сипатталатын адам денесінің табиғи түрдегі тік боп келетін конфигурациясы.

Келбет омыртқа пішініне, бұлшық ет, май басу түрлеріне байланысты болады.

Киім пішушілер практикасында  тапсырыс берушінің келбеті есепке алынады. Антрополог мамандар киім тігуде дене келбетінің әр түрлілігін және олардың есебін алу керектігін айтқан. Ересек адамдардың мынадай келбет түрлері ажыратылады:

• қалыпты: арқа жауырыны тұсындағы омыртқа бағанасының бел сызығымен біртегіс иілісі;

• еңкіш: бас пен иықтың, арқаның алға қарай еңкіштігі, жауырын тұсының қатты шығыңңылығы және омыртқаның бел сызығымен аз қисаюы;

• шалқақ: иықтың арқаға жіберілуі, бастың артқа шалқаюы, омыртқаның бел сызығына дейін көп майысуы.

Ерлер келбеті жауырынның мықынға қарағанда шығыңқылығымен сипатталады. Ерлер келбетіне қарағанда әйелдер келбеті жауырынға қарағанда мықынның шығыңқылығымен ажыратылады. Адам келбеті өмір сүру барысында өзгереді. Оған жас ерекшелігі, еңбек ету, спортпен шүғылдануы зор әсерін тигізеді.

 

1.3 Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы

 

Киім конструкциясын кез  келген есеп әдісімен құру үшін ең алдымен  ол туралы бастапқы деректерді толық  білу керек. Осы бастапқы деректердің бірінші және негізгі бөлігі болып өлшемдік белгілер табылады. Олар адам дене бітімін көлемі мен пішініне қарай сипаттайды, яғни оның өлшемдік сипаттамасын ұғындырады.

Адам денесі мен оның (антропометриялық) бөліктерін өлшеудің үш тәсілі бар:

- бірінші тәсіл арқылы тік немесе көлденең жазықтықтағы кез келген нүктелер арасының араңашықтық проекциясын өлшейді;

- екінші тәсіл арқылы екі нүкте аралығының ең қысқа қашықтығын өлшейді;

- үшінші тәсіл арқылы дене бітімінің үстін өлшейді. Нақты мәліметтер алу үшін барлық өлшемдер белгілі бір шарттарды қатаң сақтау негізінде жүргізіледі:

а) өлшенетін адам түзу, күштеусіз, бірқалыпты дем алып белгілі кейіпте  тұрады;

б) ерлер мен балалар аяқ киімсіз, іш киім киген, әйелдер іш киім мен көкірекше киген;

в) барлық өлшеулер денеге белгілі  нүктелер арқылы немесе тері қатарлары  және жұмсақ маталардың шекарасы арқылы жүргізіледі.

Анықталған нүктелер антропометриялық нүктелер деп аталады. Өлшеу барысында конструкциялау үшін 16 антропометриялық нүкте қолданылады.

г) ұзындық және айналымдарды өлшеу 1 мм-ге дейін дәл өлшеуді талап етеді.

3-сурет. Адам денесіндегі антропометриялық нүктелерді анықтау

2 Киімді үлгілерін  әзірлеуде стильдік ерекшеліктерді ескеру

 

Стилъ (ағылш. Stіуlе) сөзінің астарында көркем идеялық мағынаға негізделген шығармашылың тәсілдер, айқындалған көркемдеу құралдары, тарихи негізделген жалпы белгілері, тұрақты бейне жүйелері деген мағына жатыр[14]. Осы ортақ белгілер сәулет өнерінде, әдебиетте, сурет, кескіндеме өнерінде, костюм үлгісінде көрініс тапқан.

Стиль жүйесінің тұрақты:

- формальды;

-  көркем-бейнелі;

- әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары бар.

Формалъдылыққа талапқа сәйкес силуэтті сызықтар, конструктивтік және композициялық құрылым, орындау техникасы, декорациялық және түстік өрнектеу шешімі жатады.

Көркем-бейнелі  сипаттама – адам пропорциясы, этникалық менталитетке негізделген сұлулық типі мен идеалы жөніндегі түсінік.

Әлеуметтік-психологиялық аспект адамның мінез-құлқының, жас ерекшелігінің киім үйлесімділігіне сай келуін қарастырады.

Әрбір ғасыр стиль, мәдениет, қоршаған орта және киімнің, сәулет өнері  мен қолданбалы өнердің арасындағы байланыстың міндетті түрде болуын талап етеді. Қоршаған ортадағы заттар мен сәулет өнерінің костюммен үйлесімділігі  мәдениеттің стильдік белгісі боп  саналады. Негізінде, стильде сол  заманға сәйкес сұлулық иделы  көрініс табады. Стиль қоймасы  – өз идеяларын айқындауға ұмтылған суретшілер тудырған бейнелер мен пішіндер. Кез келген тарихи кезеңде костюм пішіні идеясының негізіне бейне  мен адамның толық не арық дене бітімі есепке алынады. Дене бітім сәулет өнерінде де модуль ретінде саналады. Ежелгі сәулет өнерінде жеке стиль  мен алғашқы бейне негізге  алынған. Әрбір ғасырда адамның  дене бітімінің эстетикалық идеалы, пропорциясы мен масштабы, түстің және геометриялық пішіннің көлемі дамытылған.

Стиль және сән – өзара  байланысқан жүйе, олар бір-бірінсіз дамып, өрби алмайды. Әдетте, әр заманда  бір уақытта бірнеше стиль  өмір сүреді. Атап айтқанда, оларға қолданыстан  шыққан, дәл сол кезеңде салтанат құрған болашақ стильді қалыптастыратын  элементтері бар стиль жатады. Әрбір елде басқа елдермен мәдени қарым-қатынас дәрежесіне қарай  саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуына, мәдениетінің өркендеу дәрежесіне байланысты көркемдік стильдің даму эволюциясы бар. Мысалы, Италияда мәдени гүлдену «Ренессанс» деп аталса, Германияда «Кеш дамыған готика» деп аталады. Бұдан басқа да жоғары стильдер арасында микростильдердің де дамуы мүмкін, мысалы, «модерн» стилінде «ар нуво», «либерти» деген микростильдер болды, ал 1890-1900 жылдары «жаңа готика», «жаңа орыс», т.б. стильдер; «арт деко» стилінде (1920 ж.) - «орыс», «африкандық», «геометриялық» стильдер, т.б. болған.

Қазіргі заманғы сәндегі  стиль көптігі ерікті түрде туды деп айтуға болмайды. Саяси оқиғалармен, адамзатты толғандыратын әлеуметтік мәселелермен байланысты туған стильдер дамып, құндылығын арттыруда. Жаңа материалдардың және оларды өңдеудің түрлері жаңа стильдердің пайда болуына әсерін тигізеді.

XX ғасырда сән мен костюмге айтарлықтай әсер еткен ағым – эклектизм болды. Эклектиканың басты белгісі – стильдер қосындысы, мысалы, романтикалық пен спорттық стильдің үйлесімді байланысы.

Соңғы онжылдықтағы киім үлгісінде, әсіресе эклектика ағымы күшейді. Бүгінгі күнгі дизайнда дәстүрдегі қиыспайтын нәрселерді қиыстыру әдісінің алатын орны ерекпіе. Суретшілер жаңашылдық іздеудің шексіз мүмкіндігін қарастыруда. Әлемдік сән мінбесіне жібек  пен қалың жайма, табиғи тері мен  жұқа шифон, қамқа мен қарапайым  ағылшын твидін киген модельдер  көтерілуде.

Жаңа стильдердің пайда  болуы мен қарқынды дамуына қарамастан, бұрынғыша көптеген әр түрлі сән  мен сәндік стильді сапалылығымен  жаулап алған «классикалың стиль» маңызын  сақтап ңалды. Классикалық стильге «агылшын» стилін (классикалық үлгідегі жағалы киім – костюм), «Шанель», «джинсылық», «кантри», «теңізші» стильдерін алуға болады.

 

2.1 Киімнің жіктелімі және ассортиментері

 

Қазіргі заманғы киім үлгісі адамның жас және жыныс ерекшелігіне, әркімнің киіну мақсатына, жыл мезгіліне, мата түрі мен оны дайындау тәсіліне байланысты.

Жыныстық ерекшеліктеріне қарай киім ерлер және әйелдер киімі болып, ал жас ерекшеліктеріне қарай балалар киімі, жастар, орта жастағы және егде жастағлар киім үлгісі болып бөлінеді.

Костюмді пайдалану мақсатына қарай киім сыртқы киім, іш киім, корсетті (белді қысып тұратын созылмалы жалпақ белбеулі бұйымдар), жағажайға арналған киім және бас киімдер болып бөлінеді.

Әр киім түрінің пішіні және силуэтімен айқындалған модельдің  құрылымына қарай да, жең, жаға пішіміне қарай да түрлері болады.

Сыртқы киім пальтолық және костюм-көйлектік бұйымдар болып бөлінеді. Сыртқы киім - корсеттік бұйымдар, іш киімдер және костюм-көйлектік бұйымдар сыртынан киілетін киім. Сыртқы киімдерге пальто, қысқа пальто, плащтар, курткалар, көкірекшелер, пиджактар, бешпенттер, жилеттер, белдемшелер, көйлектер, жейделер, жекет-шалбарлар, комбинезондар, шолақ жекет-шалбарлар жатады.

Іш киім - тікелей денеге немесе корсетті бұйымдарға киілетін киім. Іш киімдерге: ішкі жейделер, ішкі белдемшелер, итжейделер, көйлектер, пижамалар, дамбалдар, трусилер, еңбектемелер (ползунки) жатады.

Корсетті бұйымдар - адам денесінің кейбір бөліктерін қалыпты жағдайда ұстау үшін, әрі шұлықты ұстату үшін тікелей денеге киілетін киім. Бұған төсқап, іштартқыш, жартылай іштартқыш, грация, жартылай грация, шұлықты ұстайтын белдіктер жатады.

Жағажайға арналған киімдер - шомылар кезде және күнге қыздырыну кезінде денеге тікелей киілетін киім. Жағажайлық киімдерге плавкилер, шомылуға арналған жинақталымдар жатады.

Бас киімдер - адамның бас бөлігін жабатын бұйымдар. Бас киімдерге шапка-құлақшындар, күнқағарлар, шляпалар, дулығалар, береттер, күн қағарсыз бас киімдер, пилоткалар, чепчиктер,тақиялар, қалпақтар, жокейкалар және т.б. жатады.

Жыл мезгіліне қарай қолданылатын киімдер маусымдық деп бөлінеді, олар: қыстық, жаздық, күздік, көктемдік, көктем-күздік және жалпымаусымдық.

Жыл маусымына және қолдану  ерекшелігіне қарай киім әр түрлі материалдан дайындалады, осыған орай олар жүн, жібек, мақта, зығыр маталардан, сондай-ақ табиғи, синтетикалық және аралас талшықтардан тігілген киімдер деп бөлінеді.

Адам киімді - конструкциялау обьектісі ретінде