Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары

 

Конкурс номинациясының атауы: Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау процесінің мәселелері

 

 

 

 

 

 

Тақырып атауы: Сайлау науқанын қаржыландыру: құқықтық реттеу негіздері және тәжірибе

 

 

 

 

 

Орындаған: Шамбылбек Жанбай Иесұлы

 

Мекен-жайы: 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі,136

 

ЖОО атауы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты Күндізгі оқу факультетінің 2-курс курсанты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары
  3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысы
  4. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегi демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы  Конвенциясы
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясының негізінде Республика азаматтарының мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар (33-бап). «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңымен (ары қарай Заң) Республика Президентiнiң, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын әзiрлеу мен өткiзу кезiнде пайда болатын қатынастар реттеледi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктерi белгiленедi.

Республика  азаматтарының сайлауға қатысуы  ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ. Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары

Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары  дегеніміз сайлау құқығы нормалары  мен институттары негізінде алынган  жетекші ережелер мен талаптар. Бұл қағидаттарды сайлау процесінің барлық қатысушылары (сайлаушылар, сайлау комиссиясы, кандидаттар, т.б.) басшылыққа алуга тиіс. Бұл жетекші идеялар ҚР-ның Конституциясында бекітілген. Оларға: • жалпыға бірдей сайлау құқығы; • тең сайлау құқығы; • төте сайлау құкығы; • жанама сайлау құкығы; • жасырын дауыс беру кағидаттары жатады. Аталған кағидаттарды толығырақ қарастырайық.

Жалпыга бірдей сайлау құқығы

Жалпыга бірдей сайлау құқығы — республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, Президент, Парламент немесе мәслихат депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі ретінде сайлануға құқылы дегенді білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының екі түрі ерекшеленген:

• белсенді сайлау құқығы — бұл он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы;

• бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР-ның Президенті, Парламенті, мәслихат депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құкығы.

Бәсең сайлау кұқығы белгілі бір құқықтық шектеулермен байланысты туындайды.

ҚР-ның Президентігіне кандидат тумысынан республика азаматы  болуы, 40 жасқа толуы, мемлекеттік  тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы болуы тиіс.

Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаты Конституцияда  көрсетілгендей 30 және 25 жасқа толуы  тиіс.

Дегенмен Конституцияда  бірқатар шектеулер де қарастырылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес: сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Бұл өзінің жүйке ауруы мен акыл-есінің кемдігіне байланысты, өзінің азаматтық кұкықтарын толық жүзеге асыра алмайтын немесе азаматтық міндеттерін атқара алмайтын азаматтардың сайлау құқығы шектеледі дегенді білдіреді. Сонымен қатар сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға кұкығы жок. Тұтқындау орындарында отырған тұлғаларға, егер соттың айыптау үкімі шығарылмаса сайлау құкығында шектеуге жол берілмейді. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңда тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында сайлау учаскелерін құру, аталған орындарда отырған адамдардың тізімін жасау тәртібі бекітілген. Теңсайлау құқығы — сайлаушылар сайлауға тең негізде қатысады дегенді білдіреді. Өрі олардың өркайсысының бір сайлау бюллетеніне сай дауысы болады. Сайлау бюллетені тұлғаның жеке басын куәландыратын кұжаттары, төл құжаты арқылы беріледі. Кандидаттар өзінің сайлау құкығын жүзеге асыруда тең күкыктар иеленеді.

Тең сайлау құқығы

Тең сайлау құқығы: • Қазақстан Республикасының  барлық азаматтарына олардың тұратын  мекен-жайы орнына қатыссыз, соның ішінде елімізден тысқары жердегілерге; • сайлаушылардың саны, шамамен бірдей сайлау округтерін құру арқылы; • сайлауімимы сайлау учаскесіндегі бір гшш сайлаушылар тізіміне қосу арқылы; • тең сайлау құқығы талаптарын екі немесе одан да коп рет, тіпті басқа сайлаушы үшін де дауыс беру арқылы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындау арқылы қамтамасыз етіледі.

Жанама  сайлау құқығы

Жанама сайлау құқығы—Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматы  қатысады дегенді білдіреді. Аталған сайлауда халықтың еркіндігі жанама жолмен тікелей сайлау құқығы арқылы сайланған мәслихат депутаттарының, яғни таңдаушылардың дауыс беруі арқылы көрініс табады. Әрбір таңдаушы бір дауысқа ие болады.

Жасырын дауыс беру

Жасырын дауыс беру – сайлауда сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді. Жасырын дауыс беру:

• әрбір сайлаушының  жеке өзі дауыс беруі, дауыс беру құқығын басқа тұлғаға беруге жол бермеу арқылы;

 • басқа  тұлға үшін дауыс беруге жол бермеу;

• дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға  сайлаушылар тізімдері арқылы сайлаушының  жеке басын куәландыратын құжатты  көрсетуі бойынша;

 • сайлау  бюллетені сайлаушының жасырын  дауыс беру кабинасында жеке  толтырылуы арқылы жүзеге асады. Сайлау бюллетенінде дауыс берушінің жеке басын айқындауға мүмкіндік беретін белгілер салуға болмайды. Заңда дауыс берудің жасырын тәртібін бұзған лауазымды тұлғалар мен оған кінәлілерге жауапкершілік көзделген.

Әрбір дауыстың маңыздылығы мен рөлі. Сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ықпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңыздылығы және сайлаудағы әрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болу керек.

Кандидаттар қызметінің сайлау науқаны барысындағы  кепілдіктері. Президенттікке, Парламент депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап, сайлау корытындысы жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заң кандидатқа сайлау уақытында еңбек қызметін орындамауды міндеттемейді. Заң кандидатқа уақытын қалай пайдаланатындығын өзі айқындауына мүмкіндік береді. Заңның демократиялылығының мәні де осында. Кандидаттардың сайлауға қатыскан уақыты тіркелген күнге дейін оның жұмыс істеген мамандығы бойынша еңбек өтіліне есептеледі. Кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін өздерінің келісімінсіз жұмысынан босатуға, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстыруға, сондай-ақ іссапарға жіберуге немесе әскери жиындарға шакыруға болмайды. Президенттікке, Парламент депутатығына кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау корытындылары жарияланғанға дейін, сондай-ақ оларды Президент, Парламент депутаттары ретінде тіркелгенге дейін:

  • тұтқынға алуға;
  • еріксіз әкетуге;
  • оларға сот тәртібімен өкіметтілік жазаларын колдануға;
  • қылмыстық жауапкершілікке тартуға;
  • Орталық сайлау комиссиясының келісімінсіз (тікелей қылмыс үстінде ұсталуы немесе ауыр қылмыс жасауы сәтіндегі тұткындаулардан басқа реттерде) ұстауға жол берілмейді.

Мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын  қамтамасыз ету жөніндегі қызметі

Соттар, прокуратура, ішкі істер органдары, сондай-ақ сайлау комиссиясы дауыс беру күні, оның ішінде демалыс күндері де өз жұмыстарын ұйымдастырады. Олар азаматтардың шағымдарын қабылдау мен қарауды қамтамасыз етеді. Азаматтардың және ұйымдардың сайлау заңнамаларын бұзу туралы шағымдары сайлау комиссияларында шағым келіп түскен күннен бастап бес күн аралығында қарастырылады. Сайлау комиссиясы мен оның мүшелерінің шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану жоғары тұрған комиссияда шағым келіп түскен күннен бастап үш күн аралығында қаралады.

 

Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары.

 
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) республикалық бюджет қаражатының  құралуы және жоспарлы жұмсалуы туралы ақпаратты беріп отыр. 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеге сәйкес Ортсайлаукомның функцияларына сайлау туралы заңдардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Парламент Мәжiлiсi мен Сенаты депутаттарының, мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзу, сайлау өткiзу кезiнде аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асыру кіреді. 

Орталық сайлау комиссиясының негізгі қызметі  Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін жалпыға бірдей танымал демократиялық қағидаттарға сәйкес дамыту және жетілдіру болып табылады. 

Қазіргі уақытта  Ортсайлауком сайлау процесіне қатысушылардың барлығы үшін сайлау іс-қимылдары  мен тетіктерінің барынша ашық және қолжетімді болуын қамтамасыз етумен, сайлау процесін ұйымдастырудың жаңа технологияларын, әдістері мен тетіктерін әзірлеумен және енгізумен, сайлаушылардың сайлау комиссияларының қызметі, сондай-ақ сайлау науқаны барысы туралы уақтылы, шынайы және толық ақпарат алуына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етумен байланысты міндеттердің біртұтас кешенін шешеді.  
Бұл ретте сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын және сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, сайлаушылардың қоғамдық белсенділігін, олардың азаматтық жауапкершілігін дамыту жөніндегі жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді, бұл құқық қолдану тәжірибесін жетілдірудің, сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сайлау заңнамасы нормаларының нақты сақталуының міндетті шарты болып табылады.  
Ортсайлаукомның алдағы кезеңдегі қызметінің маңызды бағыты сайлау процесі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту болып табылады. Сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу тәжірибесімен алмасу, түрлі елдер сайлауларының құқықтық базасын зерделеу және талдау, сайлау процесін байқауға қатысу азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің ең озық және үдемелі әдістерін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.  
Осы міндеттерді іске асыру мақсатында Ортсайлауком халықаралық байқаушыларды Қазақстан Республикасындағы сайлаулар мен референдумдарға шақыру және аккредиттеу әрі Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекеттердегі байқауға қатысу үшін жіберу жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады. 

Ортсайлаукомның бюджеті өткізілетін сайлау науқандарының мерзімділігін ескере отырып, қалыптастырылады. 

Қазақстан Республикасының  Президенті 5 жыл мерзімге сайланады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы). 

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – 6 жыл, Мәжіліс  депутаттарының өкілеттік мерзімі  – 5 жыл (Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы). 

Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен  әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының  астанасынан 2 адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта  қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың 15 депутатын Республика Президенті тағайындайды. Парламент Сенаты депутаттарының барлығы – 47.  
Парламент Сенаты депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланатын Сенат депутаттарының жартысы әрбiр 3 жыл сайын қайта сайланып отырады. 

Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен  сайланатын 107 депутаттан тұрады.  
Мәслихаттардың депутаттары 5 жыл мерзімге сайланады. 

Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңының 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды.  
Депутаттар саны (жоғарғы және төменгі шек) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай шектерде анықталады: облыстық мәслихатқа, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына – 50-ге дейiн; қалалық мәслихатқа – 30-ға дейiн; аудандық мәслихатқа – 25-ке дейiн.  
Мәслихаттар депутаттарының саны "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі № 12/200 қаулысына сәйкес айқындалған. 

Мәслихаттар депутаттарының барлығы - 3335.

Сондай-ақ Сайлау туралы Конституциялық заңға сай Парламент Сенатының немесе мәслихаты депутатының өкілеттігі мерзiмiнен бұрын тоқтатылған, мандатынан айырылған не ол қайтыс болған жағдайда шығып қалған депутаттар орнына сайлау өткізеді.  

33-бап. Сайлауды мемлекеттiк қаржыландыру

  1. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын қоспағанда, Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы республикалық бюджет қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары арқылы қаржыландырылады. Бұл шоттарға республикалық бюджеттен түсетін бюджет қаражатына иелік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қаржыландыру тәртібi Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленеді. 
  2. Республикалық бюджет қаражатынан: 
  3. сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметiне, үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына, консультанттарға, сарапшыларға, лингвистикалық комиссияның мүшелерiне, электрондық сайлау жүйеле рінің пайдалануын қамтамасыз ететін мамандарға еңбек ақы төлеуге; 
  4. осы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерiне;
  5. осы Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүргiзiлетiн кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткiзуге, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға; 

4) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiкке; 

5) сайлау комиссиясының  үй-жайы мен дауыс беруге арналған  үй-жайда орналастырылатын Президенттікке, Парламент Сенатының және мәслихаттардың депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар туралы, сондай-ақ партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға жұмсаған шығындары жабылады. 

3. Халықаралық  ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер, шетелдiк мемлекеттiк органдар, шет елдердiң заңды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Республикадағы сайлауды қаржы-ландыруға, олардың қандай да болмасын тiкелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады.  
4. (алып тасталды - 2005.04.15. № 44-III Конституциялық заңымен) 

33-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан  Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II; 2005.04.15. № 44-III; 2007.06.19. № 268-III; 2009.02.09. № 124-IV Конституциялық заңдарымен.

 
34-бап. Сайлауды мемлекеттiк емес қаржыландыру

  1. Президенттi және Парламент және мәслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтiн осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен құрылатын сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыруға болады. 
  2. Сайлау қорлары заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге жатады. 
  3. Сайлау қорлары мынадай көздерден: 
  4. кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан;

2) кандидатқа  оны ұсынған Республиканың қоғамдық бiрлестiгi бөлген қаражаттан;  
3) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықта-рынан құралады. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiк -тердiң, өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдiк қайырмалдықтарына тыйым салынады. 

4. Сайлау қорларына заңды  жолмен алынған қаражат қана  берiледi. Қорға келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде: Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламент Мәжілісінің депутаттарын партиялық тiзiм бойынша сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы; Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезiнде - облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссиялары; мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде-oкругтік сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. 

5. Аталған көздерден сайлау  қорларына жолдануы мүмкiн ақшалай  қаражаттың шектi мөлшерi осы Конституциялық  заңның Ерекше бөлiмiнде белгiленедi. Белгiленген мөлшерден артық түскен  ақша қаражаты сайлау қорына  есептеуге жатқызылмайды және  оларды қосқан азаматтар мен ұйымдарға қайтарылып берiледi. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады. Дерегi жоқ қайырмалдықтар республикалық бюджет кiрiсiне енгiзiледi.  

6. Сайлау қорын құрайтын ақша қаражаты кандидат, партиялық тiзiм тiркелгеннен кейiн тиiстi сайлау комиссиясы банк мекемелерiнде ашатын арнаулы уақытша шоттарға түсiрiледi. Аталған шот бойынша кiрiс есептелмейдi және төленбейдi. Осы Конституциялық заңда аталған мақсаттар үшiн сайлау қорының қаражатына иелiк ету құқығы тек қана кандидатқа және партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партияларға берiледi. Банктер тиiстi сайлау комиссиясына арнаулы уақытша шотқа келiп түскен қаражат және олардың жұмсалуы туралы апта сайын есеп бередi. 

Тиiстi сайлау комиссиясының  сұратуы бойынша сол мәлiметтер жиырма төрт сағаттың ішiнде берiледi. Сайлау қорларының қаражатын жұмсау тәртiбiн және тиісті банк мекемесін  Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. 

7. Кандидат өз  кандидатурасын алып тастаған  саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда сайлау қорына түскен ақша қаражаты оны қосқан азаматтар мен ұйымдарға дереу қайтарылуға жатады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады. 

8. Арнаулы уақытша  шоттар бойынша барлық қаржылық  операциялар, оның ішінде жеке  және заңды тұлғалармен есеп  айырысулар, міндеттi аударымдар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер сайлаудың алдындағы күнi сағат 18-де тоқтатылады.  
Қайта дауыс беру өткізілген жағдайда кандидаттың сайлау қорына түсіруге рұқсат берілген ақшаның шекті сомасы бір жарым есе ұлғайтылады. 

Қайтадан дауыс беру өткізілген кезде өздеріне қатысты қайтадан дауыс беру өткiзiлетiн кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржы операциялары қайтадан дауыс беру тағайындалған күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады. Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы осы Конституциялық заңмен белгiленген шектен acпaуғa тиiс. 

9. Сайлау қорытындылары  анықталғаннан кейiн бес күннен  кешiктiрмей кандидат саяси партия  тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiнде есеп беруге мiндеттi. Сайлау қорының сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражатының үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi, ал үштен бiрi кандидатқа, саяси партияға қайтарылады. 

10. Кандидаттың,  партиялық тiзiмiн ұсынған саяси  партияның осы баптың 1-8-тармақтарында  белгiленген ережелердi, сондай-ақ  Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген  сайлау қорлары қаражатын жұмсау  тәртібін бұзуы - кандидатты, партиялық  тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға, ал сайлау өткiзiлгеннен кейiн кандидаттың Президент, Парламент депутаты, мәслихат депутаты, өзге де жергiлiктi өзін-өзi басқару органының мүшесi ретiнде тiркелуiне дейін тиiстi аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады. 

34-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан  Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II; 2005.04.15. № 44-III; 2007.06.19. № 268-III; 2009.02.09. № 124-IV Конституциялық заңдарымен.

 

35-бап. Сайлау шараларын сайлау комиссияларының қаржыландыруы

 
1. Президенттi, Парламент, мәслихаттар  депутаттарын, сондай-ақ өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының  мүшелерiн сайлау кезiндегi сайлау iс-шараларын қаржыландыруды Орталық  сайлау комиссиясы жүзеге асырады. 

2. Сайлау комиссияларының  төрағалары ақшалай қаражатқа  иелiк етедi және қаржы құжаттарының  сайлау комиссияларының қаржы  мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне  сай келуi үшiн жауап бередi. 

35-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан  Республикасының 2004.04.14. № 545-II; 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңдарымен.

36 - бап. Сайлау науқанын өткiзуге бөлiнген қаражаттың жұмсалуын бақылау

  1. Сайлау науқандарына республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты кандидаттардың жұмсауын бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.  
    2. Сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын бақылауды тиiстi сайлау комиссиялары және банк мекемелерi жүзеге асырады. 

3. Тиiстi сайлау  комиссияларының ұсынысы бойынша  аталған бақылауды жүргiзуге өздерiнiң  құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдардың мамандары тартылуы мүмкiн. 

36-бапқа өзгерiс енгізілді  - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II Конституциялық  заңдарымен.

2011 жылға  арналған бюджет

 
2011 жылы сайлауды өткізуге арналған шығыстар 256 173 мың теңгені құрайды,соның ішінде:  
- 16 облыста, Астана және Алматы қалаларында бір мандатқа 5 кандидат есебінен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын өткізуге - 142 000,0 мың теңге;  
- Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық/қалалық мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізуге (облыстық мәслихаттарға – 6 кандидат бәсекелес болғанда 5 мандат есебінен және тиісінше 70 мандат қалалық және аудандық мәслихаттарға - 1 мандатқа 4 кандидаттан бәсекелес болғанда), барлығы114 173,0 мың теңге.  
 

2010 жылғы есепті  кезеңде және 2011 жылғы бірінші  жартыжылдықта мемлекеттік бюджеттің  атқарылу қорытындылары туралы  талдамалы ақпарат

 
2010 жылы сайлауды өткізуге бюджеттен - 152 697,0 мың теңге көзделген болатын. Нақты шығыстар 118 679,4 мың теңгені құрады. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы 34017,6 мың теңге сомасында бюджетке қайтарылды. 

Қостанай облысы бойынша  шығып қалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын  сайлау өткізілді. Шығыстар 2 425,9 мың  теңгені құрады. 

Сайлау туралы Конституциялық заңның 101-бабының 4-тармағына сәйкес 2010 жылғы 29 наурыз бен 31 қазанда өңірлерде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізілді. Сайлау 115 сайлау округінде (облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі 17 округте, қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі 12 округте және аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі 86 округте) өткізілді. 

Сайлауды өткізуге 16 облыстық, 115 қалалық/аудандық аумақтық, 115 округтік және 562 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты. 

Сайлау науқаны  барысында мәслихаттар депутаттығына  барлығы 316 кандидат ұсынылып, 256-сы тіркелді. Соның ішінде 36 – облыстық мәслихаттар  депутаттығына кандидаттар, 191 – аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, 29 – қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар. 1 мандатқа шығыстар 1 010,9 мың теңгені құрады. 2011 жылғы бірінші жартыжылдық  Сайлау туралы Конституциялық заңның 101-бабының 4-тармағына сәйкес 2011 жылғы 27 наурызда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізілді.

Сайлау 50 сайлау округінде (облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі 5 округте, қалалық  мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі 7 округте және аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі 38 округте өткізілді. Сайлауды өткізуге 12 облыстық, 45 қалалық/аудандық аумақтық, 5 облыстық, 45 қалалық/аудандық округтік және 231 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты. 

Сайлау науқаны  барысында мәслихаттар депутаттығына 130 кандидат ұсынылып, олардың 117-сі тіркелді. Соның ішінде 11 - облыстық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, 87 – аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, 19 – қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар. 1 мандатқа шығыстар 975,8 мың теңгені құрады. 

2011 жылғы 4 ақпанда  Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен 2011 жылғы 3 сәуірге Қазақстан  Республикасы Президентінің кезектен  тыс сайлауы тағайындалды. 
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 4 706 509,3 мың теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді. Сайлауды өткізуге 16 облыстық, 207 қалалық/аудандық, 9725 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты. Сайлау науқаны барысында Қазақстан Республикасының Президенттігіне 22 кандидат ұсынылып, 4-і тіркелді. 1 тіркелген кандидатқа жұмсалған шығыстар 1 090 498,2 мың теңгені құрады. Сайлауды өткізуге бөлінген бюджет қаражатының нақты игерілуі - 4 361 992,7 мың теңгені құрады. Президент оларға қол қойғанға дейін заңдардың конституциялылығын тексеру

 

АСТАНА. Қарашаның 16-сы.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді – Алдағы уақытта үкімет сайлау науқанын қаржыландыру мәселесін қарастыратып шешетін болады және «Жыл басынан бері тағы 42 учаскелік сайлау комиссиясы құрылып, олардың құрылымы іріктелуде».

Оның сөзіне қарағанда, сайлау науқанын ұйымдастыру  және өткізу үшін қажетті құжаттарының үлгісі бекітілді. Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары жинастырылған және жұмыс  істеуге дайын. 

Сайлау науқаны барысындағы шешімдер мен іс- әрекеттерге шағым беру және күшін жою.

Байқаушылардың  қызметiн қаржылық және ұйымдық жағынан  қамтамасыз ету байқаушыларын жiберген тараптардың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.  
Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктердің, шетелдік мемлекеттік органдардың, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың Республикадағы сайлауды қаржыландыруға қандай да бір тікелей немесе жанама түрде қатысуына тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына  толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 921 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N 225 (2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.     

 Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. "Республикалық және жергілiкті бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 58-құжат) мынадай толықтырулар енгiзілсiн: 

 көрсетiлген қаулымен  бекiтілген Республикалық және  жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу  ережесiнде: 2-бөлімнің тақырыбы ", сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру" деген сөздермен толықтырылсын; 

мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын: 

"4-1-тарау. Сайлауларды  мемлекеттік қаржыландыру 

56-1. Президенттің, партиялық  тiзiмдер негізiнде сайланатын Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын қоспағанда, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын, жергілiктi өзін-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлау осы мақсаттар үшін ашылатын жергілiктi атқарушы органдардың бюджеттiк шоттары арқылы республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. 

56-2. Сайлауларды мемлекеттік  қаржыландыру Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық  комитеті мiндеттемелерi бойынша  қаржыландырудың жиынтық жоспарына  сәйкес Орталық сайлау комиссиясының  міндеттемелерін қабылдауға рұқсат беру жолымен екi данада жүзеге асырылады, рұқсат берудiң бір данасы Орталық сайлау комиссиясында қалады, екiншi данасын және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әрбiр аумақтық сайлау комиссиясы бойынша қаржыландыру жоспарларын Орталық сайлау комиссиясы Астана қаласының Қазынашылық департаментіне ұсынады. 

Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары