Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi
Мазмұны
Кiрiспе
- Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi.
- Негiзгi бөлiм.
- Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi.
- Азаматтық құқық қатынасының ерекшелiгi.
- Азаматтық құқық қатынасының құрамдас элементтерiн айқындау және заңды фактiлер түсiнiгi мен түрлерi.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кiрiспе
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелдi болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады. Адамдар өз өмiрiнде және әрекет үстiнде үнемi әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласады. Мысалы: дүкеннен зат сатып алғанда сатушы мен сатып алушының арасында азаматтық-құқық қатынасы пайда болады. Бұлмәмле бойынша сатып алушы белгiлi бiр соммада ақша төлеуге мiндеттi, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншiгiне беруге, немесе затында сапасы жағынан бiр кемшiлiгi немесе сан жағынан кемiстiгi болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге мiндеттi. Заңды тұлғалардың барлық iстерi нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретiмен жүзеге асады.
Азаматтар мен заңды
тұлғалар өзiнiң қажеттiлiгiмен
Адамдар арасындағы пайда болатын қатынастар әр жақты және де моральдық, этикалық нормалармен реттеледi.
Көптеген қатынастар – құқық нормалармен реттелiп отырады. Жалпы құқықтық қатынас – қоғамдық қатынастардың бiр түрi болып табылады. Ал азаматтық құқық қатынастары бұл құқық қатынастарының бiр түрi болып табылады.
Қоғамдық қатынастар - әр түрлi құқық салаларының нормаларымен реттеледi. Азаматтық құқық товар-ақша айналымыдағы мүлiктiк қатынатар мен қатар мүлiктiк емес қатынастарды реттейдi. Құқықтық қатынастарға қатысушылар өз еркiмен түседi. Кейбiр жағдайларда азаматтардың еркiн құқық қатынасының барлық стадияларынан көруiмiзге болады.
Мысалы: сатып алу-сату шартында айқын байқалады. Ал кейбiр жағдайда азаматтардың еркiн олардың белгiлi бiр құқықтары мен мiндеттерi туындаған жағдайда көруiмiзге болады. Мысалы: зиян келтiру нәтижесiнде туындайтын қатынасты алайық. Бұл қатынасты зиян келтiрушi және зиян келтiрiп отырған адам да қаламайды, бiрақ белгiлi бiр осындай жағдайдың пайда болуына байланысты пайда болады. Азаматтық құқық қатынастары барлық құқық қатынастары сияқты заң негiзiнде, әр түрлi құқықтық актiлер негiзiнде және де азаматтар мен заңды тұлғалардың iс-әрекетi негiзiнде пайда болады.
Азаматтық құқық қатынастарының
субъектiлерi өз ара тең болады. Бұл
жерде әкiмшiлiк құқ
Екiншi ерекшелiгi ол, субъектiлердiң көптiгi. Азаматтық құқық қатынастарына жеке және заңды тұлғаларда қатыса алады.
Келесi ерекшелiгi: Объектiлерiнiң (ерекшелiгi) көптiгi тзаттар, қызмет көрсету, мәлiмет тарату, интелектуалдық қызмет нәтижелерi, материалдық емес игiлiктер.
Келесi ерекшелiгi: бұнда қатысушылардың келiсiмiмен азаматтық құқық қатынастарының пайда болуы.
Бесiншi ерекшелiгi: Азаматтық құқық қатынастарына түсушi жақтардың құқықтары бұзылған жағдайда олар сотқа шағымдануға толық құқығы бар.
Алтыншы ерекшелiгi: Азаматтық
құқық қатынасына түсушi жақтардың
бiреуiне зиян келтiрiлген жағдайда ол зиянның
орнының толтырылу
Осыны қортындылай келе азаматтық құқық қатынасына анықтама берсек. Азаматтық құқық қатынасы дегенiмiз азаматтық құқық нормаларымен реттелетiн мүлiктiк және мүлiктiк емес қатынастар болып табылады. Азаматтық құқық қатынастардың мазмұнына келетiн болсақ, ол азаматтардың яғни т тұлғалардың субъективтiк құқықтары мен субъективтi мiндеттерiнен тұрады.
Субъективтi құқықтары дегенiмiз: заң тарапынан қатысушылардың тәртiптерiн қамтамасыз ету, яғни қатысушы тұлға өзiнiң iс-әрекетiн өзi белгiлейдi. Субъективтi мiндеттерi дегенiмiз: заң тарапынан мiндеттi тұлғаның тиiстi тәртiбiн қамтамасыз ету. Субъективтi деп бұл жерде айтылу себебi өйткенi бұл белгiлi бiр тұлғаға тиiстi болып отыр. Сатып алушы өзi сатып алған затына субъективтiк құқыққа ие болу үшiн сатушы өзiнiң субъективтiк мiндеттемесiн орындауы тиiс яғни сатып алушыға жаңағы затты табыс етуi керек. Субъективтiк құқықтар мен субъективтi мiндеттемелер бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Бұлар бiр уақытта туындайды, бiрақ келесi кездерi азаматтық құқық қатынасының мазмұны өзгеруi мүмкiн яғни қатысушыларда жағадан құқықтар мен мiндеттемелер туындауы мүмкiн.
Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда бiз алдымен құрамдас элементтерiн айқындап алуымыз қажет. Әрбiр құқық қатынастарында қатынастың субъектiлерi деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектiлерi жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгiлi бiр байланыс орнайды, сол себептi бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгiлi бiр құқықтар мен мiндеттер пайда болады. Азаматтық кодекстiң 12 бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазасқтан Республикасының азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттiң құқық субъектiсi болады. Құқықтар мен мiндеттердiң иесi бола бiлу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектiсi ретiнде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодексте оған мынадай анықтама берген: «Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер не жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Бұлар азаматтық құқық қатынасының басты екi субъектiсi болып табылады. Бұл субъектiлерге заң тарапынан қойылатын талаптары да бар, олар субъектiнiң құқық қабiлеттiлiгi болуы керек және әрекет қабiлетi болуы керек. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгiнiң түсiнiгi Азаматтық кодекстiң 13-бабында былай деп көрсетiлген. Азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.
Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден бастаып қайтыс болған соң тоқтатылады.
Ал азаматтардың әрекет
қабiлеттiлiгi дегенiмiз азаматтың
өз әрекеттерiмен азаматтық
Осымен азаматтық құқық қатынастарының бiрiншi элементi азаматтық құқық субъектiлерiнiң болуы. Келесi элементi бұл азаматтық құқық қатынастарында белгiлi бiр объектiлердiң болуы.
Қатынаста құқықтар мен мiндеттер не нәрсеге мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктерге бағытталған болса, сол нәрсеге оның объектiсi деп аталады.
Осыған орай құқықтың жалпы теориясының бiр мәселесiне тоқтала кеткен жөн. Әдетте «құқық» сөзi бiр-бiрiмен тығыз байланысты, юiрақ шын мәнiнде мүлдем бөлек екi мағына бiлдiретiндiгiн айтпасқа болмайды. Оның бiрiншiсiн «Азаматтық құқық» құқық нормалары дегенге қолданамыз. Бұл сөз тiркесiндегi «құқық» дегенiмiз мемлекетте қалыптасқан құқықтық рәсiмдер жүйесi, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекет күшiне сүйенедi. Осы мағынасында қолданылатын «құқықтың объективтi құқықә деп немесе «объективтi құқық деп атаймыз. Бұл күнделiктi өмiрде «Менiң меншiк құқығым бар», «Сiз бұлай iстеуге құқығыңыз жоқ», «Оның зейнетақы алуға құқығы бар» тәрiздi сөдердi жиi айтамыз, ад бұл орайда кездесетiн «құқық сөзi заң дегендi емес, тұлғаның, нақты адамның белгiлi бiр мүддесiн ғана бiлдiредi. Бұл жағдайларда «құқық» туралы субъективтiк мағынасында немесе басқаша айтқанда, құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкiндiктер болып есептеледi. Құқық қатынастарының элементi ретiнде айтқанымызда, бiз субъективтiк құқық туралы да айтамыз. Бұл «құқық» деген сөзге беретiн екiншi мағына. Әрбiр құқық қатынасында қатысушының бiрiнiң субъективтi құқығына екiншiсiнiң заңдық мiндеттiлiгi сәйкестендiрiледi, яғни бiреуiнiң екiншiсi алдындағы мiндеттiлiк аясы айқындалады.
Мысалы, үйдi сатып алу-сату шартына сәйкес сатушы мен сатып алушы арасында екi бiрдей құқық қатынасы пайда болады. Оның бiрiншiсiнде сатып алушы үдi алуға құқылы да, сатушы оны бiреуге мiндеттi.
Азаматтық құқық объектiлерi
Қазақстан Республикасының Азам
Мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.
Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.
Мүлiктiк құқықтар белгiлi бiр мүлiкке билiк ету. Мүлiктiң өзi жылжымайтын және жылжитын болып бөлiнедi.
Жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат, жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер мен жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады.
Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi.
Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.
Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға мирасқорлық тәртiбiн не өзге де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.
Заттар – азаматтық құқық қатынатарының объектiлерi. Азаматтық құқық қатынастарының объектiлерi деп заттарды, жұмыс пен қызметтi, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтiн игiлiктер мен интелектуалды меншiктi, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы объектiлерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделерi тоғысады және де бұл объектiлердiң құқық қатынастарындағы тағдыры шешiледi.
Әдетте, азаматтық құқық объектiлерiнiң шеңберi айнымалы келедi. Мысалы, күнi кешеге дейiн ақпарат оның аясына кiрмейдi. Жалпы алғанда, азаматтық құқық қатынастарының объектiлерiнiң негiзгi бөлiгiн заттар құрайды. Зат деп материалдың әлемнiң кез келген объектiсiн айтамыз. Заттардың заңдық тағдырында оның сапасы мен құқылық мәртебесi елеулi орын алады. Сондықтан да азаматтық құқық та заттарды саралаудың алуан түрi кездеседi. Заттар азаматтың айналымдағы қатынасына орай шектеулi айналым қабiлеттiлiгiне байланысты азаматтық айналымнан шығарылмаған деп бөлiнедi. Азаматтық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелерi өзгеге еркiн түрде бере алады, сөйтiп, ол ешқандай шектеусiз қолдан қолға өте бередi. Былайша айтқанда, мұндай заттар азаматтық айналымға емiн-еркiн қатысады. Айналым қабiлеттiлiгi шектелген заттар азаматтық айналымға қатысушылардың белгiлi бiр бөлiгiне қатысты, немесе айналымы ерекше тәртiппен жүзеге асады. Осы объектiлердiң шеңберi заңмен айқындалады. Оған у, қару-жарақ, оқ-дәрi, қымбат бағалы металдар мен тастар, мәдени және тарихи ескерткiштер, тағы басқалар жатады.
Сонымен, азаматтық заң кейбiр заттарды айналымнан шығарып тастайды. Өйткенi, оның өзi мемлекеттiң немесе басқа тұлғалардың өзгеге беруге болмайтын жеке дара меншiгi болып табылады. Қазiргi кезде оған мысал ретiнде, орман, су және басқа бiрқатар объектiлердi жатқызуға болады.
Заттарды бөлiнетiн және бөлiнбейтiн деп жiктейдi. Бөлiнетiн заттар бөлiнген күннiң өзiнде тұтынушылық қасиетiнен, бастапқы сапасынан айырылмайды. Мысалы, бiр бөлке нанды алайықшы, оны қанша жерден бөлсеңiз де нан күйiнде қалады емес пе. Ал бөлiнбейтiн заттарды бөлсеңiз пайдаға аспай қалады. Егер отырғышты арамен екiге жарып кесiп тастасаңызшы, онда ол тұтыну қасиетiнен айырылып қалады ғой. Саралаудың мұндай заттың мәнi мүлiктi бөлу кезiнде айқын көрiнедi.
Заттар құқық қатынастарында жекеше белгiленген және тектес қасиеттерiне қарай белгiленетiн заттар деп бөлiнедi. Заттар жеке белгiлерiне қарап, немесе бүтiн бiр тобына, басқаларына тектесуiне қарап бөлiнедi. Бiрiншi жағдайда жекеше белгiленген заттар деп, екiншi жағдай да тектес қасиеттерiне қарай белгiленген заттар деп атайды. Жекеше белгiленгенi тек басқасына емес, тек сол заттың өзiне тән. Мысалы, оған суретшiнiң суреттегi қолтаңбасы немесе көйлектiң өзiндiк үлгiсi жатады. Зат сол жекеше күйiнде ғана бiр құқық қатынасында тектес қасиеттерiмен айқындалады, ал басқа ретте даралық сипатқа ие.
Айталық, тiгiн фабрикасы дүкенге 48-пiшiндi, 3 тұрқылы 100 көйлек әкелiп, сатуға шарт жасасты делiк. Бұл құжат бойынша аталған тауар тектес белгiлерiмен анықталады. Ал сатып алушы әлгi жүз көйлектiң тек бiреуiн ғана алды. Демек ол қолына түскеннен емес, өзiне ұнағанын алады. Яғни дене бiтiмiне шақ келетiн әрi жарасымдысын көйлектiң жекеше сапасы бойынша таңдайды. Осы құқық қатынасында сатып алушының алған көйлегi жекеше белгiлерге ие, сондықтан да сатушы оған жүз көйлектiң өзгесiн бере алмайды.
Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын болып бөлiнедi. Оның қозғалмайтынына жермен тығыз байланысы бар учаскелерi, учаске қойнауы, көпжылдық өсiмдiктер, ғимарат және құрылыстар жатады, олар тұтастығы мен пайдаға асуына орай жерге елеулi залал келтiрмей бөлiне алмайды. Сондай-ақ Азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарына әуе, теңiз, темiр жол объектiлерi де жатады. Себебi олар халықаралық дәстүр мен халықаралық төрелiк жасау арқылы қолданылады. Осындай аса қымбат саналатын объектiлердi пайдалану белгiлi бiр мемлекет құзырынан шығыпта кетедi. Әрине, мұндай объектiлердiң қозғалмайтын мүлiк жөнiндегi жалпы ережемен сыйыспайтындығын да мойындауға тура келедi.
Қозғалмайтын мүлiкке
берiлетiн құқық мемлекеттiк
Кәсiпкерлiкке пайдаланылатын кәсiпорын мүлiктiк кешен ретiнде мүлiктiң ерекше түрi болып саналады. Ал кәсiпорын негiзiнен алғанда қозғалмайтын мүлiкке жатады. Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорынға оның қызметiне керектi мүлiктiң барлық түрi енедi. Ол тек қажеттi объектiлердi ғана қамтып қоймай, жер учаскесi, ғимарат, құрылыстар тәрiздi қозғалмайтын болып көрiнетiндердi өзiне қаратып алады, тiптi жеке-дара күйiнде қозғалмалы мүлiк болып табылатын керек жарақ, құрал жабдық, шикiзат, өнiм, тiптi талап ету құқы да, қарыз, атауы, тауарлы және фирмалық белгiлер, бәрi-бәрi одан үлгiсiн аулақ сала алмайды. Демек, егер кәсiпорын сатылатын болса, онда оның иесi сатып алушыға өзiнiң қарамағындағы барлық мүлiктi беруге тиiс. Тек сатып сатып алушымен келiсiм арқылы мүлiктiң бiр бөлiгiн (мысалы, шикiзат немесе кейбiр құрал жабдықтар) жекелей түрде сатуына болады.
Қосалқы зат және басты зат.
Дербес пайдалануға
келмейтiн, тек басқа затпен ғана
бiрге пайдалануға болатын
Жаңа Азаматтық кодекс
азаматтық құқық
Валюта құндылығына қымбат бағалы металдар, қымбат бағалы тастар, шетелдiк валюта, шетелдiк банктiк кiрiстер, акциялар, шетелдiк облигациялар жатады. Олармен келiсiм жасау 1996 жылы 24-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңымен жүзеге асады.
Құнды қағаздар да зат делiнедi. Құнды қағаз дегенiмiз белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi сақтай отырып, қайсiбiр мүлiктiк құқықты орнататын, оны куәландыратын, өзiн көрсеткенде ғана құқықты iске асыратын құжат болып табылады. Демек құнды қағаз жоғалса, онымен жасалған мүлiктiк құқық та қоса жойылады. Құнды қағаз осы ерекшелiктермен қарыз алғанда берiлетiн қолхат есебiнде әрекетке түседi. Оның соңғысы мүлiктiк талапты куәландыруға қызмет етсе, ал оны жоғалту ондай талапты қоюда басқа куәларды алға тартуға кедергi жасамайды. Құнды қағаз өзiнде көрсетiлгенiндей, мүлiктiк құқықты айғақтайтын бiрден бiр құжат болып есептеледi.
Ол белгiленген және мiндеттi өлшемдердi сақтай отырып жасалады. Мәселен, жалпы ережеге сәйкес коносамент жарамды болу үшiн оның белгiленген өлшемi болуы шарт. Онда коносаменттiң атауы, белгiлi бiр саланы төлеуге деген ұсыныс, оны кiмнiң төлейтiндiгi, атауы, төлемдi төлеу мерзiмi мен орны, кiмге немесе тапсырыс бойынша кiмнiң төлем жасайтындығы, коносаменттiң жасалған уақыты мен орнын көрсету, коносаменттi берушiнiң қолы тәрiздi талаптар қамтылады.
Құнды қағаздарды бiр
тұлғадан екiншiсiне беруге болады. Қазiргi
кезде құнды қағаздардың
Заңдылық фактiсiнiң
түсiнiгi Азаматтық құқық нормалары
өздiгiнен азаматтық құқық
Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгiлi бiр жағдай болғанда ғана пайда болады.
Мұның мазмұнының өзгеруi немесе оның қысқартылуы да белгiлi бiр жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруiне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактiлер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәмiленiң бiлiнуi, заңдылық фактiлер болып табылады.
Азаматтық кодексте сату-сатып
алу, жалдау, мұра қалдыру және тағысын
тағыларды кезiнде пайда
Заңдылық оқиғалар. Кейбiр заңдылық фактiлер осы фактiлер нәтижесiнде туатын құқық қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерiнiң қалауы және ниетiнен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактiлердi оқиға деп атайды. Адамның өлуi, белгiлi бiр мерзiмнiң өтiп кетуi фактiлерi – оқиғалардың қатарына жатады.
Заңдылық әрекеттер. Заңдылық салдар яғни белгiлi бiр құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттерi де заңдылық фактi болып табылады. Мысалы, мәмiле жасау, ерлi-зайыптылардың айырылысу заң әрекеттерi болып табылады.
Қорытынды.
Қоғамда азаматтар мен заңды тұлғалар өз мүдделерiн қанағаттандыру мақсатында әр түрлi қоғамдық қатынастарға түседi. Оның өзiнше азаматтық құқық қатынастар көптеп кездеседi. Айталық, қайсiбiр затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында сату-сатып алу қатынасы туындайды. Жалпы Азаматтық құқық қатынас дегенiмiз – азаматтық құқық нормаларымен реттелетiн мүлiктiк және мүлiктiк емес қатынастар болып табылады.
Азаматтық құқық қатынасының өзiне тән ерекшелiктерi бар. Азаматтық құқық қатынасына түсушi жақтарға белгiлi қойылатын талаптар бар олар құқық қабiлеттiлiгi және әрекет қабiлеттiлiгi болуы керек. Азаматтық құқық қатынасына түсушi жақтар жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер, сондай-ақ мемлекет (болып) түседi. Бұл қатысушыларды азаматтық құқық субъектiлерi деп аталады.
Жоспар.
- Кiрiспе
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының түсiнiгi
II. Негiзгi бөлiм.
- Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны және түрлерi.
- Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi.
- Бөлшектеп сатып алу сату шарты бойынша тараптардың жауапкершiлiгi.
Қорытынды.
Кiрiспе.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
Қазақстан Республикасының
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша КОнституциялық құқығымыз яғни өзiмiздiң мұң-мұқтажымызды қажеттiлiгiмiздi қанағаттандырамыз. Өйткенi сатып алушыға кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзiне, отбасына, үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi.
Басты тақырыбымызды ашпастан бұрын шарт дегенiмiзне, сатып алу-сату дегенiмiз не соған қысқаша тоқталайық.
Шарт дегенiмiз: екi немесе одан да көп адамдар арасында азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеуi өзгертуi немесе тоқтатуы туралы келiсiмi. Ал сатып алу-сату дегенге келетiн болсақ, ол бiр тарап мүлiктi екiншi тарапқа меншiгiне, шаруашылық жүргiзуге және жекелiк басқару құқығына бередi ал сатып алушы бұл мүлiктi қабылдап ол үшiн белгiлi бiр ақша соммасын төлейдi. Осы арада екi тарап арасында шарт жасалады, ол шарт сатып алу-сату шарты деп аталады. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты – осы сатып алу-сату шартының бiр түрi.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты дегенiмiз – тауар сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес жеке өзiне отбасында үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi. Осы жердегi кәсiпкерлiк деген ұғымға тоқталайық.
Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекелiмен және мүлiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi.
Осы шарт бойынша бiрден-бiр елеулi қатысушы тұлғалардың орнын алушы осы кәсiпкер. Екiншi тұлға бұл сатып алушы яғни тұтынушы. Осы товарды қажет ететiн адам. Осы жерде жалпы сатушы (кәсiпкер) сатып алушы (тұтынушы) құқықтарына тоқтала кетейiк.
Кәсiпкердiң құқықтары: 1) лицензия берiлетiн қызмет түрлерiмен басқа кәсiпкерлiк қызметтi кiмнiң болса да рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкiндiгi арқылы.
2) Экономикалық барлық салаларынд
3) Жеке кәсiпкерлiк
үшiн тыйым салынған импорт, экспортқа
шек қойылған жұмыс,
4) Мемлекеттiк органдарды,
лауазымды адамдарды, сондай-
Ал тұтынушының құқықтарын атап айтсақ.
- тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметтi пайдалану үшiн еркiн шарт жасасуға;
- тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) тиiсiнше сапалы және қауiпсiз болуына;
- тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнiнде толық және анық мәлiмет алуға;
- тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бiрiгуге құқығы бар.
Осы жерден көретiнiмiз – екi жақта шарт жасасуға құқылы. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты әр түрлi нысанда жасалуы мүмкiн. Бiрақ көбiнше бұл шарт ауызша нысанда жасалады. Осы шарт нысаны Азаматтық кодекстiң 446-бабында былай делiнген – егер заң актiлерiнде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында соның iшiнде сатып алушы қосылатын (осы кодекстiң 389-бабында.) формулярдың немесе өзге де стандарттың нысандардың талаптарында өзгеше белгiленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар шегiн немесе тауарға ақы төленгенiн растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және оның талаптарын растайтын куәлiк айғақтарға сүйену мүмкiндiгiнен айырмайды. Яғни ең қарапайым мысал: Сатып алушы алған товарды қайтару мақсатында оның сатып алынған кездегi құжаттары табылмаған жағдайда басқа куәлiк айғақтары болса оны қолдануға толық құқылы. Тұтынушының екiншi құқығынан көретiнiмiз – сатушы товардың сапасы мен қауiпсiздiгiне толық жауап бередi.
Ендi бөлшектеп сатып алу-сату шартының басқа шарттардан айырмашылығын айта кетейiк.
Күнделiктi өмiрде бөлшектеп сатып алу-сату кең тарағандықтан оның басқа шарттардан өзгешiлiгi бар. Олар:
- Сатушы-кәспкерлiк пен айналысатын заңды немесе жеке тұлға.
Заңды тұлға бұл
– меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе
жедел басқару құқығындағы
Екiншi ерекшелiгi сатып алушы көбiнесе – жеке тұлға (тұтынушы). Жеке тұлғалар болып Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар танылады.
Келесi ерекшелiгi сатылатын тауар сатып алушының жеке өзiне отбасына, үйiне қолдануға немесе өзге де пайдалануға арналған қажеттi тауарлар. Келесi ерекшелiгi тұтынушыға берiлетiн тауар санаулы көлемде жекедей, бөлшектi түрде берiледi. Келесi ерекшелiгi – бөлшектеп сатып алу-сату шарты әрқашанда жария шарт.
Жария шарт дегенiмiз – коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркелкi қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт танылады(бөлшектеп сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина және т.б.).
Жария шарт бойынша тұтынушылардың
кейбiр категорияларына
Бқлшектеп сатып алу сату шартының заңи мiнездемесi.
Бiрiншiден бұл шарт – Консенсуалды. Екiншiден – екi жақты мiндеттемелi. Үшiншiден – ақылы шарт болып табылады. Ақылы шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады.
Консесуалды шарт дегенiмiз:
тараптардың құқықтары мен мiнд
Ал екi жақты мiндеттемелi шарт дегенiмiз сатушының да сатып алушының да құқықтары мен мiндеттерi бар шартты айтамыз. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мәндiлiгi.
- Сатылатын тауардың өзi.
- сатылатын тауар саны.
- қойылатын талаптар болып табылады.
Тауардың көпшiлiгiне арналған офертасы. Жоғарыда айтақынмыз шарттың жариялығын осы офертадан көруге болады. Оферта осы кодекстiң 447-бабында былай деп түсiндiрiлген – тауарларды көруге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе тауарлар сатылатын жерде сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер (сипаттамалар, каталогтар, фотосуреттер және т.б.) беру, сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағандығын айқын көрсеткен жағдайларды қоспағанда, бағаның және сатып алу-сату шартының басқа да елеулi талаптарының көрсеткенiне қарамастан, көпшiлiкке арналған оферта болып табылады. Бұл жердегi сатылуға арналмаған дегендi – осы жердегi көркемдiк безендiрулер, витриналар, сауда қойғыштары.

- Азаматтық құқықтағы мерзімдер
- Азаматтық құқық түсіні, пәні және азаматтық-құқықтық қатынас
- Азаматтық ұғым
- Азбука безопасности
- Азбука безопасности и выживания в человека в экстремальных ситуациях
- «Азбука» Л.Н. Толстого
- Азербайджан
- Аеродинаміка вентиляції
- Ажырасу тез
- Азаматтык карым катынас
- Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары
- Азаматтық құқық
- Азаматтық құқық
- Азаматтық құқық жүйесі