Азаматтық құқықтағы мерзімдер

КІРІСПЕ

Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 6-шы тарауы Мерзімдерді есептеу деп аталады. Мұнда мерзімнің ұғымы оның азаматтық айналымдағы орны мен түрлері тағы басқа ұығмдары нақтылана көрсетілген. Уақыттың тылсымдығы оны тоқтатуды мүмкін еместігін біз есейе келе ұғынамыз. Ал азаматтық құқық категорияларының санатына жататын мерзім жөніндегі менің тақырыбыма арналған зерттеулер мүлде жоқ. Сірә, біздің отанымыздың азаматтық құқық ғалымдары көбінесе шарттарға, мәмілелерге тағы басқа қазіргі нарық заманында алдыңғы қатарда тұрған нормаларға көп көңіл бөлген де шығар. Бірақ осылардың барлығы да белгілі бір мерзім аясында өтетіні хақ. Сондықтан осы категорияның маңызды екенін де ұмытуға болмас. Кез келген оқиға немесе факті белгілі кезеңде болатынын бәріміз түсінеміз. Ендеше осы категорияның азаматтық құқық айналымындағы сан алуан түрлерін саралап, оларға азда болса тоқтап біршама мағлұмат беруге барынша тырыстым.

 

 

1. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері

Азаматтық құқықты жүзеге асыру немесе қорғау уақыт факторымен тығыз байланысты. Кейбір сәттерде азаматтық заң азаматтық құқық қатынастарының туындауын, өзгертілуін және тоқталылуын әрекетпен байланыстырады. Азаматтық құқықта мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең деп түсіндіріледі (АК-тің 172-бабы). Демек, заң табиғаты тұрғысынан алып қарағанда, мерзім дегеніміз заңдық факт болып табылады.

Әдебиетте мерзімді оқиға  деп аталатын, яғни адамдардың еркінен  тыс болатын құбылыстарды заңдық фактілер категориясына жатқызады.

«Мерзім» ұғымының екі  мағынасы бар: белгілі мерзім немесе уақыттың белгілі бір сәті. Мерзім мәселесі тек қана шаруашылық қызметте ғана емес сонымен қатар мемлекеттің экономикасында да үлкен роль атқарады. Кез келген әрекеттерді немесе өндірісті бағалау үшін мерзімнің сақталуы арқылы бағалайды.

Мерзімдер азаматтық айналымды  реттейді, шарттардың орындалуына ықпал  етеді.

Мерзімнің түрлері. Азаматтық  құқықтық мерзімдерді әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Тағайындауына байланысты үш түрлі болады (17, 28, 178 баптар):

-заңды;

-келісімдік; 

-соттық.  

Заңды мерзімдер заңды  және басқа да нормативті актілерде  тіркеледі. Мұрагерлікті қабылдау үшін немесе одан бас тарту үшін заңмен 6 айлық мерзім беріледі. Келісімдік мерзімдер дегеніміз екі жақтың тарапынан олардың келісімімен бекітілген мерзімдер. Соттық мерзімдер дегеніміз сотпен бекітілген мерзімдер. Сот азаматтың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді жоққа шығаруды жариялау үшін мерзім тағайындауға құқылы (АК 143 бабы).

Құқықтық салдары бойынша  мерзімдер былайша бөлінеді: 

-құқық тудырушы; 

- құқық өзгертуші;

- құқық тоқтатушы.

Құқық тудырушы мерзімнің  мысалы ретінде меншік иесі құқығының  пайда болу кезеңін анықтайтын заттарды беру кезеңін алуға болады.

Құқық өзгертуші мерзімнің  өтуі немесе келуі азаматтық құқық  пен міндеттеменің өзгерісіне әкеледі. 

Затты беру кезеңінің кешіктірілуі мынаған әкеліп соғады: заттың кездейсоқ  жоғалу тәуекелі мерзімнің кешіктірілуіне әкелген тұлғада жатады. Құқық  тоқтатушы мерзімдер құқық пен  міндеттеменің тоқтатылуына әкеліп соғады. Мысалы, егер мұра берушінің  кредиторлары өздерінің наразылықтарын мұрагерлік ашылған сәттен бастап 6 ай ішінде бермесе, бұл наразылықтар қабылданбайды. 

Бұлардан басқа да мынадай  мерзімдер бар: императивтік және диспозитивтік, абсолюттік анықталған, қатыстық анықталған және анықталмаған, жалпы және арнайы. 

Императивтік мерзімдер  дегеніміз екі жақтың келісімімен  ғана өзгертуге келмейтін мерзім. Оған жататындар – талап арызының мерзімі (ҚР АК 177 бабы), сатып алу  мерзімінің ескіруі (ҚР АК 240 бабы). 

Диспозитивтік мерзімдер  дегеніміз заңмен қарастырылған  болса да, өзгертуге мүмкін болатын  мерзім. Қарыз алушы адамға несие  берушімен талап етілген күннен бастап 7-ші күні талап етілген кеезңмен анықталған міндеттемелерді орындау  тапсырылады (ҚР АК 277 бабы), бірақ өзінің келісімімен тараптар бірден орындалуын жүзеге асыруға немесе неғұрлым ұзақ жеңілдік мерзімін беруді қарастыруға  құқылы. 

Абсолюттік анықталған мерзімдер  нақты дәл кезеңді қарастырады, онымен заңды салдарлар байланыстырылады. Мысалы, күнтізбелік күнмен немесе нақты бір уақыт кезеңімен  белгіленген мерзімдер. 

Қатыстық анықталған мерзімдердің нақтылығы, дәлдігі азырақ болады, бірақ  олар да нақты бір уақыт кезеңімен  байланысты болады (мұндай мерзімге жататындар – жеткізілім кезеңі, т.б.).

Анықталмаған мерзімдер  заңмен немесе келісіммен қандай да бір  мезгілдік бағдар қарастырылмаған  жағдайда болады. Мысалы, мүлік уақытша  ақысыз қолдануға немесе жалға осы  пайдаланудың нақты мерзімін көрсетпей  берілуі мүмкін. 

Жалпы мерзімдер – бұл  жалпы маңызы бар мерзімдер, олар азаматтық құқықтың барлық субъектілеріне таратылады. Мысал – сенімхаттың  қызмет етуінің шектеулі мерзімі 3 жыл (ҚР АК 168 бабы). 

Арнайы мерзімдер жалпыға  ортақ ережеден бөлек ретінде  бекітіледі және заңда тура нұсқаулық  болған кезде ғана әрекет етеді. 
Мерзімдер өзінің құқықтық табиғатына орай мынадай түрлерге бөлінеді:

1) азаматтық құқықтарды  жүзеге асыру мерзімі;

2) субьективті құқықты  жүзеге асыру мерзімі;

3) үзіп тастау мерзімі;

4) кепілдік мерзімдер;

5) кінәрат қоятын мерзімдер;

6) азаматтық-құқықтық міндеттерді орындайтын мерзімдер;

7) азаматтық құқықтарды  қорғайтын мерзімдер.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі дегеніміз уәкілетті  тұлғаның өзіне тиесілі міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруға кететін уақыты.

Субъективті құқықты жүзеге асыру мерзімі заңмен тағайындалады. Мысалы, иелену мерзімі үшін белгілі бір мерзім тағайындалады (АК-тің 240-бабы).

Үзіп тастау мерзімі жоғарыда аталған мерзімдерден ерекшеленеді, өйткені, ол белгілі бір құқықтарды тоқтатып тастайды. Мысалы, Азаматтық кодекстің 216-бабында үлесті меншіктің қатысушылары, егер олар осы бапта көрсетілген мерзім ішінде құқықтарын жүзеге асырмаса, сатып алудың басым құқығынан айырылады.

Кепілдік мерзім дегеніміз  — сатып алушының ұзақ уақыт бойы сақтауға немесе пайдалануға арналған өнімдердің кемшілігін анықтап алуына берілетін мерзім болып табылады. Ондай өнімді қабылдап алған кезде кемшілігін байқау мүмкін болмай, кейін барып одан ақау шықса, онда сатып алушы сол ақауды түзетуге, оны сапалы басқа тауармен ауыстыруға не затты қайтадан қабылдап, ол үшін төленген соманы қайтарып алуға талап қоя алады, Кепілдік мерзімі мемлекеттік стандартпен, бекітілген техникалық шарттармен немесе шартпен белгіленеді.

Наразылық мерзiмi – мiндеттi тұлғаға құқықты болған субъекттiң  наразылық білдіруін көрсету  үшiн берілетін мерзiм. Осы ереже  заң шығарушымен соттық iстердiң  санын қысқарту және iс жүргiзу шығындарын кiшiрейту және қалпына келтiру және азаматтық құқығын қалпына келтіруді  жылдамдату үшiн жасалған. Заң құқық  бұзушыны жазбаша түрде наразылықтың қарастырылуының нәтижесі туралы арыз берушіге хабар беруге міндеттейді. 

Кінәрат мерзімі субьективті  құқығын бұзған тұлға үшін заңмен белгіленеді, осы бұзушылыққа байланысты талаптар ерікті түрде орындалады. Заң кінәрат қойылған өтініштерді беру мерзімімен қатар берілген кінәратқа жауап беру мерзімін де көрсетеді.

Міндеттемелерді орындау  мерзімдері шартта екі жақтың келісімімен тағайындалады. Бұл талапты орындау шартта қаралған тұлғалардың мүддесіне орай міндетті саналады.

Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері — Азаматтық кодекстің 7-тарауында қаралған талап қою  мерзімі болып табылады.

2.Мерзімді есептеу тәртібі.

Азаматтық заңда мерзімді есептеуге байланысты арнайы белгіленген  тәртіп бар (АК-тің 6-тарауы). Азаматтық  кодекстің 172-бабына сәйкес мерзім күнтізбелік  күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғамен байланыстырылады. Осы бапта мерзімді тағайындау жолдары көрсетілген, атап айтсақ бұл сол сәтті көрсететін уақыт (күнтізбелік күн), белгілі уақыт кезеңі (жылдар, айлар, күндер және сағаттар) және сөзсіз болуға тиісті оқиға дер едік. Құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді орындаудың мұндай мерзімдері белгіленген күннен басталады (мысалы, навигацияның басталуы мен аяқталуы және т. б.).

Баптың толық мәтіні төмендегідей:

«172-бап. Мерзімді белгілеу

1. Заңдармен, мәмілемен  белгіленген не сот тағайындайтын  мерзім күнтізбелік күнмен немесе  сөзсіз болуға тиісті оқиға  көрсетіліп белгіленеді. 

2.  Мерзім жылдармен,  айлармен, апталармен, күндермен немесе  сағаттармен есептелетін уақыт  кезеңі ретінде де белгіленуі  мүмкін». 

Егер мерзім кезеңмен белгіленсе, құқықты жүзеге асыру мен міңдеттемені орындау мерзімі аяқталғанға  дейінгі уақыттың кез келген сәтінде  орындала беруі мүмкін. Мысалы, мұрагер  мұра ашылған сәттен бастап алты ай ішінде мұраны қабылдау немесе одан бас  тартуға шешім алуға құқылы.

Сөзсіз болуға тиісті оқиғаның салдары мерзімді белгілеуді талап  етеді, мәселен, бұған азаматтың  қайтыс болуын айтуға болады. Азамат қайтыс болған күннен бастап мұрагерлердің  құқығы пайда болады және сол сәттен бастап мұраны иелену немесе одан бас  тарту құқығына ие және т.б.

Күнтізбелік күнмен көрсетілген  мерзімді қолдану соншалықты қиындық  туғызбайды, өйткені, белгіленген уақыт  мерзімнің басталғанын білдіреді. Дей тұрғанмен, мерзім белгілі бір кезеңді қамтитын болған жағдайда оны есептеу тәртібі заңға сәйкес белгіленеді.

Азаматтық кодекстің 173-бабына орай уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен бастап немесе мерзімнің басталуы белгіленген  оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Бұл мерзімнің  өтуі затты тапсырған күннен емес, ертеңінен бастап есептеледі.

Мерзімді дұрыс есептеу  үшін оның басталу сәтін ғана емес, аяқталу мерзімін де нақты айқындап алудың маңызы зор. Мерзімді есептеу  мерзімді бастаған күннің келесі күні басталса, аяқталу сәті мерзім басталған  айдың немесе аптаның соңғы күндерімен есептеледі.

Азаматтық кодекстің 174-бабында  уақыт кезеңмен белгіленетін мерзімнің  аяқталуы былайша тұжырымдалған:

1) жылдармен есептелетін  мерзім — мерзімнің соңғы жылының  тиісті айы мен күнінде бітеді. Жарты жылмен есептелетін мерзімге  айлармен есептелетін мерзімнің  ережелері қолданылады;

2) жыл тоқсандарымен есептелетін  мерзімге айлармен есептелетін  мерзімнің ережелері қолданынады.  Бұл орайда бір тоқсан үш  айға тең деп есептеледі, ал  тоқсандарды есептеу жыл басынан  бастап жүргізіледі;

3) айлармен есептелетін  мерзім — мерзімнің соңғы айының  тиісті күнінде бітеді.

Жарты аймен белгіленетін мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қаралады да, он бес күнге  тең болып есептеледі. Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, мерзім сол айдың соңғы күнінде бітеді;

4) апталармен есептелетін  мерзім — мерзімнің соңғы аптасының  тиісті күнінде бітеді.

Кейде айдың аяқталуы әртүрлі  келеді, мәселен, бір жылы ақпан айы 29-ында бітуі мүмкін, кейінгі жылы ондай болмауы мүмкін, немесе мерзім басталғанда айдың 31-і болуы мүмкін, ал ол біткенде 30-ы болуы мүмкін, ондайда тиісті айдың соңғы күні біткенде мерзім аяқталған деп есептеледі.

Егер мерзімнің соңғы  күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан кейінгі ең таяу жұмыс  күні мерзімнің аяқталған күні болып  саналады.

Мерзімнің бітуімен белгілі  бір дәрежеде заңдық салдарға байланысты, заң әрекетті мерзімнің соңғы күнінен аяқталу керектігін міндеттейді. Азаматтық кодекстің 176-бабының талаптарына сәйкес, егер мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса, ол әрекет мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін (қарызды беру, мұрагердің мұраға ие болуы). Мекемелер мен ұйымдардағы аяқталуға тиісті әрекеттерді бұл ережеге бағындыра қою қиын, өйткені, мұндай ұйымдар мен мекемелерде жұмыстың тоқтатылуы олардың жұмысты ресми тоқтатуымен есептеледі немесе кейбір мекемелер жұмыс күні бітпесе де операцияларын белгілі бір уақытта тоқтатып тастайды, айталық, нотариалдық кеңсе депозитке ақша салуды қабылдауды күндізгі сағат 12-де аяқтайды.

Мерзімнің соңғы күніндегі  сағат жиырма төртке дейінгі поштаға, телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесіне тапсырылған жазбаша мәмілелер мен хабарлама мерзімінде жасалған болып саналады. Мұндай әрекеттерді жасауда соңғы күннің мерзімі жергілікті уақытпен есептеледі (АК-тің 176-бабы).

3. Мерзімі өткен істерді қорғау

Талап мерзiмi ретінде мойындалатын уақыт аралығы танылады, оның барысында  тұлғаның құқығын бұзудан туған  арыз талаптары қанағаттандыра алған (ҚР АК 177-шi бабы). Соттың бұл мерзiмi ағымында сот құқықтың иесiне оның заңды талаптарының қанағаттандырылуына көмектеседi. Мұның басты мақсаты – мүлiктiк қатынастардың тұрақтылығы мен құқылық тәртiптiң сенiмдi орнықтылығы және оған мүмкiндiк туғызу. Талап мерзiмi қажеттi, өйткенi даулы жағдайлар ұзақ уақыт өткесiн бекітіле алмайды. 

Дәлелдердің жоғалуы мүмкін, жағдай үшiн маңызды дәлелдердің  ұмытылуы мүмкін. Талап мерзiмi айғақсыз талаптанулардан тұлғаны қорғайды. Сонымен бiрге ол бір уақытта тараптарға құқықтық қатынастарда мынаған түрткi болады: өз құқығының уақытында жүзеге асырылуы мен қамқорлыққа алынуына және де сол арқылы азаматтық айналымдағы тәртіптің күшейтілуiне мүмкiндiк туғызады. 

Талап арызын беру құқығы бұл  – мүдделi тұлғаның заңмен қамтамасыз етілген сотқа жүгіну мүмкіндігі, ол заңмен қорғалатын мүддесін немесе құқығын бұзылудан қорғау мақсатында сотқа жауап берушімен арадағы  материалдық-құқықтық дауларды қарастыру  мен шешу туралы талаппен жүгінеді. Талап арызы құқығы екi құқықты болудан тұрады: талап арызын беру құқығы және талаптың қанағаттандырылу құқығы. Талап арызын беру құқығы процессуалдық мағынада көбінесе арыз беруге құқық деп аталады, бұл – соттан нақты бір процессуалдық тәртіпте дауды қарастыру мен шешуді талап ету құқығы. Осы ереженi жүзеге асырудың шарттары азаматтық-iс жүргiзу заңдарымен анықталады.

Атап өтетін маңызды жайт – процессуалдық тәртіптегі талап  арызын беру қандай болмасын мерзiмдердің  өтуіне тәуелдi болмайды. Талап арызын беру мерзімінің бiтуіне қарамастан, кез-келген уақытта сотқа шағымдануға болады (ҚР АК 179 бабының 1 тармағы). Талап арызын материалдық мағынада қанағаттандыру туралы іс тіпті басқаша болады, одан түсінетініміз - талапкердiң өз талаптарын сот арқылы күштеп орындатуы.

Талап арызының мерзімі мен  оның есептелу тәртібін анықтайтын заңның ережелері өзінің негізгі бөлігінде  императивті сипатта болады. Тараптар өз келiсiмдерiмен заңды талап мерзiмiнiң ұзақтығын өзгерте алмайды, әйтпесе заңда көрсетiлгенге қарағанда оның ағымының басталуы, талап мерзiмi және әрi қарай тоқтататын жағдайларды анықтау қажет. Сонымен бiрге заң талап мерзiмi тараптардың (ГК АК 179-шы бабы, 2 тармағы) дауында өтiнiш бойынша тек қана сотпен қолданылатыны туралы маңызды ережеден тұрады. Демек, егер жауапкер мерзімі өткен фактіні қолданғысы келмесе, оны сотта тiкелей мәлiм етедi, онда сот негiзiнде iстi қарап шығуы керек және мерзiмі өткен тәуелсiз талапкермен және жауап берушінің аралығында заттық – материалдық дау бойынша қандай да болмасын шешiм шығаруы керек. 

Заң талап мерзiмдерiн екі түрге бөледі: жалпы және арнайы. Жалпы мерзiм – 3 жыл (ҚР АК 178 бабы), ол ерекшелiгіне байланысты арнайы мерзiмдер белгіленгенінен басқа барлық құқықтық қатынаста таралады. Арнайы мерзiмдер заңда көрcетiлген жекеше қатынастарға қолданылады. Ұзақтығы бойынша арнайы мерзiмдер қысқартылған бола алады немесе керiсiнше (ҚР АК 178-шi бабы, 2 тармағы) ортақ мерзiмдермен салыстырғанда ұзағырақ болуы мүмкін.

Талап мерзімі барлық азаматтық  құқықтық қатынастарға, тек қана заңда  тура қарастырылғандарынан басқасына  таралады. Мұндай жағдайлардың тізімі ҚР АК 187 бабында көрсетілген. Талап мерзімі мыналарға таралмайды:  
1. жеке мүліктік емес және басқа да мүліктік емес игіліктерін құқықтарын қорғау туралы талап, заңда қарастырылған жағдайлардан басқасы;

2. банктік салымдарды беру туралы салымшылардың банкке қоятын талаптары; 
3. азаматтың денсаулығына немесе өміріне келтірілген зиянды өтеу туралы талап (соңғы үш жыл ішіндегі ғана); 
4. меншік иесінің оның құқығын бұзуды жою туралы талаптары (ҚР АК 264, 265 баптары). 
Талап арызы мерзiмiнiң ағымының басталуы. Талап арызы мерзімінің ағымының тоқтатылуы, үзiлiсі, қалпына келтiрілуi.

Ескiру мерзiмiнiң ағымы  тұлға өз құқығының бұзылуы туралы бiлуi керек болғанда немесе білген кезде (ҚР АК 180-шi бабының 1 тарауы) сол  күннен басталады. Бұл ережеден алынуы азаматтық кодекспен және басқа заңдармен бекiтiледi. Бұл уақытқа дейін құқығы бұзылған тұлға бұзылған құқықты қорғау үшін сот органдарында бара алмайды. Демек, қысқартылған заңды талап мерзiмдерi құқықты болған тұлғамен өз құқығының ықтиярсыз жүзеге асырылуына сотқа шағымдана алатын уақытпен анықталады. Көрcетiлген жағдайды қолданудағы тәжiрибеден көретініміз – меншiк құқығын қорғау туралы және басқа да абсолюттік құқықтар туралы талаптар бойынша құқықты бұзудың мерзімін анықтауы қиындық туғызбайды. Егер талапкер өз құқығының бұзылуы туралы бiлмеген болса (салақтық, иесiздiк салдарынан немесе басқа себептер бойынша), талап мерзiмiнiң басталуы оның бұзушылықтар туралы білген кезеңінен бастап есептеп шығару керек. 

Мiндеттеушi қатынастардағы талап мерзiмiнiң ағымының бастапқы кезеңдерін анықтаудың ережелерi толығырақ. ҚР АК 180-шi бабының 2-шi тармағы талап мерзiмiнiң ағымы нақтылы атқару мерзiмi бар мiндеттемелер бойынша атқару мерзiмiнiң аяқталуы бойынша басталатынын айтады. Егер мiндеттемелер бойынша атқару мерзiмi анықталмаған болса немесе талап етілген кезде анықталса, онда талап мерзiмiнiң ағымы несие берушінің мiндеттемелердi орындауы туралы талаптарын көрсету құқығынан басталады. Қарыз адамға мұндай жағдайда барлық талаптарды орындауы үшін қосымша уақыт берілген жағдайда заңды талап мерзiмдерi жеңiлдiктi мерзiмнiң аяқталған кезінде басталады. Мiндеттемелерді орындауының жеңiлдiктi мерзiмдерi ҚР АК 277-шi бабында қарастырылған, онда былай делінген: орындалу мерзімі талап етілген уақытпен анықталған міндеттемелер несие берушінің міндеттемелерді орындау туралы талаптарын ұсынған күннен бастап 7-ші күнде орындалуы керек.

Талап арызының мерзімі ішінде құқыққа ие тұлғаның өз құқығын қорғау үшін талап арызын беруіне кедергі  келтіретін немесе оны қиындататын  жағдайлар тууы мүмкін. Өзіндік сипаты мен заңды салдарларына қарай олар әр түрлі және талап арызы мерзімінің ағымының тоқтатылуын, үзiлiсін, қалпына келтiрілуiн жасай алады. АК 182 бабына сәйкес талап арызының ағымы мына жағдайларда тоқтатылады:  
1) егер талап арызын беруге төтенше немесе белгісіз жағдайлар кедергі келтірсе (ырық бермейтін күш); 
2) егер арыз беруші немесе жауапкер әскери жағдайға ауыстырылған Әскери Күштер қатарында болса;  
3) ҚР Президенті жариялаған міндеттемені орындау мерзімін кейінге қалдыру немесе ұзарту жарлығының күшімен (мораторий);  
4) әрекетке қабілетсіз азаматтың заңды өкілінің болмауы жағдайында; 
5) осыған сәйкес қатынасты реттейтін заңның немесе басқа да құқықтық актінің тоқтатылуы жағдайында болады. 

Заң, ырықсыз күштерді сипаттай отырып, екі негізгі белгілерін атап өтеді: осы жағдайдағы оның төтеншелігі  және жеңілмейтіндігі. Бұл осы түсініктің бағалық сипатына куәлік етеді. 

Бiр құбылысты әртүрлi шарттарда тоқтатуға, тоқтатпай  да ала алатындығы, оның бар болуы  мүмкiн техникалық құралдарды қолданудан, бұл жағдайдың бағасына осы шарттар  да жату керек. Әдетте жеңiлмейтiн күшке табиғи немесе әлеуметтiк сипаттағы құбылыстарды жатқызады, мысалы: жер сiлкiну, құлаулар, күртiктер, әскери даулар, соғыс. Ендi ескiру мерзiмiнiң ағымының тоқтатылуы жағдайларына толығырақ тұрақтауға болады.

Арыз берушінің немесе жауапкердің Әскери Күштің құрамында  болуы оның әскери жағдайға ауыстырылған әскериде болған кезінде ғана мерзімі  тоқтатылады.

Мораторий, талап арызының мерзімінің тоқтатылуына негіз ретінде  талап арызын беру үшін заңды салдар болып табылады. Мораторий бұл – ҚР Президенті бекіткен міндеттемелрді орындауды кейінге қалдыру. Дегенмен бұл өте сирек құбылыс, ол әдетте қандай да бір төтенше жағдайларда болады (мысалы, Ұлы Отан соғысы кезінде).  Мораторий ортақ болуы да мүмкін, ол барлық міндеттемелерге қатысты болады және оның жеке де түрі болады, ал ол жеке түрлеріне ғана қатысты болады.

Заңның немесе басқа да құқықтық актінің әрекетінің тоқтатылуы да сонымен қатар мерзімді тоқтату  үшін негіз бола алады. Өзінің заңды  табиғаты жағынан ол мораторийге  ұқсас болып келеді, себебі, ол да заңды талап арызын беру үшін заңды  кедергілер тудырады. 

Сондықтан, егер де құзырлы  органдардың шешімімен заңның немесе басқа да құқықтық актінің әрекеті  тоқтатылса, осы негізге сүйенетін  талаптар үшін еш құқықтық негіздеме  жоқ. Бұл ескіру мерзімі ағымының тоқтатылуының осы негіздемесі біздің азаматтық заңнама үшін жаңалық болып саналады, ол ең алғаш рет Азаматтық Кодексте 1994 жылы бекітілген. Сонымен қатар атап өтетін жайт, талап арызын қолдану үшін ескілік мерзімінң өтіп кетуіне әкелетін уақыт бөлігі маңызды болып саналады. ҚР АК 182 бабының 2 тармағында былай делінеді: «егер 6 айларға тең немесе 6 айдан кем мерзiм болса, ескiру мерзiмi ағымында болса, егер осы бапта көрcетiлген жағдайлар ескiру мерзiмiнiң соңғы 6 айларында пайда болып немесе бар болуды жалғастырса, ескiру мерзiмiнiң ағымы шартта тоқтатыла тұрады». 

Мерзімді тоқтатуға мұрындық болатын жағдайды тоқтатқаннан кейiн  оның мерзiмiнiң ағымы жалғаса  береді. Мерзiмнiң қалған бөлiгi 6 айға дейiн созылады, ал егер мерзiмi 6 айға немесе одан аз мезгілге тең болса, ескiру мерзiмiне дейiн. Мысалы, егер кедергі ескiру мерзiмiнiң жалпы уақыты өткенге дейінгі 2 ай ішінде болса, онда бұл міндететмені орындаған соң құқықты болған тұлғаға талап арызын беру үшін 2 ай емес, 6 ай беріледі. 

Егер келесi 6 ай ішінде заңды  талап мерзiмiн тоқтату үшiн  негiз қайтадан пайда болса, онда ол тоқтағаннан кейiн талаптың көрсетілуi үшiн 6 ай берiледi. 

Талап арызы мерзімінің үзілісі  мынаны білдіреді: үзіліске негіз болған жағдайға дейін өтіп кеткен уақыт  есепке алынбайды, тек жаңадан басталады. Егер де талап арызының мерзімі тоқтатылуы, ереже бойынша, қызығушылық танытқан тұлғаның еркінен тыс ұзақ мерзімді сипаттағы жағдайлармен болса, талап арызы мерзімінің үзілісін заң арыз берушінің немесе жауап берушінің бір реттік әрекеттерімен байланыстырады. АК 183 бабымен сәйкес талап ету мерзімінің ағымы мына жағдайларда үзіледі: 
1) заңмен бекітілген тәртіпте талап арызын беру;  
2) міндетті тұлғаның қарызын мойындау туралы куәлік ететін әрекет жасауы.

Бұл жағдайлардың біріншісі  сотқа материалдық және процессуалдық  заңнаманың талаптарымен толықтай сәйкес келетіндей етіп жасалған жүгінуді ғана қамтиды. 

Бұл арыз берушінің даудың бір мекемеге жататындығы, оны соттық реттеуге дейін қажетті шараларды  қолдану, талап арызын берушінің  әрекетке қабілетсіз екендігі туралы ережені міндетті түрде сақтауын білдіреді. Заңмен бекітілген осы талаптардың  қайсысы болсын орындалмайтын болса, талаптар бұзылатын болса, сот қабылдамайды. 

Өйткенi iстi қарастыру тоқтатылатын жағдайлардың пайда болуы негiзiнде  қарастырылмаған барлық ережелерге арналған талап көрсетiлген. 

Егер азаматтың қайтыс болғаны анықталса, құқықтық қабілеті даулы құқықтық қатынасты болдырса, жауап беруші қарулы күштердiң құрамында  жұмыс iстейтiн болса, сот осы іс бойынша жұмысты тоқтатуға тиіс.

Талап арызы мерзiмi бойынша iстi қарастырудың тоқтатулары барлық жағдайларда талапты көрсетуi кезінде  бөлiнедi және сол кезеңнн қайтадан бастайды. Талап мерзiмін үзетiн жағдай қарыз немесе басқа мiндеттiң бар болуын растайтын қарыздардың кез-келген әсерлерiнде көріне алады. Мұндай әрекет болатындар, мысалы, орындауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш, қарызды жартылай төлеу немесе пайыздарын төлеу. Міндетті тұлғаның қарызын мойындау туралы куәлік ететін әрекет жасауы қарыз берушіге де, үшінші тұлғаға да қатысты болады. 

Сонымен бiрге, АК 185-шi бабымен  сәйкес егер оның рұқсатнамасының себебi сотпен орынды деп мойындалса, талап  арызының мерзiмi сотпен қалпына келтiріле алады. Бұл жағдай талап мерзімінің тоқтатылуы мен үзілісінен былайша ерекшеленеді, яғни бұрын өтіп кеткен мерзімі қалпына келтіріледі. Талап мерзiмiнiң қалпына келтiрілуi ерекше шара сияқты заңмен қаралады. Талап мерзiмiнiң рұқсатнамасының себебi (ауруына қатысты, абдырауық күйі, сауатсыздық, тағы сол сияқтылар) талапкер адамға қатысты жағдайлар бойынша сотпен орынды деп мойындалуы қажет. Талап арызының мерзімі мына жағдайда сотпен қалпына келтіріледі: оның болмауының орынды себептері болса, егер де ол соңғы 6 ай мерзім ішінде орын алса, ал егер осы мерзім 6 немесе одан аз айға тең болса – өткен мерзім ағымы бойынша келтіріледі. 

Қорытынды

Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан бергi кезеңде қабылданған құқықтық реформа туралы мемлекеттiк бағдарлама жаңа нарықтық заманға сай құқықтық жүйе қалыптастыруды көздеп отырғаны белгілі. Оған Ата заңымыз Конституциядан бастап қабылданған және қабылданып жатқан заңдардың басым көпшiлiгi дәлел бола алады.

Бiрақ мұнымен құқық  реформасы бiттi деп санауға болмайды. Құқықтық мемлекет құруда Қазақстандық реформаны одан әрi жан-жақты жаңартып сол бағытта жүргiзiп отыруға  тура келедi.

Құқықтық тәртiппен заңдылықты нығайтуда мемлекетiмiздiң негiзгi құқықтық жүйесiнiң бiр саласы ретiнде  – азаматтық құқық іргелі орын алады. Оның негiзгi мiндетi болып –  азаматтар мен басқа құқық  субъектілерінің арасындағы азаматтық  айналымды реттеп отыру табылады.

Осы жазылған жұмысымды қорыта келе мерзім категориясының азаматтық айналымда қаншалықты маңызды екенін, оның түрлерін топшыладым. 

Бұл жұмысты жаза отырып Азаматтық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдеріне де назар аудардым. Мерзімге соқпай өтпейтін тарау аз, демек мерзім категориясының маңыздылығы көрініп-ақ тұр.

 

 

 

Әдебиеттер  
1 .Абрамов В. А. Сделки и договоры : комментарии. Разъяснения. – М. : Изд-во «Ось-89», 1997. – 250 с. 
2 .Басин Ю. Г. Сделки : учебное пособие. – А. : Изд-во «Әділет», 1999. – 120 с. 
3 .Гражданский кодекс Казахстана (Комментарий к общей части) / Сулейменов М. К., Басин Ю. Г. – Астана, 2003. 
4 .Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1 / отв. ред. М. К. Сулейменов, Ю. Г. Басин. – Алматы : «Жетi Жаргы», 1998. 
5 .Диденко А. Г. Гражданское право. Общая часть. Курс лекций. – Алматы : «Нур-пресс», 2006. –722 с.  
6 .Иоффе О. С. Избранные труды по гражданскому праву (классика российской цивилистики). – М. : Статут, 2000 – 777 с. 
7 .Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 1994 жылғы 27 желтоқсан № 269-XIII. 
8 .Климкин С. И. Юридические лица по законодательству РК. Общие положения. – Алматы : Баспа, 2001. – 120 с. 
9 .Лапач В. А. Система объектов гражданских прав : Теория и судебная практика. – СПб. : Изд. Юридический центр Пресс, 2002. – 602 с.  
10 .Маметова Р. А. Валюта и деньги в денежных обязательствах // Юрист. – 2003. – №6. – С. 38–42. 
11. Сулейменов М. К. Еще раз об объектах гражданского права // Юрист. – 2003. – №11. – С.22–27.

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы Энергетика және Байланыс Университеті

                                                     Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Азаматтық құқықтағы мерзімдер