Азаматтық құқық. 2
Жоспар
Кіріспе…......................
- Заңды ұлғалар ұғымы, белгілері, органдары, филиалдары мен өкілдіктері...................
..4 - Заңды тұлғалардың түрлері.......................
.............................. .............................. ................6 - Заңды тұлғаларды тарату тәртібі.......................
.............................. .............................. .......7 - Тапсырма: кестені толтырыңыз....................
.............................. .............................. ............9
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиет.......................
Кіріспе
Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі. Оны Римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы “ Цивильді құқық ” деп атаған. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың Римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Сондықтан да азаматтық құқықты “Цивилистік құқық” деп атаған. Ал бұл саладағы мамандарды “Цивилист” деп жүр. Азаматтық құқық ҚР құқық салаларының бірі болғандықтан, күнделікті тыныс тіршілікте сондай-ақ азаматтырының заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзіне оның әкімшілік аумақтың бөліністерімен тығыз байланысты. Азазматтық құқықтың реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де, сан қырлы. Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Құқықтың қандай салаға жататынын анықтау үшін, оның пәні мен әдістеме арқылы азаматтық құқық ҚР басқа құқық салалрынан айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады. ҚР азаматтық құқықтың пәні тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі. Өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес, жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Азаматтық құқық құқықтың бір саласы. Ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар “азаматтық құқық қатынастар” деп аталады. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда, сатушы мен алушының арасында Азаматтық Кодексінде көрсетілген сату-сатып алу мәмілесін туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті. Ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе затында сапа жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемісті болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға немесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті.
Азаматтық құқықтық нормалармен реттеледі
Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері :
- жеке тұлға
- заңды тұлғалар
- мемлекет, ал мемлекет атынан - әкімшілік аумақтық бөліністер әрекет етеді.
Құқық қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі құқықтар мен міндеттер құрайды. Сол қатынастар құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.
Заңды ұлғалар ұғымы, белгілері, органдары, филиалдары мен өкілдіктері
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе
жедел басқару құқығындағы
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болады.
Өз аты жазылған мөрі болады.
Заңды тұлғаның белгілері:
- ұйымдасқан бірлестігі;
- мүліктік оқшаулығы;
- дербес мүліктік жауапкершілігі;
- азаматтық айналымға өз атынан қатынасу (заңгерлік дербестік).
Әрбір заңды тұлғаның
Мүліктік оқшаулық – ол заңды тұлғаның экономикалық - құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке затты құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық қатынастарға содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығына дәлел болмайды. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болады. Оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Азаматтық кодекстің 35 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорыннан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген қызмет түрлерін азаматтық міндетті де атқара алады. Оның бәрі де жарғы мен құрылтай құжаттарына енгізіледі әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Жалпы құқық қабілеттілігі принципі мен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері болады:
- мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігі заң құжаттарында қарастырылуы мүмкін. Мысалы: мұндай арнайы құқық қабілеттілігіне банкілер ие.
- коммерциялыұ ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай құжаттарда көрсетілетіндіктен ол құрылтайшылар арқылы қысқартылуы мүмкін.
Коммерциялық ұйымның құқық
қабілеттілігіне болатын
Азаматтық Кодекстің 38 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлғаны оны басқа заңды тұлға айыруға мүмкіндік береді. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға атауы заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркелуімен бір мезгілге тіркелуге жатады және интеликтуалдық меншікке қатысты құқықтардың ерекше объектісі болып табылады. Заңды тұлға атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық құқық нысанын көрсетуді қамтиды. Азаматтық Кодекстің 39 бабында заңды тұлға тұрақты жұмыс істейтін органы тұған жер оның тұрған жері болып табылатын және заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен – жайы жазылып көрселетіндігі қарастырылады.
Филиал – заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі.
Өкілдік – заңды тұлғаның
тұрған жерінен тыс орналасқан
және оның мүдделерін қорғау
мен өкілдігін жүзеге асыратын,
оның атынан мәмілелер мен
өзге құқықтық әрекеттер
Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлға мүлкі беріледі және оның бекіткен ережелері негізінде жұмыс істейді. Өзгеше нысандағы заңды тұлға филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын заңды тұлға уәкілдік берген орган тағайындайды және оның сенім хаты негізінде жұмыс істейді.
Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының мәмілері заңды тұлға атынан жасалады және ондай мәмілелерден туындаған міндеттемелік жауапкершілікті мүліктің бәрін өзіне еншілейтін заңды тұлға көтереді, бірақ егер филиал заңды тұлға міндетінің барлығын не бір бөлігін соның ішінде өкілдіктің де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік өзін құрған заңды тұлға мүдделерін қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер, басқа да құқықтық әрекеттер жасай алады.
Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.
Заңды тұлғалардың түрлер
Заңды тұлғаның 2 түрі бар:
- Коммерциялық ұйым;
- Коммерциялық емес ұйым.
Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғадағы оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар. Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз – ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Бұл жалпы ереже. Ал меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық Кодекстің 44 бабының 1 тармағының 2 бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Заңды тұлғаның дербес мүліктік жауапкершілігі
заң Азаматтық Кодекстің
Коммерциялық ұйым болып
табылатын заңды тұлға мемлекет
Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын
заңды тұлға мемлекеттiк
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады. Заңды тұлға
Азаматтық Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.
Заңды тұлғаларды тарату тәртібі
Азаматтық Кодекстің 40 бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құрыуы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлға меншік иесінің немесе ол уәкілдік бергенорганның келісімімен басқа заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Азаматтық Кодесктің 41 бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы немесе құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.
Коммерйиялық емес ұйымның құжаттары:
- мекеме үшін – меншік иесі немесе меншік иелері бекіткен ереже және меншік иесінің заңды тұлға құру туралы шешімі.
- қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық нысанындағы өзге де ұйымдық құқық нысанындағы заңды тұлға бірлестігі үшін – құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарт.
- қоғамдық бірлестік үшін жарғы болып табылады. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама – қайшылық болған жағдайда:
- егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса – құрылтай шартының талаптарын қолдануға тиіс.
- егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның 3-ші тұлғалармен қатынасы үшін маңызды болса – жарғының талаптарын қолдануға тиіс.
Бір адаммен құрылған
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық Кодекстен басқа, Қаззақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 17 сәірде шығарған «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар жарлығымен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы ережесімен реттеледі.
Тұлға мемлекеттік тіркеуден
Әділет министрлігінде
- Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда.
- атауы өзгергенде.
- шаруашылық серіктестіктерінде және акционерлік қоғамдағы қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркеледі.
Құрылтай шартынан басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.
Қайта құру дегеніміз – заңды тұлғаның құқықтар мен міндеттерінің мирасқорлыққа өтуіне байланысты тоқтатылу тәсілі болып табылады. Қайта құрудың 5 түрі бар:
- біріктіру;
- бөлу;
- қосу;
- бөліп шығару;
- өзгерту.
Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе заң құжаттары мен уәкілдік ететін органның шешімімен немесе құрылтай құжатымен немесе заңда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен, жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны қайта құру жөніндегі шешім әдетте оның жоғарғы органымен қабылданады. Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында көзделген реттерде сот органының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Егер заңды тұлға мүлкін меншіктенуіші ол уәкілдік берген орган құрылтайшылар немесе заңды тұлға құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органның шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаны басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлға атынан әрекет етеді. Бөлу балансын жасайды және заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады. Заңды тұлғаны біріктіру нысанасында қайта құрылатын реттерді қоспағанда жаңадан пайда болған заңды тұлға тіркелген кезден бастап, қайта құрылған деп есептеледі. Заңды тұлға оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен құрған кезде мемлекеттік регистірінде біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы жазба жасалған кезден бастап, олардың біріншісі қайта құрылған деп есептеледі. Заңды тұлғаны қосқан кезде олардың әр қайсысының құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлға ауысады. Өткізу актісі мен бөлу балансына қойылатын талаптар Азаматтық Кодекстің 47 бабында қаралған. Қайта құрылған заңды тұлға мүлкі жаңадан құрылған заңды тұлға тіркелген немесе құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген тұста, егер заң құжаттарында немесе қайта құру туралы шешімде өзгеше көзделмесе мирасқорына өтеді. Біріктіру, қосу, өзгерту кездерінде өткізу актісі негізінде жасалады. Ал бөліп шығару, бөлу жағдайлар бөлу балансы негізінде жасалады. Тарату заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Азаматтық Кодекстің 49 бабына сәйкес:
- заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің;
- меншік иесінің уәкілдік берген органның шешімі бойынша;
- құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берген заңды тұлға органының шешімі бойынша заңды тұлға кез – келген негіз бойынша таратылуы мүмкін.
Ықтиярсыз тарату сот
- банкрот болғанда;
- заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу мезгілінен жарамсыз деп танылғанда;
- заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылғанда;
- тиісті рұқсат (лицензия) алынбаған қызметті, не заң құжаттарында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайда,
- заң құжатткарында көзделген басқа жағдайларда таратылуы мүмкін.
Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің немесе заңды тұлғаның тиісті органының тағайылдаған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады. Тарату жөніндегі комиссия тарату кезенінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан әрекет етеді. Тарату комиссиясы болатын тарату жөнінде Әділет министрлігіне хабарлайды. Тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылғаны туралы және оның несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібімен мерзімі туралы ресми баспа сөзде жариялайды. Ал несие берушілерге хатпен хабарлайды. Бұл мерзім тарату туралы хабар жарияланған кезден бастап 2 айдан кем болмауы керек. Тарату комиссиясының құрамына төрағасы, бухгалтері және заңгер кіреді. Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттандырылмаған сондай – ақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші талап қойып, сотқа жүгінсе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі.
Тапсырма: кестені толтырыңыз
Жарлғылық копиталы қатысушылардың үлесіне салындарына бөлінген комерциялық ұйым шаруашылық серіптестік деп танылады. Шаруашылық серіптестіктерді құру мен олардың қызметі 1995 жылы қарашада. ҚР Призидентінің шаруашылық серіктестік туралы заң күші бар жарығы мен реттелінеді шаруашылық серіктестіктің түрлері:
- Толық серіктестік.
- Жауапкершілік серіктестік.
- Қосымша жауапкершілігі серіктестік.
- Сенім серіктестік.
- Комерциялық акционерлік қоғам.
Шаруашылық серіктестігі құрылтайшылар заңды тұлғада жеке тұлға да бола алады.
Толық серіктестік пен сенім серіктестіктің құрылтайшылар мен қатысушылары Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда серіктестіктің міндеттемелері бойынша қасушылары өзіне тиесілі барлық мүлкі мен ортақ жауапкершілікпен болатын серіктестік деп танылады.
Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.
Қатысушылары серіктестіктің міндеттері бойынша өзгі жарлығы капиалға салымдар мен жауап беретің ал бұл сомалар өздеріне тиесілі оған өздері еленген мөлшерді еңгізілген салындар арқылы жауапкеретің серіктестік қосымша жауапкершілік деп танылады.
Сенім серіктестігі дегеніміз серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкі мен қосымша жауап беретің немесе одан да көп қасушылармен тар серіктестіктің салымшыларын мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығы мен бір немесе одан да көп қатысушыларды еңгізетің және серіктестік кәсіпкерлікті қызметі жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік болып табылады серіктестік басқару жоғары органы мен оның қатысушылары жалпы жиналысы өкілдер жиналысы болып табылады. Серіктестіктің күнделікті қызметі жүзеге асыру үшін атқару органдар құрылады, ол алқалы немесе жеке дара болып танылады.Сонымен қатар шаруашылық серіктестікте болжау органдары: қадағалау кезені құрылуы мүмкін.
Акционерлік қоғам дегеніміз
өзінің қызметің жүзеге асыру үшін
қаражат тарту мақсаттарына акциялар
шығаратың заңды тұлға болады.
Кестені толтырыңыз:
№ |
Шаруашылық серіктестігінің |
Оның тіркеу құжаттары мен жарғылық капиталы |
Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері |
Органдары |
1 |
ТС (толық серіктестік) |
құрылтай шарты, жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшылары белгiлейдi, бiрақ ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек |
Азаматтық Кодекстің 63-71 баптары |
атқару органдары |
2 |
СС (сенім серіктестік) |
құрылтай құжаттары (жарғы және құрылтай шарты), алғашқы салымын және қосымша жарналарын (салымдарын) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде, әдiс пен тәртiп бойынша салуға мiндеттi. |
Азаматтық Кодекстің 72-76 баптары |
басқаруды толық серiктестер жүзеге асырады. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн оның толық серiктестерiнiң басқару және жүргiзу тәртiбiн олар толық серiктестiк туралы ережелер бойынша белгiлейдi |
3 |
ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) |
құрылтай құжаттары (жарғы және құрылтай шарты), Жарғылық капиталдың мөлшерiн ЖШС құрылтайшылары (қатысушылары) белгiлейдi және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек |
Азаматтық Кодекстің 77-83 баптары |
Серiктестiк органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың серiктестiк атынан шешiмдер қабылдау немесе әрекет ету тәртiбi осы Кодекске, заң актiлерiне және серiктестiк жарғысына сәйкес белгiленедi. |
4 |
ҚЖС (қосымша жауапкершілігі серіктестік) |
құрылтай құжаттары (жарғы және құрылтай шарты) |
Азаматтық Кодекстің 84 бабы |
Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке, осы бапта өзгеше көзделмегендiктен, осы Кодекстiң жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк туралы ережелерi қолданылады |
5 |
АҚ (акционерлік қоғам) |
құрылтай құжаттары (жарғы және құрылтай шарты), жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады. |
Азаматтық Кодекстің 85-93 баптары |
Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. |
Қорытынды
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И.Аскназий “мемлекеттік ілімінің” авторы. Ол былай деп айтқан: “мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды”. Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған “егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой ” деген уәж айтады.
Азаматтық Кодекстің адемик А.В.Венедиктов “ұжым ілімін” алға тарты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкелерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М.Генкин “әлеуметтік ақиқат” теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой “директор ілімін” алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші-директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың
“әлеуметтік байланыстар ілімі”
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін “жасырын” атқарушы тұратындығын дәлелдемек болды.
Бұл мәселе туралы батыс европа әдебиетінде
де әртүрлі теориялық көзқарастар
кездеседі.Мәселен,К.Ф.Савиньи
Қолданылған әдебиет:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Коде
ксі 1994 ж. 27 желтоқсан (Жалпы бөлім) (келесі берілген өзгерістер мен толықтырулармен). - Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік / Шарттар жинағы./ - Алматы, 2007.
- Жайлин Г. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы /Жалпы бөлім/ - Алматы: Дәнекер, 2009.

- Азаматтық құқық жүйесі
- Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi
- Азаматтық құқықтағы мерзімдер
- Азаматтық құқық түсіні, пәні және азаматтық-құқықтық қатынас
- Азаматтық ұғым
- Азбука безопасности
- Азбука безопасности и выживания в человека в экстремальных ситуациях
- Адуев, Райский, Обломов как единый тип
- А.Дюрер «Меланхолия»
- Аеродинаміка вентиляції
- Ажырасу тез
- Азаматтык карым катынас
- Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары
- Азаматтық құқық