Баға құралу әдістері, баға функцияларының мазмұны мен маңыздылығы
11.Баға функцияларының мазмұны мен маңыздылығы
Баға –күрделі және күшті экономикалық категория. Онда жалпы қоғамның, экономика дамуының барлық негізгі мәселелері қамтылған және түрлене айқындалған.
Баға көптеген экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелерді шешуге белсенді түрде қатыса алады, сондықтан да мемлекет және нарықтың әртүрлі ъектілері субъектілері өз әрекеттерінде бағаның барлық қасиеттерін пайдаланып, ескереді. Бағаның ролі, оның микро және макродеңгейдегң алатын орны оның функциялары арқылы сипатталады.
Фукнкция –экономикалық категорияның терең ішкі мәнінің нақты шындықта айқындалуын іске асырушы тәсілі. Баға функциясы оның ішкі мазмұнының сыртқы көрінісі болып табылады.
Баға функциясын оған тән экономикалық категориядағы жалпы қасиеттер жиынтығы сипаттайды. Баға функцияларына әрбір нақты бағаға тән сипаттарды тиесілі етеміз.
Баға өлшеу, есептік, реттеуші, ынталандырушы, үлестіру (қайта үлестіру) және де өндірісті ұтымды орналастыру критерииі функцияларын атқарады.
Өлшеу функциясы. Бағаның
көмегімен сатып алушы
Әртүрлі тауарлар бағасын салыстыра отырып, оларды арзан және қымбат деп бөле отырып, әртүрлі тауарлар құндылығының ара қатынасы турасында бағалауға болады. Әртүрлі тауарлардың құндылығын салыстыруға баға қайта өлшегіштік функциясын атқарады.
Есептік функция. Баға еңбектің
қоғамдық дәрежеде деп танылған еңбек
шығындары мен оның пайдалылығының
ақшалай көрінісі ретінде сипат
береді. Баға қоғам үшін қандай да бір
өнім бойынша қажеттілікті қанағаттандыру
қандай шығынға үрындыратынын
Өлшеу, қайта өлшеу және есептік функцияларды атқара отырып баға барлық құндық көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, жоспарлау, болжау және талдау құралы, ақпаратты маңызды тасымалдаушы болып табылады.
Реттеу функциясы. Баға экономикалық үдерістерді реттеу құралы ретінде танылады: өндіруші және тұтынушының ақшалай төлем қабілеттілігімен байланыстыра ұсыным мен сұранымды теңестіреді. Ол ұсыныс пен сұраным арасында үзілістің бар болуы туралы индикатор қызметін атқарады және олардың арасындағы сәйкестікке жету үшін икемді құрал болып табылады. Сұраныс тауарға деген сатып алушы икемді құрал болып табылады. Сұраныс тауарға деген сатып алушы қажеттілігін оның сол тауарды сатып алу мүмкіншілігін ескере отырып айқындайды, ал бұл жағдай нарықтық баға мен сатып алынатын тауар арасындағы кері байланыспен сипатталады. Бағаның төмендеуінде тауарларға сұраныс ұлғайады. Сұраныс өсуінде бағалар тез жоғарлайды.
Ынталандырушы функция. Бұл функцияның мәнділігі бағаның сан түрлі тауарларды тұтынуда және өндіруде талаптандырушы немесе тежегіштік сипатта айқындалуымен түсіндіреді.
Баға өндірушіге ынталандырушылық әсерді, құрамындағы пайданың үлесі арқылы тигізеді. Оның деңгейі, нарықтық бағақалыптастыру үшін мүмкіншілік қалыптастыратындықтан, өндірістің неғұрлым үнемдірек әдісін және ресурстардың толығырақ қолдануына қатысты ынта тудырады.
Бағалар жүйесі арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуды, тауардың сапалық параметрлерін жақсартуды, айналым уақытын қысқартуды, ұтымды емес тасымалдауды азайтуды, көлік құралдарын тиімді пайдалану ынталандырылды.
Үйлестіруші (қайта үйлестіруші) функция әртүрлі факторлар әсерінен тауар бағасының, оның құнынан ауытқуына негізделеді. Бағалар арқылы табыстарды үлестіру және қайта үлестіру жүзеге асырылады, яғни әлеуметтік
топтар, ұлттық экономика секторлары, салалары арасында қайта құрылған құн және сонымен қатар халықтың, кәсіпорындардың, сала табыстарын реттеу жүзеге асырылады.
Бағаның үйлестіруші функциясын өткізу әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік етеді.
Өндірісті ұтымды орналастыру критерийі ретіндегі баға функциясы. Бұл функция клесідей сипатта анықталады: жоғары пайданы алу үшін баға механизмі арқылы экономиканың бір секторынан екінші секторына және ең жоғары пайдасы бар жеке секторлардың ішіне капиталдардының құрылуы. Капиталдарды қайта үлестіру сұраныс және ұсыныс заңдарымен, бәсеке әсерінен жүзеге асады. Капиталдардың мұндай құрылуы бәсеке және сұраным ықпалымен кәсіпорындар, фирмалармен жүзеге асады. Тек кәсіпорын ғана қызметтің қай түріне, экономикалық қай саласына өз капиталын салу керек екенін дербес шешеді. Бұл жағдайда терең маркетингтік зерттеулер, барлық нарықтық факторларды, оның ішінде бағаларды да, зерттеу жүргізу қажет.
Бағалардың барлық функциялары өзара байланысты, өзара әрекетті, ал кей сәтте олардың арасында қарама-қайшылық пайда болады. Функционалды бағалық қарым-қатынастарды өткізу қиын және көп түрлілігімен ерекшелінеді, сонымен қатар, тұрақты түрде кәсіпорынның маркетингтік қызметінің зерттеу объектісі болуы мүмкін.
13.Баға жүйесі, олардың бір-бірімен байланысы
Экономикадағы іс-әрекет жасаушы барлық бағалар бір-бірімен байланысты және өзара жеке жүйе құрады. Бұл жүйе көптеген нарықтық факторлардың әсерінен әр уақыт қозғалыста болады. Баға жүйесі жеке өзара байланысты баға блоктарынан құрылады.
Баға жүйесінің маңызды және негізгі блоктары төмендегідей:
- көтерме сауда бағасы;
- сатып алу бағасы;
- бөлшек сауда бағасы;
- жүк көлік қызмет көрсету тарифі.
Барлық бағалар жүйелерінде анықтаушы және негіздеуші роль атқаратын, бұл-базалық өнеркәсіптік салалар өнімдерінің бағасы, яғни, отын-энергетикалық кешендерінің, металлургия саласының өнімдері, себебі, бұл өнімдер экономиканың барлық салаларында қандайда болмасын бір көлемде тұтынылады немесе қолданылады. Экономикалық өнімдер бағасының өзгеруі барлық өнімдер мен өызмет түрлерінің баға деңгейіне тез арада өзгерістер енгізетіндігі айқын.
Баға жүйесіндегі барлық бағалар бір –бірімен тығыз байланысты. Өзара жеке құрушы бағалар байланысы және өзара тәуелділігі төмендегідей екі жағдайда негізделген:
- құн заңы, сұраным мен ұсыныс және де басқа экономикалық заңдарды қолдана отырып, жекеше әдістемелік негізде бағаның құрылуы;
- бағаның әсерінен өндірістік кәсіпорындар мен салалардың шаруашылық қызметінің байланыстылығы.
Жеткілікті түрде күрделі баға жүйесінде бағыт-бағдарлы таңдау үшін жіктемелері қолданылады.
- Айналымды қамтамасыз ету сипаттамасы бойынша
- Көтерме сауда бағасы
- Бөлшек сауда бағасы
- Сатып алу бағасы
- Сметалық құн
- Халыққа қызмет көрсету бағалары мен тарифтері
- Мемлекет тарапынан реттелу әді
стері, нарықтық бәсекелестікке байланысты
- Еркін/нарықтық баға
- Реттелген баға
- Паритеттік баға
- Бағаның қойылу әдісі бойынша
- Қатаң/тұрақты/баға
- Ағымдағы баға
- Қозғалмалы баға
- Сырғымалы баға
- Уақыт әсерлерін/факторларын есепке алу бойынша
- Тұрақты
- Маусымдық
- Баспалдақты
- Баға деңгейі туралы мәліметтерді алу әдісі бойынша
- Анықтамалық/бағыттаушы/
- Прейскуранттық
- Есеп айырысу бағасы
- Нарық түрлеріне байланысты
- Аукциондық
- Биржалық котировка
- Сауда бағасы
- Фирма ішінде қолданылатын баға түрлері
- Трансферлік баға
- Жеткізіп беру және сату жайлары бойынша
- Баға –нетто –сатып алу мен сату орнындағы баға
- Баға – брутто /фактуралық/- сатып алу мен сату жайларын есепке ала отырып анықталады.
23. Баға құрылуына
әсер етуші факторлардың
Баға құралуы үрдісіне әсер етуші факторлар экономикалық категориялар, құн және пайдалылықтың іс-әрекет принциптерімен байланыстырылады.
Құнды, сатушының сол тауарды
сатуға дейінгі шығындары /өндіру мен
жеткізілуі/ ретінде түсінуге болады.
Бұл дегеніміз сатып алу
- Негізгі құн /еркін түрдегі нарықтық баға/
- Тауарды әсемдеу және қосымша тапсырыстар бойынша ерекше немесе эксклюзивті элементтері үшін баға;
- Транспорттық шығындар және жеткізілуі шығындары /тасымалдау және сақтау шығындары/;
- Сатушыға дейін бару және қайтуға байланысты іс-сапарлық шығындар;
- Шегерімдер /қолма қол ақша төлегені үшін немесе қолданған құралдарды қайта тапсырғаны үшін/;
- Қосымша қызметтер үшін төлемдер.
Баға тек тұтынушылардың экономикалық қана емес, сондай ақ біршама психологиялық факторларменде анықталады. Келесі факторлармен:
- Өнім нарықта басқалардан бөлек орынға қойылған, яғни, тауар аналогы жоқ;
- Тұтынушыға тауардың орнын ауыстырушылары таныс емес;
- Тұтынушыға, бір –бірінің орнын айырбастайтын әр түрлі тауарлардың сапасын қатар қою және салыстыру қиын;
- Тұтынушыға, бір-бірінің орнын айырбастайтын әр түрлі тауарлардың сапасын қатар қою және салыстыру қиын;
- Тұтынушылардың тауарға шығындары, олардың табыстарымен салыстырғанда салыстырмалы түрде жоғары емес;
- Тұтынушының өнімге деген шығыны, оның жиынтық шығындарының кішігірім бөлігін ғана құрайды;
- Тұұынушы тауар сатып алу шығынының бір бөлігін келесі біреумен бөлісе алады;
- Тауар, бұрын сатылып алынған өнімдер жүйесінде қолданылады;
- Тауарға жоғарғы сапа, ерекше бедел/ престиж, ерекшелік белгілері берілген;
- Тұтынушының тауарды ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндігі жоқ.
Сұранымның икемділік факторларының болуы келесідей тұжырымдама жасауға мүмкіндік береді:
- Тауар сатып алушылардың, баға өзгерісін тез сезінетін арнайы сегменті үшін арналған, яғни, бұл сатылатын өнімнің көлемін жоғарылатады;
- Тауар тұтынушылар бюджетінде басымды үлеске ие, сол себепті де, олар оның сапасына және бағасына қатаң талаптар қояды;
- Тауардың, бәсекелестер өндіретін сол тауарлар немесе аралас тауарлар тобында оның орын алмастырушысы бар, яғни, тұтынушы тез арада келесі тауарға көшу мүмкіндігі жоғары.
24.Баға құралуы әдістері
Кәсіпорындағы баға құралуы
үрдісі баға құралуы тәсілдерін таңдау
және соңғы бағаны бекітумен аяқталады.
Кәсіпорынның мақсатына және оның нарықтағы
жағдайына байланысты баға құралуының
бес негізгі тәсілдері
- «орташа шығындар қосу пайда» принципімен келісімді баға құралуы;
- Бағаны талдаудың залалсыз негізімен және мақсаттық пайданы қамтамасыз ету түрінде есептеу және белгілеу;
- Тауардың сезгіштік құндылығы негізімен бағаны белгілеу;
- Бағалар прескуранттары негізімен бағаны белгілеу.
Осында көрсетілген бағалар тәсілдерінің бірінші тауардың өзіндік құнына «орташа шығындар қосу пайда» стандарттық үстеме баға есептеу принципы мен негізделеді. Әдістің жағымды жақтары:
- Шығындар туралы ақпарат сұранымға қарағанда неғұрлым артық. Сатушы бағаны шығындарға байлап, бағаның құралуы мәселесін өзі үшін едәуір жеңілдетеді;
- Егер бұл тәсілмен барлық кәсіпорындар пайдаланса, олардың бағалары белгілі шамамен ұқсас болады, сондықтан бағалар бәсекелестігі минимумға барады;
- Бұл тәсіл сатып алушыға және сатушыға ең әділді, себебі сатушы сатып алушымен бағаның қалай қалыптастырғанын тексеруге бар мүмкіндіктер туралы айталады.
Осы әдістің екі нұсқасы бар:
- Өндіріске толық шығындарды пайдалану түрімен;
- Өндіріске шектеулі шығындар пайдалану арқылы.
«Орташа шығындар қосу пайда» тәсілді пайдаланғанда баға пайдалылыққа тәуелді:
Ц= И(1+R/100)
Бұнда: Ц-баға;
И-өндіріс шығындары (таңдап алған нұсқаға тәуелді) толық немесе шектеулі;
R-өнімнің пайдалылығы, %
Екінші тәсілді пайдалануының ерекшелігі келесі тақырыптарда қаралады.
Бағаны бекітудің келесі тәсілі-тауардың сезімталды құндылығы негізінде жүргізіледі. Бұл тәсілде негізгі факторлар ретінде, сатушының шығындары емес, тұтынушының тауарды танып түсінуі болып саналады.
Бұл баға құрылуы нарық талаптарына толық сәйкес келеді, бірақ оны қабылдау өте күрделі. Тұтынушылардың көз алдында тауар құндылығының құралуы бұл әдістеме бойынша, төрт фактордың әсерін есепке алу жолы қолданылады:
- Баға, себебі сатып алушылар көп жағдайда бағаны, сатушының тауардың мәнділігін бағалауы ретінде түсінеді;
- Әлеуетті сатып алушының қол жеткізе алатын таңдау мүмкішшілігі. Сатып алушы қай кезде болмасын кез келген сатуышдан таңдап сатып алуға немесе мүлдем сатып алмауға мүмкіндігі бар;
- Сатып алушының қабылдаған құндылығының мүмкінді құндылықтан шектелуі: қабылданған құндылық –бұл сатып алушының сол уақытта мойындағаны, мүмкінді құндылық сатып алушыға үгіттік байланыстыру деңгейі;
- Бір өнімнің әр түрлі тұтынушылар тобына немесе нарық сегментіне түрлі құндылықта болуы.
Осы әдістеме бойынша сұраным көлемін болжау үшін негізгі үш көрсеткіш қолданылады:
- Сұранымның баға бойынша тікелей икемділік коэффициенті;
- Қиылысты икемділік коэффициенті;
- Табыс бойынша икемділік коэффициенті.
Бірінші коэффициент келесі формуламен есептеледі:
Еа=
Ea – тауардың сұранымның баға бойынша тікелей икемділік коэффициенті; ∆Qa-сұраным көлемінің тауарға байланысты % өзгерісі;
∆Ра-бағаның А тауарға байланысы % өзгерісі.
Егер Ea >1, сұраным икемді, яғни бағаның шамамен өзгерісі сұраным көлемінің үлкен өзгерісіне апарады. Егер, Ea <1, сұраным икемді емес, яғни бағаның тіпті көп өсуі сұранымның анағұрлым өзгеруіне апармайды.
Бағаның өзгеруіне сатып алушылардың көз қарастық әсерін есепке алу келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:
- Өткен кезеңдегі баға өзгерісі бойынша көрсеткіштер регрессия тәсілімен талданады;
- Нарықта әр түрлі бағалармен эксперименттер жасалады, оның жүргізілуі кезінде төлем қабілеттігі бар сұраным серпінділігі зетттеледі;
- Нарықта тауар сатып алу бойынша немесе сатып алуға көңіл білдіру бойынша болжамдық жайларды зеттеу жүргізіледі.
Бағаны есептеудің келесі тәсілі –прескуранттық баға негізімен көбінесе өнеркәсіптік тауарлар бағасын есептеу кезінде пайдаланылады, яғни, барлық сатып алушылар бір тауар үшін прескурант бойынша бірдей соманы төлейді.
34. Баға құралуына ақшаның құнсыздануының әсерлері
Құнсыздану әртүрлі жағдай ретінде қарастырылады: тауарларға , шет ел валютасына (ұлттық валюта бағамының шет ел ақша бірлігіне қатынасының төмендеуі), алтынға (алтынға нарықтық бағаның өсуі) қатынасты қағаз ақшаның құнсыздануы.
Экономикалық категория ретінде құнсыздану, баға өзгерісі механизмі арқылы іс-жүзіне асырылатын, қоғамдық өндіріс салаларының, халық шаруашылығының салалары мен аймақтарының, сонымен қатар тұрғылықты халықтың әр түрлі топтарының арасындағы ұлттық табыстың қайта үлестірілуін ашып көрсетеді.
Құнсыздану, экономиканың тұтыну
секторында, еңбек ақының өсу салдарынан
жиынтық сұранымның өсуінен басталады.
Бұл жағдайда ақша мен тауар арасындағы
бұзылған нарықтық тепе –теңдік оларға
бағаның өсуімен қайта
Шығындар құнсыздануы
экономикада сұраным
Сұраным құнсыздығы, халық шығындарының әдеттегі деңгейі шегінен асып түскенге дейін, ал нарықтағы ақша көлемі шектен тыс көлемге ие болғанға дейін орны алып отырады.
Шығындар құнсыздығы өзін өзі жойып отырады. Ол ұсыныстың азаю нәтижесіне байланысты жүреді. Шығындар құнсыздануы өндірістің төмендеуіне соқтырады, яғни, шығындардың жоғарылуының жалғасуына жол бермейді.
Құнсыздану келесі көрсеткіштер көмегі арқылы өлшенеді:
- Бағалар индекстерімен және ұлттық валютаның сатып алу қабілеттігімен;
- Құнсызданудың қарқыны, жалақының индексі және халықтың нақты табысымен.
Құнсыздану деңгейін бағалаау үшін, тәжірибелік есептеулерде келесідей көрсеткіштер қолданылады:
- Тұтыну бағаларының индексі;
- Өндіріс бағаларының индексі;
- Дефлятор
Бағаның өсуі, құнсызданудың жалғыз ғана көрсеткіші емес.
Оның индикаторлары, ақша
эмиссиясы, айналымдағы ақша көлемінің
өсуі, мемлекеттік бюджеттің
Қазіргі кездегі құнсыздануға мынадай сипаттар тән:
- Іс- әрекеттінің жалпылама түрінде болуы /барлық экономикаға толығымен қатыстылығы/;
- Пайда болуының қайталанбалылығы /ешқандайда уақыт аралығында тоқтамайды және тоқтатылмайды/;
- Көп факторлылығы /ақша және де басқа факторлар әсерінен туындауы/.
Құнсыздану –бағалардың жалпы деңгейінің өсуі болмаса, алайда кез келген бағаның өсуі құнсыздануға жатпайды. Біріншіден, бағалардың өсуі, өндірістік шығындардың өсуі нәтижесінен болуы мүмкін. Екіншіден, бағалардың өсуі тауар сапаларының жоғарылауына да байланыстырылады.
Соңғы уақыттарда құнсыздану бірте-бірте дүние жүзі елдері экономикалық дамуының тұрақты факторына айналды. Жылдық мөлшері 2-3% құнсыздану қалыпты болып есептеледі. Ол көбіне монополиялық іс-әрекеттерге байланысты.
Монополиялар баға бәсекелестігінің әрекетін шектейді. Бағаларды төмендету әдісі бәсекелеспен күресу үшін соңғы кезде сирек, пайдаланылады, нарықтағы бәсекелестік, қарсыластардың тауарды саралауға, оның сапасын жоғарылатуға, ассортиментін жаңартуға негіз ұстануын талап етеді. Кәсіпкерлер, қолданылып жүрген немесе өсіп отыратын баға деңгейімен ақшалай табыстарын өсіруге ұмтылады.
Құнсызданумен күресу үшін әр мектепті жақтаушылар, әр түрлі шараларды қолданылуы ұсынады. Мысалы, кейнсиандық мектепті жақтаушылардың ұсынысы төмендегідей:
- Мемлекет шығындарын азайту;
- Салық жүгін өсіру;
- Банктердің несиелік потенциялын шектеу мақсатында орталық банктің есептік мөлшерлемесін және коммерциялық банктер үшін міндетті түрдегі резервтік нормаларын жоғарылату.
Монитаризмді жақтаушылар оңтайлы шешім ретінде келесі шараларды қолдануды ұсынады:
- Жүйелі және анық түрде ақша көлемінің реттелуі;
- Пайыз мөлшерлемесін жоғарыдан белгілеуден бас тарту;
- Коммерциялық банктердің міндетті резервтеріне міндетті шектеулердің енгізілуі;
- Мемлекет шығындарын азайту.
Қолданылған әдебиеттер
1. Тлеубердинова А.Т. «Баға және бағақалыптастыру»
2. Қасен С.Д. «Бағалар және баға құралуы»

- Бағалы қағаздар (Ациялар), олардың түрлері
- Бағалы қағаздардың түсініктемесі
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағдарламалау тілдері
- Баденская школа философии
- Бад и пищевые добавки
- Әлемдік қаржы нарығы
- Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы
- Әлеуметтану парадигмалары
- Әлеуметтік норма
- Бабидское восстание в Иране
- Багатопартійність і демократизація суспільства в Україні
- Багковская система РФ