Бағалы қағаздар (Ациялар), олардың түрлері

Бағалы қағаздар (Ациялар), олардың түрлері

Ноябрь 21, 2011 · Экономика

Бағалы қағаздар (Ациялар), олардың түрлері. Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз. 
 
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айыр-машылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капита-лына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алу-шысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім-шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ-ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденттері) шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі. 
Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлерлік капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция иелері акционерлер санын ұлғайтуға ұмтылмайды, себебі әр акционердің жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары бар. Кез келген акционер өзінде бар «ескі» акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар сатып ала алады. 
Бағалы қағаздар нарығында, бірінші кезекте қор бир-жасында бір кәсіпорынның акциялары бір уақыт ішінде компанияның нақты қорларында ешқандай да өзгеріссіз қалуына қарамай-ақ әр түрлі бағаға (бағамға) ие болуы мүмкін. АҚ пайдасы келесідей түрде бөлінеді: оның бір бөлігі акционерлер арасында бөлінеді, екіншісі – акционерлік компанияның резервіне бағытталып және оның капиталын ұлғайту үшін немесе өндіріс құлдырауға не дағадарысқа ұшыраған кезде дивидент төлеуге қызмет етеді. 
Әдетте АҚ, резервтер немесе «заемдық резервтер» деп аталатын қорды құру саясатын жүргізеді. Сөйтіп, жинақтал-ған қор таусылғанда ғана акционерлік компания дивидент-терді қысқартады. Бұл акционерлік қоғамның жақын арадағы құлдырауы туралы белгісін білдіреді. Акцияны иеленушілер болса, аз дивидент әкелетін акциялардан құтылуға тырысады. Сөйтіп, барлығының сол қоғамның акцияларынан құтылуға тырысуы, акция бағамының төмеңдеуіне жол береді. Егер акционерлік қоғам қызметін толық тоқтатса, акция иелері акционерлік қоғамға қосқан қаражаттарын толығымен жоғалтып, акция ешкімге қажетсіз жай қағазға айналады. 
Акционерлік қоғамның бірқалыпты жұмыс жасауы бары-сында акцияның иелері өздерінің акцияларына тиісті диви-денттерді алады. Мысалға 50 теңгелік акцияның табысы 6 теңгені құрасын делік. 1 акцияға келетін 6 теңге дивидент бұл акционерлердің акцияеы бойынша 12% жылдық табысын білдіреді. Акцияньщ номиналдық бағасы бойынша акционерлік қоғамның қалыптасуы негіңде сатылып, кейіннен олар біршама жоғары бағаммен сатылады. Бұл жағдайда табыстың нақты деңгейі (рендит) мына формула бойынша есептеледі: 
Дивидент 
Рендит = ———————— 100. 
Сатып алу бағасы 
Егер де 50 теңгелік номиналдық құны бар акция 250 теңге бағамы бойынща сатып алыңса және ол бойынша 10 теңге дивидент төленетін болса, онда жылдық табыс көрсеткіші келесідей болады: 
100 
10 ————– = 4% 
250 
Бірақ бұл көрсетілген акция табысын салым иесі үшін тартымды деп айту қиын. Ол үшін акция бағасының өсуін тосу бұл маңызды себебі, ондай акцияны сату, ол акция бойынша біршама табысты (пайданы) қамтамасыз етуі мүмкін. Демек, екінші бір сәт – бұл акция бағамының өсуін тосу, салымшыға ең күшті ықпал етеді. 
Бағалы қағаздар 343 
Қор биржасындағы жәңе банктердегі акцияның сатылу және сатып алу бағасы акцияның бағамы деп аталады. Ол негізінен екі факторға: дивидент мөлшеріне және қарыздық пайыз деңгейіне байланысты. Акция бойынша төленетін дивидент қаншалықты жоғары болса, солғұрлым акция қымбат немесе оның бағамы жоғары келеді. 
Акцияны сатып ала отырып, қаражат иесі одан алатын дивидент бойынша табысты, өз капиталын банк немесе өнеркәсіп компаниясының тұрақты табысы кепілдендірген облигацияны сатып алу барысымен салыстырады. Банктегі пайыз деңгейі – акция бағамының жоғарлауы немесе төмендеуіне ықпал ететін фактор болып табылады. Банктік пайыз жоғары болса, қор биржасындағы акцияның бағамы төмен болады немесе керісінше. Айталық 100 теңгелік номиналдық құны бар акция жыл сайын 12 теңге мөлшерінде дивидент алып келіп отырсын делік, ал қарыздық пайыз деңгейі – 4% болсын. Онда бұл акцияның биржадағы бағамы 300 теңге, себебі осындай соманы банкіге 4% жылдық мөлшерде салатын болсақ, одан 12 теңге сомасында табыс аламыз. 
Демек, акция бағамының формуласын төмендегідей формула көмегімен анықтайды: 
Дивидент 
Қарыздық пайыз 
Бұл шамалар мәнінде акция бағамы сұраныс пен ұсыныс арсындағы шекті қатынасты өзгерістерге байланысты бір-қалыпты ауытқып отырады. Мұндай ауытқулар әсіресе өндіріс құлдырауы мен дағдарыс кезінде қатты байқалуы мүмкін. Дағдарыс кезінде, дивиденттердің мөлшерінің азай-ған кезінде қарыздық пайыз мөлшері өзінің жоғары шегіне жетіп акция бағамы күрт төмендейді. Осындай ауытқулар механизмін биржалық мәмілелер процесінде өндіріс актив-терін иеленушілер кеңінен қолданады. 
Акция бағамы әр түрлі бағыттардан туындайтын көпте-ген факторлардың әсер етуінен құралады. Бір жағыңан, ол қарыздық пайыз шамасына тәуелді, себебі акцияонерлік қо-ғамның акциясын сатып алуға жұмсалған қаражаттың несиеге берілетін ақшалай қаражатпен өзара ұқсастығы бар. Сондықтан да пайыз нысанындағы сыйақы экономикалық негізделген болып саналады. Екінші жағынан, дивидент шамасына, сол акционерлік қоғамның кәсіпкерлік қызметінің жетістіктері де ықпал етеді. Мұндай жағдайда дивидент акционерлік қоғамда түзілетін пайда сомасына тікелей тәуелді. Аталған акция бағамының шамасына әр түрлі бағытта әсер етеді. 
Акция бағасына ықпал етуші факторлардың ішінде, ак-цияны ұстаушылардың арасында бөлінетін пайда шамасын және сол акционерлік қоғамға жататын кәсіпорындардың әр түрлі қорларын құруға бағытталған қаражат ретінде, акционерлік қоғамда қалатын пайданы бөліп қарауға болады. 
Акция бағамының деңгейіне, сондай-ақ бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс сияқты қуатты факторлар да ықпал етеді. Мұнда дүрбелеңді сұраныс және сұраныс пен ұсынысқа басқа түрлі ыкпалдардың болуы мүмкін. Бұл жақтардың әрқайсысының артында тиісті «қаржылай» ой-пікірлерді қамтыған қоғам мүшелерінің көптеген тиімді және пайдалы іс әрекеттері тұрады. 
Қазіргі тәжірибеде акцияның бастапқы құнын анықтау барысы дивидент деңгейіне ғана емес, бір акцияға есеп-телетін барлық таза пайда, оған бөлінген пайданы қосқан-дағы шамасына да сүйенеді. Акцияның нарықтық құны мұндай жағдайда мынадай формуламен анықталады: акция бағамы тең бір акцияға есептелетін таза пайда шамасы, көбейтілген бағам / бөлінген акцияға келетін таза пайданың орташа қатынасына. 
Акционерлік қоғам акционерлерге түрлі артықшылықтар беретін акцияларды айналысқа шығарады. Акцияның мәлімдеуші және атаулы түрлері болады. Мәлімдеуші акция – бұл оның иесіне компанияның акционері екендігін заңды түрде куәландыруды білдіреді. Атаулы акцияларды шығару барысында акционерлік қоғамды иеленушілер ретінде тек компанияның акционерлік кітабына енген акцияны ұстаушылар бола алады. Әрбір елде акционерлік қоғамның қызметін реттеп отыратын әр алуан құқықтық актілер қызмет етеді. Кейбір елдерде мәлімдеуші акцияларға көңіл аударатын болса, ал басқа бір елдерде атаулы акцияларға мән береді. 
Акциянын әр түрінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. 
Мәлімдеуші акциялар біршама қарапайым және сауда операцияларына өте колайлы. Мұндай жағдайда компания оларды иеленушілердің аттарын білмейді. Бұл кезде ондай акцияны сату және сатып алу фирманың акционерлері, оның ішінде акционерлік қоғам құрылтайшылары үшін көзге көрінбейтін зардаптар мен әр түрлі қолайсыздықтарға әкелуі мүмкін. 
Сондай-ақ, акциялар жай және артықшылығы бар акцияларға бөлінеді. Жай акциялар оны иеленушілерге қарастырлған акционерлік құқық негізінде акционерлік коғамның табысына сәйкес дивидент алып отыруға құқық береді. Артықшылығы бар акциялар жай акциялар мен салыстырғанда оның иеленушілер үшін әр түрлі нысанда болатын белгілі бір артықшылықтарды қарастырады. Олардың біріне артықшылығы бар акциялар бойынша кепілденген түрде белгілі бір табыс нормасы, яғни акционерлік қоғамның барлық акцияларына келетін табыс шамасы белгілі болғанға дейін төленеді. 
Өз кезегінде артықшылығы бар акциялар екі түрге бөлінеді. Біріншісіне, акционерлік қоғамның қызметінің нәтижесіне байланыссыз алдын ала жоспарлы табыс төленетін тіркелген дивидент акциялар жатады. Артықшылығы бар акцияның бұл нысанының өзінің мәні жағынан облигациядан айырмашылығы жоқ. Мұндай акциялар біршама сенімді, сондай-ақ олар дивиденттің өсуіне жол бермейді. 
Артықшылығы бар акциялар үшін компаниялар оларды сатып алуда тұрақты баға қояды. Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері биржадағы бағам бойынша акцияларды сату арқылы пайданы бөлуге қатынаса алмайды. Артықшылғы бар акциялар ішінде, яғни тұрақты табысты, басқа да шектеулі мөлшерде қосымша табыс әкелетін түрі де бар. Мысалға 10% дегейінен асқан жай акциялардың дивидентінің әр пункті үшін артықшылығы бар акциялар бойынша 0,5%-дан дивиденттің ең жоғары деңгейі 20%-ға дейінгі мөлшерде қосымша төленеді. Артықшылығы бар акцияны иеленушілердің келесі бір артықшылғы, ол акционерлік қоғам жойылу барысында, оның мүлкін 
346 Акша, несие, банктер 
бөлісуде артықшылық құқтарды иелену мүмкіндігімен сипатталады. 
Жай акцияны өтеуден бұрын артықшылығы бар акциялар иелеріне, олардың номиналдық құнынан жоғары шамадағы сома төленеді немесе олардың нарықтық бағамдары бойынша өтеледі. Сонымен қатар, артықшылғы бар акцияны иеленушілер үшін АҚ жойылуы барысында орын алатын жағымсыз жақтары да бар. Акционерлік қоғамда жай акцияларға бөлуге тиісті заңды түрде құрылған жасырын резевтері болады, соның нәтижесінде жай акциялардың бағамы олардың номиналдық құнынан біршама жоғары мөлшерде өтеледі.

Тағы рефераттар

 

 

 

 

Құнды қағаздар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Құнды қағаздар, бағалы қағаздар — мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап). құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән.

Құнды қағаз ұсынбалы (мүліктік құқықтар құнды қағазды тапсыру жолымен басқа біреуге беріледі), ордерлік (құнды қағаз мүліктік құқықтардың берілгенін куәландыратын жазба жолмен табысталады) және атаулы (мүліктік құқықтар құнды қағазда аталған адамға беріледі) болуы мүмкін. Құнды қағазда заңда белгіленген деректемелер болуға тиіс және құнды қағаздағы мүліктік құқықтар осы құнды қағаз көрсетілгенде ғана іске асырылады, сондай-ақ құнды қағаздың эмиссиясы және айналысы заңмен белгіленген ережелер мен нормаларға бағындырылады. Құнды қағаз реттеушілік, ақпараттық міндеттер атқарады, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларын, соның ішінде нақты экономика мен қаржы саласын байланыстыру тетігі ретінде қолданылады.

Қазақстан Республикасының  “Бағалы қағаздар рыногі туралы” заңында (10.7. 2003) эмиссиялық құнды қағаздың шығарылуы, таратылуы, айналысқа жіберілуі және өтелуі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар реттелген, сондай-ақ құнды қағаздың инвесторлары мен ұстаушыларының құқықтарын,құнды қағаз рыногінің қауіпсіз, ашық, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолдары белгіленген.

Бағалы қағаздар -

1. Мүліктік кұқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да

белгілердің жиынтығы.

2. Бағалы кағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы кағаздардың

Азаматтық кодекспен  және Қазақстан Республикасының  өзге де заң актілерімен айқындалған  өзге де түрлері жатады.

3. Бағалы кағаздар шығарылым нысаны бойынша:

  • 1) құжатты және құжатсыз;
  • 2) эмиссиялық, және эмиссиялық емес;
  • 3) атаулы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар болып бөлінеді.[1]

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар құқығы

 Толық мақаласы: Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар құқығы

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы Құнды қағаздар нарығы туралы» ҚР заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.

Дереккөздер

  1. ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6

 

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар құқығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы Құнды қағаздар нарығы туралы» ҚР заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.

Қазақстанда Азаматтық құқықтағы бағалы қағаздарды толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың салымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты түрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр. [1]

Мазмұны

  • 1 Бағалы қағаздардың түсінігі және түрлері
  • 2 Бағалы қағаздарды есепке алу және тіркеу
  • 3 Бағалы қағаздардың нормативтік құқықтық базасы
  • 4 Бағалы қағаздар рыногы
  • 5 Дереккөздер

Бағалы қағаздардың түсінігі және түрлері

Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен  міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде  ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз  болып табылады.

Осындай анықтамадан  бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:

  • бағалы қағаз — түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетгі талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;
  • бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;
  • бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға — индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді).

Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке  тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл  жағдайда индоссант өкілі ретінде  әрекет жасайды (АК-тің 132-бабы).[2]

Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжаттаумен бірге  оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні  материалдық дүниеге қатысты  келеді. Сондықтан да онда көрсетілген  әріп таңбалары мен сандары, тасқа  басылып не қолмен жазылған жазбалары  осы құжат туралы тиісті ақпарат  береді. Сонымен бірге кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны  тағы бар, тек заңмен белгіленген  шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.

Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша керсетілген міндеті, нормалдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады (АК-тің 131-бабының 2-тармағы).

Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге  бөлінеді, әрі иеленушісінің талап-мүддесіне  сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде  кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.

Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын  мазмұнына қарап бағалы кағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың тұпнұсқасы болады, ал тұпнұсқаны ұсынушы келесітұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек ұсынбалы бағапы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады (мысалы, облигация).

Ордерлік бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша міндетті субъект құжат  мәтінінде көрсетілген тұлғаға  міндеттенген нәрсені орындауды  ұсынады, немесе өзі де белгіленген  ереже бойынша құжат мәтінінде  көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз  құқықтың субъектісі болып табылатын  белгілі бір тұлғаға беріледі.

Сонымен бір мезгілде мүліктік құқықтың айналым қабілеттілігін жақсарту мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизмі  жасалған. Ордерлік бағалы қағаз бойынша  құқықтар бұл қағаз берілген жазу — индоссамент арқылы беріледі. Борышқор бұл талапты міндетті түрде  сақтауы тиіс. Ордерлік бағалы қағаз  бойынша құқық берілетін адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты  болады. Индоссамент құжатта (әдетте сыртқы бетінде) жазылады және оның екі түрі болады, яғни бірінде иесі аталып, құқық мирасқорының аты жазылады, ал екінішісі әлгі айтқандай, бланктік болады, онда бағалы қағаздың тапсырылғаны туралы жазылады, бірақ құжаттың жаңа иесінің аты көрсетілмейді.

Бағалы қағаздың ордерлік түрін иеленуші индоссамент бланкісімен қоса құжатты берерде бағалы қағазды ұсынушыға тапсыру тәсілін таңдап, бағалы қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға атаулы индоссамент бойынша тапсыруға және индоссаментке өзінің атьш жазуға құқылы болады.

Бланктік индоссаментке  қандай да бір атауды енгізумен бағалы қағаздарды ұсынушыға беру тәсілі құжатты  тапсырғанға дейін жүзеге асырылады.

Бағалы қағазды  тапсыру кезінде жазылатын жазулар  ретіменжазылады. Ал мүліктік құқықты  тапсыруда ордерлік бағалы қағаз  қолданылады. Құжаттың иесі құжаттың тұпнұсқасындағы  міндеттерді орындау үшін ұсынарда индоссаментттердің реті бұзылып кетсе, одан бас тартуға құқылы. Бұл реттердің  үзілмеуі база формальдық белгілермен  айқындалады, аталған индоссамент  бойынша берілетін құжаттың атымен қатар бағалы қағазда қабылдаушының  да аты жазылады.

Ордерлік бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны  ұстаушының өзі жауап береді ("Қазақстан Республикасындағы 141 вексельдік қатынастар туралы" Заңның 96-бабын қараңыз). Ордерлік қағаздың иесі айрылып қалған құжаты кімнің қолында екенін білсе, кұжатты қайтаруға ликдикациялық талап қоюға құқылы. Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мұндай қағазды жоғалтқанда оның орындалуына да үміт аз. Ал ордер қағазы жойылып кетсе, онда құжаттың балама данасын беруге болмайды.

Атаулы бағалы қағаз — бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінівде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.

Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздардың әр түрінің белгілерін қамтитын бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал  ретінде атаулы түрін ұстаушының жүргізуін талап ететін "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңның 34-бабының нормасын келтіруге болады.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. "Бюджет жүйесі туралы" және "Мемлекеттің кепілімен қарыз алу және мемлекеттік борыш туралы" зандарға сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар мемлекеттің шеттен алуына орай ішкі және сыртқы инвесторларда шығарылады (олар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың заңды және жеке тұлғалары болып табылады). Оны шеттен алу Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Ұлттық банк арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару негізінен алғанда республикалық бюджеттің жетіспеуіне байланысты. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарды әлемдік нарықтарға шығарады (еврооблигациялар), сондай-ақ Қазақстан аумағында қазыналық міңдеттемеде және қазыналық облигацияда жүреді. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңмен реттеледі. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін шығарылады немесе заемдык қаржыны тарту мақсатында да қолданылады, ал олардың эмиссияларының тәртібі "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңмен реттеледі.

Бағалы қағаздар жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген заңдар құжатталмаған бағалы қағаздар ұғымына сәйкестендірілген. Азаматтық  кодекстің 135-бабында құжатталмаған  бағалы қағаздардың мүліктік құқықтарының бірнеше түрі келтірілген.

Құжатталмаған құнды қағаздар шын мәнінде бағалы қағаздың мазмұнын куәландыратын мүліктік құқы болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізілімдегі жазбаға енгізілуі жарамды бола береді. [3]

Бағалы қағаздарды есепке алу және тіркеу

Қазақстанда тұрғындардың сақталған қорларын банк және құнды қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тарту, оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде танылып отыр. Шетелдік капитал өздеріне қажетті Қазақстанның шикізат-энергетика өндірісіне жұмылуда. Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін өтейтін жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, дайын өнім өндіру салаларына шетелдік инвестициялар бармай отыр. Сондықтан өзімізге қажетті өнімді өндіру саласына негізінен ішкі қаржы ресурстарын жұмылдырып қарастыруга болатыны түсінікті болған сияқты. Егер ішкі өндіріс көтерілсе, онда ішкі ұлттық нарық қалыптасады, кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал бұл болса Қазақстанда ішкі ұлттық капиталдың қорланып өсуіне жол ашады, осының негізінде құнды қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқаратын болады.

Қорытып айтқанда, бағалы қағаздардың қалыптасуы және оның тиімді жұмыс істеуі Қазақстандағы  ұлттық капитал мен табыстардың  өсіп шоғырлануына тікелей байланысты деуге болады. Ұлттық капиталдың шоғырланып өсуіұлттықтабыстың жұмсалуына байланысты келеді. Қазақстан жағдайында тұрғындар  өздерінің табыстарын негізінен  шетелдік тауарларға жұмсайды, яғни олар шетел фирмаларын жанама түрде инвестициялап қаржыландырып тұрады. Ұлттық кәсіпкерлік пен өндіріс шоғырланып өсуі үшін тұрғындардың табысы ұлттық өнеркәсіп орындары өндірген өнімге жұмсалуы қажет. Сондықтан да Қазақстан Үкіметі ішкі тауар өндіруші кәсіпкерлерді қорғау және қолдау саясатын ұстанып отыр.

Ұлттық экономиканың өсіп-өркендеуі ішкі өнімнен түсетін таза табыстың Қазақстан банкілерінде сақталып, Ұлттық қаржы-капитал резервтерінің шоғырлануына байланысты келеді. Қазақстанда шикізат өнімдерін экспортқа өндіретін ең ірі өнеркәсіп органдары шетелдік компаниялардың басқаруында екені белгілі. Мамандардың айтуына қарағанда, осы шетелдерге басқаруға берілген компаниялардан бюджетке салық түрінде табыс өте аз көлемде түсетін болған. Мұның негізгісебебін білетін мамандар былай түсіндіреді: Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың шет негізінен офф-шорлық аймақтарда тіркелген филиалдары бар. Қазақстандағы компаниялар шикізат өнімдерін екі есе төмен бағамен өздерінің шетелдік филиалдарына өткізеді екен, ал соңғылары Қазақстан экономикасына көптеген есепке алынбаған және көзге көрінбейтін зиян келтіреді екен.

Біріншіден, бюджетке қажетті табыс түспейді, екіншіден  ішкі өнімнен түскен таза табыс шетелге  кетіп, Қазақстан банкілерінің ресурстарын  шектейді, олар өздеріне қажеттіқаржыны шетелден тартуға мәжбүр болады.

Соңғы кездері Қазақстан  Үкіметінің құрамында Кіріс министрлігі  құрылғаны және Салық комитетінің  міндеттері менкұкығы кеңейтілгені белгілі. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Кіріс министрлігі Қазақстандағы  ең ірі деген 100 кәсіпорынды өзінің тұрақты бақылауына алған көрінеді. [4]

Бағалы қағаздардың нормативтік құқықтық базасы

Қазақстан Республикасының  бағалы қағаздар рыногында (қор биржасында) айналыста болатын құжатты және құжатсыз, эмиссиялық және эмиссиялық емес, атамалы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар тиісті тұлғаның (жеке тұлғаның, заңды тұлғаның немесе өзге де тұлғаның) мүліктік құкығын куәландырады.

Бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 136, 139-баптарында және «Бағалы қағаздар туралы» Қазақстан Республикасы занының 11, 12, 15-18-баптарында және өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындалған акциялар, облигациялар, Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді валюталық, ноталары, қазақстандық депозитарлық қолхат және т.б. жатады.

Бағалы қағаздармен  куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаздар нысанына қойылатын  талаптар, сондай-ақ өзге де қажетті  талаптар заңи құжаттармен немесе соларда  көзделген тәртіп негізінде белгіленеді.

Қазақстан Республикасының  бағалы қағаздар рыногының объектілеріне:

  1. Қазақстан Республикасы резиденттерінің – ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
  2. Қазақстан Республикасының резиденті емес – ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сай тіркелген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
  3. Қазақстан Республикасының резиденттері – ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сай тіркелген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
  4. Халықаралық қаржылық ұйымдардың Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары;
  5. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
  6. Туынды бағалы қағаздар;
  7. Өзге де қаржылық құралдар жатады.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару Қазақстан Республикасының  тиісті заңнамалық актісінде белгіленген  талаптар мен тәртіп негізінде уәкілетті  орган жүзеге асыратын міндетті мемлекеттік  тіркеуден өтеді. Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік және коммерциялық банктер  бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық, инвестициялық, кәсіби қызметтерін  және бағалы қағаздар рыногына көрсететін қызметіне байланысты басқа да операцияларды  жүзеге асырады. Сонымен қатар Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногына қызметтер көрсету барысында  тиісті тұлғаларға бағалы қағаздар сатып  алуға қажетті банктік кредиттер  береді, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздар шығару бойынша банктік  кепілдік береді; эмитенттердің төлемдік агенттері функциясын орындайды; кепілге  қойылған бағалы қағаздарға орай банктік  кредит береді;бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының банктік шоттарын жүргізеді; бағалы кағаздар рыногындағы  операциялардың қорытындысы бойынша  ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырады.

Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногындағы  тиісті (кәсіби) операцияларын тек  уәкілетті мемлекеттік орган  беретін лицензия (лар) негізінде  жүзеге асыра алады.Бағалы қағаздар рыногындағы банктер өз клиенттеріне қызметтер көрсету процесінде аталмыш  рынокка байланысты коммерциялық және операциялық кызмет құпиясын құрайтын мәліметтердің жарияланбауына, сондай-ақ бөтен тұлғалардың пайдалануына жол бермеуге мүмкіндік беретін  талаптардың сақталуын камтамасыз етуге міндетті.Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын түрлі  операциялары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 129—134, 136,139-баптарымен, 715-бабының 3-тармағымен, 716-бабының 2-тармағымен; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабынына), б)-тармақшаларымен, 27, 28-баптарымен, 33-бабымен, 35-бабымен, 36—2-бабымен, 36-3-бабымен, 52— 1-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6)-тармақшаларымен, 54-бабының тиісті ережелерімен, 56-бабының а), б), в)-тармақшаларымен, 57-бабының тиісті ережелерімен, 58-бабының  тиісті ережелерімен; 42-бабының 1-тармағымен; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан  Республикасы заңының 3-бабының 1, 2, 4-тармақтарымен, 11-бабының 1-тармағымен, 12, 13-баптарымен, 16-32-баптарымен; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабымен, 4-30-баптарымен, 44, 45- баптарымен, 50-бабымен, 55-бабымен, 63-бабымен, 65-бабымен, 69-бабымен, 73, 74-бап-тарымен, 83, 84-баптарымен; «Каржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан  Республикасы заңының 9-бабымен, 12-бабымен; Қазақстан Ұттық Банкі мен  Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды  реттеу және қадағалау жөніндегі  Қазақстан Республикасы Агенттігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерімен, кейбір операциялар бойынша тиісті шарттармен реттеледі. [5]

Бағалы қағаздар рыногы

Бағалы қағаздар рыногының мәні өндірістің құлдырауына  жол бермеуде және қаржы жүйесінің  сауықтандырылуында маңызды мағынаға ие. Бұл рыноктың дамыған сатысында  қоғамдық өндірістің тиімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика  жүзеге асады. Қоғамдық өндіріс көбіне қоғамдык сұранысқа сәйкес келеді. Бағалы қағаздарды щығарушы өндірісін  кеңейтуге мүмкіндік беретін  қосымша ресурстары болғанда ғана пайда  табады, өндірістің эмитентпен кеңейтілуі және кәсіпорын табыстылығы дәрежесінің  жоғарлауы осы кәсіпорынның, бағасы күнделікті өсіп отырған акцияларын иеленетін инвестор үшін тиімді болып табылады. Сонымен, бағалы қағаздар нарығы ұлттық экономиканы дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екені белгілі. Сонымен қатар, бұл өте өткір құрал, оны дұрыс падалана білу қажет. Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде керек десеңіз, көрші Ресейде қалыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды қағаздар арқылы капитал қаншама тез және ауқымды көлемде шоғырланған болса, сонша аз уақытта және болжауға келмейтін тосын жағдайларға байланысты тарап кетеді екен..

Қазақстанның болашағы, экономикалық-әлеуметтік дамуы өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты екені белгілі. Қазақстан кәсіпорындары шығарған акциялар болсын, Қазақстан банкілерінің қаржылық қағаздары болсын, Үкіметтің міндеттемелері болсын, барлық бағалы қағаздар құнын, түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи ресурстары анықтайды деуге болады.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1998ж.
  2. ↑ Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. 27 желтоқсан 1994ж.
  3. ↑ "Құнды қағаздар және қор биржасы туралы" №2227 Президенттің заң күші бар жарлығы, 1995 жыл]ғы 21 сәуірде. Оған: 1995ж. 12.05. №2672; 1995ж. 12.23. №2720 - заңдарымен өзгерістер енгізілген.
  4. ↑ "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы. 30 наурыз, 1995 ж.
  5. ↑ Төлеуғалиев Ғ. «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы», Алматы – 2001

Бұл заң саласына арналған жаңа мақалаға бастама. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құнды қағаздар нарығы

 

Құнды қағаздар рыногы дегеніміз не? Ол финанс рыногының бір бөлігі екен. Қалған бөлігін банк қарызы рыногы құрайды. Банк, шын мәнінде, коммерциялық банк болса (мемлекеттік мекеме емес), қарызды бір жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Ал құнды кағаздарды шығара отырып (облигациялар, акциялар) олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Финанс рыногын осылайша бөлу капиталдың, айналмалы және негізгі болып бөлінуімен байланысты. Құндықағаздар рыногы банктың кредит жүйесін толықтырады, өзара байланыста әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктер құнды қағаздар рыногында аралық кызмет атқарушыларға жаңадан шығарылған баталы қағаздарға жазылу үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін құнды қағаздардың бір блогын бередi; 
Құнды қағаздар рыногының маңызды бөлігі ақша рыногы болып табылады, онда қысқа мерзімді (бір жылға дейін) қарым міндеттемелері бар казначейлік вексельдер (билеттер) айналыста болады. Ақша рыногы қолда бос тұрған ақшаларды мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың уақытша бос ақшаларын табыс табуға пайдалаиуға мүмкіндік жасайды. Онсыз толыққаңды финанс рыногының орын алуы мүмкін емес. 
Барлық рыноктар сияқты, құндықағаздар рыногы да сұраныс пен ұсынысқа, олардың бағасына тәуелді. Яғни құндықағаздар рыногы сатып алу, сатумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды. Рыноктың мөлшері қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесімен тікелей байланысты. 
Құнды қағаздар рыногы тікелей алғашқы және қайталама рыноктан тұрады. Алғашқы рынокта мемлекеттік және муниципиалды облигациялар, сол сияқты акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады. Оны финанстық және финанстық емес профильдегі әр қилы акционерлік компаниялар шығарады. Алғашқы рынокта құнды қағаздардың тікелей инвесторлары коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмалары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, финанстық емес корпорациялар және жеке адамдар (жеке инвесторлар). Олар биржа фирмалары мен инвестициялық банктер арқылы акциялар мен облигациялар сатып алады. Құнды қағаздардың қайталама рыногы эмитент құндықағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен сатуды түсіндіреді. Құнды қағаздар — спецификалық тауар, барлық тауар сияқты тұтыну қүны мен бағасы бар. Құнды қағаздардың тұтыну құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді, яғни процент (облигациялар бойынша) және дивиденд (акциялар бойынша) төлегенде, сонымен қатар құндықағаздардың күн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар. Құнды қағаздардың өздері туралы айтар болсақ, оның үш түрі бар. Олар акциялар, облигациялар және олардан туындайтын қағаздар.)  
Акцияларды корпорациялар шығарады, акциялар шығарудың өзі корпорациялар үйымдастырудың әдісі. Акцияны ұстаушы корпорация мүлігінің бөлігіне иелік ететін болады. Корпорациялар акцияларды шығарып, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, сөйтіп финанстың қуаттылығы артады. Акция иесі корпорация пайдасының бір бөлігін дивиденд ретіңде алып отырады. 
Облигацияларды корпорациялар да, үкімет те шығарып отырады. Облигация шығарушылар белгілі бір мерзімде (қарызды) және қарыз процентін төлеуге міндеттенеді. Ол —зайым арқылы алынатын пайданың бір бөлігі. Дивидендтен проценттің өзгешелігі тұрақты, әрі банк ставкаларының өзгерісіне тәуелсіз. Сондықтан да облигацияларды 
белгілі бір табыс әкелетін құнды қағаздар деп атайды. 
Әдетте процент зайымының қызмет мерзімі бойына бірдей 
үлеспен төленеді. 
Акция мен облигациялардың инвестициялық сапасы бірдей емес, яғни инвесторлар үшін тартымдылығы әр түрлі. Облигациялар, әдетте, акцияларға қарағанда жинақты сақталу кепілділігі молырақ. Әсіресе мемлекеттік облигациялардың төлем қабілеті өте жоғары. 
Құнды қағаздардың басқа да түрлері бар. Мысалы, ордерлер қозғалмайтын мүліктерге қатысты құндықағаздар, опциондар, фьючерлік келісімдер. Олар тәжірибелі инвесторлар үшін де, алып сатарлар үшін де тартымды. Инвестицияның сенімділігі мен табыс әкелу тұрақтылығы түрғысьнан ең сапалысы мемлекеттік облигациялар, әсіресе казначейлік билеттер. Олардаи кейін жеке облигациялар және ірі компаниялардың "көп дауысты" акциялары. Белгісіз, жаңадан ұйымдасқан фирмалар шығарған акциялар сапасы төмен дәрежеге жатады. Осыған қарамастан АҚШ-та 120 миллион қызметкердің 47 миллионы акционерлер болып табылады. Осыншама адамды қамтитындай акциялардың қандай тартымдылық күші бар? Біріншіден (бүл ең бастысы), болашақта ескі инвестициялардың еселеп өсуімен байланысты. Айталық, бір акцияны 100 долларға сатып алдыңыз делік, ал 10 жылдан кейін, егер кәсіпорын жақсы жұмыс істейтін болса, ол акция 1000 доллар табыс әкеледі. Екіншіден, акция ұстаушыларға дивиденд төленіп отырады (оның қатаң заңды нормасының болмағандығына қагамастан). Үшіншіден, акцияны үстаушының дауыс беру қүқы бар және кәсіпорын иесі ретінде басқадай да құқықтары бар. Төртіншіден, акцияларды сатып жіберу өте жеңіл. 
Құнды қағаздардың қозғалысы мынадай үш фазадан тұрады: аптаның үштен екісі, жаңадан құндықағаздарды ойластыруға, шамамен осындай уақыт оны алғашқы орналастыруға кетеді, ал осылардан кейін құнды қағаздардың өзіндік айналымы басталады. 
Құнды қағаздарға деген сұраныс халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесімен анықталады. Тұрмыс дәрежесі жоғары болган сайын, табыстың басым кепшілігі жинақталады да, адамдар құнды қағаздарды сатып алуда мүдделілік көрсетеді. Құнды қағаздар ұсынысы, онда сұраныспен анықталады. Құнды қағаздарға сұраныстың дамуы финанс жүйесін қайта құрумен тікелей байланысты. Құнды қағаздар рыногында қандайлық дәрежеде болмасын белсендiлiк күтер болсақ, салық жүйесiн жетiлдiрiп отыру да бүгiнгi уақыт талабы, рынок талғамы. 
Бағалы қағаздары бұл белгілі бір өзіндік формада шығарылатын мүліктік құқықтық міндетті көрсеткіштері көрсетілетін шығарушы мен оларды иеленушілер арасындағы қарым – қатынасты бейнелеп, қолдан қолға сатылатын, сондай-ақ мәлімдеу барысында төлемдерді алуға құқық беретін, қандай-да бір қаражат салғандығын куәландыратын ақшалай қаражатты білдіреді. 
Құнды қағаздардың мәні мынада, яғни капиталды иеленушінің қолында капиталдың өзі емес, құнды қағаз түріндегі жалған капитал формасы болады. 
Жалған капитал деп құнды қағаздың аталуы олардың өзіндік ішкі құндарының болмауын айтады.

 

Скачать

 

 

 

 

 

Скачать/Жүктеу

Қазақстан қаржы нарығы әлі де даму кезеңінде. Оның тиімді жұмыс жасауы және экономикадағы өзгерістердің нақты бейнесін көрсететін құралдарының бірі болып бағалы қағаздар нарығы және оның құрамдас бөлігі, яғни мемлекеттік бағалы қағаздар, нарықтың инфрақұрылымы және мамандандырылған инвестициялық институттар болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығы (немесе Капитал нарығы ағыл. Capital market) — құрамына бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары және т. б. жататын қаржы құралдарын сату-сатып алу операцияларын жүзеге асыратын қаржы нарығының құрамдас бөлігі.

Бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) қаржы нарығының  ең маңызды сегменті бола тұра, -  эмитенттерге инвесторлардың ақша қаражаттарын тартуға мүмкіндік беретін, ал инвесторларға ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға салу арқылы көбейту механизмі болып табылады. Бұл нарықта эмиссия – сатып алу – бағалы қағазды сату операциялар жүргізіледі. Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол талаптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар  болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпарат беріп тұруға міндетті. Бағалы қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы 18 жылға жуық қызмет атқарып жатыр. Оның алғашқы элементтері 1991 жылы ССРО-ның заңнамалық базасында акционерлік қоғам, брокерлік фирмалар, қор биржалары құрылған кездерінде пайда болды.

Қазақстанның республикасының экономикасындағы қаржы нарығының рөлін сипаттайтын негiзгi көрсеткiштер [1]

Бағалы қағаздар нарығы 

01.01.08г.

01.01.09 г.

ЖІӨ, млрд долл

104,5

131,7*

ЖІӨ-ге бағалы қағаздар нарғының кәсiби қатысушыларының активтерiнiң қатынасы, % (банкетрден басқа)

0,38

0,46

ЖІӨ-ге бағалы қағаздар нарғының кәсiби қатысушыларының меншiктi капиталының қатынасы, %

0,36

0,38

ЖІӨ-ге мемлекеттік емес бағалы қағаздардың KASE капитализациясына қатынасы, %:

   

Акция бойынша

9,82

11,24

Облигация бойынша

10,16

14,38

ЖІӨ-ге мемлекеттiк емес бағалы қағаздар бойынша KASE-та  мәмiлелер көлемiнiң қатынасыі, %

6,02

9,31

Бағалы қағаздар (Ациялар), олардың түрлері