Бағалы қағаздар нарығы
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ, ОНЫҢ ФУНКЦИЯСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Меншікті мемлекет иелігінен алу және
жекешелендіру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі ретінде
Жекешелендіру — елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.
Жекешелендіруді
ҚР Мемлекеттік мүлік
Қазақстанда
жекешелендіру процесін
ҚР
жекешелендіру бағдарламасына
• жергілікті аукциондар арқылы ұсақ кәсіпорындарды
сату;
• орта және ірі кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
• жеке жобалар бойынша аса ірі кәсіпорындарды
жекешелендіру;
• ауыл шаруашылығы салаларындағы және ауыл шаруа-
шылығы өнімдерін қайта өңдеу секторындағы
жекешелендіру.
Қазақстанда меншік реформасы негізгі үш кезеңнен өтті.
Бірінші кезең (кіші жекешелендіру) 1991 жылдан 1992 жылға дейінгі уақытты қамтыды және негізінен сауда объектілері мен қызмет көрсету салаларын сату, сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден аса ірі және шамамен алғанда 4000 шағын кәсіпорын экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті.
Бұл арада тек әрбір бесінші кәсіпорын ғана мемлекет иелігінен алынып, жеке меншікке өтті, негізінен ауыл шаруашылығы, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларыңдағы кәсіпорындар жекешелендірілді. Кіші жекешелендірудің аясында 11 000 нысан сатылды, бұл көрсеткіш оның шамамен 2/3 бөлігін құрады. Сондай-ақ бір мезгілде сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету салаларындағы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды орын алатын кәсіпорындардың 84%-ы жекешелендірілді.
Реформаның екінші кезеңі 1993 жылдан 1996 жылдың басына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл кезеңдегі жекешелендірудің қағидасы жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорға салу құқығына ие болды. Купондар, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін пайдаланылды.
Қазақстанның барлық азаматтары (балаларды қоса алғанда) купон кітапшаларын алды. Бұл арада халықтың материалдық жағдайындағы айырмашылықтарды жарым-жартылай өтеу мақсатында қала халқына 100 купон бойынша, ал ауыл тұрғындары үшін 120 купон бойынша есептелді. Ұлттық банктің желілері арқылы купон кітапшаларын таратып беру 1993 жылдың соңында аяқталды. Тұтастай алғанда 15,5 млн аса купон кітапшалары таратылып, халықтың шамамен 90%-ы қамтылды.
Инвестициялық купондар жеке иелерінің атына тіркелді және Чехия Республикасында пайдаланылған ваучерлік жекешелендіру сызбасындағы секілді жеке иелерінің атына тіркелген инвестициялық купондар сатуға немесе сатып алуға жатпады. Купондар тек оның (купон) орнына өз акцияларын шығаратын жекешелендірудің инвестициялық қорына (ЖИҚ) ғана салынатын болды. ЖИҚ өз кезегінде купондық аукционда мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алды. Оған шамамен 170 лицензияланған ЖИҚ қатыса алады.
Қазақстанда купондық аукциондарда сатылған
АҚ-ның салалық құрылымы
| Салалар | АҚ-ның жалпы санынан үлесі, %-бен |
| Газ өнеркәсібі | 1 |
| Геология | 4 |
| Ғылыми-зерттеу институттары | 3 |
| Жөндеу кәсіпорны | 12 |
| Жеңіл және жергілікті өнеркәсіптер | 13 |
| Металлургия | 1 |
| Мұнай өнеркәсібі | 1 |
| Машина жасау | 3 |
| Агроөнеркәсіп секторы | 14 |
| Құрылыс | 15 |
| Көлік және телекоммуникация | 13 |
| Химия өнеркәсібі | 2 |
| Энергетика | 1 |
| Көтерме сауда | 17 |
Жаппай
жекешелендіру бағдарламасына
1994 жылдың мамырынан 1996 жылдың ақпан айына дейін Қазақстандағы 22 купондық аукционда 1700-ден аса кәсіпорын сатуға ұсынылды. Онда номинал құны 1261,5 млн теңгені құрайтын кәсіпорынның жарғылық қорын көрсететін акциялар сатылды.
Республика халқына берілген купондардың жалпы саны — 1,5 млрд, оның 1131,5 млн халық ЖИҚ-қа табыс етті. Барлық жиналған купон аукциондар барысында өтелді.
1996 жылдың басында жекешелендірілген кәсіпорындардың шамамен 60% жарғылық қоры жеке меншік иелеріне берілді (кіші жекешелендірудің объектілерін қоспағанда). Фармацевтикалық компанияларды жекешелендіру процесінің нәтижесінде республикадағы барлық дәріхананың 57%-ы жеке меншікке өтті. 1997 жылы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы 2900-дан да көп объектілер жекешелендірілді. Осылайша, 1991 жылдан бастап 17 мыңнан да көп кәсіпорындар мен ұйымдар меншік иелерінің қолына өтті.
Үшінші кезең — жеке жобалар бойынша жекешелендіру. 5000-нан асатын адам жұмыс істейтін аса ірі кәсіпорындар мен айрықша маңызы бар мемлекеттік кәсіпорындар, мәселен, кен өндіруші өнеркәсіптер немесе табиғи монополиялар жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде жекешелендірілуі керек болатын. Тұтастай алғанда бұл санатқа шамамен 170 кәсіпорын кірді.
Мұндай тәсілдердің мақсаты — әрбір кәсіпорынның жағдайына барынша назар аударатын шешім қабылдау. Жаппай жекешелендіру бағдарламасына қарағанда мұнда мемлекет үлесін және инвестордың жеке меншік үлесін анықтаудың үлгілері болған жоқ. Әрбір компанияның сатылу әдістері де бір-бірінен өзгеше болды, алайда олардың басқарылуы үшін халықаралық тендер мен келісімшарттарды жүзеге асыру көзделді.
Ауыл шаруашылығы салалары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторында да жекешелендіру аз жүргізілген жоқ. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар саны шамамен 4000 болды. Мемлекеттік кәсіпорындар ұжымдастырылып, ұжымның жекелеген мүшелеріне жер берілді.
Агросервис пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторының мемлекеттік кәсіпорындары да осы бағдарлама бойынша акцияларды ұжымға, жеке қызметкерлерге және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берумен жекешелендірілді. Мұнда баға инфляцияға қарай түзетіліп, қолайлы деңгейде белгіленді. Бірнеше ірі қайта өңдеу кәсіпорындары жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде сатылды.
Қазақстан—2030 даму стратегиясында көзделген міндеттердің біріне республикадағы агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың, орта және шағын кәсіпорындардың, жылжымайтын мүліктің жекешелендіру процесін толық аяқтау жатады.
1999-2000 жылдарға арналған меншікті жекешелендіру және мемлекеттік тұрғыдан басқару бағдарламасына сәйкес кен өндіру, көлік, мұнай өңдеу, темір жол және әуе көлігі, энергетика кешені, уран өндірісі секілді стратегиялық маңызы жоғары экономика салаларындағы нысандардың меншіктік құқығын мемлекет өзінде қалдырды. Үкімет экономиканың нақты салаларын мемлекет иелігінен алудың негізгі бағыттарын анықтап, реттеуші заңдық және әкімшілік базаларды дамытудың стратегиясын жасады.
6. Жекешелендірілген нысандардың саны
| Жылдары | Кіші жекеше-лендіру | Жаппай жекеше-лендіру | Ауыл шаруашы-лығындағы жекеше-лендіру | Жеке жобалар бойынша жекеше-лендіру | Барлығы |
| 1994 | 2748 | - | 918 | - | 4147 |
| 1995 | 2477 | 147 | 513 | 5 | 3142 |
| 1996 | 3393 | 497 | 138 | 28 | 4056 |
| 1997 | 5590 | 1122 | 18 | 47 | 11876777 |
| 1998 | 2539 | 514 | 9 | 11 | 3073 |
| 1999 | 2153 | 161 | 4 | 0 | 2318 |
| 2000 | 1581 | 129 | 11 | 3 | 1724 |
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша.
Кәсіпорындарды
жекешелендіру олардың
• компаниялардағы жұмыспен қамтылудың
көрсеткіші орта есеппен
• жаңа меншік иелерінің тарапынан қаржылық инвес-
тицияның көлемі артқан;
• жекешелендірілген кәсіпорындардың пайда көлемі
өскен;
• мемлекеттік сектормен салыстырғанда жеке
сектордағы жұмыспен
деңгейі жоғары;
• жекешелендірілген кәсіпорындар ұсынған
тауарлардың ассортименті бай;
• баға деңгейі кеміген.
Қызмет
көрсету саласының, атап
Қазақстандағы
жекешелендіру процесінде
Қазақстан жекешелендіру процесінде USAID жобалары арқылы шетелдік сарапшылар мен кеңес берушілердің көмегін және шетелдік компаниялардың жәрдемін пайдаланды. Бұл шетелдік инвесторлар үшін процесті анық және түсінікті етті.
Жекешелендіру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қа-лыптастырудың негізі болып табылды. Акционерлік қоғамдардың құрылуы акциялардың шығарылуына жол ашты. Бұл акциялар аукциондарда, тек алғашқы нарықта ғана сатылды, яғни олардың алғашқы орналасуы ғана болды. Акционерлік қоғамдардың ашылуы, акциялардың шығарылуы, ЖИҚ-тың құрылуы бүгінгі тандағы Қазақстан бағалы қағаздар нарығын қалыптастырған базис болды.
Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары
Бағалы
қағаздар нарығын олардың
Бұл
нарық түрлерінің жіктелінуі
бағалы қағаз түрлерінің
• халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
• ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
• нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция,
облигация және т.б.);
• мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес)
бағалы қағаздар нарығы;
• алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.
Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:
• коммерциялық — осы нарықтағы операциялардан
пайда табу функциясы;
• мақсатты — нарықтық бағаны қалыптастыратын
процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б.
қамтамасыз етеді.
• ақпараттық — яғни, нарық өз қатысушыларына сауда
нысандары мен оның
нарықтық ақпараттарды
• реттеуші — ондағы нарық сауда және оған қатысудың
ережесін,
қатысушылардың арасындағы дау-
шешудің
тәртібін жасайтын болса,
бақылау
органын немесе басқару
белгілейді.
Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:
• қайта бөліну;
• баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция. Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:
• нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын
қайта бөлу;
• ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан
өнімді формаға ауыстыру;
• инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша
ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет
тапшылығын қаржыландыру.
Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.
Бағалы
қағаздар нарығындағы сауда
• алғашқы және қайталамалы;
• ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
• биржалық және биржадан тыс;
• дәстүрлі және компьютерлендірілген;
• кассалық және мерзімді нарықтар.
Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар — вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары — банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа бөлуге болады.
1. Жоғары имиджі бар мемлекет, муниципалиттер, аса ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды: оларды әрдайым үлкен мөлшерде қабылдай беруге болады. Бұл мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздар жоғары табысты әрдайым қамтамасыз ете бермейді, алайда олардың сенімділік деңгейі жоғары. Сол себепті де халықтың кейбір бөлігі (зейнеткерлер, жалғыз бастылар, асыраушысынан айырылған немесе қамқоршысы жоқ отбасылар және т.б.) қатерге бастарын тікпей-ақ, өз қаражаттарын осындай қағаздарға салуды жөн көреді.
2. Қаржылық институттар бағалы қағаздармен опера-цияларды жүзеге асырады (коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтаңдыру қоғамдары, зейнетақы қорлары және т.б.). Олардың көбісі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке тұлғалардың) қаражатын біріктіреді және олардың қаражатын табыс түсіретін бағалы қағаздарға салудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияның бақылау пакеттерін иеленуге ұмтылады немесе тәуекелдіктен қашып, өз капиталдарын экономиканың әр түрлі салаларына орналастырады.
3. Жеке инвесторлар — жеке тұлғалар, оның ішінде венчурлік бизнестегі шағын кәсіпорындардың иелері.
4. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуі олардың бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуін оңайлатады. Бір немесе бірнеше қызмет түрлерімен айналысу құқығына тиісті лицензия алуы үшін қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына бірқатар талаптар қойылады:
• заңды тұлғалар штатына тиісті қызметпен айналысу
құқығына біліктілік куәлігі бар мамандар қажет
болған жағдайда қойылатын
талап қалыптасқан әлемдік іс-
отыр. Нарықтық экономикасы дамыған барлық
елдерде арнайы білімі бар тұлғалар ғана қаржы
нарығында клиенттермен жұмыс істеуге жіберіледі;
• бағалы қағаздар нарығының кез келген кәсіби қаты-
сушысы заңға сәйкес
формада акционерлік қоғамға тіркелуі тиіс — бұл
оның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына
қойылатын талап;
• қаржылық талап — бұл кәсіби қатысушының өзіндік
капиталының жеткілікті болу деңгейі. Таза өзіндік
капитал — бұл кәсіпорынның міндеттемелерінен тыс
активтері. Жарғылық капитал — заңды тұлғаның
құрылтайшыларды немесе
арқылы істі ұйымдастыру үшін салым ақша ретінде
тартатын қаражаты. Өкілетті органдар жарғылық
капиталдың емес, өзіндік капиталдың жеткілікті болу
деңгейін белгілейді.
Кәсіби қатысушыға өз қаражатын сеніп тапсырған инвестор өз активінің барлық қауіптен сақталатынына сенімді болады. Инвесторды кәсіби қатысушының мәселелері толғандырмайды. Сондықтан да соңғысының өзіндік капиталы инвестормен есеп айырысуына жеткілікті болуы қажет, содан кейін ғана өз уәдесінде тұрмаған контрагенттермен, банктермен және т.б. байланысты туындаған проблемаларын өзі шешеді.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына мыналар жатады:
1. Сауда алаңы:
• биржалық. Бүгінгі таңда Қазақстанда өз қызметін 1997
жылы бастаған қор биржасы (KASE) ғана әрекет етеді;
• биржадан тыс.
2. Сауда агенттері:
• брокерлер — бұл клиент атынан және клиент есебінен
операцияларды жүзеге асыратын делдалдар;
• дилерлер — бұлар операцияны өз атынан және өз
есебінен жүргізетін делдалдар.
Қазақстанда
брокер-дилерлік қызметтің
3. Қор нарығының инфрақұрылымына кіретін ұйымдар. Оған мыналар жатады:
1) депозитарий — клирингтің, номинал ұстаушының, төлем агенттігінің және т.б. функцияларын жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушысы. Қазақстанда 1997 жылдың 16 мамыр айында құрылтай шешімімен құрылтан, әрі 1997 жылдың 18 шілдесіндегі N12301-1910-АО номерімен Алматы қаласының Әділет басқармасында заңды тұлға ретінде тіркелген «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы бар. Қоғам ҚР «Акционерлік қоғам туралы» Заңына сәйкес 1999 жылдың 28 қазанында және 2002 жылдың 9 сәуірінде қайта тіркелді. Коммерциялық емес ұйымдар орталық депозитарий болып табылады және олар мынадай негізгі функцияларды орындайды:
• номинал ұстаушыны жүзеге асыру;
• эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқа да қаржылық
құралдар бойынша құқықтарды ескеру және
мәмілелерді тіркеу;
• номинал ұстаушыға қаржылық құралдар мен
мәмілелер бойынша және оның табыс төлемі бойынша
төлем агенттігінің функциясы;
• қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша клиринг;
• ҚР заңдарына қайшы келмейтін кеңес беру,
ақпараттық және басқа да қызмет түрлері.
2) тіркеушілер — ҚР заңдарына сәйкес құрылған әрбір акционерлік қоғам бағалы қағаздар эмиссиясы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап, бір ай ішінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін енгізуді және сақтауды қамтамасыз етуі керек.
Бағалы
қағаз ұстаушыларының мүліктік
құқығын және мүдделерін
Номинал ұстаушылар клиенттердің бағалы қағаздарымен болатын мәмілелерді және олардың ауыртпашылық түсірген фактілерін тіркеу бойынша функцияларды орындайды. Олардың иелік ету құқығын растайды, клиенттерде бағалы қағаздардың болуын және олармен мәміле жасаудың мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, төлем агенттігінің функциясын орындайды, клиенттерді бағалы қағаздардың номинал ұстаушыларына берілгені жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сондай-ак номинал ұстаушыларымен жасасқан келісімшартқа сәйкес басқа да функцияларды орындайды. Номинал ұстаушылардың қызметі ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі берген лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздармен байланысты меншік иелерінің құқығын жүзеге асыру үшін тіркеушілердің талап етуі бойынша номинал ұстаушылар тіркелген бағалы қағаз иелерінің тізімін нақты бір күнде беруте міндетті. Номинал ұстаушыларға аталған ақпаратты ашу құқығын бермеген бағалы қағаз иелері кірмейді.
Тіркеушінің функциялық міндеттемесі мыналарда:

- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағдарламалау тілдері
- Баденская школа философии
- Бад и пищевые добавки
- База данных
- База данных
- База данных
- Әлеуметтік норма
- Бабидское восстание в Иране
- Багатопартійність і демократизація суспільства в Україні
- Багковская система РФ
- Баға құралу әдістері, баға функцияларының мазмұны мен маңыздылығы
- Бағалы қағаздар (Ациялар), олардың түрлері
- Бағалы қағаздардың түсініктемесі