Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы жалпы мәлімет

Кіріспе

 

 

Мен Тур – 401 тобының студенті, Мұқатаева Гүлнұра, 2015 жылдың  26.01.-04.04 мерзім аралығында Баянауыл мемлекеттік ғылыми-өндірістік мекемеде тәжірибеден өттім. Бұл біз үшін болашақта туризм саласының  мамандары ретінде үлкен сынақ болды және біраз тәжірибе жинауға негіз болды деп айтуға болады.

Мақсаты – оқыту барысында және алдындағы практикалардан өту барысында алынған білімдерін бекіту және тәжірибелік икемділіктерін меңгеру.

Практиканы өту кезінде алға қойылған міндеттер:

- Баянауыл ұлттық паркімен танысу;

- Баянауыл ұлттық паркінің туризм жағдайымен танысу;

- Баянауыл ұлттық паркінің көрікті орындарына шолу жасау;

-көрікті жерлері жайлы ақпарат алу;

-өз білімінді кеңейту мақсатында тәжірибе жинау.

Практика өту барысында барлық күндері біздің практика өтуімізге жауапты практиканы жүргізуші болды. Ол бізге әртүрлі тапсырмалар беріп, оларды орындау нәтижелерін қадағалап отырды. Практиканың бірінші күні, яғни 26.01.15ж күні Баянауыл ауданына келдік. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы жалпы мәлімет

 

 

1.1 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің сипаттамасы

 

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Павлодар облысының оңтүстік-шығысында (Баянауыл ауданында) Екібастұз қаласынан 100 шақырым жерде Орталық-Қазақстандық ұсақ шоқылардың шетінде орналасқан Қазақстан Республикасындағы ұлттық парк. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қатарына кіреді. Баянауыл тауларының ортасында Сабындыкөл жағасында орын тепкен. Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген:

- Баянауыл орманшылығы – 19188 га;

- Жасыбай орманшылығы – 22904 га;

- Далба орманшылығы – 8596 га.

Баянауыл ауылының өзі − өте көрікті жер, халқы 4472 адамды құрайды. Тарихы 1826 жылы казак станицасының құрылысынан бастау алады, оның алғашқы атаманы болып болашақ этнограф, географ, саяхатшы                      Г. Потаниннің әкесі Н. Потанин болған. Ол кезде халық саны 800 адамды ғана құраған екен. Ал 1833 жылы ғана Баянауыл округ болып құрылды.

Баянауыл елдімекені – курортты аймақ, ол 1985 жылы Ұлттық табиғи саябақ статусына ие болды. Саябақ табиғаты өте ерекше жаралған табиғатымен әйгілі: Баянауыл таулары батыстан шығысқа қарай 40-50 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 шақырым. Ең биік нүктесі – Ақбет тауы, ол 1026 м биіктікте. Таулы-орманды оазис 450 шаршы шақырымды алып жатыр, оның негізгі ерекшелігі – жартастар (Кемпіртас, көгершін, Булка (Найзатас), аттың басы, тас жастықтар және т.б.), Сабындыкөл (ауданы 7,4 шаршы шақырым) және Жасыбай (ауданы 4 шаршы шақырым) көлдері, үңгірлер (Әулиетас 22 м) және Драверта үңгірі (тастағы жазулар), Құмыра (сарқырамасы бар 3 м), тас шатқалдары және т.б. көрікті жерлердің болуы.

Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдері жыл сайын мыңдаған туристерді қарсы алады, бұл үшін көл жағалауларында демалыс үйлері мен пансионаттар көптеп орналасқан.

Парк 1985 жылы құрылып, Қазақстанның бірінші ұлттық паркі болып табылады. Баянауыл тау сілемінің табиғи өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі паркті құрылуына негіз болып табылды. Парктің жалпы аумағы 68453 га. құрайды.

 

1.2 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің физикалық-географиялық жағдайы

 

Парктің аумағы Қазақтың ұсақ шоқылары шегінде орналасқан, ол жоғарғы палеозой кезеңінің өзінде ірі таулы мекен ретінде қалыптасып, континенттік құлдыраудың ұзақ тарихын басынан кешірді, сондықтан қазіргі уақытта оның қатысты шағын биіктіктері бар (теңіз деңгейінен 400-ден 1027 м-ге дейін жоғары). Баянауылдың ең жоғары нүктесі (1027 м) − Ақбет тауы. Аңыз бойынша тау Ақбет деген қыздың құрметіне аталды, өзі сүймейтін адамға тұрмысқа бергені үшін таудан құлаған.

Гидрографиялық торабы Баянауыл тауларының солтүстік–шығыс, солтүстік-батыс беткейлерінен, солтүстігінде Акбет тауларынан, батысында – Ақкарағай, Шибет, Огелең, оңүстігінде – Нияз тауынан ағып шығатын көлдермен және көптеген өзендермен көрсетілген. Су жиналымының таулы бөлігінде бұлақтар бастауын реттейтін және кіші су ағындарының басында тұрақты беткейлік ағынды ұстап тұратын бұлақтар мен сарқыншалар күйінде жарықтық сулар шығып жатады. Баянауыл ұлттық паркінің территориясында 9 көл бар. Алты көлдің су беті айдыны 1 км2 аз, және үш көл (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр)1 ден 7,4 км2, барлық көлдердің жалпы қосынды акваториясы 15,3 км және ұлттық парк аумағының 3 % алып жатыр. Ұсақ көлдері аласа жерлерде уақытша суайрықтарда және ірі көлдерді жағалай орналасқан. Баянауылдық көлдер тобына керемет беткейлі жағалаулар тән. Көлдердегі су ағынына жауын-шашынды көп алатын көлді қоршаған кеңістіктен көлге қарай беткейлермен су жылдам ағып жарықтар арқылы ішкерілей енетін кристаллды жыныстар көлге тұрақты жер асты ағынсуы түрінде түседі. Сондықтан суы тұщы айтарлықтай терең көлдер қатпайды.

Ең ірі көл − Сабындыкөл (тура аудармасы − «мыльное озеро»), оның жағасында Баянауыл кенті орналасқан. Көл өзінің ерекше, жұмсақ, сабынды суына байланысты солай аталған. Аңыз бойынша Баян сұлу кезінде әдемі ұзын шашын жуып отырғанда сабынын суға түсіріп алған. Сабындыкөл көлі Баянауыл ауылында, Ақбет пен Нияз тауларын екіге бөлген орында орналасқан. Су жиналым ауданы жалпы 35,9 км2, су бетінің айдыны 7,4 км2. Көл қазаншұңқыры Баянауыл тауларында орналасқан. Су айрықтың абсолютттік белгілері 50-1022 м шегінде ауытқиды. Суқойманың қазаншығы ретінде ендік тектоникалық жарылыспен жасалған қазаншұңқыр болып табылады. Ағаш өсімдік түрлері су жиналым ауданының 75 % алып жатыр, шамамен 4-5 % батпаққа айналған. Көл жоспар бойынша қисық алмұрт тәрізді пішінге ие және жағалау сызығы қаттты тілімденген. Оның батыс шегіндегі су беті мен солтүстік-батыс жағалауының уақытша суағының арнасы жағалаудан құрақпен қапталған. (ені 10-200 м). Оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағалаулары ені 5-10 м және кей жерлері ірі жартасты тау беткейлерінен құралып, шығысыстағы обвалды жағалауының биіктіі 5-7 м биіктікке ие және жартасты болп келеді. Максималды амплитудасы су деңгейінен шамамен 2,7 м ауытқиды., жылдық сулы жылдар бойынша орта есеппен 0,6 м. Көлдің ең терең жері 9,5 м, басым тереңдігі 6м. Көлдің суы тұщы, су құрамы гидрокорбонатты натрийлі. Судың температурасы 2,8 ден 19,3 ˚С-ға жетеді.

Ең мөлдір және көлемі бойынша екінші көл − Жасыбай көлі, ол таулар арасындағы қазаншұңқырда орналасқан. Жасыбай жағажайынан ашылатын көркем көрінісіне және өзінің таза суына байланысты шомылуға арналған тартымды көлдердің бірі болып табылады. Аңыз бойынша жағада басқыншылармен шайқасқан кезде қаза тапқан қазақтың Жасыбай батыры құрметіне аталған болатын. Жасыбай көлі Ақбет пен Өгелең шыңдары арасындағы жазық тәрізді терең өткелде орналасқан. Су беті айдыны 3,7 км2, су жиналым көлемі 31,7км2. Орманмен жабылуы 90 % . Су қойма қазаны ретінде бөлшектенген беткейлі тауаралық ойыс болады. Көл жоспар бойынша алмұрт пішінді жоспарға ие. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде жартасы арал орналасқан (100-300 м). Жағалаулары тау беткейлері граниттерден құрылған көбінде тік құзды тауаралық тектоникалық ойысты келеді. көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде жартасы арал орналасқан (100-300 м). Жағалауларын көбінде гранитоидтармен қалыптасқан тік және эрозиялық тораппен қатты тілімденген тау беткейлері құрайды. Кей жерлерде биіктігі 2,4 м жайпақ жаға орналасқан. Жағалау жағажайы жіңішке келген (10-30 м), құмды. Түбі тегіс, құмды әр жерде тас кесектері бар. Максималды тереңдігі 14 м, көп жерінде 9-10 м. Көл суы тұщы, аммиак іздері табылған.

Торайғыр көлемі жағынан үшінші және теңіз деңгейінен барынша жоғары орналасқан көлдердің бірі болып табылады. Оның суы Жасыбаймен салыстырғанда соншама мөлдір емес, сондықтан ол шомылуға келе қоймайды, бірақ онда көптеген балық бар, әсіресе сазан, осыған байланысты бұл көл көптеген балықшыларды қызықтырады. Бұл көл балалық шағы осы жерде өткен қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров құрметіне осылай аталған (көлдің жанында орналасқан аттас кентте және ақынның құрметіне аталған мұражай жұмыс істейді).

Торайғыр көлі Баянауыл тауларының солтүстік жағалауында орналасқан. Су жиналымының жалпы ауданы 2,9 км2, ал су бетінің айдыны – 1,9 км2. Су жиналымы таулы және шоқылы бөлікке анық бөлініп жатыр; алғашқысы оңтүстікте орналасқан (Баянауыл мемлекеттік ұлтық парк аумағында), екіншісі солтүстікте (парк аумағынан тыс жерде). Таулы суайрық бөлігінде абсолютті белгілер 800-1027 м жетеді (Ақбет тауы). Су жиналымының таулы, неғұрлым активті бөлігі тік, көбінесе жартасты беткейлі жерлер аралас ормандармен, ал етектерінде өскіндер мен шіліктермен тілімденген. Алқаптың солтүстік шоқылы еніп кеткен бөлігінің тереңдігі 15-50 м болатын таяз логтармен бөлшектенген. Ормандар мен бұталар 35 % алып жатыр. Су қойманың қазаншығын тектоникалық түзілісті суға толы терең беткейлі ойыс құрайды. Көлдің су беті өсімдіктерден бос. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде мөлшері 80х250 және 30х8 м тең болатын екі жартасты арал орналасқан. Оңтүстік және батыс жағалаулары кристалдық жыныстардан құралған тік және биік. Шығыс және батыс жайпақ жағасының беткейлері (биіктігі 4 м) көп мөлшерлі ұсақталған және кесекті ірі түйірлі құмдардан құралған. Түбі тегіс, қатты құмды-гравийлі орталыққа қарай сәл қисайған. Максималды тереңдігі 11 м, көп жерінде – 6 м. Көл суы біраз тұзды, құрамы гидрокарбонатты-хлорлы натрилі.

Біржанкөл көлі Баянауыл ауылынан 24 км де Жаманауыл мекенінен солтүстікке қарай орналасқан. Су жиналым ауданы: жалпы 4,6 км2, көлдің орташа ауданы – 3,9 км. Көлдің суы ағынсыз. Солтүстік батыстан оған ұзындығы 10 км, құяр жерінде ені 510 м сайға ие. Көл суының қөректену жер үсті және жер асты суларының үлесінен жүреді. Көлдің қазаншығы дөңгелек пішінге ие және су жиналымының солтүстік бөлігінде орналасқан. Көл 25 % өскіндермен жабылған. Су жиналымы беткейлі шатқал ерекшеленеді; шатқалдарының қатысты биіктігі 50-300 м. Көлге жақындаған жерінде шатқалдардың биіктігі айтарлықтай төмендеп, беткейлері тегіс келеді. Алап тауаралық жерде, Оңтүстік-шығыс бағытта созыңқы және ең биігі 478,1-635,9 және 745,5 м жететін Айыртас, Қазқонған, Қойтас таулары мен шоқылар беткейлерімен қоршалған. Оңтүстігі мен солтүстігінде беткейлері тік, каранитоидтардан құралған, батысы мен шығысы тегіс, ірі кесекті құмдардан құралған. Көлге жол барлық жақтарынан бар. Түбі тегіс, орталығына қарай сәл қисықтау. Максималды тереңдігі 4,5-5,0 м, басым жерде – 4 м. Көлдің суы тұщы.

Сарықамыс көлі ағынсыз, Жасыбай көлінен батысқа қарай 11,5 км жерде Баянауыл тауларының солтүстік-батыс негізінде орналасқан. Ол гранитті Баянауыл массиві мен шоқы эффузияларының байланысына негізделген. Көл ұзындығы 500 м, ені 100 ден 250 м. Жағалаулары тегіс және балшықты, саздақты, шөгінді әне ұсақ жұмыр тас құрамдас. Жағалаулары кей жерлерде қамыспен жабылған. Көлдің өзінде шөп өсімдігі бай емес. Көлдің тереңдігі 1,5 м астам.. Сарықамыс көлі мен атауы жоқ бірнеше ұсақ көлдер батысқа қарай орналасқан және ендіктік бағыттағы жарыққа негізделген. Көлден оңтүске қарай Баянауыл таулары орналасқан, солтүсктікке қарай шатқалды шоқылармен сипатталады. Шатқалдарының биіктігі 50 м жетеді. Көлдерге жақындаған жерінде шатқалдарының биіктігі азайып, 2,5 м жетеді.

Құмдыкөл көлі Біржанкөл ауылынан 5 км қашықтықта (Баянауыл тауларының солтүстік-батыс негізінде) орналасқан. Көлдің ұзындығы 500 м шамасында, ені 100-150 м және 400 м. Көл шоқыаралық төмендеуге бейімделген. Сужиналымы шатқалды бедермен ерекшеленеді. Шатқалдарының биіктігі солтүстік-батысқа қарай 70 м жетеді. Дегенмен көлге жақындай бере шатқал биіктіктері айтарлықтай азаяды. Көлден оңтүстік пен шығысқа қарай шатқал құламасы 30-35 градусқа жетеді. Көлден солтүстікке және солтүстік батысқа қарай шатқал беткейлері айтарлықтай тегістеледі (15-20 градус). Көл жағалаулары бойынша шөгінді мен гравий құрамды құмды-сазды сулар таралған. Көл қазаншұңқыры алмұрт тәрізді пішінге ие. Көл тереңдігі 1,5 м жетеді. Баянауыл тауларынан солтүстікке қарай ұлттық парк аумағы көлемінде тағы да басқа көл тізбектері бар. Бірақ олар өте ұсақ және жаз мезгілінде толық кеуіп қалады. Көлдердегі мұздың орнауы көбінде қазанның аяғында кейде қарашада бақыланады. Көлдер наурыздың соңында ери бастап, сәуірдің аяғында немесе мамырдың басында мұздан толық босайды. Қыстың соңында жағажай учаскелеріндегі мұз қалыңдығы 0,9-1,1 м; өсімді жерлерде 0,6-0,7 м. Қар қалыңдығы мұз бетінде орта есеппен 5 тен 25 см жетеді. Тереңдігі шамалы болғандықтан су температурасының тік тұздануы көп болмайды. Су температурасы мұз еру кезеңінде 0-ге тең болады. Мұз қабатының қалыптасуынан кейін жазда жиналған жылудың кейбір мөлшерінен көл түбінен бастап жылиды. Қар ерігеннен кейін мұз астындағы беткі су қабатты күн радиациясының мұздан біртіндеп өуінен жылу алады. Қысқы және көктемгі соңғы жылулар нәтижесінде олардың мұздан жалпы босау уақытында 1,5-3,5 °С құрайды. Мұздан босаған соң көл температуралары 11-15 °С жетеді. Шілде-тамыз айларында 15-23 °С.

Ұлттық парк аумағында 20 шақты бұлақтар мне уақытша су ағындары бар. Ең ірілері: Шетеспе, Кенді, Телеубұлақ (Малдыбұлақ), Рыбный ключ, және Баянауыл тауларының шығыс беткейінде , Жасыбай көлінің батысында орналасқан бірқатар атаусыз бұлақтар.

Шетеспе өзені (Еспе) Баянауыл тауларының оңтүстік-батыс беткейінде ағын түзеді, Малайка шатқалында жер асты суларының арқасында екі бұлақ түрінде тұзды тартылуға таяу Комбобсор көліне келіп құяды.өзеннің ұзындығы 33 км, сужиналымының ауданы 227 шаршы шақырым. Негізгі салалары: атаусыз, (оң жағасы 27 км, ұзындығы 4 км); атауы жоқ (оң жағалауда 21 км, ұзындығы 6,5 км). Суағындарының жалпы ұзындығы алап бойынша 62,2 км. Жоғары ағысындағы су аңғары 25 км дейін бастауында анық көрінген (ені 0,3-0,5 км) және биіктігі 10-20 км тік беткейлері бар. Төменгі ағысында өзен өте кең аңғармен ерекшеленеді ені 3-5 км болатын түбі тегіс келген. Тегіс беткейлері садақ пен саздауыттан құралған. Су алабы бастауынан бастап 25 км жетеді. Бастауынан әлсіз көрінген, ағыс бойынша төменірек 0,5 тен 0,8 км-ге ұлғаяды және басым жерде тегіс бетке ие. Алабы барлық ені бойынша тек қана 3-4 м-ге суға толып, эрозиялық кесек тереңдігі 0,5-1 м аспайды. Арнасы құмды-гравилі шөгінділерден құралған. Жазда өзен барлық ұзындығы бойынша кеуіп, қатты терең бөліктерінде жеке тұтас қара су сақталып қалады.

Аты жоқ өзен (Шетеспеден солтүстікке қарай) бастауын Баянауыл тауларының солтүстік-шығыс беткейінен алады. БМҰТП аумағында 600 м биіктікте бұлақ суларының нәтижесінде қалыптасады. Өзен ұзындығы 6 км, сужиналым ауданы 14,9 шаршы шақырым. Құяр салаларынан өзен суы айтарлықтай көбейеді. Алап белгілерінің ауытқуы 200 м. Негізгі ағын түзуші бөлігі таулы бөлікте, эрозиялы арнасы жер асты суларына дренизирлеуші әсер тигізеді, нәтижесінде жаз мезгілінде бұлақ басында ағын пайда болады.

 Тілеубұлақ өзені (қорғау зонасында орналасқан және ҚР 2005 жылдан №657 қаулысына сәйкес, ерекше құнды гидрологиялық объекттерге енеді) Баянауыл тауларының солтүстік және шығыс беткейінде қалыптасып, саздақ жазығында жоғалып кетеді. Бұлақтың ұзындығы 7 км, су жиналым ауданы 6 шаршы шақырым. Эрозиялық қызметі жер асты суларына дренизирлеуші әсер береді, нәтижесінде жыл бойылық беткі және орта ағысты қамтамасыз етіп тұрады. Тереңдігі 400 мм. Өзен алабы орта ағысында 1,5 км дейін кеңіп, тегіс беткейлі болып келеді. Алап ені 0,1 км дейін орта ағысында ұлғаяды. Арнасы жоғары ағыста 5-8 м, орта ағыста 20-25 м жетеді.

Кенді өзені – Ащысу өзенінің саласы. Бастауын Баянауыл тауларының батыс және солтүстік-батыс беткейінен басталатын бес бұлақтын құйылу жерінен алады. Оның айтарлықтай мол сулы сол жақ саласы Аққарағай жотасының шығыс беткейінде және Жамбақ жотасының оңтүстік-батыс беткейінде қалыптасатын екі атауы жоқ бұлақтардан пайда болады. Өзеннің ұзындығы 46 км, сужиналым ауданы 365 шаршы шақырым. Өзеннің жалпы құламасы 250 км, орташасы 5,4 %, бастауында 6-7 % өседі. Арнасы барлық ұзындығы бойынша шамалы иректелген, ені 4-6 м. Жазда өзен құрғап, орта және төменгі ағысында қара су бірігуі бақыланып, жоғары ағысында жазғы-күзгі кезеңде тұрақты ағын байқалып, жиегіне қарай азаяды.

 Рыбный ключ (Шорманның сазы) бұлағы Сабындыкөл көлінің негізгі сукөзі болып табылады. Бұлақ алабы Сабындыкөл су жиналымының 60 % құрайды. Көлдің салалармен санағанда жалпы ұзындығы 31,3 км, су жиналым ауданы 65,3 км2, өзеннің жалпы құламасы 137 м, орташа құламасы 11,4 %. Рыбный ключ бұлағы бастауын Жалаңбас тауынан екі атауы жоқ құраушысы арқылы алады. Алаптағы су ағынның жалпы ұзындығы 40,9 км, өзен торабының шоғырлығы 0,63 км2. Сужиналым шегінде, әсіресе таулы бөлігінде шашыраңқы және жинақы бұлақтар мен бөлек түрдегі сынықтық су көздері бар. Сужиналымының жазықтық бөлігіне келгенде бұлақ суының бір бөлігін жол бойы қалдырып, Сабындыкөл көліне толық жеткізбейді. Аңғары жоғары ағысында үздікті сызықтармен жабылған (ені 8-15 м). Құяр жерінде аңғарының ені 100-150 м дейін жетеді. Барлық өзен бойы 2-2,5 м құрайтын тар арна таралған. Су тасу кезеңінің ұзақтығы 10-28 күн. Деңгейінің ауытқу амплитудасы жоғары ағыстарында 0,4-0,8 м, орта ағысында 0,3-0,5 м, құяр сағасында 0,2-0,3 м. Су тасу кезеңінің ұзақтығы 5-10 күн, орта есеппен шілденің ортасына дейін сақталады. Су шығыны 13 км, бастауынан жылдың сулылығына байланысты өзгереді. Бұлақ суы тұщы. Құрамы гидрокарбонатты кальцийлі. 

 

 

Сурет 1 − Ең ірі Сабындыкөл көлі

 

Өсімдіктер әлемі. Паркте өсімдіктің төрт түрі бар: тоғай, орманды дала, орман мен шабындық.

Парктегі өсімдік әлемінің әртүрлілігі Баянауыл қарағайы мен қара қандағашты қоса алғанда 460 түрге жуық өсімдікті құрайды. Баянауыл қарағайы тас пен өсімдіктің ғажайып үйлесімділігін жасай отырып, тастарда өседі. Парктегі өсімдіктердің әртүрлілігі оның өсімдігі тапшы шөлейт дала ортасында орналасқанын ескере отырып, ерекше таң қалдырады. Ақ қайыңмен, қарағаймен, қандағашпен және көктерекпен қоса паркте көптеген бұталар, соның ішінде жидек беретін бұталар – таңқурай, ит мұрын, қарақат, долана өседі. Шабындықтарда құлпынай жиі кездеседі. Орманда саңырауқұлақтар өседі. Паркте көнезамандық өсімдіктердің 50 түріне жуығы, көнезамандық қара қандағаш пен көнезамандық тас қарақат кездеседі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі.

 

 

Сурет 2 − Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген жабысқақ қандыағаш

 

Жануарлар әлемі. Баянауылда 50 түрге жуық құс пен 40 түрге жуық жануар өмір сүреді, олардың ішінде құндылығы жоғары жабайы орман құстары тобын, сондай-ақ архарларды, еліктерді, борсықтарды, тиіндерді бөліп атауға болады. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып келе жатқан түрі ретінде Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғалуға жататын архар парктің ерекше мақтанышы болып табылады.

Құстардан паркте тырнаны, аққуды, құтанды, дуадақты, жыртқыш құстардан – бүркітті, күйкентай мен кезқұйрықты кездестіруге болады. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар.

 

 

Сурет 3 − Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген арқар

 

Климаты. Баянауыл таулары Азиаттық материктің ортасында орналасқан, сондықтан климаты континенттік сипатта. Орта жылдық температурасы 3,2 °С құрайды. Қаңтардағы орташа температурасы − 13,7 °С, ең төменгісі − 17,8 °С.

Шілдедегі орташа температурасы 14,6 °С, ең жоғарғысы 32,6 °С дейін жетеді. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 140 күнді құрайды. Шөгінділердің жылдық саны жеке жылдардағы 190-нан 494 мм-ге дейінгі өзгерістермен 340 мм құрайды. Баянауылдағы желдің орташа жылдық жылдамдығы секундына 2,9 м құрайды.

Жергілікті жер үшін қатты континенттік климат тиесілі, Баянауылда Павлодар облысының далалық аудандарында болатын қатты желдер мен құмды борандар соқпайды.

 

1.3 Туризм жағдайы

 

Баянауыл мемлекеттік ұлттық бағы аумағында 35 демалыс орындары бар, оның ішінде Жасыбай көлінде – 28, Сабындыкөл көлінде – 5, Торыайғыр көлінде – 2 үйлер және жату орнын, қайық, қатамаран, экскурсияға арналған автобустар, жазғы кезеңдегі мәдени шаралары бар 2 балалар лагері бар. Қазіргі кезде ұлттық бақ аумағында 37 археологиялық ескерткіштер, табиғи ескерткіштер және көрсету орындары бар. Туризмді дамыту мақсатында бақ аумағында 208,5 км ұзындықта 11 туристтік бағыттар мен 1 ботаникалық соқпақ әзірленген.

Баянауыл елдімекені – курортты аймақ, ол 1985 жылы Ұлттық табиғи саябақ статусына ие болды. Саябақ табиғаты өте ерекше жаралған табиғатымен әйгілі: Баянауыл таулары батыстан шығысқа қарай 40-50 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 шақырым. Ең биік нүктесі – Ақбет тауы, ол 1026 м биіктікте. Таулы-орманды оазис 450 шаршы шақырымды алып жатыр, оның негізгі ерекшелігі – жартастар (Кемпіртас, көгершін, Булка (Найзатас), аттың басы, тас жастықтар және т.б.), Сабындыкөл (ауданы 7,4 шаршы шақырым) және Жасыбай (ауданы 4 шаршы шақырым) көлдері, үңгірлер (Әулиетас 22 м) және Драверта үңгірі (тастағы жазулар), Құмыра (сарқырамасы бар 3 м), тас шатқалдары және т.б. көрікті жерлердің болуы.

 

Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдері жыл сайын мыңдаған туристерді қарсы алады, бұл үшін көл жағалауларында демалыс үйлері мен пансионаттар көптеп орналасқан.

 

 

Сурет − 4 Кемпіртас тауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Баянауыл ұлттық паркінің мемлекеттік ғылыми−өндірістік мекемесінің құрылымы

 

 

2.1 Парктегі құрылым әкімшілігінің бөлімдері

  

Парк құрылым әкімшілігі төрт бөлімге бөлінеді. Ғылыми бөлімнің мамандарымен парк аумағында 4 ғылыми жұмыс жүргізіледі:

- Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парктің табиғат жылнамасы;

- Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түгендеу;

- Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өртке шалынған территориясындағы орман алқаптарының экологиялық жүйесін қалпына келтірүдің ғылыми негізін әзірлеу;

- Жануар дүниесінің экологиялық мониторингі.

Туризм бөлімі. Туризм, рекреация, экологиялық ағарту бөлімінің басты бағыттары:

- басқа құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен ұлттық парк территориясында реттелмелі туризм мен демалыс бойынша жұмыстарды жоспарлайды және ұйымдастырады;

- жүйеге келтіруді, сақтауды, ұлттық парктегі туристік нысандар, олардың мінезі, қолдану келешегі жайлы ақпараттардың анализін қамтамасыз етеді;

- жалға беру бойынша келісім шарт жағдайын бақылайды;

- тұрақты даму туризмінің  аймақтық бағдарламалардың құрастырылуына  және жүзеге асырылуына қатысады;

- ұлттық парк және оның жеке туристік маршруттары бойынша жолнұсқа дайындауда қатысады;

- парктің қаржылық-экономикалық қызметтерімен бірге ұлттық паркте келушілерге ұсынатын ақылы қызметтердің есебін жүзеге асырады;

- туризм және демалыстың  дамуына жауапты мемлекеттік органдармен, аймақта туристік қызметті жүзеге асыратын заңды және физикалық тұлғалармен қызмет етеді;

- парктің территориясында туристік инфрақұрылымның дамуы туралы жыл сайынғы жоспарлар және бағдарламаларды дайындайды;

- қабылдау және келушілерге  қызмет көрсету ережелері бойынша  ұлттық парктің қызметкерлерімен  техникалық оқытуды жүргізеді;

- ұлттық парк территориясындағы туризм мен демалысты ұйымдастыру және дамыту бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді;

- ұлттық парк базасында  тұрғындардың экологиялық ағарту  бойынша жұмыстарды өткізеді, балалар экологиялық ағарту бойынша методикалық жұмыстардың құрастырылу жоспарына ат салысады, онымен қоса, оны өткізеді;

- экологиялық соқпақтар, экскурсиялық маршруттар, көріністік алаңдар, ақпараттық пункттерді құрастыру және орналастыру бойынша ұсыныс жасайды, мұражай міндеттемесімен байланысты жұмыстарды атқарады;

- экологиялық тематика бойынша ұйымдарда дәрістер, кеңестер өткізуге, орындауға қатысады, сонымен қатар басқа да экологиялық-ағарту іс-шараларына қатысады;

- экологиялық экскурсияларды ұйымдастыру және өткізумен, танымдық туризм дамуымен байланысты жұмыстарды атқарады, қоғамдық  табиғатты қорғайтын ұйымдармен өзара әрекет жасайды;

- ұлттық парк мамандарының, басқа да ұйым мамандарының жүйелік қатысу дайындығына, буклеттерді, фотобасылымдарды әзірлеу, шығару, дайындау, слайд, кино және видеофильмдерді, анықтамалық және картографиялық материалдарды және басқа да ақпаратттық-басылымдарды, белгілер, кәдесыйлар, бейнелемелер жасауға қатысады.

Ғылыми жұмыстар С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетпен бірлесіп қосымша тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізеді. Туризм мамандарымен 11 туристік маршруттар үйымдастырылған. 2007 жылы парктін 13 қызметкері гид-экскурсовод маманын оқып игеріп бітірді. Үш туристік фирмалармен келісім шарт жасалып, сол келісім шарт бойынша туристік маршрутарға қызмет көрсетуде. 2007 жылы туристік маршрутта халық саны 8101 жетті. Оның ішінде жаяу маршруттарда 3550 және көлікті маршрутда 4551. Ғылыми, экологиялық ағарту және туризм бөлім мамандары «Екпінді саябақ», сенбіліктер сияқты экологиялық акциялар өткізеді,. Мектеп орманшылықтарымен, оқушылармен демалушы туристермен және балалармен жергілікті турғындармен кездесу өткізіп, ұгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді жене де парк аумағында туристік маршруттарды тазалау, көркемдендіру жұмыстарымен жүргізіп ерекше қорғалатың табиғи аумағында рекреациялық тежеуді анықтайды.

Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімі. Жануарлармен, өсімдіктердін әлемін қорғау жұмысымен айналысады. Қазіргі кезде паркте өсімдіктердін 485 және жануарлардын 566 түрі мекендейді. Оның ішінде Қызыл кітапқа енгендер 5 өсімдік, 11 жануарлардын түрі енген. Өртке қарсы шаралар және биотехникалық жұмыстарын жүргізеді. Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімі.

Орманды қорғау мен және өртенді жерлерді қалпына келтіру, тұқым бағында тұқым егу, өсіру жұмыстарымен айналысады.

Қаржы және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі. Жылдық бюджеттің қаржылық жоспарын әзірлейді, еңбек пен еңбек төлеу, есептеу, талдау және пайдалану жөнінде бағдарламаны дайындау. Еңбек пен еңбек төлеу, есептеу, талдау және қадағалау, іс қағаздарын жүргізіп ұйымдастырып және оған қадағалау жасау.

Мемлекеттік инспекторлар – парктің аумағында қорғау жұмыстарын жүргізеді және жануарлар мен өсімдіктер әлемін бақылайды Қазіргі кезде ұлттық парктың 16 мемлекеттік инспекторы Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінде орман шебері мамандығы бойынша оқиды.

 


 


 

 


 

 

 

 

 

 

Сурет 5 – Туризм, рекреация, экологиялық ағарту бөлімінің құрылымы

 

2.2 Туризм, рекреация, экологиялық ағарту бөліміндегі экскурсоводтың міндеттері

Экскурсоводтың міндеттеріне жатады:

- экскурсияның мәтінін дайындау әдістемелік мәліметтерді және экскурсоводтың потрфелін дайындау керек;

- экскурсияларды жүргізу және экскурсияда жол ақпараттарды беру және экскурсияларды ғылыми және әдеби тілде жүргізу керек;

- экскурсияның мәтіндерін экскурсовод өз уақытында жаңарту керек;

- экскурсия мәселесіне байланысты конференцияларға және көрмелерге қатысу керек;

- туристтердің назарына байланысты экскурсияларды дайындау керек.

- жаңа экскурсияны дайындағанда туристтердің талаптарын ескеру керек;

- сөйлеу мәдениетіне ие болу керек және сөйлеу шеберлігін жетілдіру;

- экскурсияны жүргізуге қажетті құжаттарды дайындау, музейлермен, көлік фирмаларымен келісім шарттарды бекіту керек;

- туристтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған іс-шараларды қолдану;

- экскурсовод бөлім бастығының экскурсия мәселесіне байланысты бұйрықтарымен таныстыру керек;

- экскурсовод экономиканы және нарық негіздерін білуі керек;

- экскурсовод экскурсияның мақсатын және тақырыбын білуі тиісті;

- экскурсовод экскурсияның маршрутын және әдістемелерін білуі тиісті;

- экскурсанттарға қызмет көрсетуді білуі керек;

- экскурсовод қауіпсіздік техникаларын және өртке қарсы сақтықты білуі керек.

 

 

3 Қоғамдық-мәдени  сервис пен туризмдегі анимациялық қызметтің теориялық негіздері

 

 

3.1 Анимация мәдени-бос уақытты қызметтің түрі ретінде

 

Анимация (латын тілінен аnima, animus – рух, жан, және animates – тірі, ағылшын тілінен animation – «жігерлілік, шапшаңдылық») – басты бағыты, демалыс уақытында адамдардың көңіл–күйін көтеруге бағытталған іс–әрекет болып табылады. Анимация – туризмдегі жаңа бағыт болып саналады. Анимация – бұл демалыстың жандануы және іс–шараларға жеке қатысудағы алған әсерлері. Анимация – бос уақытты өткізуге, ойын–сауық түрлерін ұйымдастыру мен спорттық досугты өткізуге арналған арнайы бағдарламаларды ұсынатын және өңдейтін оперейтинг кешені. Анимация –ойындық, театрланған шоу-бағдарламаларда, спорттық және мәдени іс-шараларда демалушылардың көрермендік, жеке қатысуын жорамалдайтын туристік және курорттық қызметтегі жаңа бағыт болып табылады.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы жалпы мәлімет