Бозбала мен бойжеткен
Тақырыбы: Бозбала
мен бойжеткен.
Мақсаты: Ата
қасиетімен,ана әлдиінен нәр алған ұлттық
үрдісімізді оқушуылырдың бойына сіңіру.Ұл
бала мен қыз баланың бір-біріне шынайы
құрметпен,қастерлей білуге баулу, өзара
сыйласымдылықты достық қарым-қатынасты
тәрбиелеу, қалыптастыру.
Кіріспе сөз: Біздің
елімізде, алқымыздың отбасылық тәрбие
дәстүрінде ежелден бері қалыптасқан
тәлімді үлгілері оңды салттары аз емес.Әр
отбасы ұл-қызына атадан түйгенін үйретеді.
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»,
«Ата көрген оқ жонар,Ана көрген тон пішер»,
«Ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол,Қызың
өссе қызы жақсымен көрші бол», «Қызға
қырық үйден тыйым» деген мақалдар осының
дәлелі.
Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы-қазақтың
теңдесі жоқ даналықтың қасиетті мектебі
десек артық айтқандық емес.ақсақалдардың
ақылын тыңдау,жөн сөзге тоқтау,үлкеннің
айтқанын иек қаққызбай тыңдау-инабаттылықтың,
Екі бастаушы ұл мен қыз ортаға шығып,
кезекпен оқиды.
Ұл:
Бабаларым қыздарды қадірлеген,
Қыз баладан басталар өмір-терең
Ауыл көркі қыз болып,ән айтылып.
Күн болмаған сазды күй төгілмеген.
Қыз:
Ғажап жандар тарихта жырланатын,
Қырандай серпе тұғын қос қанатын.
Біз бүгін дәріптейік мақтанышпен,
Қасиетті,қадірлі ұлдар атын.
Ұл: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын дегендей,біздің
халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің,әдептіліктің,жан
жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
Қыз:
Нағыз жігіт қорған болар халқына,
Нағыз жігіт берік болар антына
Нағыз жігіт жалғастырып дәстүрін
Адал болар ата баба салтына.
Иә, бүгін мектеп партасында отырған ұл
бала ертеңгі жігіт ер азамат. Ал,азаматтың
жүгі ауыр. Себебі, «Мен қазақпын» дейтін
азамат өзінің шыққан тегін,кесіп,кір
жуған ата жұртын қастерлеп,жеті атасын
жадында түтуы қажет. «Жеті атасын білмеген,жеті
рулы елді біледі.»деп қазақ бекер айтпаған
Сондықтан құрметті оқушылар, мұғалімдер
бүгінгі «Бозбала мен бойжеткен» атты
байқауын ашық деп жариялаймыз.
Сайыс шарттарын таныстырып өтейік:
1)«Сәлем сөздің анасы» таныстыру
2) «Ал,жауабын тауып көр»Сұрақтар
3) «Өнерлігі өрісі кең» 6А, 6Ә «Қыз өссе
елдің көркі» «Жігітке жеті өнерде аз»көрініс
7А «Ақсүйек»ойынынан үзінді,көрініс көрсету
7Ә «Қыз қуу» дәстүрінен үзінді,көрініс.
10А «Қыз Жіібек пен Төлеген»лиро эпостық
жырынан үзінді,көрініс.
4)Караоке ойыны.
5)Қорытынды.
Ұл: Бірлесіп көрермен қауымдармен
Ән салайық ару таңмен
Қазағымның ежелгі әдетімен
Танысайық өнерлі бозбала мен бойжеткен
жұптарымен
Ал енді сахна төріне «Бозбала мен бойжеткен»
байқауына қатысатын жұптарымызды шақырайық.
Байқауымыздың бірінші ережесі бойынша
жұптар бір-бірін таныстырып өтеді.
Қыз:Шуақ сыйлар адамға ән кешінде
Бұл ғажайып бағалар сән кешіне
Бұл білімділік ой көкпар тарттыратын
Кезек бердік сұрақ жауап бәйгесңне.
Ұл:
Қой жігіттер,күн болды ойланарлық
Білім,әдет ақылды ойға аларлық
Ойынымыз аз болсын,ойымыз көп
Оймен талап етпеген іс қоймалық
Ар қайда? Рахым қайда?Әдеп қайда?
Быт шыт боп неге жүрміз әрбір сайда? дей
отырып келесі тапсырмамызға кезек берейік
«Бозбала мен бойжеткен» жұптары сахнаға
шақырылады.
Қыз: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын дей
отырып сөзіміздің жалғасын «Қыз өссе
елдің көркі» «Жігітке жеті өнерде аз»
тақырыбындағы көрініс көрсетейік.
Ұл: Қайырлы күн құртетті көрермен
Ағытайық әнменен өнер легін
Осынау шуақ сыйлар мерекеде
Жасайық таңғажайып гүл өрнегін
Әр байқауда жұптарға баға беріп
Өнерінде қошеметтеп саралағын
Сахнаға «Ақсүйек» ойынынан үзінді және
көрініс көрсету үшін 9А сынып жұптарын
шақырамыз.Қошеметтеп қол соғып қойыңыздар.
Қыз:
Өріледі таңғажайып әсем саздар
Тербеледі ән мен жырға аққу қаздар
Тағы да ду қол соғып қарсы алайық
«Қыз қуу» ойынынан үзінді,көрініс көрсететін
6Ә сынып жұптарын шақырамыз.Ду қол шапалақ.
Ұл:
Салады қазағымыз Гәкку әнін
Желбіретер бақыттың ақ туларын
Қарсы алайық кәнекей ду көтере «Қыз Жібек
пен Төлеген» жұптарын. Сахнаға 6А сыныбының
Бозбала Бойжеткені шақырылады. «Қыз Жібек
пен Төлеген » лиро эпосынан үзінді және
көрініс.
Қорытынды:
Бастаушы қыз бала;
Әзілімізді ұға алатын,
Қиындықта сыналатын,
Қыздарды сыйлай білетін,
Жөн сөзді тыңдай білетін:
Қыраңдай алғыр,
Сұңқадай өр,
Достыққа адал ұлдарымызға арналған бір
аз ғана сыйымыз бар,соны тапсыруға рұқсат
етіңіздер!
Қыздар өздері арнайы дайындаған кестелі
орамалдарын ұсынады.
Бастаушы ұл бала:
Қыздар деген қызыл гүл ғой,
Өсіп тұрған бақтағы.
Қыздар деген жігіттердің,
Асыл арман,ақ таңы.
Қыздар деген әсем ән ғой,
Әлі айылып болмаған,
Қыздар деген бақыт құсы-
Қолға оңай қонбаған,-деп ақын ағамыз жырлағандай,біздіңде
қыздарға арналған мына әдемі гүлімізді
тапсыруға рұқсат етіңіздер!
Зорлық-зомбылық - жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлықзомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады
Жастар арасында етек
жайған зорлық-зомбылық салдарынан Еуропада
жыл сайын 15 мың адам өмірлерімен қоштасып,
300 мыңдай адам ауруханаларға түсіп жатады
екен. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымы өзінің Еуропадағы жастар
арасындағы зорлық-зомбылық жөніндегі
баяндамасында жастар арасындағы мұндай
бейәлеуметтік мінез-құлықтардың алдын
алуға болады деп есептейтінін мәлімдеген.
Осы баяндамада атап көрсетілгендей, аталған
проблеманың түп-тамыры қоғамның денсаулығында
жатқан көрінеді. Мәселен, зорлық-зомбылықпен
жасалған әрбір 10 кісі өлтірулердің 9-ы
тұрғындары төмен немесе орташа табыс
табатын елдерде орын алады екен. Жастар
арасындағы зорлық-зомбылық тұрмыстары
қолайсыз саналатын елдерде тұрмыс деңгейі
жоғары елдерге қарағанда 7 есе көп болып
шыққан. Соған қарағанда қылмыстардың
дені тек ақша үшін ғана жасалады деген
қағида да шындықтан алыс болмаса керек.
Еуропадағы жастар арасындағы өлім деңгейі
бойынша рекордтық көрсеткіш Ресейге
тиесілі екенін айта кеткен жөн. Одан кейінгі
орындарда Албания, Қазақстан, Белоруссия,
Украина, Қырғызстан, Грузия, Өзбекстан
сияқты елдер тұр. Бұл тұрғыда Еуропадағы
жағдайы неғұрлым жақсырақ ел Германия
болып табылады екен. Осы келтірілген
мысалдан соңғы жиырма жыл көлемінде қоғамымызда
орын алған өзгерістердің, яғни нарық
қатынастарына көшудің посткеңестік мемлекеттерде
тұратын жастар өміріне қаншалықты әсер
еткенін айқын аңғаруға болады. Сарапшылардың
бағалауынша, қылмыстық ортаның “жасаруы”,
жасөспірімдердің аса ауыр қылмыстарға
баруы қоғамдағы жүйелі рухани дағдарыстың
айғағы болып табылады.
Өкінішке қарай, жоғарыдағы мысал көрсеткендей,
Қазақстанда да жастар арасындағы жағдай
көңіл көншітерліктей емес. Құқық қорғау
органдарының мәліметтері бойынша өткен
2009 жылдың 11 айында кәмелетке толмағандар
тарапынан жасалған 5 мың қылмыс тіркелген.
Олардың 1,2 мыңы ауыр және аса ауыр қылмыстар.
Бұл ретте жүргізілетін есептіліктің
өмір шындығымен үнемі сәйкесе бермейтінін,
оның сыртында алыс-алыс ауылдарда болып
жататын үлкенді-кішілі құқық бұзушылықтардың
мүлде тіркелмейтінін де ескерген жөн.
Жастар проблемасы туралы сөз қозғай отырып,
олар тарапынан жасалатын қылмыстармен
қатар, олардың түрлі діни секталарға
қосылып, күмәнділеу қадамдарға барып
жүрулерін де назардан тыс қалдыруға болмайды.
Бір қарағанда ешкімге зияны жоқтай көрінетін
осынау діни ағымдардың түпкі ой-ниеттерінде
нендей пиғылдардың жатқанын ешкім де
дөп басып айтып бере алмайды. Өмірлік
мақсаттар тұрғысынан алғанда кез келген
қоғамның ертеңі болып табылатын жастардың
қандай да бір діни ағымдарға ілесіп, уақыттарын
босқа өткізгендерінен гөрі, өздері үшін
де, ел үшін де пайдалы іс қылғандары әлдеқайда
тиімдірек болар еді. Бұл мәселенің әсіресе,
егемендігінің іргетасын енді ғана бекітіп
жатқан Қазақстан сияқты мемлекет үшін
маңызы орасан зор. Егер мәселенің ақиқатына
келер болсақ, діни ағымдар мен секталардың
өзі қандай да бір ел халқының арасына
іріткі салып, оларды уақыт талабына сай
алға қарай даму жолынан тайдыру мақсаттарын
көздейді. Кез келген діни ағым мен сектаның
артында бүлдіргіш күштер тұр. Және олар
нақа осал да емес, белгілі бір қаржылық
топтарға арқа сүйеген, өздерінің өрмекшінің
торындай шырмауықтарын дүние жүзінің
бірқатар елдеріне таратқан күштер. Оларды,
керек болған кезде ақшаны да оңды-солды
шаша отырып, батыл қимылдататын да сол
күштер. Өркениетті дамудың жолына жаңадан
түскен, заңдары мен қоғамдық институттары
жеткілікті дәрежеде жұмыс істей алмай
тұрған елдердің адамдары ондай күштердің
ықпалына тез түседі. Ағымдар мен секталар
өз қатарына тарту үшін әдетте өмірлік
көзқарастары әлі қалыптасып үлгермеген,
өзінің дербес ұстанымдары жоқ, ерік-жігерлері
мықты емес, білім-түсініктері таяз, айтқанға
көнгіш адамдарды іздейді. Ал буыны бекіп
үлгермеген жастар дәл сондай адамдар
тобына жатады.
Әй дейтін әже, қой дейтін қожаның жоқтығына
көздері жеткендіктен бе, олар өздерінің
пиғылдарын да жасырып жүрген жоқ. Халық
арасында елдің туын, гербін, гимнін мойындамаңдар,
әскерге бармаңдар, ата-аналарыңды тыңдамаңдар
деп ашықтан-ашық уағыз таратуы осы сөзімізге
дәлел. Ең қатерлісі, осындай бүлдіргіш
күштерге қарсы жүргізіліп жатқан принципті
де тиянақты жұмыстар жоқ.
Осы орайда бұрыннан өзімізге жақсы таныс,
өкінішке қарай, соңғы жылдары ұмыт бола
бастаған “бос уақытты ұйымдастыру”
мәселесінің “іштерінде арыстан ойнап
жатқан” жастар үшін атқаратын рөлі ерекше.
Бірақ нарық заманы бұл орайда да өз кедергілерін
алға тосып отыр. Ол – бос уақытты өткізетін
орындардың бәрінің ақылы болуы. Жоғарыда
атап көрсеткеніміздей, өмір жолын енді
ғана бастаған, әлі жеткілікті жалақы
табуға қол жеткізе қоймаған жастар үшін
ақылы демалыс орындарына барудың өзі
бір мұң. Мәселен, елордадағы спорт сарайларына
бір кіріп шығу үшін ғана 300-500 теңге ақы
төлеуің керек екен. Спортпен ойлағандай
дәрежеде айналысу үшін ондай орындарға
тұрақты түрде барып тұру қажет екенін
ескерсек, жинала келгенде 500 теңгенің
өзі едәуір ақша болып шыға келеді. Оның
үстіне жастардың спорттың сыртында, өзге
де көңіл көтеретін жерлерге барып тұрғылары
келетіні айтпаса да түсінікті. Бір қарағанда
жоғарыда айтылған сома онша көп те ақша
емес тәрізді. Бірақ, табыстары аз, оның
үстіне көңіл көтеруді бір-екі түрлі ғана
шара деп түсінбейтін, яғни азғантай қызықты
қанағат тұтпайтын жастардың “әй, қойшы,
соны” деп қолдарын бір сілтеулері үшін
соның өзі де жетіп жатыр.
3.8. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық |
|
Қазақстанда балалар, бүкіл әлемдегідей, үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады, алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ.
Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бойынша мәліметтер мен жетік статистикалық деректердің жетіспеу проблемасы бар елдердің қатарына Қазақстан да жатады: проблеманың тереңдігі мен көлемі әлі де белгісіз, ал біздің қолымыздағы біркелкі емес және үзінді зерделеу нәтижелері іс жүзіндегі жағдай туралы болжамдар жасауға ғана мүмкіндік береді.
Қазақстанның қолдануында іс-әрекеттер жасаудың белгілі құқықтық негізі – Балалар құқықтары туралы Конвенция бар, дегенмен, нақты міндеттемелерге келер болсақ, жалпы алғанда мемлекет, әлеуметтік қызметтер, құқық қорғау органдарының ресми тұлғалары, қоғам, БАҚ, отбасы тарапынан күннен-күнге тиісті жауапкершілікпен қарауы байқалмай келеді.
Қазақстан Республикасы
Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке
толмаған баланы ата-анасының немесе осы
міндет жүктелген басқа адам, сонымен
қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу,
емдеу не кәмелетке толмаған баланы
қадағалау міндеттелген басқа да
мекеменің қызметкері тәрбиелеу
жөніндегі міндеттерін
Балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған, саны мыңнан асқан ата-ана ата-аналар құқығынан айрылды, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылып жатыр.
Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Соңғы жылдары БАҚ-та балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда. Жағдайдың шатақ болуы проблеманың күрделілігіне байланысты, сондай-ақ балалар жайлы пікірдің индивидум және отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар құқық субъектісі болудан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Қазақстанда осы күнге дейін «үй ішіндегі» немесе «отбасындағы» зорлық-зомбылық анықтамасы және ол үшін жауапкершілік заңды түрде бекітілмеген. Осы тақырыптағы пікірталастар негізінен әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылыққа меңзейді, ал балаларға күш көрсетілуі заң шығарушы назарынан мүлдем тыс қалып отыр.
Балаларға қатыгездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы, балалар мүддесін қорғауға бағытталған, аталмыш қоғам ішінде рұқсат етілетін «тәрбиелеу» мен жол берілмейтін «қатыгездік» ұғымдарының ара-жігін ажыратуға мәжбүр қызметтер жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді. Қоғамдағы пікір бойынша балаға қасақана зақым келтіру немесе абыройына нұқсан келтіру қалыпты жағдай болып есептелсе, балаларды қорғау және тәрбиелеудің оң нышандарының дамуына ықпал жасау қажеттілігін көңілге қонымды етіп негіздеу мен жеткізу мүлде мүмкін емес.
Отбасында балаларға
қатыгездікпен қарау көпшілік жағдайларда
мемлекеттік органдардың
Адам құқықтары жөніндегі қазіргі бар құқықтық құжаттар негізгі мәні балалық проблемасы болып табылатын, осы проблемаларға қатысты талқылануы мүмкін өзінің жиынтығында үлкендер қалай қорғалса, балаларды да солай қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп арасындағы балалар объектісі болатын дене жарақаттары мен басқа да адамгершілікке жат және қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас ұзақ уақыт сақталып келеді және белгілі бір шыдамды қоғамда осы күнге дейін сақталып келеді, олай болса, БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеті, атап айтқанда, «балалар мектеп табалдырығын аттай отырып, өздерінің адамдық құқықтарын жоғалтпайды» деп атап көрсетті.
Сондай-ақ зорлық-зомбылық, дәлірек айтқанда, зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлері мұғалім/оқушыларға қатысты оқу орнына, білім деңгейіне және т.б. тән, мектепте қандай да бір ерекше феномен ретінде қадағаланбайтындығын атап өткен жөн, ол қоршаған жағдайларға, атап айтқанда, экономикалық, әлеуметтік, саяси факторларға, отбасындағы жағдайға байланысты болмай отыр, зорлық-зомбылықтың (оның әр түрлі нысандарының) пайда болуы ретінде де, оны ескерту ретінде де жәрдемдесуі мүмкін. Сондықтан зорлықтың түрлі нысандарының пайда болу себептері туралы мәселеге мектептің ерекше түпмәтіні ретінде қарауға болмайды, өйткені керісінше оны талдау үшін интербелсенді, жүйелі көзқарас қажет. Мектеп арасындағы шеңберден тыс зорлық-зомбылық проблематикасын қараған кезде мектеп тыйым салған мектепте жүзеге асырылатын алдын алу немесе қуғын-сүргін шаралары шығады деп түсінуді білдіреді және мұның зорлықты тудыратын экономикалық, әлеуметтік, отбасылық және мәдени проблемалардың түпмәтінінен толық үзіп алынуына қарай болмашы ғана қызығушылықты білдіруі мүмкін.
Зорлық-зомбылық актісі, әлеуметтік аномалия жағдайын, яғни ережелер мен нормалардың жоқтығын, ақыр аяғында, олардың құндылықтарының негізінде жатқан бағдарларды жоғалту мен естен шығаруда жиі көрініс табады. Шындығында да, оқу орнында педагогикалық, моральдық, әлеуметтік немесе таза реттеушілік шартының болмауынан кез келген зорлық-зомбылық актісі үшін аса игілікті негіз бола алмайды. Осыған ұқсас ақтаңдақ тиісті құқықты, бостандық пен бұрмалаушылықты анықтауға мүмкіндік бермейді. Моральдық міндеттемелердің болмауы, санкциялар ретінде тең, тыйымдардың шегінен тыс көкжиекке өзгеріссіз жылжытып тастайды, ол билік жүйесімен оның нақты емес материалдық және символикалық түрде іске асыру жүйесімен аяқталмайтын «мүмкін болатын әлеует» ойынына айналады.
Бұдан басқа, шарттың болмауынан санкция барынша әділетсіз өтеді және кемітуге әкеледі. Ұсақ, болмашы іс-әрекеттен, дөрекіліктің пайда болуынан зорлықтың елеулі актілеріне ақырындап бастайтын арқау тиімділігінің алдын алған жөн. «Мектеп ахуалына» зорлық актілерінің катализаторы ретінде келген жөн.
Мектепте оқитын балалардың да, мұғалімдердің де психикалық-эмоциялық жай-күйіне жеткіліксіз бақылау жасау мұғалім мен оқушының бір-біріне деген әдепсіз тәртіпке жол беру жағдайларына алып келетіндігі бүгінде айқын болып отыр. Сондықтан, ата-аналардың қатысуымен жиі созылмалы жанжалды жағдайлар, мұндай жанжалдар мектептегі қарым-қатынастарды ушықтырып жібереді және баспасөз беттерінде көрініп қалады. Белгілі бір уақыттан кейін жанжал жасаған тарап балалардың құқықтары туралы ұмытып кетіп, өз проблемаларын шеше бастауы жиі кездеседі.
Қозғалған аспектілер мектептегі оқушылар тарапынан зорлық-зомбылық актілерінің пайда болуына, әділетсіздіктің пайда болуына реакция ретінде және сонымен бір мезгілде мектеппен арадағы үзіліс туралы, мектеп сабақтарына қатыспау туралы мәселелерді қосымша қайта қарауға өзгеше келуге мүмкіндік береді.
Бұл орайда, зорлықтың-зомбылықтың сирек жарияланатын жиі үнсіздік тәрізді басқа да нысандары бар, сонымен бір мезгілде, атап айтқанда, тәрбиешілердің тарапынан моральдық қудалауды немесе нәпсіқұмарлықты назардан тыс қалдырмаған жөн. Осындай зорлық-зомбылық нысандарынан оқу орындарының өздері құтылуға жиі ұмтылады. Олар сонымен бір мезгілде өзіне өзі баға беруді төмендету туралы, мектеп ахуалына зиян келтіре отырып, куәландыруы және кейбір нысандарды өзімен өзі үндеместен және шеттетіле отырып, сондай-ақ оқушылар тарапынан кейбір белгілі бір зорлық-зомбылықтың көрініс табуы туралы түсіндіруі мүмкін.
Тәртіп бұзу жағдайы (дөрекілік, бағдарларын жоғалту, әлеуметтік қатынастардың нашарлауы және т.б.) сонымен бір мезгілде қауіптілік сезімі мен зорлық-зомбылықтың дамуын және қылмысты тудырады, ол өз өзіне қол жұмсауға алып келеді немесе бала тағдырын бұзады.
Интернат, «қамқоршылық» немесе «түзету» мекемелеріндегі балаларға қатысты зорлықтың себебі көптеген факторлар болып табылады және мұндай зорлық-зомбылық бірқатар нысандарды қабылдайды. Басқа балаға қатысты бір баламен жасалған зорлық-зомбылықтың (оның ішінде өзіне-өзі зиян келтіру) маңызы, осы мекемелердің қызметкерімен жасалған зорлықтан кем еместігі жиі кездеседі.
Жағдайдың «топтық» сипаты және осындай мекемелердің жабылғандығы жеке өмірдің болмауы, фрустрация, теріс пайдалануды биліктің ештеңемен ұстамайтындығы, кемсітушілік, персоналдың жағдайды түзетуге және тиісті дәрежедегі тәртіптік шаралар қолдануға қабілетсіздігі ретінде осындай факторларды жүзеге асырудың салдарынан зорлық-зомбылық қатерін көбейтіп отыр.
Бұл проблемалар барлық жерде бар, олар интернат мекемелеріндегі балалардың едәуір санын қамтиды. Интернат мекемелеріндегі зорлық -зомбылық ауқымдарын қысқартуға бағытталған күш-жігер шын мәніне қолданылады, бірақ олар сирек құжатталады, осыған орай, олардың нәтижелерін бағалау жүргізілмейді.
Балаларды интернат мекемелеріне бірқатар себептерге орай орналастырады, оның ішінде мыналар:
- ата-аналарының өлуіне байланысты ата-ана қамқорлығының болмауы, олардың уақытша болмауы немесе олардың балалары туралы қамқорлық жасауға қабілетсіздігі (аурулығы, абақтыда отыруы, экономикалық қиыншылығы), ата-ана құқығынан бас тартуы немесе кедейлігі немесе арына дақ түскендік себебі бойынша баласын қалдырып кету;
- ата-аналардың қатігездік әрекетіне жауап шарасы ретінде оны қорғауды және игілігін қамтамасыз ету мақсатында баланы тәрбиелеуден шеттетілуі, балаға қатысты міндеттерін орындамауы немесе оны қанау;
- қабілетсіз немесе аурулығы, психикалық ауруды қоса және көңіл бөлу тапшылығының синдромы/гипереактивтілік тәрізді мінез-құлқындағы елеулі проблемалар, осы жағдайлар мамандандырылған күтімді немесе арнайы білім беруді талап етеді;
- мектеп интернатына немесе арнайы мектепке орналастыру;
- болжанатын немесе дәлелденген құқық бұзушылық жасау;
- иммигрант немесе пана іздеуші адам ретінде басқа елге қоныс аударуы.
Осындай себептердің өрісі балалар орналаса алатын мекемелердің әртүрлілігіне негізделеді. Баланы қанда да бір интернат үлгісіндегі мекемеге орналастыру себебіне және осы мекеменің сипатына қарамастан, олардың барлығы үшін ортақ екі негізгі фактор болып табылады:
Кез келген ішінде балаға қатысты персонал тарапынан да, басқа балаға қатысы бойынша біәр баланының тарапынан да зорлықтың аса жоғары тәуекелі бар «топтық» жағдай.
Бұдан басқа, мекеме аса «жабық» болса да, зорлық-зомбылықтың көрініс табу мүмкіндігі соншама көп және осындай фактілер жария етілмейді.
Осындай жағдайлардың барлығында мемлекет тиісті балаларға қарм-қатынасы бойынша және олардың құқықтарын қорғау жөнінде міндеттемелерін толық орындауды қамтамасыз ету үшін тікелей жауап береді.
Қазіргі уақытта
Қазақстанда осы екі тармақ бойынша:
интернат үлгісіндегі балалар
Арнаулы мекемелердегі
балалар үй-жайларының санын шынайы
сипаттайтын деректерді аймақтық деңгейде
қорытындылау жүргізілмейді, сондай-ақ
дұрыс бағалауды жасауға
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері 2005 жылғы шілдеде Словенияның Любляна қаласында өткен Еуропа мен Орталық Азия елдерінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету мәселелері бойынша аймақтық- консультативтік кеңесте талқыланған болатын. Осы кеңеске қатысқан Еуропа мен Орталық Азия аймағының барлық елдерінің өкілдері балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты шұғыл іс-қимылдар жөнінде Любляна келісімін қабылдады.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың проблемалары бойынша ғаламдық зерттеудің жетекшісі болып тәуелсіз сарапшы Пауло Серхио Пинейроны тағайындады. Зорлықтың барлық нысандарынан балаларды қорғауға арналған құқықтарға сүйене отырып осы зерттеудің мақсаты балаларға қатысты зорлықтың көріністерін халықаралық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде болдырмауға және жоюға бағытталған қызметке жәрдемдесу болып табылады. Бұл зерттеу БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен мандатқа сәйкес БҰҰ оларға басшылықты жүзеге асыратын бірқатар ұйымдардың бірлескен жобасы болып табылады. Осы жобаның шеңберінде балалар мен жастар (18 жасқа толмаған) тап болатын зорлық-зомбылықтың нысандарына, себептері мен салдарларына қатысты қазіргі бар ақпарат жинауды және қорытындылауды жоспарлау көзделіп отыр. Осы тақырыпқа негізгі баяндаманы 2006 жылы жариялау жоспарланған, ал оның тиісті ұсынымдары БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына ұсынылатын болады.
Мемлекет қызметі мен отбасыларды мемлекеттік қолдау бала отбасында және одан тыс тап болатын зорлық көру қаупін мұқият және жан-жақты бағалау негізінде жүзеге асырылуға тиіс.
Қазақстанда балалардың
құқықтарын сақтау жағдайын талдай отырып,
құқық қорғау органдары, негізінде
учаскелік инспекторлардың
Білім беру органдары, атап айтқанда, орта білім беру орындарының әкімшіліктері тиісті дәрежеде оқушылардың дене жарақатымен келуін, оқушылардың мектептерге келмеуін, олардың үлгерімінің төменділігін анықтамайды, әлеуметтік тәуекел отбасыларындағы оқушылармен алдын алу және ағартушылық жұмыс жүргізбейді, ішкі істер органдарымен, прокуратурамен, халықты әлеуметтік қорғау органдарымен нашар өзара іс-қимыл жасайды.
Ақтөбе қаласы №39 орта мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Зорлық –зомбылықсыз
балалық шақ
Өткізген:Таяуова Салтанат Жұбатқанқызы
Ақтөбе-2012ж
Мақсаты:Оқушылар арасындағы болып жататын келеңсіз
немесе өмірлеріне қауіп тудыратын жағдайларды
болдырмау. Зорлық-зомбылықсыз балалық
шақты өткізу ең басты мәселе. Осы орайда
оқушыларға ақыл-кеңестер бере отырып,сұхбаттасу
шараларын өткізу.
Сабақтың барысы:
1. Баяндама "Зорлық-зомбылықсыз балалық
шақ"
2. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің
хал-ақуалы(видео фильмдер көрсету.)
3.Мақал-мәтелдер
1.Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде
зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы
отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық
– өркениетті қоғамның талабы, өйткені
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында
дамып,қалыптасады.
Адамды өзара түсіністікке жеткізетін
шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері
де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.
Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
өзінің Қазақстан халқына жолдауында
,алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің
қандай бағытта,қалай дамуы керек екендігін
белгілеп берді. Әрине, осы міндетті болашақта
жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз.
Олай болса,сол жастардың білім деңгейі,ата-анадан
алған тәлім-тәрбиесі қандай дәрежеде
деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық,жан-жақты
жауап беру әзірге қиындау,оған дәлел
– бүгінгі қоғамымызда қылмыстың күнен-күнге
көбеюі. Біздің ойымызша, оның себебі жастарымызға
уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан
туындағаны жасырын емес. Әрине, қазіргі
таңдағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың
нашарлауы да бұған әсер етуде. Кеңес дәуірі
кезінде балаларымызды мектеп тәрбиелейді
деп отбасындағы ата-ананың рөлін тым
босаңсытып алдық. Мектептер оқу мәселесін
өздерінің басты міндеті деп санады да,
тәрбиелік сабақтарға аса көңіл бөлмеді.
Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз
Әбу Насыр әл Фараби:"Адамға ең бірінші
білім емес,тәрбие берілу керек,тәрбиесіз
берілген білім адамзаттың қас жауы".
Балалар –еліміздің болашағы. Оларды
тәрбиелеу,оқыту,білім беру,болашаққа
қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру
әр ата-ананың міндеті. Ал,ата –анасыз
жетімсіреген бала қайтеді?! Осы басты
мәселе. Осы орайда оларға көп көңіл бөлінуде.
Оларға қаражат бөлініп,оқытып,тоқытып
отыр. Дегенмен "Бес саусақ бірдей емес"
дегендей оларды қанша жерден бағып,қағып
отырса да,бәрін бірдей қорғауға жағдай
жетіңкіремейді.
Тек балалар үйінің тәрбиеленушілері
ғана емес,қарапайым отбасы балаларыда
зорлық көруде. Барша адамның жауына айналған
алкоголь ішімдіктері көптеген адамдарға
зардабын шектіруде. Ішімдікке масайған
ата-ана , балаларын қараусыз қалдырып,оларға
қол жұмсап, тағдырдың тәлкегіне салуда.
Бұның аяғы неге әкеліп соғарын білмейтін
ата-ана бала алдындағы өздерінің міндеттелген
борышына жауапкершіліксіз қарайды.
Айтылғандары біреудің мәпелеуінде
және ата-анасы,панасы бар балалар. Ал,өмір
есігін ашқалы жатқан балалардың, өмірге
келе сала далада қалатынына не дерсіз?!
Жеңіл жүрісті аналар,үлкен күнә жасап,кейін
оған жауапкершіліксіз қараған болашақ
әкелер осыған себепкер. Біреулердің етегіне
ерген жас қыздар өздерінің алдында не
күтіп тұрғанын білмей,нәпсі қуып,зор
мақсат жетелеп,артынша балалы болып,ол
баланы асырауға жағдайы жетпейді. Әрине,
сосын ол өз құрсағынан шыққан баланы
далада қалдырып, өз болашағына,баланың
болашағына балта шабады.
Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы,іс-әрекет,әдет-
2. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің
хал-ақуалы(видео фильмдер көрсету.)
3. 1.«Ұл-қызыңды бес жасқа дейін
хандай көтер,он беске келгенше құлдай
жұмса,одан соң құрбыңдай көріп ақылдас.»
2.«Ақылсыз ұл – қырыққа келгенше
бала, ақылды бала – он бесінде дана».
3.«Ақылсыз бала араққа құмар.»
4.«Жақсы бала – сүйеніш,жаман
бала – күйеніш».
5.«Қызың өссе қызы жақсымен,ұлың
өссе ұлы жақсымен ауылдас бол».
6.«Баланы жастан».
7.« Адамы азған қоғам тозушаң
келеді».
Сөз соңында мынандай тілекпен аяқтағым
келеді.
ХХІ ғасырға – 21 тілек
ХХІ ғасыр,қазақ халқының ғасыры болсын.
Демография жағынан қазақ халқының саны
көбейе берсін.
Отандық өнеркәсіп дамысын.
Жастарымыз білімді,мықты болсын.
Мектеп табалдырығында оқушылардың бойында
имандылық қасиеттерді жетілдіріп,тәлім-тәрбиені
жаңғырту,адамгершілік әдетке баулу,рухани
мәдениетке үйрету.
Тренингтің мақсаты: Агрессия ұғымын түсіндіру. Жеткіншек кезеңдегі зорлық-зомбылық ерекшеліктерін талдау. Балаларды агрессиядан арылуға үйрету.
Тренинг барысы: Жаттығу –сәлемдесу. Қатысушылар өздерін таныстырады.
Кіріспе: Тренинг- сабақтың мақсаты түсіндіріледі. Оқушыларды топқа бөлу. «Қол алысу» жаттығуы.Әр оқушы басқалармен қол алысуға тырысады. Әр қол алысқаны үшін бала жүрекше алады. Қол алысу достық аясында, мейірімі бір-біріне сезіліп тұратындай болсын.
«Ассоцация» ойыны
1. «Агрессия» , «Зорлық –зомбылықты » суретте. Балаларға қатысты қатал көзқарас, қарым-қатынас және олардың қызығушылықтарын кемсітудің түрлері мен формалары олардың денсаулығына, әлеуметтік жағдайына ауыр зардабын тигізеді, өміріне жиі қауіп төндіреді немесе өлімге алып келеді. Жастар арасында кездесетін зорлық –зомбылық біздің қоғамымызда орасан зор мәселе, кейде оны анықтаудың өзі қиын. Жастар айналасындағы адамдарды басқару үшін зорлық-зомбылықты қолданады. Басында зорлық ауызша түрінде туындауы мүмкін, бірте-бірте ол физикалық, кейде нәтижесі өлімге алып келеді. Кейбір зерттеулерге сүйенсек әрбір 5-ші жеткіншек өзіне қатысты зорлық –зомбылықты басынан кешірген.
Вербальды зорлық : көңілге тиетін лақап атпен атау, ұрысу, қорлау, айғайлау, дауыс көтеру, келеке қылу, өсек тарату, үнемі сынау, бұйрық беру.
Эмоциялық, ақыл-ой зорлығы: қысым көрсету, біреуді қорқыныш сезімінде ұстау, елемеу.
Физикалық зорлық: түрткілеу, шымшулар, үрып-соғу, заттарды лақтыру, қабырғаға соғу, біреуге зиянын тигізу, адамның жеке меншігін бұзу, отбасына қауіп төндіру.
Сексуальдық зорлық: сексуалдық қатынастарға көндіру, зорлау.
Оқушылар пікірін білу.
2.«Агрессивті адам» ұғымын ашу
3.Кімге жиі зорлық көрсетіледі?
4.Біздің мектепте зорлық- зомбылық байқала ма? Ұстаздар пікірін білу. Сауалнамаға талдау.
Топпен талқылау
1. Сіздің ойыңызша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ ? (Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) арқылы, жолдасын келемеждеп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.)
2. Кімді жиі ренжітеді? (Кішілер, әлсіздер, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленеді)
3. Қаталдық көрсетудің себебі? (Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.)
4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді? (қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді)
5. Жәбірленуші
6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек? (Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен)
7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады? (әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету)
8. Мүмкін зорлық туралы бірден айтпау керек шығар, біраз күте тұру керек пе? (Зорлық туралы бірден айту керек, өйткені ол өрши түседі)
«Біз зорлыққа қарсымыз!» жаттығуы. Біз зорлыққа қарсымыз. Әр оқушы жүрекшелерге себебін жазып, жер шарына ілу.

- Бои в Крыму и Закавказье
- Бокс в отечественной системе физического воспитания
- «Болашақ» демократиялық партиясының бағдарламасы
- Болгария
- Болгария в мировом хозяйстве
- Болгария в мировом хозяйстве
- Болгарские танцы
- Боевые искусства Востока и нравственный закон
- Боевые искусства древней Греции
- Боевые подвиги советских спортсменов на фронтах Великой Отечественной Войны
- Боевые традиции Вооруженных Сил РФ (ВС РФ)
- Боевые традиции российских Вооруженных сил
- Божественная комедия Данте, как феномен Европейского средневековья
- Божественное и человеческое в личности Христа