Еңбек. Еңбек заттары. Еңбек құралдары
СӨЖ
Еңбек. Еңбек заттары. Еңбек құралдары.
Барлық кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарының басты міндеті және жұмысты жүргізуі өндіріс факторларын қолдану және оны қолданудан тиісті табыс табу болып табылады. Өндіріс факторлары ұғымына шаруашылық істердің мүмкіндіктері мен нәтижелелілігіне шешуші әсер келтіретін элементтер мен объектілерді жатқызуға болады.
Маркстік теория
бойынша өндірістің
негізгі факторлары:
адамның жұмыс күші еңбек құралдары еңбек заттары
Бұлардың өзін екі үлкен факторларға бөлуге болады. Олар: өнімнің дербес факторы және нақты фактор.
Дербес фактор – адамның физикалық және рухани қабілеттіліктерінің жиынтығынан тұратын жұмыс күші болып табылады.
Нақты
фактор – өндірістің құралдары ретінде
қаралады. Өндіріс ұйымы осы екі фактордың
үйлесімді жұмыс жасауын қарайды. Марксистiк
теория өндiрiс факторлары, олардың қосылуының
сипаты, өзара байланыс сыныптардың арасындағы
өндiрiстiң әлеуметтiк бағытталғандығы,
қоғам және қатынастың таптық құрамдарын
анықтағаннан шығады.
Енді негізгі
Еңбек – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі.
Еңбек заты – адамның дайын өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат.
Еңбек құралдары – бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы.
Экономикалық категория
Әрбір
адамның жұмыс күші немесе еңбекке
қабілеті болады. Еңбек жұмыс
күшін тұтынуды білдіреді. Кез келген
қоғамда еңбекке мәжбүрлеу бар.
Ерте кезеңдерде бұл экономикалық сипаттан
тыс, яғни құлдың қожайынына тәуелділігінен
көрінетін. Экономикалық мәжбүрлеу
жалданбалы еңбек категориясымен байланысты.
Жалданбалы еңбектің пайда болуы
үшін екі шарт қажет: жеке бас бостандығының
болуы және өндіріс құрал-жабдықтарына
меншігінің болмауы, яғни өз ісін ашуға
мүмкіндігінің болмауы. Осындай
жағдайларда адам жұмысқа жалдануға
мәжбүр болады. Осы кездегі еңбекке
түрткі болатын басты нәрсе
Маржиналистік (батыстық, неоклассикалық) теория дәстүрлі түрде өндірісті төрт факторға бөліп қарастырады: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік. Осының ішінде еңбек факторына тоқталайық.
Еңбек адам, адамның қабiлеттiлiктерiнiң
жиынтығы, мерзiмдi ортақ және кәсiби
бiлiммен, дағдылармен, жиналған
А.Маршаллдың айтуы бойынша: «
Жұмыс күні бойындағы еңбек
|
Еңбекті қажетті және қосымша деп бөлу тек маркстік теорияда ғана орын алады.
Одан басқа тағы еңбектің интенсивтілігі мен өнімділігі деген сипаттамалар бар.
Интенсивтілік – бұл уақыт бірлігіндегі жұмыс күшін жұмсау дәрежесімен анықталатын еңбектің үдемелілігі.Еңбек интенсивтілігі жұмыс күнінің ұзаруына байланысты еңбек интенсивтілігі кемуі мүмкін.
Өнімділік
– бұл еңбектің нәтижелілігі. Ол уақыт
бірлігінде өндірілген өнім санымен өлшенеді.
Еңбек өнімділігі тек еңбекке ғана емес,
сондай-ақ техникалық прогреске байланысты.
Еңбек өнімділігі артқан кезде, өнім бірлігін
шығаруға кеткен еңбек үлесі қысқарады
да, еңбекпен салыстырғанда өндіріс құралдарының
үлесі артады. Бірақ, жалпы өндіріс факторларының
шығындары азаяды.
Қазақ мәдениетіндегі еңбек құндылығы
Еңбек
адамды қоршаған ортамен байланыстырушы
дәнекер буын, сол себептен оның
адам болмысы үшін өзінің құндылығын
жоғалтуы мүмкін емес. Керек десеңіз
адам тұлғасын еңбексіз көзге елестету
де қиын, тіпті, бүгінде еңбек
адам инстинктіне айналды десе де
болады. «Тірі жан тіршілік етеді»
дейді қазақ. Осы бір тұрақты
сөз тіркесінен қазақтарда өмірдің
баламасы болып табылатын «тіршілік»
сөзінің кей контексте жасалған
еңбекті, іс-әрекетті білдіретіндігін
де байқаймыз. Қоғамдағы еңбекке
деген қатынас өте маңызды
әлеуметтік мән-мағынаға ие. Қазақ қоғамында,
барлық басқа қоғамдардағыдай, еңбек
– адамның өмірлік
Сонымен,
«бәрін айт та, бірін айт» демекші,
еңбекке деген қатынас
Еңбекті дәріптеп уағыздау өз алдына да, сол еңбек иесіне осы өмірде сый-сияпат, құрмет көрсету өз алдына. Бүгінгі нақты шындықта қолы жұмыстан күс болып, арқасы ауыртпалықтан еңкейген адамға айналасындағылар ары кетсе жаны ашып қана қарайды, бірақ оны қастерлемейді. Мәселе дене еңбегі немесе ой еңбегінде болып тұрған жоқ, мәселе жалпы еңбек адамына деген қатынаста болып тұр. Еңбектен гөрі айланың, тамыр-таныс ресурсының, қулық-сұмдықтың, азғындықтың ұпайы артық болып тұрғанда әрі «құдайдан қорқу» сезімі жетіспейтін қоғамда ешқашан еңбек адамының жүзі жарқын болмақ емес. Ендеше, «еңбек түбі – береке» жәй ғана мақал күйінде қала бермек. Өкінішке орай, осы бір қанға сіңіп үлгерген жағдайдан шығудың жолдары – құқықтық мемлекеттің іргетасын мықтылап қалап, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін арттырып, заңды айналып өтетіндей «бармақ басты, көз қыстылыққа» жол бермей, сенім мен имандылық мәселесіне ден беріп, діннің және қазақ зиялыларының адал еңбекке, ысырап пен үнемге қатысты ой-пікірлерін кеңінен уағыздау қажеттігі, еңбек адамының ескерілу қажеттілігі екендігі сөзсіз. Еңбектегі гендерлік бөлініс мәселесі де өзекті тақырыптардың бірі. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың еңбек тәрбиесін бөліп қараған. Дәстүрлі мәдениетке үйлесімді құндылықтарға сай, қазақтар ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына баулып отырған. Ол түсінікті де, өйткені табиғаттың ыңғайындағы ауыр еңбекке негізделген дәстүрлі қоғамда еңбек бөлінісі солай қалыптасқан: түз адамы және үй адамы, даладағы ауыр да қауіпті еңбек адамы және ұрпақ амандығын күйттеген үй тіршілігінің адамы. Патриархаттық санада қоғамдық, отбасылық өмірде әйел мен еркек рөлдерінің ара жігін ашып, ажыратып тастау орын алады әрі ол сол заманның қажеттілігінен туындаған заңды құбылыс.
Бірақ ол заман қайда қалғаны… Қазір тарихи сахнада ғылым-білім, техника-технология, бұқаралық ақпараттық құралдар заманы, сауаттылық заманы. Біліктілік заманында, кәсіби мамандану заманында бастапқы еркек пен әйелдің табиғи жаратылыс ерекшеліктерін ескерген патриархаттық еңбек бөлінісі де күрт өзгерістерге ұшырап отыр. Білек күшіне қараған еңбектен гөрі ми күшіне, мамандануға иек артқан жоғары технологиялар заманында еңбек саласы белгілі бір мағынада унификацияға (бірдейлендіруге) ұшырап отырғаны мәлім. Қазірде атам заманнан ер ісі болып есептелетін салада әйелдердің саны артып келе жатқандығын кім де болса мойындайды. Енді өздеріңіз қараңыздар – көлікті де жүргізу, ұшақты да басқару, тіпті, ғарыш кеңістігіне де жол тарту әйелдер үшін қиял емес, шындық қой?! Әрине, таза еркек жұмысы, таза әйел жұмысының болатындығы миға қонымды. Мысалы, қауіп-қатері мол, қол қауқарын қажет ететін мамандықтар әлі күнге дейін, жүз жерден техника күрделеніп, адам жұмысы жеңілдеп жатса да кездеседі. Мысалы, құрыш құюшы, жол жөндеуші, жүк тасушы, күзетші, т.т. Ол жерден әйел баласын кезіктіру екіталай – мейлі ол қаншама феминистік тәуелсіз санасы мықты әйел болса да әлі келмегенмен әлек болмайды ғой. Сол сияқты, таза әйелге қол болып табылады деген, еркек, әсіресе, біздің еркектер аяқ баспайтын жұмыс түрлері – бала бағушы, ыдыс жуушы, еден сыпырушы және т.б. Бұл тұста бәрі түсінікті, ондай бөліністі ешкім де гендерлік дискриминация (жынысына қарап кемсіту) деп қабылдамайды. Ал енді жыныстың физиологиялық мүмкіншіліктерімен шектелмеген салаларда, мысалы, саясат пен басқару саласында әйелдердің өз орнын табуына мүмкіншілігі жеткілікті, өйткені ол жерде қара күш емес, біліктілік пен қабілеттілік қажет. Міне, дәл сол жерде дискриминация әлі де болса кездеспей тұрмайды. Сондықтан шығар, саясат пен басқару әзірге жаулықтылардың емес, шекпен-шалбарлылардың еншісінде болып тұр.
Жалпы біліктілікті қажет ететін саясат саласында қара күш те, шаруашылыққа ыңғайлылық та маңызды емес қой, өйткені жыныс адамның хас шеберлігі, білікті нағыз маман болуына еш кедергі етпейді ғой. Соны іс жүзінде дәлелдеп беріп отырған озық елдер де баршылық. Бәрімізге белгілі, ат төбеліндей ғана тұрмыс тіршілігі мықты, дамыған елдерде ғана, әсіресе, Скандинавия түбегінде саясаттың, басқару ісінің ірі тұлғалары арасынан әйелдерді көптеп кездестіруге болады. Ол – санадағы түбегейлі төңкерісті қажет етері сөзсіз. Ол үшін отбасынан тысқары жерде өзін көрсете білу, өз әлеуетін жүзеге асыру тек еркекке жарасты деп түсінетін патриархаттық санадан арылып, біліктілігі, қайрат-қуаты жетсе әйелге де орын бар деген кеңшілік қажет.
Сонымен
қатар Қазақстан
2-бап. Еңбек туралы заңдар
1. Қазақстан
Республикасының еңбек туралы
заңдары Қазақстан
2. Қазақстан
Республикасы бекiткен
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы
Заң Қазақстан Республикасының
аумағындағы еңбек
2. Егер
Конституцияда, заңдарда және
Қазақстан Республикасы
Қазақстан
Республикасының аумағында
Қорытынды. Менің ойым.
Еңбек
деген сөзге бір ғана анықтама
беруге болмайды. Ол өте мағынасы ауқымды,
кең түсініктердің бірі. Себебі,
еңбек болмаса тіршілік болмайтын
еді деп айтуға болады. Мысалы қазақтың
еңбек туралы мақалдарын алып қарасақ:
«Еңбек – өмірдің тұтқасы, тіршіліктің
көзі», «Еңбек – түбі береке», «Еңбек
еткен емеді, еңбексіз не өнеді», «Байлықтың
атасы – еңбек, анасы – жер»,
«Жаңбырменен жер көгерер, Еңбекпенен
ел көгерер» әрқайысында еңбектің өмірдегі
маңыздылығы туралы айтылады. Еңбек
өмірлік циклді құрайды деуге
болады. Себебі, адам еңбек ету арқылы
ақша табады. Ақша табу арқылы өзіне
және отбасысына қажетті заттар алады,
тамақтанады және басқа өмірлік
қажеттіліктерін өтейді. Яғни еңбек
ету арқылы біз өмір сүреміз. Басқаша
айтқанда, осы әлемде өмір сүру үшін
адам еңбек ету керек. Еңбек ету арқылы
адамдар қоршаған ортаны жақсартуға, кеңейтуге
үлес қосады. Әсіресе қазіргі прогрессивті
заманда еңбектенбесең адам бола алмайсың.
Бұл жерде менің еңбек деп отырғаным: оқу,
жұмыс істеу, іздену, жаңа нәрсеге ұмытылу
және т.б. Объективті түрде қарасақ біз
күнде, әр сағат, әр минут сайын еңбек етеміз.
Себебі, адамның бір қозғалысы, қимылының,
айтқан сөзінің өзі еңбек деп айтуға. Ал
экономикалық тұрғыдан қарасақ, еңбек
экономикалық қозғалыстың негізгі факторы,
тірегі. Еңбексіз экономика болмайды,
экономикасыз еңбек болмайды. Қорыта келгенде
еңбек адамды қоршаған ортамен байланыстыратын
дәнекер буын, негізгі тірек. Қорыта айтқанда
еңбек, еңбек заттары, еңбек құралдары
күнделікті өмірдің негізгі бөлімдерін
құрайды.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
- Экономикалық теория (Я.А.Әубәкіров)
- http://kazakheli.kz/
publications/қazaқ- mәdenietindegi-eңbek- құndylyғy/ - http://www.kyzmet.kz/?id_1=27&
id_2=133&id_3=135&lang=kz& type= - http://www.aup.ru/books/m63/8.
htm - http://ru.wikipedia.org/wiki/
Труд
I have one older sister. Her name is Nurgul. She was born in 1992, 16th July She’s 19 years old. We study in the same university. She studies in faculty of oriental studies. She is learning Korean language. Last summer she went to Korea to study for 2 months. She likes watching film with Johnny Depp. He is her favorite actor. And also, she likes read books of Cecelia Ahern. And her hobby is dancing. She really like it very much. She can dance everywhere, every time. And also, she is very very like watching cartoons. She is very friendly, funny, kind, graceful, positive, truthful, talented, peaceful, organized, and grateful. And she is very clever, smart and hard working. But, sometimes she can be lazy. And then she make me nervous. She finished school with a gold medal. And now she studies in a grant. For me my sister is one of the most caring and loving person who is always there for me whenever I need so. When we were kids we played every day in different games. She is the key motivating factor behind my success in life. Without her support I could not have achieved whatever I have till now. So I believe that sisters are the best people that God can gift you. But we have different interests. For example she likes spicy foods and I don’t. Also, we have differences in a kind of music, books, films etc. And sometimes we quarrel about who will be washing wares, clean the house and etc. And we don’t look like sisters. Many people don’t believe in that we are native sisters. Because we look like different. She is very tall and I smaller. And her face different that mine. But, however we are real sisters and I’m happy that I have a sister like her.

- Еңбек нарығы және Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуы
- Еңбек нарығының пайда болуы
- Еңбекті ғылыми ұйымдастыру
- Еңбекті ұйымдастыру
- Еоретические положения А. Маршалла об эластичности спроса. Возможность его применения в современном микроэкономическом анализе
- Епітети,що беруть участь у створенні образів роману «The Picture of Dorian Gray»
- Епоха Відродження та розвиток політичної думки. Н. Макіавеллі та макіавелізм
- Емісія цінних паперів, пов’язана з поглинанням (злиттям) корпорації
- Емкость и сегменты рынка электронной коммерции в Украине
- Емкость рынка недвижимости и основные факторы, определяющие цену объекта недвижимости
- Емпірична соціологія: основні напрями і школи
- Емтиханға дайындық
- ЕНВД
- Ентальпійная теплова модель