Java бағдарламалау тілі
- 1. Java-ға кіріспе
- JavaScript
- Негізгі операторлар
- Мәліметтер типі
Java-ға кіріспе
Java – бағдарламашылардың
(программистердің) арасында кең
таралған, танымал ОБ(объектіге бағытталғ
Java-да “аплет” ұғымы
web бетте орындалатын кішкентай
бағдарлама ретінде
1 ActiveX технологиясы.
2 Java бағдарламасы
3 JavaScript бағдарламасы
WEB бағдарламалаудың негізгі
мәні дәл сәйкес есептерді
шығару үшін ең тиімді
4 кесте - Клиенттік
тарапынан қолданатын
Клиенттік тарапынан |
Серверлік тарапынан |
Қосымша көмекші жабдықтамалар |
Сценария және GUI бағдарламасы |
Броузер интерфейсінің бағдарламалық бағдарламасы: – Netscape ауыспалы модульдер – Басқару элементтері ActiveX – Java апплеттер – Тілдік сценариялар – JavaScript – VBScript |
Сервер интерфейсінің бағдарламалық бағдарламасы: – Apache модульдері – ISAPI кеңейіткіштер және сүзгілер – JAVA апплеті Сервер сценариясы – Active Server Pages (ASP/ASP.NET) – Gold Fusion – PHP |
ActiveX технологиясы.
Компоненттік объектілердің үлгілерін интернет тарапынан жобалауға арналған (Component Objec Model, Com)–бұл Microsoft технологиясының компоненттері, WEB басқару элементтерін және компоненттерін құруға арналған. Бұл элементтерді ActiveX интернет жүйесі ішінде таратады және Internet Explorer–ге жаңа функциональды мүмкіндіктерді береді. ActiveX басқару элементтері Netscape ауыспалы модульдерін еске түсіреді. Ресурстарды қолдануда қиындық туындамайды. Компоненттер автоматты түрде орнатылып, жүктеледі.
Басқару элементтеріне қауіпсіздік шаралары онша үлкен емес блок кодтары потенциальды түрде жүйелі орналасу мүмкін, олар бағдарламаға қиындықтар туғызады. Әрине қолданушы кез–келген сәтте функция орындау үшін түймеше орналастыру мүмкін. Бұл жүйеге және бағдарламаға көптеген қателер туғызатын болады. Мүмкін бағдарламаның ары қарай жұмыс жасауына күрделілік тұғызады.
WEB-парақтарға ActiveX басқару элементтерін
қолдану кезінде <object> тәгілерін
қолданады. Мысалға, төменде
<object classid=”clsid:d27cdb6e-ae6d-
Codebase=”http://download.
Swflash.cab#version=5.0.0.0”
Width=”406” height=”59”>
<param name =”movie” value=”welcome.swf”/>
<param name=”quality” value =”high” />
<param name =”scale” value =”exactfit”/>
<strong> кешіріңіз сіздің броузеріңізде орналаспаған
ActiveX! </strong>
</object>
Белгі-кодтық ActiveX сертификаттары.
Броузерде берілген қысқаша хабарлама, қолданушыда компоненттің жоқ екендігін хабарлайды. Бірақта хабарлама шықпас бұрын парақтағы қателіктерді алтернативті технологиялар көмегімен жөнделген болуы қажет. Мысалға, ауыспалы модульдер <embed> тәгілермен қамтамасыз етеледі.
Ескерту: Егер сайтқа аталмыш басқару элементтерін қолданатын болса альтернативті Netscape броузерлеріне қолдануды ұсыныс етеміз.
Java
ActiveX басқару элементтерін қолданудағы кемшілігі оның Netscape ауыспалы модульдерін қолдану және белгілі операциялық жүйелер негізінде жұмыс жасау болып табылады. Әр адам әр түрлі операциялық ортада жұмыс жасайды. Сондықтан олардың барлығына ортақ жұмыс жасай алатын технология Java болып есептеледі.
Java бағдарламасы Sun Microsystems
компаниясының технологиясы Internet базасына
негізделген платформалық
JavaScript
JavaScript Java бағдарламасына
еш қандай қатысы жоқ. Бұл
бағдардама клиенттік
Сіздер үшін массивтік кеңейтілуі «length.Его» атауымен анықтауға болады. Оның маңыздылығы - массив элементін қолдан санау емес және бағдарламаның түр сипатын өзгерту емес, тек тікелей автоматты түрде қолданылуында.
5 кесте JavaScript салыстыру
операторын төмендегідей
== |
тең (қатарынан екі тең) |
!= |
тең |
> |
үлкен |
>= |
үлкен және тең |
< |
кіші |
<= |
кіші және тең |
Басқа тілдерден артықшылығы
Java шынында да желілік
ортада құнды құрал болып
Артықшылықтары:
- Архитектураға тәуелсіз
- Интернет бағдарламалар үшін мінсіз
- Бір рет жазылған код басқа жерлерде орындалады
- Көп ағымды
- Бағдарламалар желі арқылы тапсырманы орындай алады
- Динамикалы
- Код қажет болған жағдайда ғана қолданылады
- ООП-ның бар болуы
- Java бағдарлау тілі қазіргі ООП негізіне сәйкес бағдарламалар жазу үшін қолданылады
- Жад басқарылмалы
- Жад автоматты түрде бөлінеді
- “Garbage collector” қолданылмайтын жадты өшіріп отырады
- Сенімді
- Қатты типтелген
- Көрсеткіштер жоқ (С бағдарлау тілін өткенде түсінесіздер :-))
- Қарапайым
- Бір-бірімен өте жақсы қиысқан тілдің элементтері оның қолданысын жеңілдетеді.
Java бағдарлау тілі – ол JDK (Java Development Kit). Яғни, бағдарлау тілі бір-бірімен топтасқан көптеген кішкентай бөлшектерден, класстардан, тұрады. Демек, Java-да жазылған бағдарламалар, негізінде, осы класстардың жиынтығын, пакеттерді, қолданады.
Сонымен, Java-да бағдарлау кезінде қолданылады:
- Java-ның страндартты пакеттеріндегі класстар
- Өзіміз жаңадан жазған класстар
- Басқалардың көпшілік үшін жазған класстары
Java-да бағдарламаның жазу процессі:
- Жазу: .java файлын жазу арқылы өзіміздің классты анықтаймыз.
- Компиляция: жазылған .java файлды Java компиляторына жіберіп .class файлды аламыз.
- Орындау: пайда болған .class файлды Java интерпретаторына кодты орындау үшін жібереміз.
Java компиляторы – жазылған кодты
орындау үшін дайындайды және
байт-коды бар .class файлды шығарады.
Егер компиляция кезінде
Байт-код – Java виртуалды машинасында орындалатын оңтайландырылған нұсқаулардың жиынтығы. Яғни, JVM байт-кодтың интерпретаторы. Бұл әдіс басында әдеттегіден тыс болып көрінуі мүмкін, өйткені қазіргі кездегі бағдарлау тілдерінің компиляторлары байт-кодты шығармай бірден орындалатын кодты шығарады (.exe). Бірақ бұндай әдістің өзіндік артықшылықтары бар және жылдамдық ерекшеліктері зор емес.
Java интерпретаторы (JVM – Java Virtual Machine) – .class файлды оқып оны компьютерге түсінікті тілге аударады, яғни бағдарламаны орындайды.
Негізгі операторлар
1. Арифметикалық операторлар
2. Логикалық және салыстыру
операторлары
Арифметикалық операторлар
Java-да математикадағыдай
қарапайым арифметикалық
Оператор |
Арқаратын қызметі |
+ |
Қосу |
- |
Азайту |
* |
Көбейту |
/ |
Бөлу |
% |
Қалдықты табу |
+, -, *, / амалдары алдыңғы бөлімде өткен сандық типтерге (бүтін сандар, бөлшек сандар) қолданылады. Сонымен қатар басқа типтерге де қолданылуы мүмкін ( char ). Арифметикалық оперциялар қарапайым және түсінікті болғанына қарамастан, бағдарламау тілдерінде, оның ішінде Java тілінде, өздерінің ерекшеліктері бар.
Біріншіден, егер бөлу ( / ) операторы бүтін сандарға қатысты қолданылса, онда бөлінді бүтін сан болады, яғни қалдық қарастырылмайды. Мысалы, 19 / 4 өрнегінің мәні 4-ке тең, өйткені бүтін санды тип тек бүтін сандарды сақтайды. Ал егер де 4,75 мәнін алғымыз келсе, ондаdouble немесе float бөлшек сан типтерін қолданған жөн.
Екіншіден, егер бөлу амалы кезінде қалдықты табу керек болса, онда % операторы қолданылады. Бұл оператор Java-да басқа тілдердегідей жүзеге асады. Мысалы, 19 % 4өрнегінің мәні 3-ке тең. Қалдықты табу операторы тек бүтін сандарға ғана емес, бөлшек сандарға да қолданылады. Демек 19.0 % 4.0 өрнегінің нәтижесі 3.0 болады.
Кейбір жағдайларда айнымалыға арифметикалық амалдарды орындап, нәтижені сол айнымалыға теңестіру қажет болады: х = x + 19. Бұндай жағдайларда өрнектің қысқартылған түрін пайдалану ыңғайлы: x += 19 (яғни оператор тең белгісінің алдына қойылады, -=, *=, /=, %=).
Айнымалыны бірге қосу және азайту көп қолданылатындықтан x = x + 1 немесе x += 1 жазуының орнына x++ өрнегін жазу өте ыңғайлы (азайту үшін x--). Бұл операторлар инкремент (++) және декремент (--) деп аталады. Инкремент және декремент операторлары префиксті немесе постфиксті бола алады. Мысалы, x = x + 1 өрнегін х++ (постфиксті) немесе ++х (префиксті) түрінде жазуға болады. Бұл екі инкремент түрлері айнымалыны бірге арттырады, ал олардың айырмашылығы тек қана қолданылуында. Префиксті түрі қосуды бірінші орындаса, постфиксті түрі бірінші болып ескі мәнді қайтарады.
Логикалық және салыстыру операторлары
Салыстыру операторларының
логикалық операторларынан
Оператор |
Салыстыру қатынасы |
== |
тең |
!= |
тең емес |
> |
үлкен |
< |
кіші |
>= |
үлкен немесе тең |
<= |
кіші немесе тең |
Салыстыру операторы барлық сандық типтерге және char типіне қолданыла алады.
Оператор |
Атқаратын амалы |
& |
және |
| |
немесе |
&& |
қысқа формалы және |
|| |
қысқа формалы немесе |
! |
терістеу |
^ |
XOR |
Логикалық операторының операндтары boolean типті айнымалылар болуы шарт.
a |
b |
a & b |
a | b |
a ^ b |
! a |
true |
true |
true |
true |
false |
false |
true |
false |
false |
true |
true |
false |
false |
true |
false |
true |
true |
true |
false |
false |
false |
false |
false |
true |
Мәліметтер типі
Мәліметтер типі – белгілі бір мәндердің жиынтығы. Мысалы, бүтін сандардың жиынтығы (Z) немесе нақты сандардың жиынтығы (R).
Java – қатты типтелген
бағдарламау тілі. Демек барлық
айнымалылардың анықталған
1. Бүтін сандар (Integers)
2. Өзгермелі нүктесі бар
типтер (Floating-Point)
3. Символдар типі (Characters)
4. Логикалық тип (Boolean)
Бүтін сандар (Integers)
Математикадағыдай Java-да бүтін сандар бөлшек бөлігі жоқ сандар. Java тілінде бүтін сандар үшін 4 тип қарастырылған.
Тип |
Жадтағы орны |
Анықталу облысы, [ ] |
int |
4 байт |
–2,147,483,648; 2,147,483, 647 |
short |
2 байт |
–32,768; 32,767 |
long |
8 байт |
-9,223,372,036,854,775,808; 9,223,372,036,854,775,807 |
byte |
1 байт |
–128; 127 |
Көп жағдайда int типі тапсырманы шешу үшін жеткілікті болады. Бірақ егер бағдарлама үлкен сандармен жұмыс істейтін болса, онда long бүтін сан типін таңдасақ болады.
Өзгермелі нүктесі бар типтер (Floating-Point)
Өзгермелі нүктесі бар типтер, яғни нақты сандар, бөлшек бөлігі бар сандарды сипаттайды. Бұл мәлімет типінің екі түрі бар.
Тип |
Жадтағы орны |
Анықталу облысы, [ ] |
float |
4 байт |
шамамен ±3.40282347E+38F |
double |
8 байт |
шамамен ±1.79769313486231570E+308 |
Байқасаңыз double типі float-қа қарағанда екі есе көп орын алады. Демек double типі санды екі есе дәлдікпен көрсетеді.
Символдар типі (Characters)
Символдар типі char кілт сөзі арқылы белгіленеді және 1 байттық символдар мен әріптерді сақтай алады.
Логикалық тип (Boolean)
Логикалық типтің екі ғана мәні бар: true (ақиқат) және false (жалған). Бұл тип логикалық шарттарды бағалау үшін қолданылады. boolean кілт сөзі арқылы белгіленеді.
Мәліметтер типтерімен танысқаннан кейін сол типтерге тиісті мәндерді сақтайтын айнымалылар керек. Ал кез-келген айнымалының өзіндік типі болу керек. Сонымен айнымалыны жариялау үшін алдымен оның типін содан кейін айнымалының атын жазамыз. Мысалы:
double zhalaky;
int demalysKunderi;
boolean bitti;
Естеріңізде болса барлық командалар үтір нүктемен аяқталады.
Айнымалының аты кез-келген әріптерден, “_” және “$” символдарынан басталуы мүмкін. Бірақ сандардан бастап жазуға болмайды. Және кез-келген ұзындықта бола алады. $2, ComputeArea, area, radius және showMessageDialog деп айнымалыны атауға болады. Бірақ 2A және d+4 деп айнымалыны атай алмаймыз. Java символдардың регистріне сезімтал тіл болғандықтан x және X айнымалылары екі бөлек болады.
Және айнымалылар келесі кілт сөздер бола алмайды.
abstract default goto package this
assert do if private throw
boolean double implement protected throws
break else import public transient
byte enum instanceof return true
case extends int short try
catch false interface static void
char final long strictfp volatile
class finally native super while
const float new switch
continue for null synchronized
Айтқандай айнымалылар бағдарламада мәліметті сақтау үшін қолданылады. Мысалы келесі бағдарлама шеңбердің ауданын есептейді:
class ComputeArea {
public static void main(String args[]) {
int radius = 1;
double area = radius * radius * 3.14159;
System.out.println("The area is " + area + " for radius " + radius);
}
}
main() методының ішіндегі кодқа тоқталайық. Бірінші жолда radius деп аталатын бүтін сан типі айнымалыны жариялап оны 1-ге теңестірдік: radius айнымалысы 1 деген санды сақтайды. Келесі жолда бөлшек типті area айнымалысын жарияладық және шеңбердің ауданын табу формуласына теңестірдік. area айнымалысының типі неге double екендігі түсінікті шығар?! Десекте, шеңбердің ауданын табу формуласы (PI*R^2) нақты санды қайтарады (бүтін санды бөлшек санға көбейткенде бөлшек сан шығады). Ал егер шеңбердің ауданын сақтайтын айнымалы бүтін сан типті болса, онда есептеу нәтижесінің бөлшек бөлігін жоғалтамыз. Ал ол есептің жауабымен сәйкес емес.
Қолданылған әдебиеттер
1. Брюс Эккель. Философия Java. 3-е изд. СПб.: Питер, 2003.
2. Жерздев С. B.Java 2 Micro Edition. ИТЛаб, ННГУ, ВМК, 2003.
3. Вартан Пирумян. Платформа программирования J2ME для портативных устройств. КУДИЦ-Образ, 2002.
4. Кен Арнольд, Джеймс Гослинг. Язык программирования JAVA. СПб.: Питер, 1997.
5. http://javapower.da.ru/
6. http://www.purejava.ru/
- Judicial system of the RF, GB and USA
- Juristische Berufe
- Jбразование российского централизованного государства
- «Kaspi bank» АҚ-ның тарихы, жалпы сипаттамасы
- Keep your goals to yourself
- Kontrollarbeit
- Kremlin cash revives home loans
- Iсторiя свiтовоi полiтичноi думки
- Iсторiя української культури
- Iсторія економічної думки другій половині XVIII ст. і впродовж XIX ст
- Iтелектуальна власність
- Jahon moliyaviy inqirozi
- Jamaica
- JavaScript