Каспийское море

 Каспийге қатер қайдан?

     Минералды шикізатты көптеп өндіру кез-келген елді және трансұлттық компанияларды  экономикалық тұрғыдан пайдаға белшесінен батырса да, билік басындағылар мен қарапайым халық үшін көптеген әлеуметтік және экологиялық проблемалар тудырып отыр. Оған әлемдегі: мәселен, АҚШ-тағы, 1989-шы жылғы Аляскадағы, 2010-шы жылғы Мексика шығанағындағы апаттар дәлел бола алады.

     Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету мақсатында табиғатты  қорғау саясатының 2 түрі қолданылады: әкімшілік, яғни, заңдылықтардың орындалуы; экономикалық — салық пен айыппұл және басқа да төлемдер. Сирек қолданылатын тағы 2 түрі бар. Олар: қоғамдық (ерікті түрде) және халықаралық (әлемдік тәжірибе бойынша). Бұлар қоршаған ортаны қорғау шараларын күшейте түседі. Сондықтан, осындай іс-қимылға аймақтың экологиялық ахуалына алаңдаушылық білдірген атыраулық үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың қатысуы заңды құбылыс. Бәлкім, тек қана табиғатты емес, сонымен қатар, адамдардың өздерін де қорғайтын уақыт жеткен шығар?

     Жайық, Еділ, Жем өзендерінің сағасы мен Солтүстік Каспийдің теңіз акваториясы 1974-ші жылдан бастап мемлекеттік қорық аймағы саналды. Бірақ, қоғамда болып жатқан әртүрлі өзгерістердің әсерінен (мәселен, КСРО-ның ТМД болып өзгеруі) сол қатаң тәртіп 1990-шы жылдардан бастап бұзыла бастады. Бұрынғы статустың ең болмағанда жартысын қайта қалпына келтіру мақсатында халықаралық «Севиль стратегиясы» мен «Рамзар Конвенциясына» сәйкес, ҚР Үкіметі Жайық өзенінің сағасында «Ақ Жайық» табиғи резерватын құрды. Сөйтіп, 2009-шы жылдан бастап қорық Жердегі биоқорларды сақтайтын маңызды экологиялық жүйе санала бастады.

     Айналада  болып жатқан түрлі өзгерістер ихтиофаунаға да кері әсерін тигізіп, бекіре тұқымдас балықтардың күрт азаюына алып келді. Бұл туралы сонау ХХ ғасырдың аяғында Каспий теңізіне экспедиция жасаған Кусто командасы да айтып кеткен болатын. Қазіргі жағдай да мәз емес. Каспий теңізіндегі халықаралық мұнай саласы өкілдерінің қызметі де ондағы тіршілікке қауіп төндіріп, теңіз бассейнін толықтай құртуға алып келе жатыр.

     ХХ  ғасырдың соңында теңіздегі биологиялық  қор (потенциалдық қор) Каспий жағалауын  мекен еткен бес ел (Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Иран, Әзірбайжан) тиімді пайдаланған жағдайда 1,5 триллион долларға бағаланды. Бұл Қашаған кен орнын толық игергенде түсетін кіріспен пара-пар. Теңіздегі экологиялық жағдайдың нашарлауына әртүрлі табиғи, антропогендік құбылыстар мен Солтүстік Каспийдегі мұнай операциялары себеп болып отыр. Каспий теңізінен бастау алатын өзен-көлдердің жоқтығы, яғни, Дүниежүзілік мұхитпен географиялық байланысы болмауы да табиғи факторға жатады. Сондықтан, алып, әрі тұйық су қоймасына түсіп жатқан зиянды, әрі улы қалдықтар шоғырлана түсуде.

Каспий теңізінің  алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте  зор. Сонымен қатар сол маңдағы  шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:

экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі  әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр  полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс  істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының құрт нашарлауы;

мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

аңызақ жерлердің  шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы). 

Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы  кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін. 

Алматыға қауіп қайдан келеді? 

 Қазіргі кезеңде  әрбір мемлекеттің орнықты дамуы үшін мынадай 3 факторға баса назар аудару керек: Мемлекеттік саясат, экономикалық бағыт және экологиялық жағдай. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Экономика мен саясаттың өзгеріп тұруы заңды құблыс, ал экологиялық апатты тоқтату немесе бағытын өзгерту – өте күрделі құбылыс. Осындай ластануға адам организмдері біртіндеп үйреніп, бұл өзгерістерді тіптен сезбейтін болған. Адам денесіне енген улы заттар организмге кері әсерін тигізіп, денсаулығын бұзады. Ағзада күрделі патологиялық өзгерістерге алып келеді.  

 Осы жағдайлар  туралы ғалымдар мынадай тәжірибе жасаған. Екі бақаны алып, бірінші бақаны ыстық су құйылған стаканға салады. Сонда әлгі ыстық суға салынған бақа бар пәрменімен стаканнан секіріп шығып, аман қалады. Ал екінші бақаны суық су құйылған стаканға салып, стаканды біртіндеп қыздырады. Температураның біртіндеп көтерілуіне бойы үйренген бақа, ең соңында ыстық суға пысып өледі. Осы тәжірибеден нені түсінуге болады? Қазіргі кез адамзаттың тағдыры, екінші бақаның тағдырына ұқсап кетеді. Қоршаған орта, айналамыз біртіндеп ластануда. Оған бойымыз үйренгені сонша, біз қоршаған ортадағы қатты қалдықтарға, ластанған суларға, ауаға мән бермейміз. Ал осы ластанулар біздің өмірімізге қаншалық қауіп әкелетіні айтпаса да түсінікті.  

 Алматы шаһарында  да қоршаған ортаның жағдайының  мәз емес екені баршамызға  мәлім. Бұған қаладағы қаптаған  көлік пен тау бөктеріне дейін  салынған ығы-жығы құрылыстар, қалада  орналасқан өнеркәсіп орындары басты себепші екені белгілі. Дейтұрғанмен, осы ластануларға ең басты себепші өзіміз екенімізді ұмытпайық.  

 Қоршаған табиғи  орта туралы дұрыс таным, тәрбие  болмай, ол туралы ауыз ашу  мүмкін емес. Алматы көшелерінің  бірінде келе жатқанымда мынадай жағдайға куә болдым. Баласын жетектеген әйелдің қолындағы пакет толы қоқысты, қоқыс жәшігіне салмай жол жиегіне тастай салғанын көрген әлдекімдер: «Мұныңыз не, қоқыс жәшігіне салмайсыз ба? Тазалыққа көңіл бөлсеңізші» деуі мұң екен, әлгі әйел: «Онда сенің не шаруаң бар, қайда тастаймын өзім білем, тазалықшылар тегін ақша ала ма? Солар тазаласын» деп кете барды. Мінеки, біздегі жауапкерсіздіктің көрінісі. Әлгі әйел қоршаған ортаны ластағанымен қоймай баласына да теріс өнеге көрсетіп кеткенін ойламаған болар. Жасынан осындай өнеге көрген ұрпақты есейгенде қоршаған ортаның жағдайы алаңдатады дейсіз бе?  

 Ластану көрсеткіші  жағынан қаламыз дүние жүзі  қалаларының алдыңғы ондығында.  Шіркін, шаһарымыз басқа жақсы жақтарынан осындай көрсеткіштер көрсеткенде ғой. Мамандар «Алматыда өмір сүріп жатқан ересек тұрғындардың өкпесі, 40 жыл үздіксіз темекі шеккен адамның өкпесімен бірдей, ал Алматыда өмірге келіп, 1 жасқа толған сәбидің өкпесі 8 жыл шахтада жұмыс істеген адамның өкпесіндей» дейді. Бұл мәліметтер асыра айтылғанда болар, десе де қаламыздағы тұрғындар арасында тыныс жолы, өкпе ауруларының көп екенін ескерсек, ойландырарлық жағдай.  

 Қалада қазір тұрғындар ғимаратының маңындағы көгалдар, балалар ойнайтын алаңдар барлығы көлік тұрағына айналған. Тіптен сол жасыл шөбі жайқалып тұрған алаңға асфальт қалдықтарын төсеп, тұрақ жасап жатқандарға: «Бұларыңыз не? Табиғи орта қайталанбас байлығымыз емес пе?» – десем, олар беттері бүлік етпестен: «Сонда көліктеріміз батпақтың ортасында тұруы керек екен ғой» деп қарсы жауап қайырды. Ал бірақ өздерінің және ұрпақтарының денсаулығын өз қолымен бүлдіріп жатқанын олар мүлде ойламаған шығар сонда.  

 Қаламыздың Алатау  ауданына орналасқан Өжет, Байбесік, Шаңырақ ықшам аудандары күндіз  де, кешке де қаптаған қара  тұманнан көз ашпайды. Бара  қалсаңыз, ащы түтін қолқаны қабады. Осы қара түтіндер кей күндері желмен бірге қаланың барлық кеңістігін жауып кетеді. Автокөлік пен пештерден шыққан ыс – түтіндер басқа барар жері болмаған соң тұрғындардың өкпесіне келіп тығылады.  

 Австралия университетінің  ғалымдары мынадай болжам жасапты.  Енді 300 жылдан соң экологиялық  проблемалардың асқынуына байланысты, ірі мегаполистерде адамдар өмір сүре алмайды.  

 Біздің қоршаған  ортаны ластаған әрбір жағымсыз іс-әрекетімізге табиғат өз жауабын беретінін ескерсек, қаламыздың тағдыры өз қолымызда. «Біз жерімізді ата-бабамыздан мұраға алған жоқпыз, ұрпақтарымыздан қарызға алдық». Сондықтан қоршаған орта туралы тәлім-тәрбиені ұрпақтар санасына сіңіріп, экологиясы таза жасыл қала құрайық! 

Балқаш көлін қазақстандықтар Көктеңіз деп атайды, ол қазақ тілінен аударылғанда Голубое море деп аталады. Мыңдаған километрге созылған Балқаш көлі жер бетіндегі ең көне көлдердің бірі болып табылады. Оның көгілдір жағажайы, балыққа толы байлығы, көгілдір түстес керемет суы жақын және алыс шетел туристерін өзіне тартады. Кейінгі жылдары Балқаш көлі бір жарым метрге көтерілді, су экологиялық тазарды, құрып кетуге жақын балықтардың кейбір түрлері қайтадан пайда болды.Балқаштың аумағы 20 мың шаршы метр. Көлдің шығыс жағының тереңдігі 28 метр. Балқаш көлінде балықтың 12 түрі бар, соның ішінде кәсіпшілік түріндегілер де кездеседі. Бұлар жайын, аққайран, сазан, көксерке,вобла, берш. Жағалаудағы аймақта құстың 100 түрі мекен етеді. Көлдің жағалауыңда профилакториялар мен демалыс базалары орналасқан. Демалушыларға қала шетінде 3 жағажай жұмыс жасайды. Балқаш көлінің кереметтігі сонда оның батыс жағындағы су тұщы да, ал шығыс жағындағы су ащы. Балқаш көлі Қарағанды және Алматы облыстарының аумағында орналасқан, Астанадан алыс емес. Еуразияда осыған ұқсас көлдің болмауы пайдалы географиялық жағдайда керемет көлдің гүлденуіне жағдай жасайды. Балқаштағы сүйікті демалыс орындарының бірі болып жылдан жылға көбейіп келе жатқан туристік орталықтар табылады. Атап айтқанда, Тасарал аралы- демалушылар үшін салауатты өмір салты үшін ең әдемі және жайлы жер. Балқаштықтар бұл жерді жер жәннаты деп атайды. Балқаш қаласынан он екі километр жерде орналасқан Қоңырат кен орнын алғаш рет ресей инженер-геологы Михаил Русаков ашты. Балқаш кен металлургия комбинаты өткен ғасырдың 30-шы жылдары рекорды қысқа мерзімде салынған және де екінші дүниежүзілік соғыстың алдында әлемдегі ең таза алғашқы мысты шығарған. Ол сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдарында сұраныста болды. Әрбір екінші оқ балқаш мысынан құйылды. Балқашта желкенді қайықпен жүзу және су спорты, жүзу, байдарка мен каноэда есу, спорттық балық аулау кеңінен дамыған (соның ішінде мұз астынан балық аулау). 

Балқаш мәселесін  Қытаймен бірлесіп шешу керек, жалпы, сол бағыттағы трансшекаралық өзендердің проблемасын реттеу керек. Ал мұндай келісімге келу үшін екі мемлекет келісім шартқа отырып, тәртіп орнату қажет. Себебі, Іле мен Қара Ертіс өзендері, негізінен, осы екі республика аумағына ағады ғой. Ендеше, жыл сайын екі ел қанша су алатынын анықтап алуы тиіс. Сол сияқты, жіберілетін су қай мерзімде, қай мемлекетке ағызылатыны да белгіленуі қажет. Сосын барып бұл мәселелер бойынша екі мемлекеттің Сыртқы істер министрліктері деңгейінде құжаттар дайындалып, оларға қол қойылуы керек. Ал, біздің Сыртқы істер министрлігінің мамандары осындай шараушылық мәселелерін айтарлықтай деңгейде көтере алмайды, Қасымжомарт Тоқаевтың кабинеті бұл жағынан өте әлсіз. Министрлік мамандары жақсылап экологиялық проблемаларды саудаға салып, оларға да, бізге де тиімді етіп, ел мүддесін қорғай алатындай болуы тиіс. Мәселен, Шардара су қоймасының мәселесін шешу үшін Өзбекстанмен қанша келіссөз жүргіздік, бірақ оған қарамастан жыл сайын бізді су басып кетеді: яғни, сол мәселенің басын шеше алмай-ақ қойдық деген сөз. Себебі, Сыртқы істер министрлігінің мамандары экологиялық проблемаларға немқұрайлы қарайды, эколог мамандардың пікіріне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін Құдайдай сезінеді, өзгелердің айтқандарын тыңдағысы келмейді. Ал, негізінен, олар мемлекеттің мүддесін қорғау үшін мамандардың пікіріне назар аударып, көңіл бөлуі керек емес пе? – деп шамданады эколог-маман.  

Қазақстанның экологиялық  қоғамының мүшесі Асылхан Артықбаевтың бұл ойымен саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Камал Бурханов келіспей отыр. Саясаттанушы маманның пікірінше, «Сыртқы істер министрлігінің экологиядан өзге де шұғылданатын жұмыстары жетерлік». 

- Дамыған шет мемлекеттерде  Сыртқы істер министрі лауазымы  бойынша премьер-министрдің орынбасары  болуы тиіс. Сыртқы істер министрінің  лауазымы жоғары болғандықтан, ол  кез келген министрге тапсырма  беріп, ол тапсырманың қаншалықты орындалып жатқанын бақылап отырады. Бізде ондай мүмкіндік болмағандықтан да республиканың Сыртқы істер министрлігінде осындай шикіліктер орын алуы ытиқтимал. Сол себептен, мен, Сыртқы істер министрлігін айтыптағандарға қосылмаймын, өйткені олардың да жағдайын түсіну керек. Жалпы экология мәселелерін сыртқы саясат ведомствосының мамандары емес, үкіметтік емес ұйым өкілдері, экологтар, қоғам өкілдері, депутаттар көтеріп отыруы тиіс деп ойлаймын. Ал, Балқаш мәселесіне келсек, бұл көл төңірегінде қалыптасып отырған жағдайды Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде шешу керек. Мәселен, аталған ұйымның келісім-шарттары арасында экология, гуманитарлық салаға арналған келісімдер де бар. Ендеше, Балқаш мәселесін Шанхай ынтымақтастық ұйымының аясына шығарған дұрысырақ деп есептеймін, - дейді Камал Бурханов. 

Көріп отырсыздар, қазанда өткен “Балқаш-2005” форумына осы мәселеге етене араласып жүрген мамандардың көңілі толар емес. Десек те, топырақтанушы маман Кәзім Фаизов, «осындай жиындар арқылы сәл де болса, бар мәселені талқылап, проблемаға назар аударуға болады», деген пікірді көлденең тартады. 

- Балқаш форумы  дер кезінде өтіп отыр. Себебі бұл көл Арал теңізінің тағдырын қайталап келе жатыр. Біріншіден, Балқаштың суы азайып кетті. Екіншіден, топырағы тұзданып жатыр. Бұл өте қауіпті жағдай. Балқаш экологиясы салдарынан Алматы, Балқаш қаласының жағдайы нашарлап, көптеген өндіріс орындары тоқтап қалуы мүмкін. Бұл экономикаға, адам баласына өте зор қиямет, зиян әкеледі, - дейді ол.  

Сонымен, Қазақстан  экологтары, мүмкіндігінше Балқаш көліндегі  қоршаған орта жағдайын жиі ортаға салғанды жөн көреді. Ал Балқаш өңірінің тұрғыны Балтабай Сәмиев болса, «құрғақ сөзден шаршағынын» айтады.

Қазіргі кезде Каспий қайраңының Қазақстанға тиесілі  бөлігінде елдің мұнай өнеркәсібі саласында бұрын-соңды болмаған ғаламат үлкен мұнай-газ кеніштері  игеріліп жатыр. 

«Батыс мұнай компаниялары өткізген геофизикалық зерттеулер мәліметі Қашаған, Қайран, Ақтоты, Королевское  және Теңіз мұнай кеніштерінің құрылымдары 160 шақырымға созылған біртұтас күрделі  аймақ екенін көрсетті. Барлық тұз  асты мұнай резервуарлары көзге  әдеттен тыс жоғары қысымды, температура мен жоғары құрамдағы күкірт қышқылы жинақталған жарылғыш дәрі Каспий теңізі Қашаған кенішіндегі Д аралы. 2009 жыл.

салынған алып күбіні елестетеді», – деп жазады ғалым.Каспий теңізі Қашаған кенішіндегі Д аралы. 2009 жыл. 

Оның айтуынша, 4000-5500 метр тереңдіктегі мұнай резервуарларының өзі аса жоғары ішкі қабаттық қысым  астында орналасқан, жалпы көлемі айлақ пен теңіз жағалауының 3154 шаршы метр аумағын алып жатыр. Ғалымның сөзіне сүйенсек, бұл мұнай резервуарлары, статикалық жағдайы бұзылған Каспийде табиғи және техногендік жер сілкіністері салдарынан немесе кеніштерді ұңғылап қазып, игерген кезде «жарылуы» мүмкін. 

Ғылыми деректер бойынша, қазіргі уақытта жер  қыртысында бір-бірімен тығыз байланыстағы табиғи және техногендік процестер ерекше қарқын алып барады. Ғаламдық тектоникалық қабаттардың қозғалысы (тұтас құрлықтар орнынан жылжуы), аймақтық жер қыртысының күйреуі, әртүрлі магнитудты жер сілкіністері, цунами, торнадо және ауа-райының басқа да аномалды құбылыстары жиілеп кетті. 

«Бұл апаттардың Каспий бассейні аймағын айналып  өтпесі анық. Қазақстан Ұлттық ғылым  академиясының сейсмологиялық институты  мәліметіне сәйкес, Каспий айлағын  қосқандағы Атырау облысы аймағы Рихтер бағаны бойынша магнитуды 6 баллдық  жер сілкінісі болуы мүмкін жер  қыртысы учаскелеріне жатқызылған. 

Қашаған, Қайран, Ақтоты, Королевское және Теңіз тәрізді ірі тұз асты мұнай және газ кен орындары жер қыртысының тектоникалық белсенді учаскесінде орналасқан. Солтүстік Каспийдің айлақ бөлігінің аса ірі карбонатты мұнайлы құрылымы жер қыртысының белсенді геодинамикасымен байланысқан тектоникалық тығыздалған жыныс болып саналады. Амплитудалары назар аудартатын тектоникалық бұзылулардың кездескені жайлы сейсмикалық және бұрғылау мәліметтері тіркелген құжаттар да бар», – деп көрсетеді академик Мұфтах Диаров. 

Ғалымның дәйегі бойынша, Теңіз кеніші шеңберіндегі жер қыртысының жарылуының қазіргі  қарқыны жылына 5 см құрап отыр. Шығыстағы  Бұзашы күмбезімен шектелетін солтүстік-батыста да жер қыртысының жарылуы артып барады. Ал 2000 жылғы сәуірдің аяғында Каспий теңізінің қазақтандық секторының шығыс жағалауында жер бетінің үлкен көлемде шөгуі байқалған. 

Соның салдарынан Қаламқас және Қаражанбас кен орындары учаскелерін су басып, жүзден астам ұңғымалар су астында қалған. Оның үстіне жағалау сызығы бұрынғымен салыстырғанда ондаған шақырымға ауытқыды. 

«Орталық Каспий айлағы сейсмикалық аудандастыру сызбасына  сай магнитуды 7 баллға дейінгі жер  сілкінісі болуы мүмкін аймаққа жатады. Орталықпен шектесіп жатқан Оңтүстік Каспий түрлі магнитудты жер сілкіністері үнемі болып тұратын тектоникалық жарылудың белсенді аймағы саналады әрі оның магнитуды 1-2 балдан 4 балға дейінгі әсері Солтүстік Каспийге де жететін болады. Міне осылайша, Каспий теңізінің қазақстандық секторы тұз асты қабатындағы көмірсутегінің мол қорын тоқтаусыз игеру аса күшті табиғи геодинамикалық және техногендік факторлардың өзара әрекеті жағдайында жүзеге асып жатыр. Яғни төніп тұрған табиғи жер сілкінісінің қаупі де зор», – деген болжам жасайды академик. 

Бұдан әрі ғалым табиғи жер сілкіністерінен өзге мұнай өндірудің тойымсыз әдістері де Каспийге техногендік сипаттағы апат қаупін төндіретіндігін атап көрсетеді. 

«Тектоникалық жағынан  белсенді аймақтардағы процесс кезінде  мұнай резервуарларынан мұнай мен  газды өндіру барысында қалпына  келмейтін кеңістіктер, жыралар  пайда болуы магнитуды 7 баллдан  жоғары жер сілкінісінің болуына  әкеліп соқтырады.Техногендік жер сілкінісі барлық жерде болып жатыр. 

Мысалы, Батыс Өзбекстанның сейсмикалық жағынан әлсіз саналатын  Газлий ауданында мұнай мен газды  өңдегеннен кейін магнитуды 7,0-7,3 балдық жер сілкінісі болды. Первомайск кен орыны игеріле бастағанына 30 жыл өткен соң, 1995 жылы Сахалиннің солтүстігіндегі Нефтегорда көптеген адам өмірін жалмаған, магнитуды 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Батыс Түркіменстандағы Құмдақ кен орыны пайдалана бастағаннан бергі 20 жылдан соң магнитуды 6 балдық жер сілкінісі болды», – деп жазады мақалада Мұфтах Диаров. 

Ғалымның айтуынша, Теңіз кенішінде 1993 жылдан бері барлық жағынан қарқынды шапшаңдықпен көмірсутегі  қоры игеріліп жатыр. Бірақ әлі күнге дейін «босап қалған кеңістіктер мен жарықтар сумен немесе газбен толтырылмаған. Ал ондағы жер қойнауының статикалық жағдайы баяу болса да бұзылады» дейді академик. 

Теңіз кенішіндегі  осы факторлардың барлығы қазірдің өзінде техногендік жер сілкінісін тудыруы ықтимал. Жалпы айтқанда, Каспий бассейнінде техногендік жер сілкінісі әбден болуы мүмкін құбылыс деп санайды Мұфтах Диаров.

Каспий теңізінің  экологиялық қауіпсіздігіне қатысты  мәселелерді ҚР Төтенше жағдайлар, Ауыл шаруашылығы, Мұнай және газ министрліктері және қазақстандық ғылыми ұйымдар өкілдері талқылады. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге Иран Ислам Республикасы, Орталық Азия мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы жанындағы Су шаруашылығы проблемалары жөніндегі ғылыми-ақпараттық орталықтың қазақ филиалы және Ресей Ғылым академиясына қарасты Мұнай және газ проблемалары институты мен П.Ширшов атындағы океонология институтының Каспий филиалының мамандары да шақырылды.

 Каспий теңізінің  биотіршілігіне негізінен теңізден  мұнай өндіру операциялары қауіп туғызады. Қазіргі таңда Каспийдің солтүстік-шығысында бекіре тұқымдастар қоры он есеге дейін азайған. «Тенгиз» және «Қашаған» кен орындарын игеру жұмыстарының басталуымен Каспийдің солтүстік жағалауының мұнай өнімдерімен ластану қаупі төніп отыр. Солтүстік Каспий – кәсіпшілік балықтар мен құстарды өсіруге арналған тамаша биологиялық аймақ екені белгілі. Мамандардың айтуынша, мұнайдың бірнеше тоннасының төгілуінің өзі Солтүстік Каспий бассейнінің бүкіл фаунасының жойылып кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

 «Жобаны жүзеге  асыру кезінде келеңсіз жағдайлардан  сақтануды күшейту үшін мұнай  операцияларының кең көлемде  игерілуін бастамай тұрып, міндетті  талаптар кешенін жасақтау қажет.  Міндетті шарттардың қатарына  мұнай жабдықтарын теңіз суымен  салқындату барысында пайдаланылатын  теңіз суынан басқа, өндірілген  және тұтынылған сұйық және  қатты қалдықтарды теңізге лақтыруға  тыйым салу кіретін болады, –  деп атап өтті облыс әкімі  Қырымбек Көшербаев.

 Басқосу соңында  Каспийдің экологиялық қауіпсіздігінің  тұрақсыздануын бірлесе болдырмау  туралы қарар қабылданды. 

Осы жиында, талқыланып жатқан тақырыпқа байланысты танымал  ғалым, эколог, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, техника ғылымдарының докторы  Еділ Жаңбыршинды әңгімеге тартқан едік: 
 

Техногендік, биологиялық  әсерлерден қазір Каспий теңізінің халі мүшкіл болды деп айтуға болады. 

– Шынында да, Каспий теңізінің қазіргі ахуалы – дүниежүзі  қауымдастығының назарында тұрған мәселе. Өйткені, соңғы уақытта Каспийдің қайраңында жүргізіліп жатқан кең көлемдегі мұнай операциялары теңіздің экологиялық жағдайын өте қиындатып жіберді. Бұдан басқа Каспий теңізіне Еділ, Жайық және басқа да өзендер арқылы өндірістік лас, қоқыс заттар келіп түседі. Қазіргі таңда теңіздің экожүйесінің жағдайы мәз емес. Оның үстіне Каспий қайраңында мұнай операцияларын жүргізуі теңізге техногендік әсерді одан сайын арттырады. Бүгінде әлі шешуін таппаған бірнеше проблема бар. Біріншіден, Мексика шығанағындағы апаттан кейін бұл мәселе өте өзекті болып тұр. Апат болған жағдайда оны ауыздықтау мәселесі қалай болады? Жақында Америка жағалауында болған апатты 800-ге жуық кеме жұмылдырып, миллиардтаған қаржы бөліп, ауыздықтауға күш салды. Ал, Каспий теңізінің мұнай өндіретін аймақтарындағы теңіз суының тереңдігі 8 метрге дейін созылады. Сондықтан бүкіл Каспий мемлекеттерінің күші жұмылдырылса да, үлкен кемелер бұл жерге келе алмайды және ондай күш барлық мемлекетте жоқ деп айтуға болады.

 Екіншіден, теңізге  түсетін лас қалдықтарды, әсіресе  мұнай өнімдерінің түскен кездегі  қоршаған ортаға келетін зиянды есептейтін методикалардың (әдістемелердің) жоқтығы. Мұндай нормативтік-құқықтық актілер бес мемлекетте бірдей ортақ қабылданған болу керек. Себебі, Каспий жабық су айдыны, Қазақстанда, Ресейде немесе басқа мемлекеттің акватоиясында болған апат барлық мемлекеттердің теңіз айдыны мен жағалауын бүлдіруі мүмкін.

 Үшінші мәселе, бұл – Каспий теңізінде үнемі  жүргізіліп, секунд сайын қадағалап отыратын мониторингтің жоқтығы, былайша айтқанда, он-лайндық мониторинг жоқ. Сондықтан біздер қазір кім қалай, қай жерде, қандай көлемде зиян тигізіп жатқанын анықтай алмаймыз. Осыған байланысты қырылып жатқан балықтар мен итбалықтардың өліміне «кім кінәлі?» деген сұраққа, міне, әлі күнге дейін жауап жоқ.

 Төртінші мәселе  – Кеңес Одағынан қалған мұнай  ұңғымаларының әлі күнге дейін  жүйелі тұрде залалсыздандырылмауы. Қанша мұнай кетіп жатыр, оларды қалай жөндеу керек немесе оларды қалай тығындау керек деген мәселе шешілмеген. Сосын тағы күрделі мәселе – мұнай операциясы кезінде апат бола қалған жағдайда оның шығынын кім төлейді? Ол қанша ақша болады? Оны ертең қалай өндіріп алуымыз керек? Осы механизмдер толықтай қарастырылмаған. Сондықтан бұл үлкен көлемдегі мұнай операциялары осындай нақты, маңызды сұрақтарды шешпей жүргізіп жатыр. Құдай сақтасын, ертең осындай бір апат бола қалған жағдайда мұның әсерін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес, бұл апаттық жағдай Мексика шығанағынан да өте зор болады. Себебі Каспий теңізіндегі кен орындардың көрсеткіштері өте аномальды. Мысалы, жер асты қысымы 1200 атмосфераға дейін жетеді, мұнай-газ және тау жыныстары араласқан фонтан жанса, ауаға өте улы күкіртсутегі, метилмеркаптан, бензапирин, күкірт тотықтары, азот тотықтары және басқа да газдар лақтырылады. Күкірт және азот тотықтары айналада қайнаған теңіз суынан бөлінген бумен араласып қышқылдарды құрап, теңіздің қышқылдылығын көбейтеді, айналаға жаңбыр болып жауады. Бұл бүкіл қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді.

 Айтылмай қалған  тағы бір мәселе – Ақтау қаласында еш жерде сыналмаған, сарапталмаған ВБЭР-300 ядролық қондырғымен жұмыс жасайтын атом электр станциясын салу. Бұл өте күмәнді жоба. Егер де атом электр станциясы Каспий жағалауынан салынатын болса, бұл да бір үлкен қауіп-қатер ошағына айналады. Себебі, атом электр станциясында апат болатын болса, онда оның зардабын барлық 5 мемлекет те көреді, әсіресе, Каспий теңізі. Ал, радиацияның әсері миллиардтаған жылдарға кететіні белгілі. Қазіргі таңда Каспийдің айналасында адамзат баласын толғандыратын осындай үлкен экологиялық проблемалар жинақталып қалды.

 Міне, техногендік,  биологиялық әсерлерден қазір Каспий теңізінің халі мүшкіл болды деп айтуға болады. Сондықтан бұл мәселемен мемлекет те, қоғам да, ғалымдар да, мамандар да, бәрі де айналысуы керек және нақты іске кірісу керек. Ертең кеш болып қалуы мүмкін.

 Осы дөңгелек  үстелде көптеген мәселелер айтылды.  Қарар қабылданды. Сол қарардың  ішінде осы айтылып отырған  мәселелердің көбі ұсыныс ретінде жазылды. Ал, оның әрі қарай қалай іске асатынын уақыт көрсетеді. 

Құятын өзендер

Еділ өзені

Шығатын өзендер

Буға айналу

Ауданы

3,626,000 км²

Ұзындығы

1,030 км

Ені

435 км

Су бетінің ауданы

371,000 км²

Көлемі

78,200 км³

Орташа тереңдігі

184 м

Тереңдігі

1,025 м

Су деңгейі

-28 м

Жасы

250 жыл 
 
 

Каспий теңізі (море Хвалийское, түрікм. Hazar deňzi, парсыша: دریای خزر‎ — Daryâ-ye Xazar, әз. Xəzər dənizi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.  Каспий жағалауындағы мемлекеттер 
 

Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңіздей бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан Үлесіне 29% (2340 км), Ресейге - 16%, Әзербайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді. 

Каспийское море