Photoshop туралы жалпы мәлімет

Мазмұны

Кіріспе

І. тарау.    Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі

1.1.  Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы туралы жалпы түсінік

1.2.  Құрал саймандар   тақтасының құрылымы

1.3   Меню жолы

1.4.  Құралдардың және  орындалатын командалардың пернелік  орындалуы 

 

ІІ. тарау   Adobe Photoshop бағдарламасында суреттерді реставрациялау

2.1 . Adobe Photoshop программасының мүмкіндіктері

 

 

Қорытынды

 

Әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ елінің егеменді, іргелі ел болып, ұлттық тұғырдан орын алып отырған сәтте, қазақ азаматының тәрбиесі, оның тұрмыс салтына, әдет ғұрпына, бүкіл тыныс тіршілігіне, жалпы жаңа заманға сай өмір сүруіне байланысты болып отыр. Себебі, бүгінде экономиканың қарқынмен дамуына байланысты білім беру жүйесінде оқытудың құрлымы, мақсаты мен мазмұны, технологиясы түбегейлі өзгерді. Білім, білік дағдыны механикалық түрде емес, танымдық қабілеті дамыған және өзін-өзі көрсете алатын жеке тұлғаның интелектін байытуда оқыту технологияларының орны зор. Ал  жаңа заманның толық қанды, яғни компьютерді толық менгерген тұлға болуы қажет.++++++++++

Демек, Сондықтан да дипломдық жұмысымның тақырыбын «Power Point бағдарламасын  мектепте пән сабақтарында  қолданудың жолдары» деп таңдадым.

Зерттеу орны:    Жамбыл облысы

Талас ауданы

Үшарал ауылы

Талас негізгі мектебі

8  сынып.

Зерттеу объектісі:  Жоғары сыныптардың информатика пәні.

Зерттеу пәні:           Жоғары сынып оқушыларының информатика

   сабағында бағдарламаны қолдануы. 

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың оқу үрдісінде бағдарламаны қолдануын байқап, оны дамыту жолдарын анықтау, айқындау. Информатика сабағында логикалық тапсырмаларды пайдалана отырып, оның маңыздылығын түбегейлі меңгерту және білімді, саналы дені сау адамды тәрбиелеу.

Зерттеу міндеті:

1. Курстық жұмыстың тақырыбына байланысты әдебиеттер тізімін жасау, картотека құру.

2. Бағдарламалық тапсырмалар жайлы қажетті материалдарды жинақтау, шолу жасау.

3. Бағдарламалықтапсырмаларды қолдана отырып, түрлі сабақ жоспарларын жасау.

4. Өсіп келе жатқан ұрпақ санасына бағдарламалық  тапсырмаларды шешуді сіңірту.

5. Дені сау интелектуалды жетілген жеке тұлғаны  қалыптастыру.

Зерттеу әдісі:        - анкета әдісі

        • тест әдісі
        • сұрақ-жауап әдісі
        • эксперимент әдісі
        • әңгіме әдісі
        • іс-әрекеттің нәтижелерін көрсету

Болжам...

Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдарының дамыта оқыту идеясына сай жоғарғы сынып оқушыларының информатика сабағында жұмыс жасау жүйесі нақтыланса, онда жошғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жасау барысында зор мүмкіндіктер туар еді және жас кезеңіндегі әр түрлі әрекеттер мен басқада келеңсіз жағдайларға жжол берілмес еді.

... Егерде мен жеке баламен, жеке топпен, жеке ұжыммен жұмыс жүргізсем;

  • Информатика сабағында түрлі логикалық тапсырмаларды пайдалану арқылы;
  • Оқушылардың бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру арқылы;
  • Заман талабына сай, қазіргі таңдағы бағдарламалық тапсырмаларды шешу барысында сыныпта әртүрлі сабақтар өткізу арқылы;
  • Сыныптан тыс уақытта тәрбие сағаттар, пікір сайыстар жүргізу арқылы;
  • Әр түрлі деңгейде оқушылардың логикалық ойлауын анықтау мақсатында тест, анкета, деңгейлік тапсырмалар қолдану арқылы;

Онда мұндай жұмыстардың нәтижесінде жоғарғы сынып оқушыларының өмірге деген көзқарастарына, ойлау қабілетіне жауапкершілік сезімін оятуға, ата-ана, мұғалім, оқушы арасындағы қарым-қатынас әрекеттерінің қалыптасуына, жалпы логикалық ойлауын жетілдіріп, жоғарғы деңгейіне жеткізуіне әсері болар еді

 

 

 

 

 

Adobe компаниясы өзінің  ең мықты және атақты графикалық  пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық  графикалық пакетін ұсынды. Оның  құрамына Photoshop–пен бірге ImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары  кірді. 

Photoshop CS өзінің жаңартылған  өзгерістерімен графикалық кескіндер  мен суреттерді жеңіл, ұтымды  өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік  береді.  Бұл нағыз ақпаратты  цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби  қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының  ерекшеліктері арқасында жұмысты  кез келген адам, яғни қарапайым  қолданушыдан кәсіпкер біліктілер  тез әрі оңай орындай алады.

  Photoshop жаңарған сайын жұмысқа икемді әрі ыңғайлы болуда.  Оны тағы да бір рет дәлелдейтін бір жай -  енді ыстық клавишаларды өздігінше өзгертуге және реттеуге мүмкіндік бар. Қолданушы программада берілген ыстық пернелерді жаттамай-ақ  өзіне ыңғайлы болған пернелерді түзіп қоя алады.

Тағы бір дәлел болатын  жағдай – жаңа Histogram (Гистограмма) палитрасының пайда болуы. Оның атқаратын қызметі: кескіннің түсі мен ол жайлы ақпараттарды көру, әлбетте сонымен бірге оларды бақылап отыру. Осындай жаңалықтарымен Photoshop алдыңғы нұсқаларынан ерекшеленеді.

  Одан басқа Photoshop-та біріктірілген кескін суреттерді (панорамных изображений) шағаратын жаңа керемет команда пайда болды. Бұл -  Photomerge (фото біріктіру) командасы. Бұның көмегімен кез келген суретті көлденеңінен де, тігінен де  біріктіріп жаңа кескін алуға болады.

Crop and Straighten атты жаңа құрал сканермен көп жұмыс істейтін адамдарға көп жеңілдік жасайды: енді сканерден өткен суреттер автоматты түрде кесіліп дұрыс жағына айналып отырады.

Web-графиканы әзірлейтін ImageReady пакетіне де көптеген өзгерістер  енген. Енді түскен суреттерді Macromedia Flash форматында экспорттауға  болады.

Әрине бұл жаңалықтармен Photoshop СS-тың мүмкіндіктері біте қоймайды. Жоғарыда көрсеткендер тек мысал  ретінде ғана. Осылар мен тағы да басқа жаңалықтармен мүмкіндіктерді алда қарастырып өтеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. тарау.    Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі

1.1.  Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы туралы жалпы түсінік

Adobe Photoshop  -  суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға  арналған ең танымалы  графикалық бағдарлама болып  табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы  түстер палитрасымен жұмыс істеуге,  суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс  тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге,  суреттерді түстендіруге және  басып шығаруға мүмкіндік береді.

Adobe Photoshop  интерфейсі бағдарламамен  өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі  қолданушыларға арналып ойластырылған.  Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды  тышқанды басу арқылы жүзеге  асыру және пернетақтада белгілі  бір перне комбинацияларын басу  арқылы операцияларды жүзеге  асыру. Операцияларды жүзеге асырудың  екі түрі де бір бірінен  оңайлығымен және функцияны орындау  жылдамдығымен ерекшеленеді. Әдеттегідей: бағдарламамен енді жұмыс ісеуді бастаған адам меню арқылы жұмыс істегенді таңдайды, ал маман пернетақта арқылы.

               Adobe Photoshop бағдарламасындағы кез-келген сурет растрлық болып табылады. Ол сканер арқылы еңгізілсін, басқа бір бағдарламадан еңгізілсін немесе фотошоп бағдарламасы арқылы жасалсын ол – растрлық болып табылады. Растрлық суреттер- кішкене тік төртбұрышты түстер қосындысынан тұрады. Әрбір нүкте- пиксель деп аталады. Ол белгілі бір түсті немесе реңді көрсетеді. Пиксельді суретті үлкейту арқылы пиксельдерді бөлек- бөлек өзгертуге болады.

Сонымен Adobe Photoshop пиксельдік бейнелерді құруға және өзгертуге байланысты кез келген жұмысты атқаруға мамандандырылған бағдарлама. Төменде бағдарламаны пайдаланушылар келтірілген:

Художник- иллюстратор (мультипликатор). Бұл салада жұмыс істейтін маман әртірлі композициялық суреттерді салудан бастап оны сақтап, басқа суреттермен байланыстырып, сканерден алынған бейнелермен комбинация жасап оған көптеген фильтірлер қолдануына болады.

Художник- дизайнер. Бұл бағдарлама арқылы художник- дизайнер өзінің шығармашылық диапазонын кеңейтіп, тимді нәтижелерге жетуіне болатынына сөзсіз сенемін.

Полиграфист. Полиграфист негізінде баспаға басар алдындағы жұмыспен, яғни сканерден бейнені шығару, корректировка, түс таңдау, CMYK режимінде редакторлауға және дуплекстермен жұмыс жасаумен айналысады. Photoshop осы жұмыстармен және бұдан да көп жұмыс түрімен айналысуына мүмкіндік береді.

Фотограф немесе ретушер. Егер жұмысқа қажетті керекті сыртқы құрылғылар, яғни сканер, циферлік фотоапарат болса бұл маман иесі шексіз мүмкіндікке ие болып отыр. Ескере кететін жай егер Photoshop сияқты күшті бағдарлама болмаса жоғарыда аталған құрылғылар мүмкіндіктерін толығымен пайдалану қиын болар еді. Бұл бағдарлама арқылы фотограф ретуши, коррекция, фотобейне монтажы сияқты жұмыстарды орындауына болады.

Бағдарлама терезесі. Алдымен программаға кіру жолын айта кетейік. Photoshop программасында жұмыс істемес алдында программаны жүктеу немесе іске қосу керек. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • Windows жұмыс үстеліндегі Пуск (іске қосу) батырмасында тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз;
  • Осы менюде Все программы  қатарында тышқанды шертеміз;
  • Енді  Adobe Photoshop қатарына меңзерді қойып тышқанды сырт еткіземіз.

Photoshop программасы Windows-тың қолданбалы программалары сияқты экранда екi терезесi болады: Photosvhop программасының басты жұмыс аймағын құрайтын программа терезесi және редакциялайтын бейне орналасқан терезесiPhotoshop терезесi, программа және бейне – Windows-тың басқа қолданбалы программа терезелерi сияқты, негiзгi элементтерден құралған. Photohop программасында бiр уақытта бiрнеше терезелермен жұмыс жасау жиi кездеседi. Ал осы, бiр терезеден басқа терезеге өту үрдісі ыңғайсыз. Сондықтан да мұндай жағдайда Windows үшiн Photoshop программасында СTRL+TAB және CTRL+SHIFT+TAB пернелер комбинацилары пайдаланылады. Бiрақ, Macintosh мұндай мүмкiндiктi бере алмайды. Мұндай жағдайда Photoshop фирмасының Quickkeys программасы қажет. Программа терезесiн жұмыс үстеліне келтiру үшiн кішірейту батырмасына тышқанды апарып шертемiз. Егер программаны экранға келтiру қажет болса, онда жұмыс үстелінде оның батырмасын тышқанмен шертемiз. Сонымен қатар жұмыс үстеліндегі батырмаларды Photoshop программасынан басқа активтi программаларға өтуге және керiсiнше пайдалануға болады. Қалпына келтiру/үлкейту батырмалары терезе күйiне тәуелдi. Егер батырмада екi кiшкентай шаршы болса (1.1 - сурет), онда ол қалпына келтiру батырмасы.

1.1-сурет. (Photoshop   программасының жұмыс үстелі)

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Құрал саймандар   тақтасының құрылымы

Құралдар палитрасы (1.4- сурет)- бұл элементтермен біз жұмысты көп істейміз. Бұл құралдар палитрасымен біз алдыңғы тарауда танысамыз. Ал қазір әр палитрадағы әр кнопканың астындағы қара үшбұрышты сызыққа көңіл аударайық. Бұл сызыққа тышқанды апарып 1-2 сек басып ұстасақ қосымша “подқұралдар”         

1.2-сурет.  Ерекшелеуге         шығады. Бұл жерден біз осы құралдың тобына

 арналған  құрал           жататын құрал- саймандарды таңдап ала аламыз.

1.2.- сурет.

 Әр құралды тез әрі жеңіл  қолдану үшін оларды тез ашуға  мүмкіндік беретін әріпті клавишалар болады. Әр құралдың қосымша параметрлері (оның құрамын, мүмкіндігін, өзгерісін анықтайтын) болады. Ол экран үстінде орналасқан -де көрсетіледі. Бұл панелдің сол жағында құралдың суреті бар программа орналасқан. Оны шертсек, басқа құрал алуға болатын панелі шығады.

 

1.3- сурет

Енді құрал-саймандармен танысайық (құрал аты және жанында  жылдам клавишасы):


                                                                                                                      

                                                                                                                                   

                                

                                           

                                             

                                            

                                                       

                                                   

                                       

                                                                            

         

1.4- сурет- Құралдар палитрасы.

 

Бірінші пиктограммада геометриялық фигуралармен ерекшелеу  құралы орналасқан. 1.5– сурет.

 

 

            

   1.5– сурет- Геометриялық фигурамен белгілейтін    пиктограммалар

 

Екінші пиктограммада (солдан оңға қарай) орын ауыстыру құралы орналасқан. Ол объектілерді бір суреттен екінші суретке орналастыруға арналған құрал . Жылдам пернесі V.

Аймақтың ерікті пішінін  ерекшелеу үшін, Lasso құрал-сайманын бейненің ішіне орналастыру керек. Бұл құрал түстердің әртүрлілігі негізінде жұмыс істейді. Сонда таңдалған пішін аймағы үзік сызықпен қоршалуға тиіс. Ал көпбұрышты пішін аймағын ерекшелеу үшін Polygonal Lasso (көпбұрышты лассо) құрал-сайманын қолданамыз. Magnetic Lasso құрал-сайманы өте қанық бейнелермен жақсы жұмыс жасайды (1.6 – сурет).


 

 

  1.6 – сурет- Lasso пиктограммасы

Енді Magic Wand (ерікті пішінді қалам) құрал-сайманының қызметін қарастырайық. Бұл құрал Lasso құралына ұқсас.  Бұл құралмен жұмыс істеу үшін меңзерді ерекшеленетін элемент түсінің үстіне алып барып тышқанның үстіне шертеміз. Осыдан кейін Photoshop қайта құрылған контурда үзік- үзік   байланыстыру нүктелерін қояды.

Crop құралы қажетті суретті бөліп алып, оны бөлек сурет ретінде көрсетуге болатын құрал.

Slice (бөлік) қажетті бөліктерді ұқыпты қырқуға арналған құрал                                                       

  

                  

1.7 – сурет- Қырқуға арналған құрал

 

Healing Brush– дұрыс салынбаған, бүлінген жерлерді жөндеу құралы. 1.8 – сурет.

 

                            

 

1.8– сурет- Жөндеу құралы

 

Brush- қалам құралы сызуға арналған (1.10 - сурет).

.    

 

             

1.9 – сурет- Сызуға арналған құралдар

Stamp – бейнені тазалау құрал-сайманы. Бұл сол жақ құрал-саймандар панеліндегі жоғарыдан санағандағы бесінші құрал-сайман. Оның көмегімен бейненің бір бөлігін алып басқа бөліктің үстіне қоюға болады. Бұл іс-әрекетті қолдану деп аталады (1.10 - сурет).


   

                

1.10 – сурет- Штамп пиктограммасы

 

Art History– суретті лай (мөлдір емес) күге әкеледі. Ал, History Brush – алдыңғы құралдың ісін қайтарады, жөндейді .1.11 - сурет

 

     

           1.11 – сурет- History Brush пиктограммасы

Eraser– суретті нүктелер арқылы өшіріп отырады. Ал қосымша өшіргіш фонды өшіруге қолданылады. Үшінші түрі бірдей боялған аймақтарды бірден өшіруге мүмкіндік береді. 1.12 – сурет


 

 

   1.12 – сурет- Өшіргіш құралы

 

Gradient түспен толтыратын құрал. Мысалы, пипеткамен белгіленген түспен суреттің фонын Paint Bucket арқылы толтыруға болады. Gradient құралының көмегімен фон түсінен негізгі түске өтуге болады. Негізгі түстегі пиктограммаға шертсек, түс таңдау диалогтық терезесі ашылады. Онда 17 мыңға жуық опция бар. Бұл диалогтық терезеден шығу үшін Esc пернесін басамыз немесе Cancel (болдыртпау) батырмасын шертеміз. 1.13 - сурет

     

 

 

1.13 – сурет- Түстермен жұмыс істеуге арналған пиктограммалар

 

Blur, Sharpen, Sponge құралдарының жұмысы бір. Олар суретті мөлдірлігінен айырады, тек үшеуінің мөлшері әртүрлі. 1.14 - сурет

     

 

 

1.14 -  сурет- Мөлдірліктен айыратын пиктограммалар

 

Dodge мен Burn қызметтері бір-біріне қарама-қарсы. Бірі суретті ағартады, екіншісі – керісінше суретке көлеңке түсіреді. 1.15-сурет

      

 

 

1.15 – сурет- Суреттің қараңғылығын (контрастын) өзгертетін пииктограммалар

Type құралы мәтін жазуға арналған.                                     

Vertical Type Tool жоғарыдан төменге қарай жазады. 1.16-сурет

               

 

1.16-сурет- Мәтін теруге арналған пиктограмма

Pen қауырсын– нүктелеп қырқу. Құрамында қосымша 5 құрал бар. 1.17 - сурет

 

 

1.17 – сурет- Қауырсын   пиктограммасы

Келесі пиктограммада геометриялық фигуралар қарастырылған (1.18 -сурет).

 

 

           

1.18 – сурет- Геометриялық фигуралар сызуға арналған пиктограмма

Notes (жазбалар), Audio Annotation– жазбалар және дыбыстық жазбалар болып екіге бөлінеді. Оның біріншісін пайдаланғанда жұмыс парағында кішкене терезе пайда болып, оған қажетті жазбаларды жазуға болады. Ал екінші, дыбыстық терезеде, дыбыс жазу құрылғылары арқылы қажетті мәліметтер жазуға болады. Екінші дыбыстық жазбаны микрофон арқылы жазуға болады. Мысалы, құстар бейнесі бар суретті алып, оған құстар әнін жазуға болады. 1.19 – сурет

     

 

 

    1.19- сурет

Eyedropper – берілген түсті палитра панелінен іздемей, пипеткамен сол түсті таңдап алуға болады. Пипетканың пиктограммасында тағы да екі функциясы бар, олар: түсті таңдау және өлшем (1.20 – сурет).

 


 

      

1.20 – сурет- Түс таңдау құралы

 

 Hand (қол) – бейнені терезеде ыңғайлы қозғалтуды қамтамсыз етеді.  Мысалы, кесілген немесе көбейтілген затты қол арқылы қозғалтуға болады.       

Zoom (масштаб) – бейненің көлемін үлкейтіп не кішірейтіп көрсетеді .    Жылдам пернесі Z+ <Ctrl+ “+”> үлкейту немесе <Ctrl+ “-”> кішірейту.

Төмендегі бірінің үстіне бірі шығып тұрған екі квадрат  қолданатын түстерді және фонның түсін  көрсетеді. Екі басында бағыттаушысы бар иірілген сызық артқы және алдыңғы фон түстерін ауыстыруа  негізделген. 

         Артқы фон  түсі   Алдыңғы фон түсі


 

Келесі терезе режимдері  экранға байланысты жұмыс істеуге  арналған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Меню жолы 

1. File менюі. Бұл меню жайлы білген өте маңызды. Өйткені жұмыс барысы осы менюмен басталып, осы менюмен аяқталады.

New – жаңа файл құру. Жаңа файл құрудың параметрлерін қарастырайық.


                           

 

                                 

 

 

 

1.21- Сурет- Жаңа файл  құру менюі

 

  • Name – құралатын файл аты.
  • Preset Sizes – құралатын файл өлшемі. Мысалы: А2, А3, А4, А5, 4х1, 640х480, т.б.
  • Width – ені, Height – биіктігі. Жоғарыдағы параметрлерді өз қалауымыз бойынша қоюға болады.
  • Resolution –бейненің ұзындыққа қатысты нүкте (пиксел) саны. “Разрешение” – пиксельдің ұзындық қатынасына байланысты өлшемі. Бұл параметрдің оқшауы етіп 72 пиксельді алған жөн.
  • Mode – құрылатын бейненің цветтік режимі. Бұл программада мынадай режимдер беріледі.

Bitmap (биттік) – тек қана 2 түстен тұрады, ақ және қара. Бұл режимді бейненің сапасы төмен түспен жұмыс істегенде, оның алғашқы түсін сақтап қалу үшін қолданылады.

Grayscale (жартытондық). Бұл режимді ақ-қара түсте басылып шығарылатын бейнеге қолданылады. Мысал ретіндегазетке басылатын баспаны айтуға болады.

RGB. Қолданылатын режимдердің ішіндегі ең пайдалысы және ең керекті осы режим. Бұл режимге адам көзі қабылдайтын барлық түстер жатады.

CMYK. Егер файл баспада шығаратын бейне ретінде құрылатын болса, осы режим дәл сол үшін арналған.

Lab Color. RGB режиміне альтернативті (ұқсас) режим ретінде қарастыруға болады.

  • White (ақ). Құрылатын файл фонын ақ ету.
  • Background Color (артқы план). Фон ретінде артқы план түсін қолдану.
  • Transparent (бастапқы түссіз файл). Түссіз артқы план. Бұл режимді бейнені Интернетке енгізу үшін қолданылады.

File менюінің қалған “подменюларын” қарастыруды қажет етпейді. Себебі бұл меню параметрлері барлық программа подменюлерінде бірдей болады.

2. Edit менюі. Бұл меню параметрлері де барлық программа менюлеріне ұқсас.

3. Layer (қабат) менюі. Бұл меню қабаттармен жұмыс істеуде керекті барлық операциялар тізімі орналасқан. Қабат не үшін керек деген сұрақ туу мүмкін. Қабаттарды бейнеге түрлі фильтрлер қолдану үшін пайдаланады.

New Layer (жаңа қабат). Жаңа қабатты (Ctrl+Shift+N) немесе Layer  New   New Layer арқылы құрады. Төмендегі суретте қабатты құрудың менюі көрсетілген.

Duplicate Layer (қабаттың  көшірмесін құру). Активті қабаттағы бейнені жаңа қабатқа көшіреді.

Delete Layer (қабатты  өшіру). Бұл операция барлық құрылған қабаттарға қолданылады (фоннан басқа).

Layer Properties қабат бұл операция арқылы қабаттың атын, түсін және айқындығын өзгертуге болады.

Type (мәтін) бұл контекстік менюде мәтіндері бар қабаттармен жұмыс істеуге арналған командалары тұрады.

Create Work Path (жұмыс контурын жасау) - қабат мәнін контур етеді.

Convert to Shape (фигураға конверттеу) – мәтінді фигураға айналдырады.

Horizontal/Vertical (горизонталді/вертикалді) - әріптердің орналасуын қамтамасыз етеді.

Anti- aliased (тегістеу) – бұл параметір арұылы әріптердің қырларын тегістеу не тегістемеуін анықтайды.

    • None (тегістеусіз) – тегістеуді тугелдей алып тастау;
    • Crisp (сәл тегістеу) – қырларды кішкене жұмсарту;
    • Strong (тек қырымен) – әріптер қырларымен қана;
    • Smooth (жұмсарту) - әріптің фонға өтуін тегістеу;  

Convert To Paragraph Text (блокка айналдыру) – блоктық иәтінге айналдыру.

Warp Text (мәтінді деформалациялау) – мәтінді бұруға, пішінін өзгертуге арналған.

Replace All Missing Fonts (жоқ қаріптердің бәрін алмастыру).

Rasterize (растырлау)

Төмендегі құралдардың бәрі фигураларды, бейнені, мәтіндік бейнені  растырлауға керекті құрал.

Type (мәтін) – мәтінді растырға аудару;

Shape (фигура) – фигураларды растырлайды; 

Fill Content (заливка) – векторлық залувканы растырлау;

Layer (қабат) – растырланбаған элементтері бар қабатты растырлайды;

Linked Layer (біріккен қабат) – барлық біріккен қабаттарды растырлайды;

All Layers (барлық қабаттар) – барлық қабаттар растырланады;

 New Layer Based Slice (фрагменттен тұратын қабат). Барлық көрінетін аймақ фрагментке айналады.

Disable Layer Mask (қабат  маскасын өшіру) Масканы көрсетпейді, бірақ өшірмейді.

Enable Mask Layer (қабат  маскасын көрсету) Алдыңғы командаға қарама – қарсы жұмыс істейді.

Add Vector Mask (векторлық  маска құру) Осы команданы орындағанда тағы бір қабат пайда болады.

  Disable Vector Mask (векторлық масканы өшіру) Активті столда контурларды өшіріп қояды.

Lock All Layers In Set (барлық  қабаттарды бекітіп тастау) Осы команда арқылы барлық активті қабаттарды бекітіп тастауға болады.

Merge Down (алдыңғы  қабатпен біріктіру) Активті қабатты алдыңғы қабатпен біріктіреді.

Merge Visible (көрінетін  қабатты біріктіру) Барлық көрінетін қабаттырды біріктіруге арналған.

Flatten Image (күәлікті  орындау) Барлық қабаттарды ал көрінбейтінін жояды. Операция соңында бір ғана қабат қалады. 

4. Select (ерекшелеу)  менюі. Select – ерекшелеу негізгі менюдің маңызды бөлігі. Ерекшелеудің әртүрлі варианттарын ұсынады.

Егер бұл менюді ашсақ  көбінің активті емес екенін көреміз (сұр түсті). Оларды активті ету  үшін бейнені ерекшелеу керек. Осыдан танысуды жалғастыруға болады.

All (бәрін ерекшелеу). Бейнені түгелдей ерекшелеу. Бұл команда орындалғанда бейне контурының айналасы ерекшеленеді. Пернелік шақырылуы Ctrl+ A

Deselect (ерекшеленуді  алып тастау). Барлық ерекшеленген аймақтан ерекшеленуді алып тастайды. Пернелік шақырылуы Ctrl+ D. Егер сіз оның ерекшеленуін алмай тек қана ерекшелену нүктелерісіз көргіңіз келсе Ctrl+ H пернесін басу керек.

  Reselect (ерекшеленуді қайтару). Бұл команда егер сіз ерекшеленуді алып тастап оны қайтадан керек етіп қайтару үшін қолданылады. Пернелік шақырлуы Ctrl+ Shift+ D

Inverse (инверттеу). Ерекшеленген және ерекшеленбеген орынды алмастыру.

5. Filter менюі. Бұл менюде филтерлердің 40- тан астамы орналасқан. Филтір- бір ғана функцияны орындайтын кішігірім программа. Бұл филтерлер тұралы құрғақ ауыз сөздің орнына мен шын маңыздығын көрсететін мысалдарды алдыңғы бөлімдерде көрсетемін.

Филтірлер бөлек файл ретінде Photoshop файлдарында кездеседі. Бұндай филтерлерді қосымша орнатса  да болады. Оны Интернеттен немесе арнайы апгрейдтерден жүктеуге болады.

6.View (вид) менюі. Бұл меню арқылы бейнені көрудің жаңа мүмкіндіктері ашылады. Бұл өзгертулер тек қана сурет көрудің режимін өзгертеді.

Proof Setup (профилді орнату). Монитор бетінде түстерді көрсету профилін орнату.  

Proof Colors (түстік профиль). Профил негізінде түсті көрсеті.

Zoom In (үлкейту). Бейнені үлкейту. Ctrl+ <+>

Zoom Out (кішірейту). Бейнені кішірейтеді. Ctrl+ <->

Actual Pixels (нақты өлшемі). Бейнеі өзінің нақты өлшемінде көрсету. Alt+ Ctrl+ O.

Print Size (баспаға щығару  өлшемі). Басар алдында оқшаулауға  керек. Бұның орнына File► Print With Preview - мен қолданған қолайлы. 

7.Window (терезе) менюі. Бұл меню арқылы жұмыс алаңының параметірлерін өз ыңғайыңызға байланысты орнатуға болады. Documents бөлімінде мынадай параметірлер бар. 

Cascade (каскад). Егер бірнше файлдарды ашып оған Cascade командасын қолдансаңыз, сізге бірнеше файлдарды бірден көосетеді.

Tile (мозайка). Егер сіз осы режимде жоғарыдағыдай бірнеше файл ашсаңыз онда, бұл файлдар бір бірін жауып тұрмай барынша түгел көрінуге тырысады.  

   Arrange Icons (белгілерді жөндеу). Бұл опция егер сіз көп терезеледі ашып, орын болмағандықтан көбін буып тастасаңыз онда барлығы жұмыс алыңында ретсіз жайылып жатар еді. Бұндай жағдайда жоғарыда аталған параметір көмегі сізге тиеді.    

Photoshop туралы жалпы мәлімет