Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР:

 

      КІРІСПЕ

  1. Заңды тұлғалар азаматтық құықтың субъектісі ретінде
  2. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары

          2.1.Заңды тұлғалардың белгілері

         2.2. Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер

  1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
  2. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары

           4.1. Құрылтай құжаттарының мазмұны

     ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы  оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Заңды тұлға – заң  бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да заңды тұлғаға жатады.

Заңды тұлғаның заңы - занды  тұлға құрылған елдің құқығы, осы  заңды тұлғаның заңы болып саналады.Занды тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі осы заңды тұлғаның заңымен анықталады.Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болып табылмайтын шетел ұйымдарының азаматтық құқық кабілеттілігі, ұйым құрылған елдің құқығы бойынша анықталады.

 

 

 

 

1. Заңды тұлғалар  азаматтық құықтың субъектісі  ретінде. Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлгалар жатады. Заңды тұлға — бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттер, институттар, емханалар, дүкендер, фирмалар, мемлекеттік органдар, фабрикалар, зауыттар, т.б. жатады.

Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару  құқығындағы оқшау мүлкі бар  және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Заңды тұлға өз қызметін жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен өрекетқабі- әрекетқабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.

Лицензия дегеніміз  — заңда көрсетілген кәсіп түрімен шұғылдану үшін өкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат. Мысалы: жеке оқу орны мемлекеттің арнайы рұқсатын алғаннан кейін ғана өзінің қызметін атқара алады.

Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі сол  лицензия алған кезден бастап пайда болады да, оның мерзімі біткенде немесе жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады.

Заңды тұлғалар заңға  сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болып екі  түрге бөлінеді: Қоммерциялық заңды  тұлғалардың мақсаты пайда табу. Коммерциялық емес заңды тұлға пайда табуды көздемейтін Және оны қатысушыларына үлестірмейтін ұйым болып табылады.

Коммерциялық заңды  тұлғалар: мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив  нысандары.

Ал коммерциялық емес заңды тұлғалар: мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестіктер, т.б. Қоғам өмірінде әр түрлі жағдайлар болады. Осындай кезерде заңды тұлғалар қайта құрылып немесе таратылып ты жатады.

Заңды, тұлғаны қайта құру. Заңды, тұлғаны қайта құру дегеніміз — бұрынғы заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа заңды тұлғаға өтуі. Заңды тұлғаларды қайта құрудың бес түрі: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту екені белгілі.

Заңды тұлғаны тарату дегеніміз—тұлғаның өз қызметін тоқтатуы.

 

2. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары:

1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi  көздейтiн (коммерциялық ұйым) не  мұндай мақсат ретiнде пайда  келтiре алмайтын және алынған  таза табысын қатысушыларына  үлестiрмейтiн (коммерциялық емес  ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

2. Коммерциялық ұйым болып табылатын  заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын,  шаруашылық серiктестiк, акционерлiк  қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында  ғана құрылуы мүмкiн. 

3. Коммерциялық емес ұйым болып  табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк  қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын  және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен  ғана ұсталатын заңды тұлға тек  қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексі 110-бабы).

2.1. Заңды тұлғалардың  белгілері.

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынандай белгілері  бойынша айқындайды:

1. ұйымдасқандық бірлігі;

 

2. мүліктік оқшаулығы;

 

3. Дербес мүліктік жауапкершілігі;

 

4. Азаматтық айналымға өз атынан  қатынасуы.

 

Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан  бірлігі оның өзіне  тән қасиеті болғандықтан  заңның  өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымнан көрінеді, сол арқылы  қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін,егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

         Мүліктік оқшаулық – заңды  тұлғаның экономикалық  құқықтық  белгісі болып табылады және  оның мүлікке затық құқығын  иеленуін білдіреді. Бұл арада  әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргүзу немесе оралымды басқару құқығы  туралы болып отыр.Комерциялық ұйымдағы  дербес балансын мөлшері мен мекемедегі  смета заңды тұлғаның  оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.

Дербес мүліктік  жауапкершілік  дегеніміз-Ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиеселі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже .Ал, меншік  иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44- бабының 1- тармағы 2-бөлігіне  сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның  міндеттемелері бойынша қосымша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілермен  тағайындалуы мүмкін.Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған:Толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың  тиісті серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктеріне қатысушыларынам тиісті серіктестіктеріне  қатысушыларына тиісті серіктестеріне қатысушылардың  тиісті серіктестіктеріне  қатысушылардың  тиісті серіктестіктердің  міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63 бабының 1-тармағы,72 бабының 1- тармағы,); 2)кооператив  міндеттемелері бойынша өндірістік  кооператив мүшелерінің жауапкершілігі( АК-тің 96-бабының 3 тармағы ); 3)Егер заңды  тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса,заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі(АК-тің 44-бабының 3-тармағы);4) еншілес шаруашылық мәмілесі  бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабының 2-ші бөлігінің),сондай негізгі  шаруашылық  скріктестігнің  кінәсінен еншілес шаруашылық (АК-тің 77-бабына 1-тармағының 2-бөлігі ) және тағы басқа  жағдайлардағы  жауапкершілік.

Заңды тұлғаның азаматтық  айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық- құқықтық белгісі.Ол оның  сотта талапкер және жауапкер болуына ,өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүкіндік береді.

2.2. Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер.

Заңды тұлға азаматтық  құқықтың заңмен танылған біріңғай субьектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында заңды тұлғаның маңызы (мәні),яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.Олардың авторлрры заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны  қандай және заңды тұлғаның  мән мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әр түрлі әр түрлі пікір білдіреді.Азаматтық құқық теориясында көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор  С.И.Аскназий мемлекеттік ілімнің авторы. Ол былай деп айтқан : Мемлекеттік заңды тұлғаның  артында мемлекеттіңөзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды». Әдебиетте  бұл теорияны көп сынайтындар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой деген уәж айтады.

Академик А.В.Венедиктов «ұжым ілімін»  алға тартты. Бұл ғылымның айтуы  бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық ә) аталған  заңды тұлғаның жұмысшылары қызметкерлерінің ұжымы. Ал ғалым Д.М.Генкин «әулеметтік ақиқат» теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілік түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады.Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін алға тартты,оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші- директоры болып табылады.

Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың әулеметтік байланыстар ілімі, А.А.Пушкиннің  ұйымдастыру ілімі Е.А.Сухановтың мақсатты мүлік тәрізді ғылыми тұжырымдары  айтарлықтай кең тараған.Сөйтіп,заңды тұлғаға адамдардың қатынасы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекет заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асырудағы, мәмілелерді жасауда еркі танылады.

Кейбір авторлар бұл авторларды бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары  мен міндеттерін жасырын атқарушы тұратындығын дәлелдемек болды.

Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде  де өртүрлі теориялық көзқарастар  кездеседі.Мәселен К.Ф.Савиньи Фикция теориясының негізін қалады.К.Ф.Савиньи  көзқарасы бойынша,шын мәнінде  құқық субьектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады.Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін  адамның тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойданшығарылған субьектісін алға тартады. Ал неміс ғылымы  Гирке болса органикалық теорияның тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаның адам тұлғасымен салыстырылады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.

Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлердің кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi және қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі.

       Акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi әдiлет органдары Ұлттық Банк жолдаған хабарламалар негiзiнде Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзедi.

       Қазақстан  Республикасының заңнамасында көзделген  жағдайларда қызмет нысанасы  қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн Ұлттық Банктің рұқсаты қосымша талап етiледi.

       Тиісті  тауар нарығында үстем немесе  монополиялық жағдайға ие нарық  субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік  кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган  монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімімен құрылған, олармен үлестес тұлғалардың тізбесін ұсынады.

       Орта  және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне  жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк  тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы  немесе құрылтайшылардың бiреуi  не шетелдiк немесе шетелдік  заңды тұлға, Қазақстан Республикасының  Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеуші органға бередi.

       Жеке  кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын  заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу  кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар)  не осыған уәкілеттік берілген  адам қол қояды және Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілерінде  көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші органға береді.

       Шетелдік  қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне жататын заңды  тұлғаларды мемлекеттік тіркеу  орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:

       құрылтайшы  – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;

       нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.

       Қоғамдық  және дiни бiрлестiктердi мемлекеттік  тiркеу «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

       Бір  мезгілде тіркеуші органға заңды  тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.

       Осы  Заңда және Қазақстан Республикасының  өзге де заңнамалық актілерінде  көзделгендерден басқа қандай  да бір құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.

       Заңды  тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігі  айқындайтын тәртіппен Интернет  желісі арқылы берілген электрондық  өтініш негізінде жүргізілуі  мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары.

Осы Заңда немесе Қазақстан  Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тіркеуші органға жарғы ұсынылады.

       Шаруашылық  серiктестiктерінiң, акционерлiк қоғамдардың,  өндiрiстiк кооперативтердiң және  қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы  заңды тұлғалар бiрлестiктерiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты және жарғы болып табылады.

       Бiр  адам (бiр қатысушы) құратын шаруашылық  серiктестiктерiнiң,  акционерлiк қоғамдардың  және Заңның осы бабының екiншi бөлiгiнде аталғандарды қоспағанда, заңды тұлғалардың басқа түрлерiнің құрылтай құжаттары жарғы (ереже) және заңды тұлғаны құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiм (жалғыз құрылтайшының шешiмi) болып табылады.

       Қазақстан  Республикасының заңнамалық актiлерiнде  көзделген жағдайларда коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар осы түрдегi ұйымдар туралы жалпы ереже негiзiнде әрекет ете алады.

       Шағын,  орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлеріне  жататын заңды тұлғалар мазмұнын  Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын үлгiлік жарғы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыра алады.

       Егер  заңды тұлғаның құрылтайшылары  өз қызметін үлгілік жарғы  негізінде жүзеге асыруға шешім  қабылдаған жағдайда, заңды тұлғаны  мемлекеттік тіркеу процесінде  жарғыны ұсыну талап етілмейді.

       Бұл  ретте, тіркеуші органға Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілерінде  көзделген жағдайларда нотариаттық  тәртіппен куәландырылған, Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігі  белгілеген нысан бойынша өтініштің  үш данасы ұсынылады.

4.1. Құрылтай құжаттарының мазмұны

      Заңды  тұлғаның құрылтай құжаттарында  заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық  нысанына қарай Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген деректер  болуға тиiс.

       Филиал (өкілдік) туралы ережеде филиалдың  (өкілдіктің) атауы, орналасқан жері (банк филиалының бір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегінде орналасқан барлық үй-жайларының мекен-жайы), қызметінің нысанасы, басқару тәртібі және басшысының құзыреті, сондай-ақ филиалды (өкілдікті) құрушы заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы, оны мемлекеттік тіркеу туралы деректер қамтылуға тиіс. 

     

 

     

 

 

 

Қорытынды

Қорытындылай келе, заңды  тұлғалардың көптеп құрылуы елдің  экономикасының дамуына зор үлес қосады. Экономикада әртүрлі заңды  тұлғалар қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру – құқылық формаларымен т.б. бөлінеді. Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. 
Заңды тұлғалар мекемелерінің көп түрлі болуы кез келген мемлекеттің экономикасының тиімді қызмет істеу негізін құрайды. Жарғылық капиталының құқықтық реттелуі заңды тұлғалардың тиімді қызмет етуінің негізін құрайды АК бойынша заңды тұлғалар үш негізгі құқылық нысанға бөлінеді: 
- заңды тұлғалар немесе оның мүліктеріне құрылтайшылардың (қатынасушылардың) құқығы негізінде; 
- заңды тұлғалардың экономикалық қызметке құқылығы; 
-ұйымдастыру құқылық негізде.

Құрылтайшылардың заңды  тұлғаларға немесе оның мүлкіне қандай құқық сақталатындығына байланысты заңды тұлғалар үш топқа бөлінеді: 
- заңды тұлғаларға оның құрылтайшыларының міндеттемелік құқығымен оларға: шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар, өндірістік және тұтыну кооперативтері; 
- заңды тұлғаларға оның құрылтайшылары мүлікке меншіктік құқылығыменмен, яғни басқаша, заттық құқылығымен: мемлекеттік және муниципаиалды унитарлық кәсіпорын; 
- заңды тұлғаларға оның құрылтайшылары ешқандай мүліктік құқылары жоқ (міндеттемелік те, мүліктік те). Оларға қоғамдық, діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және басқа да қорлар, заңды тұлғалар бірлестігі (ассоциациялар, одақтар) кіреді.Заңды тұлғалардың ішінде шаруашылық серіктестіктің қоғамдағы орны ерекше. Сонымен заңды тұлғалардың ішінде шаруашылық серіктестік мемлекеттің экономикалық дамуына зор үлес қосады. Шаруашылық серіктестіктің ішінде көп таралған, танымал түрі жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. 
Бір немесе бірнеше адам құраған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты заңдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып  табылады. 
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл соамлар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. ЖШС коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және ҚР-ңзаңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады. ЖШС өзі орналасқан жерден тыс жерлерде ҚР азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 43-бабына сәйкес филиалдар құрып, өкілдктер ашуға құқылы. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекет оның келісімімен уәкілдік берген орган арқылы ғана қатысушы бола алады. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауға тиіс.ЖШС құру үшін оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасауымен басталып, серіктестіктікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс.

Серіктестіктің заңды  тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат ЖШС-ның жарғысы болып табылады. Жарғыда серіктестіктің қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін. Серіктестіктің жарғысын нотариат куәландыруға тиіс. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді әділет органдары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының 50 озық елдің қатарына шығар жолында  заңды тұлғаларды құру жүйесін Халықаралық  стандарттарға сай дамыту керек. Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Заңды тұлға азаматтық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі. Қазақстан Республикасында заңды тұлға туралы ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларымен реттелген. 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының  Конституциясы 

2. Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 27.12.1994жыл.

3. «Коммерциялық емес  ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы 16.01.2001 ж.

4. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы 17.04.1995 ж.

5. «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы 19.06.1995 ж.

6. «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Қазасқтан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы 02.05.1995 ж.

7. Жайлин Г.А Қазақстан Республикасының «Азаматтық құқығы» Жалпы бөлім: Алматы Жеті Жарғы 2001 ж.

8. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының «Азаматтық құқығы» 1-том Алматы Жеті Жарғы 2001 ж.

9. Заң журналы. №5 02.12.2005ж

10. Заң газеті. №66, 18.04.2005ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары