Жаңа Заман философиясы
Жаңа Заман философиясы
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.
Мазмұны
|
Рационализм мен эмпиризм
Рационализм (лат. ratio – «разум») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық
2. гносеологиялық
3. этикалық рационализм
Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.
Осынысымен рационализм –
Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы – «дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. («Сезімде болмаған нәрсе – ақылды болуы мүмкін емес»).
Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:
1.ақыл сүзгісінен
2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.
«Моральдық – этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды. Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді ЖАҚТАЙТЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты.
Декарт философиясы
Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады.
Декарттың философиядағы үлесі мынадай:
1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді;
2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды;
3.Философиядағы материализм
4.Танымның ғылыми әдісі және
«туа біткен» идеялар
Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:
1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.);
2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.);
3.Түсініксіз, анық емес заттармен,
құбылыстармен салыстырғанда
4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;
5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;
6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.
Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.
Болмыс мәселесін зерттеу
Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:
1.материалды (заттар),
2. рухани (идеялар).
Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б.
Адам, Декарт пікірінше, екі – материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған.
Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады.
Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды.
Р.Декарт «философияның негізгі сұрағын» да дуализм тұрғысынан шешеді: «Не бірінші: материя ма, әлде, с ана ма? Таласы мағынасыз. Материя мен сана тек адам бойында бірігетіндіктен, адам табиғаты дуалистік болғандықтан (өз бойында екі – материалды және рухани – субстанцияны біріктіретіндіктен), материя да, сана да бірінші бола алмайды – олар әрқашан болған және тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі». Физикада, математикада, т.б. түрлі ғылым салаларында қолданылатын ғылыми әдіс таным процесінде қолданылмайды, дейді Декарт. Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы таным процесін әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады. Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің мағынасы – таным процесінде тек абсолютті, деректі, шын сүйену және ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы жаңа, ақиқат білім алу. Декарт пікірі бойынша, дедукция әдісін пайдалану арқылы ғана танымның барлық салаларында шын білімге қол жеткізуге болады.
Рационалистік – дедуктивті әдісті қолданумен қатар Декарт мынадай зерттеу тәсілдерін ұсынады:
1.Зерттеу барысында бастапқы
қағидалар ретінде тек ақиқат,
шын, ақылмен және логикамен
дәлелденген, ешбір күдік
2.Күрделі мәселені қарапайым бөлшектерге, бөліп қарастыру;
3.Белгілі және дәлелденген
4.Зерттеудің жүйелілігін,
Декарт туа біткен идеялар теориясын ұсынады: таным және дедукция арқылы алынатын білімдермен қатар, ешбір дәлелді қажет етпейтін ерекше, туа біткен идеялар болады. Ол ақиқаттар (аксиомалар) о бастан айқын және шын, олар Құдай ақылы мен адам ақылында әрдайым болған және болатын, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын білімдер.
Ол білімдер екі түрде:
1.Ұғымдар;
2.Пікірлер түрінде беріледі.
Туа біткен ұғымдарға жататындар:
«Құдай» (бар); «сан» (бар); «ерік»; «тән»; «жан»; «құрылым», т.б.
Туа біткен пікірлер:
«бүтін өз бөлшектерінен үлкен»; «жоқтан ештеңе пайда болмайды»; «бір мезгілде болу және болмау мүмкін емес», т.б.
Декарт практикалық танымды жақтады:
Декарт бойынша таным
1.адамның қоршаған дүние турал
2.ол білімдерді адам мүддесі
үшін табиғатты барынша
3.адамды жетілдіруге және
4.түпкі мақсат - адамның табиғатқа үстемдігіне пайдалану.
Спиноза философиясы
Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.
Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:
1.субстанция мәселесі;
2.таным теориясы;
3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.
Спинозаның философиядағы
Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада:
1.жоғарғы субстанция – Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;
2.барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар;
3.ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды;
4.Табиғат – Құдай – бір;
5.Табиғаттан тысқары немесе
Табиғаттан жоғары тұрған
6.Құдай Табиғаттың ішінде;
7.Тек біртұтас Табиғат + Құдай ғана жарата алады;
8.«Жаратушы әлем» біртұтас Табиғат + Құдай – «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды;
9.жеке заттар өз бетінше
10.модустар тіршілігінің
Ал Субстанцияның (Табиғат + Құдай) өзінің мынадай қасиеттері бар:
1.тіршілік етеді;
2.дербес, ештеңеге тәуелді емес;
3.өз-өзінің ішкі себебі бар (модустар сияқты сыртқы емес);
4.көптеген қасиеттерге (
5.уақыт пен кеңістікте шексіз;
6.мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды);
7.қозғалыссыз.
Гносеология мәселелерін зерттей келіп Спиноза танымның үш сатысын жіктейді:
1.тікелей адам танымынан
2.ақиқаттағы төмен, ақыл
3.қоршаған дүниенің санада
Спиноза этикасының өзекті мәселелері: 1. детерминизм (табиғаттағының бәрінің шарттылығы); 2. Бостандық пен қажеттілік арақатынасы. Оларды зерттей келіп Спиноза мынадай қорытындылар түйеді:
1.субстанция бостандық пен
2.Құдай (Табиғат) толық
3.модустарда (жеке заттарда) еркіндік жоқ және олар қажеттілікке бүтіндей тәуелді;
4.адам – модус басқа модустард
5.жаны азаттықты қалғаныме,
6.сыртқы қажеттіліктерді –
7.бостандық – бұл танылған қажеттілік.
Жоғары
дәрежедегі бостандыққа жету үшін Спиноза
пікірінше мынадай шарттар
1.Табиғат – Құдай субстанциясы түріндегі қажеттілікті барынша (максималды) танып білу;
2.Аффектілерден
(қайғы, қуаныш, әуестену, т.б.) арылу
қажет, өйткені олар
Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!.»
Фр. Бэкон философиясы
Жаңа Заман ағылшын
XVII-XVIII
ғасырлардағы ағылшын
1.Материалистік бағыттылық (ағылшын философтарының көпгшілігі басқа елдер философиясына, мысалы, осы кезеңдегі неміс филосфтарына керісінше, болмыс мәселелерін материалистік тұрғыдан түсіндіріп, идеализмді қатаң сынады);
2.Эмпиризмнің рационализмнен
3.Саяси-әлеуметтік
Ағылшын философтары XVII ғ. үшін озық үлгіде дамыды. Ағылшын философиясынын қалыптасуына ықпал еткен саяси оқиғалар:
1.XVII ғ. Ортасындағы Оливер
2.1688 жылғы «даңқты революция»;
3.Протестантизмнің толық
4.Парламент рөлінің орнығуы;
5.Жаңа буржуазиялық қоғамдық-
Жаңа Заманға ағылшын
1.Фр.Бэкон – философиядағы
2.Томас Гоббс (мемлекет
3.Дж.Локк (Т.Гоббс дәстүрін жалғасырып, мәселесін зерттеді).
Фр.Бэкон (1561-1626) – философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621 жж.) – Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы.
Негізгі еңбектері:
- «Ғылымдар табысы»
- «Жаңа Органон»
- «Жаңа Атлантида».
Фр.Бэконның философиялық идеясының – эпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат білім – түпкі мақсат емес. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты – экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу.
Фр.Бэконның филофиялық кредосын бейнелейтін афоризмі: «Білім - күш».
Фр.Бэкон «танымның басты
Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «түрлі металл түрлері балқитын болса, барлық металдар балқу касиетіне ие») деп түсіндіреді Фр.Бэкон.
Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр.Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. Индукцияның кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты (өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді: әрбір құбылыс әр жолы тәжірибе жүзіндегі тексеруді қажет етеді). Адамзаттың білімінің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы – индукцияның басты кемшілігін (айқынсыздығын, болжамдық сипатын) жою жолы, деп түсінді Бэкон. «Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар:
«өрмекші жолы»
«құмырсқа жолы»
«ара жолы».
«Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. Рационалистер, Бэкон пікірінше, шын дүниеден қол үзіп догматизмге салынады. «ой өрнегін өз ойларынан тоқиды». «Құмырсқа жолы» - тек қана тәжірибеге сүйеніш білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм (өмірден қол үзген рационализмге керісінше). Бұл әдіс те біржақты. «Таза эмпирктер» өз назарын практикалық тәжірибеге, түрлі фактілерді, дәлелдерді жинауға аударып, білімнің сыртқы көрінісін, мәселені сыртынан, «қиғашынан» ғана көріп, мәселені ішінен көре алмайды, зерттеліп отырған заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін түсіне алмайды.
«Ара жолы» - танымның ең дұрыс жолы. Осы жолды ұстаған зертеуші философ «өрмекші жолы» мен «құмырсқа жолдарының» жақсы жақтарын алып, олардың кемшіліктерінен арылады. «Ара жолын» ұстана отырып фактілерді жинап, жалпылап (мәселеге «сыртынан» қарап), ақыл мүмкіндігін қолданып мәселенің «ішіне» үңіліп, мәнін түсіну қажет. Бэкон пікірінше танымның ең дұрыс жолы – индукцияға негізделетін (фактілерді жинау және жалпылау, тәжірибе жинау) заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін ақылмен түсінудің рационалистік тәсілдерін пайдаланатын эмпиризм.
Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамғаның (адамзаттың) ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон «елестер» («идолдар») деп атап, төрт түрге бөліп сипаттайды:
1.Тектік елестер;
2.Үңгір елестері;
3.Базар елестері;
4.Театр елесі.
Тектік және үңгір елестері – дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. «Тектік елестер» - танымның адам (танушы субъекттің) тұлғасының таным процесіне әсері, нәтижесінде адамның бұған дейінге сенім – нанымдары, қағидалары – таным нәтижесінде көрініс беретіндігі («үңгір» - адасушылық).
Базар – театр елестері – жүре
пайда болған адасушылықтар. Базар
елестері – тілдегі, ұғымдық аппараттағы
сөздерді, анықтамаларды дұрыс
Фр.Бэкон ғылымдар классификациясын жасауға тырысты. Классификация негізі – адам ақылының қасиеттері: ес, қиял, пайым (рассудок)
Еске – тарихи ғылымдар,
қиялға – поэзия,
пайымға – барлық ғылымдардың негізі – философия сәйкес келеді.
Философияны Бэкон:
1.Құдай;
2.табиғат;
3.адам туралы ғылым деп
Философияның аталған 3 саласын адам түрлі жолдармен, құралдармен таниды:
1.табиғатты – тікелей сезімдік қабылдау мен тәжірибе арқылы;
2.Құдайды – табиғат арқылы;
3.өзін - рефлекция арқылы (ойдың өз-өзіне бағытталуы, ойдың ойды зерттеуі).
Фр.Бэкон философиясы ағылшын философиясына, Жаңа Заман философиясына, одан кейінгі дәуірлер философиясына үлкен әсер берді:
1.философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізі қаланды;
2.гносеология (таным туралы
3.философияның жаңа мақсаты
анықталды – адамға оның өз
әрекетінде практикалық
4.ғылымдарды жіктеуге талпыныс жасалды;
5.Англиямен қоса, бүкілевропалық
антисхоластикалық,
Негізгі еңбектері:
«Азамат туралы бастапқы негіздеме»
«Левиафан – материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».
Т. Гоббс (1588-1679) – Бэконның философиялық дәстүрін жалғастырушы шәкірті:
1. теологиялық схоластикалық
2. философия мақсаты – ғылыми-
3. эмпиризмді жақтады. Декарттың
рационалистік флилософиясын
4. нағыз материалист болды;
5. қоғам мен мемлекет мәселесін маңызды философиялық мәселе деп санады;
6. мемлекет теориясын жасады;
7. мемлекет пайда болуының
Гоббстың философиялық зерттеу пәні – гносеология және мемлекет мәселесі.
Гоббс адам танымы негізінен сезімдік қабылдау арқылы өтеді деп санады. Сезімдік қабылдау – сезім мүшелерінің (көз, құлақ, т.б.) қоршаған дүниеден сигналдарды қабылдап, өңдеуі. Ол сипаттарды Т. Гоббс «белгілер» деп атап, былайша жіктейді:
1.Дыбыстар – жануарлардың өз
әрекетін немесе ниетін (білдіретін
сигналдар (құстар «әні»,
2.Ен салу – қатынас барысында адам ойлап тапқан белгілер;
3.Табиғи белгілер – табиғат «сигналдары» (найзағай, бұлт, т.б.);
4.Еркін коммуникативті
5.Белгілер рөліндегі белгілер – азшылыққа ғана түсінікті, арнайы шифрланған сөз (ғылыми тіл, діни тіл, жаргон, т.б.);
6.Белгілердің белгісі – атаулардың атауы – универсалиерлер (жалшы ұғымдар).
Таным әдістері ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қатар қолдануды жақтады. Философтың мақсаты адамға оның өз әрекеттерінде практикалық жетістікке жетуге көмектесу болғандықтан, ал адам қоғамда, нақты мемлекетте тіршілік ететіндіктен өоғам мен мемлекет мәселесі философиядағы басты сұрақтар.
Т. Гоббс өзінің әйгілі кітабы «Левиафанда» қоғам және мемлекет теориясын негіздеді. «Левиафан» («Құбыжық») – Кромвельдің диктатурасы кезінде 1651 жылы жарық көрді. Ол теорияның мәні мынадай:
1.Адам табиғатынан залым;
2.Адам әрекеттерінің қозғаушы күштері – жеке пайда мен өзімшілдік, әрікімнің өз қажеттіліктері, аффектілері;
3.Аталған қасиеттер әрбір
4.Әрбір адамның бәріне
5.Аман қалу үшін адамдар өзара «қоғамдық келісім» жасап, «бәрінің бәріне құқығын» және иеленуге ұмтылысын шектеді;
6.«бәрінің бәріне соғысын»
7.міндеттерін нәтижелі орындау үшін мемлекет аса болуы қажет;
8.мемлекет дегеніміз – «
Гуго Гроций философиясы
Г.Гроций (1583-1645) – Голландияның саяси-әлеуметтік және құқықтық философиясының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, философ, заңгер.
Ойшылдың философиялық зерттеулерінің басты салалары:
1.гносеология (таным)
2.мемлекет және құқық
3.соғыс және бейбітшілік
4.халықаралық қатынастар.
Гроций табиғи құқық теориясының негізін қалады. Бұл терияның басты идеялары:
1.құқық Құдайдан келген жоқ;
2.құқық бастапқыдан адамға
3.құқық атаулыны екі үлкен бөлмеге топтауға болады: табиғи құқық және жазылған (позитивті) құқық;
4.табиғи құқық – адамға
6.ресми (жазылған, позитивті) құқық табиғи құқыққа сүйенуі және оған қайшы келмеуі тиіс.
Дж. Локк философиясы
Дж.Локк (1632-1704) – Бэкон мен Гоббстың философиялық идеяларын дамытып, Жаңа Замандағы ағылшын философиясының эмпиристік және материалистік дәстүрін жалғастырды.
Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл – ойы туралы тәжірибе».
Дж. Локк философиясының негізгі қағидалары:
1.дүние материалды;
2.таным негізінде тек қана тәжірибе жатады («сезімде болмаған нәрсе адам ойында (ақылында) болмайды»);
3.адамға «туа біткен
4.сана – әр адам өз
5.тәжірибе көзі – сыртқы
6.философия мақсаты – адамның өз әрекетінде табысқа жетуіне көмектесу;
7.адам идеалы – сабырлы,
8.мемлекет идеялы – биліктің
заң шығарушы, орындаушы және
федеративті (сыртқы саяси)
Мемлекеттегі билік бөлінісі туралы бірінші айтқан Локк болды.
Лейбниц философиясы
1.Лейбниц – Жаңа Заман
2.Лейбниц – монадологиясы
3.Лейбниц гносеологиялық (таным
туралы ілім) – рационализм мен
эмпиризмді келісімге
Г.Лейбниц (1646-1716) – немістің математик-ғалымы, заңгер, философ – Жаңа Заман философиясының соңғы көрнекті өкілі және неміс классикалық философиясының ізашары. Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл – ойы туралы жаңа тәжірибелер».
Лейбниц философиядағы рационалистік бағытты жақтады. Оның философиялық зерттеулерінің негізгі мәселелері:
1.Субстанция;
2.Таным.
Лейбниц Декарт пен Спинозаның субстанция туралы теорияларын зерттей келіп олардың жетілмегендігі туралы қорытындыға келді:
Лейбниц Декарттың дуализмін қабылдамады:
1.Біріншіден, барлық субстанциялардың
(өз тіршілігі үшін өзінен
2.Екіншіден, жаратылған
Спинозаның барлық субстанцияларды
біреуге – Табиғат-Құдайға

- Жапония
- Жаргон и его особенности
- Жаростойкость. Теории легирования для повышения жаростойкости
- Жарочный шкаф. Техническое оснащение ресторана
- Жасөспірімдер үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық аспектілері
- Жастар арасындағы қылмыс
- Жасушаның қорғаныштық қабығы – биомембрана, оның түрлері мен қызметтері туралы түсінік беру
- Жанры журналистики
- Жанры изобразительного искусства
- Жанры лирики
- Жанры письменной деловой речи
- Жанры рекламы в СМИ
- Жанры речевого общения
- Жанры речевого общения