Қ Р-дағы кәсіпкерлікпен бісекелестікті дамытуға көрсетілетін мемлекеттік көмектер
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1.2 КӘСІПКЕРЛІКТІ
ҚОЛДАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ......................
1.4 ҚР-ДАҒЫ ШАҒЫН
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ........................
3.2 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН
БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЗАҢДАРЫ.......................
3.3 КӘСІПКЕРЛІКТІ
ДАМЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ.....................
4 БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ЭТНОМӘДЕНИ
ДАМУ ЖАҒДАЙЫ..................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ.
Кәсіпкерліктің
пайда болуы мен дамуы
Ұсынылған
бағыт Қазақстан экономикасын
дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ
мерзімді басым мақсаттар мен
оларды іске асыру стратегиялары
Ел Президентімен Қазақстан
Міндеттері: шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
оны дамытудағы
несиелендірудің рөлін
Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде.
Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді. Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін анықтауда қолдануы қажет.
Нақты
жоба бойынша банктердің шағын бизнесті
несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің
өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде
кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын
құрастырды. Банктердің шағын бизнеске
несие ұсынуының тиімділігін арттыру,
ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының
жағдайына сәйкестендіру механизімін
жетілдіру бүгінгі күннің талабы.
1 БӨЛІМ
КӘСІПКЕРЛІКТІ КЕҢ АУҚЫМДА
1.1
Кәсіпкерлікті кең ауқымда
мемлекеттік қолдауды
іске асыру, шағын және
орта бизнестің тұғырын
кеңейту мен нығайту.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет. Сонымен қатар, металлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған “жасырын” монополия-ларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек. Бюрократияның өндірістік активтерге бақылау жасауға ұмтылған әрекеттеріне жол бермеу керек.Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық “серпілісті” әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын. Халықаралық маңыздағы “серпілістік” жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың белгілі бір тауашаларында бәсекеге қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіруБіз түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, мұнай-газ, көлік саласында және машина жасау мен металлургиядағы, химия мен агроөнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек. Алдымызда халықаралық ұйымдардың белсене қатысуымен биотехнологиялық орталықтар; өңірлік ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр.Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлары мен қызметін әлемдік рыноктарға жылжытатын мамандан-дырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз керек. Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.
Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы. Ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады. Тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы.Экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді. Өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады. Қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы. Адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
- жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды. Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы). Кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі. Халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы. Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы. Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет. Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру. Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау. Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру. Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады. Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:
- жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу);
- ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру);
- мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру);
- бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу);
Осы
орайда ұсынғым келіп отырғаны мәні
– шағын кәсіпкерліктің экономика
жағдайын жақсарту үшін ірі ағымы
бар екенін көрсететін, экономиканы
дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану.
Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік
белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру
әдісін табуы қажет. Сәйкес мемлекеттік
саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты
өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап
оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа
кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті
қолдау саясатын жүргізуі тиіс. Және де
бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму
жағдайы мен кезеңіне байланысты әр түрлі
сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған
және тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар
қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет етеді.
1.2
Кәсіпкерлікті қолдаудың
құрылымы.
Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған. Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялықдаму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.
Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына :
- мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер ;
- үкіметтік емес мекемелер ;
- коммер циялық мекемелер кіреді .
Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай анықталады :
- бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау ;
- қаржылық қолдау ;
- ақпараттық - талдау жағынан қолдау ;
- кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау ;
- материал ды -техни калық жағынан қолдау .
Ұйымдастыру және функционалдық құрылымдарды салыстыра отырып біз инфрақұрылым институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту процессіне қатысу матрицасын құрастыра аламыз.
Әрбір кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беретін мекемелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Олардың барлығы әр түрлі факторларға байланысты. Кәсіпкерлерге тиісті шешімдер қабылданған кезде кейбір мекемелер әлеуметтік мақсаттарға аса назар аударады, ал басқалардың басшылары бәлкім жеке басының қамын ойлайды.
Мемелекеттің қолдауымен құрылған мемлекеттік органдар мен мекемелер
Қазақстан Респуликасының Индустрия және Сауда Министрлігі - жеке кәсіпкерлікті дамытуға және тиісті саясатты жүргізуге жауапты жоғарғы мемлекеттік орган. Министрлік орталық атқарушы органдарына тиісті және ел Президенті мен Үкімет алдында есеп береді.ИжСМ құрамына кіретін Кәсіпкерлікті дамыту Департаменті кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы нормативті-құқықтық реттеу функциясын атқарады.
Департамент қызметін реттейтін негізгі құжаттарда оның негізгі мақсаттары былай белгіленген:
- кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
- кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;
- инвестицияларды тартуға бағытталған шараларды жүргізу;
- департамент құзырына кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру.
Жоғарыда айтылған функцияларға қоса Департамент кәсіпкерлікті дамытуға кедергі болатын кейбір шенеуниктердің заңға қайшы әрекеттеріне қатысты түскен арыз бен өтініштерді қарастырып, және сол арыз бойынша қажетті шаралардың орындалуын қадағалауға міндетті. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік құрылымның келесі деңгейі - ол жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Әкімшіліктердің жанынан Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (Басқармалар) құрылған. Олардың құрамына Кәсіпкерлік жөніндегі бөлімшелер кіреді. (2005 ж. 1 қаңтарынан бастап ҚР үкіметінің 2004 ж. 4 қазанындағы № 1022 қаулысымен жергілікті мемлекеттік басқарудың барлық орагандарының типтік құрылымы енгізілген). Облыстық Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (сол сияқты Алматы мен Астананың қалалық Департаменттері) өз құзыры аясында шағын және орташа кәсіпкерлікті қолдауға уәкілетті. Алға қойылған мақсатқа жету үшін Департаментке мемлекеттік саясатты жүргізуге тиісті мынадай функциялар мен құқықтар берілген:
- кәсіпкерлік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу ;
- жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
- қоғамдық ұйымдармен және басқа да мемлекеттік немесе үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-әрекет ету;
- белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың атынан түскен хаттар, арыз бен өтініштерді қарастыру.
Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың соңғы буыны болып жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары табылады. Солардың құрамына кіретін Экономика және бюджеттік жоспарлау немесе Экономика және қаржы жөніндегі бөлімдер кәсіпкерліке тиісті мәселелермен шұғылдану керек. Аймақтық атқарушы органдарға қабылданған мемлекеттiк саясаттың тiкелей iске асырылуы және жергiлiктi бюджеттер бойынша жоспарлалған және қаржыландырылатын шаралар мен бағдарламалардың жүзеге асыруға тиісті функциялар тапсырылады. Сонымен, атқарушы мемлекеттiк органдар мемлекет пен кәсiпкерлiктiң арақатынас идеологиясын құрудағы негізгі буын болып табылады. Мемлекет қазіргі кезде шағын және орта бизнес заманның талаптарына сай өзіне тән икемділігін, ұтқырлығы мен нарықтық объективтілігін инновациялық экономикадағы өз орнын табуға жұмсауы керектігін түсінеді. Кәсіпкерлердің бастамаларын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау және Президент қойған мақсаттарды іске асыру мақсатында Үкімет жергілікті органдарда әкім аппаратының жанынан Кәсіпкерлер істері жөніндегі Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұйымдастыру схемасын іске асырды. Комиссия құзырында:
- шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуды тежейтін мәселелерді зерттеу;
- жергілікті және аймақтық атқарушы билік органдарына тиісті ұсыныстарды әзірлеу.
Әрбір кәсіпкер кәсіпкерлік жөніндегі комиссияға хабарласа алады, ол үшін өз облысында орналасқан кез келген қоғамдық ұйым немесе заңды тұлғалар ұйымына келсе болғаны. Әдетте комиссияда бірнеше облыстық ассоциация немесе бірлестіктердің өз орындары болады. Кәсіпкерлермен осындай «кері байланыс» ұйымдастыру үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі мақсаттары мынадай:
- кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;
- нарықтық экономиканың дамуын ынталандыруға жағдай туғызу;
- Қазақстан Республикасында әрекет ететін іскерлерді, іскерлік ассоциациялар мен одақтарды біріктіру;
- кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін қажетті ұсыныстар дайындау.
1.3
Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдаудың
бағыттары.
Дамыған елдерде шағын
Қазақстанда жеке
Бүгінде,
ҚР-нің аса назар аударып
- құқықтық реттеудің ұтымды түрлері мен шегін белгілеу;
- кәсіпкерліктің қарқынын төмендетпеуге назар аудару;
- салық салу жүйесін шешу жолдарын дамыту;
- бақылау органдарының кәсіпкерлік обьектілерінің тексеру жөніндегі қызметтерін бәсеңдету.
Сондықтан
бұл мәселе тіпті ҚР-дің
Белгіленген шараларды іске асырудың нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер санының артуы, нақты бәсекелестік орта құру, қоғамның орта негізі ретінде меншік иелерінің жаппай жігін қалыптастыру күтіп отыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында елімізде 2001-2002 ж.ж. шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Мемлекетік бағдарламасы қабылданған (07.05.01ж.). Бұл бағдарлама шағын бизнесті қабылдау, бәсекені және табиғи монополияны реттеу жөніндегі ҚР-ның Агенттігі негізінде жүзеге асқан. Негізгі мақсаты – шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының дамуының қамтамасыз етуінің белгілейтін мемлекеттік қолдау саясатын ынталандыру.
Бағдарламаның негізгі бағыттарына:
- шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытында құрылған инфрақұрылымды пайдаланудың тиімділігін көтеру;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау саясатының қаржылай несие және инвестициялық механизмдерін дамыту;
- шағынкәсіпкерлікті кадрлық, ғылыми-методикалық жәнеақпараттық қамтамасыз ету;
- шағын кәсіпкерлікті аймақтық дамыту;
Бұл
бағдарламаның нәтижесінде екі
жылдан кейін шағын
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау институты құрылды: ҚР-ның экономика және сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті : (бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті қолдау функциясы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелген ) . «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы », «Жеке кәсіпкерлік туралы» және басқа заңдар қабылданды. Мемлекеттік тексеруші органдар саны азйтылды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры құрылды. Екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субьектілеріне минималды көлеміне несиелендіру бекітілді.(банктің несиелік портфелінің неізгі қаражаттарының / қарызының 10% кем емес мөлшерде). Сонымен қатар, Қазақстандағы шгағы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлкеттік саясатының негізгі үйлестірушісі мен серігі болып 1997 жылы мамырда құрылған Шағын кәсіпкерлікті қолдау департаменті болып табылады. Оның құрамында екі сараптау кеңесі құрылған:

- ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі
- ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі
- ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі
- ҚР-дағы салық салу жүйесі реформалау
- ҚР-дағы шағын және орта бизнестің даму тенденциялары
- ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
- ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
- ҚР банк жүйесі
- ҚР-ғы ипотекалық несиелеудің даму мәселелері мен болашағы
- ҚР-ғы ипотекалық несиелеудің даму мәселелері мен болашағы
- ҚР-ғы кассалық операцияларды жүргізу тәртібі
- ҚР-да ақша жүйесінің ерекшеліктері
- ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері
- ҚР-дағы кәсіпкерлік дамытудың проблемалары