ҚР-ғы кассалық операцияларды жүргізу тәртібі

            Кіріспе

    Менің курстық жұмысымның тақырыбы  «Кассадағы Ұлттық валюта операциялар  есебі және аудиті». Курстық  жұмысым 5 тараудан тұрады.

І тарауда - Қазақстан Республикасындағы кассалық операциялар жүргізу тәртібі. Бұл  тарауда  ақшаларды қабылдап алу, сақтау және беру рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің «Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізу туралы» заң бойынша Қазақстанның халық шаруашылығында кассалық операцияларды жүргізудің тәртібі туралы айтылған.

ІІ тарауда  – кассадағы Ұлттық валютаның  синтетикалық есебі туралы қамтып айтылады.

ІІІ тарауда  – кассалық кітапты жүргізу тәртібі: кассир есебі, тексерісі. Бұл тарауда  кассирдың міндеттері, кассалық кітапты  жүргізу тәртібі мен кассирдың  есеп беру барысындағы толтырылатын құжаттар туралы айтылған.

ІV тарауда – кассалық операциялардың аналитикалық есебі туралы айтылған, сонымен қатар №1 журнал-ордерінің толтырылу тәртібі көрсетілген.

V тарауда – кассадағы инвентаризация, кассалық операциялар аудиті. Кассада инвентаризация болған жағдайда ақша қаражаттарының саналу тәртібі мен ондағы бағалы қағаздар туралы айтылған. Және де сол кездегі операциялар шоттарда көрсетілген.

    Бұл курстық жұмысымның мақсаты:  Қазақстан Республикасының Ұлттық  валютасы туралы заңдарды және  кассадығы операцияларды жүргізу  тәртібі мен оның синтетикалық, аналитикалық есебін, кассалық кітапты  жүргізу тәртібі мен кассир  есебін, сонымен қатар кассадағы  инвентаризация, операциялар аудиті  туралы тереңірек біліп, оны  алдағы уақытта өзімнің тәжірибемде  бағыт – бағдар ретінде ұстана  білу.  
 
 

І. Тарау - ҚР-ғы кассалық операцияларды жүргізу тәртібі.

  Мекемелердің  кассаларына қолма-қол есеп айырысулар арқылы тауарларды сату, қызметтер  көрсету және жұмыстарды орындаудан салт ақшалар түрінде түсімдердің  үлкен сомалары күнде түседі және жиналады. Салт ақшаларды қабылдап алу, сақтау және беру рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің «Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізу туралы» 2000жылғы 25 сәуірдегі №195 бұйрығына (2007 жылғы 3сәуірдегі №103 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне туралы) сәйкес Қазақстанның халық шаруашылығында кассалық операцияларды жүргізудің тәртібімен белгіленген. Бұл тәртіпті сақтау жауапкершілігі мекеме басшысы, бас бухгалтер және кассирге жүктеледі. Сауда мекемелері мен бөлшек сауда кәсіпорындарының кассаларында олардың банк мекемелерімен келісімі бойынша белгіленген кассадағы салт ақшалар қалдығы және оларды түсімдерден пайдалану мөлшерлері шегінде ғана салт ақшалар сақтап қалады. Сауда түсімдерінен жұмалатын ақшалардың мөлшерлері банкың еңбекақы және оған теңестірілген төлемдер бойынша есеп айырысуларды қанағаттандыру дәрежесіне байланысты белгіленеді. Көрсетілген мөлшерлер қажет болған жағдайда қайта қаралады. 

  Мекемелердің  кассасындағы ақшалар қалдықтарының белгіленген мөлшерлерден (лимиттерден) тыс барлық ақшалары банк мекемесімен келісілген тәртібі мен мерзіміне сәйкес шоттарға аудару үшін банкке өткізуге міндетті. Олар өз кассаларында өздеріне белгіленген мөлшерлерден тыс салт ақшаларды еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы және оқуақы төлеу үшін және тек банк мекемесінен ақша алған күнді қоспағанда үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімінде ғана сақтауға құқы бар. Банкпен келісу бойынша бұл мерзім бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл мерзім өткеннен кейін төленбеген (депоненттелген) еңбекақы банкке өткізілуі керек, кейін депоненттердің бірінші талаптары бойынша уақытында алмаған тұлғаларға төлеу үшін қайтадан банктан кассаға түседі.

   Мекемелер ақшаларды мөлшерден (нормалармен) шектелмей еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы, оқуақы төлеуге және ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға жұмсай алады, егер бұл шығындар мекеменің  уставтарында немесе оларды алмастыратын құжаттарда қарастырылған мақсаттарға  сай болса. Бірақ олар төлем мерзімі келгенше көрсетілген мақсаттарға арналған салт ақшаларды өздерінің кассаларында жиналуға құқы жоқ. Кассалық операцияларды жүргізу үшін мекеме штатында кассир қызметі қарастырылуы тиіс, ол қабылдап алған барлық құндылықтардың сақталуына толық материалдық жауапкершілікте болады.  

   Қолма-қол  ақшаны қабылдау, сақтау және жұмсау үшін кәсіпорында касса болады. Қолма-қол  ақшамен жұмыс істеу ережелері  ҚР Ұлттық банкінің нұсқауымен бекітіледі.

   Нұсқау  мыналарды ұйғарады:

  • ҚР банк мекемелерінде барлық ақша қаражаттарын сақтау;
  • Чекте көрсетілген мақсаттарға, банктерден алынатын қолма-қол ақшаларды жұмсау;
  • Банк мекемелерімен бекітілген лимиттер шегінде кәсіпорынның кассасында қолма-қол ақшаны сақтау;
  • Кассалық құжаттарды дайындау және қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру тәртібі;
  • Ақша қаражатын сақтау мен тасымалдау кезінде олардың түгелдігін қамтамассыз ету бойынша көрсетулер;
  • Кәсіпорын кассаларының орнын жабдықтау тәртібі.

   Кассир  жұмысқа орналасқан кезде кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысып және кәсіпорын  әкімшілігімен  толық жеке материалдық жауапкершілік  туралы келісім шартқа отыруға тиісті. Ол өзі қабылдаған құндылықтардың түгелдігі  үшін материалды жауапты тұлға болады.

   Кассалық  операцияларды дайындау кезінде  төмендегі құжаттар пайдаланады:

  • Кіріс кассалық ордерлер;
  • Шығыс кассалық ордерлер;
  • Кіріс және шығыс кассалық ордерлер тіркеу журналы;
  • Кассалық кітап.

   Кассаға қолма-қол кіріс кассалық ордер  бойынша қабылданады, ал шығыс етілуі- шығыс кассалық ордерлер арқылы жасалады. Оларға ақша алу немесе беруге негіз  болған құжаттар қоса тігіледі.

   Ақша  өткізетін тұлғаға кіріс кассалық ордердің бөлігі болатын жыртылмал  квитанция беріледі.

   Қолма-қол  ақша беру кезінде шығыс кассалық ордер немесе оған қоса тігілетін  құжаттарда қаржы басқарушының қолтаңбасы болуы тиіс. Құжаттарға келсек, олар қайта пайдалану мүмкіндігін  болдырмайтын күні, айы, жылы белгіленген  «Алынды» немесе «Төленді» таңбасымен жойылады. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерде ешқандай өшірулер мен түзетулерге  жол берілмейді.

   Егер  ақша бұл кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғаға берілетін жағдайда, сол  шығыс ордерлерінде реквизиттері жазылатын  төлқұжат немесе оның орнына жүретін  құжатын көрсетуге тиіс. Кіріс және шығыс ордерлер, оларға кезекті нөмір беріледі, тіркеу журналында есепке алынады.

   Ұйымдағы  негізгі есептесу операциялары қолма-қол  ақшасыз, яғни өзінің есептесу шотынан  қоюшының шотына қаржы аудару, болмасы  сатып алушылардың шотынан қаржы  аударып алу арқылы іске асырылады. Есеп операциялары ұйымға қызмет көрсететін банк арқылы жасалады, есептесудің  орындалуы немесе ақша қаражаттарының келіп түскені банкілік құжат  арқылы расталады, онда әр күн сайын  ақтарылған барлық кіріс-шығыс операциялары көрсетіледі. Оған қоса, төлемдік тапсырыстар, түбіртектер және тағы басқа банктің штампымен расталады. Және төлем құжаттарындағы соманың мөлшері, банкі құжатында көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс.

   Ұйым  жұмсалған қаржының есебін бақылап  отыру үшін, төлемдік тапсырыстардың тізімін тіркеп отыратын арнаулы  журнал ашып, онда төленген уақытты, сомасы және алушының атын көрсетіп отырады. Сонымен бірге банк құжатының  қандай екендігін жаксы біліп, көрсеткіштердің  ерекшеліктеріне назар аударған жөн.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ  тарау- Кассадағы  Ұлттық валютаның  синтетикалық есебі.

    1010 шоты бойынша сальдо айдың  басында кассадағы қолма-қол ақшаның  қалдығын көрсетеді. Дебет бойынша  айналым – есеп айырысу шотынан  ақшаның келуі, өнімнің өткізілуі  үшін қолма-қол ақшаның жұмсалуы  бейнеленеді. 

   Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы ережелерге сәйкес, кәсіпорын жыл сайын мүліктің, оның ішінде кассадағы қолма-қол ақшаның түгендеуін жүргізіп отыруы тиіс. Түгендеу кезінде бухгалтерлік есептегі мәліметтер мен қолма-қол ақшаның нақты мөлшері арасындағы айырмашылығы төмендегі тәртіппен реттеледі.

   Ақша  қаражаттарының артығы кіріске алынып және қаржылық нәтижелерге апарылуға  жатады. Есепте артық сомаға 1010 шоттың дебеті мен 6280 «Басқа да кірістер» шотының  кредиті бойынша проводка жазылады. Кейін артық ақша мен айыпты тұлғалар анықталады.

   Ақшаның кем шығуын айыпты тұлғалардың есебіне  апарылады. Егер олар анықталмаған немесе олардан өндіру жөнінен сот талап  арызын қанағаттандырмаған жағдайда, залалдар өндірістің шығындарына ( 7210 «Әкімшілік шығындар» шотының дебеті мен 3540 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» шотының кредиті бойынша) проводка арқылы шығыс есептеледі. Кем шығулар сомасына мына проводкалар:3540 шоттың дебеті мен 1010 шоттың кредиті бойынша, ал аұша төлеу кезінде 1010 шоттың кредиті бойынша, ал ақша төлеу кезінде 1010 шоттыі дебеті мен 3540 шоттың кредиті бойынша жазылады.

   Кассадағы ақша қаражаттарын есептке алу бойынша  шоттардың негезгі корреспонденциялары

Реттік

Шаруашылық  операциялардың мазмұны Шоттардың корреспонденциясы
Шоттың  дебеті Шоттың кредиті
1 2 3 4
1 Салып алушылардан  қолма-қол төлемдердің түсуі    
 
  • Сатылған  тауарлы-материалдық қорлар үшін
1010 «Кассадағы  ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты»

1210 «Сатып алушылар  мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі»
 
  • Вексельдер  бойынша қарыздарды өтеу
1010 «Кассадағы  ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

1130 «Өтеуге дейін  ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар»
2 Еншілес ұйымдардің қолма-қол ақшалармен қарыздардың  түсуі 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

1220 «Еншілес  ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық  берешегі»

1230«Қауымдастаралған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

3 Сыйақылар бойынша  қарыздардың түсуі 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

1270 «Алуға арналған  қысқа мерзімді сыйақылар»
4 Қызметкерлерден қолма-қол ақшамен түскен қарыздар:    
 
  • Есептесетін сомалардың пайдаланбаған қалдығы
1010 «Кассадағы  ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының «Есеп беруге міндетті тұлғалармен есеп айырысу» субшоты
 
  • Материалдық зияндар мен жетіспеушіліктерді өтеу бойынша
1010 «Кассадағы  ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

1250 «Қызметкерлердің  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»  шотының «Есеп беруге міндетті  тұлғалармен есеп айырысу» субшоты
 
  • Несиеге сатылған тауарлар үшін қарыздарды өтеу бойынша
1010 «Кассадағы  ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

1250 «Қызметкерлердің  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»  шотының «Есеп беруге міндетті  тұлғалармен есеп айырысу» субшоты
 
  • Берілген  қарыздарды өтеу бойынша
1010 «Кассадағы  ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

1250 «Қызметкерлердің  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»  шотының «Есеп беруге міндетті  тұлғалармен есеп айырысу» субшоты
5 Банктің шоттарынан қолма-қол ақшалар түсуі    
 
  • Ағымдағы  банктік шоттардан теңгемен
1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 1030 «Агымдағы  банктік шоттардағы ақша қаражаты»
 
  • Ағымдағы  банктік шоттардан валютамен
1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты» 1031 «Ағымдағы  банктік шоттардағы валютамен  ақша қаражаты»
 
  • Банктердегі басқа да шоттардан
1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 1060 «өзге ақша  қаражаты» шотының «Банктердегі  басқа да шоттардағы ақша»  субшоты
6 Құрылтайшылардан  жарғылық капиталына қолма-қол ақшалай  салымдардың түсуі    
 
  • Серіктестіктерден
1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

5030 «Салымдар  мен пайыздар»
 
  • Акционерлік қоғамнан
1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

5110 «Төленбеген  капитал»
7 Алдағы кезекдердің табыстары есебіне әртүрлі төлемдердің қолма – қол ақшалай түсуі 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

3520 «Алдағы кезеңдердің  кірістері»
8 Тауарлы- материалдық  қорларды сатып алушылардан аванс  түрінде қолма-қол ақшалардың түсуі 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

3510 «Алынған  қысқа мерзімді аванстар»

4410 «Алынған  ұзақ мерзімді аванстар»

9 Негізгі қызмет бойынша өткізілген өнімдер және көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшамен табыс түсті 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

6130 «Қаржылық  жалдаудан алынатын кірістер»

6260 «Операциялық  жалдаудан түсетін кірістер»

10 Негізгі құралдарды жалға бергеннен қолма-қол ақшалай  табыс түсті 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

6130 «Қаржалық  жалдаудан алынатын кірістер»

6260 «Операциялық  жалдаудан түсетін кірістер»

11 Негізгі құралдарды өткізуден қолма-қол ақшалай табыс  түсті 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

6210 «Активтердің  шығуынан алынатын кірістер»  шотының 

6211 «Негізгі  құралдардың шығуынан алынатын  кірістер» қосымша шоты

12 Материалдық емес активтерді өткізуден қолма-қол  ақшалай табыс түсті 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

6210 «Активтердің  шығуынан алынатын кірістер»  шотының 

6212 «Материалдық  емес активтердің шығуынан алынатын  кірістер» қосымша шоты

13 Шетелдік валютаның  теңгеге қатысты бағамының төмендеуінің нәтижесінде кассалық операциялар  бойынша оң бағам айырмасы (табыс) сомасы көрсетілген 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

6250 «Бағамдық  айырмадан түсетін кірістер»
14 Түгендеу нәтижесінде  кассадағы артық ақшаларды кіріске  алу 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

6280 «Өзге де  кірістер»
15 Кассадан ұлттық немесе шетелдік валюта түрінде қолма-қол ақшамен төленді:    
 
  •  Еншілес  серіктестіктерден сатып алынған акциялар
2210 «Үлестік  қатысу әдісімен есепке алынатын  инвестициялар» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

16 Әкімшілік- шаруашылық шығындар мен қызмет бабындағы іссапарға  есептелетін қолма-қол ақшалар  берілген 1250 «Қызметкерлердің  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»  шотының «Есеп беруге міндетті  тұлғалармен есеп ацырысу» субшоты 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

17 Қызметкерлерге  қолма-қол ақшармен берілген қарыздар 1250 «Қызметкерлердің  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»  шотының «Берілген қарыздар бойынша  есеп айырысу» субшоты 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

18 Кассаны түгендеу кезінде қолма-қол ақшалардың жетіспеушілігі анықталған 1280 «Өзге қысқа  мерзімді дебиторлық берешек» шотының «Құндылықтарының жетіспеушіліктері мен бұзылудан болған ысыраптары қаралмаған кесімдер бойынша» субшоты 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

19 Қолма-қол ақшалармен алдағы кезеңдердің  шығыстары төленген:
 
  • Автокөліктер, активтер және қызметкерлерді сақтандыру бойынша сақтандыру полисін сатып  алу
1620 «Алдағы кезеңдердің  шығыстары»

2920 «Алдағы  кезеңдердің шығыстары»

1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

 
  • Келесі  кезеңдерге жалгерлік төлем төлеу  бойынша 
1260 «Жалдау бойынша  қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

2160 «Жалдау  бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық  берешек»

1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

 
  • Газеттер  мен журналдар, қызметтік мақсаттар  үшін арнайы және анықтама әдебиеттерге жазылу бойынша
1620 «Алдағы кезеңдердің  шығыстары» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

20 Тауарлық-материалдық  қорларды жеткізу үшін қолма-қол  ақшалай аванс берілген 1610 «Берілген  қысқа мерзімді аванстар» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

21 Инвесторлардан  сатып алынған акцияларға, облигациялар және басқа құнды қағаздарға қолма-қол  ақшалай төлеу 1130 «Өтеуге дейін  ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

22 Мекемелердің  банктік ағымдағы немесе өзге де шотқа  қосып қою үшін халық банкісіне, пошта бөлімшелерінің кассасына, инкассаторларға  және банктің кешкі кассаларына  өткізілген, бірақ әлі белгілеу бойынша  қосылмаған қолма-қол ақшалар 1020 «Жолдағы  ақша қаражаты» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

23 Валюталық кассадан валюталық шотқа шетелдік валюта түрінде қолма-қол ақшалар өткізілді 1031 «Ағымдағыбанктік  шоттардағы валютамен ақша қаражаты» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

24 Банктік шотқа  қолма-қол ақшалар өткізілді 1030 «Ағымдағы  банктік шоттардағы валютамен  ақша қаражаты» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

25 Акционерлерден  қолма-қол ақшаларға сатып алынған  меншікті акциялардың құнын көрсету 5210 «Сатып алған  меншікті үлес құралдары» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

26 Қарапайым және артықшылығы бар акциялар бойынша  есептелген дивидендтерді қолма-қол  төлеу 3030 «Қатысушылардың  дивидендтері мен кірістері бойынша  қысқа мерзімді кредиторлық берешек» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

27 Еншілес және тәуелді  серіктестіктер және бірлесіп бақыланатын  заңды түлғаларға берешектерді қолма-қол ақшалармен өтеу 3320 «Еншілес  ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық  берешек»

3330 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді қредиторлық берешек»

1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

28 Жеткізілген тауарлар мен көрсеткен қызметтері үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің шоттары қолма-қол  ақшалармен төленген 3310 « Жеткізушілер  мен мердігерлерге қысқа мерзімді  берешек» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

29 Қызметкерлерге  еңбекақы берілген 3350 «Еңбекақы  төлеу бойынша қысқа мерзімді  берешек» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

30 Қолма – қол  ақшалармен басқа да қарыз берушілердің берешегін өтеу, депозитке өткізілген еңбекақы берілген 3390 «Өзге қысқа  мерзімді кредиторлық берешек» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

31 Тауарларды  өткізуге байланысты кейбір жедел шаруашылық шығындарын қолма-қол ақшалармен төленген 7110 «Өнімдерді  сату және қызметтер көрсету бойынша шығындар» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

32 Кейбір жалпы  және әкімшілік-басқару шығындарын қолма-қол ақшалармен төлеу 7210 «Әкімшілік  шығындар» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

33 Шетелдік валютаның  теңгеге қатысты бағамнығ өсуі кезінде  кассалық операциялар бойынша болған теріс бағам айырмасы 7430 «Бағамдық  айырма бойынша шығындар» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

34 Табиғи апаттан  болған ақшалай қаражаттар бойынша  өтелмейтін залалдарды есептен шығару 7470 «Басқа да  шығындар» 1010 «Кассадағы  ақша қаражаты» 

1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»


 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ тарау- Кассалық кітапты  жүргізу тәртібі: кассир есебі, тексерісі

   Кассирді  қызметке алу немесе оның міндеттерін  атқаруды басқа қызметкерге жүктеу немесе басшысының бұйрығымен рәсімделеді. Кассирді қызметке тағайындау, сондай-ақ оның міндеттерін басқа қызметкерге жүктелгені туралы бұйрық шыққаннан кейін мекеме басшысы кассирді өздері дербес дайындаған және бекіткен «Кассалық операцияларды жүргізу туралы ережемен» таныстыруға міндетті, онда кассалық операцияларды жүргізу тәртібі, кассадағы ақшалар мен басқа да құндылықтарды қабылдап алу, сақтау және беру тәртібі қарастырылған.

   Мекеме  басшысы кассирмен материалдық  жауапкершілігі туралы келісім –  шарт жасайды да, одан қабылдайтын  құндылықтар үшін толық жеке материалдық  жауапкершілігі туралы жазбаша міндеттеме алады және «Кассалық операцияларды  жүргізу туралы ережемен» таныстырылғаны туралы қолхат алады. Бұл міндеттеме кассирдің жеке ісінде сақталады. Келісім-шарт пен міндеттеменің нысандары  төменде келтірілген.  

Кассирдің материалдық жауапкершілігі туралы келісім-шарт

Қарағанды қ.                                                                               01 наурыз 2011ж. 

     Ақшалай қаражаттардың сақталу  мақсатында Устав негізінде істейтін  «Дина және К» ЖШС директоры  Абишов Н.А.,бір жағынан, және  кассир         Жанәділова Р.Ж. (жеке куәлігі 003305836 09.03.97 ҚР ІІМ берілген), екінші жағынан, төменде айтылғандар туралы осы келісім шартты жасады:

  1. Кассир Жанәділова Р.Ж кассадағы оған сеніп тапсырылған ақшалай қаражаттар мен құжаттардың сақталуына толық материалдық жауапкершілікті өз міндетіне алады және заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікте болады.
  2. Кассир міндеттенеді:
  • Оған тапсырылған ақшалай қаражаттар мен құжаттарға ұқыпты қарау;
  • Зиян болдырмау үшін шаралар қарау;
  • Ақшалай қаражаттар мен құжаттардың сақталуына қауіп төндіріп тұрған жағдайлар туралы мекеме басшысына уақытында хабарлап қою;
  • Ақшалай қаражаттарды қабылдап алу және беруді мекеме басшысы мен бас бухгалтер қол қойған құжаттары бойынша жүргізу;
  • Кассаны түгендеуге қатысу;
  • Кассирдің кінәсінен мекемеге әкелінген материалдық зиянды өтеу.
  1. Мекеме басшысы міндеттенеді:
  • Кассирге жұмыс жасауға және оған сеніп тапсырылған ақшалай қаражаттар мен құжаттардың сақталуына қажетті жағдайлар жасауға;
  1. Кассир кассадағы қаражаттардың сақталуына қамтамасыз етпеген, Қазақстан Республикасында кассалық операцияларды жүргізу тәртібін бұзған жағдайда мекемеге келтірілген зиянды анықтау және өтеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргізіледі.
  1. Келісім-шарт оған қол қойған кезден бастап күшіне енеді.
  2. Келісім – шарт екі данада жасалған, оның біреуі «дана және К» ЖШС-да, екіншісі материалдық жауапты тұлғада болады.
 

«Дина және К» ЖШС директоры                                              Абишов Н.А                                                               

Материалдық жауапты  тұлға                                                     Жанәділова Р.Ж.                                              


 

   Кассирге  өзіне тапсырылған істі орындауды  басқа тұлғаға сеніп беруге үзілді-кесілді  рұқсат етілмейді. Кассирді уақытша  ауыстыру қажет болған жағдайда оның міндеттерін орындау мекеме басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа  тұлғаға міндеттеледі де, одан әкімшілік, өз кезегінде, толық жеке материалдық жауапкершілік туралы жазбаша міндеттеме алады.

Кассирдің міндеттемесі

     Мен, төменде қол қойған кассир  Жанәділова Риза Жанәділқызы, «Дина және К» жауапкершелігі шектеулі серіктестігінің маған тапсырылған барлық ақшалай қаражаттар мен басқа да құндылықтар үшін толық жауапкершілікті өз міндетіме аламын. Егер менің селқостығымнан, салақтығымнан немесе абайсыздығымнан «Дина және К» жауапкершелігі шектеулі серіктестігіне залал келтірсем, мен оны толық көлемде өтеуге міндеттімін.

     Мен кассалық операцияларды жүргізудің  белгіленген ережелерін бұлжытпай  орындауға міндеттенемін және  оларды бұзғаным үшін жауапты  боламын. 

     Кассалық  операцияларды жүргізу туралы  ережелермен таныстым.

1 наурыз 2011ж.                                                                         Р.Ж. Жанәділова                                                                                                                               


     

Мұнда кассир орындаушы тұлға бас бухгалтердің  немесе өкілетті тұлғасының қатысуымен қызметтен кететін кассирдан барлық құндылықтарды кесім бойынша қабылдап алады. Осылай тәртіп бойынша кассирдің қызметтен босатылғаны рәсімделеді.Кассирдің күтпеген жағдайда қызметін тастағанда (ауыру және т.б.) оның есебінде болған құндылықтарды басқа кассирге түгендеу комиссиясы мүшелерінің қатысуымен комиссияның қол қойған құндылықтарды қайта есептеу және беру туралы міндетті кесім жасаумен басқа кассирге табыс етеді.

   Кассалық  операциялар бухгалтерлік кітаптарды жүргізу жөнінде алдын  ала  қарастырылған барлық талаптарға сай келетін кассалық кітапта жазылады. Беттер нөмірленіп, кітап түптеліп, ал ондағы парақтарға саны басшы мен бас бухгалтердің қолтаңбалары және кәсіпорынның мөрі қойылуы тиіс.

   Әрбір мекеме тек бір касса кітабін  жүргізуге тиіс. Касса кітабіна кассир жазуды көшіре қағаз арқылы екі данада шариктік қалам, химиялық қарындаш немесе сиямен жұмыс күні ішінде әрбір кассалық ордер немесе оны алмастыратын басқа құжаттар бойынша ақшаларды алысымен немесе берісімен бірден жүргізеді. Кітапта кіріс және шығыс касса ордерлерінің нөмірлері, ақшалар кімнен алынды немесе кімге берілді, корреспондірлеуші шоттардың нөмірлері, кіріс және шығыс бойынша ақшалар сомасы көрсетіледі. Касса кітабінда тазартып өшіру және түсіндірме ескерту жасалмаған түзетулерге тыйым салынады. Жасалған түзетулер кассир мен бас бухгалтер немесе оны алмастыратын адамнын қолтаңбаларымен куәландырылады.

   Күнде немесе басқа белгіленген мерзімде кассир жұмыс күні соңында бір  күнгі ақшалардың кірісі және шығысы бойынша жүргізілген операциялардың жиынтығын есептейді де, кассадағы  ақшалардың келесі күнге қалған қалдықтарын шығарады. Мұнымен қатар, кассир кассалық есеп беруде көрсетілген ақша қалдығын кассадағы нақты ақшалармен салыстырады. Бұдан кейін касса кітап беттерінің бірінші данасы кітапта, ал екінші жыртылмалы бет (касса кітаптағы бір күнгі көшірме жазулар) кіріс және шығыс касса ордерлермен бірге кассирдің есеп беру ретінде касса кітабіне қол қою арқылы бухгалтерияға өткізіледі. Кассирдің есеп беру нысаны төменде келтірілген.

   Егер  мекемде күнде жалпы сомасы 100000 теңгеге дейін операциялар жасалса, онда кассалық есеп берулерді 3-5 күнде  бір рет жасауға болады. Касса кітабын жүргізудің дұрыстығын бақылау мекеменің бас бухгелтеріне жүктеледі.

   Кассалық  операцияларды есепке алуды компьютерлендіргенде кіріс және шығыс касса ордерлерін және оларды алмастыратын құжаттарды жазуды құжатты-көшіргі әдісімен оларды «Кассалық кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналына» бір жұмыс тәсілінде  тіркеу, сондай-ақ кассалық кітапты  автоматтандырылған тәсілмен жүргізу  орынды. Қажеттілікке қарай оның беттері: «Кассалық кітаптың қосымша беті»  және «Кассирдің есеп беруі» машинограмма түрінде қалыптасады. Мұнда «Кассалық есеп берудің беттері» кестесін толтыру қалдықтарды жазудан басталды.  

Касса кітабы

Касса 2011жылғы наурызына 28 бет 

Құжат нөмірі Кімнен алынды немесе кімге берілді Корреспондірлеуші шоттың нөмірі Кіріс Шығыс
1 2 3 4 5
  Күн басындағы  қалдық   1000  
197 Банктегі чек  бойынша еңбекақы 1030 450000  
165 Еңбекақы берілді 3350   420000
198 Дүкеннен түсті  6010 56000  
198 Қосымша құнға  салынатын  салық  3130 11200  
165 Жәрдемақы берілді 3250   2000
199 Дүкеннен түсім 6010 57000  
199 Қосымша құнға  салынатын салық 3130 11400  
167 Банкке түсім  өткізілді 1030   135600
  Бір күнге жиынтық:   585600 557600
  Күн соңындағы қалдық:   29000 х
  Соның ішінде еңбекақыға   28000 х
 

 

   Алынған манинограммаларды кассир тексереді және қол қояды да, кіріс және шығыс касса ордерлері немесе оларды алмастыратын құжаттармен бірге бухгалтерияға кассалық кітаптың қосымша бетіне қол қою арқылы береді. Кассалық кітаптың қосымша бетін кассир әрбір айдікін жеке жыл бойында сақтайды, жыл соңында беттерлің жалпы саны мекеме басшысы мен бас бухгалтердің қолтаңбаларымен куәландырылады да, кассалық кітапқа сүргі салады.

   Бухгалтерия тексерген кассирдің есеп беруі бухгалтерлік өңдеуден өткізіледі. Оның мәні – кіріс, шығыс касса ордерлерінің және оларды алмастыратын құжаттарға, сондай – ақ кассалық есеп берудің арнайы бағандарына әрбір операциялар бойынша корреспондірлеуші шоттардың кодтарын көрсетуінде.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІVтарау- Кассалық операцияның аналитикалық есебі

   Кассалық  операцияларды есепке алу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» атты активтік жинақтамалы шоты қарастырылған. Бұл шотта кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражаттарының қозғалысы есепке алынады. Мекемелер қаржы – шаруашылық қызмет барысында шетелдік валюталарын пайдаланған жағдайда осы шотқа қосымша 1011 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» атты шот ашулары керек. Бухгалиерлік есеп шотында кассалық операцияларды көрсетуге кассирдің есеп берулері және оған тіркелген кіріс және шығыс касса ордерлері мен оларды алмастыратын ақтаушы құжаттары негіз болады. Сондықтан кассалық есеп берудің топталған біртекті шаруашылық операцияларының жиынтық көрсеткіші №1 журнал – ордер мен оның тізімдемесінде корреспендірлеуші шоттар бойынша көрсетіледі. №1 журнал – ордері мен оның тізімдемесі кассадағы қолда бар ақшалармен жүргізілген операцияларды есепке алуға арналған және мүнда жүргізілген операцияларды есепке алуаға арналған және мүнда кассалық операциялар екі көп бағаналы тіркелімде жүйеге келтіріледі. 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шоттары топтарының дебетімен корреспендірлеуші басқа шоттардың кредиті бойынша таратылған сомалар тізімдемеде және көрсетілген шоттардың кредитімен корреспондірлеуші басқа шоттардың дебеті бойынша таратылған сомалар журнал – ордерде көрсетіледі. Есептік тіркелімнің нысаны төменде келтірілген.

   Есептік тіркелімге жазулар №1 журнал –  ордер тізімдемесінің жоғары сол  жақ бөлігіндегі «Ай басындағы  қалдық (сальдо) - теңге» жолын толтырудан басталады, онда кассадағы ай басындағы ақшалардың қалдығы жазылады, ол өткен айдағы осындай тізімдемесінен алынады. Одан кейін касирдің тексерілген және өңделген есеп берулері негізінде ағымдағы айдың жазулары жүргізіледі. Бір күндегі (немесе 3-5 егер есеп беру осы уақытта бір рет жасалса) операциялар бойынша жасалған әрбір есеп беруге №1 журнал – ордерде және оның тізімдемесінде бір жол беріледі.есептік тізімдеме ыңғайлы және керек болғанда тиісті есеп беруді тез табу үшін жазу жүргізілген жолдың нөмірі кассалық есеп беруде көрсетіледі.

   Мысалы: 1-5, 6-10 және т.б. бірдей корреспондірлеуші  шоттардың сомаларын қосып, журнал – ордер мен оның тізімдемесінің тиісті бағанына кіргізіледі. Осындай  бір текті шаруашылық операцияларында  жазу ыңғайлы болу үшін қосымша топтастыру тізімдемелерінде алдын – ала  топтастырған жөн, сонан соң олардың  жиынтығы есептік тіркелімдерге  көшіріледі.

   Журнал  – ордердің 1-23 бағандарында 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шоттарының топтарының кредиті бойынша жазылған сомаларды  жазады. 23 «Жиыны» бағанында осы  жол бойынша кассалық есеп беруге сәйкес шоттардың есептелген кредиттік  оралымдарының сомасы кіргізіледі.

   15 «Жиыны» бағаны №1 журнал –  ордердің тізімдемесінің әрбір  жолы бойынша есептелген дебеттік  оралымдардың сомаларын көрсету  үшін арналған.

   Ай  соңында журнал – ордер мен  оның тізімдемесінің жинақтамалы шоттары  бойынша сомалары есептеледі де, Бас  кітапқа көшіріледі.  Шоттар бойынша  кредиттік дәне дебеттік оралымдар  сомалары есепке ала отырып, ай соңындағы  қалдықты (сальдоны) шығарады. Ол тізімдеменің төмендегі оң бұрышында көрсетілген, сондай-ақ Бас кітап және келесі айға ашылатын №1 журнал-ордердің тізімдемесіне  көшіріледі. Кредиттік, дебеттік және ай соңындағы қалдық (сальдо) сомалары кассирдің әрбір есеп беруі бойынша  кіріс және шығыс жиынының сомаларымен, сондай – ақ ақшалардың қалдығымен салыстырылуы керек. Бұл кассалық есеп көшірілген кезде болуы мүмкін қателерді  жедел анықтауға және жоюға мүмкіндік  береді.

   Кассалық  операцияларды есепке алуды компьютерлендіргенде «Кассирдің есеп беру» машинограммасының  деректері автоматты түрде 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шоттары топтарының дебеті және кредиті бойынша қалыптасқан  машинограммаға көшіріледі. Бұл машинограмма №1 журнал-ордері мен оның тізімдемесіне  ұқсас нысан. 

V тарау – Кассадағы инвентаризация, кассалық операциялар аудиті

      Кассадағы инвентаризация жасалған  кезде, ақша қаражаттары жеке  купюрлер бойынша бір бірлеп  саналады. Бағалы қағаздар, қаржы  құжаттары, арнаулы есеп беру  бланктері актіде түрлеріне байланысты  көрсетіліп, олардың аты, нөмірі, сериясы, номиналдық құны жазылады  және кассадағы басқа да бағалы  заттар тексеріліп, есепке алынады.  Қолма қол ақшаны есептеген  кезде, кассадағы нақты ақша  қаражаттары мен бағалы қағаздар  есепке алынады (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер және басқа  да заңға сәйкес шығарылғанбағалы  қағаздар).

     Қолма қол ақшаның сомасы актіге купюрлар бойынша енгізіліп, көрсетіледі. Кассирдің кассада мекемеге қатысы жоқ ақша қаражаттары мен басқа да бағалы заттар бар деген мәлімдемесі қабылданбайды.

     Операция мазмұны Дебет Кредит
Жауапты тұлғаларға берілген ақша 1250 1010
Төленген  аңбекақы 3350 1010
Кассадан  кем шыққан қаржы 7470 1010
Болашақ шығындарға жататын жалдау ақысы 1620 1010
Дебиторлардан түскен ақша 1010 1210, 1220, 2120, 1230, 2130
Жауапты тұлғалардан қайтқан сома 1010 1250, 2150
Кассадағы артық сома 1010 6280

      Инвентаризация актісіндегі қолма  қол ақшаның мөлшері, инвентаризация  жасалған күндегі кассирдің есебімен, кассадағы бар ақша қалдығымен  салыстырылып, нәтижесі шығарылады. Егер инвентаризация кезінде  кем, болмаса артық шыққан қаржы  табылса, оның сомасы актіде көрсетіледі.

      Жол үстіндегі ақша қаражатын  инвентаризациялау осы шоттағы  соманы тексеру арқылы жүргізіледі:

  1. Қолма қол ақша тапсырылса – банк мекемелерінің, пошта бөлімшелерінің түбіртектерін, банк инкассаторларының өткізілген ақшалары бойынша жасалған ведомостарының көшірмелерін және т.б. мәліметтерді салыстырады;
  2. Меншік иесінің ауларған сомасы немесе басқа да мекемелерден келіп түскен ескерту сомасы, көрсетілген уақытына, төлем тапсырмасының нөмірлеріне, соманы аударуға қабылдаған банк мекемесі болмаса пошта бөлімшелері бойынша тексеріледі.

   Ақша  қаражаттары операцияларын жүргізу  заңнамалық, жалпымемлекеттік, ведомстволық және басқа нормативтік актілермен жеткілікті түрде қатаң реттеледі. Жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар.

ҚР-ғы кассалық операцияларды жүргізу тәртібі