Қосылған құн салығы
Мазмұны
Кіріспе 4
1 Қосылған құн салығы бойынша есепке қою 6
1.1 Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт 9
1.2 Салық салынатын айналым мен салық салынатын
импорт мөлшерін анықтау
- Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар 16
2 Қосылған
құн салығынан босатылған
2.1 Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу 26
2.2 Шот-фактура 30
3 Салықты есептеу және төлеу тәртібі 32
3.1 Қосылған құн салығы бойынша өзара қатынас 35
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан
Республикасының салық
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
- салық
салынатын айналым;
- салық салынатын импорт қосылған құн
салығын салу объектiлерi болып табылады.
Төлеушiлер
- Салық
Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында
қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған
мынадай тұлғалар:
жеке кәсiпкерлер;
мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, заңды
тұлғалар;
қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты
мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент
еместер;
- заңды тұлғаның Салық Кодекстiң 208-бабының
6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын
дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық
бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер
болып табылады.
- Тауарлар импорты кезiнде қосылған құн
салығын төлеушiлер Қазақстан Республикасының
кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды
Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын
тұлғалар болып табылады.
1
Қосылған құн салығы
бойынша есепке қою
Қорытындысы
бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн
қызметтердi) өткiзу бойынша айналымның
мөлшерi осы баптың 3-тармағында белгiленген
өткiзу бойынша ең төменгi айналымнан асатын
болса, Салық Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының
1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар
кез келген кезең (он екi айлық кезеңнен
аспайтын) аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк
он бес күннен кешiктiрмей қосылған құн
салығы бойынша есепке қою туралы салық
органына өтiнiш беруге мiндеттi.
Өткiзу бойынша
айналымды анықтау кезiнде Салық Кодекстiң
225-бабына сәйкес салықтан босатылатын
өткiзу бойынша айналым, сондай-ақ жеке
тұлғаның жеке мүлкiн өткiзу бойынша айналым,
егер ондай мүлiк кәсiпкерлiк қызмет мақсатында
пайдаланылмаса, есепке алынбайды.
208-баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн
шаруа (фермер) қожалығы үшiн арнаулы салық
режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге
асыратын салық төлеушi, өткiзу бойынша
айналым мөлшерiн анықтау кезiнде осы арнаулы
салық режимiне кiретiн қызметтi жүзеге
асырудан түскен өткiзу бойынша айналымды
есепке алмауына болады.
Заңды
тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi болған
жағдайда өткiзу бойынша айналым
көлемi осы тұлғаның барлық құрылымдық
бөлiмшелерiнiң өткiзу бойынша айналымдары
ескерiле отырып айқындалады.
- Өткiзу бойынша айналымның ең төмен деңгейi
осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кезеңнiң
соңғы айына белгiленген айлық есептiк
көрсеткiштiң 15000 еселенген шамасын құрайды.
- 208-баптың 1-тармағына сәйкес қосылған
құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын,
бiрақ қосылған құн салығын салуға жататын
тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi)
өткiзудi жүзеге асыратын немесе жүзеге
асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн
салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiштi
салық органына ерiктi түрде бере алады.
- Салық Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1)
тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған
құн салығы бойынша ол есепке қою туралы
өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы
күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге
айналады.
Жеке кәсiпкер он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш берген жағдайда, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы тұлға жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Мемлекеттiк
мекемелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы
қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асыратын резидент еместi қоспағанда,
заңды тұлға ол мемлекеттiк тiркелгеннен
(есепке алынғаннан) кейiн он жұмыс күнiнен
кешiктiрмей салық органына қосылған құн
салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш
берген жағдайда осы тұлғалар өздерi салық
төлеушiлер ретiнде мемлекеттiк тiркелген
күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге
айналады.
- Егер Салық Кодекстiң 208-1-бабының 3-тармағында
өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi мемлекеттiк
орган қосылған құн салығын төлеушi заңды
тұлғаның өтiнiшi бойынша оның құрылымдық
бөлiмшелерiн қосылған құн салығын дербес
төлеушiлер ретiнде қарастыра алады.
- 208-баптың 6-тармағына сәйкес құрылымдық
бөлiмшелерi қосылған құн салығын дербес
төлеушiлер деп танылған қосылған құн
салығын төлеушi заңды тұлға құрылымдық
бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша
салық органдарына қосылған құн салығы
бойынша оларды есепке қою туралы өтiнiш
беруге (немесе өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне
тапсырма беруге) мiндеттi.
- Қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның
құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығы
бойынша есепке қою туралы өтiнiшi берiлген
айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi қосылған
құн салығын төлеушiлерге айналады.
- Салық Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1)
тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған
құн салығы бойынша есепке қойылған кезде,
осы тұлғалардың Салық Кодекстiң 235-бабына
сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке
қойылған күнiндегi тауарлар (негiзгi құралдарды
қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған
құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы
бар.
- Салық органы осы баптың 1-тармағында
көзделген жағдайлар анықталған кезде
Салық Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1)
тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды
өтiнiшсiз, қосылған құн салығы бойынша
есепке қоюға құқылы.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылатын
орын
- Егер
208-бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн
салығы бойынша есепке қою салық төлеушi
ретiнде мемлекеттiк тiркеу орны бойынша
жүзеге асырылады.
- Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың
аумағында объектiлер салу жөнiндегi қызметтi
жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды
тұлғаны не оның құрылымдық бөлiмшесiн
қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды
арнайы экономикалық аймақ аумағындағы
салық органы жүзеге асырады.
- Егер 208-баптың 2-тармағында аталған заңды
тұлға өзiн қосылған құн салығы бойынша
есепке қою туралы өтiнiш бермесе, оның
арнайы экономикалық аймақтың аумағында
объектiлер салу жөнiндегi қызметтi жүзеге
асыратын құрылымдық бөлiмшесi аталған
заңды тұлғаның өтiнiшiнсiз қосылған құн
салығын дербес төлеушi деп қарастырылады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою
туралы куәлiк
1 Қосылған
құн салығы бойынша есепке қойған кезде
салық органы тұлғаға оның қосылған құн
салығын төлеушi ретiнде есепке қойылғаны
туралы куәлiк беруге мiндеттi, онда:
- тұлғаның атауы және оның деректемелерi;
- Салық
Кодекстiң 523-бабына сәйкес салық төлеушiге
берiлетiн салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
- тұлға Салық Кодекстiң 208-бабының 5-тармағына
сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болған
күн көрсетiледi.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң бланкiсi қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады және салық төлеушiге ақша төлетпей берiледi.
Қосылған
құн салығы бойынша есепке қою
туралы куәлiктiң нысаны мен оны
беру тәртiбiн Салық Кодекске сәйкес
уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
- Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны
жөнiндегi куәлiк қосылған құн салығын
төлеушiде сақталады.
Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлiк салық органына қайтарылуға тиiс.
Қосылған
құн салығын төлеушiнiң атауы
өзгерген жағдайда оның қосылған құн
салығы бойынша есепке қою туралы
куәлiгi атауы өзгерген соң 10 жұмыс
күнi iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган
белгiлеген тәртiппен ауыстырылуға тиiс.
Қосылған құн салығы бойынша есептен шығару
- Егер қосылған құн салығын төлеушiнiң соңғы он екi айлық кезеңдегi салық
салынатын айналым мөлшерi салық салынатын ең төмен айналым мөлшерiнен аспаса, ол тiркелген жерiндегi салық органына өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге құқылы.
Қосылған
құн салығын төлеушi мұндай құқықты
өзiн қосылған құн салығы бойынша
есепке қойған кезден бастап, кем дегенде
екi жыл өткеннен кейiн пайдалана алады.
- Егер қосылған құн салығын төлеушi болып
табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға
байланысты қызметiн тоқтатқан жағдайда,
мұндай тұлға қызметi тоқтатылған салық
кезеңiнен кейiнгi алты айдың аяқталуынан
кешiктiрмей, өзiн қосылған құн салығы бойынша
есептен шығару туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Салық
органы қосылған құн салығын төлеушi
болып табылатын және осы Кодексте
белгiленген салық есептiлiгiн беру
мерзiмiнен кейiн алты ай кезең iшiнде
оны бермеген тұлғаны тапқан жағдайда,
салық органы қосылған құн салығы бойынша
есептен шығаруды қосылған құн салығын
төлеушiнi хабардар етпестен, уәкiлеттi
мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен
жүргiзедi.
- Қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын
заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай
тұлға Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк
тiзiлiмiнен алып тасталған күннен бастап
қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға
тиiс.
- Салық Кодекстiң 207-бабының 1-тармағында
көрсетiлген салық төлеушiлер осы баптың
ережелерiне сәйкес келетiн, қосылған құн
салығы бойынша өзiн есептен шығару туралы
өтiнiш берген кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң
алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын
төлеушi болуын тоқтатады.
- Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша
есептен шығару кезiнде Салық Кодекстiң
235-бабына сәйкес олар бойынша қосылған
құн салығы есепке алуға жатқызылған оның
тауарларының (соның iшiнде негiзгi құралдардың)
қалдығы салық салынатын айналым ретiнде
қарастырылады.
Қосылған
құн салығын төлеушi - заңды тұлға,
жаңадан пайда болған заңды тұлғалар
қосылған құн салығын төлеушiлер болып
табылса, оның қайта ұйымдастырылуына
байланысты қосылған құн салығы бойынша
есептен шығарылған жағдайда осы тармақтың
ережесi қолданылмайды.
1.1
Салық салынатын айналым
және салық салынатын
импорт
Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша айналым
- Тауарға
қатысты өткiзу бойынша айналым:
- тауарға меншiк құқығын берудi, оның iшiнде:
тауарды сатуды;
тауарды тиеп жөнелтудi, оның iшiнде басқа
тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге)
алмастыруды;
тауар экспортын;
тауарды тегiн берудi;
жарғылық капиталға жарна төлеудi;
жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге
жалақы есебiнен тауар беруiн;
- тауарды
төлем мерзiмiн ұзарту шартымен тиеп жөнелтудi;
- мүлiктi қаржы лизингiне берудi;
- комиссия
шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтудi;
- қарызды төлемеген жағдайда кепiл берушiнiң
кепiлге қойылған мүлкiн (тауарын) беруiн;
- кәсiпкерлiк қызмет мақсаты үшiн сатып
алынған тауарды кәсiпкерлiк қызметке
жатпайтын шараларды өткiзу үшiн, сондай-ақ
қосылған құн салығын төлеушiнiң не оның
жалдамалы қызметкерлерiнiң, қатысушылардың
немесе басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы
үшiн пайдалануын;
- Салық Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына
сәйкес бiр заңды тұлғаның қосылған құн
салығын дербес төлеушiлерi болып табылатын
бiр құрылымдық бөлiмшесiнiң екiншi құрылымдық
бөлiмшесiне тауар жөнелтуiн;
- бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды
керi импорт режимiнде қайтаруды бiлдiредi.
- Жұмыстарды,
қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым
кез келген жұмыстар орындауды немесе
қызмет көрсетудiң, соның iшiнде олардың
тегiн орындалуын, сондай-ақ тауарды өткiзуден
өзге сыйақы үшiн кез келген қызметтi, оның
iшiнде:
- мүлiктi уақытша иелiкке берудi және мүлiктi
жалдау (жалгерлiк) шартымен пайдалануды;
- санаткерлiк меншiк объектiлерiне, соның
iшiнде жарғылық капиталға салым ретiнде
берiлетiн құқықтар берудi;
- жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге
жалақы есебiнен жұмыстар орындауын, қызметтер
көрсетуiн;
- Салық Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына
сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер
болып табылатын бiр заңды тұлғаның құрылымдық
бөлiмшелерi арасында жұмыстар орындауын,
қызметтер көрсетуiн бiлдiредi.
- Мыналар:
- бiрлiгiнiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен
аспайтын, тауарды жарнамалық мақсатта
беру не сыйлау;
- тапсырысшының мердiгерге дайын өнiмдi
мердiгердiң дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы
(монтаждауы, орнатуы), жөндеуi және (немесе)
объектiлер салуы үшiн алыс-берiс тауарларын
тиеп жөнелтуi. Аталған тауарлар Қазақстан
Республикасының шегiнен тыс жерлерде
дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған,
жөнделген жағдайда, егер оларды әкету
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына
сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан
тыс жерлерде ұқсату" режимiмен жүзеге
асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтiлуi
өткiзу бойынша айналым болып табылмайды;
3) қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Құны
онымен жiберiлетiн өнiмдi өткiзу құнына
кiрмейтiн және осы өнiмдi беру жөнiндегi
шартта (келiсiм-шартта) белгiленген талаптармен
және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан
аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтарылуға
тиiс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады.
Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса,
мұндай ыдыс өткiзу бойынша айналымға
енгiзiледi;
4) бұрын экспорт режимiнде шығарылған
тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды
қоспағанда, тауарды қайтару;
5) шартта белгiленген талаптар мен мерзiмдерде
қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер,
басқа да мәдени және спорт шараларын
өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының
шегiнен тыс жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан
Республикасының кеден заңдарына сәйкес
"Тауарларды уақытша әкету" кеден
режимiмен ресiмделсе;
6) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған
және (немесе) сатып алған, жер қойнауын
пайдалану жөнiндегi операцияларды орындау
үшiн пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына
берiлуi тиiс мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының
жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт
талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының
меншiгiне беруi, өткiзу бойынша айналым
болып табылмайды.
Салық салынатын айналымды анықтау
1. Қосылған
құн салығын төлеушiнiң
1)Салық Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан
босатылған;
2)өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып
табылмайтын айналым қосылмайды.
Тауарларды
(жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу
орны Салық Кодекстiң 215-бабына сәйкес
белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасында қосылған
құн салығын төлеушi болып табылмайтын
резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер
алынған жағдайда, аталған жұмыстар, қызмет
көрсетулер осы Кодекстiң 221-бабында белгiленген
тәртiппен алушының салық салынатын айналымына
енгiзiледi.
Салық салынатын импорт
Қазақстан
Республикасының кеден
Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткiзу бойынша айналымдар:
1.Сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiнiң атынан және соның есебiнен
тауарды тиеп жөнелтуi, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуi сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзу бойынша айналымы болып табылмайды.
2. 214-баптың
1-тармағының ережелерi:
1) сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiге
орындаған (көрсеткен) жұмыстарына (қызметтерiне);
2) Қазақстан Республикасында қосылған
құн салығын төлеушi болып табылмайтын
резидент емес сенiм бiлдiрушiден алынған
тауарға қатысты қолданылмайды. Мұндай
жағдайда тауарды тиеп жөнелту сенiм бiлдiрiлген
адамның өткiзу бойынша айналымы болып
табылады.
Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) өткiзу орны
1. Тауарды өткiзу орны болып:
1) егер
тауарды берушi, алушы немесе үшiншi
тұлға тасымалдайтын (
2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға
беру орны танылады.
2. Жұмыстарды, қызметтердi өткiзу орны
болып:
1) егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын
мүлiкпен тiкелей байланысты болса, осы
мүлiктiң орналасқан жерi;
2) егер олар жылжымалы мүлiкпен байланысты
болса, жұмыстарды, қызметтердi нақты жүзеге
асыратын орны;
3) егер қызметтер мәдениет, өнер, бiлiм,
дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы
қызметтерге қатысты болса, қызметтердiң
нақты көрсетiлетiн орны;
4) жұмыстарды, қызметтердi сатып алушының
кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да
қызмет орны танылады. Осы тармақша мынадай
жұмыстарға, қызметтерге:
санаткерлiк
меншiк объектiлерiн
консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк,
заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық
қызмет көрсетулерге, сондай-ақ ақпаратты
өңдеу жөнiндегi қызмет көрсетулерге;
қызметкерлердi
беру жөнiндегi;
жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан
басқа) жалға беру жөнiндегi қызметке;
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi)
сатып алу жөнiндегi, сондай-ақ осы тармақшада
көзделген қызметтердi жүзеге асыру үшiн
шартқа (келiсiм-шартқа) негiзгi қатысушының
атынан тұлға тартатын агенттiң қызметтерiне;
байланыс қызметiне;
туризмдi
ұйымдастыру жөнiндегi қызметтерге
қатысты қолданылады;
5) жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететiн)
тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген
басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны
танылады.
3. Егер тауарларды (жұмыстарды, қызмет
көрсетулердi) өткiзу басқа негiзгi тауарларды
(жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуге
қатысты көмекшi сипатта болса, негiзгi
тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер)
өткiзiлген жер осындай көмекшi өткiзу орны
болып танылады.
4. егер жұмыстарды, қызмет көрсетулердi
алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген
басқа да қызмет орны бiреуден артық болса,
осындай жұмыстар, қызмет көрсетулер пайдаланылатын
орын олар өткiзiлген орын болып есептеледi.
5. бiрнеше тармақшада аталған жұмыстарды
орындайтын немесе қызметтер көрсететiн
жер осы тармақшалардың ретi бойынша бiрiншi
болып белгiленедi.
Өткiзу бойынша айналым жасау күнi
1. Егер 216-баптың 2 және 2-1-тармақтарында өзгеше көзделмесе, тауарды тиеп жөнелту күнi тауар өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
Егер
тауарды тиеп жөнелту жүзеге асырылмаған
жағдайда, онда алушыға тауар меншiгiнiң
құқығы берiлген күн өткiзу бойынша
айналым жасау күнi болып табылады.
2. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi
(тауарды) берген кезде кепiл ұстаушы үшiн
мына күндердiң бiрi:
1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден
кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу процесiнде
жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына
ауысқан күн;
2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса,
кепiл затына меншiк құқығы кепiл игерушiден
кепiл ұстаушыға ауысқан күн сату бойынша
айналым жасау күнi болып табылады.
Салық Кодекстiң 211-бабының 1-тармағының 5) тармақшасында аталған жағдайларда тауар пайдалану кезiнде тауарды осындай пайдалануға берген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
Салық
Кодекстiң 210-бабының 5-тармағында аталған
жағдайларда, қосылған құн салығын төлеушi
есептен шығару туралы өтiнiш берген салық
кезеңiнiң соңғы күнi өткiзу бойынша айналым
жасау күнi болып табылады.
2-1. Лизинг алушының негiзгi қаражат ретiнде
алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг
шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы
лизингiне беру кезiнде мыналар өткiзу
бойынша айналым жасалған күн болып табылады:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында
аталған жағдайларды қоспағанда, қаржы
лизингiнiң шартында белгiленген мерзiмдiк
лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу
күнi;
2) егер қаржы лизингiнiң шарты бойынша
лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу
күнi мүлiктi лизинг алушыға беру күнiне
дейiн белгiленсе, онда мүлiктi қаржы лизингiне
берген күн айналымды жасау күнi болып
табылады;
3) қаржы лизингiнiң шартында көзделген
лизинг төлемдерiн лизинг алушы мерзiмiнен
бұрын өтеген жағдайда, түбегейлi есеп
айырысқан күн қаржы лизингiнiң осы шарты
бойынша айналымды жасаған соңғы күн болып
табылады.
2-2. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал
ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды
лизинг шарты бойынша беру кезiнде мүлiктi
қаржы лизингiне берген күн өткiзу бойынша
айналым жасау күнi болып табылады.
2-2. Құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстарын
орындау кезiнде:
1) тапсырыс берушi орындалған жұмыстарды
ақысын төлеуге қабылдаған күннiң
2) мемлекеттiк қабылдау комиссиясы салынып
бiткен объектiнi пайдалануға қабылдау
туралы актiге (ал мемлекеттiк нормативтерде
белгiленген жағдайларда қабылдау комиссиясының
aктici) қол қойған күннiң қайсысы алғаш
орын алатын болса, сол күн өткiзу бойынша
айналым жасау күнi болып табылады.
3. Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу
бойынша салық салынатын айналым жасау
күнi төменде аталған шарттардың бiрi бiрiншi
болып орындалған:
1) жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қосылған
құн салығымен бiрге шот-фактура жазылған;
2) жұмыстар орындалған, қызмет көрсетулер
көрсетiлген жағдайда басталады.
4. Егер жұмыстар, қызметтер тұрақты (үзiлiссiз)
негiзде өткiзiлетiн болса, онда:
1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура
жазылған күннiң
2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына
қарамастан) алу күнiнiң қайсысы бiрiншi
болса, сол күн өткiзу бойынша салық салынатын
айналым жасау күнi болып табылады.
Жұмысты
(көрсетiлетiн қызметтi) алушы олардың
нәтижелерiн өзiнiң өндiрiстiк
5. Қызметкерлерге жалақы есебiнен тауар
берген, жұмыстар орындаған, қызметтер
көрсеткен жағдайда қызметкерлерге тауарлар
берiлген, жұмыстарды орындаған немесе
қызметтер көрсетiлген күн өткiзу бойынша
айналым жасау күнi болып табылады.
6. Қазақстан Республикасында қосылған
құн салығын төлеушi болып табылмайтын
резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер
алған жағдайда аталған жұмыстарды, қызмет
көрсетулердi алған күн айналым жасау
күнi болып табылады.
1.2 Салық салынатын айналым мен салық салынатын
Салық салынатын айналым мөлшерi
1. Егер
217-бапта және трансферттiк бағаларды қолдану
кезiндегi мемлекеттiк бақылау мәселелерi
бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында
өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым
мөлшерi, оған қосылған құн салығын енгiзбей,
мәмiле жасаған тараптар қолданатын бағалар
мен тарифтердi негiзге ала отырып, өткiзiлетiн
тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер)
құны негiзiнде анықталады.
2. Тауарларды тегiн берiлген кезде, сондай-ақ
осы Кодекстiң 210-бабының 5-тармағында көзделген
жағдайларда, салық салынатын айналым
мөлшерi, қосылған құн салығын енгiзбей,
өткiзу бойынша айналым жасау күнi қалыптасқан
бағалар деңгейi негiзге алына отырып анықталады,
бiрақ бұл олардың баланстық құнынан кем
болмауы керек.
Аталған тауарларды өткiзу күнiне бухгалтерлiк
есепте көрсетiлген тауарлардың құны осы
тармақтың мақсаттары үшiн баланстық құн
болып табылады.
3. Кепiл берушi кепiлдiк мүлiктi (тауарды)
берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын
айналым мөлшерi, сатылатын кепiлдiктегi
мүлiк (тауар) құны негiзге алынып, бiрақ
қосылған құн салығы енгiзiлмей, осы мүлiктi
(тауарды) кепiлге салудан алынған заем
қаражаты сомасынан төмен емес мөлшерде
айқындалады.
4. Тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шарттарымен
өткiзу кезiнде салық салынатын айналым
мөлшерi шарт талаптарымен көзделген барлық
тиесiлi төлемдер ескерiле отырып, осы баптың
1-тармағына сәйкес анықталады.
5. Yшiншi тұлға үшiн төлеуге байланысты
қызметтер көрсетiлген кезде салық салынатын
айналымның мөлшерiне комиссиялық сыйақы
қосылады.
6. Салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн
тауарлар мен қызмет түрлерi бойынша акциз
сомалары енгiзiледi.
7. Салық
Кодекстiң 236-бабына сәйкес оларды сатып
алған кезде қосылған құн салығы бойынша
есепке жатқызу көзделмеген тауарларды
өткiзу кезiнде салық салынатын айналым
мөлшерi тауардың өткiзiлу құны мен осы
баптың 2-тармағына сәйкес белгiленетiн
баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде
анықталады.
8. Лизинг алушының негiзгi қаражат ретiнде
алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг
шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы
лизингiне беру кезiнде салық салынатын
айналым мөлшерi:
1) қаржы лизингiнiң шартына сәйкес белгiленген
лизингтiк төлем мөлшерi негiзiнде, оған
сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы
енгiзiлместен, Салық Кодекстiң 216-бабы
2-1-тармағының 1) тармақшасында аталған
айналым жасау күнiне;
2) барлық мерзiмдiк лизингтiк төлемдер
сомасының негiзiнде, оларға алу мерзiмi
басталатын күн қаржы лизингiнiң шартына
сәйкес мүлiктi лизинг алушыға берген күнге
дейiн белгiленген сыйақы мен қосылған
құн салығы сомасы енгiзiлместен, Салық
Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 2) тармақшасында
аталған айналым жасау күнiне;
3) қаржы лизингi шарты бойынша алынуға
жататын барлық лизингтiк төлемдердiң
жалпы сомасы және оларға сыйақы мен қосылған
құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы шарт
бойынша өткiзу жөнiндегi айналым жасаудың
алдындағы күнiне келетiн салық салынатын
айналымдар мөлшерiнiң сомасы ретiнде белгiленетiн
салық салынатын айналым мөлшерi арасындағы
айырма ретiнде, Салық Кодекстiң 216-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасында аталған
айналым жасау күнiне белгiленедi.
8-1. Лизинг
алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде
алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг
шарты бойынша беру кезiнде өткiзу бойынша
айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына
сәйкес айқындалады.
9. Көлiк экспедициясының шарты бойынша
қызмет көрсету кезiнде экспедитордағы
салық салынатын айналым мөлшерi оның
сыйақысы негiзiнде айқындалады.
Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету
1. Өткiзiлген
тауарлардың (жұмыстардың,
2. Салық төлеушiнiң салық салынатын айналым
мөлшерiн түзету:
1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;
2) мәмiленiң шарттары өзгерген;
3) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет
көрсетулер) үшiн баға, өтем өзгерген;
4) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет
көрсетулер) үшiн теңгемен төлеу кезiнде
құнының айырмасын алған;
5) Салық Кодекстiң 211-бабының 3-тармағының
3) тармақшасына сәйкес өткiзу жөнiндегi
айналымға енгiзiлген ыдыстарды қайтарған
жағдайларда жүргiзiледi.
3. салық салу айналымының мөлшерiн түзету
қосымша шот-фактураның немесе 217-баптың
2-тармағында аталған жағдайлардың болуын
растайтын басқа да құжаттардың негiзiнде
жүргiзiледi.
Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын
айналым мөлшерiн түзету
1. Егер
өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет
көрсетулер) үшiн төленетiн ақының бiр бөлiгi
немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып
табылса, қосылған құн салығын төлеушiнiң
мынадай жағдайларда:
1) күмәндi талаптың туындауына байланысты
қосылған құн салығы ескерiлген салық
кезеңi аяқталғаннан кейiн үш жыл өткен
соң
2) банкрот деп танылған дебиторды заңды
тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығару
туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған
салық кезеңiнде бюджетке жарна ретiнде
енгiзiлуге тиiс қосылған құн салығының
сомасын азайтуға құқығы бар.
2. Өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет
көрсетулер) үшiн ақыны қосылған құн салығын
төлеушi осы баптың 1-тармағында өзiне берiлген
құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда
салық салынатын айналым мөлшерi ақы алынған
сол салық кезеңiнде аталған ақының құнына
арттырылуға тиiс.
3. 219-бапқа сәйкес салық салынатын айналым
мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 96-бабында
аталған жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.
Салық салынатын импорт мөлшерi
Салық
салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан
Республикасының кеден
Қазақстан Республикасында қосылған құн
салығын төлеушi болып табылмайтын резидент
еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алу
кезiнде салық салынатын айналым
1. Егер Қазақстан Республикасында қосылған
құн салығын төлеушi болып табылмайтын
резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет
көрсетулердi өткiзу орны Қазақстан Республикасы
болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулердi
алатын Қазақстан Республикасы салық
төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және
оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн
салығы салынуға тиiс.
2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының
салық салынатын айналымының мөлшерi осы
баптың мақсаттары үшiн, оған Қазақстан
Республикасындағы көздерден төленген
табыстың төлем көзiнен ұсталуға тиiс салық
сомасы ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағында
аталған резидент емеске төленуге тиiс
сома негiзге алына отырып анықталады.
3. төленуге тиiс қосылған құн салығының
сомасы Салық Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында
көзделген ставканы салық салынатын айналым
мөлшерiне қолдану арқылы анықталады.
Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер
үшiн төленетiн төлем шетел валютасымен
жүргiзiлген жағдайда салық салынатын
айналым айналым жасау күнi валюта алмастырудың
нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледi.

- Қосымша
- ҚР бағалы қағаздар нарығы
- ҚР бағалы қағаздар нарығы
- ҚР банк жүйесі
- ҚР-ғы ипотекалық несиелеудің даму мәселелері мен болашағы
- ҚР-ғы ипотекалық несиелеудің даму мәселелері мен болашағы
- ҚР-ғы кассалық операцияларды жүргізу тәртібі
- Қорлар қозғалысының есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері
- Қор нарығы
- Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу
- Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері
- Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау Қауіпсіздік техникасы
- Қосалқы станцияның жүктеме графигін тұрғызу
- Қостанай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары