Қор нарығы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
Қаржы-экономикалық
факультеті
Курстық
жұмыс
Тақырыбы:
Қор нарығының жекелеген
құралдарының инвестициялық
сипаттамасы
Тексерген: Зиядин С.Т.
Семей, 2011 жыл
Кіріспе
1-тарау.
Қор нарығының теориялық
- Қор нарығының түсінігі, атқаратын қызметтері.
- Қор нарығы құралдары, инвестиция тарту механизмі ретінде.
- Бағалы қағаздарды инвестициялаудың шетел тәжірибесі.
2-тарау.
Бағалы қағаздардың
2.1 Бағалы
қағаздардың инвестициялық
2.2 2009-2011
жылдардағы Қазақстан
3-тарау.
Бағалы қағаздарды инвестициялау проблемалары
мен шешу жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан Республикасы
Бағалы қағаз немесе қор
Бағалы қағаздар қаржы
Курстық жұмыс тақырыбының
өзектілігі. Бағалы қағаздар нарығы немесе
қор нарығының инвестициялық мәселесі
нәтижелі зерттеу жұмыстарын, маңызды
шаралар қажет ететін күрделі экономикалық
құбылыс. Қай кезде болмасын бұл тақырып
бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті
мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда
Елбасының бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына қосылу стратегиясын орындау
барысында экономикалық мәселелерді,
соның бірі бағалы қағаздар нарығын талқылау,
оларды дамыту мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық
жағдайларын көтеру үшін, инвестициялар
тарту заң тұрғысынан нығайту аса маңызды
жұмыс болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты.
- Қор нарығы
ұғымына және қызметіне сипаттама беру;
– Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының инвестициялық қызметін талдау; - Бағалы қағаздарды инвестициялаудағы проблемаларды шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні
- мемлекетіміздің экономикалық
жағ- дайын талдау, атап айтса,
қор нарығы ұғымының мәнін
ашу, қор нарығы құралдарын
зерттеу және бағалы қағаздар
нарығының инвестициялау
1-тарау.
Қор нарығының теориялық
- Қор нарығының түсінігі, атқаратын қызметтері.
Қор нарығы (ағыл. equity market) – бағалы қағаздар айналып жүретін қаржылық нарықтың бөлігі. Қор нарығы немесе бағалы қағаздар нарығы – капитал нарығының құрама бөлігі; бағалы қағаздарды сату нарығы. Қор нарығы бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар, туынды қаржы құралдары және т.б.) сатуды мүмкін қылатын механизмдер мен қызметтердің жиынтығын анықтау үшін қызмет ететін, абстрактілі ұғымды білдіреді. Оны қор биржасы ұғымымен шатастырмау керек, себебі қор биржасы бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылармен бірге сауда келісімшарттарын орындау үшін орын тауып беретін ұйым болып табылады.
Кез келген қор нарығы келесі компоненттерден тұрады:
- Нарық субъектілері;
- Меншік нарығы (биржалық және биржалық емес қор нарықтары);
- Мемлекеттік реттеу және бақылау органдары (қаржы министрлігі, орталық банк);
- Ұйымның өзін-өзі реттеуі ( бағалы қағаздар нарығының белгілі реттеуші қызмет атқаратын кәсіби қатысушыларының бірлестігі).
Бағалы
қағаздар нарығы тікелей алғашқы
және қайталама нарықтан тұрады. Алғашқы
нарықты мемлекеттік және муниципиялды
облигациялар,сол сияқты акциялар мен
облигациялар эмиссиясы жүзеге асарылады,оны
қаржылық және қаржылық емес профильдегі
әр қилы акционерлік компаниялар
шығарады. Алғашқы нарықта бағалы
қағаздардың тікелей
ды түсіндіреді.
Өз кезегінде екінші ретті қор нарығы ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған болып бөлінеді. Сондай-ақ қор нарығын басқадай критерилар бойынша жіктеуге болады: териториалдық принципі бойынша (халықаралық, ұлттық және аймақтық), бағалы қағаздар түрі бойынша (акциялар нарығы және т.б.), келісімшарт түрі бойынша (кассалық нарық, форвардты нарық және т.б.), эмитент бойынша (кәсіпорынның бағалы қағаздар нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы және т.б.), мерзімі бойынша, салалары және басқадай критерилар бойынша.
Қор
нарығы нарықтық шаруашылықтың ең айнымас
бөліктерінің бірі. Ол арқылы фирмалар
және әр түрлі компаниялар, және мемлекеттің
өзі іс-әрекетіне қажетті
Қор құндылықтарының – бағалы
қағаздар мен туынды бағалы
қағаздардың айналысымен
- коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
- мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б. қамтамасыз етеді;
- ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
- реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді.
Өзіндік ерекшелігі бар бағалы
қағаздар нарығының
- қайта бөліну;
- баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция.
Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:
- нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
- ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;
- инфляциялық
емес негізде, яғни айналысқа қосымша
ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік
бюджет тапшылығын қаржыландыру.
Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.
Бағалы қағаздар негізі
Қазақстанда қор рыногының
1.2 Қор нарығының құралдары – инвестиция тарту механизмі ретінде.
Қор нарығының негізгі құралдарына бағалы қағаздар, яғни акциялар мен облигациялар жатады. Қор нарығында инвестициялау биржада болатын қор нарығының құралдарын сату- сатып алу есебінен жүргізіледі. Ең көп тараған қор нарығының ивструменттері акциялар, облигациялар және фъючерстер мен опциондар болып табылады. Акция – кәсіпорын, фирма, зауыттың бөлігі. Кәсіпорын акцияларын сатып алған мезеттен бастап, сіз компания бөлігінің иесіне айналасыз. Акциялар акционерлердің жыл сайын өткізілетін жиналысында дауыс беру және кәсіпорын табысының бір бөлігін алу құқығын береді.
Акциялар қор нарығындағы
Қор нарығында бірінші, екінші және үшінші дәрежелі қарапайым және артықшылықты акциялар айналымда жүреді. Бүгінде нарықта 124 компания-эмитент өз қағаздарын ұсынуда.
Акцияларды сатып алу үшін қаржы брокеріне, яғни бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсететін брокерлік компанияға жүгіну керек. Брокердің өзі акцияларды сатпайды, ол тек қор нарығында делдалдық қызметті атқарады. Бағалы қағаздарды сатып алмас бұрын, брокерлік компаниямен келісім-шарт жасасу керек.
Акциялар
шаруашылық етуші субъектінің жарғылық
капиталына құқықты білдіретін бағалы
қағаз. Яғни, ол акция иегерінің акционерлік
қоғам меншігіне құқығын
Акциялардың инвестициялық тартымдылығы кәсіпорын тұрақты жұмысының маңызды көрсеткіші болып табылады. Кәсіпорынның акцияларын шығаратын эмитент компанияның капиталын өсіру үшін ақша қаражаттарын көбірек тартуға тырысады, ал инвестор акциялармен келісімшарт жасасқанда максималды пайда алуға тырысады.
Эмитенттер өзінің кәсіпорынының акцияларының тартымдылығын жоғарылату үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Бағалы қағаздар нарығында эмитенттердің негізгі мақсаты өзінің капиталын өсіру, өндірісті қаржыландырудың ыңғайлы тәсілдерін іздеу, компания акцияларының қажетті нарықтық бағасын қолдау, стратегиялық маңызды инвесторларды тарту, сондай-ақ компанияны басқаруға қажетті акциялар пакетін сақтау және қолдау болып табылады.
Акциялардың инвестициялық тартымдылығын талдау үшін инвесторлар эмитенттер ұсынған қаржылық есептен және бағалы қағаздарды сату нәтижелері бойынша алуға болатын статистикалық дереектерді үнемі зерттейді. Акциялардың инвестициялық тартымдылығын талдау бағалы қағаздар нарығы обылысында көптеген жылдар бойы экспорттармен жасалған әртүрлі математикалық моделдерді пайдалану арқылы жүргізіледі. Акциялардың инвестициялық тартымдылығын бағалау үшін Модильяни-Миллер теориясын және дивиденттердің сигналды теориясын қолданады.
Эмитент өзінің кәсіпорынының акцияларының инвестициялық тартымдылығына әсер етуге мүмкіндігі бар. Әсер етудің тиімді тұтқалары кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоғарылату негізінде жүргізілетін дивиденттік саясатты оптимизациялау болып табылады. Инвесторлар үшін акциялардың тартымдылығына әсер етудің тағы бір жолы биржада акциялардың бағалық сипаттамаларын қалыптастыру болып табылады.
Қор нарығының келесі құралы облигацияны қарастырайық. Облигация – қарыздық, акция – үлестік бағалы қағаз. Оларда ортақ белгілер де болады: бұл бағалы қағаздар, олардың екеуі де эмиссиялық, екеуі де мемлекеттік тіркелуге жатады, екеуі де құжаттық және құжаттық емес түрде шығарыла алады, екеуі де инвестициялау құралы ретінде пайдаланыла алады, егер бұлар жария түрде орналастырылған акциялар мен облигациялар болған жағдайда, екеуін де сатуға және сатып алуға болады, олар қор биржасында айналысқа түсе алады және акциялар да, облигациялар да кепіл мәні ретінде әрекет ете алады. Акциялар тек қана акционерлік қоғамдармен, облигациялар кез келген заңды тұлғалармен, мемлекеттік, муниципалдық органдармен шығарыла алады.
Облигациялар немесе табыс пайызы бекітілген бағалы қағаздар борыштық міндеттемелер санатына жатқызылады. Сіз облигация сатып ала отырып, өз ақшаңызды кәсіпорын немесе мемлекетке қарызға бересіз. Бұл үшін олар сізге қарыз сомасынан пайыздық кіріс төлеп тұруға, сонымен қатар нақты мерзім өткеннен кейін қарыздың негізгі сомасын қайтарып беруге келісімін береді. Мәселен, компания жылдық 11 пайызды 1 жыл мерзіміне арнап бағасы 100 000 теңге болатын 100 облигация шығарды делік. Бұл дегеніміз, компания жыл соңына дейін өз қағаздарын 11 пайызға артық құнмен сатып алады дегенді білдіреді.
Облигациялардың салыстырмалы түрде алғандағы сенімділік деңгейі олардың негізгі артықшылығы болып табылады. Егер де сіз тұрақты мемлекеттік немесе муниципалды басқару органының облигацияларын сатып алатын болсаңыз, ақшаларыңыздың қайтуы 100%-ға тең екеніне сенімді болуыңызға болады (мұндай облигациялар «тәуекелсіз» деп аталады). Екінші жағынан, бұл бағалы қағаздар бойынша ұсынылатын қауіпсіздік пен тұрақтылық табыс көрсеткішіне тікелей байланысты болып келеді. Олардың тәуекелдік деңгейі төмен болғандықтан, табыс көрсеткіші де жоғарылықпен ерекшеленбейді. Бүтіндей алғанда, облигациялар бойынша табыс деңгейі басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда әдетте төмен болып келеді.
Бүгінгі таңда қор нарығында облигациялардың көптеген түрлері бар. Эмитентке байланысты олар – мемлекеттік, ұжымдық және шетелдік облигацилар деп бөлінеді. Нарықта барлығы 208-ге жуық облигация бар.
Облигация белгілі қаражатты қарыз ретінде тарту үшін шығарылады. Оның негізгі айырмашылығы оның мерзімділігі. Яғни, облигациялар бойынша оның иегеріне төлемдер төленіп, белгілі бір мерзім өткеннен кейін қызметі тоқтайды.
Облигациялардың инвестициялық тартымдылығын келесілерден тұрады:
- Инвесторлар үшін облигациялардың инвестициялық тартымдылығы ол облигация эмитенті мен облигация иесі арасындағы қарыздық қатынасты куәландырады;
- Инвестор екі түрлі табыс алуы мүмкін: біріншіден, жыл сайын, ай сайын төленетін пайыздар; Ал екіншіден, облигацияны сатып алган баға (төменгі номиналды құн) арасындағы айырмашылықты беретін дисконт түріндегі табыс:
- Облигациялардың инвестициялық тартымдылығы облигациялар бойынша пайыз төлеу әртүрлі формада болады: пайыздар ақшалай түрде, бағалы қағаздармен, тауарлармен, егер қарастылса шығару шарттарына сәйкес.
- Инвестор облигациялар бойынша пайыздар төлеу тәртібі « Акциялар бойынша дивиденттер және облигациялар бойынша пайыз төлеу тәртібі туралы жарғыда» регламенттелетініне сенімді. Бұл инвесторға қолайлы, себебі облигациядан табыс таза пайдадан алынады, егер таза пайда жеткіліксіз болса,төлем резервтік қор қаражатынан жүргізіледі.
1.3 Бағалы
қағаздарды инвестициялаудың
Дүниежүзілік тәжірбиеде бағалы қағаздар нарығындағы банктердің инвестициялық операцияларын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.
Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:
- бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
- осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет орган дарының қаулылары мен бұйрықтары;
- бағалы қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бастылары бағалы қағаздар нарығына қатысушы банктерге лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналуынана шек көю немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және басқа жұмыстар.
Бағалы қағаздар нарығындағы банктердің операцияларын мемлекеттік реттеудің жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:
- несие үшін процент мөлшерін өзгерту аркылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
- мемлекеттің салық саясаты;
- банктік депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
- қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазыналық облигациялар, вексельдер, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар, мемлекеттік органдарың міндеттемелерін шығару) арқылы мемлекет пен корпор арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
- мемлекеттің сыртқы экономикалык саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шарттарын ынталандыру жұмыстарды реттеу);
- мемлекеттің сыртқы экономикалык іс-шаралары (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу.)
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі көмиссии), не Қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ та тиісті заңдарды шығару, олардын орындалуын тексерумен көнгрессте кұрылған «Бағалы қағаздар және қор биржалары» туралы көмиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министрлігінде қаралады.
АҚШ – та реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады. Олар:
Біріншіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызммет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы кажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу кұқын алады.
Екіншіден, экөноииканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен камтамасыз ету. Ол, әдетте, банктердің бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анықтамалық хабар беретін эмиссия проспектісін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардын арасында орналастырылатын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралык ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.
Үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқық тәртібін сактау қызметімен де айналысады.
Осы аталған бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу тәсілдерімен катар нарықтын өзін-өзі реттеу іс-шарларының да маңызы зор. Оның ең бір дамыған формасы – қор биржасы. Ол бағалы қағаздар нарығына бақылау жасаумен қатар оған қатысушылардың банктердің іс-әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалап отырады. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, АҚШ- та бағалы қағаздарға(негізінен акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады.
Бағалы қағаздар нарығындағы банктердің операциялары Ресейде 10-12 жыл бұрын қалыптаса бастады. РФ БҚН пайда болуы экономикалық емес жағдайлардан туды, бұл оның батыстық модельде құрылуын әкелді. Бірақта әлемдік бағалы қағаздар нарығының бір құраушы бөлігі болғандықтан, РФ нарықтық қорының өзінің ерекшеліктері бар.
Біріншіден, ресейдің бағалы қағаздар нарығы ұзақ уақыт бойы спекулятивтік операцияларды жүзеге асырушы механизм болды, сондықтан қазір сату көлемінің құрылымының мәнді бөлігі таза спекулятивті болып отыр.
Сонымен
қатар, ресейлік бағалы қағаздардың
өте төмен өтемшілдігін айта кету
керек, яғни оның екінші нарығы мүлдем
жоқ. Сонда да, екінші нарықта акцияларды
сату көлемі үнем, қарқынды өсуде. Ресейдің
өтемшіл бағалы қағаздары болып
өндірістік сферадағы, экспортқа бағытталған
кәсіпорындардың акциялары
Ресейлік нарықта барлық акцияларды екі топқа бөлуге болады: өтемшіл акциялар (көк фишкалар) және басқа қалған акциялар. "Көк фишкалылыарды" саусақпен санарлай - бұл РАО ЕЭС, "Газпром", "Сургутнефтегаз", Сбербанк, "Ростелекөм" және тағы басқа. Қалған мыңдағаны биржада айналымда және олармен келсімдер өте аз жүргізіледі. Акцияның өтемшілдігі олар қалай белсенді сатылатынын көрсетеді.
Акцияның
өтемшілдіктің негізгі сипаты оның
биржадағы күндізгі айналымы. Акцияның
күндізгі айналымы қаншама көп болса,
соншама бағасындағы
2-тарау.
Бағалы қағаздардың
2.1
Бағалы қағаздардың
Нарық жағдайында көптеген шаруашылық субъектілері өздерінің қызметіне маңызды бюджетік инвестицияларға сенім арта алмайды. Жаңа экономикалық жағдайларда инвестициялық ресурстардың негізгі көздері елдің экономикасына шетел сондай-ақ қосымша инвестициялар тарту мақсатында бағалы қағаздарды орналастыру, шығаруды және қатысуды белгілейтін қор нарығы болуы тиіс.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілеріне олардың дамуы үшін қажет ресурстарға енуді жеңілдетеді және кеңейтеді. Мысалы, акцияларды шығару бұл ресурстарды мерзімсіз, яғни кәсіпорынның жұмыс істеу уақытна алуға мүмкіндік береді. Облигацияларды шығару несиені банк шарттарына қарағанда өте ыңғайлы жағдайда алуды қамтамасыз етеді.
Қор нарығында келісімшарт жасаудың негізгі объектісі бағалы қағаздар болғандықтан, рационалды инвестициялық қызметтің міндетті шарты капитал салымының потенциалды объектілерін – бағалы қағаздардың сапасын дұрыс бағалай білу болып табылады.
Бағала қағаздардың негізгі түрлерінің сапасын бағалау олардың эмитенттерінің қаржылық тұрақтылығына сүйенеді. Нақты кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау үшін оның қаржылық тұақтылығын және экономикалық тиімділігін сипаттайтын коеффициенттер ретін пайдалануға болады.
Бағалы қағаздардың

- Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу
- Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері
- Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау Қауіпсіздік техникасы
- Қосалқы станцияның жүктеме графигін тұрғызу
- Қостанай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары
- Қосылған құн салығы
- Қосымша
- Қорғалуға тиісті есептеу техникалық құралдарының объектісінің сипаттамасы
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы қазақ-түрік лицейі Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
- Қорларды жіктеу және бағалау
- ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Қорлар есебі жайлы толық курстық жұмыс
- Қорлар жайлы түсінік және жіктелуі
- Қорлар қозғалысының есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері