Қорлар есебі жайлы толық курстық жұмыс

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................3

I. ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

 

1.1 Қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері...................................................5

1.2 Қорлар  аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі.....................................9

 

II. ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

 

2.1 Қорлар аудитінің бағдарламасы................................................................11

2.2 Қорлар құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті.................................14

2.3 Қорлар оларды жіктеудің, бағалудың  және түгендеудің аудиті......................................................................................................................19

 

 

Қорытынды..........................................................................................................27

 

Қолданылған дерек көздер тізім......................................................................29

Кіріспе

 

           Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Қорлар есебінің аудиті ” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста қорлар есебінің  дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықталады.

      Осы курстық   жұмыста келесідей мәселелер  қарастырылады:  бірінші бөлімінде  “ қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі,  қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері, қорлар  аудитінің нормативтік-құқықтық реттелуі. Қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып  өндірілген өнімнің өзіндік құнына  құны түгелдей кіріп, оның материалдық  негізін құрайтын қорлардың алатын орны өте зор.

     Екінші бөлімінде  қорлар есебінің аудиті, қорлар  аудитінің бағдарламасы, қорлар есебінің  аудиторлық бағдарламасы қамтитын басты мәселелеріне тоқтала кетеміз.Олардың қоймадағы есебінің аудиті, қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың  және түгендеудің аудиті қаралады.

     Аудитор  қорлардың қолда барлығын тексерген  кезде олардың нақтылы қолда бары туралы жеткілікті айғақ көлемін алу керек, бұл аудитордың түгендеуге қатысуы арқылы қол жеткізіледі.

Субъекті қызметі ерекшелігіне сай, жұмыс істеу ауқымына сәйкес жүйелі және нәтижелі қорлар жүйесінің  жұмыс істеуі шаруашылық әкімшілігінің басышылығына тәуелді болады. Егер, шаруашылық субъект әкімшілігінің міндеті, құқығы мен жауапкершілігі көрсетілмеген болса, бақылау әдістері дұрыс, айқын ұйымдастырылса онда шаруашылықтың қызметінің, әрекетінің ешқандай тиімділігі, нәтижелілігі болмайды. Шаруашылықты басқару оның құрылтай құжаттарымен және заңдылықтарымен сәйкес келген жағдайда ғана іске асады. Субъект өзінің басқару структурасын және қанша шығын кететінін өзі анықтайды

Нәтижелі бақылау жұмысын  жүргізудің керекті шарттарының  бірі-ұйымдастыру структурасының болуы. Толық интеграцияланған ұйымдастыру структурасы болса бақылау жұмысының нәтижесі мен тиімділігі жоғары болады. 

Қор №2 Халықаралық қаржылық есеп стандарттары – 2 нормативіне  сәйкес бұл активтер. Олар жұмыс  нормалы орындалып тұрған жағдайда сатылуға шикі зат түрінде де, зат түрінде де шаруашылық процессінде пайдалануға арналған. Қорлардың түрлері: шикі зат және заттар, аяқталмаған өндіріс қорлары, дайын өнім қорлары, тауарлардың қорлары. 
Заттық қорлардың есебін алу үшін мынадай міндеттер жүктеледі: 
- қордың толық және уақытымен есепке алынуы; 
- Сақтау орындарына дұрыс сақталуын бақылау; 
- Олардың қозғалысы жөніндегі құжаттардың толық және уақытымен жүргізіледі; 
- Транспорттық-дайындау шығындарын дұрыс анықтау, дайындалған қорлардың өзіндік құнын анықтауды бақылау; 
- Қоймалық қорлардың жай-күйін бақылау; 
- Ішкі қорларды мобилизациялау мақсатында субъектіге қажетсіз заттық қорларды тауып, таратуды бақылау; 
- Сақтау орындағы қорлардың қалдығы жөнінде, оның қозғалысы жөнінде толық мәлімет алу. 
Шаруашылық барысында әр түрлі шаруашылық қорларды пайдаланатындықтан оларды төмендегі топтарға бөледі: шикізаттар менматериалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар және жинақталған бұйымдар, конструкция және бөлшектер, отын, ыдыс және ыдыс материалдары, қажетті бөлшектер, арнайы материалдар, өндіруге берілген материалдар, құрылыс материалдары және тағы да басқалары. 
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – тауарлы материалдық қорлар активтердің ажырамас бір бөлігі болып табылғандықтан ұйымның қызметін бағалауына берілген баға нәтижесі болып табылады. Осыған орай қорларды жетілдіру мақсаты шаруашылық субъектілерде ерекше орын алады.  
Курстық жұмыстың мақсаты –  қорлар шаруашылық субъектілерде ұйымдастырылуының ерекшеліктерін зерттеп, талдап, тиісті қорытындылар жасау. 
Бұл мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттері: 
• қорлардың мәні мазмұны, қажеттілігі және құрылымы мен оның элементтерін қарастыру 
• Тауарлы материалдық қорлар жүйесін бағалау әдіс

 Өз кезегінде қорларды сатып  алу бағасын, ауданнан, аймақтан алып шығу баждарын, жабдықтау, делдалық ұйымдарға төлеген комиссиондық сый ақыларын, тасымалдау-дайындау шығындарын және сатып алуға тікелей байланысты басқа шығындарын қамтиды.

     Бұл тақырыптың  міндеті болып жоғарыда айтылған  мәселеледі жан-жақты, мән мағынасын ашып көрсету табылады. Кейін аудиторлық қорытынды жасалып, ұсыныстар айтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі

1.1 Қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері

 

     Қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты-олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:

  • олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;
  • олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
  • өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;
  • өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;

      Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып  өндірілген өнімнің өзіндік құнына  құны түгелдей кіріп, оның материалдық  негізін құрайтын қорлардың алатын орны өте зор.

     Қорлар баланста: материалдар 1310, дайын өнімдер 1340, тауарлар 1330, аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі  активтері  және әр түрлі мақсаттар  үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығындар да жатады .

    Аудитордан әр түрлі мақсаттарға  қоймадан босатылған материалды құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.

     Аудиторлық дәлелдемелердің негізгі көздері мыналар болып табылады: бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және басқа да номативтік-құқықтық актілер,  бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есеп стандарттары,  есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері. Алғашқы құжаттардың ішінен дәлелдеме көздеріне мыналар жатады: смета, шикізат шығындарының нормасы,  лимит картасы, жолдағы қағаздар, инвентарлық сипат, салыстыру ведомосттары, хабарлама, төлем құжаттарының көшірмесі, келіп түскен  жүктер есебінің журналы, счет фактуралар, ішкі орын ауыстыруларға үстемелер, тауарлы- транспорттық үстемелер, жүктік кедендік декларациялар, сертификаттар, кіріс ордері, сенімхат және т.б.

     Ішкі  бақылаудың құрылымын түсіну үшін  аудитор:

    • Қорлар табиғатын анықтау мақсатымен, өткен жылғы жұмыс құжаттарына  шолу жасау керек.
    • Қорларға бақылаудың қалай жүргізілгендігін зерттеу.
    • Қандай мәселе табылғанын зерттеу;
    • Құралған сауалнама бойынша персоналдардарға сурау жасау;

     Өзінің әдеттегі есебін және бақылау жұмысын атқаратын, клиент жұмысшыларын бақылау, аудиторға бақылау кезеңін және процедураны  түсінуге мүмкіндік береді және олардың бәрі тәжірибиеде қолданылатынына сенімділігін береді.

     Оларды жақсы түсіну үшін деректі алғашқы құжатты тексере отырып, аудитор өзіне қажет мазмұн нұсқауларын айқындай алады.

     Сипаттау есебін, құжат айналымын, ішкі бақылау сұрақтарын, сұраулар тізімін  құру арқылы ішкі бақылау жүйесінің түсінігін құжаттай алады. Шаруашылық қызметтің және клиенттің ішкі бақылауын алудағы сұрақтар тізімінің үлгісін келесі кестеден көреміз.

      Шаруашылық операцияларды орындау барысында болатынын бұрмалауларды ішкі бақылау жүйелері арқылы жою мүмкін еместігін аудитор біліп жүруі керек. Сондықтан ол керекті тексеру процедуларын өзінің тәжірибиесіне және пікіріне сүйене отырып қабылдайды.

      Ол арқылы қорлар аудитінде қандай бұрмалаулар  орын алатынын анықтайды. Қорлар есебінде орын алатын бұрмалаулар.

 

Кесте-1. Қорлардың бухгалтерлік есебінде болатын бұрмалаулар

 

Бұрмалаулар

тіршілік

толықтық

дәлдік

баға

1

2

3

4

5

  1. Жабдықтаушылардан тауарлы-материалды қорларды уақтылы есепке,  кіріске алмау.

 

х

 

х

 

х

 
  1. Қабылданбаған материалды құндылықтарды  шығысқа шығару

 

х

 

х

 

х

 
  1. Бухгалтерлік есеп  шоттарындағы нақты емес дебиторлық және кредиторлық қарыздың қамтылуы
 

 

х

 

х

 

х

  1. Дұрыс құжаттарды жою салдарынан болатынн бұрмалаулар.
 

 

х

 

х

 
  1. Бухгалтерлік есеп шоттары  нақты емес, корреспенденция санының, аналитикалық есептің жоқтығы.
 

 

х

 

х

 
  1. Жалған құжаттарды құру (келісім, накладной актілер)
 

 

х

 

х

 
  1. Жеткізушілер есебінің өндірушілер есебімен сәйкес келмеуі.
  2. өнімді өткізу бағдарламасын және жеткізу мерзімінің мәліметтерін жақсарту үшін өндірістік бөлім мен өнімді өткізу бөлімінің арасында адекваттық коммуникация бар ма?
 

 

 

 

х

 

 

 

х

 
  1. Материалдарды дайындауға кеткен өнімнің   нақты өзіндік құнын дұрыс есептемеу 
 

 

 

х

 

 

х

 

 

х

  1. Материалды шығындар нормасының жоқтығы және сақталмауы.
 

 

х

 

х

 
  1. Есеп саясатында қабылданған қорлар бағаларының нұсқауын сақтамау.
 

 

х

 

х

 

х

  1. Бухгалтериядағы және өндіріс қоймасындағы материалды құндылықтардың қозғалысын салыстырмау.

 

 

х

 

 

х

 

 

х

 
  1. Бар қорларға жылдық түгендеу жүргізуді сақтамау.

 

х

 

х

 

х

 
  1. Қоймаларада қолданылмайтын материалды құндылықтарды көп мөлшерде сақтау.
  2. Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын дұрыс бағаламау

 

х

 

х

 

х

 

 

 

х

  1. Шығындарды есеп периодтарына дүрыс бөлмеу.
 

 

х

 

х

 

 

      Шаруашылық қызметпен және қорлардың ішкі бақылау жүйесімен таныс болғаннан кейін, аудитор, бақылау  тәуекелінің деңгейін алдын-ала бағалай алады. Ол үшін ол ұйымдастырушылық құрылымын талдай алады, яғни басқару және бағындыру, клиент жазбаларымен және құжаттарды зерттеу арқылы ішкі аудитті (қызметтік нұсқаулар, құжат айналымының кестесі, ішкі аудит жағдайы, стандарттар және ішкі аудит процедуралары және тағы басқалар.

     Сондай-ақ  аудитор орындаған процедура негізінде алған білімін, бақылау құралдары құрастырылғанын тексере алады. Келтірілген процедура нәтижесі аудиторға бақылау тәуекелін жоғары, орташа және төмен екенін анықтауға мүмкіндік береді.

     Жоғарғы тәуекелділікте-процедура әдістемесі  мәні бойынша тексеріледі.

Орташа және төмен  тәуекелділікте-бақылау тиімділігіне сынақ құрастырылады.

     Бақылау тиімділігінің тесттері

     Егер осының алдындағы аудит жүргізу кезінде бақылаудың тиімді екендігінің айғақтары жинап алынған болса және егер аудитор осы жағдайдың өзгермегендігін көрсе, ағымдағы жылда оларды қайтара тестілеу көлемі белгілі бір дәрежеге дейін азайтылуы мүмкін. 2-кестенің мәліметтері бойынша тексерілуге ұшырауы тиіс негізгі бақылаушы сәттерді атап көрсетейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте-2. Қорлар құндылықтардың аудиті кезіндегі бақылаушы сәттердің мүмкін болатын тесттері

 

 

№ р.р.

 

 

Бақылаушы сәттер

Ішкі бақылау жүйесінің  міндеттері

Барлық операцияларға  рұқсат берілген (санкция беру)

Барлық операциялар  ескерілген (толықтық)

Активтер дұрыс жіктелген (жіктеу)

Активтердің қозғалысы  жөніндегі операциялар регистрлерге енгізіліп, дұрыс көрсетілген (дәлдік)

1.

Жабдықтау (сатып алу) бөлімі жеткізу шарттарының орындалуына үнемі бақылау жасауды жүзеге асырады

 

х

   

2.

Қорларды жеткізуге  тапсырыстарға (өтініштерге) өкілдік  берілген адамдар рұқсат етуі керек

х

     

3.

Міндеттерді (жеткізу  шарттарының орындалуын бақылау, қорларды сақтау, оларды есепке алу және жіберуге рұқсат ету) тиісінше бөлу жүргізіледі

х

х

 

х

4.

Активтер мен міндеттемелерді  шарттарға, тапсырыстарға, сонымен  қатар тауарды алу мен сақтауға қатысы жоқ тұлғалар тіркейді.

 

х

 

х

5.

Шикізат пен материалдар  рұқсат беретін құжаттардың негізінде өндіріске жіберіледі

х

   

х

6.

Кәсіпорында материалдарды  жіберуге шектеу белгіленеді және тек  өкілдік берілген тұлғалар ғана материалдарды  лимиттен тыс жіберуге немесе олардың  бір түрін екіншісімен алмастыруға  рұқсат бере алады.

х

   

х

7.

Қорларды күзету оларға бұған рұқсаты жоқ персоналдың  кіруіне шектеу қою арқылы ұйымдастырылған.

х

     

8.

Кәсіпорында рұқсат ету  ережелері  және нақтылы лауазымды  тұлғалардың шаруашылық операцияларына рұқсат ету беруі үшін өкілеттігі (қызметтік нұсқаулар) бекітілген.

х

     

9.

Материалдарды өндірістік цехтарға беру тек тиісті рұқсат етумен ғана жүзеге асырылады.

х

   

х


 

Клиенттің ішкі бақылау  жүйесі қаншама тиімді ұйымдастырғанымен, әрқашан да осылардың барлық айтарлықтай  бұрмалаулардың алдын ала бермеуінің немесе таппауының тәуекелі қалып отырады

Қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30 пайызға жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық құндылықтарға деген қажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.

 

 

1.2 Қорлар  аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі

 

      Қорлар аудитінің негізгі нормативтік құқықтық құжаттары төмендегі кестеде кетірілді.

 

Кесте-3. Қорларды  реттеуші негізгі нормативтік құқықтық құжаттар

 

  Р/н

Құжаттың аты

1

«Тауарлы-материалдық  босалқылардың есебі», бухгалтерлік есептің 7-стандарты, ҚР бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссиясының 13.11.1996ж  № 3 қаулысы (ҚР қаржы министрінің 28.01.2007ж №27 бұйрығымен енгізілген   толықтыруларымен және өзгертулерімен)  

2

ҚР-ның салық  бюджеттеге төленетін басқада міндетті  төлемдер туралы кодексі. 12.06.2001 жыл  № 209-2 «2004 ж 22- қазанда жасалған өзгертулермен  және толықтырулармен »

3

ҚР –ның Кеден  кодексі 05.04.2003 ж №401-ІІ 2010 жылғы 6 маусымда жасалған өзгертулермен және толықтырулар

4

ҚР-ның Валюталық  реттеу туралы заңы 14.04.1993 ж № 154 2003ж 30 желтоқсанда жасалған өзгертулермен және толықтырулар

5

ҚР-ның Вексель айналымы туралы ҚР- ның заңы 28.04.1997   2005ж 8-шілде өзгертулермен және толықтырулар

6

ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы 28.02.2007 №234/3 2012 ж 10 шілдедегі өзгертулермен және толықтырулар

7

Фискалдық еске сақтау мүмкіндігі бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану Ережелері:ҚР Үкіметінің №449 қаулысы 18.04.2002 ж

8

«Босалқылар» 2-ХБЕС заңы  01.01.1995ж. 2003ж 1 қаңтарда жасалған өзгертулермен және толықтырулар

9

"Қаржылық  қорытынды есепті дайындау тапсырудың  тұжырымдамалыұ(концептуалдық) негізі".ҚР  Қаржы Министрлігінің №542 бұйрығы, 29 10 2002 ж

10

"Бастапқы  құжаттардың нысандарын бекіту  туралы" :ҚР Қаржы Министрлігінің  №128 бұйрығы , 19.03.2004ж

11

"Бух. есеп  регистрлігін толтыру туралы" ҚР Қаржы Министрлігінің №234-ІІІ ереже нұсқау 2007ж

12

Бух.есеп шоттарының Типтік жоспары:ҚР Қаржы Министрлігің №438 бұйрығы, 18.09.2002ж

13

Көлік экспедициясы келісім шартының шеңберінде жүзеге асырылатын,жүктерді тасымалдауға экспидиторлардың шот фактура жазып беру тәртібі:ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының №18 бұйрығы. 23.01.2003ж

14

"Вексельдік  операциялардың бух.есебі туралы ":ҚР Қаржы Министрлігінің №23-2-2-6/63/1540 хатты, 07.02.2001ж


 

Аудиторға клиенттің  ішкі бақылау жүйесі алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізуге  деген әкімшіліктің толық сенімділігі  үшін дайындалған процедуралар мен  әдістемелік басшылықтан тұруы  мүмкін екені белгілі болуы керек. Оның ішінде өндіріс циклындағы операцияларды есепке алу үшін кәсіпорын әдетте бағалаудын негізгі жолдары мен тандап алынған әдістерін есеп саясатында немесе оның жеке қағидаларында бейнелейді. Бұл кезде есеп саясаты немесе ереже келесідей аспектілерді сақтауы керек.

    • қорларды босалқыларды бағалау әдісі, сонымен бірге бағалау әдісі барлық тақорлар босалқылар үшін бірдей болуы керек;
    • соның негізінде өнім өндірісі процесі бухгалтерлік есепте тіркелген бастапқы құжаттар тізімі;
    • басшы бекіткен өдіріс циклі бойынша құжат айналымының графигі;
    • қорлар босалқыларды есептен шығару тәртібі;
    • қорлар босалқылардың түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімі;
    • қорлар босалқыларды жіктелімі, бухгалтерлік есеп тізімі және аналитикалық есепті ұйымдастыру.

          Кәсiпорындағы iшкi бақылау процедуралары  бола алады:

    • мiндеттердi парапар бөлу;
    • мақұлдаудың тиiмдi процедурасының болуы;
    • құжатнама және есепке алу жазулары;
    • қорлар босалқыларды нақты бақылау;
    • тәуелсiз тексерулердi iскe асыру.

 

 

 

 

II. Қорлар есебінің аудиті

2.1 Қорлар аудитінің бағдарламасы

  Қорлардың есебінің  аудиторлық бағдарламасы мынадай басты мәселелерді қамтиды:

  • Баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтермен салыстырып  тексеруді;
  • Қорлардың  синтетикалық және аналитикалық есебінің  дұыс жүргізілгендігін тексеруді;
  • қолда бар қорлардың сақталуын, оларға уақтылы түгендеу жүргізілгендігін тексеруді;
  • қойма есебінің, қорлардың қозғалысының бастапқы құжаттарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру күніне, субьектінің өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін тексереді.
  • Келіп түскен материалдардың уақтылы толық кіріске алынғандығын және бухгалтерлік  жазуларды жүзеге асырылғандығын тексеруді;
  • Сатылып жөнелтілген және қайта өңдеуге берілген материалдық құндылықтардың операцияларының дұрыс құжатталып, бухгалтерлік жазуларының жүзеге асырылғандығын тексеруді.

 

Кесте-4. Қорлар есебінің  аудиторлық бағдарламасы

 

Рет нөмір

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

1

Қорларды  алуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру

Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар мен т.с.с.

2

Қорлардың саны мен сапасы жөніндегі тілек-талаптарды ресімдеудің дұрыстығын, негізділігін және уақытылығын тексеру

Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, теміржол станциясы түбіртіктері, салыстыру тізімдемесі және т.б) жабдықтаушыға, темір жолға немесе кеме шаруашылығына талап-қуанымдар, 8 журнал-ордер, бас кітап және т.б.

3

Алынған құндылықтарды  кіріске алудың немесе орындалған жұмыс  пен көрсетілген қызмет есебінің толықтығы мен   уақытылығын  тексеру

Қабылдау актілері, жүк құжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер, қойма есебі тізімдемесі, 6 журнал- ордер, бас кітапты, баланс және т.б.

4

Түскен материалдарды  кіріске алудың толықтығы мен  ұзақтылығын тексеру

Бастапқы құжаттар (қабылдау, коммерциялық актілер, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары), шот-фактуралар, кірістік ордерлер және т.с.с.

5

Қорлардың бар болуы мен сақталуын, оларды түгендеуді жүргізудің уақтылығы мен дұрыстығын талдау

Материалдарға жауапты  адамдар мен шарттар, бастапқы құжаттар, қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері

6

Кәсіпорынның өндіріс  қорлармен соңғы есеп беру күндерінің қамтамасыз етілуін бағалау

Стандарттар, нормалар мен  нормативтер, техникалық шарттар, есеп айырысу, бастапқы және құрама құжаттар


 

    Қорлар есебінің  аудитін тереңдетіп жүргізу үшін жоғарыда келтірілген аудиторлық тексеру бағдарламасын, кеңейте түсетін олардың ішкі жағдайын бақылауды тексеру тестерінің сауалнамасын жасау қажет.

    Аудитор қойылған сұрақтарына  алынған жауаптарын зерделеп  және талдап ішкі бақылаудың  жағдайы туралы қорытынды жасап бағдарламаға сәйкес аудиторлық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

     Ұзақ мерзімді активтер  сияқты ағымдағы активтерді баптары  бойынша мәліметтерін тексерген  кезде қолда барлығын, баланстың,  Бас кітаптың, есеп регистрларының  мәліметтерінің арасында тепе-теңдіктің сақталғандығын анықтап, синтетикалық және аналитикалық ақпараттардың сәйкестігіне көз жеткізудің маңызы зор.

  Қорлардың кейбір жеке түрлеріне аудит жүргізгенде оларға және олардың есебіне ерекшеліктерін  ескерудің маңызы зор.

   Аудитор жасаған  бағдарламасын кеңейте түсу үшін қорларды сатуға байланысты мынадай мәселелерді анықтауға тиісті:

  1. Қорлар құндылықтарды сатуға шарт жасалғандығын және олардың дұрыс рәсімделгенін;
  2. Артып-жөнелтілген өнімдердің құжаттарының дұрыс толтырылғандығын;
  3. Артып-жөнелтілген өнімдердің бағасының дұрыс толтырылғандығын;
  4. өнім сатуға жасалған шартқа сәйкес босату бағасының, өнімді сатушыдан сатып алушыға дейін жеткізу шығындарының төлену тәртіптері ескеріліп, дұрыс белгіленгендігін, ( оларды мынадай түрлерге бөлуге болады: франко-орын, сатушы, франко-қойма, жөнелтуші, франко-айлақ, белгіленген айлақ, франко-вагон, белгіленген франко – айлақ және сатып алушының франко-қойма);
  5. аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің есеп регистрларындағы, Бас кітаптағы және баланстағы жазулармен сәйкестігін.

   Есеп айырысу құжаттары алынбаған ТМБ түскен кезде (фактураланбаған жеткізулер), осы түскен құндылықтар төленген, бірақ жолда келе жатқандар (дебиторлық берешек) ретінде саналатын-саналмайтындары анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте-5. Қорлар аудиті кезіндегі ақпарат көздері

 

Реттік

Нысан №

Нысан атаулары

1

 

Бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама

2

 

Өнімді жеткізу шарттары, келісім-шарттары (жұмыс пен қызмет көрсету), ерекшелендіру, мәміле паспорты.

3

 

Есептеулерді салыстыру  актілері, коммерциялық актілер, орындалған жұмыстар (қызмет көрсетулер) актісі, аванстық есеп беру, орындалған жүмыстарды тапсыру-қабылдау актілері.

4

3-түгендеу

"Қорлар босалқыларды түгендеу тізімі"

5

4-түгендеу

"Тиелген қорларды түгендеу актісі"

6

5-түгендеу

"Жауапты сақтауға  қабылданған (тапсырылған) қорлар босалқыларды түгендеу тізімі"

7

6-түгендеу

"Жолдағы қорлар босалқыларды түгендеу актісі"

8

12-түгендеу

"Қорлар босалқыларды түгендеу нәтижелерін салыстыру тізімдемесі"

9

Қорлар-4

" Қорлар босалқыларды қабылдау туралы акт"

10

Қорлар -4а

"Дайындау, сақтау және  ондіріс процесіндегі тауарлы-материалдық  босалқылардың жетіспеулері мен  ысыраптары туралы акт"

11

Қорлар -46

"Қорлар босалқылардың бұзылуы, сынуы, қирауы туралы акт"

12

Қорлар -5

"Қорлар босалқыларды есепке алу карточкасы"

13

Қорлар -7

"Қоймадағы қорлар босалқы қорлар қалдықтарын есепке алу тізімдемесі"

14

Қорлар -11

"Ғимараттар мен құрылысты қирату және демонтаждау кезінде алынған қорларды босалқыларды кірістіру туралы акт"


 

2.2 Қорлар құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті

     Шаруашылық  жүргізуші шаруашылықтың қаржы-шаруашылық  қызметінің бухгалтерлік есеп  бас жоспарының 1300 «Материалдар»  бөлімшесінің  синтетикалық шоттарында  шикізаттардың, сатып алынған жартылай фабрикаттардың, құрастыру бұйымдарының, конструкцияларының, отындардың, ыдыстардың және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектердің, құрылыс материалдарының, қайта өңдеуге берілген және басқа да материалдардың сақталуын,  пайдалануын және есебінің ұйымдастырылуын аудиторлық тексеруді қойма шаруашылығын тексеруден бастаудың маңызы зор.

     Қорлардың сақталу орындары бойынша нақты қолда барының есеп мөліметтеріне сәйкестігін тексерген кезде, біріншіден жылдық түгендеудің материалдарымен танысу қажет. Екіншіден сақталу орны бойынша жаппай тексеруге тиісті материалдар топтарын іріктеу : мысалы, оте қымбат тұратын және сирек кездесетін және ішінара тексеру жүргізілетін топтарды анықтау қажет. Қоймаларда материалды құндылықтардың сақталу тәртібіне, сақтау орындарының, қорлардың және түрлерінің сақталу ережелеріне сәйкестігіне ерекше назар аударуды талап етеді. Сондықтан қолда бар материалды құндылықтардың сақталуына тексеруді аудитор қойма шаруашылығын зерделеуден және қажет болған жағдайда оларға түгендеу жүргізуден бастаған жөн.

     Аудитор  қойма шаруашылығына зер салып  зерттеген кезде, қойма ғимараттарының  және өлшеу құралдарының жағдайына  назар аударуы қажет, сонымен  қатар бақылау-өткізу бекеттерінің  жұмысының тиімділігіне, өрттен  қорғау және басқа да қауіп-қатерден сақтандыру дыбыс беретін құралдарының орнатылғандығына, материалды құндылықтарды қабылдау, босату және сақтау тәртіптерінің орындалғандығына, материалды-жауапкершілікті тұлғаларды іріктеу және тағайындауға, олардың толық материалды жауапкершілігіне, қолда бар ұзақ уақыт жатып қалған және бүлінген материалдар туралы жасалған шартқа, кіріс және шығыс құжаттарының, қоймалық есептің және қорытынды есептің дұрыс жасалғандығына назар аударуға тиісті. Қоймаларды және материалды құндылықтардың сақталу орнын зерттеу, олардың бағыты бойынша қолдану үшін жарамдылығын анықтау мақсаттарында бағалардың сақталу тәртібін және ортке қарсы қауіпсіздікті, дыбыс беретін белгілерінің, өлшеу шаруашылығының, басқа да өлшеу құралдарының және т.б. қолда барлығын тексеру қажет.

    Материалдық  құндылықтардың сақталуын қамтамасыз  етудің маңызды шарты дұрыс  ұйымдастырылған күзет болып  табылады. Аудитор субъектіге материалды  құндылықтарды кіргізу жене шығаруда  ішкі бақылауды кенеттен тексеруден  бастап, күзет жұмыскерлерінің белгіленген тәртіпте кіру, шығу,

Қорлар есебі жайлы толық курстық жұмыс