Қор биржасы туралы түсінік
Кіріспе.......................
І Бөлім. Қор биржасы туралы түсінік
1.1. Қор биржасының мәні, оның экономикадағы атқаратын қызметтері....................
1.2. Қор биржасы - бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы...............
1.3.Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының даму болашағы......................
ІІ Бөлім Қор нарығындағы бағалы қағаздар
2.1. Бағалы қағаздардың мәні мен түрлері ..............................
2.2. Бағалы қағаздар нарығының Қазақстан Республикасында дамуы ..............................
2.3. Мемлекеттік құнды қағаздардың инвестициялық қасиеттерінің арттыру мәселелерінің ғалымдар мен тәжірибелердің еңбектерінде қарастырылуы..................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Қор биржасы: Қазақстан Республикасында даму мәселелері мен перспективалары».
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» 1996 жылғы 21-ші сәуірдегі жарлығына байланысты елімізде бағалы қағаздар нарығы айналымына акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, жинақ пен депозит, сертификаттарды және вексель жіберіледі.
Бағалы қағаздар ережесі бойынша оларды рынокта еркін сату ҚР-ы 1979-ші жылғы 15-ші наурыздағы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына сай жүргізіледі.
Бағалы қағаздар сауда-саттығының орталығы қор биржасы болып табылады. Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бір қалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Бұл тұрақты жұмыс істейтін, тәртіптілікті қатаң сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын тұрақты орын. Биржалық комиссия тексеруден мұқият өткен, айналымға шығарылып, оны реттеп отыратын қағаздарды қайта сатады. Сөйтіп қор биржасы бағалы қағаздар нарығына қызмет жасайды. Қор биржасы нарықтық экономиканың негізгі элементі бола отырып, уақытша босаған ақша қорларын бағалы қағаздар арқылы сатуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ компаниялардың акциясы мен облигациясына нарықтық құнды белгілейді.
Қазақстан Республикасында қор биржасын құру процесі енді ғана басталуда. Бұл процесс меншіктің қалыптасуы кезінде жеделдей түседі. Қазақстанда 1995 жылы сәуір айында «Бағалы қағаздар және қор биржасы жайлы» Заң қабылданды. Онда жалпы құқықтың ұйымдық жағдайлары айқындалып, оны шығару мен айналымға енгізу қаралып, қор биржасы қызметінің негізгі принципі қарастырылған. Алғашқы қор биржасы 1991 жылы сәуір айында Алматы орталық қор биржасы деген атпен ашылды. Қазақстан қор биржасының жұмысын тиімді деп айта алмаймыз. Қазақстан Рерпубликасы қор биржасындағы тек көлемді сауда – саттыққа ғана бағалы қағаздар операциясын жатқызамыз.
Бағалы қағаздар нарығын құру шаруашылықты орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесі мен ресурстардың салааралық қайта бөлінуін ауыстыруға, нарықтық құрылымдардағы инвистицияға деген сұранысты қанағаттандыруға, бұл нарыққа капиталдың салааралық қайта бөлінуін реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктердің тиімділігіне барометр болуға мүмкіндік береді.
Менің курстық жұмысым кіріспе, ІІ бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың І бөлімінде – қор биржасының жалпы түсінігі, толық мәні, экономикада атқаратын қызметтері, қағидалары туралы баяндалады. ІІ бөлімде – қор нарығындағы бағалы қағаздар және оның мәні мен түрлері, ҚР-да дамуы туралы айтылған.
Ал, Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму болашағына келетін болсақ, нарыққа өту барысында туындайтын экономикалық және басқару шешімдерін талдау және стратегиясын қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты қажет.
І Бөлім. Қор биржасы туралы түсінік
1.1 Қор биржасының мәні, оның экономикадағы атқаратын қызметтері.
Қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық – құқықтық нысанында құрылған, осы сауда - саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда – саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін - өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін - өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық – техникалық дамытуға пайдаланылады.
Қор биржасы:
1). Сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;
2). Қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге жорамалданып отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай – ақ қор биржасында айналысқа жіберілетін ( жіберілген ) бағалы қағаздар мен өзгеде қаржы құралдарына талап қою;
3). Қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкіндік беру, осы қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда – саттық ұйымдастыру және өткізу, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;
4). өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
5). Бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
6). Банк заңнамасында белгіленген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерінен көрінеді:
- қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
- өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.
Қор биржасы өз қызметінде мынадай қағидаларға сүйенеді:
- қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен заңды түрде құжатталатындықтан да брокерлер мен клиенттер арасындағы жеке сенімнің болуы;
- сауда – саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы делдалдарының қызметінің қор биржасының әкімшілігі және аудиторларымен қатаң түрде реттелуі.
Бұл қағидалардың қамтамасыз етілуі нәтижесінде қор биржасында бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға итермелейтін орта қалыптасады. Ондай артықшылықтарға: аталған қағаздардың қадамдары үшін несиеге деген мүмкіндік, бағалы қағаздар нарығының жағдайы туралы жақсы шолулар; сол немесе басқа да бағалы қағаздардың мүмкіндіктерін тура бағалау және т.б. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығындағы қор биржа өзіндік барометр мен бағыттағыш ролін атқарады. Соның нәтижесінде әрбір инвестор жақсы болашағы бар акционерлік қоғамдарды тауып ақшалай қаражаттарын салады.
Қор биржасының механизмін іске қосудан бұрын: болашақ клиенттер және ең бастысы, акционерлер торабын құруға күш жұмсау қажет, яғни қор биржасының бағалы жұмысын бастауына қажетті бағалы қағаздарды қалай құру және кімдермен жұмыс жасау қажет деген сұрақтарды шешу керек; екіншіден, қор операцияларын жүргізудегі делдалдар ( брокерлер мен дилерлер ) жүйесін қалыптастыру қажет; үшіншіден, қор биржасын іске қосудан бұрын биржалық механизмнің орталық буындарының жұмыстарын ( биржаға бағалы қағаздар жіберу жүйесі, сараптау, бағалау комиссиясы және т.б. ) жолға қою керек, яғни басында қор биржасының функциональдық және ұйымдастырушылық құрылымдарын қалыптастыру қажет.
Қор нарығы сауда – саттықтың өсуі және жасалатын мерзімді мәмілелердің санының ұлғаюынан кейін барып, тұтыну тауарларының қойнауында қалыптасқан болатын. Қаржы операцияларының объектісіне қарыздық қолхат - вексельдер біртіндеп айнала бастаған. Бельгия порты Антверпен ресми түрдегі қор биржасының отаны болып саналады. Оның тауар биржасында 1592 жылы бағалы қағаздармен алғашқы сауда – саттық жасалған. Кейіннен жетекшілік ролі Амстердамға ауысып, онда алғашқы мерзімді мәмілелер жүргізілді, сондай – ақ биржалық операциялар техникасы жоғары деңгейге жетті.
Биржалардың бастапқы кезеңдегі қалыптасуы мемлекеттік қарыздың өсуімен байланысты болды, яғни қазыналық вексельдер мен облигацияларға жұмсалған капиталдарды кез келген уақытта ақшаға айналдыруға мүмкін еді. Алғашқы акционерлік қоғамдардың (Нидерланды және ағылшын ост - үнді компаниялары ) пайда болуына байланысты акциялар биржа айналымының басты объектісіне айналды. Саудагерлерді, қарыз иелерін, банкирлерді, өнеркәсіпшілерді біріктіретін серіктестіктердің пайда болуы теңіздік экспедициялар және Жаңа Жарықтың елдеріне баратын сауда керуендерімен байланыста болды. Қосқан пайлары арнайы құжат акциялар арқылы құжатталды. Акциялар жалпы капиталға үлес қосқандығын куәландырып, пайданың бір бөлігін алуға құқық берді.
Бұл компаниялардың алған жоғары пайдалары, олардың акцияларына деген бағаның бірден өсуіне және биржалық сауда – саттықтың ұлғаюына жол берді. Осы уақыттарда XVIII ғасырдың бірінші бөлігіне және келесі жылдары қор биржалары Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, АҚШ – та құрыла бастаған. Биржалар саны тез өсіп және олардың арасында өзара тығыз байланыстар орнықты. Сондықтан да капитализмнің қалыптасу кезеңінде қор биржасы белгілі бір дәрежедегі капиталды жинақтаудың маңызды факторына айналып, ол кейіннен қаржы – экономикалық қатынастардың маңызды элементі болып табылды.
Еркін бәсеке нарығындағы жағдай мемлекеттік үлестіруді айналып өтіп, қор биржасы және несиелеу сфералары арқылы ірі ақшалай қаражаттардың саладан салаға құйылуын қамтамасыз етті. Бұл кезең ұйымдастырылмаған “жабайы” нарықтың уақытымен сипатталады. Бұл тұста, шаруашылық қызметті реттеуші заңдылықтар мен органдар болмағандықтан да көптеген мәмілелер тіркеуге алынбаған.
1.2. Қор биржасы – бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы жаппай акционерлік қоғамдардың құрылуы мен бағалы қағаздар шығарудың ұлғаюы қор биржасының маңызын арттыра түседі. Өндірістің өсуімен салыстырғанда ақшалай капиталдың интенсивті түрдегі жинақталуы бағалы қағаздарға деген едәуір сұранысты анықтап, нәтижесінде биржалық айналым өсіп, ал биржада ең бастысы жеке компаниялар мен кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары айналысқа түсті.
Әсіресе бағалы қағаздар нарығы АҚШ – та кеңінен дамыды. Егер де, Еуропада бос ақша қаражаттарын банктегі шоттарда сақтауды, сақтандыру полисі және жылжымайтын мүлікке салуды дұрыс санаса, ал Америкада көптеген кәсіпкерлер өз капиталдарын қаржылай активтерге инвестициялады. Сондықтан да АҚШ - тың қор нарығында қаржылай операцияларды жүзеге асырудың қазіргі механизмі қалыптасып, ол бүгінгі уақытта біршама ұйымдастырылған және демократиялық бағалы қағаздар нарығының біріне жатады
Қаржы нарығының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қор биржаларын ұйымдастырудың екі типі болады. Бұл жеке құқықтық сипаттағы ( ағылшын - саксон типтес ) және топтық құқықтық сипаттағы ( еуропалық континенттік типтес ) қор биржалары.
Жеке құқықтық сипаттағы қор биржасына классикалық мысал ретінде әлемдегі Лондон қор биржасын және сондай қағидамен жұмыс жасап отырған Нью – Иорк, Токио және басқа да қор биржаларды айтуға болады. Олар жеке компания түрінде ұйымдастырылып, кейіннен акционерлік қоғам, бірлестіктер, аралас кәсіпорындарға айналған. Мұндай типтегі қор биржаның мүшелерінің саны қатаң шектеледі. Оған орын үшін ірі ақша сомасын төлей алатын қарапайым тұлғалар мен компаниялар мүше бола алады. Нью – Иорк қор биржасындағы орын үшін төлем ақының мөлшері бірнеше ондаған, мыңдаған, жүздеген, мың долларларға дейін ауытқып отырады. Қор биржасына биржалық комитет немесе басқарма жетекшілік етеді. Мұндай биржалар қызметіне үкімет тарапынан қойылатын бақылау өте аз және олар біршама дербес және бағалы қағаздар айналысын реттеуде тәуелсіз. Қазақстан қор биржалары ұйымдастырылу құрылымы жағынан биржаның осы тобына жатады.
Топтық құқықтық сипаттағы биржалар мемлекеттік мекемелер болып саналады. Олардың қызметтерін үкімет органдары бағалы қағаздар айналысын реттеуші арнайы комиссиялармен бірлесе отырып, бақылау жасайды. Мысалға, Париж қор биржасы экономика министрі мен биржа операциялары жөніндегі комиссияның бірлескен түрдегі қадағалауында болса, ал Германияның биржаларын жергілікті үкімет органдары бақылауға алса, Италия биржаларын Қаржы министрлігі мен компаниялар және биржа ісі жөніндегі Ұлттық комиссия реттейді. Биржалық жұмыскерлер мен қор операциялары бойынша мамандарды, сол органдар тағайындайды және олардың мемлекеттік қызметкер деген мәртебесі болады.
Бірақ соңғы жылдары ағылшын, американ және еуропалық континенттік қор биржалары типтерінің арасындағы айырмашылықтарды білдірмеу ағымы байқалуда. Бір жағынан, биржаның өзі іштей өзін - өзі реттеу негізінде қызмет етсе, екінші жағынан ақша – несие және қаржы механизмінің қазіргі құрылымына оңай көнетіндей ету мақсатында бағалы қағаздар нарығына мемлекеттік бақылау және реттеу арта түсуде.
Әрбір елде бір ғана емес, қор биржаларының толық жүйесі бар. Ұлттық биржалық жүйеде жекелеген биржалардың роліне байланысты моно жүйелік және полицентристік қор биржалары бар елдерді топтастыруға болады.
Бірінші типтегі жүйеде елдің қаржы орталығында орналасқан бір ғана биржа қызмет етіп, қалғандарының аймақтық маңызы болады (АҚШ, Италия, Франция, Жапония ). Мысалға, Милан және Париж қор биржаларында бағалы қағаздар ұлттық айналымының 95% - ға жуығы шоғырланса, ал Нью – Иорк және Токио биржаларында бұл көрсеткіш 84% және 80% құрайды. Қазақстандағы ұйымдастырылған қор биржасының дамуы осы биржалық жүйе төңірегінде жүргізілуде.
Полицентрлік қор биржасының жүйелері Германияда, Австрияда, Канадада, Швецияда қызмет етуде. Аймақтық қор биржалар қызметі жергілікті компаниялардың бағалы қағаздарына қызмет көрсетуге бағытталғандықтан да белгілі бір аудан төңірегінен шықпайды. Бірақ та бұл жерде провинциалдық биржалардың бірігу ағымының орын алуын айта кеткен жөн. Полицентрлік бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыру құрылымына біршама аймақтық құрылымдары бар Ресей биржалық жүйесі бет түзеп келеді.
Биржаны өзін - өзі реттеудің әрекет етіп отырған әдісіне – листинг жатады. Биржа ісіндегі листинг – бұл биржалық тізімге бағалы қағаздар эмитенттерінің бірқатарын қосуды білдіреді. Биржаны ұйымдастыру шартына байланысты бағалауға жіберілетін бағалы қағаздар тізіміне біршама ірі және рентабельді акционерлік қоғамдар ғана түсуге тиіс. Биржа листингіне енгізілу, эмитент – компанияның тұрақтылығы туралы куәландырылады, себебі биржа ондағы айналатын тауарлардың жоғары санын растайды. Листингтің құрамдас бөліктерін атап өтейік. Эмитент – компаниялардың бағалы қағаздары, оларды толық талдаудан кейін, биржада бағалау жіберілетін бағалы қағаздар тізіміне қосылады. Талдау эмитенттің берген мәліметтері негізінде жасалады. Ондай мәліметтерге: эмиссиялау проспектісі, компания активтерінің жағдайы туралы ақпарат, компанияның бухгалтерлік есебі, тәуелсіз аудиторлармен куәландырылған пайда және зиян туралы есебі жатады. Барлық ақпараттар кешенінің аналитикалық өңдеуі мыналарды қамтиды: жалпы экономикалық және әлеуметтік - саяси болжаулар, жаңа заңдарды және нормативтік актілерді, олардың компанияның қаржылық жағдайына тигізер ықпалын оқып – білу. Биржалық мәмілелер нәтижесінде қалыптасатын, бағам ( баға ) негізінде биржа бағалы қағаздарды бағалайды.
Ең ақырында, инвесторлар осындай зерттеу негізінде дайындалған ұсыныстарды қолдарына алады. Сөйтіп, листинг – биржаның қасиетті міндеттемесі ретінде, оның басты міндеті потенциалды инвесторлардың қаражат жұмсауына дұрыс бағыт беру және олардың мүдделерін қорғау болып саналады. Экономикалық жағдай, акционерлік қоғамдардың рейтингі және ең бастысы биржалық баға белгілеу парағы ( биржалық бағалы қағаздар тізімі ) инвесторлардың шешім қабылдауына негіз болып, қызмет етеді. Баға белгілеу парағы - елдегі, аймақтағы, әлемдік шаруашылықтағы қор нарығындағы ауа райының өзгерісін көрсететін өзіндік барометрді білдіреді.
Бағалы қағаздары бағалауға жіберілген акционерлік қоғамдардың экономикалық жағдайын биржа қатаң бақылап, қажет кезде ( олардың экономикалық жағдайы нашарлап немесе борыштық тұрақсыздыққа ұшыраса ) делистинг процедурасын қолдануы, яғни тізімнен алып тастауы мүмкін.
Листинг процедурасы ТМД елдерінің қор биржаларының іс – тәжірибелеріне біртіндеп енгізілуде. Қазіргі ең бастысы, кәсіпорындарды жаппай акционерлеу алдында бағалы қағаздар нарығындағы қаржы дағдарысының тәуекелін төмендетіп, қаражат жұмсаудың сенімділігін кепілдендіру арқылы инвесторлардың сенімдеріне кіру қажет болып отыр.
Сондықтан, листинг ережесін енгізу, оны сақтау және бағаланатын бағалы қағаздар санын көбейтуге тырыспау – бұл бағалы қағаздар нарығы енді ғана қалыптасқан тұста ең өзекті мәселеге айналуда.
Қор биржасы бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы болып табылады. Биржадан тыс рынок, әдеттегідей, тек бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдарын қамтиды. Онда көбінесе облигациялар орналастырылады. Биржада, керісінше, бағалы қағаздардың ескі шығарылымдарының, негізінен акционерлік қоғамдардың акцияларының бағамы белгіленеді. Заңнамамен қор биржаларының ең төмен жарғылық капиталы белгіленеді. Қор биржасы инвестициялық институттар ретінде қызметпен айналыспайды, бірақ меншікті акциялар шығара алады және сата алады, бұл оның мүшелері болуға құқық береді.
Қор биржасы заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясында лицензия алады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары және заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен өзге мәмілелерді жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңды тұлғалар қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының кемінде он мүшесі болуы тиіс. Қор биржасының мүшелері мәмілелерді жасау осы мүшелер үшін қор биржасының ережелерінде жол берілетін қаржы құралдарының түрлері бойынша сауда – саттыққа қатысуға құқылы.
Сауда – саттықты ұйымдастырушының кірісі оның негізгі қызметінен алатын қаражат есебінен құрылады. Сауда – саттықты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:
1). Сауда – саттықты ұйымдастырушының мүшелігіне кіргені үшін;
2). Сауда – саттықты ұйымдастырушының мүлкін пайдаланғаны үшін;
3). Бағалы қағаздар листингі үшін және олардың сауда – саттықты ұйымдастырушысының тізімінде болғаны үшін;
4). Мәмілелерді тіркеу және рәсімдеу үшін;
5). Ақпараттық қызмет көрсеткені үшін және өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.
Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы - акционерлік қоғамның ұйымдық – құқықтық нысанында құрылған, осы сауда – саттықты ұйымдастырушы клиенттердің арасында баға белгілеу арқылы айырбастау жүйесін пайдалану мен қолдау арқылы сауда – саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға. Бұл ұйымның негізгі мақсаты оның клиенттері арасындағы бағалы қағаздарға баға белгілеудің алмасу жүйесін ұйымдастыру болып табылады. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары ғана баға белгілейтін ұйымның клиенттері бола алады.
Қаржы рыногының жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар рыногының субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік - құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді элементтердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары мен олардың өзін - өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және т.с.с. жолымен жүзеге асырылады. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы уәкілетті орган Ұлттық банктің құрамындағы Бағалы қағаздар жөніндегі департамент болып табылады. Ол эмитенттер қызметіне талаптар мен стандарттарды белгілейді, эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаздар шығару туралы шешімдерін тіркейді, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен міндеттемелерді эмитенттердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметін лицензиялайды, бұл рыноктағы әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногына тигізетін жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде . Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті. Стратегиялық тұрғыдан келгенде экономиканы сақтандыру, қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жандандыру жөнінде жаңаларын құру үшін қажетті алғышарттар жасау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі табысты шаралар ғана Үкіметтің қаржы рыногының өтімділігінің төмендігі проблемасын толық шешуіне мүмкіндік береді.
Биржаның негіз қалаушы қағидаты бағалы қағаздар рыногының өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногының субъектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады және оған өз жарғысын, биржалық сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңнамаға сәйкес жауап береді.
1.3 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болашағы.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы – бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан – жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсында қор нарығының көптеген артықшылықтары жарамсыз болып қалады.
Барлық қиын жағдайда да қор нарығының инвестициялық процестегі ролі арта түсуде. Бұл ең бастысы күрделі капитал жұмсалымын қаржыландыруға арналған ресурстарға деген қажеттіліктен туындайтын кәсіпорындарды акционерлеумен байланысты. Қор нарығы арқылы жүзеге асырылатын өндіріске және инфрақұрылымға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайлы база жасалуы қажет.
Сондай – ақ әр түрлі бюджеттен тыс қорлар да құрылады. Қаражат жинақтау шамасына қарай, олар қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялайды.
Осындай және басқа да факторлар қор нарығын инвестициялауға арналған қаражат жинақтау жолдары ретінде арттырудың потенциалды мүмкіндіктерін көрсетеді.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін ресурстарды жинақтау ( материалдық база, адамдарды оқыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т.б. ) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай – ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты болуы керек.
Мұндай әрекет ету бағдарламасының мемлекеттік деңгейде, оның қаржы саясаты аясында жасалады деп күтуге болмайды. Мемлекеттің фискальдық мүддесі, оның құрылымдары арасындағы қарама – қайшылық, бұл міндетті шешуге мүмкіндік жасамайды. Міне сондықтан да, жаңадан құрылған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатынасушыларының бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардың және т.б. ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор.
Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін, нарыққа өту барысында туындайтын макроэкономикалық және басқару шешімдерін талдау және стратегиясын қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты қажет.
ІІ Бөлім Қор нарығындағы бағалы қағаз.
2.1. Бағалы қағаздардың мәні мен түрлері
Қазақстан нарығындағы бағалы қағаздар қатарына ҚР Үкіметі мен шаруашылық субъектілер акциялары мен облигациялары жатады.
Акция- шаруашылық субъектінің бағалы қағаздары. Ол негізінен аталған субъектінің дивидент түрінде пайда табуына, акционерлердің жалпы отырысында дауыс беруге және ликвидация кезінде субъекті мүлігінің бір бөлігіне құқық береді.
Облигация- борыштық бағалы қағаз түрі. Ол қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермегенімен, купон не дисконт түрінде сыйақы алуға кепілдік береді.
Эмитентке байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және ұжымдық болып бөлінеді. Мемлекеттік бағалы қағаздар Қаржы Министрлігі мен ҚР Ұлттық Банкі бастаған ҚР Үкіметімен эмиссия жасайды. Муниципалдық бағалы қағаздар жергілікті атқарушы органдар арқылы шығарылады. Ал, ұжымдық бағалы қағаздар түрі болса, шаруашылық субъектілерімен.
Жалпы, бағалы қағаздар ресурстарды тарту құралы боп саналады. Акциялар акционерлік капиталды ұлғайтады. Ал, облигациялар айналым капиталын арттырады не белігілі бір мақсатты бағдарламаларды өткізу үшін эмиссия жасайды. Мемлекеттік облигациялар- мемлекеттік қарыз формасы. Бұл жағдайда мемлекет бюджет дефицитін жабу, түрлі мақсаттық бағдарламаларды өткізу және зейнетақы қарыздарын өтеу үшін қайтарымды және ақылы негізді ресурстар тартады. Ұжымдық облигациялар дегеніміз – эмитенттердің тұрғысынан қарағанда, облигацияларды шығару мен орналастыру барысында банктік несие бойынша орта нарықтық ставкадан төмен белгілі бір ставкамен, белгілі бір уақыт аралығына ресурстар тартылатын банктік несиенің баламасы. Ал, инвестициялау үшін қажетті ресурстары бар тұлғалар, яғни, инвесторлардың пікірінше облигациялар дегеніміз, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен артық ресурстарды уақытша салынып, бағалы қағаздар өтелім мерзімі аяқталғанша немесе инвесторлар үшін кез-келген тиімді уақыт ішінде сатуға қолайлы банктік депозит баламасы.

- Қорғалуға тиісті есептеу техникалық құралдарының объектісінің сипаттамасы
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы қазақ-түрік лицейі Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
- Қорларды жіктеу және бағалау
- ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Қорлар есебі жайлы толық курстық жұмыс
- Қорлар жайлы түсінік және жіктелуі
- Қорлар қозғалысының есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері
- Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру
- Қонақ үй шаруашылығын жоспарлау
- Қорадағы ауа гигиенасы
- Қора- жайдағы микроклимат
- Қор биржасы
- Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері
- Қор биржасының мәні мен міндеттері