Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру

                             Астана қаласының  білім басқармасы

           Астана қаласының  менеджмент  және бизнес колледжі

 

                                      Оқу тәжірбесінің

                                       Есебі

 

0507000 « Қонақ  үй  шаруашылығына  қызмет  көрсету   және  ұйымдастыру»

                 мамандығы  бойынша  3 курс  студенті 

       ______________________________________________________

        «__»  _________20 __ж. бастап « __» ________ 20__ж. дейін

 

                                                          

                                                              

                                                                            Оқу тәжірбесінің жетекшісі

                                                                             ________________________   

                                                                            _________________________

                                                                 

 Есеп тапсыру күні  «__» _____20 __ж.

Есеп қорғау күні «__» _____ 20__ж.

Бағасы __________

                                        

 

                                               Астана 2012

 

 

Жоспар

Кіріспе.................................................................................................................3

I-тарау.  «Абай» қонақ үйі туралы сипаттама

1.1.Абай» қонақ үйі және сипаттамасы...................................................42

1.2.Қонақ үйдің негізгі қызметтері  және оларға сипаттама.............

II-тарау. Қонақ үйдің даму индустриясы

2.1. Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы..............4

2.2.Қазақстандағы қонақ үйлердің дамуы.......................................................8

ІІI-тарау. Орналастыру құралдарының халықаралық классификациясы

2.3. Халықаралық қонақ үйлер тізбектері........................................................11

2.4. Қонақ үйлердің дәрежесіне байланысты қойылатын талаптар..................25

3.2Қонақ үйде нөмірді және орынды брондау тәртібі....................................32

3.1.Қонақтарды тіркеу және орналастыру реттілігі. Туристік топты тіркеу ерекшеліктері.......................................................................................................36

 «Қосымша мәліметтер......................................................................................58

Қорытынды.....................................................................................................62

Пайдаланған әдебиеттер................................................................................63

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

   Қонақ үй шаруашылығының  пәнің оқығаның бәрін осы оқу  тәжірбесінің есебіне жазылған.Қысқаша  айтқанда қонақ үйлер  қай  жерде бірінші пайда болғанын, қалай дамығаны туралы жазылған.Қазақстанда қонақ үй индустриясы туралы. Қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін, осы салада қызмет ететін кадрлардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру туралы жазылған. Қонақ үйлердің классификациясы, жұлдыздық жүйесі туралы барлық мәліметтері жазылған. Әлемдік қонақ үй индустрияның негізгі кезеңдеріне шолу жасайтын болсақ, саяхатта жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үйлер (Керуен сарайлар) БЭД 2000 жыл бұрын көне шығыс елдерінде кең таралғаны туралы айтылған. Кай елдерде көп қонақ үйлер тарағаны.

    Қонақ үй қызметін  ұйымдастыру формаларының бірқатар  басымдықтары ел экономикасының  қонақ үй секторына қолдануға  жарамды. Қазақстандық, сондай-ақ  шетелдік клиенттерді туристік  нысандар мен еліміздің кәсіпорындарына  тарту Отандық мейманжайлылықты  әрі қарай дамыта түсуге мүмкіндік  береді.

    Қонақ үйлерге аналогиялық мекемелер тобы нөмірлер қорына ие, міндетті қызметтер тізімін ұсынады. Оларға пансиондарды, жаһаздалған бөлмелерді, туристтік жатақаналарды және т.б. жатқызады. Басқа да ұжымдық орналастыру құралдарына ең бастысы демалыс үшін арналған баспаналар жатады, мысалы, пәтер типтес қонақ үйлер, үйлер кешені немесе бунгалолар. Бұл жайлардың тұтас басқарулары бар, ақшаға жалға немесе кез келген тұлғаға немесе ұйымға жалға беріледі. Қонақтарға туристерге ыңғайлы болсын деп қонақ үйлер әр түрлі жұлдызды болады.Қонақ үй тізбектері  туристерге қызмет көрсету және өндіріс ұйымдарының деңгейін жоғарылатуға және таратылуына, қонақ үйлік қызмет көрсетудің белгілі бейнесін құруға және өзге елге келген турист өзін өз үйіндей сезінуіне ыңғайлылық жағдайда демалуға  ықпал жасайды.

 

 

 

 

 

                  І-тарау. «Абай» қонақ үйі туралы сипаттама "Абай" қонақ үй кешені

    Өз есігін 1984 жылы  ашқан қонақ үй, бірден 250 адамды  қабылдап орналыстыруға мүмкіндігі  бар Астанадағы ен үлкен қонақ  үйлердің бірі.

    Біздің қызметіміз  – Қазақстан халыктарына тән  дәстүрлі қонақжайлылық үлгісі. Орналасқан жері Астана қаласы, Республика даңғылы  33 . 9-қабатты  «Абай» ***  жұлдызды қонақ үйі  тарихи орталықта, әкімшіліктермен  көптеген іскер орталықтары ғимараттарының  маңында орналасқан. Бұл Астанаға  келушілер үшін өте ыңғайлы.  Қонақ үйдің арақашықтығы аэропорттан  – 20 км, темір жол вокзалынан 4 км.

 

Орналастыру  уақыт талабына сай жабдықталған 161 нөмір бар  оның ішінде 85-екі кісілік нөмір, 57-бір кісілік нөмір, 6-үш кісілік  нөмір, 6-жартылай люкс, 7-люкс. Нөмірлерде спутникалық антенналы телевизор, телефон, тоңазатқыш бар.

 Корпоротивтік клиенттерге  жеңілдіктер қарастырылған. Қонақ  үйде 70 орындық кафе, бизнес-орталығы, бильярд, сауна, шаштараз, кір  жуатын бөлім, әуе және темір  жол кассалары, банкомат және  ақша аудару пункті , газет- жұрнал  сувенирлер сататын дүңгіршек,  трансферт қызметі бар. Қонақтарымызға  жаңа Астананың келбетін таныстырып, «Астана-Байтерек» кешенін көрсету  мақсатында экскурсия өткізу  көрсетілетін қызмет түріне кіреді. Семинарлар және конференциялар  өткізуге, арналған 50 орындық, мультимедиалы  құралдармен жабдықталған мәжіліс  залы бар.

Teл: 33-02-09

Нөмерлер саны: 131

«Акмолатурист» АҚ   ҚР кәсіподақтары федерациясы.

250 орындык «Абай»***   конақ үйі Астана қаласының  тарихи орталығында орналасқан.     Тиімді   баға, жайлы жабдықталған  түрлі санаттағы нөмірлер, айналадағы  фонтандармен гүлзарлар,   шешімді  қөлік қозғалысы, жақын жерде  орналасқан «Жастар сарайы», «Конгресс-Холл»,  «Астана қаласының әкімдігі»,  «КР Бірінші Президентінің Мұражайы»  және басқада мәдени орталықтар.Сіздерге 80-орындық кафе, 50-орындық конференция  залы, шаштараз сауна, билльярд, бизнес орталығы, тегін WI-FI аймағы, туристік және экскурсиялық қызметтер, авиа және темір жол кассалары ұсынылады, трансфер.

 

Сіздерге қауіпсіз және сапалы қызмет көрсетеміз деп кепілдік береміз!

Ғимараттарды, құрылыстарды,  үй-жайларды ұстау

      35. Барлық  өндірістік және қойма бөлмелері  үшін өрт жарылыс және өрт  қауіптілігінің санаттарын, сондай-ақ  бөлмелердің есіктерінде тиісті  белгілері белгіленген электр  қондырғылары құрылғыларының техникалық  нормалары бойынша аймақтардың  кластарын анықтау қажет. 

      Жоғары  өрт қауіптілігі бар жабдықтардың  қасында қауіпсіздіктің стандартты  белгілері ілінуі тиіс.

      Өрт жарылыс  қауіптілік көрсеткіштері тексерілмеген  немесе сертификаттары жоқ материалдар  мен заттарды өндіріс процесінде  қолдануға, сондай-ақ оларды басқа  материалдармен және заттармен  бірге сақтауға болмайды.

      36. Барлық  объектілер алғашқы өрт сөндіру  құралдарының қажетті санын анықтауға  (2-қосымша) және IV топтағы объектілер  мен көлік құралдарына арналған  алғашқы өрт сөндіру құралдары  тиістілігінің нормаларына (3-қосымша)  сәйкес жарамды алғашқы өрт  сөндіру құралдарымен, өртке қарсы  қызметті шақыруға арналған байланыс  құралдарымен қамтамасыз етілуге  және автоматты өрт дабылы  жүйесімен, қолданыстағы нормаларға  сай өрт сөндіру және адамдарды  өрт туралы құлақтандырудың автоматты  қондырғысы жүйесімен жабдықталуы  тиіс.

      37. Ғимараттар  мен құрылыстарды найзағайдан  қорғау құрылғыларымен жабдықтау  қажет. 

      38. Үй-жайлардың,  ғимараттар мен құрылыстардың  өртке қарсы жүйелері мен қондырғыларын  (түтінге қарсы қорғаныс, өрт сөндіру  автоматының құралдары, өртке  қарсы сумен қамтамасыз ету  жүйелері, өртке қарсы есіктер,  қақпақтар, өртке қарсы жасалған  қабырғалар мен аралықтардағы  басқа да қорғаныс қондырғылары) жарамды жұмыс күйінде ұстау  қажет. 

      Есіктің  өздігінен жабылуына арналған  қондырғыларды жарамды жағдайда  ұстау қажет. Өртке және түтінге  қарсы есіктердің (құрылғылардың)  еркін жабылуына кедергі келтіретін қандай да болмасын құралдарды орнатуға жол берілмейді.

      39. Өрттің  пайда болуына әкелетін жарамсыз  жабдықтарда, қондырғылар мен  станоктарда, сондай-ақ қауіпсіздік  параметрлердің қауіпсіздік шарттарымен  реттелген температураның, қысымның  және басқалардың берілу тәртібін  бақылауды қамтамасыз ететін  бақылау-өлшеу құрал-жабдықтары  мен технологиялық автоматтары  сөндірулі тұрған кезде жұмыс  жүргізуге жол берілмейді.

      40. Құрылыс  құрылымдарының өртке қарсы жабынының  (оттан қорғау қасиеттерінің жойылуы  мен нашарлауын қоса алғанда  сылақ, арнайы сырлар, лак) жанармай  және жылу оқшаулау материалдарының,  құралдардың металл тіреулерінің  ақаулары дереу жөнделуі қажет. 

      Нормативтік  құжаттардың талаптарына сәйкес  өңделген (сіңірілген) ағаш құрылымдар  мен талшықтар өңдеу (сіңіру) мерзімі  аяқталған кезде және оттан  қорғау қасиеттерін жоғалтқан  жағдайда қайта өңделуі (сіңірілуі)  тиіс.

      Оттан қорғауды  өңдеудің (сіңірудің) жай-күйі техникалық  құжаттамада көрсетілген мерзім  ішінде немесе жылына кемінде  бір рет тексерілуі қажет. 

      41. Өртке  қарсы жасалған қабырғалар, аралықтар  мен қоршау құрылымдарының қиылысу  орындарында әр түрлі инженерлік  және технологиялық қатынастардан  пайда болған саңылаулар мен  тесіктер құрылыс ерітіндісі  немесе басқа да отқа төзімді  және газ түтінін өткізбейтін  қажетті шекті қамтамасыз ететін  жанбайтын материалдармен бекітілуі  тиіс.

      42. Үй-жайларды  жалға бергенде жалдаушылар осы  тектес ғимараттарға арналған  нормалардың өртке қарсы талаптарын  орындайды. 

      43. Ғимараттар  мен үй-жайларды қайта жоспарлау  кезінде, олардың қызметтік белгілері  өзгергенде немесе жаңа технологиялық  жабдықтарды орнату кезінде ғимараттар  мен құрылыстардың жаңа белгілеріне  сәйкес қолданыстағы нормативтік  құжаттар қолданылады. 

      44. Өрт жарылыс  қаупі бар объектілерді, республикалық  көлемдегі мекемелер мен кәсіпорындарды, ірі театрлық ойын-сауық кәсіпорындары  мен тарихи объектілерді, мұнай  өңдеу, ағаш өңдеу, химия өнеркәсібі  объектілерін, сонымен қатар театрларды, кинотеатрларды, цирктерді, мұражайларды, галереяларды жақын жердегі өртке  қарсы қызметі бөлімшелерінің немесе елді мекендердің өрт сөндіру бөлімі орталық бекетінің тікелей телефон байланысымен қамтамасыз ету қажет.

      45. Ұйымның  ғимараттарында, құрылыстарында (жеке  тұрғын үйлерді қоспағанда):

      1) жертөлелер  мен астыңғы қабаттарда ТТС  мен ЖС, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды, газ баллондарды, аэрозолды орамдағы  тауарларды, целлулоид және басқа  да жарылыс қаупі бар заттар  мен материалдарды сақтауға және  қолдануға;

      2) өндірістік  учаскелерді, шеберханаларды ұйымдастыру,  сондай-ақ өнімдерді, жабдықтарды,  жиҺаздар мен басқа да заттарды  сақтау үшін шатырларды, техникалық  қабаттарды, венткамералар мен басқа  да техникалық бөлмелерді пайдалануға; 

      3) жеделсатыда  қойма, дүңгіршек, дүкенше орналастыруға; 

      4) жобада  қарастырылған көшіру жолдарындағы  өрттің қауіпті факторларының  жайылуына кедергі келтіретін  қабатаралық дәліздердегі, холлдардағы,  фойелердегі, тамбурлар мен сатылы  торлардағы және басқа да есіктерді  алып тастауға;

      5) нәтижесінде  адамдарды көшіру қауіпсіздігі  шарттары төмендейтін, өрт сөндіргіштерге, өрт сөндіргіш крандар мен  басқа да өрт қауіпсіздігі  құралдарына қол жеткізуді шектейтін  немесе автоматикалық өртке қарсы  қорғаныс жүйелерінің жұмыс істеу  аймағын азайтатын (автоматикалық  өрт дабыл қаққышы, өрт сөндірудің  тұрақты автоматикалық қондырғылары, түтін жою жүйелері, көшіруді  хабарлау және басқару жүйесі) көлемді-жоспарлық шешімдерге өзгеріс  енгізуге;

      6) балкондар  мен лоджиялардағы есіктер мен  люктерді, жапсарлас секция аралығы  мен сыртқы құтқару сатысына  шығатын жолдарды жиҺаздармен,  жабдықтармен және басқа да  бұйымдармен бөгеттеуге;

      7) бөлмелерді  жинауда және киім жууда бензин, керосин тағы басқа да ТТС  және ЖС пайдалануға, сондай-ақ, қатып қалған құбырларды дәнекерлеу  шамымен қыздыруға және басқа  да жолмен ашық отты қолдануға; 

      8) сүртілген  майлы материалды жинамай қалдыруға; 

      9) терезелерге  толық темір тор орнатуға және  жертөле терезелерінің алдында  шұңқыр жасауға (қойма бөлмелерінен, кассалардан, қару тұратын үй-жайлардан,  мекеменің құпия бөлімдерінен  басқа);

      10) өрт кезінде  қауіпсіздік аймағына қатысты  балкондарды, лоджиялар мен галереяларды  шынылауға; 

      11) сатылы  торлар мен дәліздерде қойма  (қосымша бөлмелер) орналастыруға,  сондай-ақ саты алаңы мен маршының  астында заттарды, жиҺаздар мен  басқа да жанғыш материалдарды  сақтауға жол берілмейді. Бірінші  және астыңғы қабаттардағы саты  марштарында тек жанбайтын материалдардан  жасалған қалқамен қоршалған  орталық жылу беруді басқару  торабы, су өлшегіш және электрқалқан  торабы орындарын жасауға рұқсат  етіледі; 

      12) өндірістік  және қойма ғимараттарының бөлмелерінде  антресолдар, қоршаулар, тұрмыстық  бөлмелер, қойма бөлмелерін, кеңселер  мен басқа да бөлмелерді жанғыш  материалдардан салуға жол берілмейді.

      46. Ғимараттар  мен құрылыстардың сыртқы өрт  сөндіру сатылары мен шатырлардағы (жабындардағы) қоршауларды жарамды  күйде ұстау қажет және бес  жылда бір рет пайдалану сынағынан  өткізу қажет. 

      47. Бір ғана  көшіру жолы бар үй-жайларда  бір мезгілде 50 және одан да  астам адамдардың болуына жол  берілмейді.

      Отқа төзімділігі  IV және V дәрежелі ғимараттарда бір  мезгілде 50 және одан да астам  адамдардың болуы тек бірінші  қабатта ғана рұқсат етіледі. 

      48. Ойын-сауық,  түскі ас ішу, көрме, сауда,  биржалық, спорттық, мәдени және  басқа да залдарға (орындарға), трибуналарға, сондай-ақ басқа да бөлмелерге  келушілер саны өрт кезінде  адамдарды құтқару қауіпсіздігімен  қамтамасыз ету жағдайларына  байланысты жобалау нормасында  көрсетілген немесе есептеп анықталған  санынан аспауға тиіс. Жобалау  нормасында есепке қажетті деректер  болмаған кезде залдағы адамдарды  көшіру уақытын қамтамасыз ету  - 2 минут, ал алаңның бір адамға  келетін есептік көрсеткіші - 0,75 м 2 болуы тиіс.

      49. Технология  талаптары бойынша адамдардың  үздіксіз келуін талап етпейтін  шатырлы үй-жайлардың, сондай-ақ  техникалық қабаттар мен жертөлелердің  есіктері құлыпталады. Аталған  бөлмелердің есіктерінде кілттің  қайда сақталатыны туралы ақпарат  жазылып тұруы керек. Шатырлардың, техникалық қабаттар мен жертөлелердің терезелері әйнектеліп, үнемі жабық тұруы қажет.

      Асты желдетілетін  үйлердің құрылымында жанатын  заттар болса, ол жерге бөгде  адамдардың кіруіне шектеу қойылады.

      Ғимараттың (құрылыстардың) астыңғы және  жертөле терезелерінің ойықтары  қоқыстан және басқа да заттардан  тазартылады. Аталған ойықтарды  қорғайтын металл торлар ашуға  ыңғайлы болады, ал терезелердегі  ілмектер ішінен кілтсіз ашылады. 

      50. Бөлмелерді  жарықтандыру үшін пайдаланылатын  керосиндік шамдар мен үстел  үстіне қойылатын керосиндік  шамдардың тұғырлары құламайтындай  нық күйде орнатылады.

      Аспалы  керосиндік шамдар (фонарь) пайдалану  кезінде мықтап бекітілуге және  әйнектің астында сақтандырғыш  металл қақпақтарымен жабдықталуы  тиіс. Шам астындағы қақпақтан  немесе шам қақпағынан жанғыш (жануы қиын) жабынның (төбенің) құрылысына  дейінгі арақашықтық кемінде  0,7 м, ал жанғыш (жануы қиын) материалдардан  кемінде 0,2 м болуы қажет. 

      Қабырғаға  ілінетін керосиндік шамдардың  (фонарь) құрылымда қарастырылған  шағылдырғыштары болуға және  қабырғаға мықтап бекітілуге  тиіс.

      51. Керосиндер, керогаздар және примустар дайындаушы-зауыттың  пайдалану жөніндегі нұсқауына  сәйкес отынмен толтырылуға тиіс. Аталған құралдарды тез тұтанғыш  сұйықтықтармен (оның ішінде бензинмен,  спиртпен, ерітіндімен) толтыруға  тыйым салынады.

      52. Қолданылған  сүрткіш материалдарды жабылатын  қақпағы бар металл контейнерлерге  жинау қажет. Қолданылған сүрткіш  материалдарды жинау мерзімділігі  олардың жұмыс орындарына жиналуларына  байланысты болады. Жұмыс ауысымы  аяқталғаннан кейін контейнер  ішіндегі заттар ғимараттардың  сыртынан алынуы қажет. 

      53. Майлармен,  лактармен, сырлармен және басқа  да ТТС және ЖС жұмыс істейтін  тұлғалардың жұмыс киімдерін  арнайы орнатылған металл шкафтарда  ілулі түрде сақтау қажет. 

      54. Витраждары  бар бір қабаттан биік ғимараттарда  әрбір қабатқа қойылған түтін  өткізбейтін, жанбайтын заттан  жасалған диафрагмалар құрылымын  өзгертуге болмайды.

      55. Адамдар  жаппай жиналатын жаңа-жылдық  кештер мен басқа да шараларды  ұйымдастыру және өткізу кезінде: 

      1) кемінде  екі көшіру жолымен қамтамасыз  етілген, жобалау нормасының талаптарына  жауап беретін, терезелерінде  темір торлары жоқ және 2 қабаттан  аспайтын жанғыш жабынды ғимараттарды  пайдалануға болады;

      2) шыршалар  орындарында мықтап бекітіліп,  бұтақтары қабырғалар мен төбеге  тимейтіндей есепте орналастырылуы  және ғимараттан шығарғанда қиындық  туғызбауы тиіс;

      3) бөлмеде  электрлік жарықтандыру болмаған  жағдайда іс-шаралар күндізгі  уақытта өткізілуі тиіс;

      4) шырша  иллюминациясы тек элетрқондырғылары  құрылымдарының техникалық нормаларына  (бұдан әрі - ЭҚТН) сәйкес келуі  қажет. Шыршаға электр жарықтандыру  торабын пайдаланғанда төмендету  трансформаторы болмаса, онда  тек тізбекті гирляндтарды пайдаланып, ондағы шамдардың кернеуі 12 В,  қуаты 25 Вт аспауы тиіс;

      5) иллюминацияда  ақау кездескен жағдайда (сымдардың  күюі, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын  шығу) дереу сөндіру қажет; 

      6) іс-шараларды  өткізу кезінде залда, сахнада  жауапты тұлғалардан, өртке қарсы  құрылым мүшелерінен немесе өртке  қарсы қызметі жұмысшыларынан  кезекшілер ұйымдастыру қажет.  Іс-шаралар өткізілетін үй-жайлар  алғашқы өрт сөндіру құралдарымен  қамтамасыз етіледі. 

      Мыналарға: 

      1) терезе  торлары ашылмаған ғимараттарда  іс-шаралар өткізуге;

      2) доғалы  прожекторларды, білтелер мен ұрғыштарды (хлопушкаларды) қолдануға, өрт  тудыруы мүмкін фейерверк және  басқа да жарықтық өртке қауіпті  эффектілерді орнатуға;

      3) шыршаларды  целлулоидты ойыншықтармен, сондай-ақ  оттан қорғау құрамы сіңірілмеген  дәкемен және мақтамен безендіруге; 

      4) балаларды  тез тұтанғыш материалдардан  тігілген киіммен киіндіруге;

      5) отты және  басқа да жарылу және өрт  қаупі бар жұмыстарды жүргізуге; 

      6) бөлме  терезелерін қараңғылауға;

      7) қатарлар  арасындағы өту жолының енін  қысқартуға және өту жолдарында  қосымша креслолар мен орындықтар  қоюға; 

      8) бөлмеде  қойылым немесе көрсетілім жүріп  жатқан кезде жарықты толықтай  өшіруге; 

      9) бөлмелерге  белгіленген нормадан тыс адамдар  кіргізуге жол берілмейді.

Қонақ үйдің даму индустриясы

    1. Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы

     Бүкіл әлем бойынша көптеген дамыған және дамушы мемлекеттер туризмнің дамуы үшін, туристік рекреациялық көптеген мүмкіндіктерге ие болуда. Бірақ кейбір мемлекеттерде туризмнің потенциялды көрсеткіші экономикалық ресурстарға байланысты төмен. Себебі бұл мемлекеттердегі туристік индустрияның салалары халық аралық стандарттарға сай емес. Осы себептердің бірі, біздің қонақ үйлер әлемдік стандарттарға сай дәрежеде туристерді қабылдай алмауда, басты мәселе қонақ үй орындарының аздығында. Қонақ үйлердің жағдайы жоғары дәрежелі моральды және жеке көзқарастар бойынша дамушы мемлекеттерде қонақ үй бөлімдерінің жағдайының төмендігі көрсетіледі, бұл қызмет түрінің шектеулігі, тозған ескі техникамен сипатталады. Дамушы мемлекеттерде осындай жетілмеген бұл туризм саласын дамыту үшін, қазіргі қонақ үй нарығын зерттеу, қонақ үйдегі қонақ үйдегі қызмет түрлерін арттыру, басқа дамыған мемлекеттермен өз жағдайымызды салыстыру қажет болып отыр. Қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін, осы салада қызмет ететін кадрлардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру керек. Сонымен қатар саладағы қызметшілердің жұмыс бағдарлары нақты болғаны жөн. Қонақ үй қызметінің сферасы – бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс. Яғни қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету. Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақытты тура белгіленсе онда бұл салада үлкен жетістіктер, атақ абыройға ие бола алады. Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы өз үйі. Ал үй ішінде адам өзін жақсы сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болуы шарт. Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта- қайта келу тілегін тудыру керек. Қонақ үйлердің негізгі мақсаты – туристер үшін сапалы қызмет көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады.

    Әлемдік қонақ үй индустрияның негізгі кезеңдеріне шолу жасайтын болсақ, саяхатта жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үйлер (Керуен сарайлар) БЭД 2000 жыл бұрын көне шығыс елдерінде кең таралған.

    Ежелгі Греция, Ертетегі Рим кезеңінен бастап  әртістерге, саяхатшыларға арналған  ертедегі конақ үй түрлері:  хаинны, инны, пошта бекеттері т.б.  болып саналған. Жоғарыдағы қонақ  үйлер қазіргі қонақ үй функцияларына  ұқсас қызмет түрлерін көрсеткен.  Сол замандағы негізгі көлік  ретінде аттарды пайдалану, ат  қоршаулары мен тұрақтар болуымен  қатар адамдар тынығуға арналған, ас ішетін бөлмелерден тұрған. Ал Орта ғасырларда саяхатшыларға  арналған бұл кешендерге әжептәуір  өзгерістер енгізілген. Қосымша  театр сахналары пайда болған. Қонақ үй иелері өз жанұясымен, кұлдары мен кызметшілері келген  қонақтарға кызмет көрсеткен.  Олардың қызмет көрсету деңгейі жоғарғы сапалы көлемді қызмет көрсетумен ерекшелінген. Қонақ үй - қала мен ауыл қысқа мерзімге келген жолаушылардың уақытша тұруына, жолшыбай түнеуіне арналған жай. Қонақ үй отырықшы қалалы елдердің бәрінде ерте кезден болған. Әсіресе сауда жолы бойындағы базарлы қалаларда көп болды. Оны қазақтар керуен сарайлар, қонақ жай, мейрамхана деп атады. Ертеде саудамен, діни мақсатпен жолға шыққан жолаушылар үшін жеке адамдар керуен сарайлар ұстады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін, қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік байлап жемдейтін қора-жайлар болды. Сарай иелері жолаушылардан мол төлем алып тұрды. Сонымен қонақ үй шаруашылығы ертеден пайда болғанына күмәніміз жоқ. Осындай мысалдармен бірге айта кететін бір жай бар. Бізге белгілі болғандай адам баласының бойында қыдыру, көру, сезу, тану сияқты үлкен жан сезімдер, алдына қойған мақсаттар арқылы саяхат жасау ниеті пайда болды. Біздің эрамызға дейін 4000 жыл бұрын Египет халқы Сүмерлер дөңгелекті ойлап тапты, сонымен біршама жолдарды өту кезінде уақыт ұтты. Сонымен қатар біздің эрамызға дейінгі 200-ші жылдары жолаушылар үшін хандықтар және таверналар пайда болды. Біздің эрамызға дейінгі 700- ші жылдары антик гректердің олимпияда ойындары спорт туризмінің дамуында тарихи жағдай болып есептелді. Сауда қатынасын жандандырған Ұлы Жібек Жолы бойында бекеттер және тамақтану орындары қалыптасты. Америка континентінің халықтарының дүние жүзін аралау ниетінің әсерінен көптеген саяхаттар жасалды. Жоғарыда айтып кеткендей Ұлы Жібек жолын қонақ үй шаруашылығының даму ордасы деп тұжырдасақта болады деп есептеймін. Ұлы Жібек жолы кейбір мәліметтерге көз салсақ , 7-12 мың км деседі . Бірақ осы Ұлы Жібек жолының барлығын басып өткен саудагер жоқ екендігін айқындайды. Негізінде саудагерлер тездетіп өздерінің тауарларын айырбастап , сатуға икемденген. Әрине олар мұндай әрекеттерден пайда көріп отырған және уақыт ұтқан. Осы аталған ұлы жолымыз, әр-түрлі жолдар жүйесін құраған. Сонымен қатар Шығыс пен Батысты яғни әлемдік цивилизация Рим империясымен Хан империясын біріктірген. Мұндай жол қатынасы тек әлемдік цивилизация емес, сауда қатынасы, мәдени шаралардың жасалып даму жолында маңызы зор.

      Қонақ үй  индустриясының даму тарихы әлемдік  адамзат өркениетінің даму тарихы  мен тұспа түс келеді. Европа, Азия дүние бөліктеріндегі ірі  империялардың құлауы. Жібек жолы  бойындағы калалардың күйреуі,  соғыс әрекеттері, қонақ үй кәсіпшілігіне  тоқырау алып келсе. XVII-ХІХ ғасырдағы  өндірістік револяюция, су жолының  дамуы дүниежүзілік конақ үй  шаруашылығының қалыптасуына өзіндік  үлесін тигізді. XX ғасырдағы қонақ  үй индустриясының ерте кезден  бастап 20 ғасырдың соңына дейінгі  даму этаптарының негізгі сипаты  төмендегідей.

      Б. Э. дейінгі II—I мыңжылдык аралығында Ассирия кезінде керуен сарайлар мен алғашкы адамдар демалатын үйлердің саяхатшыларға уақытша тұруына арналып салына басталды. Осы уакытта Шығыс елдерінде, көне Грецияда, Крит аралдарында да керуен сарайлардың ашылғандығы белгілі Б. Э. дейінгі I мыңжылдықтың Ежелгі Грек жерінде қонақ үйлердің үш типі қальштасқан; жекеменшік аулалар (кататоталар), мемлекет құзырындағы аулалар (пандокен), ұйықтайтын белмелері бар таверналар (тамақ ілетін орындар).

      Б.Э. дейінгі  VІ-ғасырдағы — б. эрамыздың  І-ғасырында Ежелгі Рим территориясында  жол бойында көне қалаларда  көптеген жатын үйлер мен таверналар  салынған. Оларды пайдаланушылар  саяхатшылармен катар, мемлекеттік  шенеуніктер, саудагерлер, кезбелер, т.б. болып Рим империасындағы  пошта байланысының қальптасуына  байланысты мемлекеттік заңға  байланысты 70-100 шақырым ат шабыс  аралық бекеттерінің ашылуы таверна,  қонақ үйлердің дамуына себеп  болды. Рим империясының күйреуі  заманында жоғарыдағы пайда болған  кешендер бұзылып қирауға ұшырады. 

     Орта ғасыр  (V-VIII ғ.) заманында Европа мен Шығыс  елдерінде сауда мен саяхаттың  қайта жандануына орай орналастыру  мен тамақтану қызмет көрсету  саласы дамудың жаңа жолдарына  бағытталды. Европалық монастырларда  арнайы қонақ жайлық орындар  пайда болды. Бұл кешендердін  бірінші қабатында ас ішетін  орын және аткора, шаруашылық, қызметшілерге  арналган бөлмелермен жабдықталса,  ол жоғарғы қабатында жататын  бөлмелер төбесі жабық арнайы  театрлық көріністерге арналған  орындар болған. Қайта өрлеу заманында Европа дүние бөлігінде кәсіпкершіліктің дамуы, ат шегілген тарантас, көлік кұрылының пайда болуы конақтар тоқтайтын аулалардың соңының кебеюіне септігін тигізді. Европа елдеріндегі мемлекеттердің экономикалык және саяси байланысының дамуы барысында конақ үй шаруашылығы қарқынды дамуы байқалады. XVII-XVIII ғ. Америка континентіне Европалықтардың келуіне орай Европалық типтегі қонақ үйлер пайда бола бастады. Алғашқы 70 бөлмелі қонақ үй «Сити-Отель» Нью-Йорк каласында 1794 ж. салынған. XVIII—XIX ғ. бас кезеңінде тек саяхатшыларға арналган орта және үлкен қонақ үйлер пайда болды. Оның ең үлкені 170 бөлмелі «Тремонт» отелі 1829 ж. Бостон каласында іргетасын көтерген.

Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру