Қора- жайдағы микроклимат
Жоспар:
I Кіріспе
II Мал қора туралы жалпы мәлімет
III Жерге қойылатын талап
IV Құрылыс материалдарына қойылатын талап
V Көңді тазалау, шығару, сақтау және залалсыздандыруға
қойылатын талаптар
VI Жануарларға арналған қорадағы микроклиматы бақылау
VII Қорытынды
VIII Қолданылған әдебиеттер тізімі
I Кіріспе
Қазақстанның мемлекеттік
саясатының басым мақсаттарының бірі
ретінде ұсынылып отырған маңызды мәселе
өзіндік азық түлікпен қамтамасыз ету,
дамыған елдерден азық түліктік тәуелділікті
азайту болып табылады. «Азық түліктік
қауіпсіздік» термині агроөнеркәсіптік
кешеннің сыртқы және ішкі факторлардан
тәуелсіз қорлармен, әлеуетпен және кепілдермен
қамтамасыз болатын жағдайын сипаттайды.
Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуының
көрсеткіштерінің бірі ретінде әртүрлі
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді
арттыру болуы мүмкін.
Жақын болашақта Республика бойынша орта
шамамен бір сиырдың тәуліктік сүт өнімін
3000 кг дейін, бордақыланатын малдың тәуліктік
салмақ қосуын 450-500г, биязы жүнді қойдың
жүн өнімділігін 3,5 кг арттыруға мүмкіндік
беретін өнім өндірудің аса бір тиімді
қор сақтаушы технологияларына көшу жоспарланып
отыр.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырудың және сапасын жақсартудың маңызды қоры мал ауруларының жүйелі алдын алу болып табылады. Мал ауруларының алдын алу шараларының негізін организмнің табиғи жоғары төзімділігін сақтау арқылы барынша көп өнім алуға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, азықтандыру және пайдаланудың қолайлы шарттарын жасау қажет.
Осындай маңызды міндеттерді орындау үшін студент топырақты, суды, ауаны зерттеу әдістерін, олардың мал өсіру үшін қауіпсіздігі мен жарамдылығын, онда мал шаруашылығы нысандарын салу мүмкіндігін санитариялық-гигиеналық тұрғыдан бағалауды, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі типті мал қораларын жобалау үшін түсіндірме жазбаларын құрастыру, қажетті есеп қисап жұмыстарын жүргізе алуды меңгеруі қажет.
Алға қойылған әртүрлі мал қораларын талапқа сай жобалау үшін студенттер, теориялық және практикалық дайындықтан өтіп, қажетті әдістемелік нұсқауларды толық игеруі қажет. Бұл мәселелердің табысты шешілуі даярлықтан өткен маманның сапасының көрсеткіші бола алады.
Көп жағдайда, әсірессе Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарында күннің суық кезеңінде мал басын сақтап көбейтуге, қоралардың жылылығына, оның микроклиматының қолайлығына көп байланысты. Ал, қолайлы микроклимат қора құрылысын салғанда технологиялық жобалаудың нормаларын сақтау ветеринариялық – санитариялық тұрғыдан жер таңдап, қора жайларды дұрыс орналастыру, құрылыс материалдарын таңдау, қора бөліктерінің талапқа сай болуы, желдет және қи шығару жүйелерінің жұмыс істеу реті және тағы да басқа факторларға тығыз байланысты.
Мал шаруашылығы құрылыстарын белгіленген зоогигиеналық норма және ветеринариялық- санитариялық талаптарға сай жобалауға, салуға және пайдалануға бақылау жасап отыру қажет.
Ауыл шаруашылық кәсіпорынның негізін белгілі бір өнім өндірудің технологиясы құрайды.Оның маңызды элементтері: малды ұстау жағдайы, толық сапалы азықтандыру және суару режимі, малдың тұқымын жақсарту үшін белгілі бағыттағы селекциялық жұмыстар жүргізу, микроклиматмен қамтамасыз ету, зоотехникалық талаптарды орындау, ветеринариялық жұмыс жүргізу жүйесі және тағы да басқалар жатады.
II Мал қора туралы жалпы мәлімет
Сиыр қора - мүйізді ірі қара мал ұсталып, күтілетін орын. Қазақстанның әр түрлі аймақтарына бейімделген сиыр қораларының үлгілері бар. Қай үлгімен салынған сиыр қора болсын оларға ортақ талап ретіңде садыра қоймадан жоғары, су баспайтын дөңестеу, желден ық жерге салынып, ішіндегі жарық, жылулық, ауа кендігі мен тазалығы секілді микроклимат көрсеткіштері зоогигиеналық талаптарды қамтамасыз етулері керек. Сиыр қорада малды ыңғайына қарай бос және байлап ұстайды. Осыған орай сиыр қора ішін бөлу, отгық пен суаттың түрі, азықтаңдыру мен суару, сиырды сауу қондырғылары мен олардың орналастырылуы, еденнің құрылысы жоспарланады. Қораның көлемі онда ұсталатын малдың саны мен жасына, жыныстық тобына байланысты. Қора еденінен сақа мал басына - 6-7, жас мал басына — 4-5 текше метр келетіндей есеппен салады. Сиыр байланатын орынның ұзындығы - 2 м, ені - 1,5 м, едені артына карай еністеу болады. Сиыр қора қолда бар, арзан құрылыс материалдарынан салады.
Қой қора - қой күтілетін жай (орын). Қой қора шаруашылық орналасқан аймақтың ауа-райы ерекшеліктеріне сәйкестендіріп салады. Қой қора жергілікті арзан қүрылыс маериалдарынан салап, әдетте, төбесін жабады. Қой қора көлемі мен сыйымдылығы, ішінің бөлінуі қой басы мен ондағы жыныстық топтарына байланысты езгертіледі. Жылы аймақтарда тек қоршалған, төбесі ашық қоршау салуға болады. Қой қора биіктеу, су баспайтын кұрғақ, жердің күнгейіне ыңғайлап салады. Қой қора маңының оты мол, суаты жақын болуға тиіс.
Ат қора - жылқы күтетін орын. Ат қораның еліміздің әр аймағының ерекшелігін ескерген, бірнеше қалыпты жобасы бар. Әр шаруашылық қора саларда жергілікті ауа-райын, өсіретін жылқы тұқымының ерекшеліктерін ескеріп, осы жобалардың лайықтысын пайдаланады. Ат қора су жинамайтын биіктеу, құрғақ жерге салынады. Қораның биіктігі, әр жылқыға қажетті орын аумағы, қора ішін бөлу тәртібі өсіріп отырған жылқының тұқымына, өнім бағытына, жасына қарай әр түрлі болады. Ат қораның жанында, не ішінде жем, ер-тұрман, жегу әбзелін сақтайтын қоймалар болады. Асыл тұқымды жылқылар қорадағы жеке-жеке үйшіктерде ұсталады, ал саяқтарды топ-тобымен бос қамайды.
Бопыр қора — қыз мезгілінде малды кү
Шошқа қора - шошқа қораларын жерге салып жайғастыру, негізгі өндірістік жұмыстарды (азықтандыру, қиын шығару және т.б) жүргізуге қолайлы жағдай жасаулы тиіс. Басқа үйлерге қарағанда, мегежін торайлайтын және торайын емізетін мегежіндерге арналған шошқа қорасы ерекше жақсы жағдайды талап етеді. Шошқа қорасының кіре берісінде санпропускник және дезбарьер міндетті түрде болады. Шошқа қорасының сырты шарбақталынады.
Қоян қора - үй қояны ұсталатын тор, орлы батарея, жаппа. Қоян қорада қояндарды жынысына, жасына қарай бөліп ұстайды. Осыған орай қоян қорасының көлемі әр түрлі болады. Ересек қоян ұсталатын жеке тордың көлемінің ұзындығы - 100-130 см, ені - 60-70 см, алдыңғы жағының биіктігі - 50-65 см, артқы жағынікі - 35-45 см болып, едені темір тордан жасалады. Тордың ішіне жемшөп салатын оттық, су құятын астау орналастырылады. Жас қояңдар тобымен ұзындығы - 50-80 м жабық жаппада ұсталады.
Тауық қора - тауық ұстап, күтілетін орын.Тауық қораны. дөңес, құрғақ, қатты жел өтінен ықтасын жерге салады. Тауық қора көлемі оңда ұсталатын тауық санына қарай ұлғайтылады. Ішіне екі жағынан жарық орнатылады, су, жем салатын астау қойылады. Қораның іші үнемі құрғақ болуға тиіс, едені жерден 20 см биік етіп төселеді. Қыста тауық қораның жылылығы 8-10°С кем болмауы керек.
Қаз қора - қаз бағып-күтілетін қора. Қаз қора суы жақын, дөңес, құрғақ, қатты жел өтінен ықбасты жерге салынады. Қаз қора көлемі өсірілетін қаз санына байланысты болады, ішіне екі жағынан жарық орнатылады, су, жем салатын астау қойылады, көлденең биіктігі 1,2 м қоршаумен бөлінеді. Қаз қора іші үнемі құрғақ болуға тиіс, едені жерден 20 см биік етіп төселеді, қыста жылылығы 5 градустан кем болмауы керек.
III.Жерге қойылатын талап.
Таңдап алған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң, су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аумағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын, сондай- ақ, осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болу керек. Ол үшін орман- тоғай маңына салынғаны немесе ағаш отырғызылуы керек. Топырағы құрылыс салуға қолайлы болған жөн. Жер қыртысының құрамы су және ауа өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төменде, көк- желек отырғызуға жарамды болса тіпті жақсы.
Мал шаруашылығы кәсіпорындары тұрғын үйлерден төмеңгі жақта және олардың иық жағында орналасады.
Ветеринариялық- санитариялық көзқарас тұрғысынан алғанда құрылыс салу үшін жерге қойылатын басты талап- ол жерде бұрын жұқпалы аурулардың болмағандығы.
Бұрын мал шаруашылығы не құс шаруашылығы болған, мал өліктері көмілген, қи сақталған, тері өндеу кәсіпорындары орналасқан жерлерге құрылыс салуға жол берілмейді. Сол сияқты жарға, сайға, тұйық аңғарлар, бос қоймалар, тау етектері, сондай- ақ санитариялық –індеттік және ветеринариялық қызмет органдары белгіленген мерзімі өтпеген органикалық және радиоактивті қалдықтармен ластанған жерлер де жарамсыз.
Мал шаруашылығы обьектілері елді мекен жерлерден белгілі бір қашықтықта орналасуы қажет. Бұл арақашықтық санитариялық- қорғау аймағы деп аталады.
Санитариялық- қорғау аймағы мал қораларының қабырғасымен немесе олардың шарбағымен елді мекеннің арасындағы територияны қамтиды. Бұл аймақтың негізгі қызметі – ферманы елді мекенде болатын жұқпалы аурулардан сақтау әрі мал фермасындағы кейбір зиянды факторлардан елді мекенді сақтау болып табылады. Мал шаруашылығы кәсіпорындары негізінде елді мекендерден кемінде 3 км, қалалардан – 5км, ал өзендер мен су қоймаларынан кемінде 2 км қашықтықта орналасы қажет.
Тандалған жер сонымен қатар, басқа фермалар мен кешендерден бөлек белгілі бір зооветеринариялық ара қашықтықта болу керек.
Зооветеринариялық ара қашықтық- ол әр түрлі мал шаруашылығы кәсіпорындарының өзара ең аз ара қашықтығы.Оның негізгі мақсаты – әр кәсіпорындарда байқалатын жарамсыз зиянды әсерлерін бір- біріне таратпау.
Мал шаруашылығы кәсіпорындарының және басқа обьектілердің өзара зооветеринариялық ара қашықтығы шамамен 50-3000 м арасында ауытқиды.
Жеке және фермер шаруашылықтарында бір жерге 200 басқа дейін сиыр, 1000 басқа дейін шошқа, 600 қой, 20 жылқы, 10 мың құсты ұстауға болады.
Мал шаруашылығы кәсіпорындарының ара қашықтығы
Кәсіпорындар
|
Фермалар арасының ең аз деген өзара қашықтығы | |||
|
|
Ірі мал,шошқа, Қой,жылқы шаруашылықтары |
Аң және үй қояндары |
Құс фермасы |
Құс фабрикасы |
Сиыр шаруашылығы Шошқа шаруашылығы Қой Шаруашылығы Жылқы шаруашылығы Аң және үй қоян шаруашылығы Құс фермалары Құс фабрикалары
|
150
150
150
150
300
200 1000 |
3000
1500
300
300
300
300 1500 |
200
200
200
200
300
200 1000 |
1000
1000
1000
1000
1500
1000 1000 |
IV Құрылыс материалдарына қойылатын талап.
Мал шаруашылығы обьектілерін тұрғызу үшін сан түрлі құрылыс материалдары пайдалынады. Алайда, жекеленген құрылыс материалдарын олардың қасиеттеріне қарай дұрыс пайдалына білу сол материалдардың өзінің тиімділігін айтарлықтай деңгейде арттырады және солардан салынған ғимараттар мен басқа құрылыстарын пайдалануын едәуір ұзартады.
Табиғи тастар. Олар тау кені құрамынан алынады және ауа өзгерістеріне аса төзімді, берік және әсем. Оған тас қалаулар, жұмыр тастар, қиыршық тас, шағыл тас, құм және басқалары жатады.
Ағаш материалдары. Құрылыс жұмыстарында қылқанды және жапырақты тұқымды ағаштар пайдалынады. Олар – берік, онша тығыз емес, жылуды аз өткізеді, өндеуге жеңіл, бекітуге оңай, суыққа төзімді болып келеді.
Битум және май материалдары. Битумның екі түрі болады: табиғи және мұнайдан алынатын. Табиғатта битум әк тас және құм тас түрлерінде кездеседі. Олардан таза битум алып немесе оны ұнтақталған күйінде асфальт төсеуге пайдалынады.
Әйнек. Шыны жасайтын зауыттар құрылыс үшін әр түрлі мақсатқа және түрлі көлемде әйнектер дайындайды. Олар терезе, блоктар мен шыны құбырлар және басқа керекті материалдар жасауға қолданылады.
Ірге тас. Бұл ғимараттың барлық тіректі элементтерін ұстап тұратын жерастындағы бөлігі.
Цоколь- ірге тастың қабырғамен жалғасатын жері. Цоколь негізінен ірге тастың топырақ бетіне шығып тұратын жоғары бөлігі десе де болады.
Едендер. Едендер мал қора- жайларының қорғаушы элементтері ретінде қызмет етеді. Еденнің конструкциясы мен материалдары оның ішіндегі микроклиматқа, санитариялық- гигиеналық жағдайларға, жануарлардың денсаулығы мен тазалығына, өнім сапасына әсер етеді. Олар- жылуды аз өткізетін, берік, қажалмайтын, жанбайтын, тұтас, тегіс, су өткізбейтін, адамдар мен жануарлардың денсаулығына зиянсыз, тазартып- жинауға қолайлы болу керек.
Қораның төбесі. Төбе ғимаратты не басқа құрылыстарды сыртқы табиғи әсерлерден қорғайтын конструкция. Ол- тіректі бөлімдерден және сыртқы жабыныштардан тұрады. Төбені шатырлы және шатырсыз етіп салады.
Қақпа, есік және тамбурлар. Бұлардың бәрі ғимарат пен басқа құрылыстарды қорғайтын, қоршаған орта мен жылу алмасып тұратын бөліктері. Қақпа арқылы жылу алмасады. Сондықтан оны тығыз, суық күндері қақпайтындай етіп жасау керек. Қақпаның бетін ағаштан, ал ішін жылу өткізбейтін заттар салынған тақтайдан жасайды.
Терезелер мен жарықтандыру.Терезелердің саны мен мөлшері ғимаратқа қажетті және сәулеттік шешімге сай болу керек. Терезелер ғимаратты сырттан бөліп тұратын және табиғи жарық беретін, ішін желдендіріп отыратын қажетті элементтер.
V Көңді тазалау, шығару, сақтау және залалсыздандыруға қойылатын талаптар. Көңнің мөлшері мен сақтайтын алаң көлемін есептеу.
Қорадан көңді тазалап шығару әдістері мал түрлері, өңдірістің бағыты мен технологиясына байланысты. Қолмен шығарудан бастап әртүрлі конструкциялы қондырғылар қолданылады. Белгілері тырнап шығаратын скребкалы транспортерлар (ТСН-2, ТСН-3Б), штангалы транспортерлар (ТШ-30А, ШТУ, ТШПН). Шошқа қораларында сумен жуып, шайып шығару әдістері қолданылады. Сондықтан қорадан шығарылатын көң сұйық және қатты болуы мүмкін.
Көңді сақтау алаңы және көңді залалсыздандыру
Фермаларда санитарлық жағдайдың талаптарға сай болуы үшін көң сақтауға аса зор мән беріледі. Қора маңында қалай болса солай әр жерде шашырап, үйіліп жатқан көң, өзінің тыңайтқыштық қасиетін 50-60 % жоғалтады және айналуы қауыпті ауру қоздырушыларымен ластайды.
Сұйық және қатты көңде туберкулез, паратуберкулез, аусыл ауру қоздырушыларымен, аскарида, параскарида т.б. гельминттердің жұмыртқалары көп уақытқа дейін сақталады.
Аурулардан таза шаруашылықтарда көңді далаға бірден шығарып, нығыздап үйіп, жылы уақытта кеуіп кетпеу үшін жан-жағын топырақпен жауып тастайды. Көң ылғалдығын 70-85 % сақтау үшін, астыңғы жағында ылғалды көң қалдырылады.
Көң сақтау алаңын мал қораларынан 60 м, сүт өндіру цехтарынан 100 м, елді мекенді жерлерден 500-2000 м қашықтықта орналастырады. Көң алаңын қоршап, оның айналасын көкаландырып, жол салады. Көң алаңының қабырғалары мен едені су өткізбеу керек. Көң алаңын биік жерде тұрғызады.
Көң сақтаудың екі әдісі бар: аэробты және анэробты.
Біріншісінде көңді нығыздап салып, ылғалдылығын жоғары ұстайды. Көңде анаэроб микробтарының әсерінен көң 25-300С – дейін қызады.
Екіншісінде – көңді тығыздамай қалыңдығы 70-90 см қылып жаяды; 4-5 күнде аәроб микробтарының әсерінен көңде ашу үрдістері жүріп, температура 60-700С дейін көтеріледі де барлық ауру қоздырушылары жойылады. 5-7 күннен соң көңді тығыздайды.
Ауру қоздырушыларын таратпау үшін көңді биотермиялық залалсыздандыру әдісі қолданылады. Көң алаңын елді мекеннен, су өздерінен 100 м қашықтықта орналасытрады. Ол үшін алаң орнының енін 3 м дейін, тереңдігін 25 см ортасына қарай қазады. Ортасында ұзынынан ені мен тереңдігі 50 см өзек жасайды. Алаңның еденін, өзегін және екі жақ жанын қалыңдығы 15-20 см қаптайды.
Алаңға көң салмас бұрын, өзекті талмен жауып, үстін құрғақ сабамен жауып, қалыңдығы 20-40 см құрғақ көң салады да, оның үстіне сақтайтын көң салынады. Көңді алаң шетіне 40-50 см. жеткізбейді және оны пирамида тәрізді үйеді. Биіктігін 1,5-2 м жеткізеді. Ірі қара көңіне сабан араластырады немесе 6:1 қатынасында жылқы қиын қосады. Құрғақ көңге 1м3 көлеміне 50 л садыра қосады.
Сақтауға салынған көңді тұтасымен сабанмен жауып, үстінен 15-20 см топырақпен жабады, қыста топырақ қалыңдығы 30-40 см болуы керек. Жазда 1 ай, қыста 2 ай сақталады. Көңде 4-5 күннен сөң температурасы 40-450С жетеді.
VI.Жануарларға арналған қоралардағы микроклиматты бақылау әдістері
Мал қораларының микроклиматы деп жануарларға арналған белгілі бір жеке орынның климатын айтады.
Микроклиматтың аса маңызды көрсеткіштері – температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы, атмосфералық қысым, жарық, шу, көмірқышқыл газының, аммиак пен күкіртсутегінің концентрациясы, ауадағы шаң мен микроағзалар мөлшері болып табылады.
Микроклимат жағдайын көзбен және құралдар арқылы жүргізу қажет. Құрал қолданып жүргізілетін әдіс микроклиматты жүйелі зерттеуді үлкен дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Микроклиматтың кейбір көрсеткіштерінің жағдайын бақылауды үнемі және қажетті талаптарды қатаң сақтап жүргізу керек.
6.1 Ауа температурасын анықтау
Жұмыстың мақсаты:
1) жануарлар ағзасына температураның әсерін зерттеу;
2) мал қораларында ауа
температурасын өлшеу
3) мал қораларындағы ауа
температурасын бақылау әдістерін меңгеру.
Ауа температурасын
анықтау
Ауа температурасы Цельсий градусымен өлшенеді. 1 Цельсий градусы (оС) судың қайнау (100 оС) және қату (0 оС) нүктелері арасындағы температуралық шкаланың жүзден бір бөлігіне тең. Мәні бойынша Цельсий градусы Кельвин (К) градусына – температураны өлшеудің қазіргі бірлігіне тең. СИ жүйесі бойынша 0 оС – 273,15 К, ал 100 оС – 373,15 К тең.
Мал қораларындағы ауа температурасын
анықтауға арналған құралдар:
Қоралар мен сырттағы
ауа температурасын анықтау үшін сынапты,
спирттік және электрлі термометрлерді
қолданады.
Сынапты термометрлер кең тараған, олардың дәлдігі өте жоғары және –35 тен 375оС аралығындағы температураны өлшеуге болады. Спирттік термометрлердің дәлдігі төменірек, бірақ сынапты термометрлермен анықтауға мүмкін болмайтын (сынап –37,4оС температурада қатып қалады) –70оС дейінгі төменгі температураларды өлшеуге мүмкіндік береді.
Кез-келген уақыт аралығында барынша жоғары және ең төмен температураны тіркеу үшін арнайы минимальды, максимальды және аралас максимальды-минимальды термометрлер болады.
Максимальды термометрлер (сынапты) бақылау кезеңінде ауаның максимальды температурасын көрсетеді.
Сынапты максимальды термометрлер
резервуардың капиллярға өтетін жерінде
тарылады. Температура жоғарылауы кезінде
сынап кеңейе отырып капиллярмен жылжиды.
Ал егер температура төмендесе сынап бағанасы
капиллярда қалады, өйткені тарылған жердегі
кедергіні жеңе алмайды.
Сынапты резервуарға қайтару үшін термометрді
қолданар алдында қатты сілкиді.
Минимальды термометр (спиртті) бақылау
кезеңіндегі минимальды температураны
көрсетеді. Бұл термометрдің резервуарын
ауамен шектесу ауданын үлкейту үшін шаңышқы
түрінде істейді. Термометр капилляры
саңылауында шыны штифтик – көрсеткіш
болады, оны температура өлшеуді бастар
алдында спирттің жоғарғы деңгейіне апарып
қояды. Спирт, температура жоғарылауы
кезінде кеңейіп, орнында қалатын көрсеткіш
жанынан еркін өтеді. Температура төмендегенде
спирт сығылады да, үстіңгі тартылысқа
байланысты, көрсеткішті өзімен ілестіріп
әкетеді. Сондықтан көрсеткіштің жоғарғы
ұшы әрқашан минимальды температураны
бекітеді.
Аралас
максимальды минимальды термометр
мал қораларындағы температура ауытқуларын
өлшеу үшін қолданылады. Термометр екі
жағы иілген түтік түрінде болады, оның
оң жақ ұшы шар тәрізді кеңейген, ал сол
жағы цилиндр тәрізді болады.Түтіктің
ортаңғы (төменгі) бөлігі сынаппен, сол
жақ тізесі – спиртпен, ал оң жақ тізесі
спиртпен шар тәрізді кеңейген жерінің
ортасына дейін ғана толтырылған. Бұл
кеңейген жерінің екінші жартысында спирт
буы болады. Екі тізесінде де сынапты менискілерінің
үстінде болаттан жасалған қылшықты көрсеткіштері
болады. Температураны өлшер алдында екі
көрсеткішті де магниттің көмегімен сынап
бағанасының менискілеріне олардың төменгі
ұштары сынапқа тиіп тұратындай етіп жақындатады.
Температура төмендегенде сол жақ тізедегі
спирт кеңейеді, сынап бағанасына күш
түсіре отырып, оны түтіктің оң жақ тізесінде
жылжытады. Бірмезгілде температура көрсеткіші
де жоғары жылжиды. Температура төмендегенде
және спирт пен сынаптың теріс жылжуы
барысында көрсеткіш қылшықтары үйкелуі
нәтижесінде орынында қалады да максимальды
температураны көрсетеді. Мұнда сол жақ
тізедегі сынап бағанасы көтеріліп, көрсеткішті
итереді, сонда ол бақылау кезеңіне минимальды
температураны көрсетеді.
Тегіс беттердегі (қабырға,
еден және т.б.) температураны өлшеу үшін
бетпен жанасу ауданын ұлғайтатын резервуарлары
тегіс, спираль тәрізді иірілген термометрлерді
қолданады. Ыңғайлы болу үшін термометр
шкаласы спираль жазығына 90о бұрышта
орналасқан. Термометр көрсеткішіне қораның
ауа температурасының әсерін болдырмау
үшін оның спиралін мауыт немесе тығыннан
жасалған дөңгелекпен қорғайды. Бұл термометрді
қабырғадағы немесе едендегі өлшеу нүктесіне
канифольді балауыздан жасалған жапсырмамен
бекітеді.
Электротермометрлер қорадағы ауаның, қоршау конструкцияларының (қабырға, төбе, еден), төсеніш, т.с.с температурасын өлшеу үшін қолданылады. Құралдардың жұмыс істеу принципі микротермисторлардың ауаның аздаған ауытқуларында кедергіні өзгертуіне негізделген. Олар әртүрлі типті болады: 1) ЭТП-М, ТЭМП-60, АМ-2М, ЭВМ-2
электротермометрлері қорадағы
ауа температурасын, беттер мен қоршаулар,
т.б. температурасын өлшеуге арналған.;
2) ЭА-2М электротермоанемометрі температураны,
ауа қозғалысы жылдамдығы мен ауа ағындарының
бағытын өлшейді.
Кез-келген уақыт аралығында
(тәулік, апта) ауа температурасын тіркеу
үшін термографтарды
қолданады.Термограф температуралық көрсеткіштен,
биметаллды тақтадан, берілу механизмінен,
қауырсынды тілден, сағаттық механизмді
барабан мен корпустан тұрады.
Термографтың жұмыс істеу принципі биметалл тақтаның ауа температурасына байланысты қисығын өзгерту қасиетіне негізделген. Биметалл тақтаның бүгілуінің өзгеруі берілу механизмі арқылы арнайы сиямен қайықша тәрізді толтырылған қауырсынды тілшеге беріледі, ол өз кезегінде көтеріліп-түсіп, барабанның айналмалы таспасына температуралық қисықты (термограмманы) сызады. Термограф таспасы көлденеңінен апталарға, күндер мен сағаттарға, ал тігінен - 30о до +40оС аралығындағы температура көрсеткіштеріне бөлінген.
Сурет 1 – М-16А типті термограф.
1 – корпусы; 2 – корреляциялық бұранда;
3 – биметалл тақта (температура
көрсеткіші); 4 – қауырсынды тілше; 5 – сағаттық механизмді және диаграммалық таспалы барабан.
Температураны өлшеу ережелері:
1) қорадағы ауа температурасын
тәулігіне үш рет (таңертең, кешке
және түсте) дәл бір уақытта
үш нүктеде (қораның ортасы мен
диагональ бойынша екі
а) сиыр қораларында – еденнен
0,5 - 1,2м және төбеден 0,6м;
б) шошқа және сиыр қораларында – еденнен
0,3 - 0,7м және төбеден 0,6м;
в) құс қораларында: еденде ұстағанда –
еденнен 0,2 – 1,5 м және төбеден 0,6; торда
ұстағанда – өлшеу нүктелерін батарея
арасындағы жолда төменгі, ортаңғы және
жоғарғы қабат клеткалары аймағында таңдайды.
2) термометр немесе термографты
тікелей күн сәулесі
3) әрбір нүктеде температураны
өлшеу ұзақтығы термометрді
6.2.Ауаның ылғалдылығын анықтау
Жұмыстың мақсаты:
1) ауа ылғалдылығының
жануар ағзасына әсерін
2) мал қорасы ауасының
ылғалдылығын анықтауға
3) ауа ылғалдылығын өлшеу әдістемесін меңгеру.
Ауа ылғалдылығын өлшеуге арналған құралдар:
Ауа ылғалдылығын анықтау үшін: гигрометрлер, психрометрлер және гигрографтарды қолданады. Қылды және металл гигрометрлер;
психрометрлері Август (статикалық) және Ассман (аспирациялық);
гигрографтар тәуліктік және апталық болады.
Ауаның ылғалдылығы оның температурасы сияқты, қораның дәл сондай нүктелерінде тәулігіне үш рет анықталады.Ауаның ылғалдылығы үнемі өзгереді және әртүрлі өлшемдер немесе гигрометриялық
көрсеткіштермен сипатталады.
Абсолюттік ылғалдылық (е) – берілген температурада бір м3ауадағы су буының мөлшері (г) немесе серпімділігі.
Максимальды ылғалдылық (Е) - берілген температурада бір м3 ауадағы су буының шекті серпімділігі немесе максимальды мөлшері (г).
Салыстырмалы ылғалдылық (R) – пайызбен берілген абсолюттік ылғалдылықтың максимальды ылғалдылыққа қатынасы:
R = e / E · 100
Қанығу тапшылығы (Д) - берілген температурадағы максимальды және абсолютты ылғалдылықтың арасындағы айырмашылық:
Д = Е – е
Шық нүктесі (Т) - ауадағы су
булары қанығып, сұйық күйге ауысатын
температура (суық беттерде ылғалдың шық
түрінде шоғырлануы).
Құралдар: Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын
анықтау үшін гигрометрді
– жұмысы эфирде майсыздандырылған адам
шашының салыстырмалы ылғалдылық артқанда
ұзарып, төмендегенде қысқару қабілетіне
негізделген құралдар. Салыстырмалы ылғалдылықты
өлшегенде гигрометрді тігінен орналастырып,
есепті тілшенің көрсеткіштері бойынша
(%) орнатқаннан 3-4 сағат кейін немесе үнемі
қолданғанда 20-30 минуттан кейін жүргізеді.
Ауаның абсолюттік ылғалдылығын психрометрлермен
анықтайды. Әртүрлі температураларда
ауаны қанықтыратын су буының серпімділік
кестесінің көмегімен, арнайы формула
бойынша салыстырмалы ылғалдылықты, қанығу
тапшылығын және шық нүктесін анықтайды.
Августтың статикалық психрометрі бір штативке бекітілген бір-бірінен 4-5 см
қашықтықта орналасқан бірдей екі термометрден
тұрады.
Термометрлердің бірінің резервуары (ылғалды)
кішкентай матаның кесегімен оралған,
орауыш соңы ширақ жіппен байланып, иілген
шыны түтік - пробирканың кеңейген ұшына
салынған. Түтікті тазартылған (дистильденген)
сумен толтырады. Капиллярлылығына байланысты,
материал үнемі суланады да, термометр
түйіршігінен су тұрақты буланып отырады.
Бұл булану жылдамдығына пропорционалды
жылу жоғалтуды туғызады. Ауа неғұрылым
құрғақ болса, булану соғұрылым қарқынды
жүреді. Осыған орай, дымқыл термометрде
құрғақ термометрмен салыстырғанда температура
көрсеткіші төмен болады. Екі термометрдің
көрсеткіштерінің айырымашылығы есептеу
негізіне алынады..
Ауаның абсолютті ылғалдылығын Август
психрометрінің (статикалық) құрғақ және
дымқыл термометрлерінің көрсеткіштері
бойынша келесі формуламен есептейді:

- Қор биржасы
- Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері
- Қор биржасының мәні мен міндеттері
- Қор биржасы туралы түсінік
- Қорғалуға тиісті есептеу техникалық құралдарының объектісінің сипаттамасы
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы қазақ-түрік лицейі Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
- Қорларды жіктеу және бағалау
- Қонақ үйлерді классификациялау, оның түрлері
- Қонақ үйлерді классификациялау, оның түрлері
- Қонақ үйлерді классификациялау, оның түрлері
- Қонақ үй шаруашылығы
- Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру
- Қонақ үй шаруашылығын жоспарлау
- Қорадағы ауа гигиенасы