Қонақ үй шаруашылығын жоспарлау

Жоспра

 

Кіріспе

Қонақ үй шаруашылығын жоспарлау  туралы жалпы түсінік

Қонақ үй шаруашылығын жедел  жоспарлау.

Қонақ үй жайлылық индустриясы

Қонақ үй негізі мен менеджменті 

Қонақ үйлердегі көрсетілетін қызметтермен олардың қалыптасуы

Қонақ үйлердегі негізгі  қызмет көрсету түрлері

Пайдалнылған әдебиеттеh

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Әлемдік қонақ үй индустрияның негізгі кезеңдеріне шолу жасайтын болсақ, саяхатта жүрген адамдарға  қызмет көрсету алғашқы қонақ  үйлер (Керуен сарайлар) БЭД 2000 жыл бұрын  көне шығыс елдерінде кең таралған.

Ежелгі Греция, Ертетегі Рим кезеңінен бастап әртістерге, саяхатшыларға арналған ертедегі конақ  үй түрлері: хаинны, инны, пошта бекеттері  т.б. болып саналған. Жоғарыдағы қонақ  үйлер қазіргі қонақ үй функцияларына  ұқсас қызмет түрлерін көрсеткен. Сол  замандағы негізгі көлік ретінде  аттарды пайдалану, ат қоршаулары мен  тұрақтар болуымен қатар адамдар  тынығуға арналған, ас ішетін бөлмелерден  тұрған. Ал Орта ғасырларда саяхатшыларға  арналған бұл кешендерге әжептәуір  өзгерістер енгізілген. Қосымша театр  сахналары пайда болған. Қонақ  үй иелері өз жанұясымен, кұлдары мен  кызметшілері келген қонақтарға кызмет көрсеткен. Олардың қызмет көрсету  деңгейі жоғарғы сапалы көлемді  қызмет көрсетумен ерекшелінген. Қонақ  үй - қала мен ауыл қысқа мерзімге келген жолаушылардың уақытша тұруына, жолшыбай түнеуіне арналған жай.

Қонақ үй отырықшы қалалы елдердің бәрінде ерте кезден болған. Әсіресе  сауда жолы бойындағы базарлы  қалаларда көп болды. Оны қазақтар керуен сарайлар, қонақ жай, мейрамхана деп атады. Ертеде саудамен, діни мақсатпен  жолға шыққан жолаушылар үшін жеке адамдар керуен сарайлар ұстады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін, қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік  байлап жемдейтін қора-жайлар болды. Сарай иелері жолаушылардан мол  төлем алып тұрды. Сонымен қонақ  үй шаруашылығы ертеден пайда  болғанына күмәніміз жоқ. Осындай  мысалдармен бірге айта кететін  бір жай бар. Бізге белгілі  болғандай адам баласының бойында  қыдыру, көру, сезу, тану сияқты үлкен  жан сезімдер, алдына қойған мақсаттар  арқылы саяхат жасау ниеті пайда  болды. Біздің эрамызға дейін 4000 жыл  бұрын Египет халқы Сүмерлер дөңгелекті ойлап тапты, сонымен біршама  жолдарды өту кезінде уақыт ұтты. Сонымен қатар біздің эрамызға дейінгі 200-ші жылдары жолаушылар үшін хандықтар  және таверналар пайда болды. Біздің эрамызға дейінгі 700- ші жылдары антик  гректердің олимпияда ойындары спорт  туризмінің дамуында тарихи жағдай болып  есептелді.

Сауда қатынасын жандандырған Ұлы Жібек Жолы бойында бекеттер және тамақтану орындары қалыптасты. Америка континентінің халықтарының дүние жүзін аралау ниетінің әсерінен көптеген саяхаттар жасалды.

Жоғарыда айтып кеткендей  Ұлы Жібек жолын қонақ үй шаруашылығының даму ордасы деп тұжырдасақта болады деп есептеймін. Ұлы Жібек жолы кейбір мәліметтерге көз салсақ , 7-12 мың км деседі . Бірақ осы Ұлы  Жібек жолының барлығын басып  өткен саудагер жоқ екендігін  айқындайды. Негізінде саудагерлер  тездетіп өздерінің тауарларын айырбастап , сатуға икемденген. Әрине олар мұндай әрекеттерден пайда көріп отырған  және уақыт ұтқан. Осы аталған  ұлы жолымыз, әр-түрлі жолдар жүйесін  құраған. Сонымен қатар Шығыс  пен Батысты яғни әлемдік цивилизация  Рим империясымен Хан империясын біріктірген. Мұндай жол қатынасы тек  әлемдік цивилизация емес, сауда  қатынасы, мәдени шаралардың жасалып  даму жолында маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонақ үй шаруашылығын жоспарлау туралы жалпы түсінік

Жоспарлау – кез-келген кәсіпорн алдына қойған мақсаттарының келешекте  сапалы, уақытылы әрі орынды жүзеге асырылуының кешенді процессі. Негізінде, жоспарлау процессінде кәсіпорынның алдына қойылған нақты мақсатары  мен оған жету жолдарындары жайында  шешім қабылданады. Қонақ үй кәсіпорнының шаруашылығын жоспарлау әлеуметтік әрі экономикалық  қажеттілік болып  табылады.

Жоспар өз кезегінде кәсіпорынның келешектегі жағдыйының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші болып табылады. Әдетте кәсіпорын шаруашылықты басқарудың негізгі ортақ (стратегиялық) жоспарын құрастырады, ал кәсіпорынның жекелеген бөлімдерінде ортақ үлгіге сүйене отырып бөлім менеджерлері өзіндік нақтылы іс-әрекетке бағытталған қосымша жоспар құрастырады.Осылайша, белгілі мерзім аралығында қонақ үй кәсіпорнының жол картасы өзірленеді.

Суретте қонақ үй шаруашылығын жоспарлаудың интегралды көрсеткіштері  берілген.

 

1 топ

 

2 топ

 

3 топ

Жұмыс көлемі мен түрі

пайда

Қаржылық жағыдай

 

 

 

 

 

 

 

2.1 топ

рентабельділік

3.1 топ 

Өзін-өзі қаржыландыру мүмкіншілігі

   

2.2 топ

Қортынды есеп

(кіріс/шығын)

3,2 топ

Қаржылық ахуал

Бөлмелер саны, мейрамханадағы орын саны, нөмерлік фонл т.б

 

2.3 топ 

Ақша айналымының анализі

3.3 топ

Қода бар ақша структурасы


 

    1. сурет. Қонақ үй шаруашылығын жоспарлаудағы интегралыды көрсеткіштер.

 

Жоспарлаудың схемалық функциясын қонақ үй басшылығының кешенді іс-әрекеті  ретінде қарастыруға болады:

 

Мақсатты анализ      Мәселені қарастыру        Альтернативті  шешім іздеу         Жорамал        Қортынды жоспар         Шешім  қабылдау


Қонақ үй шараушылығының функционалды түрде жұмыс атқаруы үшін негізгі  жоспарда келесі мәселелер қарастырылуы қажет

    • қонақтарды қабылдау мен орналастыру
    • брондау
    • тамақтандыру
    • техникалық және т.б

Негізгі жоспар көмегімен  қонақ үй бөлімдерінің проблемалық  аймақтары анықталып, олардың шешілу жолдары қарастырылады. Бұндай проблемаларды  анықтау үшін жасалған жоспардың  орвндалу жолын мұқият бақылап отыру  қажет. Қойылған мақсат пен жүргізіліп жатқан жұмыстардыңнәтежиелерін салыстыра  отырып жұмыс барысында өткізілген қателіктер мен олқылықтарды анықтап  алу қажет. Анықталған олқылықтарды альтернативті шешім не болмаса  басқа жолдармен қалпына келтіру  жұмыстары жүргізіледі. Ең алдымен  өзекті мәселелердің ушығып кетпеуіне  тосқауылдар қойылады. Нәтежиесінде қойылған мақсатқа жеті үшін ең тиімді әрі продуктивті іс-әрекеттердің жүзеге  асырылуының схемасы әзірленеді.

Жоспардың қабылданған схемасын қатаң қадағалаудың қажеті жоқ. Кейбір жағыдайда жекелеген мәселелерді  ситуацияға байланысты ескерусіз қалдырса да болады.

Жоспардың тиянақты әрі функционалды түрде орындалуы бірқатар артықшылықтар  мен келессідей мүмкіншіліктерді жоғарлатады:

    • басқару тиімділігін арттырады;
    • қауіп-қатар мен жаңа мүмкіндіктерді алдын-ала болжауды;
    • қонақ үй шаруашылығын басқару системасын жетілдіруді;
    • ең тиімді шешімдерді саралауды.

Қонақ үй шаруашылығын жоспарлау  кезінде жекелеген процесстерді толық қамту үшін келесідей этаптарды  бөліп көрсетуге болады.

І этап. Жопарды басты  және қосымша жұмыстарға топтастырып  алу керек.

    1. Ақпарат жинау
    2. Басты проблемалардың шешілу жолдарын топтастыру
    3. Қосалқы жұмыстарды саралау

ІІ этап. Барлық жұмыс  проуессін жинақтау

    1. Маңызды және қосалқы жұмыстардың айырмашылығын анықтау.
    2. Қатар жүргізуге болатын жұмыстардың тізімін құрастыру.

ІІІ этап. Қызметтерді орындауға  кететін уақытты анықтау.

    1. Күтуге кететін уақыт
    2. Жұмыстардың атқарылу кезіндегі уақыт аралығы.

 ІV этап. Жұмыс қортындыларын негізгі жоспарға қосу.

    1. Жұмыстың ең қысқа уақыт аралығында орындалу мүмкіндігі
    2. Жұмыстың орындалуының ұзаққа созылу қаупі
    3. Мәселелерді шешудің экстрималды жолдарын қарастыру.

 

Жоспардың бұл этаптық  түрі қонақ үйдегі жағыдайдың күн  сайын өзгеріп отыруындығы салдарынан құрастырылады.

Міндетті түрде  жоспарланатын  жұмыстар тізіміне:

    • Мейрамхана мен барлардың ашылуы
    • Қ онақ үйдің жарнамалық науқаны
    • Қонақ үйде өтетін шаралар (банкет, конференция т.б.)
    • Қонақ үйде фирмалық тағамдар апталығын ұйыдастыру
    • Қонақ үй бөлмелерін жинау программасы
    • Персоналдың жұмысын ұйымдастыру

Және тағы басқалары жатады.

 

 

Қонақ үй шаруашылығын жедел жоспарлау.

 

Жоспарды қандай мерзімге жасау керек? Онақ үй шаруашылығында жоспар көбінде қысқа мерзімге жасалады, көбіне 1 жылға дейінгі мерзімге. Ал ұзақ мерзімді жоспар көбінесе қонақ  үйдің стратегиялық мақсатта құрастырылатын жоспары болып табылады. Жоспардың  нақты уақыт өлшемі қонақ үйдің  типіне, қызмет көрсету сферасына  және менеджмет деңгейіне байланысты болады.

Кейбір қысқа мерзімді жоспарлар жоғары менеджметтік ақпараттандырылған деңгейде құрастырылған ұзақ мерзімді жоспармен орайластырылып жасалады. Нәтежиесінде қосымша жұмыстар негізгі  жоспардың алғашқы нәтежиелерін көрсете бастайды. Осылайша қонақ  үйдің жетістіктерін байқауға болады. Қысқа мерзімді жедел жоспарлар  жұмыстың орындалу тұрақтылығын көрсеткіші болып табылады. Қонақ үйбөлімдері  өз алдына жеке-жеке қызмет атқара алмайтындықтан қысқа мерзімді жоспарлар да бір-бірімен  тығыз байланыста болады.

Мысалы: Қонақ үйдегі пансиондық бөлмелердің  (толық немесе жартылай) сатылуы, қонақтарды қабылдау мен орналастыру  және қамтамассыздандыру бөлімдерінің жұмысына ықпалын тигізеді.  Бөлмелердің  ұзақ мерзімге сатылуы өз кезнгінде, қонақтарды қабылдау мен орналастыру, брондау, тамақтандыру, серыис бөлімдерінің жұмысын тапсырыс көлеміне байланысты мобильдендіреді. Ал қонақ үйдегі мейрамхананың  аталған бөлімдермен байланысы  тығыз емес. Себебі мейрамханаға келушілер  қонақ үй қонақтары ғана емес сонымен  қатар қала тұрғындары да болып табылады.

Сонымен қатар қысқа мерзімді жоспарлар қонақ үйдің сервистік  пакетіне де тікелей байланысты.

Келесі схемада қонақ  үйдің жедел жоспарлау кестесі  көрсетілген.

 

 

 

 


жолы




объектісі



 

                             

                          бөлмелердің                                   Брондау                              қызмет пен қыз-

                                 сиымдылығы                     қонақтарды қабылдау               метшілер жоспары

                                      (пайда)                           тұрмыстық қыз. көр.                 қажет тауарларды

                                                                                                                                Сатып алу жоспары


 

                            Мейрамханадағы                     өндірістік жоспар                  иныестициялық

                                        орын саны                             ас бөлме, серыис                   және қаржылық 

                        азық-түлікке кететін орташа       және шаралардың                      жоспар

                                   баға, тауар айналымы                     жоспары


 

 

 

Нәтежиенің

эконамик-қ ресурстар


көрсеткіші

 

    1. схема

 

 

 

    1. Қонақ үй жайлылық индустриясы

 

Бүгінгі таңда қонақ жайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының әлуетті және болашағы зор салаларының  бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Ал туризм болса , әлеуметтік – тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1\10 бөлігін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде әрбір он бесінші қызметкер қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен жеті проценті, салық түсімдерінің бес проценті, тұтынушы шығындарының он бір проценті келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының, оның ішінде, қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп,  халықтың танымдық деңгейін көтереді.

Қазақстанның туризм саласында  келесідей қайта құрулар орын алды: туристік қызметтердің жалпы  көлемінде ішкі туризм көрсеткіштері  өсуде, келу туризмінің көрсеткіштер динамикасы жыл сайын артуда, кету туризмінің көрсеткіштерінің үлесі тұрақталуда.

Қазақстандық туризмнің  стратегиялық міндеті-туристік қызметтердің жалпы көлемінде келу туризмінің үлесін арттыру. Қонақ үй бизнесі Қазақстанда нарықтық қатаынастарды қалыптастыруда жетекші салалардың біріне айналып отыр. Экономикалық қызметтің сферасы ретінде қонақ үй бизнесі қаржылық ауытқуларға шалдығуда. Қонақ үй каәсіпорындары қазіргі кезде қонақ үй қызметтеріне қалыптасқан өзгерістерді жете түсіну үшін бұл ауытқуларды ескеруі қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты-қазіргі  кезде қонақ үй бизнесінде кездесетін проблемаларды анықтап, оларды ұтымды шешу жолдарын табу арқылы қонакқ үй кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.

Атаулы қойылған мақсаттан  мақсаттан келесі міндеттер анықталады:

• экомика саласы ретінде  қонақ үй бизнесінің мәнін және ерекшеліктерін анықтау;

• қонақ үй кәсіпорындарының бәсекелестікке қабілеттілігін және оны  анықтайтын факторларды анықтау;

• қонақ үй кәсіпорнының ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау;

• қонақ үй кәсіпорны  ұсынатын қызмет жиынтығының ерекшеліктерін зерттеу;

• ұтымды технологиялар  мен маркетингтің тиімді құралдарын пайдалану арқылы кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдары.

Берілген жұмыста орналастыру  құралдары мен нөмірлердің негізгі  жіктелімі, Қазақстандағы қонақ  үй шаруашылығының даму эволюциясы, қонақ  үй бизнесіні қазіргі жағдайы туралы мәліметтер көрсетілген.

“Қазақстан” қонақ үйі  мысалында басқару құрылымы немесе қонақ үйдің негізгі қызметтеріне сипаттамалар келтірілген. Сонымен бірге қонақ үйдің экономикалық , соның ішінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін көрсететін нөмірлер жүктемесі, табыс, пайда, шығындар, рентабельділік сияқты көрсеткіштер көрсетілген.

“Қазақстан” қонақ үйінің тұтынушылары зерттеліп ,олардың негізгі  сұранымдары анықталды. Қазіргі нарықта бәсекелестіктің өршелене түсуі жағдайында бәсекелестердің қызметіне талдау жасау маңызды орынға ие болады, яғни өзінің қызметін негізгі бәсекелестер қызметтерімен салыстырып отырып,артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтауға болады.

Артықшылықтар мен кемшіліктерді  ескере отырып қонақ үйдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында, кіршіксіз беделді қалыптастыруда, басқаруды ұйымдастыруды жетілдіруде маңызды аспект ретінде менеджмент және маркетинг құралдарын пайдалану ұсыныстары жасалынған.

 

 

    1. Қонақ үй негізі мен менеджменті

 

Қонақ үй менеджменті –  қазіргі кездегі нарықтық экономика  жағдайында қонақ үй мекен жайларын тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.

Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін қонақ үй кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.

Қонақ үй менеджменттегі басты  нәрсе – әр бір қызметші қонақ  үй кәсіпорын мүддесіне жауап  беретін мақсаттар қою («алдына  мақсат қойған менеджмент»). Ескі стильдегі  қонақ үй кәсіпорын басшылығынан қазіргі қонақ үй менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.

Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне  жататыны – қолда бар адам мен  материалдық ресурстар негізінде  тиімді кәсіпорын құру.

Қонақ үй кәсіпорынның ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан орындарды  ұсына алуы не бәсекелестеріне қарағанда  ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.

Қонақ үй шаруашылығында –  ең алдымен қызметшілер. Осыдан келіп  бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент – бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.

Қонақ үй кәсіпорындағы адамдар  қызмет көрсету процесінің маңызды  элементі болып табылады. Жаңа қонақ  үй шаруашылығын құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен  капиталды рынок капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс.

Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтық қатнастарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі  тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайынын жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру. Қонақ үй шаруашылығының жұмысын  ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды көздеу керек. Сонымен, Менеджменттің 2 ұғымы бар.

Бірінші ұғым. Менеджмент – бұл басқару, басшылық ету органы. Екінші ұғым. Менеджмент – бұл адамдарды басқару. Менеджерлер деген кім? Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістерімен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

Менеджер – ең кең тараған  кәсіптің бірі. Бұл – басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез – келген адам да менеджер, әдетте, егер компания меншік иесін есептемесін, бұлар тағайындалатын адамдар. АҚШ-та басшы кадрларды сайлау деген болмайды.

Әр елде менеджерге түрліше  анықтама береді. Мәселен, американдықтардың  түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне  өзіне бағынатын белгілі бір  қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады.

Европалықтардың түсінігінше  – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастырушы  адамдар.

«Менеджер – бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жанұясы – фирмасының гүлденуі үшін күресуге әзір болуы  тиіс». Жапониядағы менеджерлер  мектебінің – негізгі жапон корпорацияларының  болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орындарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды.

Оның біріншісі – қолда  бар ресурстардан нағыз тұтас  өндірістік бірлік құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижеріне ұқсас. Алайда дирижердің қолында композитор жазған партитура болады да, оны тек түсіндіріп берумен ғана шектелетін болса, менеджер – әрі композитор, әрі дирижерлік міндетті атқарады.

«Өндірістік бірлікті» құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл  әлсіз буындарды жою, барынша  дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті жақтарын, бірінші кезекте  адам ресурстарын пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс – әрекеті менеджердің кэз алдында әрдайым елестеуі, ал қол жеткен нәтижелер барынша үйлестіріп отыруы тиіс. Дирижер оркестрді қалай тыңдай білсе, менеджер де әрдайым тыңдай білуі, кәсіпорынның, сондай-ақ нарықтық жағдайлардың жалпы іс – әрекетін қадағалай білуі тиіс.

Менеджердің екінші міндетіне  – кез келген шешімді қабылдап, іс әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты  ескерумен қоса кәсіпорынның болашағы, перспективасы туралы да ойланып  – толғануы жатады. Әрбір менеджерге – деп атап көрсетеді. Дракер – өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда, барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

Біріншіден, менеджер іскер  кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол  мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер  жүктей отырып, оны жүзеге асыруды  қамтамасыз етеді.

Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті  ұйымдық құрылымды құрады, басшы  жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді  т.б.

Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті – сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

Төртіншіден, менеджер ұйымның  іс – әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.

Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын  қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

Менеджерлік шеберліктің  маңызды жақтарының бірі – келіссөз жүргізе білуі – әріптесінің  мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре  білетін өнері болуы тиіс. Қонақ  үй, мейрамхана т.б. менеджмент және маркетинг  туристік бизнесте ерекше орын алуға  тиісті.

Барлық елдерде қонақ  үйлер басқару жүйесінде менеджмент жетістіктерін ұтымды жақтарын пайдалануға  тырысады. Сондықтан да менеджерлер алдына қоятын талап тілектер қалыптасқан.Қонақ үй жүйесінде менеджерлер тобы және тікелей жұмыс атқаратын адамдар тобы қалыптасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қонақ үйлердегі көрсетілетін қызметтермен олардың қалыптасуы

 

Қызмет түрлерінің ортақ  моделі кездеспейді. Олардың әр түрлі  конақ үй статусына тікелей катысты. Қонак үй бизнесіндегі басқару жүйесі, нарық жағдайына икемделген, қарапайым, қызмет алушыларға жағымды болуы  шарт. Оған төмендегілер сәйкес келуі  тиісті:

1. Басқару органдарының  көп болмауы; 

2. Қызмет белімдері ықшам,  мамандармен қамтамасыз болуы; 

3. Қызмет көрсету және  барлык жұмыстарды түтынушы сүранысына  сәйкестендіру керек. 

  Қонақ үй шаруашылығының осындай моделді мекен жайларының қызмет көрсету жүйелігі, әрқашанда өзінің сапалы дәрежелі денгейін көрсетеді. Ол мынандай қонақ үйлердің жұлдыздық жүйелігіне сай болуы қажет.

1 жұлдызды қонақ үйлер.  Ғимараты ескі, 1-2 қабатты, бөлмелерінде  терезелері ашылмайды, тек қана  барлығына да ортақ коридор,  бөлмелердің кіре беріс жері  жоқ, едені ағаштан жасалған, холы  және сервистік қызмет тұрлері  жоқ, душы мен дәретханасы бірге  орналасқан (әрбір қабатында бір-бірден  немесе сыртта), асханасы бөлек  ғимаратта орналасқан, барлығына  да ортак. Бөлмелері жиһаздалмаған, 1-2 төсек орны бар, үлкен столы,  орындыктары, айнасы, кондиционері, телефоны, тоңазыткышы, радиосы жок,  электр жүйесі ортақ, тесек  орын 12 күнде 1 рет ауыстырылады. Қонақ үй бойынша кезекшілік  тек қана күндіз, күзеті жоқ. 

2 жұлдызды қонақ үйлер.  Ғимараты бетоннан немесе кірпіштен  салынған. 1 -3 қабатты ғимарат. Терезелері  ашылады, лоджиясы мен балконы  жоқ, жалпы кішігірім холы бар.  Холы телевизормен және жұмсак  жиһазбен жабдықталған, тек қана  жүк тасуға арналган лифті  бар. Бөлмелері кішігірім, жиһаздары  стандартқа сай емес: төсек, қолдан  жасалған гардероб, ванна бөлмесінде  айнасы бар; душы дәретханасымен  бірге орналаскан. Тесек орын  келген мерзімнен бастап 2 рет  ауыстырылады; ыстық елдердегі конак  үйлерде кондиционері бар; 1 қол  сүртетін орамал мен сабын  беріледі; стол, орындыктар, тоңазыткыш, телевизор, конак үй ішіндегі  телефон, кала бойынша телефон  кезекшіде ғана бар; элекір  жүйесі ортак. Бөлмені жинау  күнделікті жүргізілмейді, асханасы  бөлек ғимаратта орналасқан, сервисі  көп түрлі емес және ақылы  түрде жүргізіледі, қонақ үй  бойынша тәулік бойығы кезекшілік  жүргізіледі. 

3 жұлдызды қонақ үйлер.  Ғимараты бетоннан немесе кірпіштен  салынған; 2-7 кабатты ғимарат, қонак  үйдегі ортақ холы едәуір үлкен;  холда бірнеше телевизоры, кішігірім  журналды столдары, ыңгайлы жұмсақ  креслолары бар. Қабаттардың бірінде,  тәулік бойы, бары жұмыс істейді.  Холы және әрбір қабаты жақсы  жарықпен қамтамасыз етілген;  қабаттарында кілем төселген; жылдам  лифті (жүк және адам тасымалдауга) бар. Міндетті түрде қонақ үйдің  сыртына аты жазылады. Бөлмелер  кішігірім жиһаздармен жабдықталған; стандартты жиһаз, стол мен  орындықтардың болмауы да мүмкін. Тесек орны бар; электр жүйесі  белме бойынша барлығына да  ортак. Терезелері ашылады, балкон  мен лоджия міндетті түрде  емес, қонак үйдің қабырғалары  суреттермен әшекейленген, телевизорды  пультті; кондиционер; тоңазытқыш, радиоаппаратура, бар (тек кана "люкс" нөмірлерінде); қонақ үй  бойынша телефон тегін; ал қала  бойынша ақылы; дүние дәретханасымен  бірге орналасқан; дәретхана қағазы, орамал (қол сүртетін және моншалык), сабын (күнделікті ауыстырылады).

4 жұлдызды қонақ үйлер.  Ғимараты міндетті түрде кірпіштен,  бетоннан салынады. Міндетті түрде  сырткы атының жазылуы болу  керек, демеушілердің жарнамасы.  Қонақ үй көп қабатты, 17 қабатқа  дейін болуы мүмкін. Қонак үйде  жылдам лифті (2 жүк тасымалдауга  және 45 адамдарға арналған) кем болмауы  тиіс. Қонак үйде үлкен холы  бар. Холы қазіргі заман талабына  сай жиһаздалган, қабырғалары  әдемі дизайнды, гүлдермен әсемденген, жалпы жаксы жарықпен және  радио-видео-телеаппаратураларымен  жабдықталған. Қонақ үйде кешкі  мейрамхана, бөлек кафе және түнгі  бар жұмыс істейді. 

Қонақ үй шаруашылығын жоспарлау