Қорлар жайлы түсінік және жіктелуі
Мазмұны
Кіріспе ------------------------------
1. Қорлар жайлы түсінік және жіктелуі----------------------
2. Қорларды бағалау әдістері ------------------------------
3. Қорлар және №2 ХҚЕС ------------------------------
4. Материалдар қозғалысын құжаттаужәне қорлардың қоймадағы есебі ---20
5. Материалдардың бухгалтериядағы есебі
------------------------------
6. Қорлардың жетілдіру жолдары---
Қорытынды ------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер ------------------------------
Кіріспе
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Материалдар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына толығымен алып барады.
ЖШС “МТС Құрылыс” мәліметтері негізінде «Қорлар есебінің бухгалтериядағы есебі» тақырыбына жазылған курстық жұмысты қорытындылай келе мынадай тұжырымға келуге болады. Осы жұмысты орындау барысында ең алдымен қорлар бұйымдарының есебін теориялық жағынан ашуға тырыстық. Тексеру жұмысы үшін методикалық база ретінде қорлар бұйымдарының есебі теориясы мен тәжірибесі бойынша Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың еңбектері алынды.
Көріп отырғанымыздай ЖШС “МТС Құрылыс” қаржылық жағдайы қарастырылған жылдары өзгеріске түскенімен жыл соңында табыспен аяқтап отыр. Тауарлы өнім көлемі есепті жылы жоғарылауда. Алайда алдыңғы екі жылмен салыстырғанда біршама өскендігін байқаймыз. Кәсіпорынның соңғы кезде қаржылық жағдайының жақсаруы және сомалар бойынша өсімдік шаруашылығы үлкен үлес алып отыр, тек өндіріс көлемін ұлғайтумен ғана емес, сондай-ақ бұдан шаруашылықтың өсімдік шаруашылығына мамандандырылғанын көреміз.
Қаржы және есеп жұмысының көлеміне қызметкерлерінің міндеттерін тиісті адамдарға бөліп, тиімді ұйымдастырылған. Жалпы есеп кәсіпорындарында журнал-ордерлік формада жүргізіледі.
Шаруашылық қорлар есебін бекітілген нұсқаулықтар, ұсыныстар бойынша жүзеге асырады. Жалпы алғанда материалдардың жабдықтау-өндіру-сату процесіндегі үздіксіз қозғалысы сәйкес құжаттармен жабдықталады.
Осы ЖШС “МТС Құрылыс” есептерінің синтетикалық және аналетикалық есебінің жағдайына тоқтала келе мен үшінші бөлімнің аналитикалық есебіне тоқталдым. Шаруашылықта есептің ұйымдастырылуы жаман емес.
Қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1. Қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2. Қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.
3. Қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.
Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдамада қаржылық есептіліктің сапасын көтеру келешек мақсаттардың негізгі бағыты ретінде танылуда. Қазіргі экономикалық жағдайда ұйымдар стратегиялық шешімдер қабылдауда бухгалтерлік есепке маңызды рөл беруде. Өндіріс процесі барысында түрлі шикізат пен материалдар көп мөлшерде пайдаланылады. Олардың сақталуындағы негізгі рөлді материалдық қорлар қозғалысының барлық кезеңдеріндегі есебі мен бақылауы атқарады (сатып алу, келіп түсу, сақтау, өндіріске жіберу, өндірісте пайдалану, т.б). Материалдық қорлар есебі жабдықтаудың уақыттылығын, қоймадағы қорлар мөлшерін бақылауды қамтамасыз етуі тиіс, есепке алынбай қалған материалдарды анықтау, материалдық ресурстарды пайдаланудың дұрыстығын қадағалау, басқару мақсаттары үшін қажетті ақпараттарды дер кезінде ұсынуы тиіс.
Есептің ерекше ролі материалдық қорларды үнемдеудің бар өндірістік резервтерін дұрыс және жедел анықтаудан тұрады. Бұл резервтерді пайдалану өнімнің өзіндік құнын төмендету мен пайданы өсіруді қамтамасыз етеді.
1. Қорлар жайлы түсінік және жіктелуі
Кәсіпорындар
мен ұйымдардың қызметі барысында
өздерінің өндірген дайын бұйымдары,
сату үшін сатып алған тауарлары,
сатып алған бірақ әзір ұйымға
келіп түспеген тауарлары (жолдағы
тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға
көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды
орындау және қызметтерді көрсету
барысында пайдалануға арналған
қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс
және ыдыстық материалдары, жартылай
фабрикаттар және басқа да материалдары
сол ұйымның тауарлы-
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
- Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
- Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
- Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
- Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
- Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
- Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
- тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
- материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы керек. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады. [8]
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың біріңғай наменклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операциялардың тәртібін сақтау;
- біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.
Еңбек заттары
бір тектес емес. Олардың бір-бірінен
өндірісте атқаратын
- шикізат;
- негізгі материалдар;
- көмекші материалдар;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген дөнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады.
Өндірістік
үдерістің бір сатысынан толық
өтіп әрі қарай өңдеуді қажет
ететін материалдар жартылай фабрикаттар
деп аталады. Материалдардың бұл
түрін әрі қарай өңдеу арқылы
дайын бұйымдар алынады. Олардың
аяқталмаған өнімнен
Көмекші
материалдарға - әр түрлі химикаттар
мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге
керекті басқа да материалдар
жатады. Көмекші материалдардың негізгі
материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің
материалдық (заттық) негізін құрамайды.
Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы
барысында негізгі
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
Материалдық босалқы қордың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Қорлар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар», 1314 «Қосалқы бөлшектер», 1315 «Өзге материалдар», 1316 «Өңдеуге берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары», 1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Басқалай қорлар», 1360 «Қорларды есептен шығару резерві».
1310 «Шикізаттар
мен материалдар» шотында
1311 «Сатып
алынған жартылай фабрикаттар
және құрастырушы бұйымдар»
1312 «Отын»
мұнай өнімдері, қатты және басқа
да отын түрлері есепке
1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар» ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.
1314 «Қосалқы
бөлшектер» жөндеуге және
1315 «Өзге
материалдар» өндіріс
1316 «Өңдеуге
берілген материалдар» шотында
сыртқа өңдеуге берілген
1317 «Құрылыс
материалдары» құрылыс
Әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектілер
Мысалы,
«Шығыс» ААҚ аяқ киімді өндіру
үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыға
тапсырыс берген, оның 1 дм2
90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт
жасасқаннан соң, «Шығыс» ААҚ-на тапсырыс
берген материалы келіп түскен. Барлық
келіп түскен терінің мөлшері 35555,6
дм2 құраған, ал оның сомасы 3200004
теңге болған. Тасымалдау шығыны 800000
теңге және түсіру шығыны (Түсірушәлердәі
жалақысы – 300000 және әлеуметтік - 56700-(300000-300000*10%*21%)=
Біз бұл
мысалда алынған терінің
- сатып алу бағасы - 2758624 теңге (ҚҚС қоспағанда);
- көлік-дайындау шығындары (КДШ) - 1156700 теңге (800000+356700);
- сақтау шығындары - 630000 теңге «сақтау шығыны өзіндік құнға енгізілуі мүмкін, егер олар қойманың тұрған жеріне дейін жеткізіп берсе ғана).
Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң олар сатуға немесе өндіріске босатуға не нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша босатылуы мүмкін. Тек осындай өнімді басқа кәсіпорны 90 теңгеден емес, онық бір дм2 75 теңгеден сатқан, сондықтан «Шығыс» ААҚ-на да сол бағадан сатуына тура келген. [2]
Енді біз осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік.
1-кесте Қорлар бойынша шоттардың корреспонденциясы
Рет № |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сома, мың теңге |
Шоттардың корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
ТМҚ жеткізіп беру үшін жабдықтаушыға аванс берілген |
3200004 |
2910 |
1030 |
2 |
Жабдықтаушыдан сары тері алынды:
|
2758624
441380 |
1310
1410 |
3310
3310 |
3 |
Тасымалдау шығындары өтелді
Сақтау шығыстары төленді |
800000
630000 |
4240
4240 |
1030
1030 |
4 |
Сары теріні алумен байланысты шығыстары материалдық құнына қосылды:
|
800000
356700
630000 |
1310
1310
1310 |
4240
3350,3140
4240 |
5 |
Жабдықтаушының қарызын өтеуге бұрындары берілген авансы зачет жасалды |
3200004 |
3310 |
2910 |
6 |
Таза сатылған құнына дейін материалдардың құны есптен шығарылды. Өзіндік құны 4545324 теңге болған. Таза сатылған құны 2300447(355555,6*64,7) теңге құраған (ҚҚС қоспағанда). Материалдардың өзіндік құны оларды алумен байланысты шығыстарын қоспағанда 2758624 теңге құраған. Таза сатылған құны мен материалдардың өзіндік құнының арасындағы айырмасы 458177 теғге құраған (2758624-2300447). |
458177 |
7450 |
1310 |
2. Қорларды бағалау әдістері
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
- Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі
- Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
- ФИФО әдісі
Арнайы сәкестендірілген есептеу әдісі
Арнайы
сәйкестендірілген есептеу
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
Орташа
өзіндік құнын есептеу әдісі
бойынша кәсіпорынға кіріске
алынған әрбір материалдық
ФИФО әдісі
ФИФО
есптен шығарылған материалдық қорларды
олардың алғашқы кезекте
Өндіріске жұмсалынған және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО әдісі бойынша мына түрде есептелінеді. Мысалы: А – түрлі материалдар тобы
2-кесте. Қорларды бағалау әдісі
Саны (дана) |
Бағасы (теңге) |
Сомасы (теңге) | |
А) Қаңтар айының бірінші жұлдызына кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдығы |
50 |
100 |
5000 |
Қаңтар айында кіріске алынған материалдық қорлар | |||
1-Топтамада 2-Топтамада 3-Топтамада 4-Топтамада 5-Топтамада |
100 80 90 100 70 |
110 120 130 140 150 |
11000 9600 11700 14000 10500 |
Кіріске алынған материалдық қорлардың жиынтығы | |||
440 |
--- |
56800 | |
Бастапқы қалдықпен қоса есептегендегі қалдығы | |||
490 |
--- |
61800 | |
Ай бойы материалдық қорлардың шығыс етілгені | |||
ФИФО әдісімен бағалағанда |
250 |
28200 | |
Ай соңындағы материалдық | |||
ФИФО әдісімен бағалағанда |
240 |
33600 | |
Бұл кестеден көріп отырғанымызда йшығыс етілген 250 дана материалдық қорлардың құны бойынша есептелінеді.
ФИФО әдісі бойынша:
Бірінші кіріс етілгенде, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны 80 дана сомасы 9600 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған материалдардың тек қана 20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+9600+2600) теңгенің материалдары.
Материалдық қорларды ФИФО әдісімен бағалау барысында материалдардың талдамалық (аналитикалық) есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.
Материалдар
баланста нақты өзіндік құны бойынша
көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар
өздерінің топтамалық (синтетикалық)
есебінде нақты өзіндік құнымен
көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде
жоспарлы есептуе бағасымен немесе
келісілген бағасы бойынша көрсетіледі.
Егер кәсіпорын материалдардың талдамалық
есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін
болса, онда олардың нақты құны
материалдық қордың сатып алынған
құны мен дайындау-тасымалдауы
3. Қорлар және №2 ХҚЕС
№2 ХҚЕС мақсаты босалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді. №2 ХҚЕС қызмет көрсетулерге тікелей байланыстыны қоса алғанда, құрылыс салуға жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (қараңыз: «Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS Халықаралық стандарты);(b)қаржы құралдарын; Ауыл шаруашылығы қызметімен және жинау кезінде ауыл шаруашылығы өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) барлық босалқыларға қатысты қолданылады. (b) ауыл және орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауыл шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы өнеркәсіп салаларында қабылданған есеп практикасына сәйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын осындай босалқылар осы құнның өзгерістері болған кезеңде пайда және залалдар туралы есепте танылады. (b) сатуға жұмсалған шығындарды есептемегенде өзінің босалқыларын әділ құн бойынша бағалайтын тауар брокерлері және трейдерлер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Осындай қорларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде, сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнның өзгеруі өзгерістер болған кезеңдегі пайда және залалдар туралы есепте танылады. 3(а)-параграфында айтылған босалқылар өндірістің белгілі бір кезеңдерінде өткізудің ықтимал таза құны бойынша бағаланады. Бұл, мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау немесе пайдалы қазбалар өндірілген кезде, бұл болашақтағы келісім-шарт немесе мемлекеттің кепілдік беруі арқылы сатуды растайды немесе белсенді нарық пен сату тоқтап қалатын тәуекелдің алдын алу мүмкіндігі болған жағдайда болады. Мұндай қорлар №2 ХҚЕС бағалау бойынша талаптардан ғана алынып тасталады. Брокерлер және трейдерлер - тауарларды басқалар үшін немесе жеке өз есебіне сатып алатын немесе сататын тұлғалар. 3(б)-параграфында айтылған қорлар негізінен жақын болашақта сату және бағаның немесе брокерлер мен трейдерлер маржасындағы ауытқулардан пайда табу мақсатында сатып алынады. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде олар осы Стандарттың бағалау бойынша талаптарынан ғана алынып тасталады. төменде көрсетілген мәндерінде мынадай терминдер пайдаланылады: Қорлар - бұлар: Қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;осындай сату үшін өндіріс процесіндегі; (c) Өндіріс процесінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер. Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома. Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты ұйымға тән болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды. Қорларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнға тең болмауы да мүмкін. Қорларға қайта сату үшін сатып алынған және сақталатын тауарлар кіреді. Оларға, мысалы, бөлшек саудамен айналысатын сатушының алған тауарлары, немесе қайта сатуға арналған жер немесе басқа мүлік кіреді. Сонымен қоса лар дайын немесе ұйым шығарған және шикізат пен өндіріс процесінде одан кейінгі пайдалануға арналған материалдар кіретін жартылай дайын өнім кіреді. Қызмет көрсету аясының ұйымы 19-параграфта сипатталғандай, ұйым тиісті түсім шамасын осы уақытқа дейін танымаған қызмет көрсетудің құны қорға кіргізілген жағдайда (18-«Түсім» ІAS Халықаралық стандартын қараңыз). қорлар міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құнында өлшенуге тиіс.Қорлардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және босалқыларды ағымдағы жай-күйіне және орналасқан жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады. Қорларды сатып алуға жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баж салықтары мен басқа да салықтар (ұйымдар кейіннен салық органдары арқылы өтейтін салықтардан басқалары), сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстар және объектіні сатып алумен тікелей байланысты шығыстар жатады. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай баптар сатып алуға жұмсалған шығындарды анықтаған кезде шегеріп тасталады.[10]
Қорларды қайта өңдеу шығындарына еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар сияқты өнім бірліктерімен тікелей байланысты шығындар кіреді. Сонымен қоса оларға шикізаттан дайын өнім жасап шығару кезінде орын алған тұрақты және ауыспалы үстеме өндірістік шығыстарды жүйелі түрде бөлу кіреді. Тұрақты үстеме өндірістік шығыстар амортизация мен үйлерге қызмет көрсету және жабдықтар мен әкімшілік-басқару шығыстары сияқты өндіріс көлемінен тәуелсіз салыстыра алғанда өзгеріссіз болып қалатын жанама өндірістік шығындар болып табылады. Ауыспалы үстеме өндірістік шығыстар шикізаттың жанама шығындары мен еңбектің жанама шығындары сияқты өндіріс көлемінің өзгеруінен тікелей немесе тікелей дерлік тәуелді жанама өндірістік шығыстар болып табылады. Тұрақты және үстеме өндірістік шығыстарды қайта өңдеу бойынша шығындарға бөлу қалыпты жағдайда жұмыс істеу барысында ұйымның өндірістік қуаттылығына негізделеді. Қалыпты өндірістік қуаттылық - жоспарлы техникалық қызмет көрсету нәтижесінде қуат ысырабын есепке ала отырып, істің қалыпты орындалуы барысында жұмыстың бірнеше кезең немесе мезгілінде орташа көрсеткіштер негізінде есептелетін өндірістің күтілетін көлемі. Өндірістің нақты деңгейі қалыпты жағдайдағы қуаттылыққа жуық мәнде сәйкес келгенде ғана пайдаланыла алады. Өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы өндіріс деңгейінің төмендеуі немесе ұйымның тоқтап қалуы салдарынан өспейді. Бөлінбеген үстеме шығыстар оның пайда болуы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылады. Өндіріс деңгейі ерекше жоғары болған кезеңде өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы босалқылар өзіндік құнынан жоғары бағаланбайтын мөлшерде азаяды. Өндірістік қуаттылықты шын мәмінде пайдалану негізінде ауыспалы өндірістік үстеме шығыстар өнімнің әрбір бірлігіне жатқызылады. Өндірістік процесс нәтижесінде бір мезгілде көп өнім шығарылуы мүмкін. Мысалы, бұл бұйымды бірігіп шығару жағдайында, немесе негізгі өнімнің өндірісі қосымша өнімді өндірумен қатар жүріп отырған жағдайда болады. Әрбір өнімге жұмсалған шығындарды бөлек анықтай алмаған жағдайда, оларды өнімдердің арасында теңбе-тең және бір ізді бөледі. Бөлу, мысалы, не өндіріс процесі кезеңінде өнімдер ұқсас болғанда, не дайын өнім шығарылған кезде анықталатын әрбір өнімді сатудың салыстыра алғандағы құнына негізделуі мүмкін. Қосалқы өнімдердің көбісі табиғатынан мардымсыз. Осындай жағдайларда оларды көбінесе сатудың ықтимал таза бағасы бойынша бағалайды және бұл шама негізгі өнімнің өзіндік құнынан шегеріледі. Нәтижесінде негізгі өнімнің баланстық құны оның өзіндік құнынан аз ғана ерекшеленеді. [1]
Басқа да шығындарға қорларды қазіргі орналасқан жеріне дейін жеткізуге және жай-күйіне байланысты деңгейдегі олардың өзіндік құны ғана жатады. Мысалы, босалқылардың өзіндік құнына өндірістік емес үстеме шығыстарды немесе нақты клиенттерге арналған өнімді әзірлеу жөніндегі шығындарды жатқызу орынды болуы мүмкін.Төменде қорлардың өзіндік құнынан алынып тасталатын және олардың пайда болуы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын шығындардың мысалдары келтірілген: (а) шикізаттың, жұмсалған еңбектің нормативтен тыс ысырабы немесе басқа да өндірістік шығындар;егер олар тек өндірістік процестің келесі кезеңіне көшу үшін осы өндірістік процесте қажет болмағанда ғана сақтауға жұмсалатын шығындар;қорларды қазіргі орналасқан жеріне және жай-күйіне дейін жеткізуге байланысты емес әкімшілік үстеме шығыстар;сатуға жұмсалатын шығындар.23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық стандарты босалқылардың өзіндік құнына заем бойынша шығындар кіретін сирек жағдайларды анықтайды. Ұйым босалқыларды төлем мерзімін кейінге қалдыру шартымен сатып ала алады. Осындай келісімде іс жүзінде қаржыландыру элементі болғанда, бұл элемент, мысалы, әдеттегі сауда кредиті шартымен сатып алу бағасы және төленген сома арасындағы айырмашылық қаржыландыру кезеңіндегі пайыздар бойынша шығыс ретінде танылады. Қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың қорларының өзіндік құны. Қызмет көрсету саласының ұйымдарындағы қорлардың болу дәрежесінде оларды өндіруге жұмсалған шығындар бойынша бағалайды. Бұл шығындарға, ең алдымен, жалақы төлеу және қызметтер көрсетуге, оның ішінде бақылауға тікелей қатысатын қызметкерлерге жұмсалатын басқа да шығындар, сондай-ақ тиісті үстеме шығыстары жатады. Жалақы және сауда және жалпы әкімшілік қызметкерлерге жұмсалатын басқа да шығындар босалқының өзіндік құнына кіргізілмейді, бірақ олар туындаған кезеңдегі шығыстар ретінде ескеріледі. Қызмет көрсету саласы ұйымдарының босалқылардың өзіндік құнына көп жағдайда ұйымдар көрсететін қызметтердің бағасына кіретін пайда немесе үстеме шығыстарға жатпайтын нормалар кірмейді.Биологиялық активтерден алынған жиналған ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құны 41-«Ауыл шаруашылығы» (IAS) ХҚЕС-на сәйкес ұйым биологиялық активтерден жинаған ауыл шаруашылығы өнімдерінен тұратын қорлар бастапқы тану кезінде жинау орнында сатуға жұмсалған шығындары шегерілген әділ құны бойынша бағаланады. Бұл осы Стандартты қолдану мақсатында қорлардың сол күнгі өзіндік құны болып табылады. Нормативтік шығындар бойынша есепке алу әдісі және бөлшек баға әдісі сияқты қорлардың өзіндік құнын айқындаудың әр алуан әдістері, егер олардың нәтижелері өзіндік құнға жуықтап сәйкес келетін болса, қолайлылық үшін пайдаланылуы мүмкін. Нормативтік шығындар шикізаттар мен материалдарды, еңбекті пайдаланудың, тиімділік пен қуаттың қалыпты деңгейін ескереді. Оларды ұдайы тексереді және қажет болған жағдайда, ағымдағы жағдайларға қарай қайта қаралады. Бөлшек саудада тез арада өзгеретін көптеген бұйымдардан тұратын, олар үшін өзіндік құнды бағалаудың басқа әдістерін пайдалану орынды болып табылмайтын босалқыларды бағалау үшін көбінесе бөлшек баға әдісі пайдаланылады. Қорлардың өзіндік құны сатылған босалқылардың жалпы құнын жалпы маржаның тиісті пайызына азайту арқылы анықталады. Пайдаланған пайыздың шамасында бағасы бастапқы сату бағасынан төмен бағаға азайтылған босалқыны ескереді. Бөлшек сауданың әрбір бөлімшесі үшін пайыздың орташа мәні жиі пайдаланылады. Бірін-бірі алмастырмайтын босалқылардың жекелеген баптарының, сондай-ақ арнаулы жобалар үшін өндірілген және оларға арналған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің өзіндік құны оларға жұмсалатын жеке шығындарды ерекше сәйкестендіру арқылы анықталуға тиіс. Іс жүзіндегі шығыстардың нақты анықтамасы белгілі бір шығындар қорлардың белгілі бір баптарына жататынын білдіреді. [7]
4. Материалдар қозғалысын құжаттау және қорлардың қоймадағы есебі
Материалдар
өздері сақталып тұрған жері бойынша,
яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын
бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық
қорлардың қоймадағы есебінің дұрысұйымдастырылуы
олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы
жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы
жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.
Қоймада материалдық қорлардың
әрбір түрлері, сорттары бойынша
бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың
маркасы, сорты, көлемі, наменклатуралыцқ
номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрған
материалдардың мөлшері, т.б. көрсеткіштері
картон немесе фанерге жазылып, материалдарға
байланып немесе жапсырылып қойылады.
Қоймадағы және цехтегі материалдардың
аналитикалық есебі белгілеген түрі
бойынша олардың ішінде сорттары
мен маркалары бойынша
Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген материалдардың алынғанына немесе алынып болмағанына қарамастан шектік-заборлық карточкасының барлығы тапсрылуы керек. Толық алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа лимиттік-заборлық карта жазылып беріледі. Қоймашы материалдардың қоймалық-сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланылмай жатқан материалдар жайлы деректер беріп отырады. Қоймалық-сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия бақылау керек. Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын, он күнде) қомашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық-сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жеріне қол қояды. Қоймалық-сорттық карточкадағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептердің негізінде жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің бухгалтиреяға тапсыратын құжаттары үлгілі түрі М-18А «Құжаттарды қабылдау-өткізу құжатына» тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда құжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталынуы, материалдарға жауап беретін адамның есеп карточкасын дұрыс жүргізу орталық бхгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары берілген уақыт тіркелімдермен бірге бухгалтерияға табыс етілуі керек. Кәсіпорынның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма меңгерушісі белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай соңындағы қалдық тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме құрамында өзгеріс (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалынып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты тотырушы қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін тізімдеменің бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады. Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар үлгілі түрі М-20 қоймадағы материалдар қалдығын есептеу тізімдемесі жүргізіледі. Қойма меңгерушісі карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері бойынша материалдардың келесі айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы тізімдемеге көшіріп жазады. Тізімдемеде материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы соммасы анықталады. Егер пайдаланылатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек бір айға ғана ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық-сорттық карточканың орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі түрі М-А санды карточкасын толтырып есеп бріледі. Бұл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді.

- Қорлар қозғалысының есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері
- Қор нарығы
- Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу
- Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері
- Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау Қауіпсіздік техникасы
- Қосалқы станцияның жүктеме графигін тұрғызу
- Қостанай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары
- Қор биржасының мәні мен міндеттері
- Қор биржасы туралы түсінік
- Қорғалуға тиісті есептеу техникалық құралдарының объектісінің сипаттамасы
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы қазақ-түрік лицейі Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
- Қорларды жіктеу және бағалау
- ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Қорлар есебі жайлы толық курстық жұмыс