Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Табиғатты, қоршаған ортаны қорғау проблемасы, соның ішінде жануарлар әлемінің биологиялық түрлерін сақтап қалу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ елі табиғатты қорғауға ерекше көңіл бөліп отыр.
Мемлекет даму болашағы жоқ, табиғат байлықтарын дұрыс пайдалана алмайтын кен орындарына табиғат объектілерін пайдалануына тыйым сала алады. Еліміздің табиғи байлықтарын болашақ ұрпақтың еншісіне аман-есен жеткізу – бүгінгі біздің басты парызымыз. Сондықтан, адамзат табиғатқа оның жағдайын нашарлату арқылы ғана әсер етпеуі керек. Ал, ол үшін қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік бақылау функциясын күшейту қажет.
Жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігін сақтау еліміздің экологиялық қауіпсіздігінің басым бағыттарының бірін көрсетеді, оны қамтамасыз етуге ішкі істер органдары да белсенді қатысуда, экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы күресте олардың рөлі артуда.
Ағымдағы жылдың өзінде ішкі істер органдарымен 1939 табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды анықтады.
Жұмыстың мақсаты экологиялық қылмыстар ішінде заңсыз аңшылықты зерттеу және оны ашу болып табылады.
Жұмыстың міндеттері:
экологиялық қылмыстардың түсінігін ашу;
экологиялық қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша бойынша жауаптылық негіздерін сипаттау;
заңсыз аңшылық қылмыстардың субъектісі мен субъективтік жағын ашу;
заңсыз аңшылық экологиялық қылмыстардың объектісі мен объективтік жағын ашу.
Зерттеудің әдістемелік негіздері. Зерттеу негіздерін ведомстволық, нормативтік, сонымен бірге ҚР статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық материалдары, заңнамалық және нормативтік актілері және қазақстан және шетел авторларының әдебиеттері құрады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері
1.1 Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық прогреспен тікелей байланысты екені рас. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын адамның шексіз пайдалануы жанартаулардың атқылауы, дауылдар, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, қазіргі заманда тіпті, одан асып түсетіндей жағдайға жетті. Өнеркәсіптің дамуы қазба байлықтарды игеруді арттырды. Соның кесірінен ауа, су көздері, топырақ ластанды. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі зиян шекті. Сонымен қатар, жер бетіндегі демографиялық жағдайдың күрт өзгерістерге ұшырауы, яғни халық санының тез өсуі табиғатқа деген тұтынысты одан әрі күшейтті. Бұның барлығы табиғатқа үлкен зиян тигізеді. Аталған зияндардарды алдын алудың бірден-бір жолы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі - экологиялық бақылауды күшейту болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп уақыт бұрын қалыптасқан болатын. Заң әдебиетінде экологиялық бақылауды ұйымдастыру, жүргізу шарттары мен тәртібі жеткілікті толық жазылды, бірақ ол бұрын болған экономикалық жүйеге сәйкес келген еді Сонымен бірге, жаңа нарықтық қатынастары экологиялық бақылаудың мәні үғымына елеулі өзгерістер енгізді, сондықтан аталған еңбектерді талдау мүмкін болып отыр. Мысалы, В.В.Петровтың пікірі бойынша, экологиялық бақылау дегеніміз тұтастай алғанда "кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғау және қоғамның да экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі экологиялық талаптарды сақтауын тексеру" Профессор Н.Б.Мұхитдиновтың пікірін талдай келіп, біз мемлекеттің қоғамдағы ықпалының шектелуі туралы ойға тап боламыз. "Мемлекет — деп есептейді ол — табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мұның қалыптасқан материалдық жағдайларда бұл байлықтарды ұтымды, кешенді пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету үшін қаншалықты қажет болса, өзіне соншалықты құқықтарды алуына болады" [1, 43 б]
Экологиялық бақылаудың өзінің түрлері мен нысандары болады:
Қолданыстағы заңға сәйкес экологиялық бақылау мыналарға бөлінеді:
- мемлекеттік бақылау;
- ведомстволық бақылау;
- өндірістік бақылау;
4) қоғамдық бақылау;
Мемлекеттік бақылау арнайы уәкілетті органдардың қызметі болып табылады, ол қандай да бір ведомстволық мүдделерге тәуелді болмайды және белгілі бір заңдылыққа ие болады. Оны жүзеге асыру Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктеледі. Экологиялық бақылаудың объектілері ретінде мыналар қатысады: шаруашылық және өзге де қызметтің ықпалымен қоршаған ортаның және оның жекелеген объектілері өзгерулерінің жай-күйі мен деңгейі; экологиялық заңды сақтау; табиғат қорғау шараларын, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманың нұсқамаларын орындау жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі; қоршаған ортаны қорғау, арнайы табиғат пайдалануға жасалған шарттарда (келісім - шарттарда), лицензияларда көзделген шарттарды орындау. Объектілерге байланысты экологиялық бақылаудың нысандарын ажыратады: барлық қоршаған ортаны қамтитын тығыз ұштасқан бақылау, объектілер тобы мен кешендерді қорғаумен байланысты кешенді бақылау, табиғаттың жекелеген объектілерін қорғауға бағытталған жіктеп саралап бақылау
Сондай-ақ экологиялық бақылаудың заңда баянды етілген хабарламалық, алдын - ала ескерту, ағымдағы, жазалау нысандары болып ажыратылады. Хабарламалық бақылау алдын - ала ескерту не жазалау щараларын қабылдау мақсатында оны тиісті органдарға беру үшін қажетті экологиялық хабарламаны жинаудан және жинақтаудан көрінеді. Алдын - ала ескерту және ағымдағы бақылауды жүзеге асыру кезінде ықтимал зиянды зардаптарды болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабылданады, олар экологиялық заңды бұзу, табиғат қорғау шараларын орындамау салдарынан туындауы мүмкін. Қоршаған ортаға зиян келтіруге, экологиялық заңды бұзуға кінәлі адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану бақылаудың жазалау нысанының мазмұны немесе экологиялық бақылаудың дербес ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылады [5]. Бақылаудың барлық аталған нысандары өзара тығыз байланысты болады және бірін-бірі өзара толықтырады. Хабарламалық және ағымдағы бақылаудан өзгеше бақылаудың жазалау нысанын тек арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Экологиялық бақылау сипаттамасындағы елеулі элемент оның әдісі болып табылады. Экологиялық бақылау әдістерінің үғымы заң әдебиетінде қабылданған қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдерінің анықтамасына сай келеді. Әдістердің көмегімен практикада тиісті бақылаушы инспекциялардың қызметін іске асыру жүзеге асырылады. Экологиялық бақылаудың әдістеріне мыналарды жатқызу керек:
қоршаған ортаның және жекелеген табиғат объектілерінің сапалық жай-күйін байқау;
экологиялық және санитарлық органдардың нұсқамаларын орындауды тексеру;
экологиялық заңның нормалары мен талаптарын сақтауды тексеру;
экологиялық жағынан зиянды өндірістерді шектеу, тоқтата тұру, тоқтату;
кінәлі адамдарды жауапқа тарту.
Ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудің елеулі шарты болып табылады, сонымен бірге, сөз жоқ, бұл мәселе жеке зерделеудің нысаны болып табылады.
Қазіргі министрліктер, акционерлік қоғамдар, жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар табиғи ресурстарды пайдалануды бақылауды өздерінің өкілеттіктері шегінде жүзеге асыруға міндетті.
Ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылаудың нысандары мен әдістерінің ауқымы мемлекеттік ведомствоның үстінен жасалатын бақылауға қарағанда елеулі түрде тар. Ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асырудың міндеттері мен мақсаттарын да мемлекет анықтайды. Атап айтқанда, арнайы уәкілетті мемлекеттік орган ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылауды қандай өлшемдермен, қандай тәсілдермен және әдістермен жүзеге асыратын болады, ведомстволық және өндірістік қызметтердің есеп берулері нысаны қандай болуға тиіс.
Ведомстволық бақылаудың айрықша белгісі оның қолданылу саласы ведомствоға қарасты объектілерге ғана қолданылатындығында, нұсқаулары лауазымды адамдар мен уәкілетті объектілердің қызметкерлерінің атқаруы үшін міндетті болатындығында деу керек. Өндірістік экологиялық бақылау жеке өндірістің немесе кәсіпорынның шегінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді өзінің міндеті етіп алға қояды. Бақылаудың бұл түрі, егер кәсіпорынның қызметі қоршаған ортаға және оның жекелеген компоненттеріне зиянды ықпал еткен жағдайда жүргізіледі. Қоғамдық бақылау жұртшылықтың табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану ісіне қатысуы нысандарының бірі болып табылады. Оның мақсаты - мемлекеттік органдарға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жүргізуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қоршаған ортаға және оның жеке объектілеріне зиянды ықпалдарының алдын алу мен анықтауға жәрдемдесу [2, 21 б]
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруды бақылау мен құқық қолдану функцияларын жүзеге асыру кезінде қосарланушылықты болдырмау және мұндай қызмет процесінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау тетігін құру жолымен мемлекеттік бақылау органдарын күшейтуді көздейді.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдары инспекциялар өткізумен немесе құқық қолдану іс-қимылдарын жүзеге асырумен байланысты кез келген мәселелерге қатысты тәуелсіз және әділ шешімдер қабылдау үшін барлық өкілеттіктерге ие болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін дамыту:
құқық қолданудың және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды ынталандырудың тиімді жүйесінің негізгі сипаттамасын табуға мемлекеттік органдарға көмектесетін және ұзақ мерзімді перспективада қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласында мемлекеттік бақылау органдарының институционалдық реформасын жүргізуге ықпал ететін модельді құруға;
мемлекеттік органдарды, өнеркәсіп кәсіпорындарын, үкіметтік емес ұйымдарды және қалың жұртшылықты қоса алғанда, экологиялық заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке барлық қатысушылардың арасындағы ынтымақтастыққа және ақпарат алмасуға жәрдемдесуге;
экологиялық менеджмент жүйесінің маңызды құралы ретінде өндірістік бақылауды міндетті жүзеге асыруға;
табиғат қорғау іс-шараларының орындалуына қызметтің барлық деңгейіндегі жауапкершілікті нақты айқындауға;
қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер беруге бағытталуы тиіс
Әлемнің дамыған елдерінде қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау негізінде кешенді жүзеге асырылады. Бұл қағидаттың бір құқықтық көрінісі әлемнің көптеген елдерінің экологиялық заңнамасына енгізілген қоршаған ортаға әсерді бағалау тәртібі болып табылады. Осындай елдер қатарына Қазақстан Республикасы да кіреді. Қазақстанда, әдетте, ТМД-ның басқа елдеріндегідей, қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалаумен қатар, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптамамен ажырағысыз болатын қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) шаруашылық қызметті алдын - ала экологиялық бақылаудың тетігі болып табылады. Қоршаған ортаны превентивтік қорғау немесе қоршаған табиғи ортаға теріс антропогендік әсердің алдын алу қағидаты әлемнің көптеген елдерінде кең қолдау тапқан.
Бұл орайда өңірдегі экологиялық ахуалды, қоршаған ортаның жай-күйін ескере отырып, ластаушы заттар эмиссиясының рұқсат етілген көлемдерін ғылыми негіздеу, табиғат пайдаланудың ерекше жағдайларын белгілеу қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортаның ластануын нормалау халықтың денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйіне зиянды әсер етудің салдарларын барынша ескере отырып жүргізіледі, сондай-ақ жоспарланатын қызметтің әлеуметтік-экономикалық салдары да ескеріледі. Сонымен қорыта келгенде, табиғи ресурстарды басқарудың тиімділігі мен сапасын сақтау - мемлекеттің және оның атқарушы органдарының істейтін шараларына байланысты болады. Қазіргі таңда ешкім де табиғат қорларын пайдалануды тоқтатуды ойламайды да, онсыз адамзат тіршілігі мүмкін де емес. Бірақ мұның бәрі табиғатқа зиянсыз болудың шараларын ескеру қажет. Сондықтан, табиғи ресурстарды тиімді түрде пайдалану мен басқару үшін мемлекет экономикалық жағдайды басқара отырып, өзіне қажетті қүқықтарды иеленеді. Табиғи ресурстарды басқару органдары мемлекет атынан табиғи байлықтарды игеру үшін жоспарлау мен қаржыландыруды ұйымдастырады, олардың пайдалану қарқыны мен мерзімін анықтайды. Мемлекет даму болашағы жоқ, табиғат байлықтарын дұрыс пайдалана алмайтын кен орындарына табиғат объектілерін пайдалануына тыйым сала алады. Еліміздің табиғи байлықтарын болашақ ұрпақтың еншісіне аман-есен жеткізу – бүгінгі біздің басты парызымыз. Сондықтан, адамзат табиғатқа оның жағдайын нашарлату арқылы ғана әсер етпеуі керек. Ал, ол үшін қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік бақылау функциясын күшейту қажет.
Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биологиялық әртүрлілігін сақтау еліміздің экологиялық қауіпсіздігінің басым бағыттарының бірін көрсетеді, оны қамтамасыз етуге ішкі істер органдары да белсенді қатысуда, экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы күресте олардың рөлі артуда [3, 2 б].
Осыған байланысты ІІМ мен оның аумақтық органдары экологиялық құқық бұзушылықты анықтауға, алдын алу мен жолын кесуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнінде нақты шаралар қолдануда.
Ағымдағы жылдың 16 қазанынан бастап 30 қазанына дейін республика аумағында Қазақстан Республикасы ІІМ-де негізгі мақсаты заңсыз аңшылықты, орманды заңсыз кесуді, су жануарларын заңсыз аулауды, биологиялық ресурстар объектілерін тасымалдауды, тасуды, сатып алу мен сатуды анықтау болып табылатын республикалық «БРАКОНЬЕР» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді
Іс-шараларды өткізу кезеңінде ішкі істер органдарымен 1939 табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды анықтады.
43 қылмыстық іс қозғалды, олардың ішінде:
- ҚР ҚК-нің
«Су жануарлары мен
- ҚР ҚК-нің «Заңсыз аңшылық» деген 288-бабы бойынша - 7;
- ҚР ҚК-нің «Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс- әрекеттер» деген 290-бабы бойынша – 5;
- ҚР ҚК-нің «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу» деген 291-бабы бойынша – 5;
- ҚР ҚК-нің
«Ормандарды жою немесе
- ҚР ҚК-нің «Ұрлық» (орманды) деген 175-бабы бойынша – 2;
- ҚР ҚК-нің
«Сеніп тапсырылған бөтен
- ҚР ҚК-нің
«Көренеу қылмыстық жолмен
ҚР ҚК-нің басқа баптары бойынша – 4 анықталды.
Браконьерлік фактілері бойынша тағы 8 материал қозғалу дәрежесінде.
Браконьерлерден 733 текше метр заңсыз дайындалған орманды, 10,9 тонна балық, олардың ішінде 1265 кг бекіре тұқымдас, 256 заңсыз аңшылық объектілер, 514 құқық бұзушылықтар жасалған қару-жарақ, олардың ішінде 208 бірлік атыс аңшылық қаруы, 23 жүзу құралдары алынды.
Браконьерлердің келтірген зиянының жалпы сомасы 6,3 млн-нан астам теңгені құрады.
1724 әкімшілік хаттама толтырылып, сомасы 1 млн. 160 мың теңге айыппұл салынды.
Ағымдағы жылдың басынан ішкі істер органдары 4 мың табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтады 230 заңсыз балық аулау әшкереленді, олардың ішінде 8,5 тоннасы бекіре тұқымдас, 158 киллограм уылдырық, 1700 аулайтын құралдар, 180 жүзетін құралдар, 1800 шаршы метр заңсыз дайындалған ағаштар алынды
Экологиялық қылмыстар фактілері бойынша 288 қылмыстық іс қозғалды, олардың ішінде тергеу және анықтау органдары 180 қылмыстық істі тергеп, сотқа жіберді.
Осыған ұқсас қылмыстардың 139 фактісі анықталды, орман ұрлығы бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды, 4 сеніп тапсырылған бөтен мүлікті «орманды» иеленіп алу немесе ысырап ету, 116 биологиялық ресурстар объектілерін және олардың өнімдерін заңсыз сатып алу немесе сату.
4 мыңнан
астам әкімшілік хаттамалар
"Осы санаттағы
қылмыстық істерді шешу
1.2 Экологиялық қылмыстардың жекелеген түрлерінің қылмыс құрамдарын саралау
Экологиялық қылмыстарға жалпы сипаттама және олардың түрлері Жалпы экология табиғат пен қоғам қатынастарын, адам мен табиғаттың тікелей байланысын, айналадағы табиғи ортаны қорғауды реттейтін құқық ережелерінің жиынтығы болып табылады.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау - ең алдымен адамның өмірі мен денсаулығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз етуге, табиғи ортаға қарсы зиянды іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау және қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді.
Осыған орай Казақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексінің ІІ-тарауы түгелдей экологиялық қылмыстарға арналған. Ескі кодексте мұндай арнаулы тарау болмаған, экологияға байланысты жекелеген баптар «Шаруашылық қылмыстары» деген тараудан орын алған еді.
Жаңа Қылмыстық кодексте экологиялық қылмыс құрамдарының мүлдем мынадай жаңа түрлері тұңғыш рет көрсетіліп отыр: шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы (277-бап); ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы (278бап); микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы (279-бап); жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу (289-бап); жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер (290-бап); ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы (293-бап); экологиялық ластау зардаптарын жою жөніңде шара қолданбау (294-бап);
Жалпы қылмыстық кодекстің бұл тарауыңда экологияға байланысты қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да көптеген баптар бар. Экологиялық қылмыс дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурстары халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттер болып табылады.
Экологиялық қылмыстардың заты - нақты табиғат ресурстары: жер, ауа, жануарлар дүниесі, орман-тоғай, мал т.б. болады.
Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі - қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі - экологиялық қатынастарды реттейтін нақты қоғамдық қатынастар [4, 243 б]
Тікелей объектісінің ерекшеліктеріне байланысты Кылмыстық кодекс ІІ-тарауындағы экологиялық кылмыстар мына төмендегі түрлерге бөлінеді.
Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар - шаруашылық қызметке және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың, бұзылуы (277-бап ыктимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы (278-бап); микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы (279-бап); мал дәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылу (280-бап); экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолдану (294-бап).
Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғаты қылмыстар: суларды ластау, бітеу және сарқу (281-бап); атмосфераны ластау (282-бап); теңіз аясын ластау (283-бап)
Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалан ережелеріне қол сұғатын қылмыстар: Казақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Казақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы (284-бап); жерді бүлдіру (285-бап) жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу (286-бап).
Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелерін қарсы қылмыстар: су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (287-бап) жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу (289-бап); заңсыз аңшылық (288 ап).
Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар: ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (291-бап); ормандарды жою немесе зақымдау (292-бап).
Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар: жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер (290-бап); ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы (293-бап).
Қылмыстық кодекстін 277 -бабында көрсетілген қылмыстың тікелей объектісі шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар: табиғат объектілерін сақтау, қоршаған ортаны жақсарту, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін қатынастар болып табылады.
Осы қылмыстың объективтік жағы табиғи pecyрстарды пайдалану, кәсіпорындарды құрылыстарды және өзге де объектілерді жобалау, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсіп, энергетика көлік пен байланыс объектілерін, ауыл шаруашылық мақсатындағы объектілерін пайдалану, қалалар мен басқа да елді мекеңдерді салу кезінде, әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери және ғарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың аяқталуы үшін жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір ластануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе өсімдіктер жүиесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы арқылы сипатталады.
Заңда осы көрсетілген шаруашылық немесе өзге де қызметті жүргізу үшін экологиялық қауіпсіздіктің мынадай талаптары сақталуы қажет. Жобаны техникалық-экономикалық негіздеу, жобалауды қоршаған ортаны зиянды қалдықтармен ластауды жою шараларын қарастырумен бірге қоршған opтaны пайдаланудың тиімді жақтарын есепке алу қажет; объектілердің орналасуы руда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жақтары, экологиялық, экономикалық, демографиялық процестердің даму ерекшешктерін еске алынуы, ондай-ақ объектілердің құрылысы құзыретті мемлекеттік орган оны жүргізуге арнайы түрде берген рұқсатын алғаннан кейін жүргізу керек.
Обектілер барлық экологиялық талаптар орыңдалғаннан кейін ғана пайдaлануға беріледі; әскери және қорғаныс объектілері, әскери және ғарыш қызметіне қойылатын барлық экологиялық талаптар орындалған соң іске қосылады. Осы қылмыстың объективтік жағы қылмыстық кодекстің 277-бабынң диспозициясында көрсетілген шаруашылық және өзге де жұмыстар, жүргізуге қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы, қылмыстың зардабы және олардың арасындағы себепті байланыс арқылы көрініс табады.
Экологиялық талаптардың бұзылуы орын алғандығы Қазақстан Респуб ликасының «Экологиялық сараптама туралы» арнаулы Заңымен реттеледі.
Қылмыстың объективтік жағының тағы бір қажетті белгісі шаруашылы және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзудың қорша ған ортаның eдәyіp ластануы, денсаулығына зиян келтіруі, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуі немесе өзге де ауыр зардаптардың орын алуы болып табылады.
Қоршаған ортаның едәуір ластануы деп көптеген адамдардың денсаулығына, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің өмір сүруіне қауіп келтіретін залалдарды айтамыз.
Адамның денсаулығына зиян келтіруге бір немесе бірнеше адамға жеңіл орта немесе ауырлықтағы зиян келтірулер жатады.
Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне олардын көптеген аумақтар бойынша сансыз қырғынға ұшырауы жатады.
Қылмыстың субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі - арнаулы, 16 жасқа толған, шаруашылық және өзгеде қызметке қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына жауапты лауазымды немесе лауазымды емес адамдар. Мысалы экологиялық сарапшы
Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылу қылмысының объектісі - экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде aдaмның денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау аясындағы қоғамдық қатынастар, қылмыстың заты - химиялық, радиоактивті, биологиялық заттар. Объективтік жағынан көрсетілген КРІЛмыс ықтимал экологиялық қауіпті химиялық: радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық галаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қаупін төндіру арқылы сипатталады.
Химиялық заттарға - өте жоғары уландыратын, зәрлі, тері-нерв жүйелеріне қатты әсер ететін, тұншықтыратын, тітіркеңдіретін және адам жүйесін зақымдандыратын нәрселер жатады.
Радиоактивті материалдарға - құрамыңда ядролық қосындылар бар заттар жатады. Мысалы, уран, плутоний Т.б.
Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс істеу тәртібі арнаулы құқықтық-нормативтік актілермен реттеледі. Яғни қылмыстық кодекстің 278-бабында көрсетілген норма бланкеттік болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 283 – бабына сәйкес теңіз аясын ластау қылмысының объектісі - теңіз аясының экологиялық қауіпсіздігі. Қылмыстың істелу орны - ішкі теңіз сулары, Казақстан Республикасының аумақтық теңізі және ашық теңіз сулары болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан құрғақтағы көздерден, не адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды, не теңіз аясын заңды пайдалануға кедергі келтіретін затгар мен материалдарды көму немесе оларды көлік құралдарынан немесе тен,ізде орнатылған жасанды құрылғылардан тастау ережелерін бұзу салдарынан теңіз аясын ластау арқылы көрініс табады.
Теңіз суларына араласқан жағдайда адамның денсаулығына, теңіздің жанды ресурстарына, теңіз суларын мaқcaтты пайдалануға қауіп келтіретін, халықаралық шарттар бойынша бақылауға алынған заттар зиянды заттар деп танылады.
Ластау көздері болып зияңды затгарды теңіз аясына тастайтын объектілер жатады. Заңда олар құрғақтағы көздер, көлік құралдары немесе теңізде орнатылған жасаңды құрылғылар деп көрсетілген.
Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды, не теңіз аясын заңды пайдалануға кедергі келтіретін затгар мен материалдарды көму немесе .оларды көлік құралдарынан немесе теңізде орналасқан құрылғылардан тастау ережелерін бұзу болып табылады.
Көму - зиянды затгар мен материалдарды теңізге тастау немесе оларды теңіз суы аясында қалдыру болып табылады. Қылмыс көрсетілген заттар мен материалдарды тастаған yaқытraH бастап аяқталған деп табылады.
Тастауға - зиянды затгар мен материалдарды белгіленген ережелерге қайшы түрде теңіз суы аясына әдейілеп лақтыру жатады.
Теңізде орнатылған жасанды құрылғыларға - теңіз аясында белгілі бір жұмыстарды атқаруға арналған техникалық құрылымдар, бұрғылау қоңдырғылары, теңіздегі құрылыстар және т.б. жатады.
Адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды заттарға - тірі организмді уландыруға, жоюға немесе оларға ауру жұқтыруға қабілетгі улар, мұнай және мұнай өнімдері, спирт, сульфид, хлорлы затгар, тұз және басқа заттар, нәрселер жатады.
Заңда көрсетілген «теңіз аясын заңды пайдалануға кедергі келтіретін» деген ұғымға теңіз жануарларын, балықтарды ұстауға, суды пайдалану үшін тұщылаңдыруды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін жағдайлар жатады.
Қылмыстық кодекстің 283-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыс құрамы формальдық қылмыс жоғарыда көрсетілген ic-әpeкeттepдiң біреуін істеген yaқыттан бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі – 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 283-бабының 2-тармағында адамның денсаулығына, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не басқа да заңмен қорғалатын мүдделерге елеулі зиян келтірген дәл сол әpeкeттep үшін жауаптылық белгіленген.
Елеулі зиянға адамның денсаулығына жеңіл, орта, ауыр жарақаттар келтірілуі, жұқпалы ауруға душар болуы, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесін жоятын, бүлдіретін әpeкeттepдiң орын алуы, балық қорының азаюы, тұқым шашпауы, қоршаған ортаның улануы, бүлінуі, теңіз жағасында зиянды заттардың көбеюінен демалыс аймақтарын Maқcaтты пайдаланудың мүмкіндіктерінің болмай қалуы, оны қалпына келтіру үшін орасан материалдық және қаржы қаражатының қажет болуы жатады. Келтірілген зиянның елеулі немесе елеулі еместігін нақты жағдайларға қарап сот анықтайды.

- Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау Қауіпсіздік техникасы
- Қосалқы станцияның жүктеме графигін тұрғызу
- Қостанай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары
- Қосылған құн салығы
- Қосымша
- ҚР бағалы қағаздар нарығы
- ҚР бағалы қағаздар нарығы
- Қорларды жіктеу және бағалау
- ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Қорлар есебі жайлы толық курстық жұмыс
- Қорлар жайлы түсінік және жіктелуі
- Қорлар қозғалысының есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері
- Қор нарығы
- Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу