ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері



Мазмұны

 

 

Кіріспе……………………………………………………………...…..…………...3

1 Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен   құрылымы…………………………………………………………...............……5

1.1  БҰҰ-ның Жарғысы…………………………………………………...…………5

1.2  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы………………….…….………5

1.3 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы……………………........................7

1.4  Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті…………...........7

1.5  Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы………………….………8

2 Қазақстан мен БҰҰ-ның Арнайы Мекемелері………………..........9

2.1  Қазақстан мен  БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)…………….….........9

2.2  Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО) ………………………........10

2.3  Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)…………………........11

2.4  Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)……………………………………….........12

2.5  Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)…………………………….........13

2.6  Қазақстанмен БҰҰ- ның ӨДҰ (ЮНИДО) ……………………………….......14

3 ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ Біріккен Ұлттар Ұйымы…………………….........15

3.1  Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазакстанның қызметі…………………......15

3.2  ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері……………………….......21

Қорытынды………………………………………………………………….......30

ҚОЛДАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі…………………………………….......32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

              Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар.

Өзектілігі: Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым.  Қазақстан Республикасы үшін БҰҰ – мен бірлесіп әрекет етуі – еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. АҚШ президенті Франклин Рузвельт ұсынған «Біріккен Ұлттар» атауы, алғаш рет бірінші қаңтар 1942 жылы «Біріккен Ұлттар Декларациясында» қолданылды, бұл кезде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы жиырма алты мемлекеттің өкілдері, өз мемлекеттерінің атынан соғысқа қарсы бірігіп күрес жүргізетіндерін хабарлады.

              Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы 1945 жылы 25 сәуір мен 25 маусым айлар аралығында Сан-Франциско қаласында өткен «халықаралық ұйымды құру» жөніндегі Біріккен Ұлттар конференциясында 50 мемлекеттің өкілдерімен дайындалды. Конституциялық құжат болып табылатын Жарғы - халықаралық ұйым ретіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін реттейді және әр түрлі салалар бойынша жүргізілетін барлық қатынастарда мемлекеттердің жүріс-тұрысын бақылап, қадағалауда басты роль атқарады.

              Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы –халықаралық құқықтың жалпы мақсаттары мен қағидаларын анықтайтын, әскери, экономикалық, әлеуметтік, мәдени қатынастардағы мемлкеттің жүріс-тұрысының кодексі болатын, барлық мемлекеттер үшін міндетті халықаралық құжат.

              Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми түрде 1945 жылдың 24 қазанынан бері қызмет жасайды. Оны құрып, негізін салушылар деп АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Кеңес Одағы мемлекеттері аталды. Жыл сайын жиырма төртінші қазан Біріккен Ұлттар Ұйымының күні деп тойланады.

              Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары төмендегідей:

              - Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

              - Халықтар теңдігі қағидасы негізінде ұлттар арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту;

              - Экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуге көмектесу;

              - Осы аталған мақсаттарға жетудегі ұлттардың іс-әрекеттерін біріктіретін орталық болу.

              Біріккен Ұлттар Ұйымы мынадай қағидаларға сай қызмет жасайды:

              - Оның барлық мүшелері тәуелсіз теңдікке ие.

              - Мүшелердің барлығы Жарғыдағы міндеттемелерін толық әрі дұрыс орындаулары тиіс. 

              -Олар өздерінің халықаралық дауларын бейбітшілік құралдарымен шешулері тиіс.

              - Басқа мемлекетке қарсы қару қолдану ойынан аулақ болулары тиіс.

              Жұмысымның мақсаты таңдаған тақырыптың – БҰҰ-дағы Қазақстанның қызметін ашу, еліміздің БҰҰ даму бағдарламаларын жүзеге асырудағы ролі, белсенділігіне қатысты өзекті мәселелерді толық қамтып оларға тоқталып кету:

              Осы мақсатқа  жүту барысында жұмыстың негізгі міндеттері анықталды олар төмендегідей:

              - Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуына ұйытқы болған тарихқа тоқталу;

              - Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамын ашып көрсету; оның қызметіне тоқталу;

              - Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысының қабылдануы, бас ассамблеясының өкілеттігін көрсету, бас хатшысының  қызмет бабына тағайыналуын қарастыру;

              - Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемелерінің  еліміздегі атқарып жатқан қызметі, олардың бағдарламалары назар аудару;

              - Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның қызметі жайлы тарихи маңызды аспектілеріне тоқталып оларға сипаттама беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен құрылымы

 

1.1 БҰҰ-ның Жарғысы

 

БҰҰ-ның негізгі документі ол - оның Жарғысы. Оның жобасы 1944 жылы тамыз-қазан айларында Думбартон-Оксте(Вашингтон) КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай өкілдері қатысқан конференцияда жасалды. Жарғы Сан-Франциско конференциясында дайындалып, 1945 жылы 26 Маусымда оған 51 мемлекеттің өкілдері қол қойды.Жарғы 1945 жылы 24 қазанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Сан-Франциско конференциясында қатысқан мемлекеттердің көпшілігі ратификациялауы-на байланысты күшіне енді. БҰҰ-ның Жарғысы кіріспеден және 19 тараудан тұрады. Жарғы бойынша БҰҰ өз міндетін орындауы үшін оның мүше-лері мына принциптерді басшылыққа алуы қажет: барлық барлық мүшелердің дербестік теңдігі; ұлы державалардың бірауыздылығы; барлық мүшелердің халықаралық талас мәселелерді бейбіт келіс сөз арқылы шешу; ұйым мүшелерінің халықаралық қатынастарда күш көрсету саясатынан және қандай елдің болмасын территориялық тәуелсіздігіне немесе саяси бостандығына қарсы күш қолдану саясаттан бас тартуы; барлық мушелерді БҰҰ-ның Жарғысы бойынша жүргізген іс-әрекетін, бейбітшілікке қауіп төнген, не ол бұзылған жағдайда төтенше жүргізген шараларды қолдауы; басқа елдің ішкі ісіне БҰҰ-ның қол сұқпауы. Жарғы бойынша БҰҰ мүшелігіне тек бейбітшілік сүйгіш дербес мемлекеттер кіре алады. БҰҰ мүшелерінің Ұйымнан шығуына хақысы бар.                

 

1.2  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы

 

              Ол БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы тең құқылы түрде Бас ассамблеяны құрайды. Мүшелерінің әрқай-сысы  1 дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағлшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Ассамблея халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ, бүкіл мәселе бойынша мүдделі мемлекттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға өкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне жолдай алады. Сонымен қатар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қатеріне салуға құқы бар (БҰҰ Жарғысы, 11-, 13-бап). Осы баптарға сәйкес, Бас ассамблея экономикалық-әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы халықаралық ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәремдесу мақсатымен, сондай-ақ, халықаралық прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан келтіруі ықтимал шараларды жоюды ұсынады.[1]

Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның басқа да органдарыныңжыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға, БҰҰ бюджетін қарап, бекітуге міндетті, сонымен қатар, мамандандырылған мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас Ассамблеяның Жарғының 18-бабында атап көрсетілген маңызды мәселелер боынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің басым көпшілігінің дауысымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілігі басым көпшілік дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Бас Ассамбпеяға БҰҰ-ның барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт.

Бас Ассамблея жыл сайын, әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас хатшы шақырады.

Әр сессияда төраға және оның 21 орынбасары сайланады. Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағаларына сайлана алмайды. Бұған қоса екі процедуралық комитет құралады, құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің төрағалары енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін белгілеумен, Бас Ассамблеяның барлық комитеттерінің қызметін үйлестірумен, ал екінші комитет өкілеттіліктерітексерумен айналысады.

Бас Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің мынадай міндеттері бар: Бірінші, комитет саяси мәселелермен және қарусыздандыруды қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелермен, Арнаулы саяси комитет Бірінші комитетке қатысты мәселелермен; Екінші комитет экономикалық және қаржы мәселелермен; Үшінші комитет әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші комитет Қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын территорияларға жәрдемдесу мәселелерімен, Алтыншы комитет құқықтық мәселелермен айналысады. Сонымен қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер жөніндегі Кеңесі және Жарналар жөніндегі комитетібар. Бас Ассамблея өзінің қызметтік міндетін толық жүзеге асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша органдарды құру мүмкіндігіне ие.

              Бас Ассамблеяның функциялары мен құзыреттері:

              1.Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы қатынастардың басты қағидаларын қарастыру.

              2.Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты барлық сұрақтарды реттеу, олар бойынша өз ұсыныстарын әзірлеу. Қауіпсіздік кеңесі қарастырып жатқан мәселелер бойынша, егер Қауіпсіздік кеңесі өзі ұсыныс білдірмесе, араласа алмайды.

              3.Біріккен Ұлттар Ұйымының кез келген органдарының құзыреттері мен функциялары бойынша сұрақтарды шешу.

              4.Қауіпсіздік кеңесінің баяндамаларын алып, тыңдау.

              5. БҰҰ-ң бюджетін бекіту.

              6.БҰҰ-ң Бас хатшысын бес жылға сайлайды. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелерін, экономикалық және әлеуметтік кеңестің мүщелерін, Қауіпсіздік кеңесімен біріге отырып, халықаралық соттың судьяларын сайлайды.             

 

 

1.3  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы

 

     БҰҰ-ның Бас хатшысы БҰҰ хатшылығының күнделікті жұмысына басшылық жасайтын лауазым иесі. БҰҰ Бас хатшысын Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайды. Мерзім тағы да 5 жылға созылуы мүмкін. БҰҰ-ның Бас хатшысы жыл сайын Бас Ассамблеяда БҰҰ-ның әр саладағы қызметі туралы баяндама жасайды, БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға қатысады. Ол әкімшілік қызметімен және күнделікті жұмыстарды басқарумен қатар, БҰҰ-ның басқа да органдарының шешімдерінің орындалуын қадағалайды, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін екз келген мәселені Қауіпсіздік Кеңесінің назарына қояды, мемлекеттер арасындағы шиеленісттерді шешудің бейбіт жолдарын ұсынады. БҰҰ құрылғалы бері Бас хатшылар: Т. Ли (Норвегия, 1946 - 53), Д. Хаммаршельд (Швеция, 1953 – 61), У. Тан (Бирма, 1961 – 71), К. Вальдхайм (Австрия, 1972 – 81), Х. Перес де Куэльяр (Перу, 1982 - 91), Б. Бутрос Гали (Египет, 1992 - 96), Кофи Аннан (Гана, 1997-2006) болды. Қазір Бас хатшылықты 2007 жылдың 1қаңтарынан бері корейлік Пан Ги Мун атқаруда, саны жөнінен сегізінші хатшы болып табылады.

 

1.4  Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті

 

     Ол – БҰҰ-ның ақпараттық мекемесі, Бас Ассамблеяның 1946 жылғы жазғы сессиясында құрылған. Мақсаты - әлем халықтарын БҰҰ-ның қызметі және ұйымдық мәселелері туралы толыққанды ақпаратпен қамтамасыз ету. Штаб-пәтері Нью-Йоркте. Департамент БҰҰ-на мүше мемлекеттердің 80-нен астам қалаларында өз бөлімшелерін ашқан. Олар БҰҰ-ның қызметін халыққа танытумен қатар, жергілікті тұрғындардың назарын әлемдік мәселелерге аударумен айналысады. 1993 жылы қаңтарда департамент өз бөлімін Қазақстанда да ашып, қоғам өмірімен, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен, оқу мекемелерімен, іскер топтармен және бұқаралық ақпарат орталықтарымен байланыс орнатты. Ол республикадағы мерзімді басылымдарға ұйым қызметі туралы хабарламаның бағдарламалар жасауға көмектеседі, Бұұ-ның республикаға келген сапаршы мамандарымен, ресми тұлғалары мен конференциялар, кездесулер ұйымдастырылды. Аталмыш құрылым Қазақстан жұртшылығының БҰҰ-ның қызметі жөніндегі ой-пікілерін штаб-пәтерге хабарлап отырады және БҰҰ-ның ресми құжаттарының республикадағы бірден-бір дерек көзі болып табылады. 

 

 

1.5  Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы

 

     БҰҰ-ның дамыту бағдарламасы – аса ірі қаржыландырушы ұйым. Әр түрлі даму шараларына, сондай-ақ, БҰҰ-ның дамыту ісін үйлестіріп отыратын негізгі органдарына қаражат бөледі. Мақсаты – нашар дамыған елдерге жә-не шаруашылық жүргізудің жоспарлы тәсілінен нарықтық экономикаға көшкен мемлекеттерге жәрдемдесу.[2] Бағдарлама негізінен: 1.Адамды жанжақты және орнықты дамытып, жеке мүдделерді ардақтау бағытында жүйелі де пәрменді күш жұмсау. 2.Жеке адамды орнықты дамытудың негізгі мақсаттарына, кедейшілік проблемаларын жоюға, жұмыс орнын ашып, баянды тұрмыс ахуалын қалыптастыруға, әйелдердің жағдайларын жақсартуға, табиғи ортаны қорғауға арналған өзіндік ресурстарды шоғырландыру. 3.Ең сенімді тіректі рөлін атқара отырып осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту міндеттерін атқарады. 1993 жылы қарашада Қазақстанда ұйым өкілдігі ашылды. 5 жылда 4,3 млн. Доллардың жобалары іске асырылды. Осы жобалар аясында жергілікті проблемалардың шешімін тауып, мысалы, электр станцияларын салу жөніндегі келіссөздер өткізу, уақыт талабына сай әлеуметтік-ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілді. Жұмыссыздар үшін оқу курстарын ашу шаралары қолға алынды. Макроэкономика мәселелері бойынша кеңесшілік қызмет (құны - 300000 АҚШ доллары) көрсетіліп, мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру ісін тиімді өткізуге жәрдем берілді. Әсіресе, осы ұйымның қолдауымен 1993 жылы су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының балаларына көмек (құны – 25000 АҚШ доллары) беріліп, баспанасыз қалған тұрғындарға қамқорлық жасалды. БҰҰ-ның дамыту бағдарламасы Қазақстан Президентінің әкімшілігімен, Үкіметпен, Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып, келешекте де тиімді басқаруды, кедейлікке қарсы күресу, әлеуметтік саланы дамытуды, табиғи ортаны қорғауды, т.б. шараларын ұйымдастыруға жәрдемдесе беруді көздейді.

 

 

 

 

 

2 Қазақстан мен БҰҰ-ның Арнайы Мекемелері

2.1  Қазақстан мен  БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)

 

      1965 жылы құрылған  Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту Бағдарламасы (ПРООН) өзіннің Қазақстанмен ынтымақтастықтағында басты назарды ұлттық мамандарды дайындауға, нарықтық реформаларды іске асыруға, экономикамыздың әр түрлі секторларындағы жаңа құрылымдары жөнінде консультативті көмек көрсетуге аударады.

      Қазіргі уақытта БҰҰ Дамыту Бағдарламасының кеңесшілері мен сарапшылары Қазақстан өкіметіне еліміздегі жүргізіліп жатқан бірнеше ірі ұлттық бағдарламалды іске асыруға көмек көрсетуде, оларға: Ұлттық Жекешелендіру Бағдарламасы, Қоршаған Ортаны Қорғау мен Қалыпты Даму Әрекеттерінің Ұлттық Жоспары, Әйелдер Жағдайларын Жақсарту Әрекеттерінің Ұлттық Жоспары, Әлеуметтік Даму Әрекетте-рінің Жоспары, Салауатты Өмірді Қалыптастыру Бағдарламасы, ж.т.б

      1993 жылдан бастап, БҰҰ Дамыту Бағдарламасы Қазақстан өкіметіне нарықтық реформаларды іске асыруға, экономикамыздағы әр түрлі салалары мен еліміздің барлық аймақтарына нақтылы көмек көрсетеді.

      Қазіргі таңда Қазақстандағы бірнеше экономикалық пен саяси рефор-малардың іске сәтті асырылғандығы есепке алынып, еліміздің ары қарай дамытуының приоритетті бағыттары анықталды, ең маңыз-ды мәселелерді шешуге бірлескен күштердің орталықтандырылған әрекеттері жұмыс істеуде, олардың ішінде:

  • Әлеуметтік салада – еліміздің білім беру мен ғылым жүйесін жаңарту, жұмыссыздар мен халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға нақтылы көмек көрсету.
  • Экономика саласында – еліміздің шағын және орта кәсіпкерлігін дамытуына, өңдеу өңдірісінің тұрақталуына, ауыл шаруашылығына, транспорттық инфрақұрылыы мен саудаға көмек көрсету.
  • Экологиялық салада – Семей полигонының ауданы мен Арал бассейіні маңынын реабилитациясы, Каспий аймағындағы ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауға көмек көрсету.

      Жақын арада Қазақстан мен БҰҰ Дамыту Бағдарламасы арасында-ғы ынтымақтастық шеңберінде бірнеше жаңа бағдарламаларының іске асырылуы қарастырылуда, олардың ішінде:

  • Әлеуметтік Даму Бағдарламасы
  • Еліміздің демократияландыруы мен мемлекеттік басқару жүйесің нығайту Бағдарламасы
  • Қалыпты даму мақсат-да қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы

Жалпы қарастырып алғанда, Орталық Азия мемлекеттері арасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту Бағдарламасының Қазақстандағы жұмысы ең табысты болып саналады.

2.2  Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО)

 

      Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім Беру, Ғылым және Мәдениет Мәселелері жөнінддегі Ұйымына (ББҒММҰ) 1992 жылдың мамырында кіріп, оның келесідей Конвенцияларына қосылды:

  • Білім берерлік, ғылыми және мәдени материалдардың кіргізілуі туралы Келісім, оның А және Е толықтаулары мен 1950ж Протоколы
  • Авторлық Құқық жөніндегі Әлемдік Конвенциясы, ХІІІ Бапқа жататын Декларация мен ХІ Бапқа жататын Резолюция
  • Әскери жанжал кезінде мәдени құндылқтарды қорғау туралы Конвенция, оның 1954ж Атқарушы Регламенті мен Протоколы
  • Әлемдік мәдени және табиғи мұралар-ң қорғалуы тур/ы Конвенция
  • Еуропа елдері аймағының ғылыми дәрежелерің, жоғарғы білім туралы дипломдарың мен оқыту курстарын мойындау Конв-сы, 1979ж
  • Азия мен Тынық Мұхит елдерінің ғылыми дәрежелерінің, жоғарғы білім туралы дипломдарың, оқыту курстарын мойындау Конв-сы, 1983ж
  • Еуропалық аймаққа жататын ғылыми квалификацияларың, оқыту курстарын мойындау туралы Конвенциясы, 1997ж

      ББҒММҰ Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы ерекше мәдени, тарихи, рухани орталық ретінде мойындап, оған барынша көніл бөлуде. Нақтылы үлгілерге мынаны жатқызуға болады: ББҒММУ Абайдың 150 жылдығының, М. Әуезов пен Қ. Сәтбаевтың 100 жылдықтарының, М.Х. Дулатидің 500 жылдығының, Түркістан қаласының 1500 жылдығының, Тараздың 2000 жылдығының және жақында өткен Махамбеттің 200 жылдығының салтанаттарына белсенді қатысты. Осы салтанаттардың өткізілуің БҰҰ-ның каленьдарына орналатқан.

      Осымен қатар, ББҒММҰ  «Қазақстанның мәдени жәңе табиғи мұра объектілерінің алдын ала Тізімін» қабылдаған, оған ерекше аталынып кеткен Хожа Ахмет Яссауи Кесеңесі кірген.

      2001 жылдың тамызында Қазақстанға ББҒММҰ – ның Бас Хатшысы К. Мацура келіп, Еуразиялық Университетте Отрар кітапханасың қайта қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды қабылдау туралы келісімдерге қол қойған.

      Қазақстан ББҒММҰ – ның екі аймақтық бастамаларының құрылтайшысы болып тұр. Оларға біз:

  • Орталық Азиядағы Зерттеулердің Халықаралық Институты
  • Көшпенді Өркениеттердің Халықаралық Институты

 

2.3  Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)

 

    Кеңес Одағының құлауы мен Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа енуіннен бастап, еліміз бүткіләлемдік есірткілердің заңсыз айналу үрдісінің мәселелерімен соқтырылды.

    Глобализацияға бағытталған тенденциялары мен транспорттық инфрақұрылымының дамуы – еліміздегі есірткілердің контрабандасың да бірге дамытқан. Осыған себеп болғаны:

  • Географиялық орналасуымыз, яғни әлемдік есірткі өңдіру орталық-тары мен тасымалдау жолдарына жақындығымыз.
  • Өтпелі заманның экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани салаларына әкелген өзгерістері мен қиыншылықтары,
  • Аймақтағы геосаяси өзгерістер, өткір саяси шиелінстер мен әскери жанжалдар және т.б

    Бүткіл Орталық Азия мен бұрынғы КСРО елдеріндегі есірткі бизнесінің гүлденуі – Қазақстандағы есірткілерді бақылауының жағдайың да шиелендірді.  Еліміздегі есірткі заттарының заңсыз пайдалануы мен олардың заңсыз айналуы кең етек алып, экономикамызға, құқылық тәртібімізге, ұлттың денсаулығы мен геноқорына, жалпы қоғамдағы әлеуметік – психологиялық атмосферамызға кері әсер етуде.

     Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткілерді Бақылау жөніндегі Халықаралық Бағдарламаның (ЮНДКП) көпжылдық тәжирибесің ескерте отырып, Қазақстан Республикасы аталған ұйыммен есірткілердің заңсыз пайдалануы мен айналымы саласында ынтымақтастықты орнатып, белсенді дамытуда. Бұл ұйым есірткілерді бақылаудың халықара-лық қызметінің бағытталуында шешуші рөлді атқаруда.  Біріккен Ұлт-тар Ұйымының қата құру шеңберінде, ЮНДКП  Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның Халықаралық Қылмысты Алдын Алу Орталығымен (ЦПМП) біріктірілгеннің нәтижесінде -  Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі Заттарды  Бақылау мен Қылмысты Алдын Алу Басқармасы (ЕЗБҚААБ) құрылған.

     Қазақстан Республикасы мен  Біріккен Ұлттар Ұйымының ЕЗБҚААБ арасындағы ынтымақтастықтың негізі ретінде, 1996 жылдың 4 мамырында Ташкенттегі өткен Орталық Азия елдерінің есірткілердің өңдірісінің, заңсыз айналымының, таратылымының мен психотропты заттар мен прекурсорлардың бақылауы жөніндегі Меморандумға еліміздің сыртқы істер министрінің қол қоюы болды.

    Қазақстан Республикасы бұл салададағы  Біріккен Ұлттар Ұйымының үш негізгі Конвенцияларына да қол қойған. Олар:

  • Есірткі Заттар жөніндегі 1961 жылғы Бірыңғай Конвециясы мен 1972 жылдың Протоколы
  •   Психотропты Заттар жөніндегі 1971 жылғы Конвециясы
  •   Есірткі Заттары мен Психотропты Заттардың Заңсыз Айналымына қарсы 1988 жылғы Конвенциясы

     Біріккен Ұлттар Ұйымының ЕЗБҚААБ ұсыныстары бойынша, Қазақ-стан Республикасының «Есірткі заттар, психотропты, прекурсорлар мен олардың заңсыз пайдалануы мен айналымына қарсы ету шаралары ту-ралы» Заң қабылданған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2000-2005 жылдары арасында Наркомания мен Наркобизнеске Қарсы ету Стратегиясың қабылдаған. Оның негізін-де әр жылда Наркомания мен Наркобизнеске Қарсы ету Мемлекеттік Бағдарламасы жасалынады. Республикамыздың Ішкі Істер Министрлі-гінде де, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде де, басқа да құқылық тәртіпті сақтаушы органдарда есірткілерге қарсы ету арнайы басқармалары мен бөлімшелері құрылған. Аталған мекемелердің басқа мемлекеттер мен Интерпол сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы белсенді түрде, үлкен қарқынмен дамуда.

 

2.4  Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)

 

    1993 жылдың Желтоқсанында республикамыздың «Ядролық Қаруды Таратпау жөніндегі Келісімге» қол қоюы – оның 1994 жылдың 14 Ақпанында Атомдық Энергия жөніндегі Халықаралық Агенттікке (АЭХА) 121 мүшесі ретінде кіруге жағдай жасаған. Келісім шарттарына сәйкес 1994 жылдың 26 маусымында Алматыда  Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасында «Ядролық Қаруды Таратпау жөніндегі Келісімге» байланысты «Гарантияларды қолдану туралы Келісімге» қол қойылып, 1995 жылдың шілдесінде  Қазақстан Республикасы Президентінің Үкімімен жарияланған.

    Келісімге сәйкес республикамыздың барлық ядролық қызмет АЭХА гарантиялары астында. Еліміздің белсенді ядролық объектілеріне: Ақтаудағы Маңғышлақ Атомдық энергокомбинатының БН – 350 реакто-рына, Өскемендегі «Үлбі Металлург Зауытына», Курчатов қаласындағы және Алатау кентіндегі Ұлттық Ядролық Орталықтың зерттеу реактор-ларына және республикамыздың басқа да ядролық объектілеріне АЭХА инспекциялары жиі өтуде. Инспекциялардың мақсаты -  Қазақстанның ресми мәлімдеген ядролық материалдардың саның мен сақтау жағдай-ларың тексеру (верификациялау)

    АЭХА – ның өз мүше-елдерімен техникалық ынтымақтастық бағдар-ламасы атомдық энергияның және ядролық-физикалық технологилар-дың қауіпсіз мақсаттарына пайдалану денгейінің жоғарлауына, қорша-ған ортаны қорғауына, өңдірісте, ғылымда, әлеуметтік салада жаңа ілгерішілді әдістердің пайда болуына бағытталған.

     Қазақстан Республикасының АЭХА – ның техникалық ынтымақтас-тық бағдарламасына қатысуы – елімізге қазіргі замаңғы ядролық тех-нологияларға, олардың өмірдің кез-келген облыстарында қолданылуына, сәйкес ақпараттарды алуға жол беріп, еліміздің ядро-лық энергияның мен ядролық-физикалық технологилардың бейбіт мақсаттарында пайдаланылуының қауіпсіздік деңгейін әлемдік деңгей-ге жеткізуге мүмкіндік береді.

    Бұл бағдарлама арқылы және жалпы АЭХА – мен ара қатынасу ар-қылы республикамыздың халықаралық ғылыми байланыстарымыз е-дәуір кеңейтіліп, Қазақстанның халықаралық көрінісің де жоғарлатады.

    Соңғы жылдары ішінде АЭХА – ның бірнеше жобалары шеңберінде бұл ұйымның Қазақстанға жұмсалатың қаржы-қаражатның басым бөлі-гі елімізде шығарылатың жаңа құралдар ман технологияларды сатып алуға жұмсалады. Бұл еліміздің ғылыми дамуына пайдалы әсер етеді.

 

2.5  Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)

     

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссарының Босқындар Ісі жөніндегі Басқармасы (БҰҰ ЖКБІБ) Тәжікстандағы азамат соғысы салдарымен байланысты Орталық Азияда 1993 жылдың ақпанынан бастап қызмет етуде. ЖКБІБ – сы Душанбе мен Ташкенттегі өз өкілеттіктерің ашып, тәжік босқындарының Ауғанстаннан репатриациялауға және отанына оралған соң, бұрын тұрған аймақтарына реинтеграция-лауға нақтылы шаралар жүргізген.

    ЖКБІБ Қазақстан Республикасындағы өз өкілеттілігін тек 1995 жылда ашқан. Оның негізгі міндеттеріне:

  • БҰҰ ЖКБІБ – ның мандат асты босқындарына халықаралық қорғау мен гуманитарлық көмектің көрсетілуің қамтамасыз ету.
  • Қазақстан Республикасындағы босқындар мәселелеріне қатысты барлық мемлекет емес ұйымдармен қатар мемлекеттік құрылымдардың потенциалын дамытып, оны мүмкіндігінше тікелей қолдау.

    Қазіргі кездегі БҰҰ ЖКБІБ – ның  Қазақстан Республикасындағы қызметі негізінен екі бір-бірімен тығыз байланысқан компоненттерден тұрады. Бұл компоненттер негізінде ЖКБІБ – ның барлық бағдарламалары іске асырылады. Оларға біз:

1.                  Дәстүрлі емес қызмет: ең қажет  ететін босқындар мен олардың жаңұяларына шектелген материалды және медициналық көмекті көрсету. Осы облыстағы бағдарламалар республикамыздың мемлекеттік те, мемлекеттік емес ұйымдары да арқылы іске асырылады.Сонымен қатар, ЖКБІБ – сы тәжік босқындарының отанына ерікті түрде оралуына арналған бағдарламаны асырады. ЖКБІБ мәліметтері бойынша -   Қазақстан Республикасында 17-20 мың босқындар бар. Олардың көбісі Ауғанстаннан, Тәжікістаннан, Шешенстаннан,  Ираннан келген.

ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері