12 жылдық білім берудегі

Мазмұны

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

 

І. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы..............................6

1.1 12 жылдық жалпы орта білім  берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері....................................................................................................................8

1.2 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық  астарлары.................14

1.3 Жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары........................17

1.4 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу  қажеттіліктерін айқындайтын факторлар..18

 

ІІ. 12 жылдық білім беруге көшу барысында эксперимент сыныптарында математика пәнінің ерекшеліктері......................................................................20

2.1 Математика пәнін жаңаша оқытудың  кейбір мәселелері................................25

2.2 Математика сабағында деңгейлеп,  саралап оқыту технологиясы..................26

2.3 Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі..............................31

 

Қорытынды..............................................................................................................36

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қоғамның дамып өркендеуіне  байланысты қазіргі таңда білім  саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол  ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл моделі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл – соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұнның, жоғары деңгейде білім беру қажет. Осындай өзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде. Ендеше біз де, әлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылуымыз қажет. Еуропа Кеңесінің Декларациясына (1992)сай дүниежүзінде 136 мемлекетте 12-жылдық білім жүргізілуде, оның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Финляндия. ТМД елдерінен Украина, Өзбекстан, Балтық мемлекеттері көшті. 12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. 12 жылдық білім беру ерекшелігі: • Білім беру парадигмасының өзгеруі: Білім,білік,дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан -құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу. • Оқушылардың денсаулығын сақтау проблемасы • Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру • Білім сапасын арттыру • Отандық құжаттарымызды шетел мемлекетерінің талаптарына сәйкестендіру: Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. 12 жылдық мектепте оқытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады: - жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі; - күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы; - ашықтығы; - интерактивтігі. 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады: - жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі; - күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы; - оқытудың сабақтастығы; - әрбір оқыту сатысының даралығы; Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мәселелерге аса көңіл аударылып отыр: 1.Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі. 2.Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын әдіс-тәсілдерінің оқушылармен жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы. 3.Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын әрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу әрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі. 4.Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау. 5.Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дәстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі. 6.Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тәжірибе әдістерін ұтымды жерінде қолдана білу шеберлігі. 7.Сабақ мерзімінің 30-35 минуттан аспауы. 8.Мұғалімнің оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану және оған талдау жасау шеберлігі. 9.Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі. 12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда қазақстандық білім беруді реформалаудың стратегиялық мақсатын: білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға, «баршаға білім беру» үлгісінен» әрбір адамға өмір бойында білім беру» үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.

Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты  қоғам өмірінің    барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі. 

Президентіміз Нұрсұлтан  Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық» дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізін мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.

Осыдан-ақ, мемлекетіміздің  өркениетті елдер қатарына ұмтылуына  байланысты әлемдік білім кеңістігіне  кіру қажеттігі туындап отырғанын  көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен  құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.

Қазіргі таңда қоғам  алдына қойылып отырған басты  міндеттердің ең бір өзектісі-бүкіл  әлем жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.

Еліміз 12 жылдық орта білім  беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын  шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне суйенуде. 12 жылдық  орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарын жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін керек етеді.

Осылардың негізінде  ғана 12 жылдық орта білім бағдарламаларын, сапалы оқулықтарды, оқушылар белсенділігін тудыратын жаңа технологияларды, әдістемелерді, көмекші құралдарды яғни, оқу-әдістемелік кешендерді өз дәрежесінде дайындау мүмкіндігі тумақ.

Орта білім беру жүйесін  жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі.

Бүгінгі әлемдегі елдер  мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет  бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол  жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін  мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көп тілділікті қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күнде жалпы  орта білім беретін мектеп - жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағына экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Мұндай өнімді және нәтижелі, сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етеді.

Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі. Осыған орай, менің курстық жұмысымның тақырыбы:

«12 жылдық білім беру жүйесіндегі математика» - деп аталды.

Курстық жұмыстың мақсаты – әлемдік білім стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін іс жүзінде көрсетуге, өзін-өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайын, өз мүддесін іскерлікпен ұштастыра білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.

Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары», Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі» Тұжырымдамасы.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы

 

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады.

Бұл Тұжырымдама Қазақстан  Республикасының «Білім туралы» Занына; «Казақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына»; Қазақстан Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы-на; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Казакстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың каркынды жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

Жоғары динамикалы, жаһандану  дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әлаукаттылығына, оның икемділігінё, жасампаздык іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.

Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі — өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кендігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке қызығушылығының  басымдығы.

Қазақстандық жалпы  орта білім мазмүны оқушының өмірдегі құзыреттілігі үшін жеткіліксіз  болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім  мазмұнының артық ақпараттылығы  оқушының окуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына себепші болады.

Мектеп бітірушінің  әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты  өзгерістерді ескере отырып, қоғам  өміріне еркін енуіне дайындығын камтамасыз ететін жалпы орта білімді  дамытудың каркынын арттыру кажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

Оқушыны тұлғалык дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физио-логиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің  рөлін күшейтудің маңызы зор.

Тұжырымдаманың мақсаты  — 12 жылдық мектеп жағдайында Қазакстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.

Тұжырымдаманың міңдеттері:

- 12 жылдық мектептегі  білім беру максатын, міндеттерін,  құрылымын, мазмұнын және оку-тәрбие  процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;

- 12 жылдық білім беруге  көшудің қаржылык-экономикалық негіздемесін  дайындау;

- Тұжырымдаманың күтілетін  нәтижелерін анықтау.

Тұжырымдама төмендегі  бөлімдерден тұрады:

- Әлемдік үрдістер  мен отандык тәжірибеге сүйене  отырып, 12 жылдык жалпы орта білім беруге көшудін негіздемесі.

- 12 жылдық жалпы орта  білім берудің мақсаты мен  күтілетін нәтижелері.

- Жалпы орта білім  беру құрылымы.

- Білім беру мазмүнын  жаңартудың негізгі бағыттары.

- Білім беру процесін  үйымдастырудың ерекшеліктері.

- Педагогикалық кадрлар.

- Білім берудің күтілетін  нәтижелерін бағалау жүйесі.

- Жалпы орта білім  беру жүйесін басқару.

- 12 жылдық жалпы білім  беру тұжырымдамасын іске асыру  жағдайлары.

Әлемдік және отандық  тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі

Білім беру жүйесіндегі  өзгерістерге негізделген әлемдік  дамудың негізгі үрдістері мыналар  болып табылады:

- қоғам дамуынын карқындылығы;

- постиндустриалдық,  ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық  өзара қатынас ауқымының кеңеюі;

- халықаралык ынтымақтастык,  нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық  проблемалардың туындауы және  өсуі;

-  қоғамның демократиялануы;

- экономиканың қарқынды  дамуы, бәсекелестіктің өсуі;

- адам капиталы мәнінің артуы.

Осыған сәйкес дамыған  елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұның құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер байқалып отыр.

Оқытудын дәстүрлі өнімсіз  стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын  қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік  білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп сонғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды.

Олардың ішінде мемлекеттік  жалпыға міндетті білім стандарттарының  әзірленуі және енгізілуі, кредиттік  технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудін енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жүмыстар басталды.

Бірақ қол жеткен жетістіктер  адам капиталының дамуы мен орнықты  экономикалық есуді толық камтамасыз ете алмайды.

Қазақстанның білім  беру жүйесінің даму деңгейіне кері ыкпал ететін мынадай факторлар  қалып отыр:

- Орта білім беру  жүйесінде диагностикалық мақсаттылыктың  болмауы.

- Білім берудің жеке  тұлғаның дамуына емес, формальды  нәтижелерге бағдарлануы.

- Оқу жетістіктерін  бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамта-масыз етпейтін  және қиындық тудыратын жағдайға  душар ететін ескірген жүйенің  сақ- талуы.

- Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік  касиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі аныктау мотивтерінін болмауы, өзіндік кызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.

Қазақстан қоғамының  қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім  кеңістігіне кірігуі Қазақстан  Реслубликасының жалпы орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтканда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді.

Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір  халықаралық білім беру стандарты  қалыптасты.

Еуропа кеңесінің (1992 ж.) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда.

Олардын ішінде дамыған  еддерден: АКШ., Жапония, Германия, Франция  және т.б. ТМД елдерінен 12 жылдык окыту  мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері таңдады.

Қазақстанның 12 жылдық. білім  беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялык міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік  береді.

 

1.1 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері

 

Қазақстандағы білім  беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болған да осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан  Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді. 12 жылдық білім берудің методологиялық  негіздеріне орай, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар болып табылады:

- мектепте білім берудің  мазмұнын қазіргі қоғам қызметінің  серпінді құрылымымен сәйкес  келтіру;

- оқушылардың өз бетінше  білім алуға және оны практикада  қолдануға, оқытудың әр түрлі  саласында өз мүмкіндіктерін  тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеу;

- әрбір жас кезеңіндегі  негізгі психикалық жаңа құрылымдарды  қалыптастыру төңірегіндегі оқу  үрдісін жолға қою;

- оқушыларды танымның  ғылыми тәсілдеріне мақсатты  және жүйелі түрде тарту, негізгі  мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен қолдану.

Қазіргі мектептің білім  мазмұнын ізгілендіру мен даралауға  айқын бет бұру мынадай міндеттерді  жүктейді:

- оқушының жеке тұлға  ретінде және іс-әрекет субъектісі  ретінде мақсатты, тұрақты және  дәйекті дамуына жағдай жасау;

   - оқушылардың  белгілі бір білімді таңдауы  мен меңгеруін, олардың оқу  үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері  мен құқықтарын қамтамасыз ету;

- оқу-тәрбие үрдісінде  ынтымақтастық педагогикасының  ізгі қатынастарын орнықтыру;

-  білім мазмұнын  барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету;

-  психологиялық білім  берудің бастапқы негіздерін  қалыптастыру;

-  білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің диалектикалық бірлігін қамтамасыз ету;

-  оқушылардың оқу  жүктемесін тұрақтандыру.

Адамның жан-жақты дамуы  білім берудің ғаламдық мақсаты  болып табылады. Педагогикада білім  берудің мақсатын, оның мазмұны мен  құрылымын анықтауға қазірігі заманғы  адам тұжырымдамасының тұрғысынан келу көзқарасы берік қалыптасып отыр. Жүргізілген зерттеулер тұлғаның қалыптасу моделінің компоненттерінің мынадай үш тобын қамтитынын көрсетеді: психиканың функционалдық тетіктері, тұлғаның тәжірибесі, тұлғаның жинақталған типологиялық қасиеттері. Компоненттердің осы топтары адам қызметінің жалпы құрылымының және зерттеу объектілерінің құрылымымен бірге 12 жылдық мектептің жалпы білім беру стандарттары мен базалық оқу пәндерін жасаудың теориялық негізі болып отыр.

12 жылдық мектепке  көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктерне қарай қамтамасыз етуге тиіс.    

Тұжырымдаманың  мақсаты - 12 жылдық мектеп жайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.

Тұжырымдаманың  міндеттері:

  • 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін атап көрсету;
  • 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау;
  • Осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау.

Тұжырымдама төмендегі  бөлімдерден тұрады:

    1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибелерге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.
    2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
    3. Жалпы орта білім беру құрылымы.
    4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
    5. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
    6. Педагогикалық кадрлар.
    7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
    8. Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
    9. 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.

Қазақстандық жалпы  орта білім беретін мектеп соңғы  жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды. [1]

Бірақ қол жеткен жетістіктер  адам капиталының дамуы мен орнықты  экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды.

Қазақстанның білім  беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:

  1. Білім мазмұнының оқушының оқуға қызығушылығын төмендететін және денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы.
  2. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттың болмауы.
  3. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.
  4. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.
  5. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.

 

 

 

12 жылдық жалпы  орта білім беру үш сатыдан  тұрады

1-саты – жалпы бастауыш білім беру ( 1-4- сыныптар – бастауыш мектеп)

2-саты –  негізгі орта білім беру  (5-10-сыныптар – негізгі мектеп)

3-саты –  жалпы орта білім беру (11-12-сыныптар – жоғарғы мектеп)

Бастауыш мектепте оқытудың ұзақтығы – 4 жыл. Бастауыш мектеп жалпы бастауыш білім беруді қамтамасыз етеді және балалар 6 жастан бастап қабылданады. Алты жас – баланың ақыл-ойының дамуының және әлеуметтік дайындығының ең бір қолайлы (сензитивті) кезеңі.

Осындай мүмкіндікті  дұрыс пайдаланып, іске асырмаса бала бойындағы қасиеттері толық көлемде ашылмай қалуы мүмкін.

Бастауыш мектептің  басты міндеті – баланың қабілеттерін ашуды, жеке тұлғасын, оқуға деген  ынтасын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас  және ынтымақтастық дағдыларын меңгеруіне көмектесу.

Бастауыш мектепте оқытудың басты мақсаттары мыналар:

  1. Баланың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, оны тұлға ретінде үйлесімді түрде дамыту, білім беру және тәрбиелеу;
  2. Негізгі оқу әрекеттерін меңгерту және бақылау, өзіндік бақылауды жүзеге асыру;
  3. Әр адамды азаматтық, рухани және адамгершілік, танымдық іс-әрекетке, өз бетімен оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау;
  4. Білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына жету жолында оқу әрекеттерін игеру – бастауыш мектептің негізгі міндетіне айналды.

 1-саты

Жалпы орта білім  беру (1-4 сыныптар)

Оқуды бастау жасы - 6 жас

Оқыту ұзақтығы - 4 жыл

1-сатыдағы негізгі  бағдар – оқушының өзін-өзі  таныту мүмкіндігі мен қоршаған  ортасының шынайылығы туралы  білімді игерудегі даралығын  ашу, оқуға талабын және білігін  қалыптастыру, яғни оқытудың келесі салаларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.

Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер дағдыларды игеруге, оқу және жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.

2-саты

Жалпы орта білім  беру (5-10 сыныптар)

Оқыту ұзақтығы – 6 жыл

2-сатының негізгі бағдары  – негізгі жалпы білім алуға  жағдай жасау, адамдар арасындағы  және этносаралық қатынастар  мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру,  тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру  тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне, зерттеу дағдысының қалыптасуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.

Негізгі мектеп оқытуды  бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.

Бұл сатының ерекшелігі оқушының үшінші сатыдағы бейіналды  дайындықтың мектеп қызметінің оқушының болашақ бағдарын саналы таңдауына  дайындығына игі ықпал ететін педагогикалық, психололгиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық жүйесі ретінде жүргізілуі болып есептеледі.

3-саты

Жалпы орта білім  беру (11-12 сыныптар)

Оқыту ұзақтығы -2 жыл

Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын үшінші сатының негізгі мақсаты оқытудың саралануы мен даралануы бағдарланған жалпы орта білім беру, оқушулардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.

Бейіндік оқыту жаратылыстану - математикалық, әлеуметтік -гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық  әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы  тиіс.

Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін  мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.

Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен  оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді  ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:

  1. Бір бейінді мектеп – бір бейінді оқытуды іске асыру;
  2. Көп бейінді мектеп – бірнеше бейінді оқытуды іске асыру.

12 жылдық білім берудің  басым бағыты – педагогикалық іс-әрекеттің жеке тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас – педагогикалық іс-әрекеттің методологиялық жаңа бағыты.

Қазақстан қоғамының  қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім  кеңістігіне кірігуі Қазақстан  Республикасының Жалпы орта білім беру жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді.

Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепте есептелген белгілі бір  халықаралық білім беру стандарты қалыптасты.

Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге  дайын, өзгермелі даму үстіндегі  ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті  және құзіретті, шығармашыл, білімді  тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Білім берудің күтілетін  нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталады:

1. Құндылықты-бағдарлы  құзыреттілік – оқушының қоршаған  ортаны бірдей қабылдайтын қабілетті,  жоғары әдептілік құндылықтар  негізінде жасампаз қоғам өмірінде  өзінің ролін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.

2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік  – жалпы адамзаттық мәдениет  жетістіктері негізіндегі іс-әрекет  тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер  мен жеке, отбасылық және әлеуметтік  өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік  құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру, рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.

3. Когнитивтік құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдақ процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.

12 жылдық білім берудегі