«1С: бухгалтерия» бағдарламасы туралы түсінік

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ 2

1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ 1С БУХГАЛТЕРИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ 4

1.1 «1С: бухгалтерия» бағдарламасы  туралы түсінік 4

1.2 Кәсіпорындағы  бухгалтерлік есептің автоматизациялауының  ерекшеліктері 8

1.3 Кәсіпорындағы  «1С: бухгалтерия» бағдарламасында  кіріс қалдықтарын енгізу 11

1.4 Өткізімді автоматты және қолмен (қарапайым) енгізу 13

2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ «1С: БУХГАЛТЕРИЯ»  САУДА БӨЛШЕКТЕРІ 17

2.1 Кассадағы операциялық  есептер 17

2.1.1 Есеп айырысу шоты  бойынша операциялар есебі 19

2.1.2 Материалдарды тіркеу 20

2.2 Кәсіпорындағы «1С:  бухгалтериядағы» тауарлар есебі 24

2.2.1 ТМҚ есебі бойынша  жалпы құжаттар 26

2.3 1 С: Бухгалтериядағы тіркелген активтердің есебі 29

2.3.1 «1С:Бухгалтериядағы 8» бағдарламасындағы еңбекақы төлеу есебі 31

2.4 Кәсіпорындағы «1С: бухгалтериясының» өндірістік есеп 36

2.5 Кәсіпорындағы «1С: бухгалтериясының» қаржылық есеп 40

ҚОРЫТЫНДЫ 43

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45

 

КІРІСПЕ

 

Бухгалтерлік  ақпараттық жүйелер бұл экономикалық объектіні басқару үшін ақпарат  теру, сақтау, жаңарту, талдау және ақпарат  беру болып табылады.

Бухгалтерлік  есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды. Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді.Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және деңгейді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін.Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі.Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді. Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде еңгізе алады.

Кез келген кәсіпорында бухгалтерлік есепті автоматтандыру, онда бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жасау деген сөз. Қазіргі уақытта сондай ақпарат жүйелерін құру кәсіпорынның өз күшімен программалық кешендер жасау емес, автоматтандыру мәселелерін тиімді шешетін, дайын программалық өнімдерді сатып алуды білдіреді.

«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» - бухгалтерлік және салықтық есептің  автоматизациясы үшін көпжақты бағдарлама. Бағдарлама негізінде «1С:Кәсіпорын 8.0» жүйесінің икемді технологиялық  платформа жатыр, оның мүмкіндігімен  әр түрлі бизнес қосымшаларды құруға және модификациялауға болады. Сонымен  қатар «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» бірнеше ұйымдардың бухгалтерлік және салықтық есебін жалпы ақпараттық базада да жүргізуге мүмкіндік береді (мұнда жеке ұйымдар атынан жеке кәсіпкерлер де шыға алады).

  Жүйенің  негізгі мүмкіндіктері:

  1С: Бухгалтерия  жүйесі бухгалтерлік есептің  барлық бөлімінде қолданылады:

  • банк және касса есебі;
  • негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі;
  • тауарлар есебі, өнім өндіру және қызмет көрсету;
  • валюталық операциялар;
  • ұйымдармен, алашашақтармен, берешектермен, есеп беруші тұлғалармен өзара есеп айырысу есебі;
  • еңбекақы бойынша есеп айырысу;
  • бюджетпен есеп айырысу;
  • есептің басқа бөлігі.

Басқа да есеп жүргізу үшін өте икемді:

  • көп деңгейлі шоттар жоспарымен жинақтамалы есеп жүргізу;
  • бірнеше шоттар жоспарымен жұмыс істеу;
  • валюталық есеп;
  • көп деңгейлі талдамалы есеп;
  • өлшеміне байланысты көп деңгейлі талдамалы есеп;
  • сандық есеп;
  • бір деректер базасымен бірнеше кәсіпорындарда есеп жүргізу (желілік).

Бағдарлама жеке немесе желі бойынша жұмыс істейді.Әр түрлі обьектілермен бір уақытта жұмыс істеу үшін қолайлы көп терезелі интерфейспен қамтамасыз етілген. Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар бойынша есеп ақшалайда, заттай жүргізіледі.Жүйеде әртүрлі валюталармен жұмыс жасау қарастырылған.Валюта түрлері мен курстары бойынша анықтамалық жасалған.

Бағдарламамен жұмысты бастамас бұрын бухгалтер-пайдаланушы кәсіпорында жүргізілетін негізгі есеп принцинципін және оны жүргізу барысында қолданылатын шоттарды анықтап алып, оны қазақстандық шоттар жоспарына ауыстыруы керек, осы шоттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі және керекті құжаттар алынады. 1С: Бухгалтерия жүйесінде есепті бірнеше шоттар жоспарында жүргізілу мүмкіндіктері қарастырылған.

Курстық жобаныңң мақсаты: 1С бағдарламасында бухгалтерлік және салықтық есепті қарастыру, сауда бөлшектеріндегі есебін талдау.

Курстық жобаның мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Кәсіпорындағы 1С бухгалтерияның теориялық мәнін талдау;
  • «1С: бухгалтерия» бағдарламасының мүмкіндіктерін анықтау;
  • Кәсіпорындағы «1С: бухгалтерия» сауда бөлшектері туралы мағлұмат беру;
  • Кассадағы операциялық есептер түрлерімен танысу;
  • «Қазақстанға үшін 1 С Бухгалтерия 8»-ның артықшылығын анықтау;
  • Тақырып бойынша жинақталған материалдарды саралап, қорытынды шығару.

 Курстық жобаның өзектілігі: 1 С фирмасының «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» бағдарламасы әртүрлі кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қызмет түрлеріне тәуелсіз, автоматтандырылған есепті жүргізуге кең мүмкіндік береді. Соған қоса ол тиiмдi бухгалтерлiк, кадрлық, , қойма, еңбекақының есептеуiн ұйымдастыруға және салық есебін жүргізуге рұқсат бередi

Курстық жобаның объектісі: «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» бухгалтерлік бағдарламасы болып табылады.

Курстық жобаның пәні: Қазақстан Республикасында қолданылатын 1 С бухгалтерия бағдарламасының сауда бөлшегіндегі қызметі.

Әдістемелік негіз ретінде отандық және шетел  ғалымдары мен авторларының ғылыми жұмыстары, оқулықтары пайдаланды.

Курстық жобаның көлемі: 46 бет.

 

1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ 1С БУХГАЛТЕРИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1.1 «1С: бухгалтерия»  бағдарламасы туралы түсінік

 

«Қазақстан үшін 1 С Бухгалтерия 8» бухгалтерлік және салықтық есепті автоматтандыру үшін арналған, сонымен қатар коммерциялық қызметтің кез-келген түрін орындайтын ұйымдарда міндетті (регламентті) есеп беруді дайындау.

«Қазақстан үшін 1 С Бухгалтерия 8» кәсіпорынның алдында тұрған бухгалтерлік қызметтің барлық тапсырмалар шешімін қамтамасыз етеді. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8»-ге қоса 1С кәсіпорын 8 жүйесінің «Қазақстанда сауда басқару» және «Қазақстанда жалақы және персоналдарды басқару» қолданбалы шешімдерін пайдалануға мүмкіндік кепілденген.

Есепшот құрамы, аналитикалық, валюталық, сандық есеп ұйым есепшотында бухгалтерлік есепті жүргізу және есепшотта көрсетілген  деректер заң талаптарына сай  жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пайдаланушылар қосымша қосалқы  шот және аналитикалық есеп қимасын (разрез) құруға болады.

«Құжаттан»  есеп және ұқсас операциялар. Есепте шаруашылық операциясының көрініс  табуының басты тәсілі алғашқы бухгалтерлік құжаттарға сәйкес конфигурация құжаттарын енгізу болып табылады, сонымен қатар  бөлек жазбаларды тікелей енгізуге болады. Жазбаларды топтық енгізуге ұқсас  операцияларды қолдануға болады. Оңай пайдаланушы және жылдам құра алатын автоматтандырудың қарапайым құралы.

Бірнеше ұйымдардың есептік қызметін жүргізу. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» көмегімен  бірнеше ұйымдардың шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуге  болады. Сонымен бірге жалпыға  бірдей ақпараттық базаны бірнеше ұйымдардың-заңды  тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге  бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу  үшін  «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» қолдануға мүмкіндік береді. Егер олардың шаруашылық қызметі өзара берік байланысқан болса, онда ол өте ыңғайлы: жалпыға бірдей тауар тізімдерін, контрагенттерді (іскерлік серіктестер), жұмыскерлерді, қоймаларды (сақтау орындарын) және т.б  қолдануға болады, ал міндетті есептілікті бөлек қалыптастыру керек. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» үшін салықтың әр түріне байланысты салық төлеушілерді анықтауға жұмыс істеу мүмкіншілігі бар.

Материалдық өндірістік қорлар есебі. Материалдық  өндірістік қорларды шығаруда бағалаудың келесі тәсілдері қолданылады:

  • орташа өзіндік құн бойынша;
  • уақыт бойынша материалдық өндірістік қорларды шығару бойынша өзіндік құны.

Қойма есебі. Қойма бойынша сандық және санды-сапалық  есеп жүргізілуі мүмкін. Бірінші жағдайда тауарлар мен материалдарды бухгалтерлік және салықтық мақсаттарда бағалау қай қоймадан алынғанына тәуелді емес. Қажетсіз болған жағдайда қойма есебін өшіруге болады.

«Қазақстан үшін 1 С Бухгалтерия 8»-де автоматты түрде есеп деректерімен тіркелетін түгендеу деректері тіркеледі. Түгендеу негізінде артықшылықты анықтау және жетіспеушілікті есептен шығаруды кіріске алуда көрініс табуы мүмкін.

Сауда операциялық  есебі. Тауарлар мен қызметтердің түсу және өткізу есебі автоматтандырылған. Тауарды сату барысында есепшоттарды төлеу шығарылады, жүкқұжаты және шот-фактура рәсімделеді. Барлық сауда  операциялары сатып алушылар мен  жеткізушілер келісімдер қимасында  есептеледі. Шеттен әкелінген тауарлар үшін «жүктік-кедендік декларация»  деректер есебі қарастырылған.

Сатып алушылар мен жеткізушілердің тауарлар көрінісі автоматтандырылған. Сонымен қатар, қызметті қайтаруға болады, егер жеткізушіден қосымша шот-фактура ұсынылса, және қате ұсынылған қызмет бойынша шот-фактуралар болса.  «Қазақстанға арналған 1 С  Бухгалтерия 8»-де бірнеше баға түрі қолданылады. Мысалы: «толайым баға», «ұсақ  толайым баға», «бөлшек баға», «сатып алынатын баға» және т.б. Бұл түсу және өткізу операциялар көрінісін ықшамдайды.

Банктік және кассалық операциялар есебі. Ақша қаражаттары  мен валюталық операциялардың нақты  және нақты емес қозғалыс есебі өткізілген. Кіріс және шығыс кассалық ордерін, төлем тапсырмасын енгізу және басып  шығару (печать) қолданылады.

Жеткізушілер  мен сатып алушылардың өзара  есептесуі операция көрінісінде  төлем сомасы автоматты түрде  аванс және төлеуге деп екіге  бөлінеді. Кассалық құжаттар негізінде  орнатылған үлгінің Кассалық кітабы құрылады. «Банк клиенті» үлгісіндегі  бағдарламамен ақпаратты айырбастау механизмі ұйымдастырылған (реализованный).

Контрагенттермен  есеп айырысу есебі. Жеткізушілер мен  сатып алушылардың есеп айырысу  есебін теңге және шетел валютасында  жүргізуге болады. Әр операцияда курстық  айырмашылық автоматты түрде  есептеліп отырады. Контрагенттермен есеп айырысу келісімін толық  түрде немесе есеп айырысудың нақты  құжаттарын көрсету бойынша жүргізуге  болады. Есеп айырысуды жүргізу әр келісім үшін бөлек анықталады. Түсу және өткізу құжаттарын рәсімдеу барысында  барлық контрагенттер үшін жалпыға  бірдей баға қолдану сияқты нақты  келісім үшін жекешені де қолдануға  болады.

Негізгі құралдар және Материалдық емес активтер есебі. Есеп бойынша барлық негізгі операциялар  автоматтандырылған: түсім, есепке қабылдау, амортизацияны есептеу, модернизация, табыстау, шығару, түгендеу, қайта бағалау. Бірнеше есепшоттар мен объектілердің  аналитикалық есебі бір айлық  амортизацияның сомасын бөлуі мүмкін. Мерзім бойынша негізгі құрал  үшін амортизацияны есептеу графигі  қолданылуы мүмкін.

Негізгі және қосымша өндіріс есебі. Өнімнің  және қызметтің өзіндік құны автоматтандырылған. Бір ай ішінде шығарылған дайын өнім есебі жоспарлы өзіндік құн бойынша  жүргізіледі. Ай соңында шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтердің деректі (фактически) өзіндік құны есептелінеді.

Жанама шығын  есебі. Ай соңында тікелей өндірістік шығынды автоматты түрде бөлу жүргізіледі. Ортақшаруашылық шығындар өндірістік өнім құны мен аяқталмаған  өндіріс арасында өзара бөлінеді. Жанама шығындар үшін бөлудің келесі базалары болуы мүмкін:

  • шығарылым көлемі;
  • еңбекақы;
  • материалдық шығын.

ҚҚС есебі. Әр ұйым үшін кәсіпорын құрамына кірген жағдайда оның ҚҚС төлеуші болып  табылуын немесе табылмауын анықтауға  болады. ҚҚС-ң түрлі мөлшерлемелерін  қолдану барысында тауарлар мен  қызметтердің түсуі және өткізуі  бойынша шеттен әкелінген жағдайда ҚҚС-ң түрлерімен, сонымен қатар  салықтық агенттің ҚҚС-ті төлеу міндеттерін  орындауы бойынша шаруашылық операциялар  қадағаланады.

Еңбекақы  есебі мен кадрлық есеп. Кәсіпорынның жұмысшыларына еңбекақы төлеу формасына  сай жалақыны бөлу әр жұмысшыға әр бөлу түріне байланысты есептеу тәсілі:

  • жұмысшыларға сыйақы беру резервін қалыптастыру;
  • жұмысшыларға еңбекақыны төлеуге дейін касса арқылы өзара есептесу және еңбекақыны жұмысшылардың есепшот карточкасына аудару;
  • регламенттік заңды салықтар, жинақ және аударымы бар ұйым жұмысшыларының еңбекақысын есептеу;
  • сәйкес салық органдарына және жұмысшылардың еңбекақысына салық төлеуге қаражат аудару;
  • сәйкес есептерді қалыптастыру (салықтық және статистикалық).

Есептеу жүргізу  барысында кәсіпорында мыналар  ескеріледі:

  • зейнеткерлер;
  • мүгедектер;
  • Ұлы Отан Соғысына қатысушылар;
  • шетел мамандары.

Айдың қорытынды  операциялары. Бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша регламентті операциялар  осы немесе басқа кезең соңында  орындалғаны автоматтандырылған, соның  ішінде НҚ мен МЕА-ге амортизацияны  есептеу, валюталарды қайта бағалау, болашақ кезеңдердің шығынын  шығару,   шығарылған өнім мен  қызметтің деректі өзіндік құнын  есептеу, аванстық төлемдерді салық  және жинақ бойынша есептеу, есеп беру сомасын жабу, қаржылық нәтижені анықтау және т.б.

Стандартты  бухгалтерлік есептер. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» пайдаланушыға  стандартты есеп терімін (набор) қамтамасыз етеді, яғни қалдықтар бойынша мәліметтерді талдауға, бухгалтерлік және салықтық есеп шот айналымы және түрлі қима жазба бойынша мүмкіндік береді. Солармен қатар, Айналым қалдық ведомості, шахмат ведомості, шот бойынша айналым қалдық ведомості, шот ведомості, шот картасы, талдау шоты, субконто талдауы, субконто арасындағы айналым, субконто карточкасы, жиынтық жазбалар бойынша есеп, басты кітап, диаграмма.

Регламентті есептеме. «Қазақстанға арналған 1 С  Бухгалтерия 8»-ге ұйым иесіне және мемлекеттік  орган қадағалаушыларына, сондай-ақ бухгалтерлік есетеме формасын, салықтық декларацияларды, статистика органдары  мен мемлекеттік қор есептемелеріне арналған міндетті (регламентті) есептер  қосылады.

Регламентті есептер, яғни мұндай мүмкіншілік нормативтік  құжаттармен қарастырылғанда электрондық  түрде болуы мүмкін.

Сервистік мүмкіншіліктер. «Бухгалтер мониторі» жедел және ыңғайлы түрде есептеме шотында  және кассада қалдық бойынша мәліметтер алуға, дебиторлық және кредиторлық  қарыз сомалары жайлы, есептемені өткізу уақыты туралы және де салық төлеу  мерзімі жайлы білуге көмектеседі. «Бухгалтер күнтізбесі» заң түрінде  қарастырылған салық төлеу мерзімі  мен есептемені тапсыру уақытының  келгенін алдын-ала хабарлайды.

 «Қазақстан  үшін 1 С Бухгалтерия 8» келесі сервистік мүмкіншіліктерді қосады:

  • толық текстік мәліметтерді іздеу – конфигурацияның барлық объектілері бойынша мәтінді іздеу (құжаттар, тізімдеме);
  • классификатордың мекен-жайын жүктеу;
  • техникалық қолдау көрсету бөліміне хат жолдау;
  • «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8»-ді интернет бойынша автоматты түрде тексеру және жаңаруды орналастыру.

 «Функция панелі» бастапқы пайдаланушыларға бағдарламаны жылдам игеруге, ал тәжірибелі пайдаланушыларға күнделікті тапсырмаларды тиімдірек орындауға көмектеседі. Есептің негізгі бөлімдері (Банк, касса, өндіріс, жалақы) жұмыссызбасы түрінде көрсетілген. «Функция панелінің» бейнесі 1.1 суретке сәйкес көрсетілген.

 

Сурет 1.1. «Функция панелі»

 

Бағдарламаны  өз бетімен игеру үшін «Қолданушыларға  кеңес»: бағдарламадағы шаруашылық операцияның  бейнесі, құжаттарды рәсімдеу, тізімдемені  толтыру және есептемелерді қалыптастыру 1.2 суретке сәйкес көрсетілген.

 

Сурет 1.2. «Қолданушыға кеңес»

1.2 Кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің автоматизациялауының ерекшеліктері

 

Константтер - тұрақты мәлімет беретін бағдарламаның объектісі.

Әрбір константтық  жұмыстар арнайы терезеде жүргізіледі.

Операциялар→  Константтер.

Анықтамалық – тұрақты және шартты тұрақты ақпараттар сақталған бағдарламаның объектісі. Экранға анықтаманы шығару үшін келесі жағдай қолданылады:

Операциялар→ Анықтамалық.

Құжаттар – шаруашылық операцияларды рәсімдейтін электронды түрінде бағдарламаның объектісі.

Операциялар→ Құжаттар→Журнал таңдау→ Қосу→ құжат таңдау.

Кәсіпорында болып жатқан қандайда бір жағдайларды  көрсту сондай-ақ 1С мәліметтерін қолдану  және есептерді басқару үшін «Банк  және Касса», «Жалақы» и т.б. қосымшалар қолданады. Касса беті 1.3 суретке сәйкес, жалақы беті 1.4 суреттке сәйкес, банк беті 1.5 суретке сәйкес көрсетілген.

 

Сурет 1.3. «Касса беті»

 

Сурет 1.4. «Жалақыны есепке алу беті»

Сурет 1.5. «Банктік операциялар беті»

 

Есептер. Түрлі ақпараттарды алу үшін қолданылады, мұнда нақты кретирилар бойынша ттолық ақпараттар және қорытындылар болады.

Барлық есеп жұмыстары «Есептер» менюінде болады.

Есептің жоспары – құндылықтар мен міндеттерінің есебін жүргізетін шоттар жоспарының объектісі.

Шоттар жоспарын менюдан ашуға болады

  • Кәсіпорын→ Есеп жоспары→ Бухгалтерлік есептін есеп жоспары.
  • Опрациялар→ Есеп жоспары→ Салық есебінің есеп жоспары.

Есеп жоспары беті 1.6 суретке сәйкес көрсетілген.

 

Сурет 1.6. «Есеп жоспары беті»

 

Мінездеменің  жоспар түрі – субконты түрін құруға мүліктік беретін объект. Субконты термині анықтамасын білдіретін ол бухгалтерлік шот бойынша есеп талдауды енгізеді. Әдетте субконт ретінде кәсіпорындағы есепті талдауды енгізу объектісі болады.

Опрациялар→ Мінезднменің жоспар түрі.

Есеп айырысудың жоспар түрі – есеп объектінің сипаттайтын бағдарламаның объектісі.

Опрациялар→ Есеп айырысудың жоспар түрі

Мысалы, Мекеменің негізгі кірістерін  есептеу түрі жоспары жалақы есептемесі қолдану бойынша төлем тізім құрамына енгізіледі.

Регистрлер – бұл тізім:

  • бухгалтерлік регистірі;
  • жинақтаушы ригистірі;
  • мәліметттер регистірі;

Журналдар - әр түрлі бөлімдерге бөлінбейтін құжаттар тізімдемесі

Операциялар→  Құжаттар→Сәйкес құжатты таңдау.

 

1.3 Кәсіпорындағы «1С: бухгалтерия» бағдарламасында кіріс қалдықтарын енгізу

 

Басты мәліметтерді енгізу. «Қазақстанға үшін 1С: Бухгалтерия»-ны ең бірінші қосқанда алғашқы ақпараттық базаны толтыру автоматты түрде болады.

«Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия» толтырылған шот жоспары мен және басқа құрылымдармен қойылады, олар бухгалтерлік және салықтық есеп енгізу дайындалды. Сондай-ақ бұл құрылымдарды қолданушы өзгерте алады.

Мекеме туралы жалпы мәліметтер «Кәсіпорын» - «Мекемелер» менюіне кіреді. Әр мекеме үшін қысқа және толық атау нұсқасын және басқа мәліметтер, олар «Мекемелер» анықтама элемент формасымен қарастырылған, содан бұл анықтамалар «Қазақстанға арналған 1С: Бухгалтерия» құжаттарына және есеп формасына автоматты түрде енгізіледі. Мекеменің есептік шоттары туралы мәліметтері енгізіледі.

Шаруашылық  жағдайларды тіркеу барысында ең алдымен бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша кәсіпорынның есеп саясаты  туралы мәліметтер енгізіледі (меню «Предприятие» - «Учетная политика»).

Есеп саясаты (бухгалтерский учет)», «Учетная политика(салық есебі)», «Учетная политика (жұмыскерлер бойынша)». Есеп талдауы мына менюда құрылады «Кәсіпорын» — «Есеп параметрлерінің баптаулары».

Мекеме бөлімшелері  және қоймалар туралы мәліметтер енгізіледі («Кәсіпорын» менюі — «Ұйым бөлімшелері») және қоймалар («Қойма» менюі - «Қоймалар (сақтау орны)». Бұл мәліметтер материалдпрды орналасуын тіркеу мен қолданылады. Сонымен қатар жұмыскерлер туралы мәліметтер енгізу кезінде бөлімшелер туралы мәліметтер қолданылады.

Шаруашылық операциялар  тіркеу негізінде және құжаттарды автоматты  түрде толтыру кезінде «Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8» мәліметтерін қолдану арқылы кәсіпорынның жауапты қызметкері туралы мәліметті көрсету керек. ( «Кәсіпорын» менюі - «Ұйымның жауапты тұлғалары»).

Ең алғашқы  жалақыны есептеу кезінде кәсіпорынның қалған жұмыскерлерінің мәліметтерінің жалақысының минималды түрін  енгізу керек. Сол үшін мекеме қызметкерлерінің анықтамасына қызметкерлерінің аты-жөні, туған күнін көрсету жеткілікті («Кадрлық есеп» — «Физикалық тұлға»). Жұмыскер туралы мәлімет, қызметі жөнінде мәліметі қызметкерлерді жұмысқа орналастыру кезінде енгізіледі («Кадрлық есеп» — «Жұмысқа қабылдау»).

Қызметкерлерінің  қалаған мәліметтері қажет жағдайда енгізіледі.

Егер «Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8» жұмыс атқаратын кәсіпорынға енгізілсе,  онда есеп кезеңінің басында кәсіпорынның шаруашылық жағдайларын сиппаттайтын ақпараттық база енгізіледі. Атап айтсақ, тауарлы-материалдық құндылықтарды есептейді («Кәсіпорын» менюі — «Тауарлар (материалдар, өнімдер, қызметтер)» — «Номенклатура»). Құжаттарды шаруашылық операцияларды тіркеу процесінде кәсіпорынның қызметтік серіктестер туралы мәліметтер енгізіледі («Сату» менюі — «Контрагенттер»).  Сондықтан әрбір контрагент кем дегенде бір келісім шарт толтыру қажет.

Бухгалтерлік  есеп шоттары бойынша бастапқы қалдықтар  жай праводкада енгізу жолында тіркеледі.

Бастапқы  қалдықтарды енгізу. Ең алдымен «Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8» көмігімен шаруашылық қызмет факторларын тіркеу үшін бухгалтерлік есеп және салықтық есеп шоты бойынша бастапқы қалдықты енгізу керек. Бұл бухгалтерлік және салықтық есеп шотында стандартты және регламетті есептеме негізінде ағымдағы қалдық дұрыс көрсетілмейді. Егер кәсіпорын жаңа болса және шаруашылық қызметі енгізілмесе, онда бастапқы қалдықты енгізу қажет емес қалдықты есепті кезеңнің  басында – жыл, квартал немесе айды енгізу қажет.

Қалдықтарды енгізу кезінде операция датасы есептік  кезең басынан, датасына сәйкес келу керек. Мысалы, жыл басындағы қалдық ағымдағы жылдың 31 желтоқсанда енгізіледі.

Бухгалтерлік  және салықтық есеп шоттары бойынша  қалдықтар әрбір мекеме бойынша  жеке енгізіледі.

000 қосымша  баланстық шоты бойынша кореспонденцияға  праводка ретінде шот немесе  субшот бойынша қалдықтар енгізіледі. Дебиттік қалдық шоты берілген  дебиттік шотқа және 000 кредиттік  шотқа енгізіледі. Кредиттік қалдық  шоты берілген кредиттік шотқа  және 000 дебиттік шотқа енгізіледі. Есептік талдауда енгізуді қарастырған  кезде шот бойынша қалдық әрбір  есеп объектісі бойынша енгізіледі, бухгалтерлік салықтық  есеп шоты  баланстан тыс қалдық бойынша  кореспонденциясыз енгізіледі. Негізгі  қорлар объектісі бойынша қалдықтар «Ввод начальных остатков по ОС» («Предприятие» — «Ввод начальных остатков» — «Ввод начальных остатков по ОС») құжаттармен рәсімделеді.

«Ввод начальных остатков по зарплате» («Предприятие»  — «Ввод начальных остатков» — «Ввод начальных остатков по зарплате») арнайы  құжаты арқылы жалақыға байланыста есептеледі енгізу мәліметтері. Бухгалтерлік есеп қалдықтарын енгізу дұрыстарын «Оборотно-сальдовая ведомость» стандартты есеп көмегі мен тексеруге болады. 000 сальдо қосымша шотында енгізілген қалдықтар нөлге тең болу керек.

 

1.4 Өткізімді автоматты және қолмен (қарапайым) енгізу

 

Есепті өздігімен  енгізу.

«Қазақстан  үшін 8 1C:Бухгалтерияда» есепті жүргізудің негізгі әдісі ретінде маңызды  құжаттар көмегімен шаруашылық әрекеттер  фактілерін тіркеу болып табылады. Осы әдіс келесідей жеңілдіктерге  иемденеді:

  • алдын-ала енгізген ақпарат негізінде жаңа ақпаратты автоматты түрде енгізу;
  • құжаттың жазба түрін алу (қағаз жүзінде);
  • құжаттарды жүргізу барысындағы бухгалтерлік және қаржылық есеп тіркеулерінің автоматты түрдегі қалыптасуы.

Есепті жүргізудің альтернативті әдісі ретінде  шаруашылық фактілерді қолмен өткізуді тіркеу болып табылады. Бұл әдіс талпынуды көп қажет етеді, бірақ  бастапқы меңгеру үшін ең тиімді түрі болса керек.

«Қазақстан  үшін 8 1С:бухгалтерия» операциясы үш әдіспен қалыптаса алады:

  • құжаттармен;
  • типтік операцияны қолдану арқылы;
  • қолмен.

Жоғарыда  аталған әдістермен енгізілген операциялар  операциялардың ортақ журналдарында  тіркеуге алынады («Операциялар» - «Операциялар журналы» мәзірі).

Операциялар журналының төменгі жағында ерекшеленген операцияларға жататын өткізімдер көрсетіледі. Сондай-ақ, бухгалтерлік есептің өткізімдері «Бухгалтерлік  есеп» тақырыпшасында бейнеленсе, КПН  бойынша салықтық есеп өткізімдері  «Салықтық есеп» тақырыпшасында бейнеленеді.

Бухгалтерлік  есеп өткізімдері мен салықтық есеп өткізімдерін «Операциялар» - «Өткізімдер  журналы (бухгалтерлік есеп)», «Операциялар» - «Өткізімдер журналы (салықтық есеп)»  мәзірлері сияқты арнайы журналдарда  көруге болады.

«Қазақстан  үшін 8 1C:Бухгалтериядағы» өткізім кредит және дебит өткізімдері үшін шартталатын  келесі маңызды емес реквизиттерден тұру мүмкін:

  • саны (егер дебит және кредит есетері үшін сандық есеп жүргізу қасиеті белгіленсе);
  • валюта және валюталық мөлшер (егер дебит және кредит есетері үшін валюталық есеп жүргізу қасиеті белгіленсе);
  • субконто (бірден үшке дейін; дебит және кредит үшін жеке субконто түрлері бойынша – аналитикалық есеп объектілері топтары бойынша қасиеттер белгіленсе).

Субконто  түрі ретінде мысалға контраген  сұрақтамаларын орнатуға болады (ұйымның  іскерлі серіктерінің тізімдері). Осының ішінде нақты субконто (дәлірек, нақты субконто мәні ретінде) осы тізімнен алынған нақты ұйым серігі алынады.

«1С: бухгалтерия» бағдарламасы туралы түсінік