60-80 жылдардан бастап Қазақстанның тарихы Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздікке жету жолындағы Қазақстан

Кіріспе

 

Жетпісінші  жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың  басында басталған халықаралық  коммунистік жүйедегі радикалды  қозғалыстар алдымен коммунистік  идеологияны «жақсарут», «қайта құру», «социолизмді бүгінгі күннің талаптарына  бейімдеу» ұрандарымен туғанмен, бірте-бірте өз алдына тәуелсіз күшке  айналды.

Бұрынғы социалистік жүйе елдеріндегі тәуелсіздік  үшін буырқана қанат жайған күрес  әр елде әрқилы, ішкі және сыртқы жағдайға, күресуші жақтардың күштерінің арасалмағына, билеуші партиялардың және саясатшылардың күрес тактикасына бағынышты  өрбіді. Социализм елдерінде терең  тамыр жайған бұл ағым  ақырында қайта құру (перестройка)  жариялылық және демократияландыруға ұласты. Осыған орай, тәуелсіздік қайсы бір мемлкетте  бейбіт жолмен, өзге біреулерінде –  қарулы қақтығыс жолымен, үшіншілерінде  – « бейбіт емес , соғыс та емес»  жағдайымен орнады.

1991 жылғы  Ресейдегі «Ұлы тамыз революциясынан»  кейін СССР-дағы ішкі саяси-әлеуметтік  жағдай керемет шиеленісіп кетті.  СССР Президенті М.Горбачев пен  РСФСР Президенті Б.Ельцинді (Ресей), Н.Кравчукті (Украина) және С.Шушкевичті (Белоруссия) Беловежье қорығынан  бір-ақ шығарды. Мұнда олар  СССР-ді таратуға шешім қабылдады.

Бұл оқиғалар алдағы тарауда айтылғандай, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік  тәуелсіздігін жариялауға алып келді.

Егер  әр ғасырда 4-5 ұрпақ дүниеге келетінін  ескерсек, қазақ халқының 10 буын ұрпағы азаттық үшін күрес туын қисайтпай  көтеріп,  ХҮІІІ ғасыр мен 1986 жыл  аралығында отаршылдық пен өктемдік жүйеге қарсы 300- ден аса көтерілісті  бастан кешкен. Ендеше жарияланған  тәуелсіздік әділеттің, ақиқаттың, имандылықтың салтанаты.

Сонымен, Қазақстан өзінің жаңа және өте жаңа тарихында шын мәніндегі тәуелсіздігін  алды, республикадағы қазақ және өзге ұлттардың қайта жаңғыруына, тәуелсіз жан-жақты дамуына жағдай туды. Міне, сондықтан да қазақ елімнің тәуелсіздік  алу жолындағы басынан өткен  оқиғаларына шолу жасап бақылау  жұмысымды жазғым келді.

Енді  тәуелсіздіктің алғашқы қадамдарын ой таразысына салып , өткенді зерделеп, бүгінгіні жан-жақты талдау арқылы болашақтың бағытын байыптау қажеттігі  туды.

 

 

 

 

 

 

 

І. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы Қазақстан

1.1 Экономикалық және әлеуеметтік саяси дамуының басты бағыттары мен қайшылықтары

Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді  сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу  т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан  шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға  берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан  облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің  жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Сойтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен  ынталандыру жүйесін тубегейлі  жақсарту қажеттігі кесіп жетілін  келе жатты. Экономикалық мәселелерді  шешуде субъектівизмде, валюнтаризмді  жою қажеттігі барған сайын айқындала  түсті.

Елде  қалыптасқан жағдайы түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде  кезек күттірмейтін шығұл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып өткен  КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші  хатшысы және КСРО Министралер Советінің  төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің  бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті  сайлады, ал Кеңес Өкіметінің басшысы  етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді  тағайындады. Осының артынша партия, совет және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған  іс деп бағаланып, олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға  алынды. Сонымен бірге жоспарлау  мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі  қателер де түзетіле бастады. Осы  жылдарда іске асырылған шаруашылық реформа дәйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады.

70 жылдардың  басында бұрынғыдай социализмнен  коммунизмге өту туралы территориялық  идея басым болды. Бұл жайлы  1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына  арналған сөзінде Л.И.Брежнев  мәлімдеді.  1977 жылы 7 қазанда КСРО  Конституциясы қабылданды. Конституцияда  қияли болжамдар көп болды.  Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы  кең таралды.  1978 жылы 20 сәуірде  Қазақ КСР-інің конституциясы  қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі  Қазақстанның соңғы Конституциясы  болды. Бұл Конституциясында да  демократияны шектеу, адам құқығын  елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар  орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді. 1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.  1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді.

  70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Ойткені, оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық және дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады.

Сонымен, Қазақстан президенті Н.А.Назарбаев  айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар  арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың  бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.

 

 

 

 

 

 

 

    1. 1979 жылғы Целиноградтағы «Неміс автономиясын» құру саясатына қарсы ереуілдер

 

1976 жылы  КОКП ОК-і Ю.В.Андропов басшылық  еткен жауапты топ кызметкерлеріне  неміс автономиясын құру мәселелері  туралы үсыныс жасау жөнінде  тапсырма берді. 1979 жылы 31 мамырда  «Целиноград, Қарағанды, Көкшетау  және Павлодар облыстарының қүрамына  кіретін бес ауданның аумағынан  түратын Неміс автономиялық облысын  күру туралы» қаулы шықты. Оның  әкімшілік орталығы Ерейментау  каласы болуы керек болатын.  ҚазКП ОК-і жаңадан қүрылып  жатқан автономиялық облыстың  партия органдарының күрамы мен  нақты шекарасын, штатын анықтауға  кірісті. 18 маусымда Неміс автономиялық  облысының қүрылуына байланысты  салтанатты жиналыс өткізу жоспарланды.  Бұл шаралар республика халқының  бір бөлігінде наразылық тудыруда. 1979 жылы 16 жәнө 19 маусымда Целиноградта  үнқағаздар пайда болып, қала  көшелершде неміс автономиясын  кұруға қарсы ереуілдер өтті. Партия органдарына автономия  құруға қарсы ұжымдық хаттар  келіп түсе бастады. Әсіресе  Целиноградтың Ленин атындағы (қазіргі  Орталық) алаң ереуілге қатысушылардың  көпшілігімен көзге түсті. Шеруде, негізінен, жастар көп болды,  олардың саны 16 маусымда бірнеше  жүздеген адам болса, 19 маусымда  бірнеше мыңнан асты деп есептеуге  болады. Жастарға осы ереуілге  жиналғандардың алдына облыстық  партия комитетінің бірінші хатшысы  Н.Е.Морозов шығып, Неміс автономиясының  жойылғанын мәлім етті. Осыдан  кейін ереуілге қатысушылар тарай  бастады. Бірнеше күннен соң  ұжымдарда, кәсіп- орындарда, басшылық  ортада бұл мәселе талқыға  салынбайтындығын |. халыққа жеткізу  максатында жиындар өткізіліп  тұрды. Бірақ Неміс автономиялық  облысын кұру турасындағы КОКП  ОК-нің нақты шешімі 1980 жылдың  ақпан айында шығарылды. 

Қортындысында, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алғышарты  болған Целиноградтағы оқиға қазақ  халкының үлттық санасының оянуына  елеулі үлес қосты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.1986 ж Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы және оған саяси баға

2.1 Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белесі

1985 жылы  республика бойынша ауылдан келген  студенттердің төрттен үші ғана  жатақханамен қамтамасыз етілді. Әсіресе, Алматыдағы жағдай мәз емес еді. Ондағы студенттердің 57,7 пайызы ғана жатақханаға орналаса алды. Желтоқсан оқиғасы қарсаңында "еңбектен тыс табыс” дегенмен күрес пайда болып, соның салдарынан тек қана Алматыдағы пәтер жалдап оқып жүрген үш мыңдай студент баспанасыз қалды.  
Ең бастысы, бір ғана ұлттың басым көпшілігінен тұратын одақтас елдердің билік органдарымен салыстырғанда біздің республика басшылығы көп ұлттан тұрды. 1920-1986 жылдар аралығында бірен-саран қазақ болмаса ел партия ұйымына орыс пен еврей, поляк пен грузин және армян, ұйғыр жетекшілік етті.  
1985 жылдың дерегі бойынша Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінде қазақтар үлесі – 36 пайыз, орыстар – 40,8 пайыз болды. Кеңес өкіметі жылдарында республиканың бірде-бір өкілін коммунистер мен халық сайлаған жоқ, оларды орталық тағайындап, іс-қимылын өздері бақылап отырды. Ақыры Қазақстанда шексіз билікке ие болған және орталық мүддесін қорғайтын Г.Колбиннің кезегі келгенде халықтың шыдамы түгесілгендей еді. Наразылық бұрқ ете түсіп, бітеу жараның аузы ашылды да кетті.  
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды.  
Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек" деген ұран бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С.М. Мұқашев, Н.Ә. Назарбаев, З.К. Камалиденов, О.С. Мирошхин, М.С. Меңдібаев, А.П. Рыбников, Л.Е. Даулетова, В.Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.  
Негізінде алаңға бейбіт жастар шықты. Жалпы күш көрсетеміз деген ой олардың санасында да жоқ еді. Бірақ наразылық білдірді. Көтерген үнқағаздары болды. «Ленин идеясы жасасын!» деген үнқағаз ұстағандардың өзі де жауапқа тартылды.  
Жастардың алаңға шығу себептері әртүрлі. Олардың, кейбіреулері мұнда талай жылдар бойғы шовинистік кеудемсоқтыққа өкпе-наразылығын білдіргілері келсе, басқалары "ұлттық намысты қорғау” ұранына еліктей аттанды. Шеру саяси сипатта өтті және ол басқа халықтарға, соның ішінде орыстарға қарсы бағытталмады.  
17 желтоқсанның кешіне дейін шеруге қатысушылар шектен шықпады, ешбір заңды бұзбады. Осы арада ерекше айта кететін бір жәйт, алаңда қазақ жастары басым болғанымен, олардың қатарында орыс, украин, ұйғыр және басқа ұлттардың өкілдері де болды. Оны сол кездегі ішкі істер органдары тіркеген тізім де растайды.  
Оқиғаның ушығуына, оның тым ауыр сипат алуына деген басты кінәні саяси айтыстан қашқақтаған, нақты жағдайда біліксіздік танытқан партия мен үкімет органдарының шенеуніктеріне арту керек. Соның салдарынан құқық қорғау органдары мен милицияға қара күш қолдануға рұқсат берілді. Ақыры оқиға кезінде әр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам ұсталды. Бұлардың ішінде Алматының соттары 326 адамды әкімшілік жазаға кесті, қылмыстық тәртіп бойынша – 99 жас сотталды, екі адам ату жазасына тартылды. Тек қана Желтоқсан оқиғасына байланысты Қарағанды университетінен 25 студент комсомолдан шығарылып, 11-і университеттен қуылды.  
Алматы сәулет-құрылыс институтының бұрынғы студенті Қ.Рысқұлбеков түрмеде қаза тапты. Студент қыз Л.Асанова жұмбақ жағдайда көз жұмды. Мұндай қайғылы мысалдар аз емес.  
Билік басындағылар 1986 жылғы көтеріліс кезінде әдейі арандатушы топ құрып оларды жастарды ортасына жіберген. Олар әдейі күпәйке киіп: «қашанға дейін осыған төзе береміз», «орыстар қашанға дейін бізді басына береді» деп өзеуреп, әскерлерге қарсы мұз лақтырып, бір жағы бұзақылық көрсетіп тұрған. Бұл қасақана ұйымдастырылған топ мүшелері «Метель» операциясына сай құрылып арнайы арандату арқылы ұлттардың арасына жік салу арқылы көтерілісті басу ісімен жүзеге асырылған зымиян жоспардан туындаған еді.  
Ал «Метель» операциясы 1986 жылғы желтоқсаннан бір жыл екі ай бұрын алдын ала ойластырылған еді. Бірақ ол операцияны жүзеге асыратындай жер болмаған соң ол босқа жатып қалған. Ал Алматыда бейбіт жастар шеруі жүріп жатқан кезде КСРО Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Чебриков М. Горбачевке жолығып «Метель» операциясын қолдануға ауызша рұқсат алған. Бұдан кейін бейбіт жастардың шеруі неге айналғанын қазір бәріміз білеміз. Ал сол күні Алматыға ұшып келген КСРО Қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бобков пен КСРО ішкі істер министрінің орынбасары Елисов «Метель» операциясын сынау үшін, Алматыда жаппай күш көрсетуге көшті.  
      Алдын ала ойластырылған үлкен күш Желтоқсан көтерілісі кезінде жастарға қасақана жұмылдырылды. Күш қолдану үшін оған негіз болу керек қой. Сондықтан «алаңға шыққандарды маскүнемдер, нашақорлар және бұзақылар еді» дегізу қажет болды. Колбиннің тапсырмасымен Желтоқсан көтерілісі қарсаңында зауыттар түні бойы жұмыс істеп темір таяқ кесіп дайындаған. Қазақтың жігіттері ондай қаруды қолданудан бас тартқан. Сөйтіп, жастарға күш көрсеткен қарулы топ, негізінен орыс жасақшылары болып шықты. Олардың көпшілігі қызып кетіп, садизмге беріліп, көше-көшеде жолыққан, ешкімде шаруасы жоқ бейкүнә адамдардың өзін ұрып-соғып таяққа жығып, қорлаған. Осылайша екі ұлт ашықтан-ашық бір-біріне қарсы қойылды.  
 Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарды мұздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді.  
Иә, ақыры қазақты ұлтшыл атандырып КОКП Орталық комитетінің қазақ ұлтшылдығы туралы арнайы шығарған қаулысы дүниеге келді. 1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрген емес еді. Мәселені әрі қарай тексеріп, болған фактілерді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған Мұхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді.  
      Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны "Қазақ ұлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды.  
Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашық мойындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің, ал жетекші қызметкерлердің өз қызмет орындарында, тұратын жерлерде есептері тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілген кемшіліктері үшін деген мінездемемен орын алынды. Мұндай тазарту жұмыстары сондай-ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді.  
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. 

Желтоқсан көтерілісінің  бар көрінісін Қалдыбай Әбеновтың  «Аллажар» деген фильмінде керемет  баяндалады және «желтоқсан ызғары», Тұрысбек Сәукетаевтың «Ай қараңғысы» 1986 жылғы  Желтоқсан оқиғасы жайлы романы  жарық көрген.

  Желтоқсан оқиғасына «ұлт-азаттық саяси қозғалыс» деген баға беріліп отыр. Бұл – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын көтеріліс. Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі, мемлекеттілігі үшін қай заманда болсын, қозғалысын еш уақытта тоқтатпаған. Бұл - соның айғағы.

2.2 Желтоқсан  оқиғасының қаһарманы -  Тұрар  Рұсқылбеков

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.

1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті.

Қайрат  Рұсқылбеков –жүрегінде намыс алауы лапылдаған, жігерлі жас, жалынды ақын еді. Оған «Жасақшы С.Савицкийді өлтірді» деген айып тағылды. Шындығында, С.Савицкийдің өлімі кезінде Қ.Рұсқылбеков қаланың басқа ауданында жүрген еді. Жоғарыдан жасақшыны өлтірген адамды тез арада табу керек деген жарлық түсті. Жарлықты орындаушылар марапат үшін бұрыннан істеп жүрген жеңіл әдеттеріне басып, сол өлімді Қайраттың мойнына арта салды.  Олардың қолдан ұйымдастырған дәлелдерінің ақсап жатқанына, Қайраттың шындықты айтып шырылдағанына құлақ асқан пенде болмады. Құқық қорғау жүйесінің 5 қызметкері «кісі өлтірушіні тез тапқаны үшін» марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Қайрат  Рұсқылбековтың өлім жазасына кесілуі  дүниежүзілік қауымдастықтың наразылығын  тудырды. Чехославакияның, Польшаның, Венгрияның, АҚШ-тың қоғам қайраткерлерінен, зиялыларынан бұл үкімге қарсылық хаттары келіп түсіп жатты. Абақтыда азап шеккен Қайрат ақыры, жұмбақ жағдайда қаза тапты.

Республикалық Мемлкеттік қауіпсіздік комитетінің  қызметкерлері 17-18 желтоқсан күндері кино және телеккамералармен түсірілген материалдар бойынша шеруге қатысқандардың суреттерін шығарды. Сол суреттер бойынша  астананың барлық оқу орындары мен еңбек ұжымдарында «қылмыстыларды» іздеу басталды. Бұл науқан бірнеше айға созылды. Сол кезде бүкіл республикада Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға деген аса ауыр психологиялық ахуал қалыптасты.

Кейін анықталғандай,  коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен «Бұрқасын -86» деген құпия жедел жоспар жасалған болып шықты. Ол жоспар бойынша билік иелері кез келген уақытта оқиғаны өздеріне қажетті арнаға бейімдеп, жастарға «қылмыскер» немесе «ұлтщыл»деп айдар тағып, арандатушылық бағытқа бұрып жіберуге мүмкіндік алды. «Бұрқасын» жоспары кейіннен әдейі құртылып жіберілгені белгілі болды.

Наразылық бейбіт шеру түрінде өтіп, саяси  сипат алды, бірақ ол мемлекеттік  құрылысты құлатуға бағытталған  жоқ.  Республика басшылығы жастардың  пікірлерімен санасуды жөн деп таппады. Саяси наразылықты өкіметке қауіп  төндіру деп бағалады. Сондықтан  да арандатушылық әрекеттерге жол  берді. Бейбіт шерудің жаппай тәртіпсіздік пен қантөгіске ұласуына республика басшылығының саяси  мәдениетінің төмендігі, күрделі  жағдайдан шығудың  тиімді жолдарын таба алмауы, тек күшке  сүйеніп үйреген әдетіне басуы  себеп болды.

Желтоқсандағы қазақ жастарының бас көтеруі  ұлтшылдық бой көрсету емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде, орыс халықтарына қарсы бағытталған  жоқ. Ол – жастардың сол кездегі ел билеушілерінің жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясатына наразылық  митингісі ғана болатын. Алматыдағы желтоқсан толқуы, шын мәнінде, елде алғаш рет күштің жаңа басталып келе жатқан, буыны қаптаған демократия мен ол кезде әлі өз күшінде тұрған әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің қақтығысы еді.

Жастардың бейбіт шеруін басып- жаншуға кінәлі кейбір лауазымды адамдарға сөз келтірмеу мақсатында Желтоқсан оқиғалары алғашқы күннен бастап, қалың көпшілікке бұрмаланып түсіндірілді. Алматыға арнайы жіберілген КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі М.С.Соломенцевтің нұсқауы бойынша, КСРО-ның  барлық бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаларды «маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірді.

Осылайша, қазасының шынайы себептеріне қатысты  жекелеген күмәнді сауалдарға нақты  жауап табылмаған Қайрат Рысқұлбековтың бейнесі бүгінде қаһарман тұлғаға  айналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Кеңістік қоғамды демократияландыруға бағыт

3.1  1987-1998 жылдардағы Қазақстандағы қайта  құру және қоғамдық өмірдің  белсеңділігінің артуы 

80 жылдар  ақырында Кеңес мемлекеті ыдырай  бастады. Халық депутаттары бірінші  сьезінің өзінде және партиялық  форумда егемендік, экономикалық  дербестік, орталық пен федерацияның  мүшелері арасында өкілеттілікті  бөлісу, жаңа Одақтық шарттар  жасасу идеялары талқылана бастады.  Демократиялық қайта құрылыстардың   және ұлттық сананың ояну процестерінің  дамуы, оқиғалардың даму барысы  партиялық және мемлекеттік басшылық  тарапынан  осыған сай орталық  пен одақтас республикалардың  қарым-қатнасын үйленестіретін шаралар  қолдануды талап етті.

Жаңа  шындық жағдайды есепке ала отырып, Одақты қайта құру идеясы кеңінен  қолдау тапты және ол  «төменнен» - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді.  Қазақ КСР- да республиканың  өзін –өз і басқару , өзін-өзі  қаржыландыру концепциясы  жасалды, онда Қазақстан территориясындағы  табиғи байлықтар  мен өндіріс  құралдарына , оның ішінде өнеркәсіптің негізі болып табылатын салалық  кәсіпорындарына республиканың  егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету  қажеттігі туралы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңғыртуға бағытталған  қозғалысты Н.Ә.Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысады. Оншыл  және солшыл радикализмге қарама- қарсы Н.Ә.Назарбаев табанды, демократиялық реформалар жүргізу  және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтардың теңдігіне негізделген ұлтаралық  ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың  түбегейлі принципі ретінде саяси  тұрғылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізіп келеді.

Бірақ Қазақастанда басталған әміршіл-әкімшілдік жүйені сындыруға мемлекеттік басқару  құрылымының, Қазақстан Коммунистік  партиясының қатаң билігі кедергі  жасады.

Жекелеген партия ұйымдарының өз жұмыстарын жаңа талаптарға сай қайта құруға бағытталған  талпыныстары елеулі нәтиже бермеді.

1988 жылдан  бастап жаңа туып келе жатқан  оппоненттер тарапынан Қазақстан  Компартиясына  сын айтыла  бастады, мұның өзі коммунистер  партиясының іргесі шайқала бастаған, бірақ әлі де белгілі дәрежеде  сақталып отырған беделіне қатты  соққы болды.

Ресми емес қозғалыстардың дамуы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі заңды құбылыс  еді, оның бастама негізі экономикалық қозғалыс, сондай-ақ Алматыдағы Желтоқсан оқиғаларынан кейін республикада туған қоғамдық- саяси  ақуал болды.

1987 жылы  тамызда тұңғыш тәуелсіз ұйым- әлеуметтік-экологиялық «инициатива»  бірлестігі құрылып, ол өзінің  алдына соғысқа қарсы тұру, экологиялық,  адамгершілік және бейбітшілікті  қорғау идеяларын, жариялылық, демократияландыру,  әлеуметтік теңдік және әділеттік  принциптері негізінде халықтың  әлеуметтік белсеңділігін көтеріге  көмектесу, жұртшылықтың, еңбек ұжымдары  мен  азаматтардың бастамаларына  моральдік және ұйымдық, құқықтық, консультациялық, информациялық,  эксперттік қолдау көрсету мақсатын  қойды. Кейінірек, бұл бірлескен  басқа саяси ұйымдар, оның ішінде  «жасыл майдан», Қазақстанның  социал-демократиялық партиясы юөлініп  шықты. Ядролық қаруға қарсы  «Невада- Семей» қозғалысы және  Арал, Балқаш, Қазақстан экологиясының  проблемалары жөніндегі қоғамдық  комитет республика, мұнан кейін  халықаралық көлемдегі экологиялық  ұйымдарға арналды. 

Жұмысшы қозғалысы елеулі саяси күшке  айналды. Оның қатарында Қарағанды  көмір бассейні шахтерлері ерекше рөл  атқарды, олардың қимылдары тегеуріні  жөнінен Кеңес Одағының басқа-көмірлі  аудандарының ереуілдерімен  сай  келіп жатты. Таза экономикалық талаптан басталған олар шапшаң-ақ саяси сипат  алды. Жұмысшылардың облыстық ереуіл комитеті 1989 жылдан бастап қызмет  істейді, ол Қарағанды облысы еңбекшілерінің одағына ұжымдық мүше ретінде  кіреді. Жаңа Өзендегі оқиға (1989ж) әлеуметтік-экономикалық саладағы көкейтесті проблемаларды  жалғанның жарығына шығарады, ол инфроқұрылымның  мешеулігінен, өндіргіш күштерді орналастырудағы  қателіктердің салдарынан жергілікті халық жұмыссыз жүргенде вахталық әдісті қолдану практикасының берік  орын алуынан туды.

1990 жылдың  ортасында «Азат» қозғалысы және  «Азат» саяси партиясы пайда  болды. «Азат» өзінің басты  мақсатын тәуелсіз  мемлекеттер  достастығы шеңберінде Қазақстанның  мемлекеттік егемендігі үшін  күрес деп белгіледі. 

Бұл аталғандардан  басқа да саяси партиялар мен  қозғалыстар әрекет етті, республикада 1991ж барлығы 120-дан астам дербес бірлестіктер болды.

Қазақстанда көп партиялылықтың қалыптасу процесіне  талдау жасай келіп, мұны тоталитаризмнен  демократияға өтпелі кезеңнің бастамасы  ғана деп санау керек. Көп партиялылықтың тарихи дәстүрінің, республика халқының дамыған саяси мәдениетінің жоқтығы- кең және берік саяси базасы жоқ, саяси көзқарасының біржақтылығымен  көрінетін саяси бірлестіктердің  пайда болуына әкеліп соқтыруда. Бұл бағаны «Алаш» және «Желтоқсан», Қазақстанның социолистік, социал- демократиялық, коммунистік партияларына беруге болады.

Қоғамдық  демократияландыруда халық депутаттары  Кеңесінің заң шығару  қызметі  маңызды рөл атқарды. Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы  Кеңесі (1990 ж сәуірден) жетекші орын алды. 1990-1991 жылы қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң  жүзінде бекітілген бостандықтары  мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды  қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан  шындық жағдайдың талаптарына сай  республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам  болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде  нығайтуға, демократия жолына бүкіл  саналы күштерді топтастыруға тиіс еді. Олар азаматтардың құқұықтарын едәір  кеңейтті, республиканы мекендейтін  барлық ұлттар адамдарының талап-тілегіне жауап беретін болды. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлкеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-ң  тіл туралы» заңын қабылдау тарихи оқиға болды.

1990 жылы 24 сәуірде республика Жоғарғы  Кеңесі Қазақ КСР-нің Президенті  лауазымын белгіледі, парламент  сессиясында жасырын дауыс беру  нәтижесінде оған Н.Ә.Назарбаев  сайланды. Президенттің Семей полигонында  ядролық сынаққа тиым салу, Ұлы  Отан соғысына қатысқандар мен  оларға теңестірілген азаматтарға  әлеуметтік көмек көрсету шаралары  туралы жарлықтары Қазақстанда  демократиялық қайта құрылыстар  жүргізудің өзіндік бір белесі  болды. Республика Жоғарғы Кеңесінің  төралқасы 1986 ж 17-18 желтоқсанда  Алматыда болған оқиғаға байланысты  жағдайларға түпкілікті баға  беру жөнінде арнаулы комиссия  құрды. 

1990 жылдың 25қазанда республика Жоғарғы  Кеңесі Қазақ КСР—нің мемлекеттік  егемендігі туралы Деклорация  қабылдады. Егемендік алу Қазақстанда  жалпы демократиялық процестердің  барысын шапшаңдатты, мұның өзі  елдегі болып жатқан оқиғалармен  тығыз байланысты еді. 1991 жылдың  ортысында Қазақстан басқа республикалармен  бірге іс жүзінде орталыққа  оопозацияда болды. Қазақстанның  бастамасы бойынша Белоруссиямен,  Украинамен, Ресеймен және басқа  республикалармен бір-бірінің егемендігін,  қалыптасқан шекараларды, орнатылып  жатқан өзара пайдалы экономикалық  байланыстарды мойындау  туралы  екі жақты келісімдер жасалды. 

1991 жылы  тамыздағы оқиға бұл жұмысты  үзіп жіберді, КСРО-ның күйреуін  және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде     Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. ҚОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.

Міне, осындай  күрделі жағдайда Қазақстан мемлекеттігі шеңберінде Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы  ретінде Қазақ КСР Конституциясына  өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы»  Заңы бойынша берілді.

1991жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында  тұңғыш рет республика Президентін  жалпы халықтық сайлау өтті. Халықтың  демократиялық жолмен өз еркін  білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев  Президент болды. 

Республикада  төмендегідей өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комиеті құрылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды  Қазақ КСР үкіметінің қарамағына бері туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін  қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда  алтын запасы мен алмас қорын  жасау туралы жарлықтары шықты. 1991жылы 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онын ғарышқа бірінші  ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2  Егеменді даму жағдайындағы Қазақстан

1991жылы  10 желтоқсанда тұңғыш бүкіл халық  сайлаған Президент қызметіне  кірісті, 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақтың  Кеңестік Социалистік республикасы  Қазақстан Республикасы болып  аталды. Жоғарғы Кеңес Қазақстан  Республикасының өз территориясындағы  бүкіл өкімет билігі өз қолында,  ішкі және сыртқы саясатын  дербес белгілейтін және жүргізетін  демократиялық мемлекеттің мемлекеттік  тәуелсіздігін жариялады. Республика  тарихында жаңа кезең басталды.

1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрыңғы  Кеңес одағының құрамына кірген  тәуелсіз мемлекет басшыларының  кеңесінде ТМД- ны қайта құру  келісімінің хаттамасына қол  қойылды.

Қазақстанда егемен мемлекеттік дамуының қарқынды процесі басталды.

Көппартиялық  жүйе қалыптастырудың бастамасы  жасалды.  Тәуелсіз бұқаралық ақпарат  құралдарының жұмыс істеуі үшін жағдай жасалды. Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік  пен ынтымақ кеңесінің (СБСЕ) толық  құқылы мүшесі болып, адам және аз ұлттың құқықтарының сақталуына кепілдік берді. Ұлттың құқы жеке адамның құқына теңестіріліді, сондықтан мемлекет Қазақстанның барлық азаматтарына бірдей қамқорлық жасайды. Мұның маңызды болатын тағы бір  себебі тек әлеуметтік тұрақтылық пен  ұлтаралық ынтымақ ғана Қазақстанның қарқынды дами беруіне  мүмкіндік  береді: мұнда барлық 17 миллион халықтың  42% қазақтар, 37% орыстар, 5,2% укриндар, 4,4% немістер.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға  шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан  Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық  валюта қорының, Халықаралық рекострукция және даму  банкісінің, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көпжақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра  ұйымдарға кірді.  Біздің мемлекетімізді жүзден аса ел таныды, олардың көбімен  елшілік және өкілеттік дәрежесінде  демократиялық қатынас орнатылды. Республиканың сыртқы саяси бағыты шекаралас мемлекеттермен, оның ішінде ТМД-ні қоса, толық сенім принциптері  негізінде өзара тиімді достық қатынасты  сақтау, сонымен қатар барлық басқа  мемлекеттермен әділеттік және халықаралық  серіктестік негізінде кең байланыстарды  дамыту болып табылады. Қазақстан  территориясында орналасқан ядролық қарулар келешекте келісімдік процестер шеңберінде жойылып, республика ядролық қарусыз мемлекет дәрежесін алады.

60-80 жылдардан бастап Қазақстанның тарихы Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздікке жету жолындағы Қазақстан