АҚ «Эйр Астана» әуекомпаниясының өндірілген өнімінің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

 

 

«Экономика» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: : «Эйр Астана» әуекомпаниясының өзіндік құнын есептеу және табыстылығын анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

Курс:3

Топ:Менеджмент

Орындаған:Айтенова К.Б.

Тексерген:Калиева Ә.С.

 

 

 

 

 

 

 

Қорғауға жіберілді:__________________2012 ж.

Қорғаған бағасы:_____________________2012 ж.

 

 

 

 

 

 

2012 ж.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

.

 

 

ТАПСЫРМА

 

Курстық жұмыс берілді: Айтенова Камшат Берикқызы, 3С тобы

«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша

 

1.Тақырыбы:АҚ «Эйр Астана» әуекомпаниясының өндірілген өнімінің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу.

2.Алғашқымәліметтер:экономикалықкітаптар,сөздіктер,журналдар,мәліметтер, экономикалық сайттар және формулалар.

3.Тапсырмаға арнайы  нұсқаулар:кестелер,схемалар,қосымша.

4.Негізгі бөлімдер:

 

Бөлімдердің аттары

Көлемі, %

Орындалу

мерзімі

Бірінші бөлім  (Өндіріс  шығындары  және  өзіндік  құн.)

1.1.«Эйр Астана» туралы жалпы түсінік.

1.2. Өнімнің  өзіндік  құнының  қалыптасуы  және мәні.

1.3. Кәсіпорын шығындары түсінігі  және  олардың түрлері.

   

Екінші бөлім («Эйр Астана» АҚ-ның өзіндік  құнын және қаржылық  талдауын жасау.)

2.1.«Эйр Астана» әуекомпаниясына қаржылық талдау жасау.

2.2. Өнімнің өзіндік құнын талдаудың мәні.

   

Үшінші бөлім  (Өнімнің  өзіндік құнын және шығындарын азайту жолдары.)

3.1.Өнімнің  өзіндік  құнын  азайту  жолдары.

3.2.«Эйр Астана» әуекомпаниясының  еңбек өнімділігін арттыру және шығыстарын азайту жолдары.

   

Қорғау

   

 

 

Тапсырма кафедраның мәжілісінде  бекітілген «______»__________2012 ж.

Хаттама №______ 2012 ж.  Жетекшісі ____________________

Тапсырманы орындауға алды  «________» 2012 ж.____________( білімгердің қолы)

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

         Кіріспе……………………………………………………………………..4

       

         I-Бөлім.  Өндіріс  шығындары  және  өзіндік  құн.

         

1.1.«Эйр Астана»  туралы жалпы түсінік………………………….…………....5

1.2. Өнімнің  өзіндік  құнының  қалыптасуы  және мәні….…………….........7

1.3. Кәсіпорын  шығындары түсінігі  және  олардың  түрлері………………....10

 

II-Бөлім. «Эйр Астана» АҚ-ның өзіндік  құнын және қаржылық  талдауын жасау.

 

2.1. «Эйр Астана» әуекомпаниясына қаржылық талдау жасау………….…...14

2.2.  Өнімнің өзіндік құнын талдаудың мәні …………..........………………...17

          

III-Бөлім. Өнімнің  өзіндік құнын және шығындарын азайту жолдары. 

 

3.1. Өнімнің  өзіндік  құнын  азайту  жолдары …………...…………….…….18

3.2. « Эйр Астана» әуекомпаниясының  еңбек өнімділігін арттыру және шығыстарын азайту жолдары………………………………………...…….…...19

 

Қорытынды……………………………….……………………………..……....20

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................21

Қосымша…………………………………………………………………….……22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Кез-келген  кәсіпорын  (фирма) өнім  өндірісін  бастамас  бұрын, ол қандай  пайда  ала-алатынын  анықтап  алады. Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері,  жұмыстары  нарық  жағдайлары  мен  өндірістік шығындар  арқылы анықталады. Жалпы  түрде өндіріс шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік  құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және  басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  талдау  болып  табылады.

Кәсіпорынның шығындары өндіріс үдерісімен байланысының сипатына қарай негізгі және үстеме шығындарға, олардың жекелеген бұйымдардың өзіндік құнына жатқызылуы тәсіліне қарай тікелей және жанама шығындарға, өндірістің көлеміне қарай шартты-тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлінеді. Сондай-ақ шығындарды  экономикалық мазмұнына және калькуляцияның баптарына қарай да топтастыру қабылданған.Шығындардың экономикалық нышандары бастапқы, біртекті топтар болып келеді. Калькуляцияның баптары бойынша топтастыруда шығындардың орны мен мақсаты ескеріледі

Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  материалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

        Курстық жұмыстың мақсаты: «Эйр Астана» әуекомпаниясындағы аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған және өзіндік  құнға  қосылғандарды өткізу  бағасында  өткере білу. Компанияның өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындарының  ақшалай  түрдегі  сомасын анықтай білу.

Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған  барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

Курстық  жұмыс  барсында  қарастырылатын  тақырыптар:  өндіріс  шығындары  және өнімнің  өзіндік   құны туралы жалпы сипаттама; өзіндік   құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау;  өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу;  өнімнің өзіндік құнын азайту  жолдары.

 

                                                     

                                                       

 

 

 

 I-бөлім. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.

 

1.1. АҚ«Эйр Астана» туралы жалпы түсінік

 

      Өзінің 10 жылдық тарихы ішінде «Эйр Астана»1 айтарлықтай нәтижелерге жетіп, аймақтағы ең инновациялық әуекомпаниялардың бірі беделіне ие болды. Қызметтерін қауіпсіздік және қызмет көрсету сапасының ең жоғарғы стандарттарына сай көрсетуі компанияның негізгі жетістігі болып табылады. «Эйр  Астана» IOSA аудитінен өткен алғашқы орталық-азиялық әуекомпаниясы және IOSA сертификатын ешбір шектеусіз алған ТМД -дегі алты әуекомпаниялардың бірі болып табылады. Skytrax World Airline Awards халықаралық рейтингі бойынша «Эйр Астана» компаниясы «Шығыс Еуропаның үздік әуекомпаниясы» санатында екінші орынға лайық болды.

АҚ «Эйр Астана» әуекомпаниясы 2001 жылы тіркеліп, ең бірінші рейсін 2002 жылдың 15-ші мамырында Алматы – Астана бағыты бойынша орындады. Рейстің ашылу салтанатына әуекомпанияның акционерлері болып табылатын Қазақстан Республикасы үкіметінің және ұлыбританиялық BAE Systems компаниясының өкілдері – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Сэр Ричард Эванс қатысты.  
           Акциялық үлестің 51 пайызын үкімет («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаттылық қоры» АҚ), ал 49 пайызын BAE Systems (Ұлыбритания) компаниясы иеленген біріккен кәсіпорындағы акционерлердің әріптестік қарым-қатынастары әуекомпанияның даму тарихында тұрақты болып келеді. 
          Әуекомпанияның жаңа буындық ұшақтарды пайдалану арқылы ішкі және халықаралық әуетасымалдарды қауіпсіздік пен сервистің өте жоғары стандарттарына сәйкес орындау миссиясы да тұрақты болып қалды. Бұл экономикалық дамуы өте қарқынды елдердің бірі болып саналатын Қазақстанның мұқтаждықтарын қанағатандырады.   
         «Эйр Астана» – Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық авиация қауіпсіздігі агенттігі) куәландырған ұшақтарға 145 директиваның талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсететін әуекомпаниялардың бірі. 2011 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясы IATA-ның (Әуе транспортының халықаралық қауымдастағы) эксплуатациондық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық аудиттен (IOSA) сәтті өткен әуекомпаниялар регистрінде ресми түрде тіркелді. Сонымен қатар «Эйр Астана» 2007 жылдан бастап Қазақстаннан осы регистрде тіркелген жалғыз әуекомпания болып табылады.  
          Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуе паркі батыста жасалған 26 ұшақтан тұрады және олардың орташа пайдаланым мерзімі 11 жылды құрайды. Әуекомпанияның бағдар желісі 50-ден астам ішкі және халықаралық бағыттарды қамтиды. 3500-ге жуық жұмыс орнымен қамтамасыз ететін әуекомпанияның жоғары білікті жұмыскерлер қатары негізінен жергілікті қызметкерлерден, сондай-ақ тәжірбиелі шетелдік мамандардан құралған.

2005 жылдың күзінен әуекомпанияны авиация саласында 25 жылдан астам басқару тәжірибесі бар Питер Фостер басқарып келеді. Әуекомпанияның президенті Директорлар кеңесіне есеп береді.

«Эйр  Астана» акционерлік қоғамы (одан әрі – компания, әуекомпания, қоғам) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат  қоры» АҚ-ның (51%) және BAE Systems британдық  компанияның (49%) бірлескен кәсіпорны  болып табылады. Компания 2001 жылдың қыркүйегінде құрылған және өзінің бірінші  рейсін 15 мамырда 2002 жылы орындады. 2011 жылы әуекомпания үш миллион жолаушыны  тасып, жолаушы тасымалдардың рекордтық  мөлшеріне жетті . 
          Жақында әуекомпания жеке меншікке сатып алу үшін Boeing 787, Boeing 767, Airbus A320 және Embraer 190 ұшақтарына тапсырыс берді. Бұл оның әуекемелерді 2016 жылға қарай 34 данаға, ал 2020 жылы 43 данаға дейін арттыру мақсатына сай келеді.

        Корпоративті басқару «Эйр Астана» әуекомпаниясы корпоративтік басқаруды компания қызметінің тиімділігін көтеру, оның беделін нығайту және капитал тартуға арналатын шығындарды төмендету әдісі ретінде қарастырады. «Эйр Астана» АҚ корпоративтік басқару жүйесі компанияны басқарудың айқындылығын арттыруды қамтамасыз ету және тиісті корпоративтік басқару стандарттарын қолдануға компанияның бұлжымас дайындығын дәлелдеу мақсатында үнемі жетілдіріліп, дамытылып тұрады.  
        «Эйр Астана» АҚ-ң корпоративтік басқаруы келесі түйінді қағидаларға сүйенеді:

  1. Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидасы;
  2. Директорлар кеңесінің тиімді басқаруы;
  3. Атқарушы органның тиімді басқаруы;
  4. Компания қызметінің дербестігі қағидасы;
  5. Компания қызметі туралы ақпаратты айқын жəне əділ мəлімдеу қағидалары;
  6. Заңдылық және әдеп қағидалары;
  7. Тиімді дивиденд саясаты қағидалары;
  8. Тиімді кадр саясаты қағидалары;
  9. Қоршаған ортаны қорғау қағидасы;
  10. Корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясаты;
  11. Жауапкершілік қағидасы. 

      «Эйр Астана» АҚ корпоративтік басқару органдары  акционерлердің жалпы жиналысы компания қызметінің барлық түйінді мәселелері бойынша шешімдер қабылдайтын «Эйр Астана» АҚ жоғарғы басқару органы болып табылады.   
        Компания қызметінің жалпы басқаруын, сонымен қатар Атқарушы орган қызметін бақылауды директорлар кеңесі жүзеге асырады. Директорлар кеңесі жанында төрт комитет жұмыс жасайды:аудит жөніндегі комитет, тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет, стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі комитет. Комитеттердің міндеттеріне директорлар кеңесінің құзірет аясына қатысты мәселелерді алдын-ала қарау және осы мәселелер бойынша ұсыныстар беру жатады.   
       Ағымдағы қызметті басқару, компанияның мақсаттары, стратегиясы және саясатын іске асыру функцияларын жеке-дара атқарушы орган – президент жүзеге асырады.   
       Ішкі аудит қызметі «Эйр Астана» АҚ ішкі аудитін, сонымен қатар компанияның ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің ұйымдастырылуын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін орган болып табылады (схема 1).

 

схема 1. «Эйр Астана» АҚ корпоративтік басқару органдары.


 
1.2 Өнімнің  өзіндік  құнының  қалыптасуы  және мәні.

  

Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  материалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі. Осылайша, өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

Өзіндік  құн - өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып  өнімнің  өзіндік  құн  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

Өзіндік  құнның  экономикалық  міндеті-жұмсалған  шығындардың  орнын  толтыру  және  соның   негізінде  өндірістің  барлық  элементтерін  қайта  өндіру: өндірістік  қорлар  және  жұмыс  күші. Осы  жерде  кәсіпорынның   өзіндік  құнның   негзгі  элементі  болып  амортизация, яғни  шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы-ол  шығындардың  бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорын  да  басқа  да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына сыйақылар  төлейді, банк  несиелеріне  пайыз  төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды,  бюджеттік  емес  қорларға  аудрымдар  жүргізеді-бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша  шығыстарын  құрайды.

Өнекәсіптің дамуының бөлек  кезеңдерінде бұл  шығындардың  орнын  толтыру көздері  өзгеріп  отырады. Олар  өнімнің  өзіндік құнына қосылса немесе  кәсіпорын қолында қалатын табыс  есебінен  іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша,  өнімнің  өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамына әрдайым  өзгеріп  отырады. Бұл  өзгерістердің  басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі  орныққан  өндірістік қатынастардың  дамуын  қамтамасыз  ету, оларды  толтыру  көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің  өзіндік құны  немесе  пайда.

Шығындар  жиынтығы  пайда  көлемін  анықтайды, олардың  көбейуі  2 түрлі факторға  байланысты болады: бағаның өсуі және  өнімнің  өзіндік құнының  төмендеуі. Соңғысы тиімдірек  болып табылады.

Өнімнің  өзіндік  құны2 –синтетикалық, кәсіпорын қызметінің  барлық

жағын бірлікте және өзара байланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады.  Ол  кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің  сапалы көрсеткіші. Оның  деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік  құнның  мағынасы  сонымен  қатар  оның  атқаратын  қызметтерімен де анықталады:

1) Өзіндік   құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан  да өнімнің өзіндік  құны  арқылы өндіріс құралдарының  жұмсалуы қамтамасыз етіледі.

2) Өзіндік  құн көтерме бағаны қалыптастыру  базасы болып табылады, оның есептемей  баға қалыптастыру  мүмкін  болмайды.  

3) Өзіндік  құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың  рентабельділігі , яғни олардың  өндіру мақсаттылығы  есептелінеді.

     Өнімнің  өзіндік  құнын құрайтын шығындар  2  түрлі  негізгі белгілер  бойынша  жіктеледі:

-Шығындардың  алғашқы  элементтері  бойынша.

-Пайда болу және  бағытталу  сипаттамасы  бойынша.              

     Шығындарды экономикалық элементтері  бойынша жіктеу өндірі шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі  шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты  бойынша  біртекті  шығындарда  біріктіріледі, олар  жиынтық  өнімнің  өзіндік  құнын құрайды.           Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді: еңбекке төлем шығындары; әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар; Мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар; амортизация; Басқа шығындар.

       Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.

Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына  өндірістік  бағдары  бойынша  топтау, яғни  өндіріс  процесінде  пайда болу орны және өнімді өткізуді  көрсетеді.

Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің  негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері 

шығындар  бабы түрінде ерекшеленсе, ал  қосымша  шығындар   кешенді  шығындар бабында  көрсетілген: шикізат және материалдар; жартылай фабрикаттар және технологиялық  мақсаттағы көмекші материалдар;  өндіріс жұмысшыларына негізгі  және  қосымша  еңбекақы; технологиялық  мақсаттағы жанармай және энергия; әлуметтік  сақтандыруларға аударым; цехтық шығындар; жалпышаруашылық шығындар; коммерциялық шығындар; жалпы өндірістік шығындар.

Шығындарды  калькуляциялық  жіктеу мағынасы - оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің  өзіндік  құнын есептеуді  білдіреді. Ол өндірістің  әр түрлі учаскелерінде  өзіндік  құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция-өнімнің, жұмыстың  өзіндік  құнын  шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның  түр-түрі бойынша өндірілген  өнімнің  бір өлшеміне  немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.

Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрллі критерилер бойынша  бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені  осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге  мүмкіндік береді:

а)шығу көзі бойынша шығындар (өндіріс,цех, жер);

б)жұмыс  және қызмет көрсету түрлері бойынша;

c)өнім  өндірісімен байланысты барлық  шығындар жиынтығы екі негізгі  элементтерге бөлінеді:

  • материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай, энергия, қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтың ескіруі және т.б.);
  • тірі еңбекті қамтамасыз етуге шығындар (еңбекақы, әлеуметтік   
  • сақтандыру, демалысқа, ауырған күндерге  төлемдер және т.б. );

           д) шығындарды басқаша топтастыру оларды мүмкін болатын өнім өндірісіндегі фирма ұйымдастырылуы, қызметі, яғни калькуляция статьялары бойынша бөлістірілуі мүмкін:материалдар (шикізат, материалдар,сәйкес көліктік дайындау шығындары);еңбекақыға тікелей шығындар(өндіріс процесінде жұмысбасты жұмысшылардың еңбекақысы);жартылай фабрикаттар және комплекттаушылар; құрал-жабдықты ұстауға және жөндеуге шығындар;цехтық (өндірістік) шығындар;

жалпышаруашылық шығындар;

е) дайын  өнім шығындар құнын  аудару  әдісі  бойынша:

тікелей шығындар;жанама  шығындар;

f) қалыптасу  уақыты бойынша:ағымдық  шығындар;

болашақ кезең  шығындары (өндірістің келесі кезеңінде  қолдануға арналған ағымдық кезеңдегі өндіру ).

Біз қарастырып отырған «Эйр Астана» әуекомпаниясының шығындарына келетін болсақ: авиакеросин және ЖЖМ қызметкерлерге жұмсалатын шығыс,әуежай және жердегі қызмет көрсету,әуе кемелеріне инженерлік-техникалық қызмет көрсету,әуе кемелері және қосалқы бөлшектер лизингі,жолаушыларға жұмсалатын шығыс,әткізуге жұмсалатын шығыс,салықтар және басқадай шығыстар жатады.

Қазақстан экономикасындағы барлық  салалары бойынша кәсіпорындардағы жұмыс пен қызметке қосылатын өзіндік құнына қосылатын шығындарды бірегей  анықтау  мақсатында  1992  жылдың  30  шілдесінде  Министрлер  Кабинетінің  Нұсқауы негізінде  жүзеге асырылады. Қазақстанда өзіндік құнның қалыптасуы толықтай жетілмеген, ол өтпелі экономика және соған сәйкес мәселелермен байланысты. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындар бухгалтерлік есептің жаңа басты есептеу жоспарына көше бастады.

 

1.3. Кәсіпорын шығындары түсінігі  және  олардың түрлері. «Эйр Астана» әуекомпниясының өндіріс  шығындары.

Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері  нарық  жағдайлары  мен  шығындар  арқылы анықталады.Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

 Өнім  көлемінің  өзгеруі  фирмалардың   ұсынатын  тауарлардың  мөлшері   және  оның  бағасымен  байланысты.  Өндірістің  шығындары  бухгалтерлік  және  экономикалық  шығындар  болып  бөлінеді. Бухгалтерлік  шығындар  бұл  өнімнің  өзіндік   құнының  құрамына  кіретін   нақты  шығындар. Яғни,«Эйр Астана» әуекомпаниясының бухгалтерлік шығындарына авиакеросин және ЖЖМ қызметкерлерге жұмсалатын шығыс,әуежай және жердегі қызмет көрсету,әуе кемелеріне инженерлік-техникалық қызмет көрсету,әуе кемелері және қосалқы бөлшектер лизингі,жолаушыларға жұмсалатын шығыс,әткізуге жұмсалатын шығыс,салықтар және басқадай шығыстар жатады.

Экономикалық  шығындарға  барлық  шығындар  жатады.  Соның  ішінде  кәсіпорынның (фирма)  өз  меншігіндегі  сатып  алынбайтын өндіріс  факторларын  пайдаланбағандағы  айқынсыз  шығындар.  Сонымен  экономикалық  шығындар – бухгалерлік  және  балама шығындардан тұрады.

                  Формула 1.

Бухгалтерлік  шығындар = нақты  шығындар.

Формула 2.

Экономикалық  шығындар = бухгалтерлік  шығындар + балама шығындар

Қысқа  мерзім  кезеңінде  өндірістің  жалпы,  тұрақты  және айнымалы  шығындары  анықталады. 

Жалпы  шығысдар (ТС) – бұл  өндіріске  кеткен  барлық  шығысдар  және  тұрақты, айнымалы  шығысдардан  тұрады.

Формула 3.

ТС = ҒС + VС

                

Тұрақты  шығысдар (ҒС) - өнім шығару  көлемінің өзгеруіне  байланысты  өзгермейтін  шығындар. Бұларға  салықтар,  жалға  беру,  төлемдер,  сақтандыру,  амортизация  және  т.б.

Айнымалы  шығысдар (VС) – бұлар  өнім  көлемі  өзгерсе  бірге  өзгеретін  шығындар.  Олар  шикізатқа,  жалақыға,  энергияға,  транспортқа,  материалдарға  кеткен  шығындар.

Мысалы, біз қарастырып отырған «Эйр Астана»  әуекомпаниясының 2011 жылғы жалпы  шығындарын есептейтін болсақ:

АҚ«Эйр  Астана» үшін тұрақты шығыстар: сақтандыру(781,879тг) , табыс салығынан басқа салықтар(683,413тг),тозу және амортизация(807,418), мүлік жалдау жөніндегі шығыстар(773,915тг), консультациялық, заңды және кәсіби қызметтер (243,949тг),ақпараттық технологиялар (343,043тг).Барлығы =3593,617тг.

Айнымалы  шығыстар: экипажға байланысты шығыстар(4,842,079тг), жанармай (15,583,689тг), персонал жөніндегі шығыстар(10,180,270), әуежайлық қызмет көрсету және навигация    (10,312,850тг), инженерлік-техникалық қызмет көрсету (12,582,771тг),ұшақтардың операциялық лизингі бойынша шығыстар (10,796,047тг), жолаушыларға қызмет көрсету (7,729,011тг),сату жөніндегі шығыстар (7,198,760тг).Барлығы=79,225,477тг.

Сонымен,«Эйр Астана» әуекомпаниясының жылғы жалпы шығындары: 3593,617тг+79,225,477тг=82,819,094тг.

Фирманың  шаруашылық  қызмет  процесінде  өндірістік  тұрақты  шығындар  құрылымында  қалдық  және  старттық  шығындар  туады.  

Қалдық  шығындар-өнімді  өткізу  мен  өндірістің  тоқтауымен  болатын  тұрақты  шығындардың  бөлігі. Неғұрлымшаруашылық  қызметінің  тоқтау  уақыт  ұзақ  болған  болған  сайын,  соғұрлым  қалдық  шығыннның  көлемі  аз. Бұл жағдайда  фирмада  жұмысшы  күшін  жалдау мен  ғимараттарды  жалға  беру  туралы  түрлі  шарттар  мен  келісімдерден  құтылу  мүмкіндіктері  пайда  болады.

Старттық  шығындар-өндірісті  қайта  қосумен  және  өнімді  өткізумен  байланысты  туатын  тұрақты  шығындардың  бөлігі.    

Кез-келген  кәсіпорын  (фима) өнім  өндірісін  бастамас  бұрын, ол қандай  пайда  ала-алатынын  анықтап  алады.

        Кәсіпорын  табысы  2  түрлі  көрсеткішке  тәуелді  болады:  өнім  бағасы  және  оның  өндірісіне  шығындар.  Нарықтағы  өнім  бағасы  сұраным  мен ұсыным  өзара  байланысының  нәтижесі  болып  табылады.  Нарықтық   баға   қалыптастыру   заңдарының    әсерінен   еркін   бәсеке  жағдайында  өндіруші  немесе  тұтынушы  қалауына  сәйкес  жоғары  немесе  төмен  болмайды, ол  автоматтты  түрде  орнатылады.  Өнім  өндірісіне  шығындар-өндіріс  шығындары  басқаша түрде  болады.  Олар  тұтынылатын  еңбектік немесе  материалдық ресурстар  көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына  және  басқа  факторларға  байланысты  өсуі  немесе төмендеуі  мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың  көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару  қабілетімен  жүзеге асыра  алады.

Жалпы түрде  өндіріс шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік  құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және  басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  тадау  болып  табылады.

Өндіріс  шығындарына  және  өнім  өткізуге  төмендегілерге  байланысты  шығындар  қосылады:

-ұдайы  өнім  өндірісі, белгіленген технология  деңгейінде өндірістің  ұйымдастырылуы;

-табиғи шикізаттарды  қолдану;

-өндірісті дайындау  және  үйрену;

-өндірісті ұйымдастыру мен  технологияны  жетілдіру, сонымен  қатар  өнім сапасын жақсарту, оның  сапалығын  арттыру, ұзақ  тұтыну  және  басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды  емес сипаттағы шығындар);

-рационалдау және құрастыру,  тәжірибиелік  жұмыстарын  жүргізу, моделдер  мен  нұсқаларды  дайындау  және  тексеру,  авторлық  сыйақы  төлеу  және  т.б;

-өндірістік  процеске  қызмет  ету; өндірісті  шикізат, материал, жанармай,  энергия, құрал-саймандар  және  басқада еңбек  құралдары  және  заттарымен  қамтамасыз  ету,  негізгі  өндірістік  қорларды  жұмысқа   қабілетті   жағдайда  ұстау,  санитарлы-гигиеналық  талаптарға  сәйкес жұмыс  жасау;

-қалыпты  еңбек  жағдайын  және  техника  қауісіздігін  қамтамасыз  ету;

-өндірісті  басқару: кәсіпорынның  басқару  аппараты  қызметкерлерінің, фирма  және  оның  құрылымдық  бөлімшелерін, іс-сапарларын  қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық  қызметімен  байланысты  өкілеттілік  шығындар  және  т.б.кадрларды  дайындау  және  қайта  дайындау;

-мемлекеттік  және  мемлекеттік емес әлеуметтік  сақтандыруға аударымдар.       

Әрине, фирманың, кәсіпорын  қызметінің  нәтижесі (табыс  және  шығын) өнім өткізуден  (жұмыс және қызмет  көрсету) фирманың, кәсіпорынның  негізгі  құралдары  және  басқа да мүліктерін өткізуге  байланысты  емес  операциялардан  түсім, осы   операциялар  бойынша  шығындар  сомасының  азаюының  қаржылық  нәтижесінен  құралады.

Аз шығын  жұмсап едәуір көп тиімділік алу, еңбек, материал және қаржы ресурстарын  үнемдеу мәселесі қазіргі уақытта аса өзекті болып отыр.

Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның барлық шығындарын ақшалай нысанында айқындайтын  басты экономикалық көрсеткіші болып  табылады.

Өнеркәсіптік  өнім өндірісіндегі шығындардың  қомақты үлесін шикізат пен негізгі  материалдар, содан кейін еңбек  ақы мен амортизациялық аударымдар алады. Жеңіл өнеркәсіпте шикізат  пен негізгі материалдар үлесі 86% , ал еңбек ақы үлесі 9% құрайды. Өнімнің өзіндік құны өндіріс тиімділігі көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Ол өнім құнының қомақты бөлігін айқындап, өнімді өндіру мен өткізу шарттарының өзгерісіне тәуелді болады.

АҚ «Эйр Астана» әуекомпаниясының өндірілген өнімінің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу