Адамгершілікке тәрбиелеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
АРНАУЛЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
050101- Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы
Мектепке дейінгі педпгогика пәні
Кіріспе
1.Мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың адемгершілікке тәрбиелеу жолдарының теориялық негіздері.
1.2.Адамгершілік тәрбиенің
зерттелу жайы.
1.3.Ауыз әдебиеті арқылы
адамгершілікке тәрбиелеу
2. Ауыз әдебиеті арқылы
адамгершілікке тәрбиелеуге
2.1. Анықтауыш эксперимент материалдарын дайындау, талдау. 27
Қорытынды
Қолданылған әдебиет
пайдаланудың мәні зор. Оның ішінде ауыз әдебиетін оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Ендеше, адамгершілік тәрбиесі ана тілінен басталуы керек. Халықтың халық, елдің ел болуы тілімен өзектес. Халқымыздың ірі тіл маманы, ұстаз А.Байтұрсынов ана тілінің халық, ел тағдырындағы, адамгершілік қадір - қасиетіндегі мәні мен мазмұнына терең көз жіберген. Ол ауыз әдебиетінің адамгершілік тәрбиесінде маңызының зор екендігін көрсетіп бере білген.
Ауыз әдебиетінің бір ғасырдың ғана емес, халық тілінде ерте заманнан келе жаткан, балалар ғана емес, ересектер үшін де өзіндік тәрбиелік ойдың көркем жиынтығы.Адам бойындағы барлық жақсылықты паш етіп, жамандық атаулыны жерлеп, күлкіге, әзіл оспаққа, келекеге айналдырады. Макал мен мәтелдерді оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның әр түрлі жақсы қасиеттері, елін сүю, ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, т.б, осы тәрізді өнегелі сөздері бала санасын біртіндеп құя беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Балалар ауыз әдебиетін таңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.
Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үрдісі.
Зерттеу мақсаты: Ауыз әдебиеті арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтап, оны эксперемент арқылы дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
- балаларға ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жайлы материалдар жинактау, талдау, жүйелеу;
- ауыз әдебиеті арқылы қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс түрлерін анықтау;
- ауыз әдебиетінің теориялық тұрғыдан негізделген, эксперименталдық материалдарын дайындау;
Зерттеу болжамы: оқу сабақтарында ауыз әдебиетін тәрбиелік мүмкіндіктерін үнемі пайдалансақ, онда оқушылардың адамгершік қасиеттерін қалыптастыруға болады.
Кіріспе
Тақырып өзектілігі: Жаратылыстың һәм өнерінің сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген орман,сылдыраған су,былдыраған бұлақ,шексіз-шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқынданған дала, ерке сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар секілді жаратылыстың сұлу заттары, көріністері яғни өнердің тылсымды жанды билеп алып кететінін, күй, сиқырлы сөз, сұлу картина секілді әсерлері адам жанында бір ләззат, сұлулық толқынын оятып, туғызбай қоймайды, архитектура, сұлу сурет, скульптура секілді пластика өнері адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады. Ал енді, музыка, ән, поэзия секілді тон өнері есту сезімін сиқырлап барып,жанда сұлулық толқындарын туғызады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылынуға тиісті. Әр адамның сұлулық сезімдері әртүрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу сүреттен, біреудің поэзиядан. Өнердің әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиешінің міндеті бала өнерінде қандай ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады:
1)Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста сұлулықтың неше түрінің бәрі бар. Бала бұлақтың былдырын, сұдың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің күрілдегенін естісін; жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көркі, түрлі түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұрандаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын, балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың назарын аудара білу керек.
2)Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза болсын. Таза деген сөзді қымбат деп ұғу қате. Тегінде қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Баланың маңайындағы нәрсе қымбат болмасын. Таза, ретті, тәртіпті болсын. Ойдың іші, киім-кешек, ыдыс-аяқ бәрі таза болуға тиісті. Баланың үсті-басы, денесі, беті-қолы, бәрі таза ұсталуға тиісті. Баланың маңайында жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға міндетті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былықтыққа үйренген бала былық болады. Ас жеп отырып әжесі жалаңаш қолмен мұрнын сіңбіріп, яғни баланың нәжісін ұстап, қолын жөндеп шаймастан, асқа кіріссе, бала да осыны істейді. Кейбіреулердің былықтықты ырыс көруі надандықтың әбден асқандығы ғой.
Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Жер жүзінде біздің қазақтың денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан жексұрын дене, жексұрын жүріс-тұрыс кемде-кем-ақ шығар.Аяғы қисық, жауырыны қушық. Ақыл қарында тұратындай-ақ, қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би болады-мыс. Кейбір мырзалар сұлу боламыз деп жүргенде қиқаңдай ма керек, бұраңдайма керек, қарап тұрсаң жүрегің айнып құсқың келеді. Осыларды көріп өскен қазақ баласының денесінде не сұлулық болады. Қазақ, жұртқа күлкі болмайын десең, бұл мінездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып өсір. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты сүйсе, оған ауру жоламайды.
3)Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне осыларды істесе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді. Білу керек, топас адам-тірі өлік.
Мағжан
Жұмабаев
Курстық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі: Бұл бейнелеу өнерінің саласында өзекті мәселенің бірі болып отыр. Себебі бала бақшада сәндік өнерге балаларды баулу мектепке дейінгі мекемеден басталады. Қазаққа қазақтың сәндік өнерін білмеу, оны оқымау мүмкін емес дегім келеді. Курстық жұмысты жазу барысында осы мақсаттардың жүзеге асуына біршама жұмыстарды жүргізе отырып дәлелдеуге тырыстым.
Зерттеу мақсаты: Бала бақшада бейнелеу өнері сабақтарында сәндік өнерін оқытудың манызын балаларға толығымен түсіндіру.
Зерттеу мәселелері:
- Оқытудың маңызы мен мақсаты.
- Бала бақшадағы оқыту әдістемесінің ерекшелігі.
Зерттеу гипотезасы: Балалардың жас ерекшелігіне қарай сәндік өнердің маңызын оны қолдану жолдарын дұрыс таңдап алса, оны өз орнымен дұрыс қолданып, әдіс-тәсілдерін дұрыстап іріктеп алса, аймақтық компоненттерді пайдаланса бала бақшада ойдағыдай нәтиже береді.
Зерттеу пәні: бала бақшадағы қолданбалы сәндік өнері
Зерттеу обьектісі: мектеп жасына дейінгі балалар.
1.1 ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
Бүгінгі таңда қоғамның негізгі мәселерінің бірі – прогресшіл дәстүр болып саналса, ол әр халықтың алдыңғы қатарлы салт-санасы, ғылыми көз қарасы, демократиялық ой пікірлері, әдет-ғұрпы, байлықтары болып табылады. Халықтың әдет-ғұрпы дәстүрі қоғамдық өмірдің материалдық жағдайының өзгеруімен сипатталады. Осы орайда жоғары оқу орындарында рухани байлықты дамытуда және көркемдік білім берудің құмарлығын арттыруда халықтың сәндік қолданбалы өнерін пайдаланудың теориялық және практикалық қажеттілігі өзекті мәселе ретінде туындап отыр. Қойылған мәселелердің бірі –бастауыш мектептің оқыту үрдісінде қолданбалы-сәндік өнерлі қолдану , пайдалану. Қазақстанда ұлағатты мұра қалдырып кеткен орта ғасырдағы бірқатар философ ғұламалары, оның ішінде (Әл-Фараби): адамдардың танып білетін мөр таңбасы табиғат –деп ,табиғатты танып білуді, игеруді ұсынған. Ж.Баласағұн жеке тұлғаның қоғаммен қарым қатынасын ескере отырып, адамдардың табиғи ерекшеліктерін, оның әлеуметтік этикалық, адамгершіліктік –психологиялық деңгейін анықтауды көздеген. М.Қашқари «жеке тұлға идеалы - өмірге сүйіспеншілікпен қарайтын ,білімге құштар , өзінің бақыты үшін күресе алатын адам» -деген. Оқу білім өнер ,тәлім-тәрбие беру туралы демократ ағартушылар – Ы.Алтынсарин
Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ш.Уалиханов, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің даму тарихы ,мәні, ою-өрнек жасалу технологиясы және мән мағынасы туралы тарихшы- этнограф ғалымдар Қ.Ақышев, Т.Басенов, Ә.Марғұлан, М. Қадырбаев, М. Мұқанов, Ә. Тәжімұратов, Ә. Нұсқабайұлы т.б еңбектерінде қарастырылған.
Атап айтқанда, қазақ халқының мәдени мұрасы арнайы пәндер циклінің 03.15.40-Бастауышты оқыту педагогикасы әдістемесі және оқыту практикумы оқу пәнінде сәндік – қолданбалы іс – әрекет - деп берілген.
Сәндік-қолданбалы өнер ХIХ ғасырда өз алдына өнер түрі болып бекітілген , демек, зергерлік, ағаш ою, оның топтарға бөлінуі қолөнер түрлері- деп, ал ою- өрнек қолөнердің тірі және өлі табиғи зат формаларының өрнектелген әшекей сюжеті болып ою-өрнек классификациясы деп аталуы тиіс. Сәндік- қолданбалы өнерді бейнелеуге де, образдар жасауға да, тірі құрақ ою-өрнек құрастыруға да, компьютерді кеңінен қолданып, тұрмыстық заттардың суретін салуға болатындығы, көркем өнер каллиграфиясын, киім кешек дизайнын жасауға болатындығына көңіл бөлінбеуі, тек қана іс- әрекетпен шектелуге жол беріліп отыр.
Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекет бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың жоғары интеллекті, эстетикалық және адамгершілікте тәрбие алған, өз отанын сүйетін, тарихын, прогрессивтік дәстүрінен терең хабардар, жан- жақты гормониялық тұрғыдан дамыған жеке тұлғаның кәсіби біліктілігі иен білімділігін талап етеді. Дегенмен, жасөспірімдердің ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттың мұраларды игеріп, дүниеге дұрыс көзқарасы, озық ойлау жүйесі қалыптасатыны анық. Осындай ұлтық мәдениеттің ежелден келе жатқан оқу- тәрбиелік маңызды бөлігі халықтың қолөнер туындылары, ол бүгінгі таңда сәндік – қолданбалы өнері болып табылады. Зерттеу барысында қазақ халқының қолөнерінің бүгінгі күнге дейінгі тарихи даму жолдарын дәріптейтін тарихи – этнографиялық, әдеби, ғылыми еңбектерге берген талдау жұмыстары мынаны байқатты.
- Қазақстан мәдениетіндегі қолөнер туындыларының құрылым жүиесіне тоқталатын болсақ, Евразия аймағының тарихи және мәдени бірлігі мен сабақтастығы тас қола дәуірінде басталып, скиф кезеңінде өркендеп, жаңа этникалық бояуға бөленіп, ежелгі түрік дәуірінде бастауыш тапты. Түрік аңұзақ дала көшпенділерінің біріккен тайпасы, олардың генетикалық тілі, генеалогиялық тайпалардың туыстығы, мәдениетінің ұқсастығы осыдан келіп шығады. Сонымен бірге қолөнер халық өмірінде табытты жерлеу рәсімдерінің нор маларын атқарған, тұрмыстық заттарды жасаумен безендіріп, сәндеп әшәкейлеуде қолданылғандығына мән берілген.
- Ежелгі қолданбалы өнер қоғамның құрылымымен дамып, сананың оянуымен көркемдікте ойлау фомасының өзіндік ерекшелікте дамып отырғандығы этнографиялық тұрғыда жинақталып сипатталады.
- XIX ғасырда сәндік – қолданбалы өнер өнер түрі болып бекітіледі .
Біздің ойымызша, сәндік—қолданбалы өнердің адамның сана- сезімінің негізінен және практикалық мәнділігін түйсінуден, одан өзін табмғаттың бір бөлігі ретінде, сонымен тығыз байланыста, танып білуден жалықпай, оны одан жетілдіруден туындап жатқан, адам өміріне қажетті өзі тұратын ортаның табиғи шикі заттарын жаңа қоғамның сұранысына орай заттар мен бұйымдарды жаңа технология негізінде жасай білуге ықпал ететін әдіс-тәсілдердің жиынтығы жатады. Мұның бәрі, сайып келгенде, жеке тұлғаны қалыптастыруда білім береді, тәрбиелейді, дамытады. Демек - Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз - қолөнердің түрлеріін дәріптеушілердің интеллектуалды тұрғыдан тірі және өлі табиғи заттарды эмоционалды қабылдап және рационалды шешімде туындыларды өмірге әкелуі - деп анықтама беруімізге түрткі болды.
Сақ заманы тайпаларының
Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік- сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы аңдарды хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыпарды бейнелеу болды. Мазмұны жағынан мифологиялық, түрі жағынан аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген, айна секілді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланды.
Ертедегі шеберлер көп жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың жасаған көптеген бұйымдары дүние жүзіндегі ең таңдаулы үлгілерден қалысқан жоқ. Ертедегі суретшілердің шығармашылығы өздерінің айналасындағы жануарлар дүниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Сақ шеберлері арқар мен таутекенің, жолбарыс пен қабанның, марал мен түйенің, дала қыраны мен киіктің, қасқыр мен қоянның, өздеріне жақсы таныс бейнелерін сомдай білген. Аңдарды бейнелеуде әртүрлі материалдар қолданылды. Бізге дейінгі жеткен бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған, сүйектен, мүйізден, темірден, киізден жасалған аңдардың бейнелері де кездеседі.
Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне, өрлеу, құлдырау кезеңдері. Б.з.б. VIII-VII ғасырлар үшін аңдарды бір орында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тән болып келеді. Таутекенің, арқардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұтған бұғылардың бедерлеп салынған суреттер көп кездеседі. Қос шеберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тұқырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері арқаларына тиіп тұр. (тасмола)
Жетісудан табылған екі қола
мүсінде мүйіздері айнытпай
Алдыңғы кезеңнің өнеріне
Б.з.б. VI-IV ғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі өнер стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрған күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке толы сюжеттер шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, қозғалыс үстіндегі аңдардың бедерлі бейнелері, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шабуыл жасап жатқан көріністері бар композициялары көбірек кездеседі. Атыла ұмтылған қозғалыс мүсіндердің бұратылуы тәсілімен беріледі, бұл жағдайда аңның жарты денесі қарама – қарсы жағына бүктетіле салынады. Бейненің қозғалыста екендігін көрсетудің басқа да техникалық әдістері: қисық сызықтар жүиесі, жануарлардың дене мүшелерін бұрамалар, шырмауықтар, оромалар, үш бұрыштар, жақшалар және т.б түріндегі арнайы белгілермен бару әдістері қолданылады. Көп мүсінді композициялар арасынан Орталық Қазақстаннан табылған қола тоға—айылбас ерекше көзге түседі, онда үш жыртқыштың шалқасынан құлаған киікті жұлмалап жатқан көрінісі бейнеленген. Аңдар таласысының тақырыбы Батыс Сібірден және оған іргелес жатқан Қазақстанның солтүстік—шығыс аудандарынан алынған I Петрдің Сібір коллекциясы деп аталатын мұрағаттардан ерекше айқын көрінеді. Осы бірегей мұраның көптеген алтын тоғаларында жыртқыш аңдар мен құстардың жылқыларға, текелерге, бұғылар мен бұландарға шабуылдары, жыртқыштардың өзара таласы жыртқыштардың жыланмен, түйемен шайқастары бейнеленген. Қазақстан аумағынан табылған басқа да археологиялық олжаларда да әлгіндей нышандар байқалады. Алайда бұл аймақтағы сақтар өнерінінің, оны Еуразияның аң стилі тараған басқа аймақтарынан айыратын ерекшк сипаттары да бар. Мұндай қозғалмай тұрған хайуандар бейнесі біршама ұзақ уақыт сақталады, ол кейбір жағдайларда көп мүсінді композиция түрінде көрінеді. Мәселен, Жетісудің кейбір құрбандық ыдыстары менқазандарындағы аңдар шеруі көріністері осындай.
Есік обасынан табылған сақ
қанжарының жұқа алтын
Бұл өнер дайын күйінде сырттан, бір жақтан әкелінген жоқ, ол сақ өнерінің қойнауынан шыққан. Ою- өрнектік полихромияның кейбір әдістері б.з.б.VII-VI ғасырларда- ақ жетілеғ бастады. Мәселен, түрлі- түсті тастан көз салу бедерлеу, тоспа эмаль Шілікті , Жыланды, Арасан ескерткіштері мен басқа да ескерткіштерінде белгілі болған. Б.з.б.V-IV ғасырлардағы полихромдық өнер туындыларының Қазақстанның, Орта Азия мен Сібірдің бүкіл аумағынан ондаған үлгілері табылды. Бәлкім, нақ осы үш аймақта б.з.б. 1 мыңжылдықтың аяғында сақтар өнеріндегі аң стилін ығыстырған полихромдық өнердің қуатты ошағының негізі қалыптасқан да болуы да мүмкін. Бірақ оның реалистік бейнелері із- түссіз жоғалып кеткен жоқ. Аң стилінің шығуы жөніндегі тарихи әдебиетте екі негізгі қөзқарас бар: бірінші болжамды жақтаушылар скиф- сақ тайпавлары бұл өнерді алдыңғы Азиядан қабылдаған деп санайды. Евразияда оның пайда болу мерзімін б.з.б. VII ғасырдың 70 жылдарында Манней патшалығы мен Мидияның солтүстігіне таман орналасқан аймаққа скиф тайпаларының басып кіруімен байланыстырады. Мидиялықтармен этникалық жағынан туыстық пен мәдени жақындық скиф- сақтар арасында көне шығыс өнерінің кейбір үлгілерінің тез тарауына себепші болды, кейін бұл үлгілерді скифтер мен сақтар өздерінің талғамдары мен қажеттеріне бейімдеп алды. Одан әрі, шамамен, б.з.б. V ғасырдан бастап еуропалық және азиялық өнердің даму жолдары түбегейлі ажырайды, ғалымдардың пікірі бойынша, мұның өзі Қара теңіз жағалауындағы скифтерге көне Грекия ықпалының күшеюінен болған, ал сақтардың мәдениеті мен өнеріне алдыңғы азияның Ахеменид өнері тікелей ықпал жасады.
Екінші пікірді жақтаушылар
аң стилі өнерінің
Аң стилі өнерінің мазмұнын
анықтаумен байланысты
жаулап алушылықтың қатігездігін бейнелейді.
Сақ заманында, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде дала тайпаларында батырлар жыры пайда болады. Ертедегі эпостың кейбір бейнелері мен сюжеттері барынша өзгерген және түрленген күйінде біздің заманымызға дейін жетті. Батырлар жырының кейбір тақырыптары, мәселен, аңшылық ерліктерінің, батырдың қайта тірілуінің көріністері, батырлардың соғыс жорығының оралуы I Петрдің Сібір коллекциясындағы Сақтардың алтын тоғаларында бейнеленген.
Сақтардың қолданбалы өнерінің маңызды түрі ою- өрнек болды, ол аң стилі өнерімен қатар , онымен өзара байланыста дамыды. Көркемдік металға қарағанда ою-өрнек өнерінің ескерткіштері аз сақталатыны мәлім, өйткені ою-өрнек салынатын органикалық негіз (тері , киіз, ағаш, жүн маталар) тез шіриді. Сондықтан да ою-өрнек шығармашылығының кейбір үлгілері тек ерекше қолайлы жағдайларда ғана, мәселен, оба тоңында саңталған, оның ішінде бұл үлгілер Алтайдың Пазырық қабірлерінен табылған.
ОЮ-ӨРНЕК ЖАСАУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.
Жеткіншектердің әдебиеттен, математикадан, архитектурадан, театрдан, музыкадан, бейнелеу, мүсіндеу, кесте тігу мен ою-өрнек қиып үйрену өнерінен едәуір хабардар болуы, келешекте қандай мамандықты меңгерсе де, оқушылардың рухани өрісі мен дүниетанымын арттырады.
Өнердің басқа да түрлері секілді, ою-өрнекте оқушылардың ой-өрісі мен білімдерін жан-жақты дамытуда әсері мол оқушы тек ою техникасын ғана меңгермей, осы өнерге қатысты қолөнер саласында ұмыт болған сөздермен де танысады. Сондай-ақ киіз бұйымдарына немесе ағаш ою кезінде қандай оюлар қлдану керектігінен хабардар болу үшін қазақ халқының дәстүрлі өнері атты оқу құралында қолөнер бұйымдарының түрлі нұсқалары берілген.
Қазақ этномәдениетінің үлкен бір саласы қолөнерді, оқушыларға 1-сыныптан бастап оқыту қажет. Ою-өрнек тек сурет, еңбектану сабақтарымен байланыстырып қана қоймай, сондай-ақ тарих сабақтарында қатысты оқытылуы тиіс. Әр кезеңнің даму процесіне орай, шеберлердің қолөнер бұйымдарын бейнелеуде стильдік ерекшеліктері өзгеріп отырған.
Ою-өрнек тілімен айтқанда әлі де ашылмай жатқан құпия сырлар көп, яғни оюдың төтемдік және магиялық мағынасы әлі де ғылыми түрде толық дәлелденбеген. Қазір ою-өрнектер символдық мәнін жоғалтып көбінесе тұрмыс тіршілікте эстетикалық тұрғыдан ғана пайдаланылып келеді.
Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір аймағының өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері долған. Соған қарамастан барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі-мүйіз тектес ою-өрнек болып саналады. Қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын: өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал саймандарды, киіз үйлерді, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, қоржын, ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған. Ғалымдардың пайымдауымша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230- дай түрі ғана анықталған. Біз солардың ішіндегі халық арасында ең көп тараған мүйіз тектес ою-өрнек туралы сөз етпекпіз.
Мүйіз оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы: қошқармүйіз арқармүйіз, бұғымүйіз,
қырықмүйіз, қосмүйіз, сынықмүйіз, түйетабан, сыңарөкше, қосалқа, құсқанаты, қазтабан. Қолөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бұйымдарға ұтымды пайдаланылып келеді.
Қазақ оюларының мазиұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көщіп қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, сол заттың бетінде түрлі нұсқада бейнеленген мүйіз элементін байқаймыз. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, он тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, әртүрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны мүйіз тектес ою-өрнектер.
Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады.
Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырадыда, құлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды. Мүйіз тектес ою-өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін тұспалдаудан пайда болған.
Шеберлер жаңа
ою-өрнектерді тұрмыс-тіршілігіне өз
дәуіріндегі заман ағымына

- Адамгершілік тәрбиесі
- Адамгершілік туралы педагогтардың пікірлері, адамгершілік тірбиенің мазмұны
- Адам денсаулығы және қоршаған орта
- Адам жане онын кукуктары
- Адам жане онын кукуктары
- Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары
- Адам және экономика, адамның экономикалық іс-әрекеті
- Ададуровская площадь
- Адам ағзалары
- Адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық негіз
- Адамгершiлiк тәрбие ұйымыныњ ѓылыми – теориялыќ негіздері
- Адамгершiлiк ұғымының ғылыми-теориялық негіздері
- Адамгершілік және азаматтық тәрбие. Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
- Адамгершілікке қарсы қылмыстар