Адамгершiлiк ұғымының ғылыми-теориялық негіздері

                                                  

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                

                                                   Мазмұны

 

КІРІСПЕ. Адамгершілік тәрбие туралы түсінік..................................................3

 

І тарау. АДАМГЕРШІЛІК САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ТӘРБИЕНІҢ ӨЗЕГІ.......................................................................................................................5

 

1.1.Адамгершілік тәрбиесінің  міндеттері..............................................................5

1.2. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен құралдары.....................................5

1.3. Адамгершілік тәрбиесінің әдістері.................................................................7

    

 

ІІ тарау.Адамгершiлiк ұғымының ғылыми-теориялық негіздері...................................................................................................................9

 

2.1.Адамгершілік ұғымының  теориялық сипаты.................................................9

2.2.Адамгершілік – сана-сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру

бірлігі......................................................................................................................11

2.3.Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі..........................................................................................15

2.4.Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбиесі......................................................21

 

 ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................24

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   КІРІСПЕ

 

                            Адамгершілік тәрбие туралы түсінік

 

           Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.

         Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-қатынаста болуды талап етеді.

         Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді, мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар, ол адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті, ой әсемдігі мәселелерін қамтиды. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны: тәртіптілік пен ұйымшылдық, достық пен жолдастық, шыншылдық пен әділдік, еңбек пен өз мінез-құлқына сын көзбен қарай білу сияқты қасиеттерді қамтиды.Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы қаншалықты білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды. Олай болса, мектеп қабырғасында оқушыларға берілетін адамгершілік дағдыны бірер жылдың ішінде оқушылардың бойына сіңіре қоюға болмайды. Ол – ұзақ жылдың жемісі.

         Оқушылар бойында жалпы адамзаттық қалыптармен гуманистік, моральдық (қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық және т.б.) тәрізді жасампаз қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен зерделік-танымдық қасиеттерін дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке-шешесін, ауылын, отанын, сүюден, ұлттық өнер мен мәдениетке, ана тіліне деген сүйіспеншілігінен туындайды. Осыларды ескере келіп, тәрбие ісінде оқушыларды өзін қоршаған әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден бастап, әлемдік өркениетті мәдениетті меңгеруге, бағалауға тәрбиелеу оқу-тәрбие ісінің басты міндеті болып саналады. Оқу мен тәрбие тығыз байланысты. Жас ұрпақ тәрбиесі сабақ барысында және сыныптан тыс уақытта жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сабақ барысында тәрбиелеу - өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс.

            Бастауыш сынып оқушысының рухани-адамгершілік даму деңгейінің жетілуі немесе өзгеріссіз қалуы ұстаздың ізденімпаздығына және тәрбие теориясы мен әдістемесін орынды пайдалана білуіне байланысты. Көптеген жағдайда, әсіресе бастауыш мектепте оқушы ұстаздың адамгершілікке баулуға құрылқан тәрбие міндетіне дұрыс жауап бергенімен, оның рухани-адамгершілік даму деңгейі өзгеріске ұшырамайды. Өйткені оқу материалы оның адамгершілік сапасының жетілуіне тиісті түрткі тудыра алмайды. Оқу үрдісінде оқушы өз бойында бұрынна қалыптасқан адамгершілік сипатын ғана көрсете алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  І тарау. АДАМГЕРШІЛІК САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ТӘРБИЕНІҢ ӨЗЕГІ.

 

                1.1.Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері

 

       Адамгершілік тәрбиесінің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен сана нышандарын, адамгершілік сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік сезім адамгершілік түсініктерді меңгерудің негізінде туып, балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқынан, тәртібінен көрініс табады. Адамгершілік тәрбиесінің міндетін жүзеге асыру барысында баланың бойында енді дами бастаған адамгершілік сезімдерін пайдалана отырып, үлкенді сыйлауға, мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, әдеті мен дағдыларын моральдық саналарын, мінез-құлықтарын, өзін және өзгелерді әділ бағалай білу қабілетін дамытып, қарапайым да күрделі сезімдер мен қарым-қатынастар қалыптастыруға ықпал ете білуге үйрету көзделеді.

Баланың алғашқы адамгершілік түсініктерін аңғарым, мінез-құлқы  мен тәртібін қалыптастыруда мектепке дейінгі шақ - ең жауапты кезең. Балалар үй ішіндегі жақындарымен қарым-қатынасында, оқу-тәрбие ісінде, тікелей

өмір тәжірибесінде ненің  жақсы, ненің жаман екенін байқайды, жақсы мен жаманға үлкендер тарапынан  берілген бағаны меңгереді.

Психология ғылымы да баланың  айналадағы болмысты дұрыс түсінуі  мектеп жасына дейін қалыптасатынын, олар өз айналасындағы адамдардың көзқарасы  мен талпынысынан, мұраттарынан жастайынан-ақ үлгі алатынын дәлелдеді. Бірақ бұл  өзгерістердің бәрі де өзінен-өзі  немесе жүйкенің туа біткен заңдылық күші арқылы емес, әдейі мақсат көздеп ұйымдастырылған оқу-тәрбие үстінде  іске асады.

Мектеп жасына дейінгі  балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты міндеттері:

1) балалардың үй-ішіне,  жақындарына, құрбы-достарына, жалпы  адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік  сезімін тәрбиелеу;

2) адамгершілік ережелеріне  сай балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан  тәртібін, мәдениеттілігін, жақсы  әдеті мен дағдысын қалыптастыру;

3) балалардың адамгершілік  түсініктері мен қасиеттерін  тәрбиелеу.

 

        1.2. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен құралдары

 

Адамгершілік тәрбиесінің  мазмұнына баланың Отанға, адамдарға  деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу  жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына, үйіне, туған жеріне, оны  табиғатына, өз ауылына, қаласына, туған-туысқандарына, дос-құрбыларына, балабақшаға деген  сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу  қажет.Елге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің пәрменді құралы – халықтың тілі, мәдениеті  мен көркем өнері. Ана тілі – халықтың тарихи шежіресі, халықтың ең зор ақылшысы, ұстазы деп бағалаған. Осы орайда, дана Абай: "Өнер алды қызыл тіл" деп толғаса, Ғ.Мүсірепов: "Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ" деп тілдің құдіретін ерекше бағалаған. Ал кемел жазушы М.Әуезов: "Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды" деген. Ендеше, ерте сәбилік кезеңнен бастап баланы ана тілінде сөйлеуге үйрету, ауыз әдебиеті үлгілерімен сусындату ең маңызды мәселе. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, ән, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді. Балаларды халықтың қолөнерімен, қазіргі композиторлардың сан түрлі азаматтың тақырыптарға арналған әндерімен таныстыру балалардың қуанышын, көңілді сезімін дамытып, еліне, туған жеріне, ұшқыштарға, ғарышкерлерге, теңізшілерге, Отанға, т.б. деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді.

           Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына балаларды интернационалдық рухта тәрбиелеу де жатады, өйткені ол адамгершілік тәрбиесінің негіздерінің бірін құрайды. Балабақшада көптеген ұлттың балалары бар, олардың бәрі бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді. Осының өзі-ақ балалардың бір-біріне жолдастық, достық сезімін тәрбиелеудің ең қолайлы жағдайы.Тәрбиеші суреттерді, көркем әдеби шығармаларды, әр ұлттың балалар әдебиетін пайдалана отырып, Қазақстанды мекендейтін сан ұлттың өмірі, тұрмысы, еңбегі, өнері жөнінде әңгімелейді, соның негізінде ұлттарға, халықтарға, жалпы адамзатқа деген сүйіспеншілік сезімін дамытуға мүмкіндіктер туады. Балалар арасында дүрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу, тату балалар ұжымын құру - балабақша педагогінің негізгі міндеттерінің бірі. Балалар ұжымын тәрбиелеуде тәрбиеші адамгершілік принциптеріне сүйенеді.

          Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу жатады, әсіресе олардың үлкендерді сыйлау сезімін тәрбиелеу сәбилік шақтан басталады. Үлкенді сыйлау - асқаралы да асыл сезім. Үлкендердің беделін мойындау, тыңдау, көңіл бөлу, құрметтеу, қамкорлық жасау сияқты балалардың, іс-әрекеттерін ұйымдастыру, бұл сезімнің көрініс табуы - жақсы тәрбиенің белгісі.Тәрбиеші өмірдегі барлық материалдық және рухани байлық үлкен адамдардың еңбегімен жасалғанын, оны өздері күнделікті өмірде пайдаланып жүргендерін нақты мысалдар келтіріп түсіндіреді. Үлкендердің білімі, еңбегі біздің шаттық өмірімізді қамтамасыз етіп отырғанын, әсіресе өзін қоршаған адамдардың: тәрбиешінің, дәрігердің, күтушінің, аспазшының, даяшылардың еңбегін айтып, оларды бағалауды және үлкендерді қалай құрметтеу, сыйлау керектігін үйретеді. Кейде балалар үлкендерді сыйлау керек екенін біле тұрса да, оны орындамайды, себебі бала білімін, тәртібін, іс-әрекетін байланыстыра алмайды, өзін жақсы алып жүргісі келеді, бірақ оны қалай орындауды білмейді, ал кейде баланың қызығушылығы сана тұрақтылығын басып кетеді, кейде бала сөзі мен ісін бірлікте алып жүре алмайды. Әрине, баланың білімі бірден оның мінез-құлқы мен тәртібіне айналмайды, оған ұзақ уақыт дағдылану, үйрену керек, тәрбиеші осыларды шыдамдылықпен қалыптастырғаны абзал.

         Қорқыныш - баланың биологиялық табиғатына тән қасиет емес, сәтсіз тәрбиеніі нәтижесі. Кейде отбасында баланы кішкене күнінен оған белгісіз заттарды, сиқыршыларды, жезтырнақтарды, құбыжықтарды, жалмауыз кемпірлерді айтып қорқытады. Бұл қорқыныш баланың кейінгі өміріне де жалғаса береді. Тәрбиеші алдымен балаларды сол "құбылыстардан" арылту керек. Батылдыққа үйретумен, қорқыныш сезімді жеңуге жаттықтырумен қатар, оларды сақтыққа да баулыған жөн, оттан, судан, таныс емес иттен, көшеден өтуден, алысқа жалғыз кетіп қалудан сақтандыру.

Балалардың қстамдылығын, өзін-өзі ұстай білу қабілетін тәрбиелеу де маңызды.

        Ұстамдылықты тәрбиелеу дегеніміз – баланың өз талап-тілегін, сезімін, мінез-құлқын, тәртібін меңгере білуі, өзін-өзі алып жүруге тәрбиелеуі. Ол үшін баланың қырсық мінезін түзеу керек. Қырсықтық кейде өткінші болады. Ондайда көңіл аудармай қою жөн. Кейде ол көз жасымен, айқай-шумен, аяқты тепкілеумен жалғасады, бұл жүйкеге зиянды әсер етеді. Мүмкіндігінше мұндайды болдырмауға тырысу керек. Жылаған баланы топтан алып шығып (басқа балалар да оған еліктеуі мүмкін), жылауының дұрыс емес екенін түсіндіру керек, бірақ жалынып көндірудің қажеті жоқ. Баланы сырттай бақылай отырып, жалғыз қалдыру керек. Өзінің осылай отырғаны нашар тәртібінен екенін оның түсінгені абзал. Бала жұбанып, көңілі орнына түскеннен кейін тобына қосу керек, бірақ жаңағы жаман мінезі жайында қайта еске түсірудің қажеті жоқ. Әрине, баланың қырсықтығын бұйрықпен, жазалаумен емес, оны тәрбиелеумен, баланың намысына тимей жеңген жөн. Кейде баланың қыңыр мінезін басқа нәрсеге зейінін аударып жіберу, алдарқату арқылы жеңуге де болады.

Баланың қыңырлығы, ауруы, шаршауы, жүйкесінің қатты қозуы, теріс тәрбиенің  себебінен де болады. Ауру бала бей-жай  күйге түседі де, тәрбиешілерге жоғары талап қояды. Ол орындалмаған жағдайда жылайды, мазасызданады.

Баланың қыңырлығы шаршауы, жүйке жүйелерінің, қатты қозуы  әдеттегі тәртіпке бағынбауға, өзінің талап-тілегін тежей алмауға әкеп соғады. Баланың жүйке жүйесін қоздырып-шаршататын, айқай-шулы ойындармен кешке, жатар алдында ойнамағаны дұрыс.

 

                       1.3. Адамгершілік тәрбиесінің әдістері

 

Сипаттау, талдау, ой қорыту.

Мектеп жасына дейінгі  балалардың даму ерекшелігін ескере отырып, мектепке дейінгі педагогика төмендегі әдістерді белгілейді:

1)  тәрбиеші  мен ата-ананың  үлгісі, күнделікті өмірден үлгі-мысалдар келтіру;

2) балаларға жақсы мінез-құлық пен адамгершілік ережелеріп үйрету, соған сай балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

3) сендіру, түсіндіру;

4) мадақтау, кінәлау, айыптау,  жазалау;

5) бағалау.

Үлгі ету адамгершілік тәрбиесінің негізгі әдісі. Тәрбиеші мен ата ананың үлгісі адамгершілікке тәрбиелеудің әдісі ретінде басқа  әдістермен бірлікте елеулі рөл атқарады.

Үлгінің тәрбиелік күші баланың еліктегіштігіне негізделеді. Әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларға үлгі ерекше сенімді ықпал етеді, өйткені олар өзін қоршаған құбылыстаға, адамдардың іс-әрекетіне сын көзбен қарауды білмейді. Адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді әдісі ретінде үлгі егуді қолдана білу бала ойынының нақтылығы мен көрнекілігіне сүйенеді. Үлгіге еліктеу балалардың белсенді іс-әрекетін тудырады, ал іс-әрекет — адамгершілік, тартіп нормаларын меңгерудің негізі.

Балалар көбінесе ата-анасы  мен тәрбиешілеріне, жақсы көретін, құрметтейтін адамдарға, бір-біріне еліктейді. Тәрбиеші оларды саналы еліктеуге бағыттауы тиіс. Мысалы, дәрі еккенде жылаған Арманды Үсен жұбатып, козінің жасын сүртті. Оны көрген тәрбиеші: "Үсен қандай мейірімді бала!" - деді. Оны естіген балалардың бәрі де сәбилерді жұбатуға кірісті. Тәрбиеші оларды мадақтап: «Біздің балалар осындай, сәбилерге қамқорлық жасайды», деді.Осыдан соң балалар «Мен Бақыттың бәтеңкесін байлап бердім», «Мен Жеңісті ойнаттым», т.б. да істегендерін тәрбиешіге келіп айтып отырды.

Мектеп жасына дейінгі  балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі әдістері — адамның адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы, тәртібі туралы, балалардың мінез-құлқына, мәдениетіне, тәртібіне қойылатын талаптар туралы түсінік беру, үлгі ету, түсіндіру, сендіру, мадақтау және кінәлау, жаттығу және көндіру. Бұл әдістердің бәрі де бір-бірімен үйлестіріле, байланыстырып, баланың өрескел қылығының түріне, себебіне, жеке ерекшелігіне сай қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  ІІ тарау.Адамгершiлiк ұғымының ғылыми-теориялық негіздері

 

            2.1.Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты

Адамгершiлiк адамзат қоғамының  даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр  дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен  бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы  түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.

Адамзат тарихында адамгершiлiкке  байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен  намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам  өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк  категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен  тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда  болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында  бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда  не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген  мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен  қасиетi де қалыптаспайды.

 Адамгершiлiктi, оның жоғарыда  айтылған категорияларын қалыптастыру  үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз  емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен,  ата- анамен, оқушы мен ұстаздың  арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық,  жолдастық, достық, туыстық қарым-  қатынастар.

 Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша  айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң  бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға  ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң  үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi  боласың. Досыңа достық- қарыз  iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта  өзгенiң жақсылығын бағалағыш  болып келедi. Арлы адам- ардақты.  Бiздiң ортамызда осы сапаларды  бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн  қоршаған ортаға таратушы, осындай  өз сапаларымен жас ұрпақты  тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi  мол адам - басқаларға қашан да  үлгi-өнеге. 

Батырлық, ерлiк көрсету  дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң  ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл  халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек  ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге  абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.

Әр адамның бойында  жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:

Отансүйгiштiк.

Халқымыз кiр жуып, кiндiк  кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.

Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн  шын көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан – от басынан  басталады” деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың  ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн  толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк  қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң  кез-келген перзентi жұмыр жердiң  қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк  қасиеттерiн тайға таңба басқандай  айқын байқатып отыруы тиiс.

Әдептiлiк.

Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының  өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң  басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан  қоғамдық санасының практикалық  көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң  жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық  астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы  тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген  сөз.

Бауырмалдық.

Халқымыздың бауырмалдығы “Бала  бауыр еттен жаралған” деп, оны  ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.

Қайырымдылық.

“Қазақтардың” – деп  жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: “(1799-1879) – басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет”.

 

        

 

     2.2.Адамгершілік – сана-сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру бірлігі.

 

         Адамгершілік – сана-сезімді  және мінез-құлықты қалыптастыру  бірлігі.

Тұлға сана мен мінез-құлықтың қоғамдық формаларын игеруі негзінде қалыптасады. Адамгершілік сана деп  – кеңес ғылымында адамдардың өзара қарым-қатынастарын, олардың  қоғамдық іске, қоғамға қатынастарын реттеп отыратын, адамгершілік принциптері  мен нормаларының адам санасында  бейнелеуін түсіндіреді. Балаға өзі  үшін жаңадан пайда болған ситуацияда мінез-құлық тәсілдерін таңдау кезіндегі  бағдарлар ретінде адамгершілік түсініктердің үлкен көлемі, адамгершілік білімдердің қоры қажет. Бірақ адамгершілік түсініктерді игеру, адамгершілік сананы қалыптастыруда және дамытуды маңызды  рөл атқара отырып, өзінен өзі адамгершілік мінез-құлықты қамтамасыз ете алмайды.Жеткіншектердің  адамгершілікті даму мәселесі тәрбиенің  теория және тәжірибенің өзекті мәселелерінің  бірі.

М. Неймарктің айтуы бойынша  «адамгершілік деңгейі балалардағы  физи-калық және саналылық мүмкін-діктеріне  дейін жеткен жоқ», бұл дегеніміз  қиындықтардың бар екендігін  көрсетеді. Жеткіншек ересек болғысы  келеді және болуы керек. Бір жағынан  ол тәуелсіз, еркін, өзін табуға тырысады. Екінші жа-ғынан мақсатқа байланысты қоғам норма-лары, әлеуметтік рөлдерге байланысты қоғамдағы өз орнын тапқысы  келеді. Басқа сөзбен айтқанда ол «азамат» болуы керек.

Үлкендердің тәрбиесін жеткін-шектерге саналы түрде жеткізу керек. А. Харче  дұрыс айтқан екен, жеткіншектердің  «психологиялық терри-ториясында»  байланыс орнату керек. Оған өзін көрсетуге  көмектесіп, соған жағдай жасау керек. А. Власкинаның ойы бойынша егер оны жұмыспен қызық-тыратын болсақ, мүмкін ол жұмысты табыспен орындауы мүмкін. Жеткіншектің моральды пси-хологиялық бейнесінің қарама-қайшы келуі, оның әке-шешесі және тәрбиешінің тарапынан  талап-тарының сәйкес келмеуі. Кейбіреулері асыра бағаласа, ал екіншілері оның мүмкіншіліктерін мүлдем баға-ламайды. Мұндай олқылықтар неміс психологы  А. Пассаковскийдің психо-логиялық зертте-улерінде жақсы талданған. Оңтайлы  өзін-өзі бақылау – бұл бұкіл  тұлғаның қызметі. Бірақ психо-физиологиялық  көзқарас жағы-нан екі механизм ерекше қажетті көрінеді: «инстинкті-эмоционалды  механизмдердің толу деңгейі немесе эмоционалдық толу, тағы да танымдық салалардың бірлігі және теңдігі» деп жазады польшалық психолог Я. Рейховский.Сонымен  қатар жеткіншектік әлеуметтік-адамгершілік бейімделу проце-сінде жыныстық жетілудің әсер ету мүмкіншілігін  ұмытпауымыз керек. Бұл көбіне буржуазды  психологтарға тән мінез. З. Фрейдтің әсер етуі арқылы оқылатын оқуларда психологиялық  концепцияларда ерекше бұл тенденция  байқалады.

Нефрейдтік концепциялардың  әсер етуі, әсіресе, батыс психологиясында  қатты байқалады. Мысалы, француз  психологы Г. Мендель осы мәселеге байланысты көзге ерекше түсетін  екі оқулық басып шығарды: «Әкеге қарсы көтеріліс», «Ұрпақ дағдарысы». З. Фрейд тағы да танымал болды. Ол баланы әлеуметтік даму мәселе-сін қарастырып, жыныстық иденти-фикациясына көп көңіл бөлді. Ұл бала идентификация кезеңінде әкесімен болуы тиіс. Сонда ғана онда «сверх-Я» қалып-тасады (моралды сана). Жеткіншектің адамгершілікті тәуелсіздігі, біріншіден ақпаратты-бағалаушы сана аймағында байқалады (адамгершілік түсінігі, көрініс, идеалар). Жеткіншектердің моралды түсініктерін зерттеген В.А. Крутецкийдің айтуы бойынша бұл жаста «жоғары адамгершілікті сана деңгейі» байқалады екен. Бұл жаста адамгершілік идеалы, жалпыланған көріністер бірлігі ретінде көрінеді. Рационалды-моралды идеалы бар тұлға адамнан көп жоғары тұрады. Тұлғада жоғары идеалдардың қалыптасуы, раци-оналды ойлау және терең эмоционалды негіздің дамуын шамалайды. Адам-гершілікті баға идеалдардағы ойлау мен сезім бір-бірімен өзара әсер ету арқылы байланысқан. Бұл байланыста қыздар мен ұлдар идеалдарының нақты ерекшеліктері көрсетіледі. Жеткіншек ұл балаларда идеал ережеге сай жалпыланған мінез көрсетеді, рационалды ойлауға көп сүйенеді. Қыздар көбіне өзін қоршаған ортадан идеалын табады. Ал ұлдар үлкен, кең диапазонда із-дейді. В.А. Сухомлинскийдің айтуы бой-ынша шындық сезімі ар дауысына сүйеніп, оларда терең болып келеді.

          Жеткіншектерге жағымды адамгершілікті  қалыптастырып, жағымсыз нашар  әдептер құтылу үшін, көмектесуде  мұғалімнің де, оқушының үлкен  күш жұмсауы да талап етіледі.  Сонымен қатар әрбір айтылған тәрбие сөзі жеткіншектің ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Адамгершілікті тәрбиелеудің негізгі факторларының тағы бір түрі – түсіндіру. Мысалы, өзіңнен кіші оқушыларды ұруға болмайды, өйткені оған ауыр тиуі мүмкін, егер сені біреу соқса, ол жақсы болар ма еді? деп түсіндіру қажет. Жеткіншектердің адамгершілікті білім алуы жүйелі мақсатты бағытта болуы керек. Егер оқушы адамгершілік түсінігін, категориясын және принциптері туралы анық және нақты көріністерді білмесе, оған тұлға өмірі мен қоғамдағы моральдың рөлін түсінбейді. Сөзбен әсер етудің келесі формасы – сендіру. Сендіру түсіндіру мен нандыруға қарағанда өз мазмұнына қарай бөлек болады. Жеткіншек санасының дамуының нақты деңгейін көрсетеді. Сендіру – логикалық мысалдар мен дәлелдер жүйесінде құрылады. Мысалы, егер оқушыларға мінез-құлық нормасы туралы әңгіме өткізсек, оның адам өміріндегі рөлі мен әлеуметтік мәнін ашуы тиіс. Тағыда бір мысал сыныпта мұғалім оқушының дұрыс емес мінез-құлқының нәтижесінің, оның нашар етіп көрсететінін дәлелдеуі керек. Педагог жеткіншектерді сендіру арқылы өзінің және айналасындағылардың мінез-құлығына сын көзбен қарап, таңдау жасауын түсіндіруі керек. Міне сондықтан сендіру сезім, ниет, әрекетіне талдау жасау арқылы ұстамды моральді қалыптасуына көмектеседі. Сұрақтарға оқушылар логи-калық жауап қайтаруы тиіс.

          Адамгершілікті адам шынайы іс-әрекет арқылы басқалармен қарым-қатынасқа түсуден алады. Жеткіншектік жаста адамгершілік және идеал жайлы белгілі бір бейне әрекетін түсініп және таңдап дамытудан пайда болады. Біз бұрын әдетті ғылыми зерттеу арқылы жалпы адамгершілік процесін жекелей бөлсек, енді адамгершілікті таңдау кезінде сөз және іс, адамгершілікті білім және бұл білімді қолдана алу қабілеттің қажеттілігін түсінеміз. Сонымен адамгершілікті таңдауды дұрыс орындау - тұлғаның адамгершілікті дамуында негізгі жай. Жеткіншектердің адамгершілікті дамуына қатысты жалықтырмайтын зейін – бүгінгі күнгі негізгі талап. Мұнда Л.И. Божовичтің ойынша баланың нақты бейнелерге байланыста қандай қатынаста бола-тындығы шешуші рөлге ие.

        Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік сананы қалыптастыру.Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Адамгершілік сананы қалыптастыру - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек. 
         Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. 
            Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады. 
Мектепке дейінгі жастағы баланың адамгершлік санасың қалыптасып,дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. 
        Адамгершілік сананы қалыптастыру — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. 
      Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. 
«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. 
       Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. 
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. 
           Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. 
       Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. 
           Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. 
        Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Адамгершiлiк ұғымының ғылыми-теориялық негіздері