Адам жане онын кукуктары. 2

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

1 Адам мен азаматтың құқықтық  мәртебесінің негіздері

1.1 Адам мен азаматтың мәртебесі  туралы түсінік және оның негізгі

 қағидалары...............................................................................................................5

1.2 Адам мен азаматтың  құқығы мен бостандығын қамтамасыз  етуші мемлекеттік институттар..........................................................................................15

2 Жеке тұлғаның құқықтары  мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы

2.1 Адамның жеке бостандығы  мен қадір-қасиетінің түсінігі  мен түрлері.........................................................................................................................21

2.2 Азаматтардың экономикалық және  әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары...........................................................................................................25

    1. Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтары.........................36

3 Жеке тұлғаның құқықтары  мен бостандықтарын қорғаудың  мемлекеттік тетіктері (механизмі)

3.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен  бостандықтарын қорғауды жетілдіру  жолдары......................................................................................................................48

Қорытынды.................................................................................................................51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................54 

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады.

Жалпы, құқықтық мемлекет жөнінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес.

 Бір сөзбен айтқанда, заңның дұрыс орындалуын қамтамасыз  ететін, азаматтарының құқықтары  мен міндеттерінің кепілі болатын мемлекетті қалыптастыру- құқықтық мемлекетті орнату болып табылады.

Ал құқықтық мемлекет дегеніміз – жеке адам және қоғам  мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі  мен құқық принциптеріне негізделген  мемлекет.

 Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда қабылданып жатқан заңдар жоғары талапқа сай болуы керек. Заңның үстемдік етілуі міндетті түрде. Құқықтық мемлекетте азаматтардың бірде - бір құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс және заңдарда көрсетілген талаптардың, міндеттердің, құқықтардың жүзеге асырылуын мемлекет қамтамасыз етуі қажет.

 Шынайы құқықтық  мемлекет құру үшін қоғамдық  өмірдегі әр салаға заңның  күші бірдей дәрежеде әрекет  етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен  биліктің бөлінуі барысында пайда  болған заң шығарушы, сот және  атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген.

Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.

Құқықтық мемлекеттің дамуы биліктің адам құқықтары мен бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде әрекетті мемлекеттік механизмнің болуын қарастырады.

Бұл мәселеде құқық қорғаушы құрылымдарға, оның ішінде ішкі істер органдарына ерекше орын беріледі. Құқық қорғау органдары көп жағдайларда қоғамымызда орын алып отырған жағымсыз жағдайлармен бірінші болып бетпе-бет келеді, олардың міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады. Бұл мәселелерді теориялық талдаудан нақтылай іске асыруға көшетін уақыт жетті. Бірақ бұл осы қызметті жүйелі талдаусыз мүмкін емес.

Мемлекеттік аппараттың адам құқықтарын қорғау жөніндегі қызметін жетілдіруге арналған.

  • Біріншіден, адам құқықтарын қорғау демократиялық құқықтық мемлекеттің басты ішкі қызметіне айналуы тиіс.
  • Екіншіден, бұл мемлекет пен адам мүдделерінің арасындағы басымдылықтарды бөлуді жаңаша қарастырушы негізгі идея.
  • Үшіншіден, әртүрлі мемлекеттік органдар бұл қағиданы іске асыру барысында түрліше қызмет атқара отырып, адам құқықтарын қорғау ісіне өз үлестерін қосып келеді.
  • Төртіншіден, адам құқықтарын қорғауда құқықтық мемлекеттің орнын анықтай отырып, біз адам құқықтарын қорғау, сақтау, қамтамасыз ету және кепілдік беру сияқты қызмет түрлерін анық шектейміз.
  • Бесіншіден, адам құқықтарын қорғау механизмін жүйелілік қағидасы бойынша талдай отырып, біз бұл жүйеде кемшіліктер, қарама-қайшылықтар, қайталаулар орын алып отырғандыгын анықтадық.

Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі мен қорғанғандыктың жоғары дәрежесін мойындағандығында жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқыықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» [1, 3 б.], - деп жазылған.

«Адам құқықтары мен  бостандықтары әркімге тумысынан  жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзгеде нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап, 2-тармақ). Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттік тану және бастау алар қайнар көзі болып табылады және Конституция «Адам және азамат» деген ІІ тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқымен бірге азаматтық да құқы мен міндеті туралы айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (12-бап, 3-тармақ). Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттерімен бірге «адам құқы» ұғымы бірінші рет танылды. Сөз жоқ, «адам құқы» мен «азамат құқы» ұғымы бір-біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген – адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда «барлығы», «адам», «еркім», «ешкім де емес» деген терминдер қолданылады. Егер де құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тек Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты болса, онда ол туралы көрсетіледі. 13-бапта: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуы құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы» делінген, 14-бапта: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» екендігі айтылады. 17-бапта былай жазылған: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық, зомбылық жасауға, басқада қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, онда бұған айрықша мән беріледі. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын қандай жағдайда болмасын азаматтығынан айыруға болмайды (10-баптың 2-тармағы). Конституцияда республика азаматының әскери қызметті өтеуге міндеті айрықша атап көрсетілді (36-бап) және т.б. Қазақстан Республикасы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар – адамдардың арнаулы мәртебені иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-бабында айтылғандай, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.

 

1 Адам мен  азаматтың құқықтық мәртебесінің  негіздері

 

1.1 Адам мен  азаматтың мәртебесі туралы түсінік  және оның негізгі қағидалары

 

Мемлекет қызметінің бағыты адам құықығының басымдылығынан туындауы тиісті. Себебі мемлекет өкімет органдарының басты міндеті – адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, құқықтары мен бостандықтарын тануын, сақтау және қорғау болып табылады. Сондықтан адамға байланысты оның құқықтық жағдайын анықтайтын құқықтық нормалардың маңызы өте зор.

Адам мен адамзаттың құқықтық жағдайы (құқықтық мәртебесі) дегеніміз, әдеттегінше оның құқықтары  мен міндеттерінің жиынтығы. Шын  мәнінде, бұл адам мен азаматтың  құқықтық мәртебесінің басты мазмұны  болып табылады. Бірақ та оған өзгеше құқықтық факторлар әсер ететінін әрдайым естен шығармауымыз керек. Олар – азаматтық қағидалар, құқық пен бостандық кепілдіктері. Адамның құқықтары мен міндеттері көптеген құқық салаларында тұжырымдалған. Солардың ішінде адамның қоғамдық жағдайын дәріптеуде мемлекеттік құқық саласының атқаратын рөлі ерекше. Әсіресе, адамның, азаматтың құқықтық мәртебесінің негізгі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген. Оған мыналар кіреді: азаматтылық, адам мен азаматтың құқықтық жағдайының конституциялық принциптері, олардың негізгі құқықтары мен бостандақтары (азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени), конституциялық міндеттер. Бұл адамның құқықтық жағдайныңы басты элементі, ядросы. Құқықтық мәртебесінің негіздері адамның қоғамдағы жағдайын анықтауда басты шешуші рөл атқарады, өмірлік маңызы бар, мазмұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-тарауында берілген (10-39-баптар).

Адамның құқықтық жағдайы  мұнымен шектелінбейді. Азаматтардың өзге құқықтары мен міндеттері көптеген әр түрлі құқық салаларында тұжырымдалады, бірақта бұлар негізгі құқықтарға бостандықтар мен міндеттерге бағынышты, оларды одан әрі дамытуға және нақтылана түсуіне бағытталған. Адам мен азаматтық құқықтық жағдайына мінездеме беру үшін, алдымене, адам, тұлға, азамат ұғымдарының арақатынасын ажыратуымыз, олардың конституциядағы құқықтық мәртебесінің принциптерін және негізгі белгілерін анықтауымыз қажет. Осы сұраққа жауап берместен бұрын «адам», «тұлға» және «азамат» ұғымдарын айқындап алу керек. Әдеби шығармаларда, ауызекі әңгімелерде адам, тұлға, азамат ұғымдары олардың арасында белгілі бір айырмашылық бар болса да, бірқатар жағдайда бір мәндес сөздер ретінде қолданылады. «Адам» ұғымы жеке адамның биологиялықәлеуметтік табиғатын білдіреді. Оны тірі жәндіктің өкілі ретінде қарауға тиіспіз. Биологиялық жаратылыс ретінде «саналы адам» (homo sapiens) деңгейіне жеткен адам дамуы өте баяу өтеді. Мындағы жылдар бойы адам денесінің анатомиялық құрылысы, оның ағзалары өзгерген жоқ десе де болады. Ал әлеуметтік яки тұлға сипатындағы тұрғыдан алғанда адам дамуының орасан зор өрлеу жолынан өтті. Кез келген нақтылы адам тұлға болып саналады, және ол табиғи және әлеуметтік ерекшеліктерге ие бола алады.

Тұлға дегеніміз –  нақтылы қоғамдық-экономикалық құрылымның мүшесі ретінде адамды сипаттайтын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді. Тұлғаның қайталанбас даралығы адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының өкілі ретінде адамға тән кейбір ортақ белгілерді де қамтиды: оларға ұлты, кәсібі, әлеуметтік жағдайы және оның қоғамда алатын орны, жауаптылығы тағысын тағы жатады. Тұлғаның осындай жалпы сипаттарының жиынтығы оның әлеуметтік бейнесін айқындайды. Дәлірек айтсақ, жұмысшының, ғалымның, саясаткердің, зейнеткердің, қылмыскердің тұлғасы туралы айтуға болады.

Қазақстан Республикасында тұлға нарықтық қатынастарға өту жағдайында материалдық игіліктер өндірісі саласында, оны бөлу мен айырбастау жоғары деңгейдегі еркіндікті иеленеді. Қазіргі уақытта әрбір азамат өнеркәсіп кәсіпорнының, сауда мен өзге қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындардың жеке немесе ұжымдық меншік иесі яки орташа немесе ірі бизнесмен бола алады. Бірақ өмірде кездесетін белгілі бір объективтік, не субъективтік жағдайларға байланысты адам өзін тұлға ретінде сезінбеуі де мүмкін. Оған мысал ретінде адамның жүйке жүйесінің ауруына байланысты оны сот іс-әрекетке қабілетсіз деп тануын алсақ та жеткілікті [5, 55б].

Азамат ұғымы публистикалық  мағынасында жиі қолданылады, ол адам - өз Отанының ұлы немесе қызы деген  ұғымды білдіреді. Басқаша мағынасында  бұл ұғымы адамның кез-келген мемелекетпен емес, тек өз елімен ғана құқықтық байланыста екендігін аңғартады. (мәселен адамның монархиялық мемелекетпен құқықтық байланысы «бодан» ұғымымен сипатталады). Оның тығыз байланыстылығын мынадан көруге болады: мемлекет азаматтарға толық құқықтар мен бостандықтарын белгілеп берсе, ал азаматтар заңды түрде белгіленген сыйлықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу, т.с.с. жүзеге асырады.

 Жаңа Конституцияда  «азамат» термині қолданылған  кезде Қазақстан Республикасының  азаматы жиі айтылады. Мәселе мынада: басқа мемлекеттерде тұратындар сияқты Қазақстан аумағында тұрып жатқандардың бәрі бірдей оның азаматы болып табылады. Олардың арасында шетелдік азаматтар немесе азаматтыңы жоқ адамдар болуы мүмкін. Олардың құқықтары мен бостандықтарының сол мемлекет азаматтарына қарағанда аздығы – мысалы, кейбір саяси және әлеуметтік экономикалық құқықтардың, соның ішінде сайлауға не сайлануға, әскер қатарына алынуға, жоғары лауазымды қызметке көтерілуіне болмайтындығы. Жалпы алғанда, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (12-бап, 4-тармақ).

Адамның өмір сүру құқықғын іс жүзіне асырған кезде оның туу фактісі ғана қажет, ал оның азамат пен тұлғақасиеттеріне ие болу міндетті емес. Бұдан басқа құқықтарды іс жүзінеасырған кезде адамның тұлға, азамат болуы шарт.

Адамның жиынтық заңдық атауы түрінде «азамат» ұғымы  Аристотель заманынан бері белгілі. Ежелгі орыс тілінде «азамат» сөзі қалалық тұрғынын айқындау үшін қолданылады. ХҮІІ ғасырлардың аяғынан бастап бұл сөз қалалық тұрғындардан жөнінде ғана емес, осы мемлекеттің кез келген тұрғынына қолданылатын болады.

Қазіргі қазақ, орыс тілдерінде азамат сөзі осы мемлекеттің тұрақты халқына жататын, заңда белгіленген құқықтарды пайдаланатын, сондай-ақ барлық міндеттерді орындайтын адамға қатысты айтылады. Сөздің осы аталған мәні Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы (1991 жылғы желтоқсанның 20-сы) Заңның негізінде алынады. Сөйтіп, адам мен азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі дегеніміз бұл жеке тұлғаның құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы, сонымен қатар оларды іс жүзіне асырудағы құқық нормаларында бекітілген заңды кепілдіктер.

Құқық пен бостандықтың тарихи дамуында үш толқын айқын бөлінеді. Оның біріншісі – конституционализм  ағымнан көрінеді. Ол кезде конституциялық актілерде құқық пен бостандықтардың  екі тобы бекітілген болатын. Олар азаматтық (өзіндік) құқықтар мен бостандықтар (мәселен, жеке адамға ешкімнің тиіспеуі, тұрғын үйге қол сұғылмауы, т.б.) және саяси құқықтар мен бостандықтар – сайлау құқығы, сөз, баспасөз еркіндігі, т.с.с.

ХХ ғасырдың бірінші  тоқсанында, әсіресе ортасында конституцияларда әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар блогі дүниеге келді (еңбек ету құқығы, білім алу құқығы, ғылым мен мәдени жетістіктерін пайдалану және т.с.с.). Бұл екінші толқын болатын.

ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған кең ауқымды проблемаларды шешуде үшінші толқынның әсері күшті болды. Соның салдарынан адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы ортаны қорғау құқығы, ақпаратқұралдарын пайдалану құқығы және т.б.

Құқықтар мен бостандықтардың  сонымен бірге міндеттердің дамуы, олардың шеңберінің тұрақты кеңеюі нақтылы топтастыруды қажетсінді. О бастан-ақ құқықтарды, бостандықтарды адам құқығына және азамат құқығына бөлу керек деген болатын. Артынан бұларды басқаша да бөлуге – адамның, азаматтын, жеке және ұжымдық құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне болатындығы дәлелденді. әрине, адамның және азаматтың көптеген құқықтары, бостандықтары мен міндеттері өзіндік сипаттарына қарағанда жекешелеу болатындығы белгілі, бірақ, мысалы ереуілге шығу құқығы жекешеден гөрі ұжымдық болатыны сөзсіз. Өйткені, жеке адамның ереуілге шығуы – бұл жұмыстан бас тарту, дәлелсіз себептермен жұмысқа шықпай қалу дегенді білдіреді.

Құқықтарды, бостандықтарды және міндеттерді негізгі және қосымша деп ажыратуға болады. Әрине, соңғы біріншісіне тәуелді. Мысалы: негізгі құқыққа азаматтың мемлекет ісін басқаруға қатысуы жатса, ал оның сайлауға құқығы, алдыңғылардан туындайды.

Құқықтарды, бостандықтарды және міндеттерді топтастырған уақытта  ең бастысы оларды мәніне, мазмұнына  қарай бөлу. Осыларды негізгі үш топқа бөлу принципі теорияда өз орнын тапты. Бірінші топ – бұл өзіндік немесе азаматтық құқықтар бостандықтар мен міндеттер. Екіншісі – саяси. Үшіншісі – экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар, бостандықтар мен міндеттер.

Бұлардың әрқайсысына  тоқталмастан бұрын Қазақстан Республикасындағы тұлғаның, жеке адамның құқықтық мәртебесіне көңіл аударған жөн .

Адамның қоғамдағы алатын орны анықтауда мынадай принциптер ерекше рөл атқарады:

Заң мен сот  алдында жұрттың бәрінің теңдігі (ҚР Конституциясының 14-бап, 1-тармақ). Құқық пен бостандықтың теңдігіне кепілдіктер адамның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайларға қарамастан іске асырылады. Және де тең құқықтықты сақтауға кепілдіктер беріледі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық тіл немесе діни нанымдары белгілері бойынша шектеуге жол берілмейді. Құқықтың теңдігі (яғни тең құқықтық) экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өмірдің барлық салаларында қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің заңдарында әйел мен еркектің тең құқықтығын ерекше атап көрсетеді. Мысалы, әйелдерге білімге, қандай да болсын мамандыққа, олардың денсаулығына зиянды еңбектен басқасының бәріне еркектермен бірдей жол ашық. Қазақстанда тепе-тең еңбекақысын бірдей төлеу принципі дәйекті түрде жүзеге асырылуда. Қоғамдық өмірдің түрлі салаларында ерлермен бірдей жағдайға ие болып, әйелдер мемлекеттік басқару ісіне белсене араласуда.

Конституциялық құрылыс негіздеріндегі принциптің бірі - Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы. Жоғарыда сөз етілген бойынша, Қазақстан төңірегінде әрбір азамат барлық құқықтар мен бостандықтарға ие (және тең конституциялық міндеттер атқарады). Ал шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың сондай құқықтары мен бостандықтары шектеулі.

Негізгі құқықтар мен бостандықтардың ажыратылмайтындығы және олардың заңсыз шектеуіне тыйым салынуы – бұл адам мәртебесі негіздерінің конституциялық бекітілуінің тағы да бір бастылығы. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды»,- делінген (12-бабының 2-тармағында). Бұл Республика Конституциясының және соған сәйкес келетін өзге де нормативтік құқықтық құжаттардың нормаларыменбелгіленген шеңберінде адам құқықтары мен бостандықтарының тізбегіне мемлекет кепілдік береді деген сөз[2].

Адамның бұл аталған  құқықтары мен бостандықтарын абсолютті деп тану – олар Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адамға оның Республика азаматтығында болу-болмауына қарамастан, қолданылады дегенді білдіреді. Бұл құқықтар мен бостандықтардың ажырағысыздығы Конституция белгілеген құқықтар мен бостандықтардан Конституцияда және соған сәйкес қабылданған заңдарда көзделген жайлардан басқа реттерде адамды ешкім де, соның ішінде мемлекет те айыра алмайтындығын танытады. Біздің елімізде заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыларға қарай анықталады. Демек, қандай да болмасын заңдардың адам мен адамзаттардың құқықтары мен бостандықтарын тежеуге немесе жойып жіберуге бағытталған кері әсері болмайды. Осыған байланысты мемлекет билігі үш тармағының жұмысында азаматтардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін конституциялық негізде бекітуге (заң шығару), нақты іске асыруға (атқару) және тиісінше қорғауға (сот) айрықша мән беріледі.

Жаңа уақыт адамның  құқығы мен бостандығы дүниеге өзімен бірге келетінін негіздейтін  табиғи құқық идеяларының пайда болуымен сипатталды. Әртүрлі теориялық құрылымдар тұлға мен мемлекет қайшылығын еңсеру қажеттігін негіздеді. Адамның құқықтары мен бостандықтарына артықшылық беру қағидаларын жария ету «адам-мемлекет» мәселесіне құрсаулық жүйе тұрғысынан түсінік беруден үзілді-кесілді бас тартуды білдіреді. Тоталитарлық жүйе кезінде адам орасан зор мемлекеттік машинаның титімдей бір бөлігіне айналады (бұл әсіресе Сталиннің жеке басына табыну жылдарында айрықша байқалды). Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін жаратылған, олардың қатынастарының ендігі басты қағидаты (1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституцияда негізі қаланған) осындай. «Қымбат қазына» ұғымы конституциялық мәтінге енгеннен кейін іс жүзінде адамгершілік санат бола отырып, құқықтық санатқа да айналады және қоғам мүшелерінің баршасы үшін – мемлекет билігі қолында барларға да, жоқтарға да міндетті ереже болып табылады.

Бірақта адамның және азаматтың құқықтыр мен бостандықтары  конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.

Кейбір шектеулер төтенше  немесе соғыс жағдайлары кезінде  болуы мүмкін. Мұның өзі конституциялық құрылысты қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана қажет. Төтенше жағдайлар еліміздің бүкіл аумағында не оның бөлігінде жариялануы мүмкін. Тек сол жердегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтары заңда көрсетілген шегінде ғана кемсітіледі. Ол кезде барлық митингілер, демонстрациялар шерулер тоқтатылып, емін-еркін жүріп тұру ережесіне шек қойылуы мүмкін. Осының барлығы тәртіпсіздікті, заңсыздықты болдыртпауға бағытталған. Қалай болса да төтенше жағдайды жарияланғаннан соң азаматтардың өмір сүру, ар-намысы, діни наным, тұрғын үй, сот арқылы қорғалу және т.б. құқықтарына ешқандай нұқсан келтірмейді. Төтенше жағдайларға байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қолданылатын шектеулер мына демократиялық кепілдіктерге сәйкес болуы тиісті:

    1. оның заңдық негізіне;
    2. соған байланысты заңды сақтау қажеттілігіне;
    3. шектеудің уақытша мәнділігіне;

4) шектеудің кеңістігіне.  Осыған қарамастан, Конституцияның 10 (азаматтылық); 13 (құқықтық субъектілігінің  қорғалуы); 14 (заң мен сот алдындағы  теңділігі); 15 (өмір сүру құқығы) баптарында, 16-бабының 1-тармағында (жеке бастың бостандық құқығы); 17 (адамның қадір қасиетіне қол сұғылмайтындығы); 19(ұлтты, партияны, дінді әркімнің анықтауы және ана тілін, т.б. таңдап алу құқығы); 22(ар-ождан бостандығы) баптарында және 26-бабының 2-тармағында (меншік, мұрагерлік құқығының кепілдігі) көрсетілген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.

Адам мен азаматтың  құқықтық мәртебесінің негіздері берілетін  кепілдіктерден туындайды.

Адамның ар-намысы мен  абыройы, оның әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке басының құқықтары мен заңды мүдделері құқықпен қорғалатыны белгілі. Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын мемлекеттік емес құқық қорғау мен құқық қолдану органдарының тұтас жүйесі бар және олар жемісті жұмыс істеуде. Бұлар соттар, милиция, полиция, прокуратура органдары, азаматтық, нотариалдық кеңселер және құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын басқа да мекемелер. Бұған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия да жатады. Қазіргі уақытта қорғаудың қылмыстық құқықтық құралымен бірге (адам құқықтары мен бостандықтарын бұзудың ең ауыр түрі қылмыс болып табылады) азаматтық құқықтық құралы да белгіленген. Егер азамат, кез келген дәрежедегі лауазымды адамның іс-қимылы өзінің конституциялық құқығына қысым жасап отыр деп санаса, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шағым жасауға құқылы. Сондықтан, әдетте, әділ сотазаматтар құқықтарын қорғаудың заңдылығы мен негізділігіне бақылау жасайды. Егер мұндай құқық қорғауды басқа органдар жүргізсе, құқық қорғау актілерін мәжбүрлеп жүзеге асыруды осы сот органдары қамтамасыз етеді.

Бірақ адамдардың құқықтары  мен бостандықтарын бұзудың ең қауіптісі  – бұл қолданылып жүрген заңдарда адам құқықтарын аяққа басуға жол беретін нормалардың болуы. Нәтижесінде бірқатар құқықтар мен бостандықтарды іс-жүзінде жүзеге асыруға кепілдік берілмейді. Егер мемлекетте адамға қажет заңдар жұмыс істемесе, егер заңдардың өзі адамның табиғи құқықтарын аяққа басса, онда не істеу керек? Мұндай жағдайда адам құқығы қорғалмақ түгіл, оларды бұзу әдеттегі көрініске айналады. Сондықтан соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де норматитік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де номативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның жеке азаматтық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүргізуге міндетті[6, 79б].

Сонымен бірге адам құқықтары  мен бостандықтарын бұзудың екі  түрі бар екенін атауға болады:

  • заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген құқықтарды әлдекімнің бұзғандығы;
  • Конституцияға қайшы заңдар шығарылып, соның негізінде адам құқығын аяққа таптап бұзу. Заңдар мен басқа да нормативтік актілер арасындағы қайшылықты жоймай, оларды қолдану өте-мөте қауіпті. Нәтижесінде атқарушы органдардың жүгенсіздікке баруына қолайлы жағдай жасалады. Мұның өзі сайып келгенде былық-шылық пен дағдарысқа әкеледі. Бұны біздің өміріміздің бүгінгі күнгі көрінісінен көруге болады. Сондықтан Қазақстан Республикасында адам құқығын кез келген бұзушылықтан қорғау жөнінде заңдар жасап, ол өмірге енгізілуі тиіс. Біз қоғамдық қатынастарды заңды тұрғыда толық реттеу, заңдылық қағидатын дәйекті түрде жүзеге асыру қажет деген пайымдауда толық бөлісеміз.

 Қазақстан Республикасы  азаматтары құқықтары мен міндеттерінің бірлігі. Бұл қағидат Қазақстан Республикасы Конституциясы 12-бабының 3-тармағында: «Республиканың азаматы өзінің азаттығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» деген ережемен бейнеленген. Құқықтар мен міндеттердің бірлігі қазақстандық қоғамның әлеуметтік бірлігіне негізделген, яғни қоғам мүшелерінің бір бөлігі тек құқықтарға ие болып, ал екінші бөлігіне тек міндеттерге жүктелмеген. Бұл бірлік адамның қоғамдық және жеке мүдделерінің жарасымды үйлесімінен де туындайды. Коммунистік манифестегі «әркімнің еркін дамуы баршаның еркін дамуының шарты» деген әйгілі қағида қазақстандық қоғамның түбегейлі ережесіне айналды. Адамның жеке және қоғамдық мүдделерінің ажырағысыз бірлігі азаматтың құқықтарының, бостандықтарының және міндеттерінің бірлігіне негізделген. «адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялы құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс» деген конституциялық ереже (12-бап, 5-тармақ) осыдан туындайды. Сөйтіп, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сипатын, мағынасы мен мазмұны жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттарымен айқындалады, мұнсыз Қазақстан Республикасын құруға ұмтиылып отырған құқықтық, демократиялық мемлекет орнату мүмкін емес.Ендігі айтатын жайт - бұл Конституциядағы тұжырымда сөз етілетін азаматтардың (адамдардың) құқықтары мен бостандықтарының басқа заңдардағы (қылмыстық істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу, неке және отбасы, азаматтық, т.б.кодекстерінде) құқықтар мен бостандықтарға қарағанда ең негізгісі екенін есте әрдайым ұстауымыз қажет. Сондықтан да болар оны әдебиетте «құқықтар мен бостандықьардың негіздері» деп аталады.

Адам жане онын кукуктары. 2