Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі

                                                  МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................

1.ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚСУБЪЕКТІЛІГІ

1.1. Құқысубъектілік ұғымы,  белгілері және даму тарихы...................................

1.2. Жеке тұлғаны халықаралық  құқықтың субъектісі ретінде  тану....................

2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУЫ МЕН ОЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2.1. Жеке тұлға құқықтарының  халықаралық органдармен қорғалуы.................

2.2. Адам құқықтарын бұзғаны  үшін жеке тұлғаның халықаралық  жауапкершілігі...........................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы «Халықаралық құқықтағы жеке тұлғалардың құқықсубъектілік концепциясы» болып табылады.

XX ғасырдың екінші жартысынан  бастап қазіргі күнге дейін  халықаралық құқықта жеке тұлғаның  құқықтық жағдайына арналған  нормаларға деген қызығушылық  ұлғаюда. Халықаралық құқықты  бұзғаны үшін жеке тұлғаладың  халықаралық қылмыстық жауапкершілігі, жеке тұлғаның құқытары мен  бостандықтар стандарттарының халықаралық  деңгейде бекітілуі, және бұл  құқықтардың сақталуын қадағалау  үшін халықаралық құқықтық механизмдердің  құрылуы, халықаралық ұйымдар  құқығының дамуы бұның барлығы  халықаралық құқықтағы жеке тұлға  рөлінің қалай артқандығын көрсетеді.

Қазіргі кезде халықаралық  құқық бұрында тек мемлекеттер  реттеген іс әрекеттерге де кіріседі. Индивидтің халықаралық құқықпен арақатынасы  күшейіп, халықаралық құқықтың адамның  іс әрекетіне әсер ету формалары  мен тәсілдері жақсарып келуде.

 Зерттеу тақырыбының өзектілігі: жеке тұлғаның халықаралық құқықсубъектілігі туралы мәселе халықаралық құқықтың жаңа даму тенденцияларын айқындайды. Ол халықаралық құқықтың реттеу базасы мен нормативтік құқықтық реттелудің өзгеруін көрсетеді.

Зерттеу объектісі: халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъекілігін мойындау немесе жоққа шығару мәселесі.

Зерттеу мақсаты: халықарылық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілік мәселесін, олардың құқықтық мәртебесін толықтай зерттеп, тақырыпты ашу.

Зерттеу міндеттері: - халықарылқ құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілігінің мәнін анықтау;

- олардың ерекшелігін анықтау, жеке тұлғаның қазіргі халықаралық құқықтағы рөлін, мәртебесін анықтау;

-  қазіргі халықаралық құқық тәжірибесінде жеке тұлғаның рөлін анықтау;

Зерттеу тәсілдері: Халықаралық құқықтың ерекше спецификасына қарамастан, халықаралық құқық мәселелерін қарастырғанда, оған барлық дерлік жалпы теоретикалық құқықтық категориялар қолданыла алады. Жалпы құқықтың базасы барлық заң ғылымдарына арналған методологиялық және сатылық база болып табылады. Сондықтан, бұл зерттеу аясына барлық жалпы құқық теориясының мәселелері қарастырылды. Ол құқықсубъектіліктің жалпы мәні, құқықтық реттеу механизмі, оның элементтері мен құрылымы, құқықтардың қолданыуы және т.б.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілік мәселесін тереңдетіп зеттеген халықаралық құқық заңгерлері: Бекяшева К.А., Вельяминова Г.М., Верещетина B.C., Жданова А.А., Задорожного Г.П., Захаровой Н.В., Кравченко В.М., Курдюкова Г.И., Левина Д.Б., Лукашука И.И., Моджорян Л.А., Мюллерсона Р.А., Нуделя М.А., Талалаева А.Н., Тиунова О.И., Труженниковой Л.Т., Туманова В.А., Тункина Г.И., Усенко Е.Т., Ушакова Н.А., Фельдмана Д.И., Черниченко С.В., Шибаевой Е.А., Шуршалова В.М. болып табылады.

Бұл Ресейлік ғалымдардан  басқа, батыстық Броунли Я., Брэдли Э., Дженнис М., Дженкс С.В., Джессеп Ф., Дрост П.Н., Канкадо Триндейд А.А., Кей Р., Лаутерпахт X., Норгаард Г., Оппенгейм Л., Фердросс А., Фридманн В., Хенкин JL, Хиггинс Р., Хименес де Аречага Э., Шварценбергер Г. сияқты халықаралық құқық заңгерлері және ғалымдардың еңбектері, ойлары, тәжірибелік ұсыныстары жұмысты жаза отыра, қарастырылып, назарға алынды.

Халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның құқық субъектілік концепциясы  халықаралық құқықтағы ең дискуссиялық сұрақтардың бірі болып келеді. Мұндай көп және әртүрлі көзқарастарға ие, теоретикалық мәселелердің саны ондай көп емес. Көзқарастар диапазоны өте кең: жеке тұлғаның халықаралық құқықсубъектілігін толықтай жоққа шығарудан бастап, жеке тұлғаны халықаралық құқықтың жалғыз, бірден бір субъектісі ретінде тануға дейін. 

Халықаралық құқықтағы индивидтің құқықсубъектілігі теоретикалық проблемалардың бірі болып, халықаралық құқықтың табиғаты мен халықаралық құқықтық реттеудің  механизмі, халықаралық құқық пен  ұлттық құқықтың арақатынасы сияқты құқықтық мәселелермен тікелей байланысты. Жеке тұлғаның құқықсубъектілігі туралы мәселенің шешілуі концептуалды, философиялық құқықтық тұрғыға байланысты.Халықаралық құқық субъектілерінің шеңберін анықтау заңды емес, теоретикалық сипатқа ие.

Курстық жұмыс  құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімді қамтитын негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдалынған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлім «Жеке тұлғаның халықаралық құқықсубъектілігі» деп аталып, ол келесідегідей екі тақырыптан тұрады, «Құқысубъектілік ұғымы, белгілері және даму тарихы» және «Жеке тұлғаны халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тану». Екінші бөлім «Жеке тұлғаның құқықтарының қорғалуы мен оларға қатысты халықаралық жауапкершілік» деп аталады. Ол келесідегідей тақырыптардан тұрады, «Жеке тұлға құқықтарының халықаралық органдармен қорғалуы» және «Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚСУБЪЕКТІЛІГІ

1.1. Құқысубъектілік  ұғымы, белгілері және даму  тарихы

Халықаралық құқық субъектілері – халықаралық құқықта құқықтар мен міндеттерді иелене алатын, халықаралық құқық нормаларын дайындау мен жүзеге асыруда қатысатын жеке дара құрылымдар.

Халықаралық құқықтың субъектісі болып, халықаралық құқықсубъектілікке ие тарап бола алады. Ең жалпы мағынасында, халықаралық құқықсубъектілікті, субъектің  заңды түрде субъектісі болып  танылу қабілеттілігін немесе мүмкіндігін  айтамыз. Халықаралық құқықсубъектіліктің  мазмұнын халықаралық құқықтық нормалардан  келіп шығатын, жалпы құқықтар мен  міндеттер құрайды. Халықаралық  құқық субъектілері жалпы, салалық  және ерекше құқықсубъектілікке ие.

Жалпы құқықсубъектілік – бұл акторлардың ipso facto халықаралық құқық субъектісі болып танылуы. Мұндай құқықсубъектілікке тек егеменді мемлекеттер, онымен қоса өз тәуелсіздігі үшін күресуші мемлекеттер ие.

Салалық құқықсубъектілік – бұл акторлардың белгілі бір мемлекетаралық қатынастарда субъект болу мүмкіндігі. Ондай құқықсубъектілікке үкіметаралық ұйымдар ие.

Ерекше құқықсубъектілік – бұл акторлардың тек белгілі бір халықаралық құқық саласында, белгілі бір құқықтық қатынастарда субъект болу құқығы. Ерекше құқықсубъектілікке жеке тұлғалар ие.

Субъективті заңдық құқықтары  мен міндеттері бар халықаралық  құқық қатынасы қатысушылары халықаралық  құқық субъектілері болып табылады. Олар халықаралық қатынастарға дербес күйде қатысуға, басқа субъектілермен заңдық әрекеттестікке тікелей түсуге қабілетті және тәуелсіз болады.

Халықаралық құқық субъектілері екі топқа бөлінеді: алғашқы және туынды. Алғашқы топқа тәуелсіздігі бар мемлекеттер: өз тәуелсіздіктері  үшін күресуші халықтар мен ұлттар кіреді. Соңғылары өзінің мемлекеттік  құрылысын өзі шешу құқығын жүзеге асырады. Субъектінің бұл екі  тобы алғашқы топқа жалпы белгілері  – тәуелсіздігі арқылы біріккен. Мемлекетте ол белгі мемлекеттік болса, өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар мен халықтарда ұлттық белгі болады. Екінші топқа  халықаралық ұйымдар мен мемлекет тәріздес құрылымдар кіреді. Жеке тұлғалар халықаралық құқық субъектілерінің  ерекше тобын құрайды [1, 37б].

Алғашқы топ (басты, егеменді) – мемлекеттер; өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар мен халықтар ;

Туынды (егеменді емес) – халықаралық ұйымдар; мемлекет ұқсас құрылымдар (Ватикан, Мальта ордені).

Алғашқы (басты) халықаралық құқық субъектілері (мемлекеттер; өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар мен халықтар) өздері ие мемлекеттік немесе ұлттық егемендікке сәйкес халықаралық құқықтық құқықтар мен міндеттердің иеленуші болып табылады. Егемендік (ұлттық немесе мемлекеттік) оларды халықаралық құқықтың субъектісі қылып, халықаралық қатынастарда өз бетімен қатысу мүмкіндігін береді.

Құқықсубъектіліктің заңды  қайнар көздері олардың құжаттары  болып табылады. Халықаралық ұйымдар  үшін ондай құжаттар ретінде олардың  халықаралық келісімшарттар ретінде  бекітілген  жарғысы. Халықаралық құқықтың туынды субъектілері шектелген құқықсубъектіліккке ие.

Тану –құқықтық институт ретінде басты негізде қарапайым  құқықтық нормаларды білдіреді, танудың  бөлек аспектілері қызығушылық  білдірген мемлекеттердің келісімшарттарымен  және халықаралық ұйымдардың резолюцияларымен регламенттеледі. Тану институты осы  уақытқа дейін әлі кодификацияланбаған, бірақ бұл бағыттағы кейбір қадамдар болды. 1949 жылы БҰҰ –ның Халықаралық  Құқықтық Комиссиясы мемлекеттер мен  үкіметтерді тану тақырыбын бірінші  реттегі кодификациялауға жататын  тақырыптар қатарына қосқан болатын, дегенімен  бұл мәселе шешімін таппады.

Халықаралық- құқықтық тану – халықаралық қатынастар саласындағы  арнайы заңи салаларын туындауындауына  әкелетін формальді акт (іс әрекет).  Жаңа  мемлекеттерді немесе өзге де дестинаторларды олармен ресми  немесе бейресми, толық немесе толық  емес, уақытша немесе үнемі қатынастар орнату мақсатында бар мемлекеттердің мойындауы.

Халықаралық  шарттарға  сәйкес жеке тұлғаға берілетін құқықтар көлемінің халықаралық және аймақтық деңгейінің кеңеюіне байланысты ол халықаралық  құқық субъектісінің бірі болды. Көпке дейін халықаралық құқықтық әдебиеттерде индивидтің құқық субъектілігі жоққа шығарылып келді. Ал халықаралық құқық бойынша ғылыми әдебиеттерде индивидтің халықаралық құқық субъектілігі жоққа шығарылды. (мысалы, А.П. Мовчан, С.В. Ерниченконың еңбектерінде).

XX ғ. 80-жылдарының аяғында  индивидтің халықаралық құқық  субъектілігінің жеке элементтерін  мойындайтын отандық еңбектер  алғаш рет жариялана бастады.  Батыстық заңгерлер  индивидтің  халықаралық құқық субъектілік  теориясын аз кем мойындайтын.  Қоғамның халықаралық өміріндегі  объективті өзгерістер осы заманғы  халықаралық құқықтағы адамның  құқық субъектілігі жөніндегі  мәселеден тыйым салуды алып  тастады.

Индивидтер халықаралық  құқықтың шектелген құқық субъектілігі бар субъектісі екенін айтып өткен  жөн, өйткені оның халықаралық құқықтық нормалары мен қағидаларын құруға қатысу құқығы жоқ. Алайда халықаралық  құқықтық нормаларды қолданудың тиімділігі индивидтің құқыықтары мен міндеттерінің  көлемін кеңейтуде. Тиісінше, халықаралық  қатынастарда жеке тұлғаның рөлі де ұлғаюда. Мұнда, біз «индивид» және «жеке  тұлға» ұғымдарды теңдей пайдаланатымызды айтып өтсек, себебі жеке тұлға бұл  әлеуметтік маңызды белгілерінің тұрақты, жүйесі бар индивид болса; индивид  бұл жеке адам, жеке өмір сүретін  тірі тіршілік.

Халықаралық құқық субъектісі дегеніміз халықаралық құқықтар мен міндеттерге ие және осы құқықтар мен міндеттер бойынша халықаралқ құқықтық жауапкершілігі бар халықаралық құқықтық жауапкершілігі бар халықаралық қатынастарға қатысушылар. 

Құқық субъектілік бұл  құқықтар мен міндеттерге ие болу қасиеті. Ал халықаралық құқықта  субъектінің ұғымы өзгешелеу. Өйткені  халықаралық құқықта құқық субъектілерін  құқық қабілеттілігі (заңмен құқықтарға ие болу) және әрекет қабілеттілігі (өз әрекакеттеріне жауап беріп, белгілі  бір міндеттер атқару) деп бөлмейді. Себебі, біріншіден, халықаралық құқықта  былай бөлу оның субъектілерінің  арасында құқықтық теңсіздік тудырар  еді. Екіншіден, халықаралық құқықта  әрекет қабілетсіздік болуы мүмкін емес. Себебі, әрбір субъектілердің құқық нормаларын шығару мүмкіндіктері  бар. Мұнда ең негіздісі халықаралық  құқық субъектісі тек міндеттерге  ие болып, атқару емес, субъектілердің  басқа субъектілерімен келісіп, өзіне міндет жүктей алу жағдайы.

Халықаралық құқықтың негізгі  субъектілеріне: мемлекеттер, тәуелсіздік  үшін күресуші халықтар мен ұлттар, азаматтар жатады. Ал туынды субъектілеріне: мемлекетке ұқсас құрылымдар, еркін  қалалар, халықаралық ұйымдар жатады [2, 88б].

Жеке тұлғалардың құқық  субъектілігі туралы мәселе заң әдебиеттерінде көптен бері қарастырылып келе жатыр. Батыс ғалымдары халықаралық  органдардан қорғалатын мүмкіндіктері  барына сілтеме жасап, индивидтердің  халықаралық құқықтың субъектісі деп  танып отыр, сондай ақ Еуропа Одағы  мемлекеттерінің жеке тұлғалары талап арыздарымен Еуропалық сотқа жүгіне алады.

КСРО кезіндегі заңгерлер идеологиялық ұғымның салдарынан индивидтерді халқаралық құқықтың субъектісі ретінде мойындамаған. Бірақ 80-жылдардан бастап индивидтердің халықаралық құқық субъектісі ретінде көптеген әдебиеттер пайда бола бастады.

Индивидтердің халықаралық  құқық субъектісі ретінде танылуы  не танылмауы осы субъектіге қойылмаған мінездемеге байланысты. Егер индивидті  халықаралық құқықтың субъектісі десек, онда бұл тұлғаға халықаралық  құқықтың нормалары тікелей әсер етеді, яғни халықаралық құқық нормалары  субъектінің құқықтары мен міндеттерін  анықтайды. Жеке тұлғаларға тікелей  әсер ететін көптеген халықаралық құқық  нормалары бар. Мысалы, 1966 ж.Азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт, 1989 ж. баланың құқықтары туралы конвенция т.б. Бірақ қалай болғанымен де жеке тұлғаны халықаралық құқықтың толық субъектісі ретінде қарастыра алмаймыз.

Халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілігі проблемасы заң әдебиеттерінде көп уақыттан бері қозғалатын мәселе. Кейбір авторлар жеке тұлғалардың халықаралық құқықтағы  құқықсубъектілігін жоққа шығарса, екіншілері оларға арнайы құқықтардың  тиесілі екендігін айтады. Батыс ғалымдары жеке тұлға арқылы халықаралық құқықсубъектіліктің сапасын анықтайды. Ал аргумент ретінде жеке тұлғалардың халықаралық жауапкершілігі мен өз құқықтарын қорғау үшін халықаралық органдарға жүгіну құқығын келтіреді [3,51-58бб].

Халықарылық құқық субъектілерінің  келесідегідей ерекшеліктері бар:

1)Халықаралық құқық субъектілері әдетте, ұжым деп танылады. Халықаралық құқықтың әрбір субъектісі ұжымның белгілі бір элементтерін иеленеді. Осылайша, мемлекетте билік пен басқару аппараты орнайды. Билік саясатын жүргізуде халықаралық құқық субъектілері тәуелсіз бірақ бір біріне сәйкесінше бағынышты болып табылады. Олардың әр қайсысы жеке халықаралық құқықтық мәртебеге ие;

2) Халықаралық құқық субъектілері, халықаралық құқықсубъектіліктің басты элементтердің бірі болып табылатын, халықаралық нормалардың жасалуы мен қабылдауына қатысады. Халықаралық құқық субъектілері (мемлекет ішіндегі өзге де субъектілерге қарағанда) – халықаралық құқықтың нормалардың адресаттары ғана емес, онымен қоса, олардың жасалуына қатысушы тұлғалар болып табылады.

Мемлекеттен басқа халықаралық  құқық субъектілерінің құқықсубъектілігін дәлелдеу қажет. Яғни, ол процес халықаралық құқық нормаларын сараптау арқылы, жүзеге асыру формаларын анықтау арқылы жүзеге асады. Халықаралық құқықсубъектіліктің әмбебап критерийі болып халықаралық құқықтық реттеу механизмі болып саналады. Бұл механизм барлық жоғарыда көрсетілген сатыларды біріктіріп, оларды құрамдас етңп, және байланыс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Халықаралық құқықсубъектілік – бұл реттеуші халықаралыққа құқыққа бағыныштылық дегенді білдіреді. Яғни, халықаралық құқық реттеу механизміне «қатысушы» дегенді білдіреді. Сондықтан біздің мақсатымыз бұл механизмдегі жеке тұлғаның рөлін анықтау болды. Егерде жеке тұлға халықаралық құқық нормаларында тек қана аталып қоймай, халықаралық қарым қатынастарға қатысса, сонымен қоса субъективті құқықтарға ие болса, әрине жеке тұлға халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады.

 

1.2. Жеке тұлғаны халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тану

Халықаралық құқықтың дүние  жүзінде жаңа тәртіпті орнатудың  қажет құралы ретінде танылуына  байланысты, халықаралық құқық мәселелері әлемдік проблемалар сипатына ие болып келеді.

И. Лукашук өзінің «Толкование норм международного права» атты еңбегінде халықаралық құқық нормалардың әсерлігі оның нормаларын дұрыс түсініп, дұрыс бағытта қолдануына байланысты деп атап көрсетеді. «Құқықты дұрыс түсіну – құқықтың дұрыс қызмет атқаруының қайнар көзі болып табылады». «Құқықты дұрыс түсіну немесе талдау – бұл ғылым мен өнер болып табылады. Объективті элементтермен қатар бұл процесте субъективті мән жайлардың да орны бар. Себебі, оны талдау адамдармен жүзеге асады, яғни олар саяси, құқықтық санаға жүгінумен жүзеге асады. Осылайша, нәтиже де өзгеріп отырады ».

Бұл мәтінге сілтеме тектен-тек жасалған жоқ, себебі жеке тұлғаның құқықсубъектілігі туралы сөзталастар әлі де аяқталмаған, тіптен посткеңестік елдерде бұл мәселе жаңадан ғана етек жаюда. Прежде всего, необходимо уточнить исходные теоретические понятия. Құқықтың жалпы теорияларына сәйкес, тұлғаның құқықсубъектілігін тану үшін бірінші қадам ол тұлғаның құқықпен көзделген құқықтары мен міндеттердің болуы болып табылады.

Келесі қадам бұл әрекет қабілеттілік болып табылады. В.С. Нерсесянц  оған мынадай анықтама береді: « Құқық субъектісінің беделді теңқұқылы іс әрекеттері арқылы, сәйкес құқық қатынастарында, өзінің құқық қабілеттілігін іске асыру мүмкіндігі, өзінің субъективтік құқықтарына ие болу мен іске асыру, өзіне заңи міндеттерді тудыртып, жүзеге асыру мүмкіндігі ». Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі жеке тұлғаға белгілі бір халықаралық құқықтық субъектілікті ұсынады.

Ал құқықсубъектіліктің  үшінші қадамы бұл: халықаралық деликті  қабілеттілік болып табылады. Яғни, құқық субъектісінің өзінің жасаған қылмыстары не болмаса құқық бұзушылықтарына жауап бере алу мүмкіндігі. Ол жасаған қылмыстары үшін, нацизм көшбасшыларын жауаптылыққа тарту қажеттілігі туындағанына байланысты туындады. Ол жеке тұлғаның халықаралық құқықсубъектілік концепциясының дамуын, және халықаралық құқықта орнығуын тездетті.

Халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілігін танудың  теориялық және тәжірибелік дайындығын Нюрнберг трибуналы аяқтады. Ол соңғы жетіспеген элементті, яғни деликті қабілеттілікті ұсынды.

Халықаралық құқықта жеке тұлғаның құқықсубъектілін тануда ерекше рөлді Ұлттар Лигасымен құрылған, Гаагадағы халықаралық құқық  академиясы ойнады. Гаагалық академиктері және олардың жақтаушылары халықаралық құқықтық догмаға, және онымен қоса «Лотус» ісі бойынша «халықаралық құқық тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейді» деп жазған Ұлттар Лигасының тұрақты сотына қарсы тұруға мәжбүр болды.

Алғашқы қадам Ж.Селльдің бастауымен болды. Ол жеке тұлғаны халықаралық  әділет органдарына қатыстыру, яғни тәуелсіз тұлға ретінде, процессте  тарап ретінде қатысуына ұсыныс жасады.

Халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілігі туралы жаңа концепцияны іске асырушы тұлға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссияның вице-төрағасы Рене Кассен болды. 1948 ол өз концепциясын мақалада былай деп көрсетті: «Адам халықаралық құқықтың субъектісі және дүниежүзілік қауымдастықта адам құқықтарының қорғалуы». Бұл жерде жеке тұлғаның халықаралық құқықсубъектілігі мен халықаралық адам құқықтарын қорғаудың байланысы анық көрсетілген.

Халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілігін қарастырғанда, ең маңызды орында Бүкіләлемдік адам құқықтары жөніндегі декларацияның келесі ережесі болып табылады: «Әрбір адам, ол қайда болмасын, өзінің құқықсубъектілігінің танылуына құқылы» (6 бап) [4].

Бұрын мемлекет ішінде болған жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі халықаралық  танылған құқықтар мен бостандықтарға айналды. Бүкіләлемдік адам құқықтары жөніндегі декларация адамға тиесілі ең қарапайым  құқықтары мен бостандықтарын қамтиды, және Преамбулада айтылып кеткендей, оған жетуге барлық халықтар мен мемлекеттер талпынуы тиіс.

 Алайда Декларацияның Преамбуласында қолдану аясы шектеліп көрсетілген: «Ұйымның мүшелерімен қоса, олардың юрисдикциясына бағынышты тиесілі халықтар территориялары».

Заманауи адам құқықтарының стандарттар классификациясы «Антропология права» деген еңбекте анықталып көрсетілген.

Азаматтық және саяси құқықтар: өмір сүруге құқық; адамның қадір қасиетін кемсітетін қорлау мен аяусыз, қатыгез іс әрекет пен жазаға тыйым салу;  құлдыққа тыйым салу мен еріксіз қамауға тыйым салу; тек заңға сәйкес жаза қолдану; жеке қауіпсіздік пен бостандыққа құқық; еркін жүріп тұруға құқық; әділетті сот талқылауына құқық; жеке және жанұя өмірінің, тұрғын үй мен корреспонденцияны сыйлауға құқық; неке құруға құқық; ой, ар намыс және дін ұстану бостандығы; өз ойын білдіру бостандығы; бірігу мен қосылу бостандығы; бастауыш білім алуға құқық; меншікке құқық; құқықтық қорғауға құқық; заң алдында теңдік құқығы; басқа да құқықтар (заңды немесе жеке тұлға ретінде танылу құқығы, тегі мен атына құқық, азаматтыққа құқық және т.б.)

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар: еңбекке құқық; әділетті және қолайлы еңбек жағдайларына құқық;  профсоюздік құқықтар; тиесілі өмір сапасына құқық; денсаулық пен әлеуметтік қорғануға құқық; отбасы, ана және балалық шақ қорғау құқығы; орта және жоғары білім алуға құқық; мәдени жетістіктерді қолдануға құқық; жеткілікті қорғалмаған адамдарды қорғау құқығы;

Ұжымдық құқықтар: бейбітшілікке  құқық; геноцид пен апартеидті болдырмау; халықтарға анықталуға берілетін құқық; дамуға құқық; қолайлы қоршаған ортаға құқық;

Халықаралық қатынастарда индивидтің рөлі күннен күнге өсуде. Индивид қазіргі таңда көптеген мемлекетаралық келісімдерге сәйкес, құқықтарға ие, міндеттері бар, және онымен қоса халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілік тартады. Одан басқа, өз құқықтарын қорғау үшін әмбебап және аумақтық сот және конвенциялық органдарға жүгіне алады.

Жеке тұлғаның халықаралық  құқықта құқықтары мен міндеттерге  ие болуы, оның біртіндеп халықаралық  құқықтың толықтай субъектісіне айналып  келе жатқанын көрсетеді.

Батыс ғалымдары жеке тұлғаның құқықсубъектілін тануда бірдей көзөарастармен ерекшеленбейді, бірақ не дегенімен  көпшілік оның құқықсубъектілігі мойындайды. Әйгілі ағылшын ғалымы Г.Лаутерпахт 1950 жылы былай деп жазды, «Халықаралық құқық, БҰҰ жарлығында және тағы басқа халықаралық келісімшарттарда белгіленгендей, жеке тұлғаның жалпы құқықтарын ұлттық құқыққа қатыссыз таниды, және осылайша ол халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады».

Халықаралық қатынастардың  ерекшелігін еске ала отырып, халықаралық  құқық субъектісіне келесідегідей  анықтама береді: халықаралық құқық субъектісі халықаралық құқық пен міндеттерді иеленуші, халықаралық қарым қатынастарға қатысушы, және халықаралық нормалардың бұзылуына жауапкершілік тартатын тұлға. Жеке тұлға кең анықтамаға ие болғаныменде, оның халықаралық құқықтағы шектеулі құқықсубъектілігі бар субъект ретінде тануымыз керек [5].

Сонымен қатар, жеке тұлғаны кең ауқымды құқықтарға ие мемлекетке теңестіруге болмайды.

Жеке тұлғаны халықаралық  құқықта субъекті ретінде тану түгел  бұл құқықтың табиғатын өзгертуді  талап етер еді. Сонымен қоса, бұл  жеке тұлғаның құқықтарын қамтамасыз етудің үздік жолы болады дегенге  күмәндар аз емес. Жеке тұлға өз құқықтарын мемлекетпен тең жағдайда қолдана алмас еді. Бұл жағдайда, жеке тұлғаның мемлекет қол астында екенін, және онымен қоса, өз құқықтарын халықаралық деңгейде қорғай алмайтынын есте сақтау қажет.

Халықаралық қоғам адам құқықтарын тек мемлекет арқылы қамтамасыз ете  алады. Екінші жағынан, жан жақты  адам құқықтарының қорғалуы мемлекет қатысуынсыз шешімсіз жұмбақ болар  еді [6].

Тиісінше, халықаралық құқық  түсініктері мен категориялары  барлық кезде ұлттық құқық түсініктеріне  сәйкес келмейтінін еске ала отыра, және халықаралық құқық субъектісі халықаралық құқықтық нормалардан  келіп шығатын құқықтар мен міндеттерде иеленіп қана қоймай, ұжымдық жиналыс ретінде халықаралық құқық нормаларын тудырушы екенін еске алсақ , жеке тұлға халықаралық құқықтың субъектісі бола алмайды.

Бірақта, жеке тұлғаны халықаралық  құқықтық нормалардың тікелей адресаты екенін еске алсақ, және қазіргі кезде  дамып жатқан халықаралық адам құқықтарын қорғау мен гуманитарлық құқықты  алсақ, халықаралық қылмыскерлерге қатысты халықаралық қылмыстық құқықтың жүзеге асуын назарға алсақ, онда жеке тұлға халықаралық құқықта шектеулі құқықсубъектілікке ие, және осылайша халықаралық құқық субъектісі болып табылады. [7]

Индивидті халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тану мәселесі дискуссиялық және тіпті даулы мәселе болып  табылады. Кейбір авторлар индивидтің құқықсубъектілігін жоққа шығарса, келесілері халықаралық құқықтың ерекше құқытарын оларға ұсынады.

Халықаралық шарттарға сәйкес жеке тұлғаға берiлетiн құқықтар көлемiнiң халықаралық және аймақтық деңгейiнiң кеңеюiне байланысты, ол халықаралық  құқық субъектiсiнiң бiрi болды. Көпке  дейiн халықаралық–құқықтық әдебиеттерде индивидтiң құқық субъектiлiгi жоққа  шығарылып келдi. Ал халықаралық  құқық бойынша ғылыми әдебиеттерде индивидтiң халықаралық құқық  субъектiлiгi жоққа шығарылды (мысалы, А.П.Мовчан, С.В.Черниченконың еңбектерiнде). ХХ ғасырдың 80-шi жылдарының аяғында индивидтің халықаралық құқық субьектілігінің жеке элементтерiн мойындайтын отандық еңбектер алғаш рет жариялана бастады. Батыстық заңгерлер индивидтің   халықаралық құқық субъектiлiк теориясын аз-кем мойындайтын. Қоғамның халықаралық өмiрiндегi объективтi өзгерiстер қазiргi заманғы халықаралық құқықтағы тұлғаның құқық субъектiлiгi жөнiндегi мәселеден «табуды» алып тастады.

Осылайша, А.Фердросс  (Австрия) айтуы бойынша, «жеке тұлғалар халықаралық  құқықтың субъектілері болып табылмайды, себебі халықаралық құқық индивидтердің  мүдделерін қорғайды, бірақ арнайы құқықтар мен міндеттерді тек  қана мемлекеттерге, азаматтарға береді.» 

Басқа мамандардың ойынша индивид тек  халықаралық құқықтық қатынастардың  субъектісі болып  табылады. «Индивидтер, мемлекет басшылығында болса да, халықаралық құқық субъектісі болып, өз атынан халықаралық сахнаға  шыға алмайды.» - деп жазады В. М. Шуршалов [8, 77-146б].

  «Барлық жеке тұлғаның құқықтарын және бостандықтарын қорғау туралы халықаралық келісмшарттар және келісімдер мемлекеттер арасында  жасалады, сондықтанда, арнайы құқықтар мен міндеттер жеке тұлғаларға емес, мемлекеттерге арналады.  Индивид  мемлекет қамқорлығында болады, және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған халықаралық нормалар, басты түрде мемлекет құралдары арқылы жүзеге асады.»

Оның ойынша, әрекет етуші  халықаралық құқық нормаларына  сәйкес,  кейде индивид халықаралық  қатынастардың субъектісі ретінде  танылады, алайда түбегейлі халықаралық  құқық субъектісі болып табылмайды.

XX ғ.басында ондай тұжырымды   Ф. Ф. Мартене де ұстанды.  Оның айтуынша, дара жеке тұлғалар  халықаралық құқықтың мазмұны  болып табылмайды, бірақ халықаралық  қатынастар саласында белгілі  бір құқықтарға ие. Олар: 1) адамзат  тұлғасы;  2) жеке тұлғалардың мемлекетке  тиесілдігіне сәйкес ережелер; [9,220-221б].

Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі