Адам мен азамат жағдайының
36
Мазмұны
Кіріспе.......................
I Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы конституциялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою...........................
1.2 Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі........................
II Адам құқықтарын қорғаудың тетіктері
2.1 Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролі........................16
2.2 Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру....................
2.3Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының өктемдігінің жолында тосқауыл болуға, мемлекеттің қоғамды шексіз билеп-төстеуіне кедергі қоюға тиіс.
Құқықтар мен бостандықтар көп жағдайларда адамның қоғамдағы орнын, оның мемлекетпен өзара байланысын анықтайды.ҚР Конституциясының 1-бабында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп бекітілген.Бұл конституциялық норма – мақсатта мемлекеттің құқықтық дамуының ұзақ мерзімдік міндеті – мемлекеттің құқықтық сипатын қалыптастыру жарияланған. ҚР Конституциясының негізгі идеясы мен адам мүдделерінің жалпыға бірдей презумпциясы болып табылады. «Адам мүдделерінің презумпциясы, - дейді профессор Г.Мальцев, - заң аясында барлық қарама – қайшылықтар, барлық дау-дамайлар адам үшін не тиімді деген көзқарас тұрғысынан шешіледі, барлық шешімдер осы тұрғыдан қабылданады, ал ол адам қайдағы бір қиялдағы, қандай да болмасын демократиялық сұлбаға сәйкес әсерленген адам емес, нақтылы мақсаттары мен қажеттіліктері өмірде бар, тірі адам.
Адамның құқықтары – бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.
ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымның рөлін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғы шарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасауы егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы.
Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуына көмектесетін адам құқықтары мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандарттарға сай келеді. Оның үстіне, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты механизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.
Қазіргі жағдайда адамның бостандығы біршама басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі – жауапты шешімдерді қабылдау еркіндігі. Бұл адамның санасы мен мәдениетінің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді.
Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекет те сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамның табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол еш уақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар берді деп ешкімге бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының түйірмелерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі.
Курстық жұмысымның мақсаты - Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету проблемаларын тиімді шешу. Осыдан келіп туындайтын міндеттер:
1. ҚР заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою жолдарын зерттеу.
2. Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесін ашып көрсету.
3. Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтарының мән мазмұнын сипаттау.
4. Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролін салыстыру.
5. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі өкілетті органдарының қызметтеріне талдау жасау.
6. Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орнына құқықтық баға беру.
Тақырыптың зерттеу обьектісі: Адамдардың құқықтарын реттейтін ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Әкімшілік құқық, ҚР «Еңбек туралы» Заңы, ҚР-ның «Білім туралы» Заңы т.б. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған.
I тарау АДАМ МЕН АЗАМАТ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы,
оны алу және жою
Адам құқығы саласында Қазақстан Республикасы Конституциясының толықтай халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларынан бастау алатыны баршаға белгілі. Тек Конституциядағы және халықаралық құқықтағы адам құқына деген көзқараста кездесетін ұқсастықтар мен айырмашылықтарға тоқталайық.
1.Халықаралық құқық сипаты Қазақстан Республикасының Конституциясы да қандай да болсын нәсілдік, тері түсі, жыныстық, тілдік, діндік, саяси нанымды, ұлттық және әлеуметтік және өзге де жағдайларының белгілері бойынша кемсітуді толықтай теріске шығарады.
2.Жасына: балалар, еңбекке қабілеттер, зейнеткерлер екендігіне байланысты мәртебе бірдей белгіленеді.
3.Отбасы мәртебесі мәселесі қоғамның қарапайым ұясы ретінде де, негізгі ұясы ретінде де бірыңғай шешіледі.
4.Адамның мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында құқықтары мен бостандықтары жарияланады, оларды жүзеге асыру кепілдігі қарастырылады.
5.Абырой, өмір, денсаулық және қадір-қасиет өз дәрежесінде қорғалады.
6.Адамның құқы мен бостандығын шектеуге өзгеше жағдайларда ғана жол беріледі.
7.Азаматтардың кез келген әр түрлі ассоциацияларға бірігуіне кепілдік беріледі.
Халықаралық құқық нормалары адам құқы мен бостандығын азаматтарға, шетелдіктерге, апатридтерге бөліп сипаттайды. Азаматтар мен аталған мемлекеттің азаматы болып табылмайтын адамдардың ара қатынасын дұрыс белгілеу үшін ұлттық заңдарда да осындай өзгешелік жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы да осы принципті басшылыққа алады (12-бап).
Шетелдіктер мен апатридтердің құқы мемлекеттің мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті деңгейде шешіледі. Атап айтқанда, олар мемлекеттің өкілетті органдарын сайлауға қатыстырылмайды, әскери қызметке шақырылмайды және т.б.
Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқтардың құқықтары мен бостандықтарының шеңбері кең. Тек меншік және кәсіпкерлік қызмет саласындағыларын ғана атап өтейін.Сот шешімінен басқа ретте ешкім ешкімді өз меншігінен айыра алмайды. Мұнда әңгіме барлық адамдардың азаматтыққа тәуелсіз меншігі жөнінде болып отыр. Шетелдіктердің де, азаматтығы жоқ адамдардың да кәсіпкерлік қызметі мемлекеттің қорғауында болады. Проблеманың мұндай шешімі халықаралық құқық нормаларына сәйкес келеді. Азаматтық және саяси құқық туралы пактте «әр адам, ол қай жерде тұрса да, оның құқықтық субьектілігін тануға құқы бар» делінген (16-бап).
Осы айтылғандарды тұжырымдай келгенде, ҚР Конституциясы жалпыға мәлім халықаралық құқықтық актілердегі демократиялық, гуманды құндылықтардың бәрін барынша бойына сіңірген құжат болып табылады. Конституция - мемлекеттің Негізгі Заңы болғандықтан ол бастауларды көрсетпейді. Дегенмен, Қазақстан Республикасының Конституциясы бір-қатар жағдайларда халықаралық құқықтың нормаларына тікелей жүгінеді.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтың жалпыға мәлім нормаларына бағдарланған ұлттық заңдарды қалыптастырудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңдары азаматтықты азаматтардың жиынтығы арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланыс ұғынылады. «Азаматтық» ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады: 1)адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды; 2) адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады; 3) мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді.
Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының, егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.
Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың теңдігі туралы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы, құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата-аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтықты алу негіздеріне, шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де наным-сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мән-жайларына қарамастан заң алдында тең.
а) Азаматтық туралы Заң күшіне енген күнге -1992 жылдың 1 наурызына Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
ә) азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі.
Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі бар адамдар шетел азаматтары болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1)тууы бойынша; 2)Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдану нәтижесінде; 3)Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша; 4) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңда қаралған өзге де негіздер бойынша алынады.
Бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Егер бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрса баланың азаматтығы ата-аналарының жазбаша нысанда білдірген келісіміне орай белгіленеді. Егер ата-аналарының бірі бала өмірге келген кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, егер бала: 1) Қазақстан аумағында туған; 2) Қазақстаннан тыс жерде туған, бір-ақ ата-аналарының немесе олардың біреуінің осы кезде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын орны болса, бала Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан азаматы болып табылады. [1.56б.]
Басқа мемлекеттің азаматы және азаматтығы жоқ адам олардың өтініштері бойынша азаматтық туралы заңда қаралған шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Кәмелеттік жасқа толмаған қабілетсіздер, Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргендер, саяси себептермен Қазақстан аумағын тастап кетуге мәжбүр болғандар және олардың ұрпақтары көрсетілген шарттарсыз Қазақстан азаматтығына қабылданады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен азаматтық туралы Заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл Жарлық бұрынғы Кеңес Одағының азаматтары арасындағы қатынастардың кейбір ерекшеліктерін бейнелейді. Бұрынғы КСРО азаматтары бір республикадан екіншісіне еркін қатынады. Туыс адамдардың әр түрлі республикаларда тұруларына мүмкіндігі болды, тұрып жатты да және бір-бірімен ешқандай қиындықсыз араласты. Алайда, КСРО-ның ыдырауының және дербес мемлекеттердің құрылуының нәтижесінде жағдай өзгерді. Шекара белгіленді және соған орай шектеулер қойылды. Бұл адамдардың қатынасына, мемлекетаралық қатынастарға әсер етті. Бұрынғы КСРО республикалары азаматтарының арасында тарихи қалыптасқан қатынастарды одан әрі нығайту және Қазақстан азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібін белгілеу мақсатында Жарлық Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңға өзгеріс енгізді. Отбасылық қатынастарды қалпына келтіру үшін бұрынғы одақтас республикалардың Қазақстан Республикасы азаматтарына жақын туыстары (балалары, жұбайы, ата–аналары, апа-сіңлілері, аға-інілері, атасы мен әжесі) барлар Қазақстан азаматтығына қабылданатын болды. Жеңілдетілген тәртіптің мәні мынада, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы тілек білдірген адамдардың өтініштері өтініш берген күннен алты айдан асырмай қаралатын болды. Сонымен бірге осы Жарлық ҚР-ның азаматтық туралы Заңмен белгіленген басқа адамдардың азаматтық алуға қажетті 10 жылдық тұрақты тұру мерзімін 5 жылға дейін кемітті.
Азаматтық туралы мәселелер Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен шешіледі. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы осы мемлекеттердің азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісімге осылай қол қойылды. Мұндай келісімдер аталған мемлекеттердің өздерінің азаматтығының жалпыға бірдей нормаларын, құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, адамдардың тиісті тарихи және дәстүрлі достық байланыстарын сақтау мен нығайтуға ұмтылудан туындайды. Келісімге сәйкес әр тарап басқа елден өз аумағына тұрақты тұруға келген, бұрынғы КСРО азаматы екендігін дәлелдеген азаматтарға азаматтық алудың жеңілдетілген (тіркелген) тәртібін ұсынады. Мұндай тәртіп төмендегідей шарттардың бірі орындалса: 1) егер өтініш білдіруші азаматтығын алған тараптың аумағында туған немесе тұрған болса; 2) өтініш білдірушінің біреуі болса да азаматтығын алатын тараптың аумағында тұрақты тұратын және жақын туыстары жұбайы (зайыбы), ата–аналарының (бала етіп асырап алғандардың) біреуі, баласы ( оның ішінде асырап алған баласы), апа-сіңлісі, аға-інісі, атасы және әжесі оның азаматтары болып табылса қолданылады.Ішкі істер органдары тараптардың бірінің азаматтық алуын тіркеуді үш айдан асырылмайтын мерзімге жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырады.
Келісімде ата-аналары азаматтығының өзгерілгеніне байланысты балалардың азаматтығы өзгеруінің ерекше тәртібі қарастырылған. Ата-аналарының азаматтығы өзгерген кезде,соған орай екеуі де басқа тараптың азаматы болады не екеуі де тараптардың бірінің азаматтығынан шығады, тиісінше олардың кәмелетке толмаған балаларының да азаматтығы өзгереді. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың дәстүрлі де жеңілдетілген тәртібі кезінде қабылдауға қарсылық білдіру негізі қолданылады. Азаматтыққа қабылдау туралы өтініш, егер адам: адамзатқа, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы қылмыс жасаса;
Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
Мемлекеттік тәуелсіздікке, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін заңға қарсы қызметті жүзеге асырса;
Мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса, мемлекеттік тілдің қызметіне қарсы әрекет етсе;
террорлық әрекеті үшін сотталған болса;
сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;
басқа мемлекеттің азаматы болса қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша басқа мемлекеттің азаматы Республика азаматы болып танылмайды, яғни, қос азаматтық танылмайды.
Жалпы, әлемдегі көптеген елдердің заңдары қос азаматтыққа рұқсат етпейді. Қос азаматтық институты мемлекеттің мазмұнынның өзіне қайшы келеді.Өйткені мемлекеттің әлеуметтік негізі, мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық, ол мемлекетпен саяси байланыста болады.Қос азаматтық алған адамдар санының көбеюі саяси себептер бойынша халықты тек бөлшектеу мүмкін. [2.98б.]
Егемендік, тәуелсіздік кез келген мемлекеттің бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Егемендік пен тәуелсіздік мемлекеттің бүкіл қуатымен, оның осы мемлекеттің азаматтарына қызмет ететін Қарулы Күштерімен қорғалады. Қос азаматтығы бар адамның, егер ол сонымен бір мезгілде дауласушы мемлекеттің де азаматы болса, өзі тұратын мемлекетті жан-тәнімен қорғайды деп толық сеніммен айтуға бола ма? Әрине, жоқ. Адамның патриоттық сезімі бір елге, бір мемлекетке ғана арналады. Одан әрі, кез келген мемлекеттің өзінің мемлекеттік құпиясы, жасырын: әскери, ғылыми, техникалық, қызметтік және басқа құпиялары болады.Бір елдің азаматы ретінде елдің құпиясы білуге мүмкіндігі болған адамның, оны тап сондай азаматы болған екінші бір елге таратып жібермейтіндігіне шексіз кепілдік жоқ.
Жеке адамға қатысты алғанда қос азаматтық адамдар арасындағы теңсіздікті білдіреді. Халықаралық құқық нормалары ретінде де, ұлттық заң нормалары ретінде де барлық адамдар үшін бірдей тең құқықтар мен бостандықтар белгілейді. Алайда, қос азаматтығы бар адамдар азаматтығына қарай екі ел тарапынан да қорғалуға құқылы. Мұндай кепілдік кез келген елдің Конституциялық заңдарында қарастырылған. Тиісінше, бір елдің азаматтығын алғандар мен қос азаматтық алғандар арасында тепе-теңдік болуы мүмкін емес.Жаппай қос азаматтық кезінде ол бір елдің азаматтығын алғандар санасына теріс әсер ететін болады. Екінші жағынан, азаматы болып табылатын бірінші ел тарапынан басқа елге қысым жасаудың тұрақты факторы болады.
Осы айтылғандар жеке азаматтықтың дұрыстығы және қос азаматтық ерекше жағдайда ғана танылуы керектігін көрсетеді. Дегенмен, қос азаматтыққа барлық мемлекеттің заңдары рұқсат етеді. Мемлекеттердің азаматтық туралы заңдарындағы айырмашылық қос азаматтылықтың пайда болуының бір себебі болып табылады. Әр мемлекетте азаматтық мәселесін реттейтін нормалар қайшылығының нәтижесінде азаматтың екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы болып танылатын жағдайлардың тууы мүмкін. Қос азаматтық көп жағдайда халықаралық шарттар негізінде пайда болады.
Азаматтылықтың тоқтатылуы. Қазақстан Республикасының азаматтығы Азаматтық туралы Заңда қарастырылған жағдайда тоқтатылады.
Оған Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу жатады. Азаматтықтан шығуда Азаматтық туралы Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініш негізінде рұқсат етіледі. Азаматтықтан шығу жөнінде арыз Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігі арқылы Президенттің атына беріледі. Жасы 14-ке толмаған бала Қазақстанның азаматтығынан шығуға өтініш берген кезде, ата-аналарының бірі Қазақстанның азаматтығында қалатын болса, осы ата-анасының баланың Қазақстан азаматтығынан шығуына өзінің қатынасы білдірілген арызы берілуі тиіс.
Заңмен белгіленген жағдайларда азаматтықтан шығуға рұқсат берілмеуі де мүмкін. Егер азамат мемелекет алдындағы міндеттемесін немесе Қазақстан аумағында орналасқан азаматтардың немесе ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделерімен байланысты мүліктік міндетте иелерін орындамаған болса оған Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, егер шығу туралы өтініш білдірген адам айыпталушы ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылған болса немесе сот үкімімен жазасын өтеп жатса; егер адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздік мүддесіне қайшы келсе де рұқсат етілмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1)Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен қарастырылған жағдайларды есептемегенде, адам басқа мемлекеттің қауіпсіздік қызметіне, полицияға, әділет немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке орналасуына байланысты; 2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрнеу өтірік мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынған болса; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен қарастырылған негіздер бойынша тоқтатылады [3.99б.]
1.2Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі
Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы (1995ж.) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір – қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және таңдауға құқылы; кез келген адам өзінің, отбасының және басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық – құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап, 2-тармақ ). Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар көзі болып табылады және Конституцияның «Адам және азамат» деген II тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқымен бірге азаматтың да құқы мен міндеті туралы айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (12-бап,3- тармақ). Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттерімен бірге «адам құқы» ұғымы бір – біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген – адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген.
Алайда «азаматтың құқығы» азаматтың құқынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда «барлығы», «адам», «әркім», ешкім де емес» деген терминдер қолданылады. Егер де құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тек Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты болса, онда ол тура көрсетіледі. 13-бапта: «Әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы » делінген. 14-бапта: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең » екендігі айтылады. 17-бапта былай жазылған: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық – зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір – қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, онда бұған айрықша мән беріледі. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды (10-баптың 2-тармағы). Конституцияда республика азаматының әскери қызметті өтеудегі міндеті айрықша атап көрсетілді (36-бап) және т.б. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар – адамдардың арнаулы мәртебені иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-бабында айтылғандай, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады. [4.107б.]
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқының негіздеріне оларды нығайтатын және олардың құқықтық мәртебесінің жүзеге асырылуына ықпал ететіндей негіз боларлық принциптерді жинақтайды. Мұндай принциптердің қатарына мыналар жатады:
1.Адам құқы мен бостандығының айнымастығы. Табиғи танылған құқық мемлекеттің сыйы емес. Ол оны тек таниды, атайды және олардың жүзеге асырылуына, сақталуына кепілдік жасайды. Не мемлекеттің, не оның органдарының, не лауазымды адамдарының, заңмен көзделгеннен өзге жағдайда, одан айыруына, шектеуіне құқы жоқ.
2.Конституция құқықтар мен бостандықтарды теріс пайдалануға тыйым салады. Адамның және азаматтың бірінің құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы екіншісінің құқықтарымен бостандықтарын бұзбауы, конституциялық құрылысқа және қоғамдық ізгілікке нұқсан келтірмеуі тиіс екендігі Конституцияда анық жазылған. Әр адам мен азаматтың құқы мен бостандығының теңдігі бұған олардың бәрінің де иелігін білдіреді. Әрине, адам құқы мен бостандығын екінші біреу (біреулер) бұзған жағдайда заңды қорғау, басқа адамдардың құқын, бостандығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу жөніндегі міндеттеме бұзылғандықтан, заң кепілдігі күшіне енеді.
3. Конституциялық құқық пен бостандықтың заңсыз шектелуіне тыйым салынады. Сонымен бірге Конституция шектеудің шегі мен негізін де көрсетеді. Біріншіден, адам мен азаматтың құқы мен бостандығын тек заң ғана шектеуі мүмкін. Бұл заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілер арқылы (Президенттің нормативтік жарлықтарымен,Үкіметтің қаулысымен, министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, жергілікті өкілетті және атқару органдарының нормативтік актілерімен) адам мен азаматтың құқы мен бостандығын шектеуге болмайтындығын білдіреді. Екіншіден, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты сақтау, қоғамдық тәртіпті, адам құқы мен бостандығын, халықтардың денсаулығы мен ізеттілігін қорғау үшін қажеттілік деңгейінде шектелуі мүмкін. Бұл арада әңгіме, шын мәнінде адам мен азаматтың құқы мен бостандығын шектеуден гөрі, мемлекет пен адамның мүддесін жекелеген адамдар тарапынан болуы мүмкін қол сұғушылықтан қорғау туралы болып отыр. Үшіншіден, азамат саяси құқықтар мен бостандықтарды шексіз пайдалана алады. Конституция саяси себептер бойынша адамдардың құқы мен бостандығын қандай да бір жол бермейтіндігін анық көрсеткен. Конституция қағидасының тағы бір құндылығы осында. Демек, саяси тұрғыдағы себеппен азаматтың құқы мен бостандығын шектеуге болмайды. Бұл арада, адам мен азаматтың саяси, әлеуметтік, экономикалық жеке құқықтары мен бостандықтары туралы болып отыр. Конституцияда қайсысы екендігі нақты көрсетілді. Ол азаматтың тең бостандығынан азаматтықтың қандай негізде алынғанына қарамастан, азаматтығын айыруға болмайтын азаматтыққа қатысты (10-бап). Мемлекет өз шегінде өз азаматтарын қорғауға және қорғаушылыққа кепілдік береді және оны мұндай қорғаушылықтан ешкім айыра алмайды. Мұндай шектеусіз құқыққа құқықтық, субьектілік, сот арқылы қорғалу құқығы, заң және сот алдында теңдік, өмір сүру құқығы (13,14,15-баптар), адамның жеке басының бостандығы (16-баптың 1-тармағы), адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық (17-бап), ана тілін пайдалану құқығы (19-бап), ар-ождан бостандығы құқығы (22-бап), меншікке кепілдік құқығы (26-бап, 2-тармақ) жатады. [5.65б.]

- Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары
- Адамның психикалық іс-әрекеті
- Адамның тіршілік ету ортасының жағдайына байланысты сәулелену
- Адам омирине карсы кылмыстар
- Адам өлтіру
- Адам өлтіру
- Адам өлтіру: жай және ауырлатылған түрлері
- Адам жане онын кукуктары
- Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары
- Адам және экономика, адамның экономикалық іс-әрекеті
- Адамзат және ғаламзат есімдері
- Адам құқығы және әлеуметтік саясат
- Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі
- Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар