Адамның тіршілік ету ортасының жағдайына байланысты сәулелену
Мазмұны
- Кіріспе.......................
.............................. .............................. ....................2
- Негізгі бөлім
- Радиация және олардың түрлері.......................
.......................3 - Иондық сәулелену деген не және қалай пайда болады?.......... .....4
- Иондық сәәулеленудің топтары.......................
.............................. ..5
2.4. Тіршіліктің пайда
болуының алғашқы кезеңінде
маңызы........................
2.5. Органикалық эволюцияға радиация мөлшерінің әсері.................6
2.6. Радиоактивтілік сағат оқымыстыларға тамаша көмек
көрсетті......................
2.7. Сәулеленудің генетикалық
әсері.........................
2.8. Радиосезімталдық..............
2.9. Инкорпорировланған
радиоактивтік заттардың
әсері.........................
3. Адамның тіршілік ету ортасының жағдайына байланысты
сәулелену.....................
3.1. Радиоактивтік
заттардың өсімдіктерге әсері.........................
3.2. Радиоактивтік сәулеленудің
залалды әсерлерінің пайдалы
болуы.........................
3.3. Радиоактивтік сәулелену – ғажайып көреген көз,санаушы.......15
3.4. Атом энергия бұлағы........................
3.5. Атом өндірісінде және радиоактивтік заттармен жұмыс
істегенде қауіпсіздік
4.Қорытынды...................
5.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Атом энергиясы – адам өмірінде маңызды орын алады. Энергия жеткілікті болғанда қоғамның дамуы қарыштап алға басады. Оған жиырмасыншы ғасыр дәлел. Бүгінгі күнгі негізгі энергия қоры болып саналатын – көмір, мұнай, газ бір кезде өзінің шегіне жетуі мүмкін. Соны болжай білген ғалымдар энергия көзін ашты. Бұл – атом энергиясы. Атом энергиясы адам өмірінде кең қолданылатын энергия түріне айналып келеді. Бұл энергия түрімен жұмыс істегенде, оның адам ағзасына тигізетін әсерін және соған байланысты физиологиялық өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау маңызды мәселе.
Биологияның барлық
Табиғи энергия және жасанды
энергия /атомнан алынған/
2.1.Радиация және олардың түрлері
Радиация латын тілінде радиус-сәуле деген сөз.
Радиацияға күннің сәулесі, ғарыштық сәуле, жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті изотоптар жатады.
Галактикалық ғарыш сәулелерінің, құрамында протон ағымдары /85%/, альфа-бөлшегі, яғни гелий /13-14%/, электрондар және гамма - кванттары бар. Сол сәуле бөлшектерінде энергия өте жоғары. Жердің радиациялық белдеуі сыртқы және ішкі зоналардан тұрады. Ішкі зонасында 40 Мэвтен астам энергиясы бар электрондардан тұрады. Бұл энергия атмосфера қабатынан өткеннен соң Жер бетінде байқалады.
Күннің ғарыштық сәулелерінің құрамында протондар және альфа- бөлшегі бар.
Ғарыштық сәулелері және жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәулеленуі табиғи радиациялық фон құрады. Табиғи радиациялық фон Жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктерге, жануарларға, адамға және өсімдіктерге әсерін тигізеді.Оны зерттейтін ғылым саласын гелиобиология дейді.
Жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы барлық химиялық заттарға байланысты болмайды. Әр түрлі элементтердің табиғи 50 радиоактивті изотобы бар. Көпшілік элементтердің тек біразы ғана радиоактивті. Кейбір химиялық элементтерде тұрақты изотоптар жоқ, олар түгелдей радиоактивті, мысалы, уран, торий, радий, полоний және т.б. Бүлардың атомдарының ядросы өздігінен ыдырап, гамма – кванттық және корпускулярлық сәулеленеді.
Изотоптар деп бірдей қасиеттерімен, бірақ атомдық салмақтары әр түрлі химиялық элементтерді айтады /грекше – изос – бірдей, тең; топос – орын/. Мысалы, уран 235 және уран 238 – изотоптар.
Изотоптар ядрода нейтрондар санының әр түрлі болуына байланысты өзара айырмашылығы бар атомдар. Оларда пратондардың саны бірдей. Мысалы, темір атомының ядросында 26 протон бар, ал нейтрондар саны 54 және 61. Изотоптарда 28/-54\26-ге\ден 35\61\26-ге дейін болуы мүмкін.
Атомның және атом ядросысының құрылысын анықтап, зерттеу ядролық құбылыстар заңын ашып, ядролық реакцияларды жүргізіп, жасанды радиоактивтік изотоптар алуға мүмкіндік берді.
Ядродағы құбылыстық айналымды зерттеу атом ядросының тау-сылмас энергия бұлағы екенін көрсетті. Бұл энергия ядролық реакция кезінде ядролық сәлелену бөлініп отырады.
Ең алғаш 1942 жылдың желтоқсан айының 2 күні өту құбылысын басқаруға мүмкіндігі бар тізбектелген реакция алынды. Бұл күні атақты физик Энрико Ферми жасап шығарған бірінші ядролық реактор өзінің жұ-мысын бастады. Осы күннен атом энергиясын бейбітшілік және соғыс мақсатында практикалық қолдану басталды.
Физика оқымыстылары және инженерлер атом энергиясын пайдала-нуды зерттеп ұсынғандығы мақсатты - қазба отын түрімен бәсекелесуге қабілетті қауіпсіз және сенімді энергия көзін жасау болды.
Ядролық реакторды қолдану арқылы кез келген химиялық элементтің және Жер қабатында жоқ элементтердің изотобын жасау мүмкін болды.
Жасанды радиоактивтік изотоп биологияда және медицинада жиі қол-данылады. Оны қолдану тәсілдерін изотоптық тәсіл \изотопный метод\ және таңбаланған атомдар тәсілі \метод меченых атомов\деп атайды.
Иондық сәуленленудің биологиялық маңызы өте жоғары.
2.2. Иондық сәулелену деген не және қалай пайда болады?
Жылдам ұшатын атом бөлшектері өзінің жолында тұрған молеку-лалардан және атомдардан өтерде олармен соқтығысады\яғни электрлік қатынасқа түседі\. Осының әсерінен ол өзінің энергиясын жұмсап, жыл-дамдығын баяулатады. Оның энергиясын сіңірген орталықта иондар және қозуға түскен. Молекулалар пайда болады. Сәулеленудің бәріне сай қасиет- иондану эффектісін –иондық сәулелену дейді.
Иондану эффектісі- Зарядталған бөлшектердің /бета және альфа-бөлшегі, протондар/ ұшып бара жатқанда олардың өтетін затының атом немесе молекула қабығындағы электронмен электрлік қатынасқа түсуі.
Осының нәтижесінде
атоммен немесе молекуламен қатынаста
болатын бұл электронның
Рентген және гамма сәулелерінен энергияның қоюлануы \сгусток\ түрінде бөлініп отыруын олардың кванттар \фотондар\ түрінде сәулеленуі деп атайды. Мысалы, күннің күлгін сәулесінің квант энергиясы электронвльтпен өлшегенде 3 эв–ке тең, диагностикалық мақсатта медицинада қолданылатын рентген сәулесінің квант энергиясы 30000 эв. Толқынның ұзындығы азайса оның квант энергиясы көбейеді. Ауасы сиретілген кеңістікте энергияға байланысты болмай – ақ рентген және гамма – сәулелерінің кванты жарықтың жылдамдығындай /299790 км/сек/ жылдамдықпен тарайды.
Рентген және гамма – сәулелерінің физикалық қасиеттерінің (денеден жылдам өткізгіштігі) бірден болуы, олардың биологияда және медицинада жиі қолданылуының себебі.
2.3.Иондық сәәулеленудің топтары
Иондық сәулеленудің барлық түрлерін екі топқа бөлуге болады: электромагниттік сәулелену және корпускулярлық сәулелену.
Электромагниттік сәулеленуге
Гамма – кванты ядролық
Рентген сәулелерінің және
Корпускулярлық сәулеленуге
Зарядталған ядролық бөлшектер
сәулеленген заттан өткенде
Сәулелену ядро бөлшектерін
Альфа – бөлшегі бета – бөлшегіне қарағанда 7300 есе ауыр. Альфа – бөлшегі атомдық номері үлкен кейбір элементтерден радиоактивті ыдырау кезінде бөлінеді. Мысалы, радий элементінің ыдырауында:
88 Ra226 - альфа бөлшегі +86 Rn222
Альфа бөлшегінің ұшып шығуына байланысты атомдық номері екіге, ал атомдық салмағы төртке кемиді.
Радиоактивтік элемент
2.4.Тіршіліктің пайда болуының алғашқы кезеңінде сәулеленудің маңызы
Тіршілік пайда болғаннан бұрын Жер үстіндегі атмосферада түрлі құбылыстар өтіп, жай қарапайым заттар күрделене бастаған, яғни жөнделу құбылыстары басым болған.
Жердің даму тарихының алғашқы
кезеңіндегі атмосфера
Органикалық молекулалардың
Органикалық молекулалардың абиогендік түзілуіне және өмірдің пайда болуында ядролық энергия маңызды роль атқарған. Зертханалық тәжірибелерде ерекше жағдай жасағанда (әр түрлі үлкен мөлшерде энергия, иондық сәулелену, электр зарядтары әсерінен) органикалық молекулалардың аса қарапайым заттардан пайда болатынын А.И. опарин және тағы басқа оқымыстылар көрсеткен. Мысалы, амин қышқылдары, нуклеотидтер, үш фосфорлы аденозин қышқылы /АТФ/ және тағы басқа тәжірибеде алынған.
2.5. Органикалық эволюцияға радиация мөлшерінің әсері
Радиация мөлшері тіршілікке екі бағытта әсер еткен:
- тіршіліктің пайда болуына әсері;
- тірі жануарлардың Жер бетінен жойылып кетуіне себеп болғаны. Тірі организмнің өлі табиғаттан дамуы радиация әсерінен болған деген ғылыми қорытындылар бар. Жер үстінде қазіргі кезде жоқ ерекше жағдай – жоғары энергия әсерінен табиғи құбылыстар өткен. Бұл құбылыстардың негізгісі – ұзаққа созылған химиялық эволюция нәтижесінде органикалық қосылыстар пайда болып, күрделі молекулалар түзілген. Содан кейін биологиялық эволюция басталған.
Табиғи радиация мөлшері аса
үлкен болған кезеңдері
2.6. Радиоактивтілік сағат оқымыстыларға тамаша көмек көрсетті
Радиоактивтілік – ерекше сағат бола алады. Радиоактивтік заттардың және олардың айналымынан пайда болған құрамдарды алу арқылы дүниедегі заттардың қай уақытта пайда болғанын (яғни жасын) табуға болады. Бұл үшін радиоактивтік заттардың жартылай ыдырау уақытын білу қажет. Олар қысқа уақыт өмір сүретін радиоактивтік элементтер. Солармен қатар ыдырауына ұзақ уақыт қажет ететін радиоактивтік заттардың (бұларды ұзақ уақыт өмір сүретін дейді) мерзімін білу қажет. Мысалы, белгілі бір өсімдіктің радиоактивтігін өлшегенде онда одан пайда болған жер астындағы көмірдің қай дәуірге жататынын (яғни жасын) табуға болады. Осы сияқты қысқа өмір сүретін радиоактивтік элементтер арқылы Сибирде мәңгілік тоң аймағында табылған мамонт сүйегінің қалыңдығы оның 12 млн. жыл бұрын өмір сүргенін айқын көрсете алады. Ұзақ өмір сүретін радиоактивтік заттардың ыдырау мерзімі бойынша тау жыныстарының жасын анықтауға болады. Ең ескі тау жынысының жасы 5 миллиард жылдан аспайды екен. Осы арқылы Жердің жасын анықтауға болады (ол 5 миллиард жыл). Бұл бағытта белгілі тәсілдерді қолдану көп нәтиже береді. Мысалы мынандай тәсіл қолданылады. Өсімдіктер пайдаланатын көмірқышқыл газының құрамында С12 және радиоактивті С14 бар. Өсімдік тіршілігін жойғаннан соң (ағаш кесіледі, шөп орылады, егін жиналады және тағы басқа) олардың құрамындағы С14 біртіндеп ыдырайды. 15700 жылда оның мөлшері 2 есе азаяды. 11400 жылда тағы екі есеге (бастапқыдан 4 есе) азаяды. Осылайша оның радиоактивтілігі де төмендей береді.
2.7. Сәулеленудің генетикалық әсері
Сәулелену ағзаның гентикалық жағдайына пайдалы және зиянды әсерін тигізеді.
Пайдалы әсері. Сәулеленуді биологиялық зерзаттарға қолданғандағы негізгі мақсат – жаңа қасиеті бар тірі организмдердің түрін шығарып, оларды сұрыптау және оның неғұрлым пайдалысын таңдау үшін маңызды жағдай етіп қолдану.
- Рентген және күлгін сәулелер
химиялық заттар әсері арқылы
антибиотиктер түзетін
- Тіршілік ету жағдайында антибиотиктер және В12 дәруменін түзетін микроорганизмдердің жоғары активті штампаларын шығару және тағы басқа.
- Сәулелену әсерінен пайда болған тұқым қуалау қасиетін жібек құрттарының өнімін, сапасын арттыру үшін сақтап, өндірісте кең пайдалану.
- Жануарлар және өсімдіктер
Адам өміріне қажет, маңызды ферменттер, органикалық қышқылдарды, саңырауқұлақтарды және микробтарды сәулелендіру нәтижесінде алады (генетика және радиобиология бірлесуінен радиациялық гентика ғылым саласы адамның практикалық іс - әрекетінде талай пайдалы табыстарға жеткізуде).
Зиянды әсері. Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы тұқым қуалау қасиетінің құрылымына әсер ету нәтижесінде ұрпақтарға таралатын табиғи мутацияға келтіреді.
- Табиғи сәулелену (ғарыштық сәулелер және жердің минералдарының сәулеленуі) ядролық сынақпен қатар келгенде тіршілікке үлкен қатерлі жағдай тудырады. Яғни, Жер үстіндегі тіршілікті жойып жібереді.
- Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар, сыртқы ортаның температурасы және ядролық сынақ әсерлерінен өмір сүру ортасына қарай ұрпақтарда 500-ден астам түрлі аурулар пайда болғаны анықталды. Солардың ішінде, мысалы – ергежейлік, “гамофилия, - түрлі – түстіні ажырата алмау соқырлығы”, заттардың алмасуынан болатын ауру түрлері, ұрпақтардың дене және ой еңбегіне, сонымен қатар тіршілік ету қабілеті әлсірейді, өмір сүру мерзімі қысқарды және тағы басқа.
- Иондық сәулелену немесе
Өсімдіктер эволюциясы және
Табиғатта радиосезімталдық
Суда тіршілік ететін жануарлар ағзасында радионуклидтердің мөлшері судың құрамындағы мөлшеріне қарағанда жүздеген және мыңдаған есе асып түседі.
Жануарлар иондық сәулеленуді
сезе ме және одан сақтана
ала ма? – деген сұраққа оқымыстылар
көп көңіл бөліп, зерттеулер
жүргізген. Зертханалық
Тышқандар қалыпты жағдайда қараңғы жерді ұнатады. Бірақ иондық сәулеленудің ағымына сезімтал болғандықтан, олар камераның қараңғы бөлімінен жарық бөлмесіне шығуға мәжбүр болады.
Балықтар аквариумның
Қытай хомягінің 200 р сәулелендіру әсерінен кейін жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ДНК молекуласының комплексінің бұзылғаны және дегидратацияға (су молекуласының бөлініп шығуы) түскені байқалған. ДНК құрылымының бұзылуынан басқа, ДНК молекуласынан цитоплазмаға информацияның берілуі (яғни құбылыстардың реттелуі) бұзылған, сонымен қатар жасуша ішіндегі құрылымдардың жасушаларының қызметі де бұзылған.
Сонымен, әр түрге жататын
Табиғи радиациялық фонның
Жер шарында табиғи
2.9. Инкорпорировланған радиоактивтік заттардың биологиялық әсері
Инкорпорироваланған радиоактивтік заттарға ағзаға ас қорыту, тыныс алу және тері арқылы түседі. Бұл мәселелерді комплекстік зерттеумен радиациялық гигиенистер, радиотоксикологтар және физиктер – дозиметристер арнайы шұғылданады.
Ағзаға қатерлісі – радионуклидтердің тыныс алу (ингаляция) жолы арқылы түсуі. Бұған себеп болатын альвеолдардың орасан зор тыныс алу аумағы, оның көлемі шамамен 100 м2 (терінің аумағынан 50 есе көп).
Ауаның радиоактивтілігі оның
құрамында радиоактивтік
Жоғарыда айтылғандай, аз және
ұзақ өмір сүретін
Тамақ және су құрамымен түскен радионуклидтер ас қорыту жүйесінің әр бөлігіндегі РН қасиетіне қарай сұйықтық орталықта еритін немесе ерімейтін құрамдар түзеді. Мысалы, плутоний ішектің сілтілі РН орталығына ерімейтін гидрооксидтерге айналады.
Ішекке түскен радионуклидтерді
Жануарлар және адам терісі арқылы сұйықтық және газ тәрізді қоспа құрамымен радионуклидтер өте жылдам және көп мөлшерде ағзаға өтеді. Тритий оксиді және газ түріндегі иод жарақаттанбаған теріден өтуі олардың тыныс жолынан өту жылдамдығына сай, ал тері кірлегенде плутонийдің судағы ерітіндісінен ағзаға өту мөлшерінің қарынға өту жылдамдығынан кем емес. Радон сеңгелін (ванна) 20 минут алғанда тері арқылы 4% Rn ағзаға өтеді.
Теріні құрғататын, маймен сылануын жоятын ерітінділер эпидермис үсті жарақаттанғанда, жара пайда болғанда радионуклидтер жылдам және көптеп ағзаға өтеді. Сыртқы ортаның температурасы және ылғалдылығы радионуклидтердің тері арқылы өтуіне әсерін тигізеді. Тері сыртқы ортадан ағзаны қоршап қана қоймайды, ол үлкен және маңызды мүше. Тері – бірнеше сезім жасушаларының(температура, сипап – сезу, ауырсынуды сезу және т.б. сезетін), май және тер бөлетін бездер орталығы. Тері ішкі мүшелермен тікелей байланыс жасап, ағзаның физиолгиялық жағдайына әсер етіп отыратын мүше. Тері арқылы радиоактивтік заттардың өтіп, ішкі мүшелерге әсерін тигізетіні қарын - ішек және өкпе арқылы өткендегі әсерлерден кем болмайды. Бұл әсерлер заттардың және таралу аумағына тікелей байланысты. Ағзаға түскен радионуклидтер өздерінің қасиеттеріне және химиялық түріне қарай өзгеріске түседі. Радионуклидтер ағзада негізінен үш түрлі түрде таралады: қаңқалық түр, ретикулоэндотелиальді түр және диффузиялық (сіңіру) түр. Қаңқалық түрде нуклидтер (Ca, Sr, Ba, Ra) сүйектің минералды бөлігінде, ал плутоний және торий сүйек ұлпасында жиналады. Ретикулоэндотелиальді таралу түрінде – Ce, Pr, Pm, Zn, Th, Am және уран элементтері бар.диффузиялық түрде- K, Na, Cs, Rb, H, C, Po элементтері таралады.

- Адам омирине карсы кылмыстар
- Адам өлтіру
- Адам өлтіру
- Адам өлтіру: жай және ауырлатылған түрлері
- Адам ресурстарын баскару
- Адам ресурстарын басқару стратегиясы
- Адам ресурстарын стратегиялық басқару жүйесін құру
- Адамзат және ғаламзат есімдері
- Адам құқығы және әлеуметтік саясат
- Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі
- Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар
- Адам мен азамат жағдайының
- Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары
- Адамның психикалық іс-әрекеті