Адам өлтіру: жай және ауырлатылған түрлері

 

 

Адам өлтіру: жай және ауырлатылған түрлері

Қазақстан Республикасында қазір қолданып жүрген қылмыстық кодексі бойынша өмірге қарсы қылмыстар мыналар жатады:

Адам өлтіру қылмыстық кодексі 96 бабында; жаңа тұған сәбиді анасының өлтіруі бұл қылмыстың кодексінің 97 бабында; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру қылмыстық кодексінің 98 бабында; қажетті қорғаныс шегінің шығу кезінде жасалған кісі өлтіру қылмыстық кодексі 99 бабында; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды шығу кезінде жасалған кісі өлтіру қылмыстық кодексі 100 бабында; абайсызда кісі өлтіру 101 бабында; өзін өзі өлтіру дейін жеткізу қылмыстық кодексі 102 бабында байланысты.

Сонымен өмірге қарсы бағытталған осы қылмыстар соңғы екеуінен басқасы адам өлтіру мен байланысты осы адам өлтіру жеке адамға қарсы қылмыстың ең ауыры қылмыстық кодесінің 96 бабының 1-бөлігі, адам өлтіру дегеніміз: басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіруде анықтама береді.Адам өлтіру обьектісі – адамның өмірі , ол адамның азамматтығына , ұлттына және нәсіліне, шыққан тегіне жасына, әулементік жағдайына, немен айналысатына байланысты денсаулық ахуалына, біліміне байланысты емес. Қылмыстық заң жәбірлеушінің еркіне қарсы адамға қаза келтіруде, оның келісімімен қаза келтіруді де бірдей дәрежеде адам өлтіруге жатқызады .

Жәбіренүшінің кім екндігін білмей қалу қасақана адам өлтіргендік үшін жауаптылыққа әсер етпейді. Жаңағы өмірге қастандық жасау объектісінің бар жоғы туралы мәселені шешу үшін оның бастапқы және ақырғы кезендерін анықтау қажет.

Медицина ана құрсағында адам пайда болған кезден бастап өмір басталды деп есептейді. Бірақ қылмыстық заң ғылымында көптеген ғалымдар өмір адам туылғаннан кейін басталады деген пікір айтқан.   Физиологиялық тууға дейін баланы өлтіріп түсіру,егер оған медициналық негізі болмаса, криминалды абортқа жатады. Қылмыстық заңда адамның өлген кезі деп биологиялық өлімді , яғни ми қабы клеткаларының бір жолы ыдырауы нәтижесінде ми қызметінің толық тоқтаған кезін айтады.

Биологиялық өлімнен басқа клиникалық өлім деген түсінік бар, бұл жағдайда адамның жүрегі тоқтап қалады. Мұндай жағдайда өмірді қайта қалпына келтіру мүмкіндігі бар. Жүрек тоқтағанан кейін бас миының қабы 4 — 7 минут өткен соң өледі, бұл жағдайда тірілту мүмкін емес.Адамға клиникалық өлім келтірілсе, бірақ ол адамның жүрегі кейін соғып қалпына келсе, мұндай іс әрекет өлтіруге оқталғандық болып сараланады.

Сонымен қатар, клиникалық өлім жағдайындағы адамға қастандық жасауды өлтіру деп санауға болады.

Өлтіру, ол басқа адамның өмірін жою. Өзін — өзі өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге оқталу қылмыс болып табылмайды. Жаңағы өлген адамды тірі екен деп қателесіп жаңағы өлі адамға қастандық жасау өлтіруге оқталғандық болып саналады, объектіден қателесу жәбірленуші өлген кезден бастап адам өлтіру аяқталған қылмыс деп танылады, ал өлімнің бірден болғандығы немесе бірқатар уақыт өткен соң болғандығы маңызды емес.

Қылмыстың объективтік жағы: .Адам өлтіру әректпенде, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Адам өмірімен күш қолданып жарақаттау, тұншықтыру уландыру, тағы басқа, психикалық ықпал жасапта қорқытып үрейлендіріп, жалған жала жабу, осыдан айыруға болады. Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру дегеніміз — өлімге араша тұратын адамның өз міндетін орындамау нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы өлтіру тәсілдері әртүрлі кейбір жағдайларда тәсіл адам өлтірудің сараланған түрін құрайды

Қылмыстық кодекстің 96 — бабы 2 — бөлігінің Д және Е тармақтары ол көбіне жаза тағайындалғанда ескеріледі.Қылмыс нәтижесінің кездейсоқ емес,айыпты әрекетінің зардабы болуы міндетті шарт. Адам өлтіру заңсыз жолмен басқа адамға өлім келтіру адам заңды жолмен өлтірілсе, ондай әрекет адам өлтіру ретінде қарастырылады. Ондай әрекеттерге өлім жазасына келтірілген адам өлтіру жатады.Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақана жасалуымен сипатталады. Республиканың жаңа қылмыстық кодексі бойынша абайсызда адам өліміне алып келген іс — әрекет адам өлтіруге жатпайды, адам өміріне қарсы жасалған басқа қылмыстарға жатады.

Адам өлтірудің субъектісі: Қылмыстық кодекестің 96-бабы-жасы 14 — толған есі дұрыс адам жатады. Адам өміріне қарсы бағытталған басқа қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Сот практикасы адам өлтірудің бұл түріне төбелестің және жаңжалдың, өш алу, қызғану сезімдерінің нәтижесінде, сондай — ақ жәбірленушінің өтініші бойынша оған жаны ашып жасаған іс — әрекетті жатқызады.Адам өлтірудің 50% — тен астамы Қылмыстық кодекстің 96 — бабының 1 — бөлімі бойынша сараланады, сондықтан оның неғұрлым жиі кездесетін түрлеріне тоқталып кетейік.

Өзара жанжал нәтижесінде адам өлтіру. Бұл жағдайда өлтіруді мақсат тұтқан ниет алдын ала болмайды. Жанжал себебі әртүрлі болады, қызғаныш, реніш тағы басқа сияқты. Бірақ жанжал кезінде адам өлтіру барлық уақытта бірдей 96 — бабтың 1 — бөлігінде көзделген қылмыстың құрамын жоқ деп белгілейді.

Адам өлімі абайсызда, қажетті қорғаныс шегінен асқандықтан да болуы мүмкін. Екі немесе одан да көп адам өлтіру сияқты сараланатын мән-жайларда да орын алуы мүмкін төбелес немесе жанжал кезінде адам өлтіру, егер онда қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігінде көрсетілген ауырлатушы мән-жайлар болмаса, төбелеске немесе жанжалға кім ұйытқы болғандығына қарамастан, қылмыс жай адам өлтіру деп сараланады.

Қызғаныштан адам өлтіру біреудің махаббатына немесе берілгендігіне басқа біреудің күдік келлтіруі. Қызғаныштан адам өлтіруідің қоғамға қауіптілігі өзінің мазмұны жағынан,жай адам өлтірудің құрамын береді. Қызғаныштан адам өлтіру кейбір жағдайларда , мысалы жәбірленуші көзге шөп салғанының үстінен түсу жан күйзеліс кезінде жасалады. Қылмыстық кодекстің 96 — бабының 2 — бөлігі көзделген адам өлтіру қоғамға қауіптірек қылмыстар қатарына жатқызылған осы үшін қатанырақ жаза қарастырылған .

Қылмыс субъектісі бойынша ұйымдасқан топ жүзеге асырған адам өлімі Ж тармағында: Қылмыстық кодекстің 97 — 100 бабтарында көзделген іс-әрекеттерден басқадай бұрын адам өлтірген адамның осы қылмысты жасауы. Егер адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 96 — бабының 2 — бөлігінің екі немесе одан көп тармақтарында көзделген ауырлататын мән — жайларда жасалса, әр тармақ үшін жеке жаза тағайындалмайтындығына қарамастан қылмыс барлық тармақ бойынша саралану тиіс.

Айыптының ниеті бірнеше адамды өлтіруге бағытталып, бірақ ол бір адамды өлтіріп екінші адамға қастандық жасаса бұл аяқталған қылмыс ретінде — екі немесе одан да көп адамды өлтіргендік деп қарастырмайды, себебі қылмыс субъектісіне еркіне байланысты емес мән — жайлар бойынша оның бірнеше адамды өлтіру ойы жүзеге аспай қалғандығы.

Ал қылмыскердің бір адамды өлтіру және қандай кезекпен орындалғандығы қылмысты саралауға әсер етпейді , егер екі немесе одан да көп адамды өлтіру әр уақытта болып бұл әрекеттер айыпкердің бір жолғы ойымен жүзеге асырылмаса, онда бұл қылмыстар Қылмыстық кодекстің 96 — бабы  екінші адамға қастандық жасау әрекеттеріні 2 — бөлігінің Н тармағы бойынша бірнеше рет адам өлтіру ретінде сараланады.

Егер екі немесе одан да көп адамды өлтіру көптеген адамдарды өміріне қауіпті тәсілімен жасалса, бұл іс-әрекетті Қылмыстық кодекстің 96 — бабы 2 — бөлігінің А және Е тармақтары бойынша саралану керек. Айыптының әрекетін осы көрсетілген тармақ бойынша саралау үшін, адам өлтіру сол жәбірленушінің қызметтік міндеті немесе қоғамдық не кәсіби борышты атқарумен байланысты жүзеге асыру тиіс.

Қызметтік борышының жүзеге асыру дегеніміз: адамның мемлекеттік немесе басқа кәсіпорында, мекемеде жұмыс істемейтіндігіне қарамастан өз міндетіне жататын әрекеттер жасауы.

Қоғамдық борышты атқару дегеніміз: кез — келген азаматтың өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті орындау.

Сонымен, адамды ұрлауды негізге алатын болсақ адамды кепілге алу оқиғаларының, дәрменсіз жағдайдағы адамға қастандық жасау фактісіне қоғамдық басқа көзбен қарауы адам өлтірудің саралаушы нышандары ретінде сануға негіз болады.

Адамның дәрменсіз жағдайы дегеніміз: адамның физиологиялық немесе басқа да себептермен, әлі жас қартайған ауру, кеміс: соқыр және тағы басқа, қылмыскерге жөнді қарсылық көрсете алмауы. Адам өлтірудің бұл түріне ұйықтап жатқан немесе қатты мас адамды, сондай-ақ басқа бір себептермен есінен танған адамдарды өлтіру де жатады.Бұл жағдайда жәбірленушінің  дәрменсіз екендігі айыптығы болуға тиіс.

Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайы айыпкердің әрекетінің салдарынан да, орынсыз да болуы мүмкін. Ұрланған немесе кепілге алынған адамды өлтірудің осы қарастырылған нышанмен ұқсастығы бар, сондықтан олар қылмыстық кодекстің 96-бабтың екінші бөлігінің бірші тармағына біріктірілген, мұндай адамды өлтіру қылмыстық кодекстің 96-бабтың 2-бөлігінің В тармағы бойынша және 125-бап немесе 234-бап бойынша сараланады.ҚК 96-баптың 2-бөлігінін осы карастырылып отырған тармағы қолданылғанда, жәбірленушінің ұрланган кезде немесе бірнеше уақыт өткеннен кейін қаза болғандығы ескерілмейді. ҚК 96- баптың екінші В тармағы ұрланған немесе кепілге алынған адамның өлтіргендігін ғана емес, сонымен қатар адамды ұрлауға немесе кепілге алуға байланысты басқа адамдардың өлтіргендігі қамтиды, мысал кепілді босатуға тырысқан немесе ұрлауға кедергі келтірген адамды өлтіру. Жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру ҚК 96-баптың  2-бөлімінін Г тармағы.

Бұл қылмыс үшін жауаптылықтың қатаң болу себептері мұндай жағдайда тек әйелді ғана өлтіріп коймайды, бойына жан біткен, бірақ әлі өмірге келмеген ұрпақты да өлтіреді.

Бұл тармақты қолданудың бірден-бір шарты әйелдің жүкті екендігін айыпты білуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы азаматтардың өмірімен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдану туралы, қаулыда былай белгіленген: өлтірген кезде әйелдің жүкті екенін айыптының білуі жеткілікті, бұл жағдайда іштегі баланың қанша айылық екендігі, оның қалай өсіп келе жатқандығы, әйелдің тиісті дәрігерлік мекемеде өзінің жүктілігін тіркеткен, тіркетпегендігі атқармайды.

Айыпты адам әйелдің жүктілігін сырт пошымына, әйелдің өз сөзінен немесе медициналық құжаттармен танысу арқылы біле алады.Ол қалай болғанда да жүктілік анық белгілі болуға тиіс .Әйелдің жүкті екендігін білмеген адам бұл тармақ бойынша жауапқа тартылмайды және де, қылмысты осы тармақпен саралау үшін іштегі баланың әйелге қастандық жасау нәтижесінде одан бұрын өлгендігінің заңдық маңызы жоқ.

Жүкті әйелді өлтіргенде айыптыда жәбірленушінің қатысты тікелей ретте, жанама ниетте болуы мүмкін. Өлтіру себептері әртүрлі болғанымен, олардың қылмысты саралауға ықпалы болмайды. Мысалы айта кететін болсақ жүкті әйелді қызғаныштан өлтірген адам Қылмыстық кодекстің 96-баптың Г тармағы бойынша жауапқа тартылады.

Осы 96-баптың 2-бөлігінің Д тармағы бойынша аса қатыгездікпен адам өлтіру-ді қарастыратын болсақ, жәбірленушіні аса қатыгездікпен адам өлтіру дегеніміз-айыптының айуандық әрекеттерге, адамгершілік шегінен шығуы.

Аса қатыгездікті мынадай мән-жайлар сипаттайды:

Өлтіру тәсілі, жәбірленушінің денесіне көптеген жарақат салу, көму, ас-су бермеу, уландырып, қинау, қышқылмен күйдіру тағы басқа сол сияқты.

Өлтірер алдында немесе өлтіргенде садистік қылық көрсету: қинау,зорлау,жанын күйзелту.

Жәбірленушінің жақындарының көзінше өлтіру, оларды күйзелту.

Аса қатыгездікті нысандары болу үшін айыпкер өлтірер алдында немесе өлтіріп жатқан кезде жәбірленушіні қинайды, жанын күйзелтеді, не алдын ала әдейі қинап өлтіреді. Қинап өлтіру бұл аса қатыгездіктің белгісі ,ол әрекетті Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінің Д тармағымен саралауға негіз болады.

Сонымен қатар, бұл қаулыда жәбірленушіні оның жақындарының көз алдында өлтіру де аса қатыкездіке жатқызылған . Себебі, айыпкер өз әрекетімен жәбірленушінің жақыңдарына күйзеліс тудырады, олардын жанын ауыртады.

Осындай жағдайда айыпкердің субьективтік қатынасы жәбірленушіні өлтіруге ғана емес, оның өлтірілуіне айғақ болған жақындарын да күйзелтуге бағытталған тікелей ниетпен айқындалады. Жақын адамдарға тек туыстық қатынастағы адамдар  ғана емес, басқадай қарым-қатынастар арқылы жақындасқан адамдар да жатады, некеге отырмаған ерлі зайыптылар, әлі үйленбеген қалындықпен күйеу бала, асырап алғандар, қамқорына алғандар тағы басқалары сияқты. Аса қатыгездікпен өлтіргенде, айыпкер өзінің іс-әрекетінде асақатыгездік сипат бар екендігін түсінуге, соны қалауға немесе оған саналы түрде жол беруге тиіс. Жоғарыда айтылғандай, аса қатыгездік тек обьективтік әрекеттермен ғана емес сонымен қатар айыпкердің психикалық қатынасымен де сипаталады.

Аса қатыгездік жасаудың себептері әр түрлі болады: кек, қызғаныш ,бас пайда, тағы басқа ,олар қылмысты  Қылмыстық кодекстін 96-бабының 2-бөлігінің Ә тармағы бойынша саралауға әсер етпейді .Адам өлтірудің бұл түрінде айыпкердің нақты бір адмды өлтіруге тікелей ниет болғандығы. Басқа адмдарды өлтіру немесе олардың денсаулығына зақым келтіру жанама ниет болып саналады. Егер көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен бір адамды өлтіру көптеген адамның өліміне алып келсе, айыпкердің әрекетін Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігінің А, Е тармағы және Қылмыстық кодекстің деңсаулыққа зақым келтіргендік үшін жауаптылық көзделген тиісті бабы бойынша сараланады.

Адамды өлтіруді адамдар тобы немесе ұйымдасқан тобтын жүзеге асыруы. ҚК 31-бабына сәйкес, бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен топ адамдардың тұрақты тобы ұйымдасқан топ деп саналады.Адам өлтірудің бұл түрі қоғам үшін өте қауіпті.

Сонғы жылдары Қазақстанның құқық қорғау органдары өте жақсы қаруланған. Бес аспап қылмыстық құрамалармен күресуде , олардың кейбіреулерінің билікті орындарда отырған өз адамдары бар . Ондай бандаға Алматыны неше жыл жайлаған, бірнеше ауыр қылмыстар жасап, үш адам өлтірген Можаев тобын жатқызуға болады.

Пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен , қорқытып алушылықпен не бандитизіммен ұштасқан адам өлтіру Қылмыстық Кодекстің  96- бабының 2-бөлімінің З тармағы. Материалдық пайданы заңсыз жолмен алу мақсатында адам өлтіру-пайда табу мақсатында адам өлтіру деп саналады,оған бәсекелесті жою, мүліктік құқықтарды иемдену, материалдық шығындардан құтылу, сондай-ақ жалданып, яғни тапсырыспен адам өлтіргені үшін ақы алу.

Көздеген пайданы адамды өлтіргеннен кейін алу міндетті емес , ең бастысы қастандық жасаған кезде бас пайданы көздегендік анықталуы тиіс.

Адам өлтірудің мұндай түріне жәбірленушіні, оның жоғары лауазымды қызметін алу үшін өлтіруде жатады.

Бұл құрамның міндетті  элементі –пайда табудың себеп болуы. Е. М Өсербековтың анықтамасы бойынша,пайда табу – кез келген жолмен материалдық пайда табуға ұмтылу. Пайда табу мақсатында адам өлтірудің тәсілдері әрқилы :белсенді әрекет жасап тікелей шабуыл жасаудан уландыруға дейін немесе ешқандай әрекет жасамай өл-тіруге дейін болады.

Егер қасақана өлтірудің себебі пайда табу болмаса , онда жәбірленуші өлгеннен кейін оның мүлкін иемденуге бағытталған айыпкердің әрекетін Қылмыстық кодекстің бөтеннің меншігіне қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген бабы бойынша, ал адам өлтіруді саралаушы нышандарына қарай Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөлігі бойынша немесе 2-бөлігінің тиісті тармақтары бойынша саралау керек.

Мысалы айтқанда борышты төлемегені үшін жәбірленушіні өлтіргенде айыпты адам бұл қылмысты пайда табу үшін жасады деп  қарастыруға болмайды, себебі мұндай жолмен борыштың қайтпайтының  немесе материалдық пайда түспейтінін айыпкер біледі .

Мұнда адам өлтірудің негізінде пайда табу емес, өш алу жатыр, сондықтан оны ҚК 96-бабының 2-бөлігінің З тармағымен саралау дұрыс емес.

Мұндай жағдайда саралау ҚК 96-бабының 1-бөлігі бойынша және ҚК 327-бабы бойынша жасалынады. Жалданып адам өлтіруге тән ерекшелік және оның міндетті нышаны сол, бұл қылмысқа қатысушылар өзара рөл бөліседі . Тапсырушы қылмысты ұйымдастырушы немесе қылмысқа айдап салушы болады. Бұл жағдайда қылмыс жасауға тек эканомикалық қана емес , саяси да себептер ұйытқы болады . Басты мақсат бәсекелестің көзін жою . Қылмыстық мақсатты ақыға орындайтын адам орындаушы болып саналады.

Сонымен тапсырыспен адам өлтірудің ұйымдатырушысы немесе оған айдап салушы , өзінде пайда табу ниет болмаса да, пайда табу мақсатында  адам өлтіруге қатысушылар болып саналады. Мысалы, олардың әрекетіне қызғаныш , кек тағы басқа себеп болуы мумкін. Қылмысты орындаушының әрекетінде пайда табу ниетінің болғандығы міндетті түрде анықталуға тиіс.

Егер тапсырыс бойынша адам өлтіргенде орындаушы бас пайданы көздемесе, онда басқа бір себептер болса ,аяушылық, жаны ашығандық , бұл жағдайда тапсырыс беруші мен орындаушының  іс әрекетін ҚК 96-бабы 3-бөлігінің З тармағы бойынша саралауға болмайды.

Мысалы айта келсек әйел өзінің көнілдесіне күйеуіне өлтіртеді, себебі күйеуі оны ылғи ұрып соғады.

Қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен немесе бандитизммен  ұштасқан адам өлтірушілік : қосымша дәрежелеуді қажет етпейді. Меншікті қорғау кезінде адам  меншікті ұрлау, тонау немесе қорқытып алу кезінде ,қылмыс үстінде ұсталса не меншікке қарсы қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше уақыт өткен соң адам өлтірушілік болса , ол өш алу мақсатында адам өлтірушілік болса , ол өш алу мақсатында адам өлтіргендік болып қарастырылады.

Бұзақылық ниетпен жасалған қылмысты мақсатты анықтау қиын. Көбіне мұндай қылмыстар ешқандай себепсіз жасалынады. Бұзақылыққа барған адамдардың басым көпшілігі    90%-ке дейін  сол кезде мас күйде болған. Бірақ мас күйде болу бұзақылық ниетпен адам өлтіруге дәлел бола алмайды.

Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу сияқты бұзақылықтың негізгі нышаны болмаса да, басқаның өмірін заңды бұза отырып қию, бұзақылық ниетпен адам өлтіру болып сараланбайды. Жәбірленуші бастаған жаңжалдың, төбелестің нәтижесінде ол өзі өлсе, бұл жағдайда  да қылмыс бұзақылық ниетпен адам өлтіргендікке жатпайды.

Сот тергеу практикасында кездесетін ерекше қиыншылық — бұзақылық ниетпен адам  өлтіруді жауаптылық ҚК 96-бабының 1 бөлігінде қарастырылған төбелес кезіндегі адам өлтіруден ажырату. Мұндай жағдайларда қылмыстық істегі мән жайларды мұқият тексеру керек: төбелесті кім шығарған, онда адам өлтіру мақсаты болдыма, сондай-ақ айыпкер әрекетінің субьективтік жағын мұқият талдау қажет. Қоғамдық орында, басқа адамдардың көзінше қызғаныш ,өш алу себептермен немесе басқадай өзара жеке қатынастан туындайтын себептермен өлтіру , бұзақылық ниетпен адам өлтіру ретінде қарастырылуы тиіс емес.

Атылатын қаруды, газ қаруын, пышақ ,кастет немесе басқадай суық қару не басқалардың өміріне , деңсаулығына нақты қауіп төндіретін өзге заттарды қолдану, егер айыпкердің адам өлтіруге ниет болмаса ҚК 257-бабының 3-бөлігі бойынша саралануға жатады. Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру .ҚК 96-бабының 2-бөлігі К тармағында адам өлтірудің өзінше бөлек екі түрі үшін жауаптылық көзделген:

1. басқа қылмысты  жасыру немесе оны жасауды  жеңілдету мақсатында адам өлтіру;

2. зорлауға немесе  жыныстық қатынас сипатындағы  күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан  адам өлтіру.

Қылмыстың бірінші түрі бойынша жауапкершілік бұрын жасалған қылмысты жасыру немесе айыпкер өзінің алдында жасалатын қылмысын женілдету мақсатында адам өлтіруді айыпкер сол бастапқы ойластырған қылмысын жасағанға дейін немесе қылмысты жасау барысында жүзеге асырады.

Егер кінәлі қылмыс жасауды жеңілдету немесе жасалған қылмысты жасыру мақсатында өзінің қоғамдық немесе қызметтік борышын өтеп жүрген адамды қасақана өлтірсе , онда оның іс-әрекеті ҚК 96-бабының 2 бөлігі Б және К тармақтары бойынша сараланады.

Әйел зорлаумен ұштасқан қасақана адам өлтіру дегеніміз-кінәлінің әйелді зорлау кзінде немесе соған ниет қылған кезде жәбірленушінің қарсылығын жаншып немесе садистік сезіммен оны өлтіру.

Мұндай әрекеттер Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігі К тармағы және 120-баптың немесе 121-баптың тиісті бөлігі бойынша саралануға тиіс,себебі бұл жағдайда кінәлі екі объектіге қастандық жасайды-жәбірленушінің өміріне және оның жыныстық бостандығына-ол екеуі өзінше екі бөлек әрекет қылмыстың бұл түрінің құрбандары жәбірленушінің өзі де, оған көмектесуге әрекет жасаған басқа адамдар да болуы мүмкін.Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігнің К тармағы бойынша саралау үшін адам өлтірудің зорлау кезінде немесе сол үшін күш қолданып әрекет жасау кезінде немесе сондай әрекеттерден кейін іле-шала болғандығын анықтау қажет. Зорлағаннан кейін немесе жыныстық қатынас жасау мақсатында күш қолданғаннан кейін сол қылмыстың ізін жасыру үшін жәбірленушінің белгілі бір уақыт өткен соң өлтірген адамның іс-әрекетін,сол қылмыстың жасалу мән-жайына Қылмыстық кодекстің 96-121 бабтар бойынша саралау керек.

Өлтірген және зорланған бір адам немесе әртүрлі адам болуы мүмкін.Мысалы айтсақ әйелді топтасып зорлағанда,солардың біреуі оны өлтіреді.Жаңағы адам Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі бойынша,ал басқалары Қылмыстық кодекстің 20-бабы бойынша жауапталады.

Жыныстық қатынаспен байланысты адам өлтіруге баратын маньяктар қоғам үшін өте қауіпті.Олар біріне-бірі ұқсас коптеген қылмысқа барады.

Бұл жерде адам өлтіргіш маньяк Қалиевті айта кетуге болады.1979 жылдың қаңтар айынан 1980 жылдың желтоқсан айы аралығында жыныстық қатынасқа байланысты 8-ші әйелді айуандықпен өлтірген,ал 9-сын өзімен бірге қызметтес басқа қасақана жасалған қылмыстың ізін жасыру үшін абайсызда өлтіргендік кейіп танытқан. Таныстары да, көршілері де оның бойынан оғаш қылық көрсететіндей мінез байқамаған,әйелдерге ұнайтын болған. Ал,бірақ,оның шындығында кім екендігін тергеу барысындағы сөзінен байқауға болады: қорыныш ішінде Жұмабаевамен, оның өз келісімімен, әрқилы жыныс қатынасын жасадым.Оған онша көңілім толмады. Сондықтан оны ұра бастадым. Маған әйелдерді ұрған ұнайды, олардың түрі өзгереді, жанына батқан тыжырынады. Жыныстық қатынас жасап жатып мен Жұмабаеваны тұншықтырдым. Сол қораның ішінде оның өлі денесін мүше-мүше қылып бөліп, бөшкеге салып тұздадым. Сол етпен тамақтандым.

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама ниетпен сипатталады.Зорлаған кезде жәбірленушіні абайсызда өлтіру Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігінің А) тармағы бойынша сараланады.

Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігінің Л тармағы. Қазақстан азаматтарының конститутциялық құқықтарын сақтаудың кепілдіктерінің бір ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық себептері бойынша жасалған қылмыстық іс-әрекеттер үшін жауаптылықтың күшейгендігі.

Мұндай себептермен адам өлтіргенде кінәлі белгілі бір ұлтқа, нәсілге, қандай да бір дінге немесе конфессияға жатқандықтан жәбірленушінің толыққанды адам еместігін көрсеткісі келеді.Екінші жағынан өз ұлтының, нәсілінің немесе діни конфессисиясының ерекшелігін көрсетеді. Қылмыстық мақсатқа әр түрлі іс -әрекеттер жатады: ұлтаралық өшпенділікті өршітуден бастап дінді ұстамағандық үшін кек алуға дейін. Кінәлі жәбірленушіні оның басқа ұлтқа , нәсілге жатқандығы немесе өзге дінді ұстағаны үшін өлтіреді.Қымыстық кодекстің 96-баптың 2 -бөлігінің Л тармағыбойынша аита кететің болсақ.

Жәбірленушінің мүшелерін немесе тілін пайдалану мақсатында жасалған адамды өлтіру.

Медицина саласындағы ғылыми – техникалық прогрестің нәтижесінде бір адамның мүшелерімен  тінін басқа адамға отырғызу , донорлық материалдарға сұраным көбейді , олардың құны да жоғары.

Бұл жағдайда адамның мүшелері мен сату мақсатында адам өлтіруге итермелеуі мүмкін . Мұндай қылмысты жасаудағы негізгі себеп–бас пайда, бірақ кейде ізгілікті ниет те болуы мүмкін,Қылмыстық кодекстің 35-бабындағы орынды тәуекелдің нышандары жоқ, оған мысалы ,жақын адамның өмірін сақтап қалу мақсаты жатады.

Бұл тармақта, адам өлтірудегі мақсат –оның мүшелері мен тінін пайдалану деп көрсетілген .Бірақ мұны , адам мүшелері мен тінін медициналық мақсатта ғана пайдалану деп түсінбеу керек.Каннибализім, жыныстық фетишизм және басқадай да жағдайлардың болуы ықтимал.

Егер бұрын адам өлтіргені немесе өлтіруге оқталғаны үшін,сондай-ақ адам өлтіруге қатысып,бірақ сотталмаған болса,онда мұндай іс-әрекет,96-баптың 2-бөлігінің Н тармағы бойынша саралануға жатады.

Егер айыпкер бұрын әр кездері екі мәрте,ауырлататын мән-жайларды адам өлтіруге оқталса және оның ешқайсысы үшін сотталмаса,онда екінші іс-әрекет Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігіне сілтеме жасалып 96-бабтың 2-бөлігінің Н тармағы бойынша саралануға тиіс.

Адам бұрын кісі өлтірген деп саналады,егер ол Қылмыстық кодекстің 96-167 және 340-баптарында көзделген кісі өлтіруді жасаса;осы аталған қылмыстардың біреуін жасауға оқталса;оларды жасауға қатысса.

Адам өлтірудің жеңілдетілген түрлері

Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі, жаңа қылмыстық кодексте заң шығарушы анасының өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде сол сияқты одан кейінгі кезенде психикасын бұзатын жағдайда немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтіруі өзінше бапқа бөлектеуді қажет деп санады.

Яғни адам өлтірудің бұл түрі бұрын жай өлтіру ретінде,жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларсыз сараланып келеді.Бұл қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілігі сол адамға туғаннан берілетін оның өмірге деген шексіз құқығы бұзылады.Адам өлтірудің бұл түрінің ерекшелігі сонда-заң оны жеңілдететін мән-жайлар бола алатын кейбір объективтік және субъективтік факторлармен байланыстырады.

Жүктілік, көбіне қажетсіз, және физиологиялық туу әйел психикасын теріс әсер етуі мүмкін.Босанған әйелдің бұл қылмыстық әрекеті жасаған кездегі патологиялық жағдайы оны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарауға негіз болады.

Жәбірленуші, бұл жерде жаңа туған сәби, сот медицинасында ол физиологиялық туудан бастап адам санатына кіреді.

Қылмыстың объективтік жағы жаңа туған сәбиді өлтіру сияқты заңға қайшы әрекетпен сипатталады. Бұл қылмыс белсенді әрекетпен де,әрекетсіздікпен де жүзеге асыруы мүмкін.

Мысалы айтсақ баланы тамақтандырмау. Егер анасы сәбиін туып жатқан кезде немесе босануға байланысты немесе басқадай себептермен әке баладан бас тарту,баланың некесіз туу тұрмыс нашарлығы баспананың жоқтығы,тағы басқа психикасының бұзылуы ықтимал алғашқы бір тәулік ішінде,патологиялық жағдайда өлтірсе бұл жеңілдететін мән-жай болуы мүмкін.Баланы анадан бөлініп шығып өзінше өмір сүре бастағанда өлтіруді және оны ана құрсағынан шықпай жатып бала сыртқа шыққанша оның басынан ұру арқылы,өлтіруде бала өлтіргендік болып танылады.Егер өлі балаға өмірге қауіпті соққы барсе,онда бұл жарамсыз объектіге оқталғандық деп саналады.Бұл әрекет жаңағы Қылмыстық кодекстің 24-бабына сілтеме жасалынып 97-бап бойынша сараланады.

Жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру. Жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлуынан немесе ауыр балағаттауынан өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен,әрекетсіздігіне болған кенет пайда блған жан күйзелісі жағдайында сол сияқты,жәбірленушінің жүйелі түрдегі заңға қарсы немесе моральға жат мінез құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай күйде адам өлтіруі мән-жайды жеңілдететін адам өлтіруге жатады.

Жәбірленішіні өз өліміне өзі себепкер болады,кінәлі де кенет пайда болған күшті жан күйзелісі физиологиялық аффект,оның өз әрекетін бақылау және оған басшылық жасау қабілетін төмендетеді.

Физиологиялық аффект нәтижесінде эмоциялық жарылыс болады,адам психикасы қалыпты жағдайда ауықиды,санлы да байсалды қызмет нашарлайды,ішкі психиологиялық процестер қайнап сыртқа шығады,адам өз әрекетіне ие бола алмайды. Аффектінің сыртқы көрінісі адам психикасының ерекшеліктеріне басқа да жағдайларға байланысты әртүрлі сипатта болады.

Сондықтан да белгілі бір уақытта физиологиялқ аффектінің нақты бір адамда болған болмаған жайындағы тұжырымды тек кешенді психиологиялық-психиялық сараптама ғана жасайды.Бұл мәселені шешу үшін сараптама алдына мынандай сұрақтар қойылады:қылмыс жасаған кезде кінәлі аффект жағдайында болды ма,болған уақытының шегі қандай,яғни қашан басталып қай уақытта аяқталды.

Физиологиялық аффект адам өлтіру үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жай деп тану үшін ол жәбірленушнің заңға қайшы қылығына сәйкес табан асты туындау қажет.Табан асты қатты жан күйзелісі болатының кінәнің өзі күтпейді.

Қатты жан күйзелісі адамдаәртүрлі жағдайларда туындауымүмкін.Жәбірленуші көрсеткен заңға қайшы мінез-құлықтың салдарынан ғана көрініс тапқан физиологиялық аффект жағдайын заң қылмыстық жауаптылықты мән-жай деп таниды.Қылмыстық кодекстің 98-бабының диспозициясында қолдану үшін тым болмаса біреунің болғандығы анықтауы тиіс мән-жайлар тізімі берілген.

Бәрінен бұрын жәбірленушінің тарапынан күш қолдану әрекеттері көрсетілген,бұл жаңағы ұру, соғу, заңсыз

Бостандығынан айыру, денсаулығына зақым келтіру,кінәлінің ғана емес,оның туыстарының,жақындарының өміріне қауіп төндіру.Кінәліге қатысты заңды әрекеттерден туындаған қатты жан күйзелісі жағдайында адам өлтіруді,Қылмыстық кодекстің 98-бабы бойынша саралауғ болмайды.Мысалы,қылмыскерді ұстаған полиция қызметкерін сол жерде тұрған біреу өлтіреді.

Жәбірленушінің жүйелі түдегі заңға қарсы немесе моральға жат мінез -құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған ,психикасы бұзатын жай-күиі  кінәлінің өмірін ушықтырады,жұмыс жағдайын қиындатады , оның төзімі таусылады , нәтижесінде ол адам өлтіруге барады.

Бұл жерде жәбірленушінің арандатушылық мінез-құлқы мен адам өлтіру арасында уақыт үзілісі болмауға тиіс.Бірақ кейбір жағдайларда уақыт үзілісі болуы мумкін, егер жәбірленушінің жүйелі түрдегі заңға қарсы немесе моральға жат мінез -құлқына байланысты психиканы ұзақ уақыт жарақаттайтын жағдай туындаса, жәбірленушінің жасаған соңғы актісі мен адам өлтіру арасындағы уақыт үзілісінде аффект жағдайы мүмкін болса. Жай мысалы келтіретін болсақ, маскүнем әке әйеліне, балаларына ылғи зәбір көрсетсе .

Адам өлтіру: жай және ауырлатылған түрлері