Алматы облысы

                                         Жоспар

Кіріспе

1 Алматы облысының 2012 жылдағы нақтыланған іс шаралар 

    1. Алматы облысында журіп жаткан шаралар
    2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
    3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
    4. Бюджет және негізгі капиталға инвестициялар
    5. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық жоспары

2.Алматы облысында кен  ауқымда жүріп  жаткан жоспарлар 

 

   2.1 «Жетіген-Қорғас» темір жол жоспары

   2.2  Мойнақ су  электр станциясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Кіріспе

   2012 жылдың 1 тоқсанына әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат

Мемлекет қоғамның әлжуаз мүшелерін қолдап, жауапкершілікті  іс жүзінде асырып отыр. Бұл бағытта  да облысымызда атқарылған істер  аз емес.

Мұқтаж жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бюджеттен  бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын  ұлғайып көрсетілетін қызметтердің шоғыры кеңеюде.

     2012 жылдың 1 тоқсанында 47,1 мың адамға 327,2 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Оның ішінде:

     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес кедейлік шегінен (2012 жылдың 2 тоқсанына - 6898 теңге) төмен тұратын отбасыларына әлеуметтік көмектер көрсетілуде.

 Мемлекеттік атаулы  әлеуметтік көмек 4417 адамға 37,7 млн.  теңге сомасында төленді. 2012 жылдың 1 сәуіріне МАӘК-ті алушылар ретінде  есепте 4408 адам қалды. Соған байланысты  кедейшілік деңгейі облыс бойынша  0,2 пайызды құрады.

  Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес орта есеппен жан басына шаққандағы    айлық табысы облыс бойынша белгіленген азық-түлік себетінің (2012 жылдың 2 тоқсанына - 10348 теңге) құнынан төмен отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына тағайындалып төленеді. 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 35121 балаға 165,3 млн. теңге төленді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес тұрғын үй көмегі жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бекітілген Ережеге сәйкес төленеді. Аталған ереже бойынша, тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары шегінде отбасының жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.

Тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегі облысымыздың 7303 отбасына 107,1 млн. теңге мөлшерінде төленді.

  Сонымен қатар жергілікті өкілетті органдардың шешімімен әлеуметтік қорғаудың қосымша түрлері төленуде:

  Ауылдық жерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет салаларының 161 қызметкерлеріне отын сатып алу үшін біржолғы көмекке 1,2 млн.теңге төленді.

92 жұмыс істеген және  жұмыссыз азаматтарды жерлеуге  біржолғы әлеуметтік көмекке  2012 жылдың 1 тоқсанында 1,5 млн. теңге  төленді.

2011 жылдың қорытындысыМұқтаж  жандардың өмір сүру сапасын  жақсартуға бюджеттен бөлінетін  қаржы көлемі жыл сайын ұлғайып  көрсетілетін қызметтердің шоғыры  кеңеюде.2011 жылы 116,1 мың адамға 1750,9 млн.теңге  мөлшерінде әлеуметтік көмектер  көрсетілді.Оның ішінде:

 Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек туралы»  Заңына сәйкес кедейлік шегінен  (2012 жылдың 1 тоқсанына - 6792 теңге)  төмен тұратын отбасыларына әлеуметтік  көмектер көрсетілуде.Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек 7572 адамға 162,7 млн. теңге сомасында төленді. 2011 жылдың 1 қаңтарына МАӘК-ті алушылар  ретінде есепте 4596 адам қалды.  Соған байланысты кедейшілік  деңгейі облыс бойынша 0,2 пайызды  құрады. 2012 жылға атаулы әлеуметтік  көмек 8193 адамға 174,3 млн. теңге  мөлшерінде қарастырылып отыр. Қазақстан  Республикасының «Балалы отбасыларға  берілетін мемлекеттік жәрдемақылар  туралы» Заңына сәйкес орта  есеппен жан басына шаққандағы  айлық табысы облыс бойынша  белгіленген азық-түлік себетінің  (2012 жылдың 1 тоқсанына - 10188 теңге)  құнынан төмен отбасылардың 18 жасқа  дейінгі балаларына тағайындалып  төленеді. 18 жасқа дейінгі балаларға  берілетін мемлекеттік жәрдемақы  51508 балаға 654,5 млн. теңге төленді.  Бұл шараға 2012 жылы 773,5 млн. теңге  бөлінді. Қазақстан Республикасының  1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын  үй қатынастары туралы» Заңының  97 бабына сәйкес тұрғын үй көмегі  жергілікті өкілетті органдардың  шешімімен бекітілген Ережеге  сәйкес төленеді. Аталған ереже  бойынша, тұрғын үй көмегі осы  елді мекенде тұрақты тұратын  және тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді  тұтыну шығындары белгіленген  әлеуметтік нормалары шегінде  отбасының жиынтық кірісінің  10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда  тағайындалады.Тұрмысы төмен отбасыларына  тұрғын үй көмегі облысымыздың 14735 отбасына 414,1 млн. теңге мөлшерінде  төленді. Ал, бұл мақсатқа 2012 жылға  507,7 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар жергілікті өкілетті органдардың шешімімен  әлеуметтік қорғаудың қосымша түрлері  төленуде:

  Облыс әкімінің гранты бойынша оқитын жетім және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан 402 студенттің тегін оқытылуына 105 млн.теңге бөлінді. Ал, 2012 жылға 113,4 млн. теңге көлемінде қаржы жоспарланды.

 Ауылдық жерде тұратын  білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік  қамсыздандыру, мәдениет салаларының  38919 қызметкерлеріне отын сатып  алу үшін біржолғы көмекке  2011 жылы 294,2 млн.теңге төленсе, ағымдағы  жылға 326,1 млн. теңге қаралды.  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік  көмек алып отырған отбасыларының  ішінен ынталанып, өз бетімен  кедейшіліктен шығамыз деген  отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықтарына  мал алуға, жеке өз ісін ашуға  біржолғы әлеуметтік көмек 200 мың теңге көлемінде берілуде.Жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін 103 отбасы (448 адам) 20,3 млн. теңгеге мал сатып алды және 4 отбасы (16 адам) 800,0 мың. теңгеге жеке меншік іс ашты.Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын 2252 отбасына 2011 жылы 67,8 млн.теңге көлемінде төленді, ал 2012 жылға 81,5 млн. теңге жоспарланып отыр. 490 жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмекке 2011 жылы 7,4 млн. теңге төленді.2012 жылға 14,6 млн. теңге жоспарланды.

   

       1 Алматы облысының 2012 жылдағы нақтыланған іс шаралар

1.1Алматы облысында журіп жаткан шаралар

Аталуы 2012 жылға нақтыланған  жоспар       

 Бюджеттің жалпы көлеміне  үлес салмағы (%) 01.04.2011 нақты 2012 жылдың 1 сәуіріне     жоспар  нақты % орын.  2011 жылдың нақты  3 айына өсу қарқыны (%)

Мемлекеттік бюджетке салық  алымы және басқа төлемдер: 120,8 100,0 35,7 27,4 32,8 119,7 91,8

оның ішінде:       

Республикалық бюджетке 58,8 48,7 21,0 13,6 15,1 111,1 71,8

Жергілікті бюджетке  62,0 51,3 14,7 13,8 17,7 128,3 120,4

Түсімдер - барлығы 231,7 100,0 48,2 46,2 48,0 103,8 99,6

оның ішінде:       

өзіндік кірістер 62,0 26,8 14,7 13,8 17,7 128,3 120,4

Трансферттердің түсімі - Барлығы 158,7 68,5 33,3 29,7 30,0 101,0 90,1

оның ішінде:       

Нысаналы трансферттер  РБ 54,8 23,7 15,2 8,9 9,2 103,4 60,5

Субвенция  РБ 103,9 44,9 18,1 20,8 20,8 100,0 114,9

Жергілікті бюджеттен  берілген, бюджет кредиттерін өтеу 0,1 0,0 0,2 0,0 0,1  53,3

Займдардың түсуі 2,5 1,1 0,0 0,2 0,2 100,0 

 Бюджет құралдарының  бос қалдықтарын жыл басына  бағытталуы 8,4 3,6  2,5   

Шығындар - барлығы 231,7 100,0 44,6 46,2 45,4 98,3 102,0

оның ішінде:       

Білім беру  85,2 36,8 13,2 18,9 18,7 99,0 141,5

Денсаулық сақтау  35,2 15,2 6,4 8,3 8,3 99,8 129,4

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 7,9 3,4 1,3 1,7 1,6 98,0 126,3

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық  34,9 15,1 15,1 6,8 6,7 99,0 44,4

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік  10,0 4,3 2,0 2,5 2,5 99,5 127,8

Ауыл шаруашылық  18,7 8,1 1,1 1,4 1,0 69,3 86,8

Транспорт және коммуникация 13,6 5,9 0,6 0,7 0,7 99,6 119,3

Басқалар 26,2 11,3 4,9 6,0 6,0 98,9 121,6

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     1.2 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту туралы жоспар

 

      Облыс бойынша  тұрғын үйлер саны 314,5 мың теңге  үй (311,4 мың- жеке меншік, 3,1 мың-  көппәтерлі), жалпы аумағы 27,7 млн.  шаршы метр. Алматы облысында  3125 көппәтерлі тұрғын үй бар,  оның ішінде жөндеуді қажет  ететіні 2278 дана. 2011 жылы қайта  жаңғырту бағдарламасын іске  асыру барысында қаржыландырудың  екі жүйесі бойынша үш қалада  жалпы соммасы 323 млн. теңгені  құрайтын 27 көпқабатты тұрғын үйлер  жөнделді (Талдықорған қаласында-19 үй, Қапшағай қаласында-6 үй, Текелі  қаласында- 2 үй).

    Бірінші механизм  бойынша Талдықорған қаласында  «Жетісу» 48,0 тенге бөлініп, 4 тұрғын  үй жөнделді.

    Екінші механизм  бойынша үш арнайы мамандырылған  уәкілетті кәсіпорындарға 275,0 млн.теңге  жолданды («Талдықорған қаласы тұрғын  үй қызметі» ЖШС-197,7 млн. теңге,  «Қапшағай тұрғын үй» МКК-69,5 млн.  теңге, «Текелі қаласының тұрғын  үй- пайдалану кешені» ЖШС-7,8 млн.  теңге), 23 үйде жөндеу жұмыстары  жүргізілді. 27 көпқабатты тұрғын  үйлер жөнделді (Талдықорған қаласында-19 үй, Қапшағай қаласында-6 үй, Текелі  қаласында- 2 үй), мемлекеттік қабылдау  комиссиясының актісіне қол қойылды  (17), қалғандарында қол қою жалғасуда. 2012 жылы екі механизм бойынша  жалпы соммасы 1,625 млрд. теңге  болатын 97 тұрғын үйді жөндеу  жоспарлануда. 245 кондоминиум нысандарының  техникалық паспорттарды даярлауға  жергілікті бюджеттен 28,7 млн.  теңге бөлінді. Осыған қоса  әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға  тұрғын үй көмегі қарастырылған.  Алматы облысы әкімінің қаулысына  сәйкес (2012жылдың 29 қарашадағы №257) барлық аудандар мен қалаларда  тұрғын үй инспекциялары құрылған (облыс бойынша штат 46 адам).

      2011 жылы  тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты  дамытуға 4,3 млрд. теңге, ал 2012 жылы 7,7 млрд. теңге бөлінді.

     2011 жылғы  13 қыркүйектегі №1048  ҚР Үкіметінің  қаулысының 15 армағына сәйкес тапсырманы  орындау туралы Алматы облысының  әкiмшiлiгiнiң ақпараттық бюлетені

Тұрғын-үй құрылысы - жалпыұлттық  сипаттың өте маңызды есептерiнiң  бiрi болып табылатын Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі стратегиялық дамытуының басым бағыттарының бiрi.Алматы облысында  мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы бағдарламасының  шеңберiнде 2005-2007 және 2008-2010 жылдары 2810,7 ш.м тұрғын-үй немесе 22, 8 мың пәтер  пайдалануға енгiзiлген Тұрғын-үй қатынастары  бойынша нормативтік-құқықтық актілерге  сәйкес  Қазақстан Республикасының  «Тұрғын-үй қатынастары туралы»  Заңының 67-шi, 74-ші  бабына сәйкес  обылстың жергiлiктi атқарушы органдарында 12246 азамат есепке алынған, оның ішіңде  4175 азамат мемлекеттiк қызметшiлермен бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерi.   Мемлекеттiк Бағдарлама шеңберiнде  облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының 659 мемлекеттiк қызметкерлері тұрғын-үйiмен қамтамасыз етілген.

    1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

     2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыста 3397 жұмыс орны құрылды, оның ішінде ірі, орта және шағын кәсіпорындарында - 2130 (62,7%), жеке кәсіпкерлік және шаруа қожалықтарында - 1267 (37,3%) жұмыс орны.

Жұмыс сұрап келген 5158 адамның 2208-і жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға - 2157 азамат жіберілді.

Әртүрлі әлеуметтік көмек 80,5 мың алушыға 442,6 млн. теңге көлемінде  төленді, оның ішінде: аз қамтылған  отбасындағы 18 жасқа дейінгі балаларға - (35,1 мың адамға) 165,6 млн. теңге, кедейшілік шегінен төмен тұратындарға мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек - (4,4 мың алушыға) 37,9 млн. теңге, 717 ҰОС қатысушылар  мен мүгедектерге - тұрғын үй коммуналдық  қызметтер бойынша жеңілдіктерге - 9,8 млн. теңге.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 4025 жұмыссыз тіркелген, экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда жұмыссыздық 0,4 пайызды құрады.

2012 жылдың қаңтар-ақпан  айында ірі және орта кәсіпорындарда  орташа нақты еңбекақы 73554 теңгені  құрап, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда 22,7 пайызға артты.

 

 

 

    1. Бюджет және негізгі капиталға инвестициялар

    2012 жылдың 1 сәуіріне мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 32,8 млрд. теңгені құрап, болжам 119,7 пайызға орындалды.

    Республикалық бюджетке - 15,1 млрд. теңге түсті немесе болжам 111,1 пайызға орындалды, жергілікті бюджетке 17,7 млрд. теңге түсті (128,2 пайыз).

    Бюджет кірістерінің негізгі көздері: қосымша құн салығы - 23,4 пайыз, акциздер - 23,7, жеке табыс салығы - 11,6, кеден төлемдері - 4,9, табыс салығы - 9,5, мүлік салығы - 6,8, әлеуметтік салық - 8,5 пайыз.

Есепті кезеңге берешек 12444,4 млн. теңге көлемінде болып, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8339,7 млн. теңгеге төмендеді

2012 жылдың қаңтар-наурыз  айларында 62,8 млрд. теңге инвестиция  тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда  104,3 пайызды құрады.

     Инвестицияның негізгі көлемі - 32652,2 млн теңге немесе 52,0 пайыз кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары есебінен, республикалық бюджеттен - 14469,3 млн. теңге немесе 23,0 пайыз, жергілікті бюджеттен - 3483,0 млн. теңге немесе 5,5 пайыз, шетел инвестициялары - 719,0 млн. теңге немесе 1,1 пайыз және басқа да несие қаражаттары - 11433,9 млн. теңге немесе 18,2 пайыз.

 

.

 

1.5   Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық жоспары

      2012 жылдың есепті кезеңінде облыста қазіргі бағамен 104,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі - 108,2 пайыз.

Тау-кен өндірісі жалпы  өндіріс көлемінің 1,3 пайызын құрайды, есепті кезеңде 1,3 млрд. теңгенің өнімі  өндірілді, өңдеу өнеркәсібінің  үлесі - 78,3 пайызды құрап, 81,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.

Электрмен жабдықтау, газ  беру, бу және ауамен баптау облыстың жалпы  өндіріс көлемінің 19,5 пайызын құрайды (20,2 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз  жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау - 0,9 пайызды құрады (1,0 млрд. теңге).Тамақ өнімдерін өндіруде 2011 жылдың қаңтар- наурызымен салыстырғанда  сүт өнімдері - 15,3 пайызға, етті өңдеу  және консервілеу - 12,4, крахмал және ұн өнеркәсібінің өнімдері - 10,6, дайын  мал азығы - 7,7, сусын - 29,8,темекі өнімдерін  өндіру 17,3 пайызға артты.8 жаңа нысанды  іске қосу, 2 өндірісті кеңейту есебінен 321 жаңа жұмыс орны құрылды.2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 31884,5 млн. теңгеге өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,2% - ды құрады.

   2012 жылдың 1-ші сәуіріне берiлген мәлiметтер бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында 61,0 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артық, тиісінше сүт - 131,0 мың тонна (100,4%), жұмыртқа - 190,5 млн. дана (87,0%).  Мал басының саны мынандай көрсеткіштерге ие болды: мүйізді ірі қара бойынша - 940,7 мың бас (өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 101,3%), қой мен ешкі - 3859,4 мың бас (101,4%), шошқа - 170,7 мың бас (104,3%), жылқы - 253,7 мың бас (102,0%) және құс - 9563,8 мың бас (104,8%).Облыс бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егістік көлемі 909,3 мың гектарды құрап (2011ж. - 909,0 мың гектар), былтырғы жылдың деңгейінен 0,3 мың гектарға артық. Ылғал сақтау технологияларын пайдалану 105 мың гектарға, тамшылап суару әдісі 3,0 мың гектарға жетеді.Жаздық дәнді дақылдардың қажетті көлемдегі тұқымы 50,3 мың тоннасы құйылды, барлық тұқымы кондициялы.Көктемгі дала жұмыстарына 36 мың бірліктен артық ауыл шаруашылығы техникасы іске қосылды (15900 трактор, 4012 соқа, 2477 дән сепкіш, 1383 қопсытқыш және 12670 тырма).Қажетті 23,8мың тонна дизель жанар майының 10,9 мың тоннасы немесе қажеттіліктің 46%-ы жинақталды. Көктемгі дала жұмыстарына 23,0 мың тонна арзандатылған дизель жанар майы бөлінген (наурыз - 6,0 мың тонна, сәуір - 8,0, мамыр - 9,0). Облысқа бөлінген көлемнің 5,3 мың тоннасы, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері іріктелуде.Бүгінгі күні көктемгі дала жұмыстары басталды.Сүдігер тырмалау 120,6 мың гектар (жоспардың 60,2 пайызы) жерінде жүргізілді, күздік тырмалау - 100,8 мың гектар (56,8 пайыз), көп жылдық шөпті тырмалау - 113,0 мың гектар (53,0 пайыз). 55,4 мың гектар жер жыртылды (жоспардың 16,3 пайызы), масақты дәнді дақылдар 17,3 мың гектарға (8,2 пайыз), мақсары - 2,0 мың гектарға (9,5 пайыз) отырғызылды  

 

2 Алматы облысында  кен ауқымда жүріп  жаткан  жоспарлар 

 

2.1«Жетіген-Қорғас» темір жол жоспары

 

    «Жетіген - Қорғас» темір жолы биыл жыл соңына дейін салынып бітеді. Сондай-ақ «Қорғас» халықаралық шекаралық байланыс орталығының алғашқы кешені желтоқсан айында іске қосылуы тиіс.  
Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енген екі жобаның орындалу барысымен танысу үшін үшін Вице-премьер – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Қорғас шекара бекетіне арнайы келді. Жетіген – Қорғас темір жолы маңызды стратегиялық жобалардың бірі. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда айналымын арттырып қана қой-май, Азия мен Еуропа арасындағы негізгі көлік дәлізіне айналмақ. Темір жол желісінің қашықтығы – 293 шақырым. Онда 14 жаңа жеке бөлімше жұмыс істейтін болады. Солардың бірі – Алтыкөл стансасы. Теміржол, вокзал, әкімшілік ғимарат пен қонақүйлер жыл соңына дейін салынып бітуі тиіс. Осы күзде әзірге атауы белгісіз тағы бір стансаға алғашқы тұрғындар қоныс аударады. Кент темір жолшыларға қызмет көрсету үшін арнайы тұрғызылған. Мұнда 500 пәтерлі үй, мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, асхана, монша мен өрт сөндіру депосы салынды. Ерік СҰЛТАНОВ, ҚТЖ ҰК ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:  
-90 пайыз жұмысымызды бітірдік. Қазір мұнда 4 мың адам жұмыс істейді. 2 мың техник бар. Мигранттар жоқ, барлығы жергілікті тұрғындар. 
«Қазақстан темір жолы» компаниясының иығына жүктелген тағы бір жоба – «Қорғас» халықаралық шекаралық байланыс орталығы. Шет елдіктер визасыз бір ай жүруге мүмкіндік алатын сауда алаңы деуге болады. 113-ке жуық негізгі нысандардың құрылысын мемлекеттің өзі салады, ал қалған – қонақүй, мейрамхана, сауда және ойын-сауық кешендер инвесторлар есебінен. Алда халықаралық орталықты кәдімгі қалаға айналдыру ойда бар. Салынуы 18-шы жылға дейін созылатын ұзақ мерзімді жобаның алғашқы кешені осы желтоқсанда пайдалануға берілуі тиіс.Ерхат ЕСҚАЛИЕВ, ҚТЖ ҰКВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:  
-Біз алда ел аумағы мен шекара бекеті арқылы жоғары жылдамдықпен өте алатындай мүмкіндігі бар транзитті мемлекет боламыз. Қызмет көрсету жағы да замануи талапқа сай болу тиіс. Үшіншісі – ол қауіпсіздік. Соңғысы – тұрақтылық. Тағы бір жаңалық, қашықтығы 304 шақырым болатын Алматы-Қорғас 4 жолақты автобан құрылысы келесі жылы басталады. Бұйыртса, аталмыш құрылыс 2015 жылға қарай аяқталмақ.

    

\

                           2.2 Мойнақ су электр станциясы

     Жобаның мақсаты:Алматы облысының Райымбек ауданындағы  Шарын өзенінде салынып жатқан қуаттылығы 300 МВт Мойнақ ГЭС-інің қуатын беруді қамтамасыз ету. Мойнақ ГЭС-і қуат пен электр энергиясының тапшылығын азайту, барынша көп жүктемелерді жабу,  Алматы облысын және Қазақстанның Оңтүстігін тұтастай алғанда,  тұтынушыларды  энергиямен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында  салынып жатыр.Жобаны қаржыландыру  Халықаралық Қайта құру және даму банкінің қарыз қаражаттары және «KEGOC» АҚ-ның жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.7 326 730 мың теңге сомаға «2009 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес  қарыз қаражаттары есебінен қаржыландырылуға ұсынылған  инвестициялық  жобалардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009ж.21.09 № 1416 қаулысы шығарылды.Сондай-ақ «Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру» жобасы бойынша  мемлекеттік кепілдікпен беру туралы» ҚР Үкіметінің 2009ж.06.11 № 1771 қаулысы шығарылды.Жобаны іске асыру үшін 2009 жылғы  12 қарашада «KEGOC» АҚ  Халықаралық Қайта құру және  даму банкімен (ХҚДБ) мемлекеттік кепілдікпен 48 млн. АҚШ доллары сомасына  кредиттік келісім жасасты.Жобаны іске асыру мерзімі: 2010-2012 жылдар.Жоба бойынша  2008 жылғы 14 қарашада және 2009 жылғы 2 қазанда  Алматы қаласында  қоғамдық тыңдаулар болып өтті.  ӘЖ трассасына сәйкес МҰПП аумағын айналып өтетін Мойнақ ГЭС-інің   нақтыланған схемасын есепке ала отырып, «Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру» жобасының ТЭН-не түзету жасалды. «Мемсараптама»  РМК-ның  2010ж.29.04 № 02-0219 сараптамасы алынды.ТЭН түзетілімдерінің нәтижелері бойынша  ҚР ҚОҚМ 2010ж.07.04 № 06-05-01-18/282-1 мемлекеттік экологиялық сараптамасының қорытындысы алынды.Консультациялық қызметтер көрсетуге арналған MVV Decon GmbH 2010ж.21.06 жасалған  №17-К-1004 келісім-шартқа қол қойылды.220 кВ Мойнақ ГЭС –  Шелек ҚС және Мойнақ ГЭС –  Робот ҚС  жоғары вольтты электр жеткізу желілерін  жобалауға, салуға және  пайдалануға енгізуге  2011 жылғы  01 наурызда   KEPCO консорциумымен және Hyundai Corporation (Корея) №17-К-193 келісім-шартқа  қол қойылды.Жобаның бекітілген құны - 54,1 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары кезінде 700-ге дейін адамдар жұмыспен қамтылады. Іске қосылғаннан кейін станцияда 127 жаңа жұмыс орны ашылады.2011 жылы келесі жұмыстар орындалған:Мойнақ СЭС Бестөбе су қоймасының құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Өлшеуіш қондырғылар орнатылған.Су шығаратын тегеуріндік төнел дайындалған.Сыртқы электрмен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Автокөлік жолы салынған және абаттандырылған, ішкі алаңдық инженерлік тораптармен 80 тұрғын үй бар пайдалану қызметінің кенті салынды.

ҚР Оңтүстік өңіріндегі энергия  тапшылығын болдырмаудағы оңтайлы  электр энергиясы көздерін жасақтау.

   Қатысушылар 

«Мойнақ СЭС» АҚ; «Самұрық-Қазына «ӘАҚ» АҚ

   Іске асыру кезеңі 2006 - 2011 жж.

   Іске асыру орны 

Жылысай селолық округі, Райымбек ауданы, Алматы облысы

Жобаның жалпы құны 54 128 млн. теңге

   Қаржыландыру сызбасы

Несиелік қаржы -49 549 млн. теңге ( «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «  Қытай Даму Банкі»).

Жеке қаражаты - 4 579 млн. теңге («Мойнақ СЭС» АҚ құрылтай жарнасы).

Жұмыс орны (жылдық орташа есеппен) СЭС пайдалану кезеңінде 127 жұмыс  орны құрылады. Қазіргі уақытта Мойнақ СЭС құрылысына 758 адам тартылған 

9 Жобалық қуаттылығы 300 МВт

Күтілетін нәтиже

Электр энергиясын орташа жылдық өндірілуі 1027 млн.кВтч. ҚР Оңтүстік өңіріндегі энергия тапшылығын болдырмаудағы  оңтайлы электр энергиясы көздерін жасақтау.

 Жұмыс нәтижелері

 Жалпы жұмыс барысында  810 адам қосылған және 186 дана құрылыс  техникасы мен арнайы қондырғылар.

 Мойнақ-Бестөбе гидротұйығында  атқарылған жұмыстар:

-жер тасты платина  құрылысы-100%;

- жұмыстық суағынды қысымдық  туннель-100%

-ГЭС суқабылдағышы-100%

-гидромеханикалық қондырғылар  монтажы-100%

-Бестөбе су қоймасын 1736м көрсеткішіне дейін толтыру  үшін даярлық-100%.

 Қосымша қондырғылар

-17 км жол құрылысы  жасалды, оның ішінде Бестөбе  су қоймасына баратын жолдың, ГЭС ғиматарына баратын жолдың, контрреттегішке баратын жолдың  төсеніші даярланды. Асфальт төсемі  ағымдағы жылдың бірінші жартысында  жоспарлануда.

- барлық нысандар мен  ғимараттардың сыртқы электрмен  жабдықтау толығымен аяқталды.

 

 

 

 

 

 

                                                   Қорытынды

      Қорыта келгенде 2011 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 9,6 млрд. теңге болатын 10 нысан қолданысқа берілді, 609 жұмыс орны құрылды: «Кормовик-Евротехнология» ЖШС-нің премикс және концентраттарды шығару,  «ЮринвестСтрой» ЖШС-нің асфальтті шығару, «Байсерке Агро» ЖШС-нің сүт өнімдерін шығару, «Компания SONIK» ЖШС-нің профильді құбыр шығару, «ХундайАвтоТранс» ЖШС-нің Хундай маркалы жүк көліктерін және автобустарын жинайтын ірі торапты зауыттар, «Кайнар-АКБ» кәсіпорынында индустриялды аккумулятор батареяларын иегерелуі бойынша жабасы, «Байсерке Агро» ЖШС-нің серіктестігінің ет өңдеу, «Жеңіс 2006 компаниясы» ЖШС-нің балық өңдеу кешендері, «Жаңа Ақ-дала» ЖШС-нің 13 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы, «Green House - зеленый дом» ЖШС-нің аумағы 3,65 га жылыжайы.2011 жылы  Республикалық карта аясында Жетіген-Қорғас теміржол желісі іске косылды, Мойнақ ГЭС-ы құрылысы жобасының жүзеге асырылуы жалғасуда. Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет министрлікке туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу міндетін жүктеді. Қазіргі кезде саланы дамытудың алдын ала жүйелі жоспары дайындалуда. Бұл бағдарлама жыл соңына қарай бекітілмек. Ал Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мырза елде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуына бірнеше жайттың кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандағы мемлекеттік жекеменшік әріптестік институты мемлекет пен бизнес қарым-қатынасының үлгісі ретінде «Концессиялар туралы» Заң қабылданып, қажетті нормативтік-құқықтық база дайындалып 2006 жылдан бастап дами бастаған. Қазіргі кезде 6 концессия жүзеге асырылуда.

   Дегенмен соңғы жылдары мемлекеттік жекеменшік әріптестіктің дамуы бірнеше себеп бойынша тежелген. Мәселен 20082009 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы еліміздегі МЖӘ-нің даму жоспарын өзгертіпті. Алдымен бұл автожол саласына әсер етіпті. Сонымен бірге еліміздің қолданыстағы заңнамасы әлемдік тәжірибеде пайдаланылатын мемлекеттік жекеменшік әріптестік келісімшарттарының түрін қолдануға мүмкіндік бермейді екен. Оны қолдану саласы әлеуметтік салада және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында шектелген. Жобаларды дайындау мен жүзеге асыру барысы қиындатылған. Бұл экономиканың әлеуметтік маңызды секторына шетелдік және отандық инвестицияларды тартуға кедергі келтірмек. Отырыста Премьер-Министр мырза Үлкен Алматы айналма жолы құрылысының жобасын жүзеге асыруды аяқтау қажеттігін де тілге тиек етті. Сөйтіп, бұл істі ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевке жүктеді.

 


Алматы облысы