Амазонка ойпаты, экологиялық проблемалар



 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

География кафедрасы

 

 

Курстық жұмыс:

 

Амазонка ойпаты, экологиялық проблемалар

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Жәнібек Әнел

Тексерген: ШҚМҰ доценті

Забенова Г.Б

 

 

Өскемен қаласы, 2010 жыл

 

Мазмұны

Кіріспе

1 тарау.Физикалық – географиялық жағдайы

1.1. Географиялық орны, геологиялық құрлысы, жер бедері

1.2. Климаты

1.3. Ішкі сулары

1.4.Топырағы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі

 

2 тарау. Табиғат ресурстары

2.1. Минералды ресурстары

2.2. Агроклиматтық ресурстары

2.3. Су ресурстары

2.4. Жер ресурстары

 

3 тарау. Табиғатты қорғау және табиғат байлықтарын тиімді     пайдалану

3.1. Өсімдіктре дүниесі және адам

3.2. Орман және адам қызметі

3.3. Тропикалық ормандардың құрып бітуін қалай тоқтатуға болады

3.4. Орманды өрттен қорғау

3.5. Орманды зиянкес жәндіктер мен аурудан қорғау

3.6. Орманды қорғау шаралары

 

Қорытынды

        Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

Кіріспе

       Амазонка ойпаты – бұл батпақтар мен джунглилер патшалығы, жер шарындағы ең үлкен ойпат болып табылады. Бұл жұмыстың тақырабы – “Амазонка ойпатының кешенді сипаттамасы”.

        Бұл тақырыптың ең өзектісі сол, қазіргі кезде Амазонка ойпатының табиғат кешендері деградацияға ұшырап отыр.

Жұмыстың мақсаты – Амазонка ойпатына кешенді сипаттама жасап, осы аймақтық геоэкологиялық проблемаларын анықтау.

Жұмыстың міндеті – осы аймаққа қатысты ғылыми – көпшілік әдебиеттерді оқып, осы ауданның табиғи – ресурстың қуатына баға беру, табиғатты қорғау, орманды кесу қарқынын төмендетуге бағытталған ұсыныстарға талдау жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау. Физикалық-географиалық жағдайы

1.1 Географиялық орны, геологиялық құрылысы, жер бедері Амазонка ойпаты аса ірі Оңтүстік Америка платформасының спеклизациясында орналасқан, батысында Анд геосинклинальды аймағының шеткі кінімен шектеседі, шығысында Гвиана және Бразилия қалқандарымен сығылып, тарылса, батысында өте кең ойпатты болып келеді. Ойпат теңіздік палеозой шөгінділермен және мезозой мен кайнозойдің континенттік шөгінділерімен толған.

Батысында үштік және төрттік көлдік-өзендік аллювий қабаттары тән, бұл қабат мезозойда бері өзгермеген ылғалды ыстық климат жағдайында түзіліп шөккен, ыстық белдеудің аса ірі ойпаты 5 млн. шаршы метр жерді алып жатыр. Ойпаттың батысындағы жер бедері өте тегіс, өзен аңғармалары да өте нашар телімдеген, мысалы Анд тауларынан Мараньон өзені шығар жердегі биіктік 150 метр болса, Манаустың бойындағы Американың орта ағысында бар жоғы 26 метр болады. Ойпаттың шығысында өзен аңғармалары терең, өзен аралықтары биіктігі 150-300 метр болатын тегіс қытат сияқты, оны “Табулейрон” деп атайды.

Амазонияның солтүстік және оңтүстік шеттері, қалқандардың кристалды жыныстарымен көмкерілген, біртіндеп биіктеп таулы қыратқа айналады.

Ойпаттың батысы мен оңтүстік – батысындағы Пурус және Беня өзендерінің алабындағы жер бедерінің биік болу себебі, Анд тауларынан тау жыныстарының шайылуымен байланысты.

 

Батыс Амазония

Амазонка ойпатының батыс бөлігіне ылғалды экваторлық ландшафт тән. Бұл аймақтағы ойпаттың ені солтүстіктен-оңтүстікке қарай 1300 км. Дейін созылған. Гвианна таулы үстіртінің гранитті негізгі Риу-Негру өзенінің жоғарғы ағысымен Какетенін бойынан көрінсе, Бразилия үстіртінің фундаменттік құрайтын кристалды жыныстар 9 С о.е. тұсында Мадейра бойында жер бетіне шығады. Дамудың ұзақ жолынан өткен үгілу қыртысының қалыңдығы ондаған метрге жетеді. Топрақ жамылғысын үгілу қыртысынан айыру өте қыйын, өзендердің шаю әрекетінің нәтежесінде топрақ жамылғысы сілтіленген, күлгін тіпті ақшылтым түске ие болған. Ал темірмен аллюминий тотықтарының қалдығы төменге қарай шайылып, қызғылт түске ие болады.

Амазонканын бастауы мен салаларының жоғары ағысындағы буырқанған суағыны Анд тауларындағы тау жыныстарын қарқынды түрде буған, өте көн шөгінді жыныстарды ағызады, жазыққа шыққаннан кейін кесек тау жыныстары өзеннің түбіне шөгеді, ал ұсақ құм, саз бөлшектері ғана төменгі ағысына дейін жетеді. Батыс Амазонканың батыс және оңтүстік шегінде шөккен делювиалді – проновиальді қулды шөгінді жер бедерін 300 – 400 метр биіктіке көтерді, өзен аңғармалары барынша терең орналасады. Жалпы, Батыс Амазонканың жерінің биіктігі көл бөлігіндегі мұхит деңгеінен бар жоғы 100 метр орналасқан.

 

 

 

Шығыс Амазония

     60 С б.б., яғни Риа – Негру Мадейра өзендерінің сағасынан шығысқа қарай Шығыс Амазония орналасқан. Шығыс Амазония да экваторлық еңдікте орналасқан, температурасы өте жоғары +26 С + 28 С және тұрақты. Шығыс Амазония Гвиана және Бразилия таулы үстірттерінің аралығында жатыр. Таулы үстірттерінің кристалды жыныстарының жақын орналасқаны сондай, тіпті олар өзендердің жағалауларында кездеседі.

 

 

 

 

 

 

1.2. Климат

Амазонка ойпаты экваторлық және субэкваторлық климаттық белдеулерде орналасқан. Ауаның t C- сы жыл бойы + 24С, +28 С, жауын – шашынның мөлшері жылына 2000-3500 мм. Жауын шашының түсу режімі әркелкі. Амазонияның батысында экваторлық тұрақты ылғалды климат, жауын-шашынның жылдық мөлшері 2,5-3,5 мың мм. , орташа айлық t-ның ауытқуы 2-3 С, ал шығысында субэкваторлық климат тән, мұнда жылына 3-4 ай құрғақ маусым болады, жауын-шашын мөлшері 1500-2000 мм , температураның ауытқуы өте үлкен континенттің оңтүстігінен соғатын суық желдер оңтүстік-шығыста тіпті термометірге деін үсік туғызады.

Батыс Амазонияда тұрақты жоғары және біркелкі t-23,5-26 С. Күнделікті түстен кейін жауатын нөсер жаңбыр, жылына 3 мың мм жауын-шашын түіреді, ең “құрғақ”айдың өзінде 120-150 мм жауын-шашын түседі. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75-90 %, түнде таңға жуық 100 % жетеді.

Шығыс Амазонияда шығыс бөлігінде құрғақ маусымда бар жоғы 175 мм жауын - шашын түеді, орталығында 400 мм түседі, ал ылғалды маусымында тиісінше 2300 мм, 1800 мм түседі, салыстырмалы ылғалдылық атлантина маусымында 90-95 % , орталығында 85 % көрсетеді.

Жауын-шашынның жыл бойы әркелкі түсуі, аудан бойынша әркелкі түсуі өзіне тән ерекше топырақ жамылғысы мен өсімдіктер дүниесін қалыптастырады.

 

1.3. Ішкі сулары

Япура-Канеба, Иса-Путумайо, Нано, Маральон, Уальяга, Укаяли, Бени және тағы бірқатар ұсақ өзендер басым Анд тауларынан алады.

Бұл өзендер Анд тауының шығыс беткейіне көп түсетін жауын-шашынның суымен, еріген қар суымен, мұздықтардың суымен қоректенетіндіктен, жыл бойы суы мол, режімі өте күрделі болып келеді. Амазонияның жоғарғы ағысындағы сол жақ салалары, басым экватор Андысынан алады, сондықтан көктемде сәуір-маусым аралығында тасыйды. Ал Перу мен Боливияның Андысынан басталатын оң жақ салалары желтоқсан-ақпан айларында тасыйды. Тиісінше осы екі кезінде судын деңгейы көтеріліп Маральон ойпатында амазонканың жоғары жағында өзен арнасына шығып жайылады. Су деңгейінің ең жоғары көтерілген кезі ақпанның алғы мен шілде аралығында, екінші көтерілу кезені – қазан-қаңтар аралығында орта ағысында су денгейі 12-15 метр көтеріледі, ал шаялмасы ондаған км-ге созылады. Өзеннің сағасында ені 200 км-ге дейін жетеді, бірақ Амазонка алып өзен болып көрінбейді, өйткені ол сағасында бірнеше бөліккеи аралдар арқылы бөлініп жатады.

Шығыс Амазония өзендер үштік шөгінділерге терең бойлап енеді, өзендердің жағалары тік беткейлі, “барраннос”деп аталатын шұғыл шығыңқы бөлігі, қызғылт түсті латерітті қабаттан тұрады. Өзендердің шоңғалдарымен иірілмдері өте көп. Өзендердің Амазонка не мұхитқа құятын сағалары кең, кеме қатынасына қолайлы.

Амазонканың салалары өте терең 20-25 метр, Обидус бойында 90 метрге дейін тереңдейді, тіпті, жатышаның шағын өзендері- «игарапес» те терең, суы мөлдір бірақ өсімдіктердің шіріген қалдықтарынан «қара өзендер», «риос негрос» деген атқа не болған.

Маусым – тамыз және қазан – желтоқсан айларында Амазонканың су шығыны су тасу кезімен салыстырғанда екі есеге шуық төлендейді.

Амазонканың су деңгейін тек жаңбыр сулары ғана емес, сонымен бірге толысу толқындары ағады.Тереңдігі 7,5 метр кем болатын Амазонканың сағасында толысу толқындары қатты 5-10 км жерден естілетін дыбыс шығарып ағады, биіктігі 4-5 км жететін жол “пророка” деп аталатын бұл ағыс, жағалары бұзып, жайылманы суға басады. Амазонканың осы төменгі сағасында, ленидосисены деп аталатын балықтар мекендейді.

 

1.4. Топырақ жамылғысы мен өсімдіктер және жануарлар дүниесі

Ұзақ уақыт су басып жататын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандарын Бразилияда “каа-игано” деп атайды.

Өзеннің биік жайылмасы қатты телімденген, төрттік террасалары – Амазонка базисінің өзгеруінің куәгерлері іспетті. Гинияның өсімдіктер типі, қысқа уақытқа ғана су басатын және тіпті жыл сайын да емес, “варзеа” деп аталады, олардың ені 200 км-ге дейін жетеді. Амазонка нуына енетін жақсы зерттелген. “Иганоға” қарағанда “варзеадағы” өсімдіктердің түр құрамы бай, биік әрі қалың өскен. Панайя, әр түрлі пальмалар, ағаш сүрегі бағалы алуан түрлі ағаштар хина ағашы, каучук ағашы “гевея”, Амазонка өзенінде өсетін жапырағы 1,5метр жететін Виктория-Регия өсімдігі, салмағы 30 кг-дық 12 жастағы баланы жапырағы көтере алады.

Ағаш сүрегі жұмсақ “ақ”тұқымды ағаштың түрлері, биіктігі 30 метрге дейін жебеді, олар әр түрлі пальмалар, соның ішінде жаварн пальмасы фикус ағашы, ассану өсімдігі, жемісі пысқан кезде револьвердің аталған оғындай тарс етіп жарылады және тағыда басқа әдетте үш ярус құрайтын өсімдіктер өседі.

Бийігірек жерлердін өсімдіктеріне ылғалды экваторлық ормандардың сипатты белгілері тән: көпярусталық (төрт ярусқа дейін), алакөлеңкелі, лиана мен эпифиттердің алуан түрлілігі, алып ағаштарды көп болуы, көптеген аса бағалы өсімдіктердің болуы. Батыс Амазония ландшафтісының негізгі типі «ЭТЭ» немесе «қатты жер» деп аталады, үйткені су тасу кезінде бұндай жерлерді су баспайды, сондықтан бұл жерлердің өсімдектері алуан түрге бай.

Ұзақ уақыт дамудан өткен үгілу қыртысының қалыңдығы ондаған метірге жетеді; топрақ жамылғысының үгілу қыртысынан ажырату өте қиын, үнемі шаялудың нәтежесінде топрақ жамылғысы сілтеленген, күлгінденген, қышқылданған ақшылтын түске ие болған. Топрақтың төменгі қабаттарында темір мен аллюминийді қалдық тотықтары болғандықтан қызғылт түске ие, ал жоғарғы қабаттарында кварц болғандықтан куледауытты болып келеді. Ағаш жапрақтарының үнемі түсуі, ағаштардың шіруі, микроағзалардың тіршілік әрекетті ылғалды экваторлық ормандардағы топрақтардың құнарлығынын сақтауға әсер етеді. Этэнің ормандарына адам баласының қолы тимеген, тек өзен жағалауында өскен гевея сияқты аса бағалы ағаштар ғана кесілген немесе қийылған. Биіктігі 30-35 метр, кейде тіпті жекелеген ағаштарының түрлерінің биіктігі 60 метрге дейін жететін «ЭТЭ» ормандары ішінде хош иісті орхизияларымен қалындығы мен ұзындығы әр түрлі болатын шырмауық өсімдіктер шаналарымен шырмалған. Глияда өмір сүретін жануарлардың түрлері өте көп болғанымен, саны жағынан аз. Қалын ну жыныстарда жануарлардың қандай түрлері өмір сүре алады екен?! Бұл жануарларға жер жетпей ме? Оларға ағашты өмір сүруге бейімделу керек, немесе ұзақ уақыт суда өмір сүруге бейімделу керек. Содықтан Амазонияда тіршілік ететін жануарлардың құйрықтары ағаштың бұтақтарымен діңдеріне өрмелеген кезде орын алатындай ұзын, мықты болуы керек.

Ағаштарда өзін жақсы сезінетін жануар ол әрине, маймылдар; Амазонияның маймылдары әдетте кеңтұмсықты, құйрықты болып келеді. Олардың ең жарқын мысалы-жалқауаңдар, Оңтүстік Америкаға тән эндимек жануар, ағаштардың бұтақтарында салбырап, жергет түспей, төрт алғымен бірақ бұтаққа ілініп, арқа жағымен жерге, іш жағы жоғары қаратып, салбытап тұрады. Олардың ұзын күлгін түсті қалың түпкірінің арасында, гинияның ылғалды ауасының әсерінен балдырлар өсіп, жалқауаңдарға жасылтым түс береді. Маймылдардан басқа ұзын, орын алатын құйрығы бар әр түрлі отрядынан-жайран, жыртқыштардан-жанаттар ұясына жататын , қалталылардан-опоссумдар, құмырсқаны жегіштер және т.б.

Ағашта өмір сүретін жануарларды аулайтын Оңт.Американың мысықтары да ағашқа жақсы өрмелеп, секіреді ірі ягуар мен оңелот – теңбел тұқамдастар, сұрқоңыр пума мен ягуаранды-гилияның ең басты жыртқыштары. Олардан кейінгі жыртылған шығатын жыртқыштар-экземин жануар-жанды қасқыр мен бұта арасында жүретін – желетігін жерде аулайды.

Толық тістілер емес отрядына жататын жерде тіршілік ететін ауның бірі-ұзындығы 2 метрге дейін жететін алып броненосецтар.

Ылғалды батпақталған топырақта өзін яноттық туысы, эндемик жануар қызылтұмсықтар, куницалар, саз құндыздар, скунстар, ұзындығы 3 метрге жететін құмырсқа жегіштер жақсы сезінеді.

Жутуяқтылардың өкімі су шошқасы-пекарм, тақтуяқтылардан-ұзақтұмсықты тапир тіршілік етеді. Қосмекенділер мен кесірткешілер Амазонияда өте көп және алуан түрлі, бақалары ұрық шашу үшін тіпті ағаштан батпаққа түсу қажет емес, өйткені гилеяның ауасы өте ылғалды.

Амазония ормандарының ең қауіпті бауырмен жорғалаушылары тірі лианалар яғни жыландардың көптігі. Ағаштардың бұтақтарына оралып, кейде салбырап, түрлі – түсті денесіндегі суреттермен өз жемтігін аңдын тұрады. Олардың ең қауіптісі ұзындығы 4 метрге жетеді, жуандығы адамның санының жуандығындай жергілікті халық суруруку деп аталатын тікенқұйрықты-бушмейстер жылына, жолындағының бәрін үркітіп, орман ішінде сусындайды гремучка, асынд және жакарака жылындары.

Ұзындығы 5-8 метр жететін воа мен ұзындығы 11м жететін анаконда суда мекендейді. Кейбір тасбақаларының басы жыландарға ұқсас, аса ірі аррау тасбақасын еті мен жұмыртқасы үшін аулайды.

Жыртқыштар мен судағы жыландардан қашан құтылмақшы болған тірі жан Оңт. Американың өзендерінде тіршілік ететін аллигаторларға, каймандарға тап болды. Крокодилден де қаіпті ұзындығы 30-40 см болатын жыртқыш балық пираньа, көзді ашып – жұмғанша кез келген тірі денені қаңқасына дейін жоқ қалады. Аранайма (пираруку) балығы аса ірі Амазонкаға сәйкес келетін, тәтті теуге жаралды балық, оның ұзындығы 5 метр, салмағы 200 кг-ға дейін жетеді. Балықтардың Амазонкада 2 мыңға жуық түрі мекендейді. Амазонканың теңізбен ұқсастығын, теңізде мекендейтін-скаттар тұщы су дельфины-иния, ламантиндер көрсетеді.

Өсімдік тектес қоректің молдығы, тұақты жоғары t мен ылғалдың болуы, органикалық өнімдердің қарқынды түрде ызырауы тірі организімдердің тек ағашта, жерде, суда ғана емес, ауада да көп болуын қамтаасыз етеді. Ағаштар, бұтақтар, жапырақтар арасындағы кеңістік, ормандардың үстіндегі 50 метр биіктікке дейінгі аралық өте көптеген құстар мен жәндіктердің, жарқанаттардың иегігі. Сүйкімсіз жарқанаттардың тобы жәндіктерді, жемістерді жеп, тіпті жануарларға да қауіп төндіреді. Жарқанат вампирлер өздерінің үшкір азуларымен, кішкентай жарқанатты кеміріп, қанын сорып алады, кейде тіпті ұйықтап жатқан адамға да шабуыл жасайды.

Маймылдардың, жауқауаңдар мен пекаридің ең басты жауы, құстардың ішіндегі ең қауіпті жыртқыш – гарпия. Жемтіктермен, өлекселермен қоректенетін урубу-грифы өзінің санитарлық қызметін тұрғын үйлерге жақын жерлерде ерікті түрде атқарады. Құстардың өте әдемі дауыспен сайрауын гилея ормандарында сирек естисің, оның есесіне құстардың көбі өте жағымсыз дыбыс шығарады. Түрлі-түсті құстардың түсі әдемі гүлдердің жоқтығын толықтырғандай. Көк, алқызыл, көгілдір, көк-сары, жасыл-қызғылт, сұр түсті тангарлар қанатын жайғанда 1,5 м жететін ара тотықұсы, жасыл түсті ұсақ амазондар (оңтүстік Америкада тотықұстың 13 экземик түрі мекендейді), қарқылдауық сараң тукандар, виктория – регил жапырағының үстінде алтын түсті қауырсындарын жайған құтандар, салмағы 2-3 г болатын «ұшатын бағалы құстар» - колибрилер – бұлар тек Амазонканың алуан түрлі құстарының кейбір өкілдері ғана.

Игапоның құстары өз алдына ерекше қызығушылық туғызады - өте сирек кездесетін гаоциндер, олардың қауырсыны жоқ балапандары ағаш діңдерінде ежелгі құс археоптериксті еске түсіреді.

Гилея ормандары жәндіктер мен өрмекшілердің жүздеген мың түрлерінің мекені.

 

II тарау. Табиғат ресурстары

 

2.1 Минералды ресурстары

Жердің қойнауынан алынатын пайдалы қазбаларды минералды ресурстар деп атайды.

Пайдалы қазбалар – жер қыртысындағы табиғи минералды заттар, техниканың қазіргі дамуы жағдайында, жер қойнауынан экономикалық тұрғыдан өте тиімді алынып, халық шаруашылығында табиғи күйінде не өңделгеннен кейін қолданылады. Қазіргі кездегі шаруашылық минералды шикізаттың 200 түрін қолданады. Амазонка ойпатының ең басты байлығы – мұнай, газ, және кенді пайдалы қазбадан қалайының мол қоры бар.

 

2.2 Агроклиматтың ресурстар

Дүние жүзіндегі шиеленіскен азық-түлік проблемасын шешудің ең басты шарты ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді ұйымдастыру, жергілікті жердің климаттың ресурстарын дұрыс есепке алмай оны ұйымдастыру мүмкін емес. Климаттың жылу, ылғал, күн сәулесі сияқты элементтері, сол сияқты топырақтың құрамындағы қоректік заттар өсімдіктің өсіп өнуі үшін қажетті шарттар болып табылады, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің басты шарты. Сондықтан агроклиматтың ресурстар деп, ауыл шаруашылығы өнемдерін өндіру үшін, қажетті климаттың ресурстарды түсінеміз.

Жылу қоры шексіз, барлық жерді 8000 0 тіпті 10000 0. Өсімдіктер жыл бойы өсіп өнеді, ең суық айдың орташа t0 –сы +20 0C-дан төмен түспейді. Мәдени өсімдіктердің тропиктік, экваторлық түрлері өсіріледі – кофе ағашы, какао ағашы, құрма пальмасы, банан, маннока, батат, кассава, хика ағашы.

Тура күн радиясының мөлшері жоғары болғандықтан, көп ярусты агроценоздарда, кейде әдейі қалтырылған биік ағаштардың көлеңкелерінде өсіреді. Қоңыржай белдеудің өсімдіктері тек биіктаулы аударда, ыстық белдеудің шегінен тыс жерлерде ғана өседі.

 

2.3 Су ресурстары

Су ресурстары – бұл пайдалануға жарамды өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы, жер астындағы тұщы су. Дүниежүзілік шаруашылықтағы судың маңызын бағалау өте қиын. Экономиканың барлық салаларында су пайдаланылады: энергтикада электр энергиясын, өндіреді, ауыл шаруашылықтарда егістік жерлерді суарады, өндірісте, тұрмыста және т.б. Су ресурстарын қатынас жолы ретінде, балық шаруашылығын өркендету үшін, демалыс орындары аймақтары ретінде қолданады.

 

2.4 Жер ресурстары

Жердің табиғат ресурсы ретінде ерекшелігі, оның құнарлылығы болып табылады. Тек жер ғана, оның ең беткі құнарлы қабаты – топырақ қана биомасса өндіруге қабілетті. Топырақтың құнарлылығы оны дұрыс, ұқыпты, тиімді пайдаланғанда ғана артады. Ал дұрыс күтіп, баптамаса, жердің құнарлылығы жойылып, топырақ қабаты бұзылады, жарамсыз жерге айналады. Амазонка ойпатында егістік агроландшафтылары бар – жоғы бүкіл ойпат ауданының 1-2% ғана алады. Амазонка ойпатының агротабиғи қуаты өте төмен, өйткені ылғалды экваторлық ормандарды ауыл шаруашылығы мақсатында игеру өте күрделі. Бірақ қалыптасқан жағдайдың ең басты себебі – осы өңірді мекендейтін мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік дамуының төмендігі, мамандығы бар еңбек ресурстарының жоқтығы, қазіргі заманға сай ауыл шаруашылығы өндірісіне қол жеткізу үшін қажетті қаражаттың жоқтығы.

 

III тарау. Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану проблемалары

Экосфера жағдайында өсімдіктердің әсері өте маңызды десек, бүкіл дүниежүзінің фитомассасының 85% құрайтын Амазонияның өсімдіктері, ормандары шешуші екені түсінікті.

Шынында, Амазонияның ормандарының дүниежүзілік су айналымындағы, көмірқышқыл газы мен оттегі айналымындағы маңызы өте жоғары.

Дүниежүзінің ормандары дүниежүзінің су режимімен климаттың басты ерекшеліктерін реттеп отырады. Экваторлық ормандар биологиялық алуан түрліліктің қоймасы, жануарлар түрлерінің 50% мен құрлықтың 6% өсімдіктер дүниесін сақтап отыр. Ормандар дүниежүзілік ресурсқа отын көзі, қағаз, дәрі-дәрмек, бояу, каучук, жеміс түрінде де үлесін қосуда.

Адам баласы шаруашылық әрекетінің нәтижесінде 10 миллион квадрат километр орманның көзін жойды, бұл құлықтағы фитомассаның 36% деген сөз. Орманды құрытудың ең басты себебі, халық санының өсуіне қарай, егістік пен жайылым жерлердің ауданын ұлғайту қажеттігі туындады.

Ылғалды тропиктік ормандардың аумағына қоныстану және антропогендік әсер ету біртіндеп жүзеге асты. Ең алғаш осындай ормандар зонасына адамдардың қоныстануы Оңтүстік – Шығыс Азия мен мұхиттық аралдарда 25-40 мың жыл бұрын, амазонияда – 10 мың жыл бұрын, африкада – 3000 жыл бұрын, Мадагаскар мен Жаңа Зеландияда бұлардан кейінірек басталған. Қоныстанушылар негізінен аңшылар мен терімшілікпен айналысатын тайпалар болғандықтан ормандағы әсері мардымсыз болды. Бірақ соңғы 200 жыл ішінде бұл зонада плантацилық ауыл шаруашылығы пайда болып, қант құрағы, темекі, кофе, какао, чай, кокос жаңғағы, майлы пальма сияқты өнімдерді сату үшін өсіре бастады. II дүниежүзілік соғыстан кейін ұзын, түзу, қатты ағаш сүрегіне деген сұраныс пайда болып, көбейді. Осы кезден осындай ағаш сүрегін өндірудің технологиялық әдістері жасалып, 1950 жылдан бері ағаш сүрегінің экспорты 16 рет өсті. Сол сияқты бұл аймақтағы халық саны да өсіп, ормандардың азаюына, ормансыздануға әкеп соқты.

Амазонканың бойындағы ормандардың көп бөлігі жойылды деген пікір кең тараған. Бірақ әр түрлі зерттеушілердің берген бағалары бойынша, ормансыздану жылдамдығы жылына 15—20 мың квадрат километрді көрсеткен, осы аймақты игеру кезінен, яғни 1970 жылдан бері ормандардың жалпы жойылуы бүкіл орманның 6% құраған, яғни бұл 5 миллион квадрат километр жердегі орман болған.

Амазониядағы ормансыздану көлемінің бағасын Д. Скоул (АҚШ) өз әріптестерімен мынадай қатынас арқылы көрсетеді.

чо = впл – 3 вл + ввл

б9л жерде чо – чистое обезлесение -таза ормансыздану

впл – вырубка первичного леса - алғашқы орман ағаштарын кесу

звл – зарастание вторичным лесом – екінші орман ағаштарының өсуі

ввл – вырубка вторичного леса – екінші орман ағаштарын кесу

Орманның «игерілген» яғни кесілген жерлері, орманның іші емес, экваторлық ормандар мен саванналардың шектесетін аймақтары, Амазонияның Оңтүстік батысындағы Мату – Гросу мен Рондония штаттарындағы жерлер.

Амазонияның экваторлық зонасындағы антролпогендік ландшафтылардың кеңеюіне жол құрылысы да басты роль ойнауда. Мысалы, 1950 жылы Белем – Бразилия автомобиль жолы салынғаннан кейін, 2 млн. артық адам ондаған жылдардың ішінде осы жолға таяу жерлерге қоныстанған.

Негізгі жолға қосымша тармақтар орманның ішіне қарай 80 км-ге дейін еніп Бразилияда салынып жатыр. Содан кейін жер беті әрқайсысы 100 га болатындай етіп бөлініп, негізгі жолға шығады.

Амазония ормандарының азаюының басқа бір себебі – су қоймалары мен бөгеттердің салынуы, пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру мен өңдеу.

Амазония алабында орналасқан кейбір мемлекеттердің орман алаптарын шаруашылық тұрғыдан игерудің мемлекеттік бағдарламасы бар. Ылғалды тропиктік ормандардың азаюына әкеп соқтыратын өте көптеген себептер бар. Олардың бірқатарына мыналарды көрсетуге болады:

а)  Ірі мал өсіруші фирмалар мен, қоныстанушы – шаруалардың жаңа жерлерді жайылым, плнтация, егістік жер жасау үшін игеруі.

Б) Жаңа жолдардың салынуы, аймақты ары қарай отарлап игеру үшін тірек болып тбылады.

Игерудің ең басты қиындығы – орман өсімдіктерінен тазартылған жерлерге, өсімдіктердің тез қаулап өсуі. 5 - 10  жылда кесілген ормандардың орнында биіктігі 8 метрге жететін 50 – 75 түрлі ағаштар өскен.

Сондықтан нақты ормансыздану ауданы, жыл бойы кесілген орманның көлемінен аз болады.

Орманды кескеннен кейінгі проблема, ол жерді ауылшаруашылығына жарамды жер ретінде тұрақты пайдалану. Амазонияда орманнан тазартылған жерлер бар жоғы 5 жыл ғана өңделеді, 5 жылдан кейін топырақтың құнарлылығы кеміп, ол жерді тастауға тура келеді.

Ағаш сүрегін дайындау. Тропиктік ормандарда ағаш сүрегі бағалы өсімдіктерді таңдап кеседі. Оларды орманнан жолға шығару кезінде, орманның маңызды бөлігіне зақым келеді.

Зерттеушілердің мәліметі бойынша, бір кесілген ағашты жолға шығарғанда, екі ағаш өледі не зақым келеді екен (кейде тіпті одан да көп).

Сондықтан ағаш дайындау кезіндегі геоэкологиялық нәтиже – орман аумағының қысқаруы емес, орман көлемінің азаюы емес, ормандардың деградациясы.

Ылғалды экваторлық ормандарды тиімді түрде игерудің қиыншылығы өте көп. Биогенді заттардың негізгі массасы ағаштарда болғандықтан, ағашты кескеннен кейін оларда жойылады, топырақтың түзілуі, қалыптасу жылдамдығы баяулайды.

Ормандағы ағашты кескеннен кейін ашық жерлердегі топыраққа күн сәулесі тура түседі, нөсер жаңбырлардың топырақты шаю әрекеті күшейеді.

Ылғалды тропиктік ормандардың топырағында фосфор мен калий тапшы, ал құрғақ тропиктерде – азоттың тапшылығы байқалады.

Құнарлы топырақтар арнайы жердерде, мысалы жанартаулардың беткейлері мен өзендердің жайлмалары мен сағасында болады.

Тұтастай алғанда, жылдың жауын-шашынның мөлшері қаншалықты көп болса, ылғалды маусым ұзаққа созылса, соғұрлым ауыл шаруашылығын жүргізу қиынға түседі.

Экожүйедегі табиғат компоненті байланыстарының өте күрделі болуына қарай, ондағы шамалы өзгеріс өте болжаусыз нәтижелерге апарып соқтыруы мүмкін. Мысалы, ағаштың белгілі бір түрінің құрғақшылық маусымда кейбір өсімдіктердің өмір сүруі үшін шешуші маңызы болуы мүмкін. Ондай түрлер ерекше назар аударуды қажет етеді.

Д. По мен Д. Сейерс (Англия) бойынша, ылғалды тропиктік ормандар орналасқан аудандарды басқарудың басты принциптері:

1. шаруашылық жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде геоэкологиялық шектеулерді еске алу

2. орманның өмір сүруі мен байланысты емес, тропикалық орманға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру жергілікті халықпен әңгімелесіп, шаруашылық жобасына жан-жақты баға бергеннен кейін ғана беріледі.

3. тропиктік орман жерді пайдаланудың басқа түріне, тек тропиктік орманды пайдалану тиімсіз екені дәлелденгенде ғана айналады.

4. Деградацияға ұшыраған орман ғана шаруашылық мақсатта пайдаланылады, табиғи орман қлпында сақталуы тиіс.

5. Ормандағы негізгі міндеті – биологиялық алуан түрлілілікті сақтайтын немесе су жинау алаптарында суды қорғайтын функция атқаратын аудандарға ерекше мән берілуі керек.

 

3.1 Өсімдіктер дүниесі және адам

811 млн. гектар жерді алып жатқан орманды алқап еліміздің баға жетпес ұлттық байлығы. Орман – жер шарының ең басты өндіргіш күші, оның тіршілік қабаты – биосфераның негңзгң энергетикалық базасы. Құрлықтың өсімдіктер дүниесінің 90 %-ы орман болғандықтан, табиғат жағдайының қалыптасуына әсер етуші процесстердің күн радияциас мен көлігі қышқыл газының жұтуы, оттегінің бөлініп шығуы транспорация т.б. параметрлері жоғары. Ірі масштабты табиғат процесстерін басқаруды орман ерекше орын алады.

Орман байлығының санитарлық гигиеналықө және емдік қасиеті ерекше, сонымен қатар орманның қоршаған ортаға табиғатқа беретін сұлулық, эстетикалық маңызына баға жетпейді. Орман атмосфераның химиялық құрамын қалыпты тұрақты жағдайда болуының негізгі факторы әсіресе оттегі көміртегі және азоттың мөлшерінің бір шектарға орман бір жылда 5-10 тонна көмірқышқыл газын сіңіріп, 10-20 тонна оттегін бөліп шығаратын анықиталған, сондықтан да орманды планетаның «жасыл өкпесі» деп атайды. Табиғат балансындағы орманның алоатын орны ерекше, себебі орман жапырақтары, ағаш қабықтароымен бұтақтары топыраққа түскен соң бактериялардың қатысуымен тыңайтқышқа айналады. Фотосинтез процессінің нәтижесінде өсімдіктер дүниесі өте белсенді, ерекше химиялық қосылыстар түзеді, ғалымдар орманды алқаптың ауа құрамында 300  га жуық химиялық қосылыстарды хош иіс тудыратын эфир майларының түрін анықтаған. Қылқан жапырақты ормандар мен қайың, және верба ағаштарының кейбір сорттары атмосфераны химиялық газдармен ластанудан сақтайды. Сондай-ақ орманның өндірісі қалдықтарының кейбір компоненттерін сіңіру қабілетінің қоршаған ортаны қорғауда маңызы зор. Қылқан жапырақты ормандар ауадағы ауру тудыратын микробтарды өлтіретін, сөйтіп «ауаны сауықтандыратын» фитонцид деген зат бөледі. Үлкен қалаларда қоршай өскен орманды парк белдеуі қала үшін таза ауаның қоры, әрі қаланы шаң тозаңнан, желден, дауылдан қорғайды.

Амазонка ойпаты, экологиялық проблемалар