Америка
Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Оңтүстік Америкаға жалпы сипаттама.
- Оңтүстік Американың құрылуы
- Оңтүстік Америкаға жалпы физикалық-географиялық тұрғыдан сипаттама
- Оңтүстік Американың халықтары
- Халқы және елдеріне сипаттама
- Оңтүстік Американың екіншң халықтары
- Оңтүстік Америка таулары
3.1 Оңтүстік Америкадағы Анд тауы
- Қорытынды
Америка немесе Жаңа Дүние дүниенің тұтас бір бөлігін құрайды, бірақ ұзын әрі енсіз Панама мойнағы арқылы жалғасқан екі ірі материктен тұрады. Оның ең енсіз және төменгі бөлігінде XX ғасырдың басында Панама каналы қазылған болатын. Бір кезде материктер өзара байланыспаған және олардың табиғаты дербес дамыған. Литосфералық плиталар шекарасында Кордилвер таулары түзілген кезде құрлықпен байланыс пайда болған.
. Өзінің пішіні жөнінен Оңтүстік Америка оңтүстікке қарай енсіздене түсетін үлкен үшбұрышқа ұңсайды. Материктің көлемі 18 млн. км-ге жуық.
Материктің жағалары аз тілімденгендіктен, порттар салуға қолайсыз. Материктің шалғай оңтүстігінде ғана аралдар мен шығанақтар көп. Мұнда Отты Жер архипелагы бар. Тік жартасты жағалар, судың күшті тасуы, жел мен жиі түсетін тұман — бұл ауданды теңізде жүзушілер үшін қауіпті етеді.
Ескі Дүние халықтарының Жаңа Дүниені ашқан уақыты әзірге нақтылы анықталған жоқ. Ғалымдар Америка жағаларына Европа тұрғындары да, Африка тұрғындары да жүзіп бара алды деп пайымдайдың мың жыл бұрын викингтер — Скандинавияның тұрғындары теңізді кезген кездерінде белгісіз жағаларға талай тоқтаған (қосарбетті қараңдар).
Викингтердің жарықтарынан кейін 500 жылдан соң европалық теңізде жүзушілер мұхиттың ар жағындағы материкті қайтадан ашты. Бұл кезде викингтердің ұлы ашулары мүлдем ұмыт болған, өйткені викингтер өз жаңалықтарын тіпті сезбеген де еді.
XV ғасырдың аяғында — XVI ғасырдың басында ғылым мен теңізде жүзудің дамуы Ұлы географиялық ашуларға жеткізді. Сауда мүдделері европалықтардың шығысқа, Азияға баратын теңіз жолын іздеуге мәжбүр етті. Кейбір саяхатшылар Африканы айналып өтіп, Үндістанға жол таппақ болды. Басқалар, мысалы X. Колумб, Жердің шар екенін негізге алып, мұхитта жүзіп, батысқа бет алды. X. Колумб өзінің ұлы болжамын дәлелдеу үшін ұзақ уақыт деректер жинады: көп оқып, карталарды зерттеді. Ол тәжірибелі теңізші, талантты ұйымдастырушы болатын.
Ержүрек теңізде жүзушілер 1492 ж. батысқа Үндістан жағаларына бет алған кезде Колумб кемелерінің жолында орасан зор континент бой көрсетті. Атлант мұхиты арқылы жүзу кезінде Колумб Солтүстік Пассат ағысын, Саргасс теңізін ашты. Ол Американың жағаларына төрт рет жүзіп барды, көптеген аралдарды ашып, материкке аяқ басты. Жаңа, европалықтарға белгісіз жерлердің ашылғаны айқын болды. Бірақ оның бар екені туралы ойды жаңа жерлерге жасалған екі экспедицияға қатысқан Америго Веспуччи айтқан еді. Білуге құштар әрі аңғарымпаз адам, ол жаңа жерлердің алгашқы сипаттамасын жасады, кейіннен ол оның есімімен аталатын болады.
Саяхатшылардан кейін Америкаға испан және португал шапқыншылары ағылды. Оларды жаңа жерлердің ғажайып байлығы туралы аңыздар қызықтырды. От пен семсердің күшімен бүтіндей мемлекеттер құртылып, талан-таражға түсті. Материктегі көптеген географиялық ашулар отар басып алудың осы кезеңімен байланысты.
Алайда географиялық ғылым үшін материктің табигаты үш ғасырдай белгісіз болып қала берді. Испан және португал отаршылары өз иеліктеріне ғылыми экспедицияларды жібермеуге тырысты.
Оңтүстік Американы зерттеуші алғашқы ғалымдардың ішінде неміс географы әрі саяхатшысы Александр Гумбольдт болды. XVIII—XIX ғасырлардың аралығында ол француз ботанигі Э. Бонпланмен бірге Оңтүстік Америка табиғатын зерттеу жөнінде экспедицияны қолға алды.1 Гумбольдт материктің алгашқы геологиялық картасын жасады, батыс жағалары тұсындағы ағыстарды сипаттады, жағалауға таяу аудандардың климаты үшін оның маңызын түсіндірді. Анд табиғатын зерттей келе, ол биіктік белдеу идеясын негіздеп берді.
Оңтүстік Американы зерттеуге орыс саяхатшылары да үлес қосты. XIX ғасырдың басында Бразилияда Н. Г. Рубцов пен Г. И. Лангсдорф басқарған орыстың крмплексті экспедициясы жұмыс істеді, ол Бра_зилия таулы үстіртінің ішкі ауданда-рының табитаты мен байырғы халқын зерттеді.
Совет ботанигі Н. И. Вавилов 1932—1933 жж. өзінің материкке экспедициялары кезінде егіншіліктің ежелгі ошақтарының орталықтарын және өзінің отаны Оңтүстік Америка болып табылатын кейбір екпе өсімдіктердің шығу тегін айқындады.
1.Оңтүстік Америкаға жалпы сипаттама.
1.1 Оңтүстік Америка мемлекетінің құрылуы
Испан жаулап алушылары Орталық Америка
жеріне келгенде тілі бойынша ғана әртүрлі
емес, сонымен бірге әлеуметтік даму дәрежесі
бойынша да әртүрлі сатыда тұрған халықтарға
тап болды. Кейін Оңтүстік Американың
батыс бөлігі бойынша етек жайған мемлекеттер
тізбегі осы жерден басталды. Сірә, бұлар
мемлекеттер ме, әлде мемлекеттер емес
пе деген таласты тарихты жазушылыр шешіп
жатыр. Ал археологтар жыл сайын дерлік
тропикалық ормандар қопаларында жаңа
қалалар жаңа храмдар тауып, Американың
осы жерінде жоғарғы және өзіндік сипаттағы
цивилизацияның болғанын дәлелдеп келеді.
Жинақталған материалдар бұл мідениеттердің
қалыптасуы, олардың гүлдену және құлдырау,
даму орталықтарының бір жерден екінші
жерге ауысып отыру тарихын негізгі сипаттарда
бағдарлауға мүмкіндік береді. Жазба материалдардың
жоқтығынан бұл халықтардың тарихын
көптеген кезеңдері мүлде жойылып
кеткен. Ал қазыр бұл халықтардың
тарихы мен цивилизациялары Ескі
Әлемнің ертедегі цивилизациялары
тарихынан кем емес көңіл аударуға
тұратындығында күмән жоқ.
XVI ғасырда жаулап алушылар
талқандаған және бүлдірген неғұрлым
ірі мемлекеттердің бірі «
Тынық мұхитқа қарай құлаған Анд тау жоталарының бөктерінде біршама үлкен емес тау аңғарлы аймақ жатыр. Мұнда тау өзендері жағалауларында тіпті біздің эрамыздан бұрынғы I мыңыншы жылда жасалған террастық суландыру жүйесі негізінде жоғары мәдениет орталықтары қалыптасады. Қазәр осы цивилизациялар тарихының көптеген кезеңдері мәлім. Біздің эрамыздан бұрынғы VI ғасырда таулы облыстарда алғашқы өокендеген мәдениет пайда болады. Куско аңғарында кечуа тілдес тайпалардың бірлестіктері шығады, олардың арасында инкилердің кейініректегі «империясының» қаһарлы билеушілері инкилерде болды. Ацтектердегідей инкилер мемлекетінің құүрылымынан да қалайда екі түрлі негіздің ұштасқанын байқауға болады. Бүкіл мемлекеттің, өміріне абыздар үлкен рөл атқарды. Жоғарғы мәртебелі инки күннің улы болып саналды және егіншілік табынуларда басты рөл атқарды- мәселен, Сана Инка өзінің алтың кетпенін жерге қадаған күн мен сағатта елде жүгери егісі басталды. Күнге табынушылық діни жүйеде өзекті орын алды. Инкилер мемлекетін 1531-1533 жылдары Писсаро жаулап алушылар талқандады.Дегенмен инка халқының испандықтарға қарсы күресі бұдан соң да 40 жыл жұрді. Бұл күрес одан кейінде тоқтаған жоқ. Соңғы бір көтеріліс тіпті XX ғасырда болды. Испандықтар инкилер мемлекетінің орталықтануын өз мақсаттарына пайдалануға тырысты. Олар кечуа тілінің одан әрі таратылуына жағдай жасады, христиан кітаптарын аударып, ауғыздарды осы тілде жүргізді, үндістермен қарымқатынаста кечуаларды пайдаланды. Кечуа тілі тек тіпті бертіндеп ғана Перуде ресми тіл болып танылды
1.2 Оңтүстік Америкаға физикалық-географиялық сипаттама.
Оңтүстік Америка – батыс жарты шардың оңтүстігіндегі
құрлық. Жерінің аумағы (аралдарымен қоса
есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн.
адам (2000).Солтүстіктен оңтүстікке
Геологиясы
Құрлық негізінен жазық және таулы-үстіртті болып келеді, бұл бөлік ежелгі Гондваналық Оңтүстік Америкалық платформада орналасқан. Платформаның қазіргі іргетасы архей-протерезойлық қалқандар түрінде (Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия) жер бетіне шығып жатыр. Ол кристалды тақтатас, гранитті гнейс пен кварциттен құралған. Абстракциялық жасы 1,5 – 4 млрд. жыл аралығында. Олардың арасында қат-қабаттық интрузия мен жанартаулық әрекеттер әсерінен қалыптасқан конгломераттар (Рорайма формациясы) кездеседі. Әсіресе Бразилия қатпарлығы ежелгі құрылымдарға көптеген өзгерістер жасап, қазіргі жер бедерінде Орталық және Шығыс Бразилия қалқандарындағы орталық массивтер мен тұқылды таулы үстірттер жүйелерін қалыптастырды. Олар бір-бірінен тектоникалық Парнойбо, Сан-Франсиску және Парана ойыстары арқылы бөлініп жатыр. Гвиана мен Бразилия таулы үстіртіне сәйкес келетін, тұтастай көтерілген аймақ аралығында өте үлкен алқапты алып жатқан Амазона, Ориноко, Ла-Плата ойпатты жазықтары қалыптасты. Жер бедері біртегіс, көбінесе батпақты, континенттік шөгінділермен жабылған қат-қабатты аккумулятті ойпаттар түрінде болып келеді. Юра-бор дәуірлеріндегі Оңтүстік Атлант мұхиты табанындағы тектоникалық қозғалыстар әсерінен Парана ойысында терең жазықтар пайда болды. Батыстағы Анд жүйесінің қалыптасуы герцин қатпарлығынан басталады, бірақ негізгі тау жасалу Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеудегі кейінгі альпілік қатпарланумен байланысты әлі де жалғасуда. Жанартаулардың атқылауы өте күшті болған Орталық Анд таулы қыратында терең тектоникалық жарықтар (грабендер) мен әрекетті жанартаулар жүйесі қалыптасты. Тау жүйесінің биіктеуі және Антарктида құрлығымен жақын жатуына байланысты плейстоцендік мұз басу жүрді. Патагония Андысының тау басы түгелдей мұздықтармен жабылған. Соның әсерінен Патагония Андысының батыс жағалауында мұздық жер бедері пішіндері мен жағалаудың фьордты және шхерлі типтері кездеседі.
Кен байлықтары.Оңтүстік
Америка қойнауы кен
Климаты. Оңтүстік Америка
дүние жүзіндегі ең ылғалды құрлық, әрі
жерінің басым бөлігі төменгі ендіктерде
орналасқандықтан күн сәулесін де мол
алады. Оңтүстік Америка 6 климаттық белдеу
деңгейінде орналасқан. Климаттағы өзгеріс
Игуасу сарқырамасы
Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең суы мол құрлық, басқа құрлықтармен салыстырғанда онда екі есе артық жауын-шашын түседі. Жер бетіндегі құрлықтың 12%-ын құрайтын оның аумағына дүние жүзіндегі өзендер ағынының 27%-ы тиесілі. Құрлық пішіні, оның климаттық жағдайы мен орографиялық құрылымы, жер бедері ірі өзен жүйелерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Ірі өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Дүние жүзіндегі суы ең мол өзен – Амазонка осы Оңтүстік Америкада орналасқан. Мұндағы өзендердің гидроэнергетикалық әлуеті өте жоғары. О. А. жеріндегі көл қазаншұңқырлары қалыптасу жолына қарай тектоникалық, мұздық, жанартаулық және лагуналық болып бөлінеді. Маракайбо, Титикака тектоникалық көлдерге, Буэнос-Айрес, Аргентина, Сан-Мартин мұздық көлдерге, Патус, Лагоа-Мирин лагуналық көлдерге жатады. Жалпы атпен “саларес” деп аталатын батпақты көлдерге Уюни, Салинас-Грандес жатса, Поопо қалдық көлге жатады.
Топырағы мен өсімдігі
Оңтүстік Америкадағы орман.
Құрлықтың топырақ-өсімдік жамылғысының қалыптасуы мен таралуы ең алдымен ылғалдану дәрежесіне тәуелді. Ұзақ уақыт құрлық жеке дара дамыған, органикалық дүниенің эндемизмі өте жоғары. Флоралық құрамы жағынан құрлықтың көпшілік бөлігі Неотропиктік, қиыр оңтүстік Голантарктикалық әлемге жатады. Неотропиктік әлем бес флоралық облысқа бөлінеді (Кариб, Гвиана, Амазона, Бразилия, Анд) және мезозойдан бері қалыптасқан көп түрлі өсімдіктердің эндемик формалардың көптігімен ерекшеленеді. Қазіргі флора бір кездегі Гондвана құрлығындағы ежелгі қоңыржай флора қалдығы мен неотропиктік флора өкілдерінің араласуынан қалыптасқан. Өсімдік түрлерінің 75%-ы эндемиктерге жатады. Олардың ішінен оңтүстік мәңгі жасыл шамшаты, бал пальмасы, чили араукарийі ерекше көзге түседі. Өсімдік жамылғысының таралуында белдемділік айқын байқалады. Құрлықтың көпшілік бөлігін құрамы мен аумағы жөнінен дүние жүзінде теңдесі жоқ ылғалды тропиктік орман алып жатыр. Орман өте тығыз, тек қана ағаштың 4000-ға жуық түрі бар, ағаштары бірнеше қабатты болып келеді, биіктігі 80 м, кейде 100 м-ге дейін жетеді. Оларға шарап пальмасы, алып сейба, жакаранда, пау-бразил, гуаякан, гевея, хинн ағашы, бразилия жаңғағы, какао, т.б. жатады. Бұл орман лианалар мен эпифиттерге өте бай, әсіресе, әдемі гүл ашатын хош иісті орхидеялардың 5 мыңнан астам түрі бар. Ылғалды тропиктік ормандар түр құрамы онша өзгеріске ұшырамастан 1000 – 1500 м биіктікке дейін көтеріледі. Бразилия таулы үстіртіндегі қызыл ферралитті топырақтағы саванна “кампос” деп аталады. Оның шөптесін бөлігі биік астық тұқымдастардан, бұршақ тұқымдастар мен күрделі гүлділерден, ағаштар қолшатыр тәрізді бөрікбасты мимозадан, кактустен, сүттігеннен құралады. Бразилияның солтүстік-шығысында балауыз беретін карнауба пальмасы өседі. Солт. бөлігінің Ориноко ойпатындағы пальмалы саваннаны “льянос” дейді. Қара шірікке бай, құнарлы саваннаның көп бөлігі кофе ағашы, мақта, банан, какао, маниок сияқты мәдени өсімдіктер өсірілетін плантацияларға айналған. Патагония жері қоңыржай климаттық белдеуге кіреді, оның батыс желдер жолында жатқан Патагония Андысында мәңгі жасыл субантарктикалық ылғалды орман таралған. Сонымен қатар лиана, мүк, қына, ағаш тәрізді папоротник, бамбук, магнолия кездеседі. Патагония үстіртіндегі құрғақ дала мен шөлейт белдемінде сұр-қоңыр тұзды топырақта биік шөптесін және ксерофитті бұталар мен аласа кактус басым өседі. Оңтүстік Америка көптеген бағалы ағаштар мен пайдалы өсімдіктердің отаны болып есептеледі. Оларға картоп, маниок, арахис, ананас, какао, томат, асқабақ сияқты мәдени өсімдіктер мен бромелия, настурция, канна, кактус сияқты бөлме және бақша өсімдіктері нақты дәлел болады.
Жануарлары.Парагвай анакондасы.Жануарлар дүниесі алуан түрлілігімен
және эндемизм дәрежесінің жоғарылығымен
ерекшеленеді. Орталық Америкамен бірге
Неотропиктік фауналық облысқа біріктіріледі.
Сүт қоректілерден қалталы тышқандардың
70-тен астам түрі, құмырсқа жегіштің 3 түрі,
сауыттылардың 20-дан астам түрі, жалқау
аңның 5 түрі, приматтар және ірі жыртқыштардан: қабылан, шибөрі,
оцелот, пампа мысығы, пума, көзілдірікті аю, жалды қасқыр, т.б. тіршілік етеді. Тұяқтылардан тапирдің
3 түрі, пекари, амазона бұғысы кездеседі.
Андтың биік бөліктерін терісі өте бағалы
аң – шиншилла мен америкалық өркешсіз
түйе – ламаның екі түрі (гуанако және
викунья) мекендейді. Құстардың 2,5 мыңнан
аса түрі бар, оның 90%-ынан астамы эндемиктер.
Әсіресе, басқа ешбір жерде кездеспейтін
нанду, ара, тинаму, кондор, колибри (500
түрі бар), тукан, гоацин, т.б. бар. Жәндіктер,
қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар
да алуан түрлі. Галапагос аралдарының
піл-тасбақалары (салм. 200 кг), анаконда
(ұз. 11 м), саламандра, аяқсыз амфибиялар,
игуана, боа, кайман соған дәлел. Мұнда
кездесетін жәндіктердің 5600-ден астам
түрінің 3400-ге жуығы эндемиктер. Тірі табиғат
байлықтарын қорғау мен сақтау мақсатында
Оңтүстік Америкада көптеген экологиялық
және биологиялық резерваттар мен ұл
Оңтүстік Американың политикалық дамуы.
1498 ж. Х.Колумб Оңтүстік
Америка жағалауындағы Ориноко
өзенінің атырауы, Пария
Оңтүстік Американың саяси картасы 12
егеменді мемлекет пен Франция иелігіндегі Гвиана мемлекеті және Ұлыбритания
мен Аргентина иелігіндегі даулы аумақтар
болып есептелетін Фолкленд (Мальвин)
аралдарынан тұрады. Мемлекеттердің барлығы
дерлік құрылымы жағынан – республика, оның ішінде Аргентина, Бразилия мен
Венесуэла – федерациялар республикалар.
Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 100 адамнан
артық. Урбандалу дәрежесі өте жоғары, құрлықта 3 ірі агломерация: Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Буэнос-Айрес
түзілген. Оңтүстік Америка Орталық Америка
және Вест-Индия елдерімен бірге тілдік-тарихи
ерекшеліктеріне байланысты Латын Америкасы елдері деп аталады. Индустрияландыру деңг
Мемлекет және территориясы |
Ауданы (км²) |
Халқы |
Халық тығыздығы |
Аргентина |
2 766 890 |
40 677 348 |
14,3 |
Боливия |
1 098 580 |
8 857 870 |
8,1 |
Бразилия |
8 514 877 |
191 908 598 |
22,0 |
Венесуэла |
912 050 |
26 414 815 |
27,8 |
Гайана |
214 970 |
770 794 |
3,6 |
Колумбия |
1 138 910 |
45 013 674 |
37,7 |
Парагвай |
406 750 |
6 347 884 |
15,6 |
Перу |
1 285 220 |
27 925 628 |
21,7 |
Суринам |
163 270 |
438 144 |
2,7 |
Уругвай |
176 220 |
3 477 778 |
19,4 |
Фолкленд аралдары |
12 173 |
2 967 |
0,24 |
Француз Гвианасы |
91 000 |
209 000 |
2,1 |
Чили |
756 950 |
16 454 143 |
21,1 |
Эквадор |
283 560 |
13 927 650 |
47,1 |
Оңтүстік Георгия және Южные Сандвичевы аралдары |
3 093 |
20 |
0 |
Барлығы |
17 824 513 |
382 426 293 |
21,5 |
Антропогендік табиғат комплекстері. Адамның Оңтүстік Американың табиғатына тигізетін әсері жергілікті тұрғындар егіншілікпен айналысып, ол үшін орман учаскелерін өртеген кезден басталады. Бірақ бұл өзгерістер материкке европалықтардың келуімен пайда болған өзгерістермен салыстырғанда оңша зор емес еді.
XVI ғасырдан былай табиғат байлықтары жыртқыштықпен пайдаланыла бастады. Жерді жырту, орман ағаштарын кесу, жайылымды мал шаруашылығының, басқа материктерден әкелінген жаңа өсімдіктердің пайда болуы материк табиғатын көп өзгертті. Мысалы, пампалардың едәуір бөлігі жыртылған немесе мал бағуға пайдаланылады. Жайылымдарды арамшөп басып кеткен. Пампа өзінің алғашңы бейнесінен айрылған. Бразилия таулы үстіртінің шығысында өсетін бағалы қылқан жапырақты ағаш — араукарий орманына толық құрып кету қаупі туып отыр. Материктің оңтүстік-батысында өсетін оңтүстік шамшат ориандары да жойылып барады.
Орталық Анд таулы үстірттеріндегі ламалар
Соңғы жылдарда өнеркәсіп орындары қалдықтарының табиғатқа теріс әсері артып келеді. Шетел капиталистері көп қалдық беретін табиғатты уландыратын «лас» өндірістерін өз елдерінен Оңтүстік Америкаға көшіруі табиғаттың ластануын күшейте түсуде.
Материкте біршама антоопогендік комплекстер жасалған. Олардың басым бөлігі Бразилия таулы үстіртінің пампаларына, саванналарына, Андтың ішкі таулы қыратына тән. Мәселен, тропиктік ормандар мен саванналардың орнына Африкадан әкелінген кофе ағашы плантациялары, ал пампаларда бидай мен жүгерінің ұшы-қиырсыз алқаптары, мал жаюға арналған қашалар пайда болды.
Амазония ормандары ерекше тез жойылып келеді. Трансамазонка автомобиль жолының (5000 км) қүрылысы сельваға жол ашты. Пайдаланудың қазіргі қарқыны кезінде бұл ормандар XXI ғасырдың басында құрып кетуі мүмкін. Амазонка ормандарын «планетаның тынысы» деп атайды, өйткені олар Жер атмосферасына қосылатын оттегінің үштен бірі береді. Міне, бұл ормандарды қорғау бүкіл адамзаттың мүддесіне сай келетіні сондықтан.
Оңтүстік Американың табиғатын қорғау туралы мәселе алғаш рет XX ғасырдың басында қойылды. Бірақ ондаған жылдардан кейін ғана кейбір елдерде қорғауға мұқтаж болып отырган жануарлардың тізімі жасалды. Қазір сүтқоректілер мен құстардың жүзге жуық түрлері қызыл кітапқа енгізілген.
Қорғауға алынған табиғат учаскелерінің көлемі бүкіл материк территориясының 1%-ін ғана құрайды. Көптеген елдер үлттық парктер мен қорықтар құруда, олар бір мезгілде туризм орталықтары қызметін атқарады.
Табиғат апаттары. Анд елдерінің халықтары үшін ең үрейлі табиғат апаттарының бірі — жер сілкіну. Әдетте, вулкандардың атқылауы, сондай-ақ теңіз түбінің сілкінуі мен цунамидің пайда болуы соған байланысты. Таудағы жер сілкіну тастардың төмен қарай домалауымен, үйінділер түзуімен, қар көшкінімен бірге жүреді. Қалаларда үйлер қирап, өрт шығады, ол халыққа орасан зор зиян келтіреді.
Амазония ормандарын жою
Табиғат апаттары жазықтарда да, мәселен, Ла-Плата ойпатында да болып тұрады. Бұлар — ұзақ жауыннан кейінгі өзендердің тасуы, материктің ортасындағы қуаңшылықтың жиі болуы, күтпеген суықтың түсуі. Оңтүстік Американың дамушы елдері үшін табиғат апаттары ерекше ауыр, халықтың күнделікті тұрмысын тез қалпына келтіру үшін олардың қаржысы жете бермейді
2 Халқы және елдері
2.1 Оңтүстік Американың халқы.
Оңтүстік Америка халқының құрамы өте күрделігімен көзге түседі. Мұны түсіндіру үшін материкте елдің қоныстану тарихын білу керек.
Алғашқы адамдар мұнда бұдан 20 мың жыл бұрын дерлік пайда болған. Бұлар ежелгі үндістер болатын, олар мұнда Солтүстік Америкадан келген. Олар бүкіл материкті қоныстанған көптеген тайпаларды құрады.
XVI ғасырда Оңтүстік Американы европалықтар жаулап алып, материкке қоныстана бастады. Алғашқы келгендер испандықтар мен португалдар, кейіннен Европаның басқа да елдерінің өкілдері болды.
Европалықтар үндіс халықтарының көпшілігін рулық-тайпалық құрылыс деңгейінде көрді. Андта ғана инктердің дамыған шаруашылығы мен мәдениеті бар ежелгі мемлекеті болған. Инктердің алып храмдары мен сарайларының қирандылары, жол тораптары, су құбырлары, суару каналдары осы күнге дейін адамдарды таң қалдырады.
Ғалымдардың зерттеулері үндіс халықтарының тауда ғана емес, жазықта да егіншілікпен айналысқанын, бөгеттер тұрғызып, жер құрғатқанын көрсетеді. Үндістер жүгері, картоп, арахис өсіруді бірінші болып бастады, бұлар қазір дүние жүзінің көптеген елдерінде өсіріледі.
Материкті европалықтардың жаулап алуы оның жергілікті халқына қисапсыз зардап әкелді. Инктер мемлекеті талан-таражға түсті. Атлант маңы аймақтарының үндістері құлға айналдырылды, ішінара құртылды немесе материктің ішкі жағына қарай тіршілікке қолайсыз жерлерге ығыстырылды. Үндістер санының азаюы европалықтарды жұмыс күшін іздеуге мәжбүр етті. Плантацияларда жұмыс істеу үшін негрлер — Африкалан күлдаю әкеліне бастады.
Сонымен, материкте қазіргі уақытта адамзаттың барлық үш үлкен нәсілдерінің өкілдері өмір сүруде. Келімсек халықтардың (европалықтар мен негрлер) өз арасында және байырғы халықтармен араласуы нәтижесінде халықтың құрамы керемет күрделене түсті. Европалықтардың үндістермен некелесуінен туған ұрпақтарды метистер деп атайды. Олар қазір көптеген Анд елдері халық бұқарасының негізін құрайды. Европалықтар мен негрлердің некелесуінен туған ұрпақтарды мулаттар, ал үндістердің негрлермен некелесуінен туғандарды самбо деп атайды. Негрлер мен мулаттар негізінен материктің шығысында тұрады.

- Америкалық ағылшын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері
- Америка: народ с традициями и обычаями
- Американизация русской культуры
- Американизмы в английском языке
- Американизмы в общественно-политической жизни США
- Американизмы в современном английском языке
- Американізми в англійській мові
- Аляксандраў прывілей 1492 г
- Амазонка ойпаты, экологиялық проблемалар
- А.Маршалл и его экономическая теория
- А.Маршалл-основоположник микроэкономического анализа
- Амбинат бытового обслуживания
- Амебиаз (амебная дизентерия E.histolytica)
- Амедео Модильяни