Қаныш Сәтбаев зерттеулері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ақтөбе мемлекеттік
педагогикалық институты
Факультет: Тарих
Кафедра: География
Топ:
306 топ
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Қаныш Сәтбаев
зерттеулері.
Орындаған: Кукеева Айгерім
Жоспар:
1. Кіріспе
1.1. Қаныш Сәтбаевтың өмірі.
1.2. Ұстаздық жолы.
2. Негізгі бөлім
2.1. Зерттеулері.
2.2. Қаныш Сәтбаев атындағы планета және мұздық.
3. Қорытынды
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Уақыт талабына сәйкес болашақ азаматтарға Қаныш Сәтбаев туралы жаңаша бағыт беру. Ел, халық тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде айтылып жүретін, ұрпақтан – ұрпаққа тарайтын, өмірге бейне бір үлгі - өнеге болатын абзал жан туралы халыққа жеткізу.
Зерттеу обьектісі:Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен зерттеулері
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.Қаныш Сәтбаевтың зерттеу
2.Зерттеу обьектілерін
деңгейлерін анықтау.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу көздері: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізді.
Курстық
жұмыс құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден,
негізгі бөлім және екі тараудан, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1.1.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы сәуірдің 12-сінде Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақкелін болысы, Шадра ауылында дүниеге келген. Қаныштың атасы Сәтбай Шотықұлы (1823-1902) Баянауыл өңіріне танымал, қадірменді азамат болған. Ол қажылық сапар кезінде Меккеде қайтыс болып, сонда жерленген. Қаныштың әкесі Имантай Сәтбайұлы (1845-1928) Омбы қаласындағы медреседе білім алған. Ал анасы Әлима Исақызы (1860-1904) Қаныш 5 жасқа келгенде қайтыс болған. Жас Қаныш Имантайдың бәйбішесі Нұрым Тасболатқызының (1850-1929) тәрбиесінде өтті. Сауатын ауыл молдасынан ашқан Қаныш 1911-1914 жылдары Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алады. 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. Онда Жүсіпбек Аймауытов. Мұхтар Әуезов сияқты көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Семинария қабырғасында өз әріптестерімен бірге Семейде ұйымдасқан қайырымдылық мақсаттағы шараларға қатысты. 1915 жылы Семейде Н.Құлжанованың жетекшілік етуімен өткізілген кеште Қаныш Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқумен көзге түседі. Ол Шәкәрім Құдайбердіұлымен тығыз байланысты болып, оның шығармаларын жоғары бағалады. 1917 жылы Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қабылдап, жаңа үкімет қазақтарға бостандық әкеледі деп түсінді. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау көрсетті. 1918 жылы семинарияны бітірген соң Семейдегі педагогикалық курста мұғалім, 1920-1921 жылдары Баянауылда халық судьясы болды.
1921
жылы Баянауылға емделуге
1929 жылы Қарсақбай мыс комбинатының геология барлау бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Көп ұзамай комбинаттың бас геологы болды. Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да: мәдениет саласында да; тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарда танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Қаныштың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылды. Қаныштың басшылығымен ғылым мен техниканың тығыз байланысын күшейту мақсатында және Қазақстанның экономикалық аудандарының өндіргіш күштерін зерттеу мен игеруге бағытталған Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының көшпелі сессиялары (Алтайда, Солтүстік Батыс, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда) өткізілді. 1948 жылы Қаныштың қолдауымен Алматыда, Орталық Азия геофизика тресі ұйымдастырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым Академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көргендіктің белгісі еді. 1941-1964 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдар институтының директоры, КСРО Ғылым Академиясының президенті (1946-1952) болды. 1952 жылы әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен шеттетілді.Қызметтен босаған соң Қазақ КСР Геология институтының директоры болып еңбек етті. 1955 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенттігіне қайта сайланып, бұл қызметті өмірінің соңына дейін атқарды.
1956
жылы Қазақ КСР-і Геология
1926-1929
жылдары кені мардымсыз өңір
болып саналған Жезқазғанды
Ол
– геология ғылымына қатысты әлемдік,
одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі
толып жатқан комиссиялардың, коммитеттердің
мүшесі, басшыларының бір; бірнеше мәрте
КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестің
депутаты; СОКП съездерінің делегаты,
КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік
және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі
комитеттің президиумының мүшесі. Ол 4
рет Ленин орденімен, 2-ші дәрежелі Отан
соғысы орденімен марапатталып, КСРО және
Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың
иегері болған. 1964 жылы 31-ші қаңтарда Москва
қаласында дүниеден өтті. Алматы қаласында
жерленген. Оның есімі институттар мен
кенметаллургия комбинатына, Қазақстан
қалалары көшелеріне, мектептер мен шаруашылық
аттарына берілген.
1.2. XX жылдары В.И.Ленин көтерген деректерге байланысты Қазақстанда ұйымдастырылған «Атбасарцветмет» тресіне жас инженер Қаныш келді. Олардың да кен өндіру жұмыстары жедел дами бастады. Осы кезде алдына қойған мақсат – Жезқазған – Атбасар аралығында жатқан кен көздерін барлап, өндіріске қосу еді. Сондықтан жаңа келген жас инженердің алдында осы өңірдің барлық қазба байлықтарын (Байқоңыр, Қияқты көмірі, Ұлытаудың мысы, сирек металын, Жезқазғанның мысын ашу) үшін Жезқазғанда тұрақты геологиялық – барлау экспедициясын құру негізгі мақсат болды. 1931 жылдың аяғында Жезқазған зерттелген руда қоры бойынша еліміздің мыс кенінің ішінде 1-ші орынға шықты. Бұл кезде Жезқазған – Ұлытау аудандарын зерттеумен шұғылданып қана қоймай, Орталық және Шығыс Қазақстанда да барлау жұмыстарының дамуына белсене қатысты. Ол Атасудың темірін, мысын, қорғасынын, Атбасардың мысын, Торғайдың бокситін жедел барлап игеру қажет екенін көрсетті, Орталық Қазақстанда қара металлургия Индустриясын құру проблемасын көтерді. Жезқазған аймақтарының руда байлықтарын тез арада еліміздің халық шаруашылығына пайдалану үшін қажетті мына мәселелерді алға қойды:
1. Атасу темірлі аудан арқылы Қарағанды көмір бассейні мен
Жезқазған аралығынан темір
2. Үлкен Жезқазған комбинатын салуға кірісу;
3. Комплексті геологиялық барлау жұмыстарын жедел
дамыту;
4. Жезқазған аудандарында ферро – марганец заводын және
басқа өндіріс орталықтарын
5.
Болашақ зор өндіріс
ету.
1937 жыл Қарағанды – Жезқазған темір жол құрылысы аяқталып, 1938 жылы Жезқазған комбинатын салу туралы үкімет қаулысы шықты. 1940 жылы Жезқазған – Ұлытау аймақтарын геологиялық зерттеудегі үздік жетістіктері үшін Қанышты СССР Жоғарғы Советінің Президиумы Ленин орденімен наградтады. Көп жылдар бойы өндіріс құру жұмыстарын басқарудағы, ауыр индустрияны (материалды) минералды шикізаттармен қамтамасыз етудегі қажырлы, жігерлі еңбегімен, парасаттылығымен көзге түсті. 1942 жылы СССР Ғылым Академиясы Қазақ филиалының председателі болып тағайындалды. 1946 жылы қыркүйекте еліміздің шығыс халықтары өкілдерінің ішінде 1-ші болып СССР Ғылым Академиясының академигі болып сайланды. Ғылым Академиясын басқара отырып, ғылымның барлық салаларында жас кадрлар тәрбиелеп, даярлауды басты мәселе деп есептеді және оған тікелей қатысты. Ғылыми кадрлардың саны және сапа жағынан өсуіне ерекше көңіл бөлді. Ғылым Академиясының қасында осы күнге дейін табысты жұмыс жүргізіліп келе жатқан аспирантура құрылды. 1944-1970 жылдар аралығында академия 1500 шамасында ғылым кандидаттарын, 150-ге жуық ғылым докторларын даярлап шығарды. Қаныштың үлкен қамқорлығы арқасында Қазақстанда геологиялық проблемалардың қандайын болмасын көтеруге және оған байланысты мәселелерді шеше алатын қабілетті ғылым докторлары даярланды. Ол өзімен кеңесушілердің жасына қарамай бәрін үлкен ықыласпен, бар көңілімен тыңдап, ақыл - өсиетін айтатын, үлкен – кішімен бірдей сыпайы сөйлесетін. Ол уақыттың тығыздығына қарамастан аспиранттармен, студент жастармен жиі араласып тұрды. Аспиранттардың қолбасшы бола отырып, ол әкелік қамқорлықпен студенттерді де қабылдады, Қазақ тау – кен институты емтихан комиссиясның председателі болып, көптеген жас инженерді өмірге аттандырды, ол жастарды оқыта білді, оларға әсер ете білді, ой арманын түсіне білді. Міне, сондықтан да 60-70 жылдарға дейін даярланып шыққан жас инженерлер, ғалымдар буыны Қанышты зор мақтанышпен, үлкен ризалықпен өзінің оқытушысы, қамқоршы, қолбасшы деп санайды.
Мұнай
– химиялық синтез және полимерлер
алу үшін Ембі мұнайын зерттеуді ұйымдастырудың
пайдасы туралы дәлелді деректер келтіріп,
көп кешікпей жоғары молекулалық қосындылар
химиясы мен полимерлер өнеркәсібі лайықты
орын алатын Қазақстанда химия дамуының
болашағын сипаттап берді. Қаныш жеке
архивінде орыс тілінде 534-і, 641 ғылыми
еңбектің авторы, қазақ тілінде 98 ғылыми
еңбектері мен мақалалары бар.
2 .Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасаған Қаныш бұл кеннің аудандарының кең көлемдегі геологиялық – барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеді. Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс – Қарағанды каналының қазылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол тікелей басшылық еткен металлогендік және болжам картасын жасау үшін ең алдымен (Сарыарқа) сол кезге дейінгі геологиялық зерттеуі жөніндегі мәліметтер жиналды. Сарыарқаның геологиялық дамуының 6 кезеңі (палеозойға дейінгі, ерте каледон,соңғы каледон, ерте варисс, соңғы варисс, киммер-альпі) анықталды және әр кезеңнің геологиялық құрылысы мен металлогендік ерекшеліктеріне тән негізгі элементтік құрылымы табылды. Халықаралық номенклатураға сай бірнеше стандарттық беттерден тұратын картаның жеке беттерінде мынадай геологиялық материалдарды қамтиды:
1. Әр беттің геологиясы мен металлогениясының негізгі
өзгешеліктерінің сипаттамалары;
2. Металлогендік формацияға
кендердің басты сипаттамалары;
3. Жеке кендер мен кентас
4. Бұлардың бәрі тіркелген
5. Кендер мен кентас белгілері жөнінде толық мәлімет алуға
болатын бастапқы әдебиеттердің тізімі;
6. Әр беттің әр уақыт үшін тиісті белгімен көрсетілген
геологиялық зерттелуінің
7. Шлихтық және геофизикалық
картасы;
8. Геологиялық – құрылымдық
9. Әр беттің пайдалы
мен магматизммен беттестіру картасы;
10.
Жеке беттердің кешенді –
11. Әр бет аумағында болжамдық мақсат үшін жасалған фран,
фамен, этрен, жоғарғы
палеогеографиялық картасы;
12. Әр бет үшін темір мен марганец (екеуі бірге), мыс, полиметалл,
сирек металдар (вольфрам, молибден, қалайы) кентастарының
түрлі кезекте зерттелетін болжамдық алаңдарының және осы
металдардың күткен нәтижені беруі ықтимал алаңдарының
контурларын беттестіру (үйлестіру) картасы.
Бұл картаның тағы бір ерекшелігі – геологиялық барлау жүргізілетін аймақтар, болжам қорына қарай бірінші және екінші кезекте зерттелетін өңірлерге бөлінді. Метталогендік болжам картасын қолдау нәтижесінде үлкен табысқа қол жеткізді. 1958 жылдан бастап металлогениядан кеңес, симпозикм, конгрестер өткізілді. Қаныштың ашқан ғылыми мектебі Сарыарқаның металлогендік және болжам карталарының теориялық негіздерін, оның берген нәтижелерін сын көзбен қарап, Қазақстанның басқа аймақтарының, бүкіл республиканың осындай картасын жасауды мақсат етті. «Металлогендік дәуірлер», металлогендік формациялар», кентасты формациялар», генотиптер», т.б. сияқты жаңа ғылыми терминдердің мәнін анықтады. Қазақстан Ғылым Академиясын ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын институттарды, лабороторияларды, секторларды, базаларды сол кезде – ақ дұрыс жоспарлады. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қарады. Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысты. Жезқазған кен – металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия заводтарын, Ертіс – Қарағанды каналын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғат байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін, Қостанай мен Жезқазған – Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец,т.б. көптеген кен орындарын игеру Қаныш есімімен тығыз байланысты. Қаныштың бастамасымен 1940 жылдан бастап КСРО Ғылым Академиясының қазақ бөлімінде доктурантура жұмыс істей бастады. Онда жүздеген ғылым кандидаттары мен докторлары даярланып шықты. Оның 50-ден астамына ол тікелей жетекшілік етті. Халық ауыз әдебиетін зерттеуді Баянауылда жүргенінен бастап, студент шағында одан әрі жалғастырды. Ш.Уәлиханов жазып алған, әйгілі Едіге батыр жайындағы «Ер Едіге» эпосын қазақ тіліне аударғанда, 3 қасиетін ашып берді:
- Тілді сақтауға, дамытуға пайдалылығын;
2. Эпостағы шебер тілмен берілген ескі толғауларға назар
аударды;
- Қазақ халқының өткен тұрмысы, салт – сана, әдет – ғұрпы
суреттелген тарихын білуге құнды мағлұмат беретіндігін
көрсетті.
Қазақ халқының алып ақыны Абай кезінде ардақты адамдардың орны мен еңбегін бағалай келе былай деген:
Өлді деуге сия ма, ойландаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.
Ал қазақ халқының қазіргі аса дарынды ақыны Ә.Тәжібаев жасы кіші болғанымен, Қанышпен замандас болған, өмірлік ісін көрген, ұстаздық сөздерін өз құлағымен естіп, тоқыған адам, сол себептен де ол өзінің «Монологтар» деп аталатын поэмасында Қаныштың
аузынан шыққан бейнебір өсиеттік мәні бар сөздерді былайша шебер жырлайды:
Қадірлеңдер әр сағатын уақыттың,
Әр сағатты бір өмір деп қараңдар.
Қадірлеңдер, бір – біріңді, аяңдар,
Бір – біріңді бауырым деп санаңдар.
Ауырмасын ауыр сөзден жүректер,
Көңілдердің көркі сола қалмасын,
Қуанышқа мұздай тамшы тамбасын,
Күлкілерге күйік таңба
Мұның
өзі, әрине, әбден табиғи нәрсе, адам
атаулыға біткен көп жақсы қасиеттердің
бірі болды.
2.1. Өнеркәсіп орталықтарының бірі – Қарсақбай мыс заводы, Жезқазған мыс руднигі, байқоңыр көмір шахтасы болатын. Бұларды қайтадан қалпына келтіруге, одан әрі мықтап өркендетуге, сөйтіп, елімізге аса қажет мысты мейлінше мол өндіруге көптеген жұмысшылар мен инженер – техник қызметкерлер, алдымен коммунистер мен комсомолецтер, жалынды жастар келді. Сол алғашқы қарлығаштардың бірі 1926 жылы Томск қаласындағы тау – кен технология институтын ойдағыдай бітірген жас тау – кен инженері Қаныш Сәтбаев келді. Мұнда ол алдымен Қарсақбай мыс заводы үшін мыс кені қорын іздейтін геологиялық экспедицияда қатардағы инженер –геолог, кейін бас инженер –геолог болып қызмет атқарды. Сол кезден бастап инженер – геолог Қаныш Сәтбаевтың бүкіл Жезқазған өңірінің қазба байлығын жан – жақты зерттеу – тексеру, сөйтіп ел қажетіне пайдалану жөніндегі баға жетпес қызметі, нағыз ерлікке тең еңбегі өріс алды.
Қарсақбай мыс заводыын социалистік жолмен қайта құрып, қатарға қосу іске қатысу үшін өлкелік комсомол ұйымының шақыруы бойынша 1927 жылдың жазында комсомол жастарының тағы бір тобы келді. Солардың қатарында Ташкенттегі қазақ жастары арасынан келген токарь Әшір Бүркітбаев (кейін ол Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің бірінші секретары қызметіне дейін көтерілді, одан соң Свердловск қаласындағы Орал өнеркәсіп академиясын ойдағыдай бітіріп, 1934 жылы Алматыда ашылған кен – металлургия институтының (қазіргі В.И.Ленин атындағы политехника институты) тұңғыш ректоры болып қызмет атқарды. Қазалы қаласынан келген слесарь Сергей Строжников (бұл да кейін Ленинградта институт бітіріп, 1941 жылға дейін жауапты инженерлік қызметте болды) және Сақтаған Бәйішев Ақтөбе облысындағы Темір қаласынан келген. Өз зерттеулерінің нәтижесінде Жезқазған кенінде кентас қалыптасуының кейіннен дәлелденген 4 белгісін ұсынды:
- Тектоникалық белгісі. Жезқазған кенінің түзілуі қатпар түзуші тектоникалық процестердің аяқталған, құрылымдық элементтердің қалыптасып болған кезімен байланысты.
- Стратиграфиялық белгісі. Өндіруге тұрарлық кентас қызыл түсті Жиделісай свитасынан төмен орналасқан ортаңғы карбонның полмиктілік сұр құмтастары мен алевролиттерінде шоғырланған.
- Литологиялық – петрографиялық белгісі. Кентас сыйыстырушы шөгінді тау жыныстарының түйірлілігі әр түрлі; буларды біріктіруші керішті ыстық ерітінділер оңай алмастырады. Осы алмасудан пайда болған түйірлер арасындағы бос орындарда, қуыстарда, нәзік жарықшаларда минералдар жиналған.
- Құрылымдық белгісі. Жезқазған свитасының жоғарғы және төменгі бөлігіндегі кентас денелері бір – біріне көлденең (созылымдары 50º-330º) жарылыстарды қуалай орналасқан. Кентас сыйыстырушы осы жарылыстардағы гидротермалдық ерітінділердің таралуына бөгет болған қызыл түсті шөгінділермен жабылған.
30-шы
жылдары еліміз халық
Қазақ
ССР Ғылым Академиясының
Орталық
Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеуге
арналған Қазақ ССР Ғылым Академиясының
көшпелі сессияларында Қаныш
Сәтбаев Орталық Қазақстанда, ең
алдымен Қарағанды металлургия зоводының
кокс – химия цехтарының және Павлодардағы
мұнай өңдеу заводының, түсті металлургия
заводтарының қосалқы өнімдері негізінде
ірі химия өнеркәсібін ұйымдастыру үшін
зор мүмкіндіктер бар екенін атап көрсетті.
2.2. Планетаны 1979 жылы СССР Ғылым Академиясына қарайтын Қырым астрофизикалық абсерваториясының аға ғылыми қызметкері Н.Черных ашқан еді. Планета Марс пен Юпитер аралығындағы «астероид белдеуінде» Күнді айнала қозғалады. Сыртқы түрі бұрышты, ойлы – қырлы келген. Түсі қарасұр, қара – қоңырлау. Аспан денесінің көлемі шағын. Диаметрі шамамен 11 километрдей болады. Күнді айналып шығу мерзімі 3 жыл 4 ай. Ол Күннен 332 миллион шақырым қашықтықта. Эклиптикада қиғаштығы 5,169º. Оның орбитасы эклиптикадан 5,17º-қа дейін ауытқиды. Экцентритеті 0,131; орташ қозғалу жылдамдығы тәулігіне 0,2976º; үлкен жарты шарлық осі 2,2216 абсолюттік биіктікке тең. Абсолюттік жұлдыздық шамасы 13,2. Жерге барынша жақындауы 1 жыл 5 ай сайын қайталанып тұрады.
Қазақ КСР Ғылым Академиясы Астрофизика институтының ғалымдары Күн жүйесінің бір планетасына белгілі Совет ғалымы, Лениндік және СССР Мемлекеттік сйлығының лауреаты Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімін беру жөнінде ұсыныс жасаған еді. Бұл ұсынысты АҚШ-ң Кембридж қаласындағы Халықаралық планета орталығы қолдап бекітті.
Халықаралық планета орталығындағы алынған мәліметтерге сүйене отырып, жаңа планетаның орбиталық элементтерін есептеп шығарды. Сөйтіп, оны кіші планеталардың халықаралық каталогына енгізді. Сонымен енді, міне Жерден 100-деген километр қашықтықта, космос төрінде Қаныш Сәтбаев атындағы планета ұшып тұр.

- Қаңлылардың шығу тегі және тарихи кезеңдердегі орны
- қаптама құбырлы жылуалмастырғыш
- Қарағанды қалалық кәріз жүйелерінің инженерлік коммуникацияларын күтіп-ұстау
- Қарағанды мен жезқазан қалаларының ластану потенциалы
- Қарапайым актілерді белгілеп көрсету
- «Қарасу ет» ЖШС-нің шұжық өнім өндірісінің экономикалық тиімділігі және оны жетілдіру жолдары
- Қарбыздың құрылымы
- Қазіргі уақытта газды жерасты сақтау қоймалары болса да
- Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар
- Қайталау операторлары
- Қайта өрлеу мәдениеті және оның қалыптасу ерекшеліктері
- Қалдықтардың қалыптасуы
- Қалдықтар туралы жалпы түсінік
- Қамырды пішіндейтін машина