Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар
Кіріспе
Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді.
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды.
Қабылданған Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару – заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдардың барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.
Мәслихаттар мен әкiмияттар өз қызметiнде:
1) жалпы
мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа,
қаржы және инвестициялық
2) ұлттық
қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан
Республикасының мүдделерiн
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың
құқықтары мен заңды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында нақтылаған аудандық мәслихаттардың өкілеттігін күшейту мәселесі де еліміздегі демократияның кең қанат жаюына талпыныс екені аян. Президент Қазақстан халқына Жолдауында: “...Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша өкілеттіктер беретін боламыз... Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады”, деген болатын.
Еліміз өтпелі кезеңде
Сондықтан өзін-өзі басқаруға біз қоғамда сұраныс пен шынайы қабылдау болып, ол пісіп-жетілген кезде ғана табиғи жолмен келуіміз керек. Асығыстық өзін-өзі басқарудың мәнін жоғалтуға немесе мемлекеттің бүлінуіне әкеліп соғады. Мемлекет басшысы мәслихаттарды жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізі деп атады, өйткені, жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті бірлестіктер органдарының түпкі табиғи бастауы ұқсас — олардың екеуін де жергілікті жерде халық өзі сайлайды және өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің проблемаларын өздері шешуге шақырады.
Барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілік-аумақтық бірліктің төменгі буынынан, яғни ауылдық буыннан басталған. Дегенмен, жергілікті өкілетті органдар өзін-өзі басқару органы сияқты биліктің өздерінен жоғары тармағына тікелей байланбаған. Аудандық мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ауылдық органдарының тікелей қатысы заңда нақты көрініс табуы керек. Бұл жерде басты мәселе оның бюджетінде, қаржылай негізінде болып отыр. Бүгінде жергілікті бюджеттерді мәслихаттар бекітеді. Онда мәслихаттар туралы заңға да түзетулер енгізілуі тиіс еді. Бюджетаралық қатынастар проблемасының үлкен бір бөлігі – бюджет қаржысын мақсатты пайдалануды, басымдықтарды, мемлекеттік сұраныстарды бақылау шешімін табар еді.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық-құқықтық реттеудің теориялық базасы Еуропа Хартиясы бекіткен муниципалды демократия мен муниципалды басқарудың әлем мойындаған құндылықтарынан тұратыны белгілі. Олар мыналар: жергілікті өзін-өзі басқару кез келген демократиялық құрылыс негіздерінің бірін құрайды; азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу құқы тікелей жергілікті жерде жүзеге асырылады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарына шынайы биліктің үлес беруі; демократиялық жолмен құрылған жергілікті өзін өзі басқару органы өзінің құзырына кіретін мәселелерді үй ішінен үй тіккендей бөліп алуы және оларды жүзеге асырудың тәртібін анықтап алуы керек және ол үшін қаржысы болуы қажет.
Жергілікті жерлерде өзін-өзі
басқаруды енгізу Қазақстанның
бірнеше халықаралық саяси
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының екі ерекшелігіне тоқталсам деймін. Біріншіден, онда халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселесі нақтылы цифрлармен дәйектелген. Әсіресе, ана мен баланы әлеуметтік жағынан қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Екіншіден, Жолдауда жергілікті өкілетті органдардың жұмысын одан әрі жетілдіріп, дамыту мәселесінің де қамтылғанына ризашылық сезімімізді білдіреміз. Бұл өзі еліміздегі саяси реформаны жүзеге асырудың заңды жалғасы деп білеміз. “Мәскеу бірден орнаған жоқ” деген қанатты сөз бар ғой. Сол секілді саяси реформаны жүзеге асыру әсіре науқаншылдықты, асығып, аптығуды көтермейді. Ол үшін, ең алдымен, тәжірибе жинақтауымыз керек. Мәселен, өткен жылы аудандық, қалалық деңгейдегі әкімдерді депутаттар корпусы арқылы сайлау басталды. Әкімдердің мәслихатта, депутаттардың алдында есеп беруі дағдылы іске айналды. Жергілікті бюджетті бекітіп, оны қадағалап отыру мәслихаттың құзырында. Міне, енді жергілікті мәслихатқа қосымша мүмкіндіктер беріліп отыр.
Елбасы айтқан қандай міндет пен тапсырма да еліміздің дәулеті мен Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт, тату-тәтті өмірін орнатуды мақсат тұтады. Ал оны жүзеге асыруда биліктің жергілікті органдарының тиімділігін, халықтың өзі сайлап қоятын мәслихаттардың рөлін арттыру керек. Ол орталықсыздандырусыз жүзеге аспайды. Мәжілісте сөз алған сенаторлар, Сенат жанындағы Жергілікті өкілетті органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің мүшелері қоғамды демократияландырудың бір жолы – орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзін басқарудың өзекті мәселелерін ортаға салды.
Жалпы алғанда жергілікті мемлекеттік
басқару - заң актiлерiнде белгiленген құзырет
шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдар тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты
жүргiзу, оны дамыту мақсатында жүзеге
асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң
жай-күйiне жауапты болып табылатын қызмет.
Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері
Нарықтық қатынастарының дамуы
мен қалыптасуы жағдайында
Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.
Академик Н.Н.Некрасовтың
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.
Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.
Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.
Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.
Жоспарлау мен басқарудың аймақтық мәселелері республикадағы экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттің дамуында аймақтар мен олардың билік органдарының ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады. Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі міндеттерге:
- Республика
мен ТМД елдерінде
- өзін-өзі
басқару механизміндегі
- аймақтық
басқару процесіндегі
Басқарудың экономикалық
- аймақтық
экономикалық мүмкіндігінің
- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе – тең болуы;
- аймақтық
әлеуметтік – экономикалық
- әлеуметтік
саланың дамуының нәтижелілігі
мен аймақтың шаруашылық
- әрбір
өндірушінің жағдайының
Аймақтық басқарудың әдістері аймақтың өндірісітік және өндірістік емес сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің пайда болуын қамтамассыз етуі тиіс. Соның ішінде:
- республикалық
стратегиялық тұжырымдардың
- жергілікті
өзін - өзі басқару органдарының
саяси және әкімшілік
- әлеуметтік
– экономикалық , құрылыс – инвестициялық
және табиғатты қорғау
- аймақтық
басқару мен жоспарлаудың
Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту барлық сұрақ территорияның әлеуметтк – экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын коллективімен бірлесе отырып шешімін табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс.
Аймақтық саясат механизмдерін
жүзеге асыру, соның ішінде
әлеуметтік –экономикалық
Шағын және орта қалалардың
өркендеуі екі – үш өндірістік
кәсіпорындардың қызметіне
Қазақстан
Республикасының болашақтағы
- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;
- бұл
жерде ұдайы өндіріс пен еңбек
ресурстары, қаржылай айналыммен
ұлттық байлықтың жартысы,
- басқару
органдарының біріккен әрекеті,
- аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау , қаржыландыру , несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады .
Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан, экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық-әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе – теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет. Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми – техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы – несие жүйесі және жергілікті бюджет.
Әлеуметтік тұрмыс
- кәсіпорын – аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметнің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын ынталандырады.
- облыс,
қала, аудандардағы шаруашылық
- жергілікті
бюджеттің қалыптасуы
Ұйымдық құрылым - шаруашылықтың
өзін-өзі басқаруы жаңа
Аймақтық жоспар алдындағы
Жергілікті өзін-өзі басқарудың халықаралық тәжірибесі
Әлемдік қауымдастықта жергілікті өзін-өзі басқару ертеректен дамып келеді. Сондықтан батыс елдерінде Қазақстанның пайдалануына болатын бай тәжірибе жинақталған. Жергілікті өзін-өзі басқару төңірегіндегі ұйымдастыру және экономикалық шешімдерде үлкен әр түрлілік бар. Еуропада жергілікті өзін-өзі басқарудың екі негізгі үлгісі қалыптасты деседі. Олар агнлосаксон және континенталды болып бүкіл әлем бойынша таралған.
- Англосаксон үлгісі осындай құқықтық жүйесі бар: Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б. елдерде көбіне таралған.
Оның белгілері:
- жергілікті өзін-өзі басқарудағы автономияның жоғары дәрежесі, ең алдымен тұрғындар тарапынан бақылау;
- жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бақылайтын арнайы мемлекеттік өкілдіктің болмауы;
- жергілікті мемлекеттік әкімдіктердің (жергілікті деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының) болмауы.
Мұндағы негізгі қағида «
Мемлекеттік реттеу жанама
Жергілікті өзін-өзі басқару
2. Континенттік үлгі Еуропаның континенттік елдерінде (Франция, Италия, Испания, Белгия) және Латын Америкасы, Таяу Шығыс, франкотілді Африка елдерінде кең таралған.
Оның белгілері:
- жергілікті өзін-өзі басқару мен жергілікті әкімдіктердің (жергілікті деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының) үйлесімі;
- басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару жоғары тұрған мемлекеттік жүйеге қарағанда ең төменгі сатыдан табылар белгілі бір сатылық;
- жергілікті өзін-өзі басқарудағы шектелген автономия; жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бақылайтын арнайы мемлекеттік өкілдіктің болуы.
Осы ретте, жергілікті өзін-
Жергілікті өзін-өзі
Мэрдің қызметі муниципалдық
кеңес және республикалық
Барлық муниципалды жүйелерге демократиялық шарттарда даму, жергілікті өзін-өзі басқарудың түрлі формаларын сақтау және дамыту сияқты мазмұнды белгілер тән. Бұл әр түрлі аумақ тұрғындарының бірыңғай өмір сүру деңгейіне ерекше назар аударатын елдер үшін әділетті болмақ. Мысалы, Германияда коммуналдық құқық –жерлердің ерекше құзыреттілігі ретінде саналып, жер Коммуналдық Конституциялары арасында көптеген айырмашылықтары бар.
Мемлекетте жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың төрті үлгісі бар:
- «мықты мэр» – жергілікті мәселелермен де, мемлекеттік өкілеттіктердің орындалуымен де айналысады (француздық үлгі);
- «мықты магистрат» – депутаттар жиналысында сайланады және атқарушы билікті алқалы түрде жүзеге асырады (солтүстікгермандық үлгі);
- «мықты директор» – атқарушы билік басшысы, коммуналдық кеңес сайлайды бургомистр негізінен өкілеттілік функцияларды атқарады (англосаксондық үлгі);
- «мықты кеңес» – қауымдастықтың ең жоғарғы билік органы болып табылады, бургомистр кеңестің және бір уақытта атқарушы биліктің төрағасы қызметін атқарады (оңтүстікгерманиялық үлгі);
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын
бірыңғайлауға байланысты Германияда
бірнеше мәрте талпыныстар болған, бірақ
тиімсіз ретінде танылды.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың «есеп нүктесі».
Жалпы, Еуропада жергілікті
Адольф Гессер өзінің «Еркін
муниципалитеттердің құрылуы
«ежелгі-еркін» дәстүрлі жоғары деңгейлі азаматтар бостандығы бар, яғни монархиялы-бюрократиялық орталықтандыруға қарсы иммунитеті қалыптасқан елдер (Ұлыбритания, Солтүстік Еуропа мемлекеттері, Нидерланды, Швейцария, Еуропадан тыс – АҚШ) және «жоғары биліктің либералды мемлекеттері», яғни бюрократиялық аппараттың жалпы қарамағы негізінде құрылған және жергілікті деңгейде «өз жауапкершілігіне ала отырып, басқаруға» мейлінше аз мүмкіндік береді (Испания, Франция, Италия және Германия).
Алғашқы топтағы елдерді
Бірінші топтағы мемлекеттер арасында қауымдастықтың үздіктері жергілікті өзін-өзі басқаруға ықпал ету мен бақылауға азаматтарының ерекше назар аударуымен анықталады.
Финляндияда азаматтардың
Екінші топтағы мемлекеттер де
белсенді азаматтар
Жергілікті өзін-өзі басқару құзыреті
Бірінші топтағы мемлекеттер
үшін жергілікті өзін-өзі

- Қайталау операторлары
- Қайта өрлеу мәдениеті және оның қалыптасу ерекшеліктері
- Қалдықтардың қалыптасуы
- Қалдықтар туралы жалпы түсінік
- Қамырды пішіндейтін машина
- Қаныш Сәтбаев зерттеулері
- Қаңлылардың шығу тегі және тарихи кезеңдердегі орны
- Қазіргі кезеңдегі қр ұлттық банкінің қызметтері мен рөлі
- Қазіргі қонақүй типтері
- Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы
- Қазіргі таңдағы зейнетақы қоры
- Қазіргі таңдағы Қазақстанның фискалдық саясаты
- Қазіргі таңдағы отандық компаниялардың басқару жүйесіне ұсыныстар енгізу
- Қазіргі уақытта газды жерасты сақтау қоймалары болса да