Қайталау операторлары

                                                Мазмұны:

 

Кіріспе:.....................................................................................................................3

1-бөлім: Паскаль –  программалау тілі

1.1 Паскаль тілінің негізгі элементтері.................................................................5

1.2 Тілдің алфавиті..................................................................................................8

1.3 Тілдің қарапайым объектілері.........................................................................13

2-бөлім: Паскаль тілінде программа  дайындау жолдары

2.1 Программа құрылымы.....................................................................................15

2.2 Паскаль тілінің қарапайым  операторлары.....................................................18

2.3.Паскаль тілінің басқару операторлары...........................................................21

3-бөлім: Қайталау операторлары

3.1 WHILE операторы............................................................................................25

3.2 REPEAT операторы..........................................................................................28

3.3 FOR операторы.................................................................................................30

3.4. Күрделі циклдер..............................................................................................34

Қорытынды.............................................................................................................36

Пайдаланылған әдебиеттер: .................................................................................38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

          Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз. Осы тұрғыдан қарасақ, өмірді алда тұрған мәселелерді шешу қажет болатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады. Бұл курстық жоба тақырыбында алгоритм құрастыру, жазу түсініктері беріліп, қазіргі кездегі кең тараған программалау тілінің бірі – Паскаль тілінің ерекшеліктері қарастырылады және оны пайдаланып математика, физика есептерін шығаруды компьютерде орындау жүзеге асырылады. Паскаль тілі қарапайым программалармен қатар, күрделі өндірістік мәселелерді шеше алатын құрылымды тіл болып табылады. Ол Бейсик тіліне қарағанда аздап күрделі болғанымен, компьютер үшін ыңғайлы, программа құру реттілігін алгоритмдік тәртіппен қарастыратын, оқушыларды іс-әрекет тәртбіне тәртібіне тәрбиелейтін тіл болып табылады.

        Бұл курстық жобада компьютер  көмегімен Паскаль тілінде жазылған программаны машина тіліне аударып, объектік модуль жасау тәсілдері толық

көрсетіледі.

        Қазіргі кезде барлық елдердің  оқушылары программалау тілін  үйренуді осы тілден бастайды  деп айтуға болады. Олай болса,  еліміздің оқушылары да 

программалау тілін, алгоритм терминдерін ана тілінде оқып үйренуі қажет.                                                             Қазіргі таңда кең таралған программалау тілдері: Бейсик, Си, Дельфи,   Паскаль т.б. болып табылады. Дүние жүзінде үш жүзге жуық алгоритмдік программалау тілі таралған. Олардың әрқайсысы белгілі бір мақсатта қол данылады. Мысалы, Фортран – ғылыми-техникалық (инженерлік) есеп шығаруда, Бейсик – алғашқы үйренушілер үшін дербес компьютерде диалогтік режімде, Паскаль - өндірісте, оқу-ағарту саласында жұмыс атқаруға арналған. Бұлай бөлу тек шартты түрде олардың бейімделуіне сәйкес жүргізілген,негізінде тілдерді дұрыс пайдалана білсе, олардың әрқайсысы кез-келген есепті шығаруға қолданыла береді.

        Біз енді алгоритмдік тіл ережесін  түсінік беріп, кең таралған программалау тілінің бірі – Паскаль тілін қарастырайық.

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары  швейцариялық ғалым Никлаус Вирт

оқып-үйренуге қолайлы  программалау тілі ретінде ұсынған  болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек  бекітілді, ол сол кездерде кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі уақытта барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету  оңай.

Бұл тілде жазылған программа  компьютерде орындалу барысында  алды

мен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде пограмманың екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді.

Қазіргі таңда Паскаль  тілі кез келген күрделі есептерді  шығара алатын,

кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Енді бұл курстық  жобада  Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- бөлім. Паскаль – программалау тілі

    1. Паскаль тілінің негізгі элементтері

 

Программалар белгілі  бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп  шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны  айтылады.

Паскаль тіліндегі программа  жеке-жеке жолдардан тұрады.Оларды теру,

түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программа алдындағы азат жол немесе босорын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше команда немесе оператор орналаса алады,олар бір-бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны тұрғаны дұрыс, ол түзетуге жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.

Паскаль тіліндегі программа  үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объетілерінің сипаттау бөлімі жазалады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір ғана бөліктен тұруы мүмкін.

Программманың соңғы  және негізгі бөлімі операторлар  бөлімі – болып табылады. Орындалатын  іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде  орналасады. Ол begin түйінді сөзінен  басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.

Операторлар бөлімінде  командалар ретімен орналасады. Олардың  кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбірі қайталанатын цикл немесе қосым-ша программа (подпрограмма, процедура) түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттерді қарастырайық.

Деректер – сан  мәндері мен мәтін түріндегі  сөз тіркестерін мән түріндегі 

сөз тіркестерін мән  ретінде қабылдай алатын тұрақтылар (константалар),айынымалылар т.б. осы тәрізді  құрылымдар  немесе солардың  адрестері.

Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу-шығару порттарынан  енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Операциялар  немесе амалдар –  берілген және есптелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.

Нәтиже алу (шығару) – аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға,дискіге  немесе енгізу-шығару порттарына жазу.

Шартты түрде атқарылу – белгілі  бір көрсетілген шарттың орындалуына 

байланысты (ақиқат болса), командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.

Цикл – белгілі  бір шарттар орындалған (кейде  егер орындалмаса) жағдайда көрсетілген  командалар жиыны бірнеше рет  қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.

Көмекші программа – алдын ала  қандай да бір атаумен аталған  командалар тобы. Олар программаның кез  келген жерінен оның атауын көрсету  арқылы шақырылып атқарыла береді.

Түсініктеме – программа жолдары  соңында немесе оның түйінді сөздері

арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға  алынып жазылған сөз тіркестері. Олар программа операторларының орындалуына  ешқандай әсер етпейді.

Тілдің негізгі анықтамаларын  беру алдында Паскаль тілінде  құрылған бір қарапайым мысал  келтірейік:

Радиусы  r = 5,5 см болатын берілген шеңбердің ұзындығын табу керек 

болсын. Шеңбер ұзындығын  есептеу үшін l = 2πr формуласын пайдаланамыз.

Program bastau;      {Программа тақырыбы}   

        Const pi = 3.14159;  {π тұрақтысының мәнін беру}

        var r, l: real;             {r, l мәндерінің нақты (аралас)

                                           сан екенін сипаттау}

        begin                         {Операторлар басы}

        r:= 5.5;                      {r мәнін беру}

l:= 2*pi*r;                 {Шеңбер ұзындығын есептеу}            

write (‘ Радиусы  5,5 см болатын шеңбер ұзындығы =’, l);

                                       {Нәтижені экранға шығару}

end.                           {Программа соңы}

Мұнда программа мәтіні қарайтылған қаріппен терілен, ал оң жақ шетте

және оның төменгі  жолында пішінді жақша ішінде түсініктеме мәтіні берілген,  түсініктеме  программа мәтініне ешқандай әсер етпейді, оны түсінуді жеңілдетеді, сондықтан  әрбір программа түсініктемемен толықтырылуы тиіс.

Жоғарыдағы программаның алғашқы жолы – оның тақырыбы, екінші және үшінші жолы – сипаттау бөлігі, begin (басы) және end (соңы) сөздерінің

ортасында орналасқан операторлар, яғни әр түрлі амалдар орындау  бөлігі.Программаның сөздік элементтері  ағылшын тілінде. Оны қазақшаға (орысшаға) аударуға болады, алгоритмдік тіл де солай жасалған. Бірақ барлық елдер программадағы негізгі немесе түйінді сөздерді өз тіліне аудармай, олардың ағылшынша нұсқасын пайдаланады, олар көп емес (60 – 70 сөз).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Тілдің алфавиті

 

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын 

символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер

(символдар) жатады.  

Тіл ерекшеліктеріне  қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:   

● атаулар (идентификатор);

● цифрлар;

● айыру белгілері;

● арнайы символдар.

Атау символдары ретінде  латын алфавитінің 26 әрпі мен цифрлары қолданылады.

а) Әріп ретінде латын  алфавитінің бас әріптері мен  кіші әріптері:

А B C D  E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

a b c d e f g h i j k l m n m o p q r s  t u v w x y z

және астын сызу таңбасы (_)қолданылады.

Бас әріптер мен кіші әріптердің маңызы бірдей болып есептеледі, мысалы, X пен x-тің айырмасы жоқ, дәл  сол сияқты ALFA1, aLfA1 және alfa1 де бір атаудың жазылу түрлері болып саналыды. Атауларда әріптер цифрлармен араласып жазыла береді, бірақ атаудың алғашқы символы міндетті түрде әріп болуы тиіс, мысалы, VES1, SALMAK2, Baga5, T7S25, ART25var8 т.б.

Атау ретінде ASCII –  код кестесінің негізгі символдары (латын әріптері)

пайдаланылады, ал ол кестенің қосымша бөлімінің символдары (қазақ, орыс,

араб т.б.) атау ретінде  қолданылмайды, олар тек апострофқа – жоғарғы үтірге

(‘’) алынған түсініктеме  ретінде ғана кездеседі.

ә) Ондық цифрлар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сан таңбалары.

Оналтылық цифрлар ондық  цифрлаодан және A-дан F-қа (немесе a-дан 

f-қа) дейінгі латын  әріптерінен тұрады.

б) Арифметикалық амал белгілері: (+) қосу; (-) азайту; (*) көбейту; бөлу.

DIV – бүтін бөлу ( бүтін  санды бүтін санға бөлгендегі бөліндінің бүтін

бөлігін табу ), мысалы, 10 div 3 амалының нәтижесі 3.

MOD – қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі  бүтін қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 – нәтижесі 1.

Логикалық амал белгілері:

AND – және ( логикалық  көбейту) операциясы;

OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;

NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

XOR – арифметикалық  немесе амалы; ъ

SHL – биттер ( 1 мен 0-дер)  тіркесін солға ығыстыру;

SHR – биттер (1 мен 0-дер)  тіркесін оңға ығыстыру;

в) Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс

белгілері, ENTER (келесі жолға  көшіру) пернесін басу белгісі және түсінікте-

мелер жатады. Айыру белгілері  атауларды, сандарды мағыналарына сәйкес

арнаулы қызмет атқаратын  түйінді сөздерді бір-бірінен бөліп тұрады. Түсі-

ніктеме {және} немесе (*және*) белгілерімен қоршалып, солардың ішіне  жа-

зылады, ол бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін. Компиляторға ар-

налған директива  (түсінік белгі) алдына $ белгісі  қойылады. Алдында $ бел-

гісі жоқ түсініктемеге компиляция жасалмайды.

Сонымен, айыру белгілері: _ (бос  орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос  нүкте);

; (нүктелі үтір); ‘  (апостроф); (,); [,]; {,}.    

г) Қатынас таңбалары  немесе салыстыру белгілері:   

   = (тең), < > (тең  емес), < (кіші), > (үлкен), < = (үлкен емес, ≤ таңбасының

орнына), > = (кіші емес, ≥  таңбасының орнына).    

Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген  коды болады, ол мемлекеттік стандарт түрінде бекітілген. Әр елдің стандарттары негізіне америкалық кодтар стандарты алынған (American Standart Code for Information Interchange – ASCII), компьютерде жұмыс істеу барысында оларды да білген дұрыс. Мысалы:

                           0 – 48   A – 65  a – 97     

                 1 – 49   B – 66   b – 98

               …    …     …       

               9 – 57   Z – 90   z – 122

Паскаль тіліндегі түйінді  сөздер бір-бірімен айыру белгілерімен бөлінген алдын ала анықталған белгілі  бір мағынасы бар сөз тіркестері. Паскаль тіліндегі түйінді сөздерді үш топқа бөлуге болады, олар: қордағы (резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар және бейстандарт идентификаторлар.

Паскаль тілінің дербес компьютерлерге арналған

нұсқасының қордағы  сөздері

absolute

and

array

asm

begin

case

const

constructor

div

go to

do

downto

destructor

else

end

exports

not

or

 

of

 

object

packed

procedure

program

record

repeat

set

shl

 

shr

абсолюттік

логикалық ЖӘНЕ

жиым (массив)

ассемблер

блок басы

нұсқа

тұрақты(константа)

конструктор

бүтін бөлу

ауысу (көшу)

орындау, атқару

кішірейту

диструктор 

әйтпесе

блок соңы

экспорт (жіберу)

логикалық ЕМЕС логикалық

     НЕМЕСЕ

одан(-дан,-ден,

-тан, -тен   )

объект

тығыздалған

процедура

программа

жазба

қайталау

жиын

биттерді солға    

ығыстыру

биттерді оңға ығыстыру

external

file

for

forward

function

if

implementation

in

inline

interrupt

interface

inherited

label

library

mod

nil

string

then

to

type

unit

until

uses

var

while

 

with

 

xor

сыртқы

файл

үшін

алдындағы

функция

егер

жүзеге асыру

ішіндегі

негізгі

кідірту (үзу)

интерфейс

қабылдау

белгі

кітапхана

бөлінді қалдығы  

болмау 

қатар (жол)

онда

үлкейту

тип (түр)

модуль

дейін (шейін)

пайдалану

айнымалы

әзірше, болмайынша

-дан, -ден, -тан,

                   -тен

алып тасталынған


 

Бұл келтірілген түйінді  сөздерді айнымалы атаулар немесе тұтынушы

қойған бейстандарт атаулар ретінде қолдануға болмайды.

Программалау тілдерінде «өрнек», «оператор», «тіл синтаксисі»  мен

«семантикасы» ұғымдары кең пайдаланылады.

Арифметикалық немесе логикалық  амалдар таңбасымен біріктірілген

айнымалылар, атаулар, функциялар,жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі – өрнек деп аталады.    

Программалау тілінің  белгілі бір іс-әрекетті орындай  алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым  сөйлемі – оператор деп аталады.

Тіл объектілерін, яғни программада  пайдаланылатын мәліметтердің

құрылымы мен ұйымдастырылуын  алдын ала анықтайтын сөйлемдер  жиыны – программаның сипаттамасы  болып табылады.

Компьютер орындай алатын программа жазу үшін программалау тілінің 

синтаксисі (оның элементтерін жазу ережелері) мен семантикасын (оларды пайдаланудың мағыналық ережесін) білу қажет. Тілдің осындай ережесін үйрену үшін оларды көрнекі түрде бейнелейтін екі жасанды әдіс кең таралған. Оның алғашқысы – Джон Бэкус пен Питер Науэр ұсынған қысқаша жазу тәсілі АЛГОЛ тілінің синтаксисін көрсету үшін кеңінен қолданылады. Бұл жазу тәсілі Backus Naur Form немесе қысқаша BNF деп аталып жүр.

Ал біз қарастыратын екіншісі – тіл ережесін графиктік  түрде бейнелейтін диаграмма  болып табылады. Мұндай диаграммаларды Паскаль тілін жасаушы Н.Вирт кең қолданған, сондықтан оны Вирт диаграммасы деп атап жүр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Тілдің қарапайым  объектілері

 

Тілдің қарапайым объектілеріне  «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері  болады. Олармен жұмыс істеу қолайлы болу үшін алгебра курсындағы белгілеулерге ұқсас шартты атаулар пайдаланылады. Бұл атаулар әртүрлі мәндерді (сандық мән, символдық мән т.б.) қабылдауы мүмкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.

1.Сандар. Сандар мен  айнымалылар бүтін және нақты  болып

бөлінеді. Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 т.б. Разрядтылығы 16 биттен тұратын дербес компьютерүшін қолданылатын бүтін сандар (ағылшыншa INTEGER) – 32768-ден +32767дейінгі аралықта ғана жазылады, бұдан үлкен сандар нақты сандарға айналдырылады.

Паскаль тілінде ондық  және он алтылық бүтін сандар пайдаланылады. Он алтылық сандардың алдына $ белгісі  қойылады. Мысалы,  $АВС немесе $8В2.

Нақты сандар санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазылады. Мысалы: 2.65, 0.5, -0.862, -6.0. Ал өте үлкен немесе өте кіші нақ-

ты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар ретінде mE±p түрінде жазылады да, олардың диапазоны  әлдеқайда кең болады, мұндағы m – санның мантиссасы деп аталады; E – оның дәрежесі дегенді білдіреді; p – дәреженің сандық мәні. Дербес компьютерде нақты сандар (REAL) 2.9E-39-дан 1.7E+38-ге дейін өзере алады.

2. Атау – идентификатор  (identification – объектінің белгілі  бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және программадағы тұрақтылар-

ды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет.

Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оларды өте қысқартпай, мағынасына сәйкес атау беру қалыптасқан. Мысалы: X, X1, P23PS6, DT54AS, ALFA, baga2 т.б.

3.Тұрақты немесе константа  деп программаның орындалу барысында  мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды  айтады.

Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік (integer, real,boolean, char, string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар – true (ақиқат) немесе false (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.

Символдық және тіркестік (строковый – string) мәндер үшін орыс, қазақ алфавитінің әріптерін  және кез келген символдарды пайдалануға  болады. Олар апостров ішіндегі таңбалармен (литерлермен) жазылады, мысалы: `S=`, `қосындысы`, `функцияның мәні` , `y=` және т.б.

4. Айнымалылар деп  программаның орындалу барысында  әр түрлі мән-

дерді қабылдай алатын шамаларды  айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытты әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылардың бел-

гіленуі: ALFA, Y, X3, KOSINDI, BAGA, A1B8 т.б. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімінде var түйінді сөзінен кейін  орналасады да, атауынан кейін қос  нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі. Оның жазылу пішімі:

var  <идентификатор> : <тип>

        Мысалы:

        var      А, В : integer;

                Sum, baga : real;

 

 

 

 

 

 

 

 

2-бөлім. Паскаль  тілінде программа дайындау жолдары

2.1 Программа  құрылымы

 

Паскаль тілінің программасы  блоктардан құралады. Қандай да бір блок

ішінде басқа да кішігірім  блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар  екі бөлімнен

тұрады, олардың алғашқысы  – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – 

сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді (опеацияларды, амал-

дарды) атқару бөлімі.

Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі

бөлімнің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып саналады. Ал блок ішіндегі блок – жергілікті (локальді) блок деп 

аталады.

Сонымен кез келген программа синтаксистік ереже бойынша тақырып пен блоктан тұрады.  

Негізгі блок – негізгі  программа блогы, сондықтан ол басқа  блоктарға кірмеуі тиіс. Жергілікті блоктарға процедуралар мен функциялар кіреді, олар

кейбір программаларда болмауы да мүмкін.

Программалардың негізгі обьектілері болып саналатын айнымалы, тұрақты және олардың типтері орналасқан блогына байланысты басты немесе жергілікті деп аталады. Программа объектілерінің де жұмыс істеу, ықпал ету аймағы сол өздері орналасқан блокпен шектеледі. Блоктық құрылым программа мәтінін тиянақты түрде қатесіз құрастыруға мүмкіндік береді.

Турбо Паскаль программасының тақырыбын (атауын) жазбай кетуге болады, бірақ жалпы Паскаль тілінің  стандарты бойынша программада  тақырып болуы қажет.

Сонымен Паскаль тіліндегі  кез келген программаның тақырыбы, одан

кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған оператор-

лар болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:

1)программамен байланысатын  кітапханалық модульдер атауларының

тізімі (ол uses ді сөзімен басталады);   

2)белгілерді (label) сипаттау;

3)тұрақтыларды (const) сипаттау;         

4)мәліметтер типтерін (type) анықтау; 

5) айнымалыларды (var)сипаттау;   

6) процедураларды (procedure) сипаттау;

7) функцияларды (function) сипаттау;

Осы айтылғандарға байланысты программа құрылымы мынадай болуы 

қажет:

     program < программа аты> (Input, Output);

     uses <1-атау, 2-атау, 3-атау, ...>;

     label      …;    

     const     …;             

type      …;

var              …;

procedure <процедура аты>;

function <функция аты>;

Begin

<1-оператор>;

     <2-оператор>;       

 

     …               ;

     <n-оператор>;

     end.

Екі бүтін санды пернетақтадан  енгізіп, олардың көбейтіндісін  табу программасын құрайық.

Program Algachki programma;               {Программа тақырыбы}

        var A, B, Kobeitindi: integer;                   {A, B, kobeitindi

                                                                       айнымалылар– бүтін сандар}                                

Begin                                                           {Программа басы}

write (`A бүтін санын енгізіңдер:`); {А санын енгізуді сұрайтын

                                                                           мәлімет енгізу}

readln (A);                                             {А санын пернетақтадан енгізу}

write (`B бүтін санын енгізіңдер:>`);{В  санын енгізуді сұрайтын 

                                                                               мәлімет шығару}

readln (B);                                             {В санын пернетақтадан енгізу}

Kobeitindi :=A * B;{}                         {А * В көбейтіндісін есептеу}

        write (A,`және`, B,`сандарының көбейтіндісі = `, Kobeitindi);

                                                                          {Көбейтіндіні экранға шығару}

end.                                                              {Программа соңы}

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Паскаль тілінің қарапайым  операторлары

 

Қарапайым операторлар құрамына (ішіне) басқа бір оператор енбейді. Ал күрделі операторлар ішіне бірнеше қарапайым операторлар еніп тұруы тиіс.

Программалау тілдерінің қарапайым  операторларына: меншіктеу, шартсыз  көшу, енгізу-шығару операторлары мен  бос оператор және процедураларды орындау (шақыру) операторлары жатады.

Ал күрделі немесе құрама операторға: шартты көшу, қайталау (цикл), таңдау, жалғастыру (тіркестіру) т.б. операторлары жатады.

1.Меншіктеу операторы. Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланылатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалыларға сандық (символдық та болуы мүмкін) мән беру бұл жағдайда меншіктеу деп аталады.

Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің  мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу  үшін қолданылады. Меншіктей операторының жазылу ережесі (пішімі) төмендегідей болады:

Қайталау операторлары