Қайта өрлеу мәдениеті және оның қалыптасу ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік  техникалық университеті

 

 

                                      

ӘГП  кафедрасы

 

 

КУРСТЫҚ

ЖҰМЫС

                   Мәдениеттану                               бойынша


                                                            (пән аты)

 

                 Тақырыбы:                Қайта өрлеу мәдениеті  және 


        оның  қалыптасу ерекшеліктері


                                                   

 

 

 

 

          (бағасы)                 Қабылдаған:


                                                                                            (Т.А.Ә.)


Комиссия мүшелері       (қолы) (күні)

 

      (қолы,  Т.А.Ә.)


                                    Орындаған:            


              (Т.А.Ә.)


(қолы,Т.А.Ә.) 


                                                                                            (сынақ кітапшасының шифры)

 

 

 

Қарағанды 2012

 

Мазмұны

 

Кіріспе...............................................................................................................................3

I бөлім. Ренессанс ұғымы,  даму тарихы........................................................................4

1.1 Қайта өрлеу дәуіріндегі  адам....................................................................................7

II бөлім. Қайта өрлеу  дәуірінің әлем және Еуропа  мәдениетіне қосқан үлесі.........9

2.1 Көркем өнер туындылары (мүсін, сурет, музыка, сәулет өнері).........................10

2.2 Әдебиет.....................................................................................................................18

2.3 Ғылым.......................................................................................................................22

Қорытынды.....................................................................................................................25

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қайта өрлеу мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта өрлеу дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.

Қайта өрлеу мәдениеті  антикалық өнер мұраларының үлгісіне байланысты болды. Бірақ ол көнені қайталау емес еді, өнер уақыт талабына сай  мазмұны жағынан байи түсті, жаңа стильдер қалыптасты. Қайта өрлеу  дәуірі туғызған қайраткерлер білімді, шын мәнінде сегіз қырлы, бір  сырлы адамдар болды. Олар әлемді зерттеуден жалықпады. Бұл дәуір  суретшілері анатомия, математика, философиямен тереңдей шұғылданды. Сондықтан  да ренессанс шеберлері көркемдік  мәні терең реалистік өнер үлгілерін, болашақ  ұрпақтарға тарту етті.

Осы курстық жұмыста қайта  жаңғыру мәдениетінің өзіндік сипаты қаралады.Олар: гуманизм, антроцентризм, көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту (философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Ренессанс ұғымы, даму тарихы

 

Қайта өрлеу мәдениеті  (фр. Renaissance, итал. Rinascimento;  «ri» — «қайта» немесе «қайта туылған») —Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырдық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі. Кезеңнің хронологиялық шегі шамамен XIV ғасырдың басы мен XVI ғасырдың соңғы ширегі, кей жағдайларда XVII ғасырдың алғашқы онжылдығы (мысалы, Англияда, әсіресе, Испанияда). Қайта өрлеу дәуірі мәдениеттің зайырлы қасиеті мен оның антропоцентризмімен ( яғни, назарға бірінші кезекте адам және оның қызметі алынуымен) ерекшеленеді. "Қайта өрлеу" деген терминИталияда XV ғасырда пайда болды, алғаш рет бұл түсінік жазушы және суретші Джорджо Вазари еңбектерінде, әсіресе оның "Ең атақты суретшілер, сәулетшілер және мүсіншілер" (XVI ғасыр) атты төрт томдық кітабында қолданыла бастады. [2] 
Терминнің қазіргі кездегі мағынасын XIX ғасырдың француз тарихшысы Жюл Мишле айналымға енгізген. Қазіргі таңда Қайта өрлеу термині мәдени гүлденудің метафорына айналды.[4]

XV—XVI ғасырлардағы Италиямәдениет қайраткерлері мен гуманистері өз дәуірлеріндегі өнердің өрлеуін аса жоғары бағалады. Антикалық мәдениет үлгілерінен соң, ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропа елдерінде тағылық, кертартпа заман үстем болып келді. Олар гүлдену, өркендеу дәуірі енді ғана басталды деп есептеді. Италияда басталған бұл өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы бетбұрыс бірте-бірте Англия, Германия, Франция, Испания, Голландия, Финляндия және тағы басқа көптеген елдерге тарады. Қайта өрлеу дәуірі немесе ренессанс, марксизм классиктерінің айтуы бойынша, өнер, мәдениет, ғылым тарихындағы ұлы жасампаз бетбұрыс болды. 
Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Италияда, басқа да көптеген Батыс Еуропа елдерінде көркем өнердің барлық дерлік салаларында бұрын-сонды болып көрмеген гүлдену басталды.

Ренессанс мәдениетінің өзіндік  ерекшеліктері оның дәуірлеріне  тікелей байланысты болып келеді, өйткені бұл өзгерістер заман  ағымына, дәуір тынысына тікелей  тәуелді болғаны ақиқат. Қайта  жаңғыру мәдениеті төрт кезеңге  бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең «проторенессанс» (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (XIII ғасыр дученто, XIV ғасыр — треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына шығарды. Ренессанс қарсаңындағы кезең орта ғасырмен, романдық, готикалық дәстүрлермен тығыз байланысты болды. Бұл кезең екіге бөлінеді: Джотто ди Бондоне өліміне дейін және кейін (1337). Маңызды ашылулар, атақты шеберлердің өмірі мен жұмысы бірінші кезеңге тән. Екінші кезең Италияны жайлаған оба кеселімен байланысты. Барлық ашылулар түйсіктік деңгейде жасалынды. XIII ғасырдың аяғында Флоренцияда авторы Арнольфо ди Камбио болған басты құрылыс - Санта Мария дель Фьоре соборы бой көтереді, артынан оның жұмысын Джотто жалғастырады. [1]

Проторенессанс өнері  бәрінен бұрын мүсіндерден көрініс тапты  ( Джованни Пизано, Арнольфо ди Камбио, Андреа Пизано). Сурет өнерін 2 көркемдік мектеп: Флоренция (Чимабуэ, Джотто) и Сиена (Дуччо, Симоне Мартини) ұсынды.   Қылқалам шебері ретінде Джоттоны Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері реформатор деп жоғары бағалады. [3]Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала бастаған кезең — XV ғасыр, яғни «Бастапқы қайта өрлеу дәуірі» (кватроченто). «Бастапқы қайта өрлеу» 1420-1500 жылдарды қамтиды. Осы 80 жыл ішінде өнер орта ғасырлық белгіден толығымен ажырамады, бірақ оған антикадан алынған элементтерді араластыруға талпынды. Уақыт өте келе өнермен өмір талабына сәйкес суретшілер орта ғасырлық негіздерді тастап, антикалық өнер үлгілерін шығармаларының негізі ретінде еркін қолдана бастады. Италиядағы өнер классикалық ескілікке еліктеуге толығымен бет алып жатқанда, басқа елдерде ол готикалық үлгіде сақталған болатын. Альпіден солтүстікке қарай, сонымен қатар Испанияда Қайта өрлеу XV жүзжылдықтың аяғында басталады, оның бастапқы кезеңі шамамен келесі ғасырдың ортасына дейін созылады. Ал Италия мәдениеті идеялары мен принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын — «Кемелденген жаңғыру кезеңі» (Чинквеченто) деп атаймыз. Бұл дәуір XVI ғасырды (1500-1527жж) қамтиды. Ендігі жерде Италияндық өнерге әсер етуші орталық Флоренция емес Рим болады. Басты себеп – билік басына II Юлий келуі. Ол Италияның ең атақты суретшілерін сарайына алдыратын, сурет өнеріне деген ерекше сүйіспеншілігімен танымал болған. Папаға және оның қарамағындағыларға Рим Перикл кезіндегі Афиныға айналады: зәулім сарайлар бой көтереді, мүсіндер жасалады, қазірге дейін өнердің інжу-маржаны саналатын суреттер мен фрескалар салынады, өнердің осы үш саласы иық тіресіп бірге дамиды. Орта ғасырдың ұшқыны да көрінбейді, тек антикалық өнер тереңнен зерттеліп, кеңінен қолданысқа енеді. Бірақ суретшілердің қиялын, өзіндік ерекшелігін антикалық грек-римдік өнер өшірмеді, керісінше, олар үлкен өнертапқыштықпен ескі мен жаңаны үйлестіре білді. [4]

1530-1620 жылдардың мәдениеті  мен өнерінің көрінісі сан  алуан. Британ энциклопедиясында  «Қайта өрлеу тұтас тарихи  кезең ретінде 1527 жылы Римнің  құлауымен бірге аяқталды» деп  жазылған. Батыс Еуропада ренессанстық  идеологияның қырлы тасы ретінде  антиканың идеалдарын «тірілту»  және адам тәнін асқақтату  сияқты дүниелерге қауіппен қараған  контрреформация үстемдік етті. Дүниетанымдық қарама-қайшылықтар  және жалпы дағдарыс Флоренцияда  жалған түстер мен сызықтардың  «жүйкелік» өнері – маньеризмнің  пайда болуына алып келді. Венецияның  суретшілік дәстүрінің дамуының  өзіндік түйсігі болды. Венецияда  1570 жылдардың аяғына дейін Флоренция  мен Рим өнерінің дағдарысы  шығармашылығына әсер етпеген  Тициан мен Палладио жұмыс  жасады. [4]

Осындай ұлы мәдени бастамалардың  жаршысы болған Италия елінде, алғаш  рет католиктік реакция басталды, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. XVI ғасыр 40-жылдары инквизиция басталды. Еркін ой иелерін қудалап, айыптау мақсатында IV-ші Павлдың бастамасымен тыйым салынған кітаптардың тізімі жасалды. Бұл тізімге христиан дінінің қағидаларына қайшы келетін, адамдардың сана-сезіміне әсер ететін шығармалар енді. Оның қатарына Джованни Боккаччо сияқты Италияның ұлы гуманистерінің шығармалары да жатқызылды. Тиым салынған кітаптар отқа жағылды. Католиктік шіркеумен ымыраға келмей, өз идеяларын табанды түрде қорғап, халық арасына кеңінен насихаттаушы еркін ой иелерін қудалап-жазалау сол қоғамға тән құбылыс болды. Папа өкіметіне, шіркеуге қарсы шыққан көптеген ғалымдар, ойшылдар, өнер адамдары инквизиция құрбандығына шалынды. Мысалы, 1600 жылы Римде, «Гүлдер алаңында», «О бесконечности Вселенной и мирах» атты атақты шығарманың авторы ұлы Джордано Бруно отқа өртелді. Мұндай сындарлы кезеңде көптеген ақындар, суретшілер, сәулетшілер және т.б. гуманизм идеяларынан бас тартып, Қайта жаңғыру дәуірінің ұлы қайраткерлерінің «Үлгісін» ғана қабылдауға мәжбүр болды. Осындай «маньеризм» стиліндегі өнер адамдарының қатарына атақты суретшілер Понтормо (1494— 1557 жылдары), Бронзино (1503—1572 жылдары) және мүсінші Челлини (1500— 1573 жылдары) және т.б. жатты. Бірақ көптеген суретшілер сурет өнері саласындағы реалистік дәстүрді одан әрі жалғастыра берді. Олардың қатарына Веронезе (1528—1588 жылдары), Тинторетто (1518—1594 жылдары), Караваджо (1573—1610 жылдары) ағайынды Караччилер және т.б. қосылды. Олардың кейбірінің, атап айтқанда Караваджоның шығармашылығы Франция, Испания, Голландия елдеріндегі сурет өнерінің дамуына өз әсерін тигізді. Әрине, әр елдің жаңғыру мәдениетінің қалыптасуы мен дамуының ұлттық ерекшеліктерінің болғандығы даусыз. [1]

Энгельс «Табиғат диалектикасы» кіріспесінде осы тарихи кезеңге және өнерге былай баға береді:«В спасенных при падении Византии рукописях, в вырытых из развалин Рима античных статуях перед изумленным Западом предстал новый мир - греческая древность; перед ее светлыми образами исчезли призраки средневековья; в Италии наступил невиданный расцвет искусства, который явился как бы отблеском классической древности и которого никогда уже больше не удавалось достигнуть. В Италии, Франции, Германии возникла новая первая современная литература. Англия и Испания пережили вскоре вслед за этим классическую эпоху своей литературы». [19]

Алайда Қайта өрлеуге  берілген мұндай бағаға бәрі келісе қоймады. 20 ғасырдың басында жандана бастаған Орта ғасырлық көзқарастар ренессанс  төңірегінде жағымсыз пікірлер қалыптастырды. «Георге мектебінің» тарихшылары  мен эссеисттері Жаңа заманның қателіктері  – субъективизм, рационализм, партикуляризм, релятивизмді Қайта өрлеудің қалдығы, ал Орта ғасырды Еуропа мәдениетіндегі көзден ғайып болған жұмақ, адам мен қоғамның, ақиқат пен сұлулықтың, сенім мен білімнің бір тұтас патшалығы деп қарастырды. Бердяев пен Флоренский көзқарастары М.В.Алпатов («Художественные проблемы итальянского Возрождения», 1976) пен А.В.Лосев («Эстетика Возрождения», 1978) еңбектерінде көрініс тапқан: Алпатов пікірінше, Қайта өрлеу өнері  – жанды материяға, ақиқатты қиялға алмастырған өнер, Лосевтың ойынша, Қайта өрлеу аса өзімшілдікпен индивидті (тұлғаны) болмыстың бірінші себепшісіне қойды, ақылға қонымды антикалық және орта ғасырлық әлем көрінісін жоққа шығарды.[7]

1.1 Қайта өрлеу дәуіріндегі адам

 

Қайта өрлеу дәуірінің  мәдениетінің негізгі ерекшеліктері  – шынайылық, гуманистік дүниетаным, көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді. 
Тез өзгеріп тұрған дүниеде барлығы да «құдайдың еркімен» болды дегенге сенім азая берді. Адамның күші мен қабілетіне деген сенім қайта жанданды. Жаңа мәдениеттің қайраткерлері көңілдерін ең алдымен адамға және оның ісіне аударды. Сондықтан оларды гуманистер (латынша – «гуманус» – адамгершіл) деп атады. Бұл жаңа дүниетанымның қалыптасуына әртүрлі мамандықтағы, әртүрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдар – сол дәуірдегі қала интеллигенциясы (зиялы адамдар, қауым) – ақындар, философтар, суретшілер, мүсіншілер үлес қосты. Гуманистер озық ойдың еркін дамуына кедергі жасайтын орта ғасырлық моральға сүйенген дәстүрлер мен догмалық ережелерді өлтіре сынады: ғылыми зерттеу еркіндігіне жол ашылды. 
Діннің шаттық өмірден бас тарту керек деген қағидасы дүниеге нақты назар аударумен, табиғатты зерттеумен алмасты. Ғалымдар бақылау жасап, тәжірибелер жүргізіп, табиғат құбылыстарын анықтауға, олардың себептерін түсінуге тырысты. Соның нәтижесінде шынайы ғылым, әдебиет пен өнер туды. Қайта өрлеу дәуірі гуманистік рух (адамгершілік), табиғат пен адамды зерттеуге негізделген мінез-құлық және сұлулық нормаларын тапты. Гуманистік рух ұлттық дәстүрді ілгері дамытып, тарихи жаңа жағдайларға сай жаңаша түсіндірді. Гуманистер өмірдің мақсаты мен жоғары бақыт құдайға құлшылық етуде немесе әскери ерлік жасауда емес, адам мүддесі үшін еңбектенуде деп білді. Гуманистерді жан-жақты дамыған адамдар, рухы да, денесі де, ақыл-ойы да, сезімі де тамаша адамдар қызықтырды. 
Гуманистер феодалдық тәртіпті сынай отырып, оны түгелімен жоққа шығарған жоқ. Олар билеуші тапты білімдендіру жолымен өмір сүріп тұрған құрылысты «жөндеуді» армандады; халық олардан өз тұрмысын жақсартуды күтуі керек. [1]

Қоғамдағы мұндай түбегейлі  өзгерістің — әлеуметтік-экономикалық факторларға, оның ішінде тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына тікелей байланысты болды. Адамның тәуелсіздігін сезіне бастауына, енді ғана туындап келе жатқан еркіндікке қол жеткізуіне, ең бірінші кезекте  қала мәдениеті себепкер болды. Италия қалаларында тамаша ірі өнеркәсіп  орындарының болғаны тарихтан белгілі. Солардың ішінде Қайта жаңғыру мәдениетінің ошағы болған — Флоренцияның мерейі үстем болды. Табиғи байлықтардың тапшылығы және тағы да басқа жағдайларға байланысты Италия басқа мемлекеттермен сауда- саттық жасауға ерекше мән берді. Италия қалалары Батыс елдерімен де, мұсылман елдерімен де сауда-саттық жасады. Мұның өзі ел экономикасының одан әрі дамып, қала мәдениетінің гүлденуіне әкеліп соқты, ал қала мәдениетінің ықпалымен «жаңа адамдар» қалыптасты. Бірақ жаңа адамдардың қалыптасуы әлі де болса орта ғасырлық заман ықпалына байланысты болды, қаншама уақыт өтсе де христиандық дәстүрлердің қаймағы шайқалмаған болатын, сондықтан да болар адамдар орта ғасырлық шырмаудан шыға алмай аласұрды. Міне, осындай тарихи кезеңде көне мәдени мұраларды «тірілтуге» деген жаппай құлшыныс «жаңа адамдардың» қайталанбайтын, ерекше мәдениеттің қайнар бұлағын ашуына мүмкіндік берді.

Бұл мәдени төңкерістің барысыңда  Қайта жаңғыру даналарының басты  назарында Платон сияқты көне заман ойшылдарының ілімдерінің болды. А.Ф. Лосев осы орайда тамаша ғылыми тұжырым жасап, бұл жағдайды неоплатонизммен байланыстырды. Оның пікірінше, Қайта жаңғыру дәуірінің өкілдері мәдениетті орта ғасырлық догматтан тазартты, оны қайта қарау арқылы қайта жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол мәдениет тарихындағы неоплатонизмнің үш түрін атап көрсетті. Олардың біріншісі — көне замандық — космологиялық, екіншісі — орта ғасырлық — теологиялық, үшіншісі — жаңғырған — антроцентристік неоплатонизм. [13] Көне заманның неоплатонизмі Платон ілімін қайта қарай отырып, рухтың табиғатын, заттар қозғалысын, космостық айналыстың ақиқаттығын космологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасаса, орта ғасырлық неоплатонизм табиғат пен дүниеден жоғары өмір сүретін, жоқтан болмыс тудыратын абсолюттік жан теориясына негізделді. Жоғарыда атап көрсетілген «антропологиялық жаңғырған неоплатонизм» бір жағынан, көне заман неоплатонизмінің көмегімен материалдық дүниені жоғары көтеріп, орнықтыруға тырысса, екінші жағынан оның орта ғасырлық неоплатонизммен ортақ қасиеттері, белгілері бар. Демек, сұлулық пен әсемдікке толы дүниені аңдап-түсіну — «жаңғыртушылық» дүниетанымдық мақсатгардың бірі болып саналады. Құдай жандандырған дүние әр уақытта да адам назарында болған, оны қатты қызықтырған. Жарық дүниенің құпия сырларын танып-білуде адамның сезімдерінен артық не бар, ендеше бұл қағиданы ескере отырып, жаңғыртушылар «адам көзіне» пара-пар келетін бұл дүниеде еш нәрсе жоқ деп есептеді. Ал бұл жағдай итальяндық Қайта жаңғыру дәуірінің көркемдік сипатта болуына тікелей әсер етті.

Ерекше атап өтетін бір  жайт, итальян тарихшыларының гуманистерге деген көзқарастары әртүрлі болып  келеді. Италияның өткен тарихына көз жүгіртетін болсақ, Ренессанс  дәуірі бұл елдің өзара қақтығыстар мен соғыстарға толы кезеңімен сайма-сай келеді. Тарихи деректерге жүгінсек, дүние жүзіне атағы шыққан кейбір гуманистер Италияның бостандығын тұншықтырушы мейірімсіз билеушілерге қызмет еткен, тіпті шетел басқыншылығы кезінде патриоттық сезімін көрсете алмай дәрменсіздік танытқан. Бірақ бұл келеңсіз көріністерге қарап біржақты көзқарас тумауы керек, өйткені дүниежүзілік көлемде гуманистер жаңа қоғамдық күш болды. Олардың табиғи дарыны, ұшқыр ойлары текке кеткен жоқ, өйткені осы бір ұлы ойшыл даналардың арқасында ғана Қайта жаңғыру дәуірінің мәдениеті Жаңа заман мәдениетінің жаршысы, бастамасы болды. [1]

 

 

 

II. Қайта өрлеу дәуірінің әлем және Еуропа мәдениетіне қосқан үлесі

 

Орта ғасырлартарихы деп аталатын дәуірде дүниежүзілік мәдениет пен өнертарихында жаңа кезең басталды. Бұл кезең — "Қайта өрлеу мәдениеті" деген атпен тарихқа енді. Қайта өрлеу дәуірінің алғаш дамыған жері Италия елі болды. Ол дамыған, өркендеген мемлекет еді. Онда саяси, рухани-эстетикалық көзқарастар туып, адамдардың ой өрістерінің көмегімен әрекет жасауға болатынына көздері жете бастады. Сондықтан ғылымға деген, әлемнің тұңғиық сырларын ашуға деген құштарлықтары арта түсті. Бұл ғылым мен өнерге барынша ден қоюға жол ашты. XV—XVI ғасырларда өмір сүрген Италияныңмәдениет қайраткерлері өз дәуіріндегі өнер өрісін өте жоғары бағалады. Енді Батыс Еуропада өркендеу дәуірі қалыптаса бастады. Мұндағы басталған өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы бетбұрыс — бірте-бірте Англия, Германия, Франция, Испания, Голландия және тағы басқа елдерге тарады. [2]

Қайта жаңғыру дәуірі —  мәдениет пен өнер және ғылым тарихындағы  ұлы бетбұрыс кезең болды. Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Еуропаның  көптеген елдерінде бұрын-соңды  болып көрмеген гүлдену, мәдени қозғалыс басталды. Дін өктемдігінен, оның құрсауынан босанудың арқасында өмірдің  сан-саласын тұтас көрсететін, адамды рухани жағынан толық қанағаттандыратын  шығармалар өмірге келді. Бұл дәуірде  адамның бұл дүниедегі алатын орны жан-жақты көрсетілді. Ренессанс  мәдениетінің негізінде жаңа заманда  еуропалық адам қазіргі өркениетке қарай шешуші қадам жасады. Орта ғасырлар мәдениетінің мән-мағынасын  сәулет өнері көрсететін болса, Қайта  жаңғыру дәуірінде живопистік туындылар (суреттер) басым болды. [1] Жарық дүниенің құпия сырларын танып-білуде адамның сезімдерінен артық не бар, ендеше бұл қағиданы ескере отырып, жаңғыртушылар «адам көзіне» пара-пар келетін бұл дүниеде еш нәрсе жоқ деп есептеді.Сондықтан да Қайта жаңғыру дәуірінде өнер салаларының ішінде сурет салу және т.б. ұдайы даму үстінде болды. Шындығында да, дүниені танып-білумен қатар оны шынайы жеткізе білуде суретшілердің мүмкіндіктері мол, олай болса олардың дүниетанымдық мақсаттарды шешудегі белсенділігінің сыры да осында болса керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Көркем өнер  туындылары

 

Қайта өрлеу дәуірі өнерінің алғашқы суретшілерінің бірі — ұлы  суретші Джотто (1267—1337) болды. Ол Римдегі антикалық өнермен жан-жақты танысты және сонда жүріп "Новичелла" (қосымшадағы 1-сурет) атты мозаикалық шығармасын жазды. [2] «Иуда ишараты» (қосымшадағы 2-сурет) — талантты суретшінің ең әйгілі шығармасы. Көп адам қатысқан бұл композициядағы басты тұлғалар — Христос пен Иуда. Христос бейнесінен ізгіліктің, адамгершіліктің, сабырлылықтың белгілерін байқайтын болсақ, ал екінші бір кейіпкер Иуданың бойынан бір көргенде-ақ озбырлық пен сатқындық қасиеттерін жазбай танисыз. Екі жүзділік, күншілдік, зұлымдық сияқты жағымсыз қылықтар кейіпкердің жүзінен де, қимылынан да айқын көрінеді, ізгілік пен зұлымдық арасындағы ымыраға келмейтін күрес — шығарманың негізгі идеясы. Орасан зор шеберлікпен жазылған бұл туынды Джоттоның есімін бүкіл Италияға әйгілі етті. Көзінің тірісінде-ақ ол «Флоренцияның ұлы азаматы» деген абыройлы атаққа ие болды. Қайта жаңғыру кезеңінде талай өнер саңлақтары өздерінің өшпес туындыларымен әлемді таң қалдырды. Егер орта ғасырларда әлемнің кіндігі — құдай деп саналса, ендігі жерде адам құдай дөрежесіне көтеріліп, мадақталды. [1]

Сол кездегі белгілі қылқалам шебері Мазаччо болды. Бұл суретші өнердің терең сырларын Джоттодан үйренді. Флоренциядағы көне шіркеудегі екі фресканы Мазаччо 1427 жылы ешбір көмекшісіз жалғыз салады. Біріншісі — "Жұмақтан аластату", екіншісі — "Динарий ғаламаты"(қосымшадағы 3-сурет)  жұмыстары еді. Бұл — өзіндік бояуымен танылған Бранкаччи капелласы. Кейіннен капелла италия суретшілерінің көптеген ұрпақтары үшін тәжірибе мектебі болды. Атақты өнер шеберлері, яғни Боттичелли, Леонардо, Рафаэль, Микеланджело осында жиі келіп, Мазаччо фрескаларымен танысты. Бұл суретші 1428 жылы Римде қайтыс болған.

Суретші Мазаччодан кейін  қылқалам шеберлерінің ішінен көрінген Сандро Боттичелли (1445—1510) болды. Ол қылқалам шеберлерінің жоғары шыңына жетті. Әйгілі картинасының бірі — "Венераның тууы" (қосымшадағы 4-сурет) болды. Тағы бір туындысы — "Көктем" (қосымшадағы 5-сурет) картинасы. Мұнда ғаламат сұлу қозғалыс, иірім, гармония бар. Дене бітімі, сәйкестік заңдылығы керемет білгірлікпен берілген. Сандро Боттичелли, әсіресе, сұлу да әдемі мадонналарды жазумен әйгіленді.Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Италияда, басқа да көптеген Батыс Еуропа елдерінде көркем өнердің барлық дерлік салаларында бұрын-сонды болып көрмеген гүлдену басталды. 
Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микеланджело, Тициан, Джорджоне... Энгельстің сөзімен айтқанда, Қайта өрлеу дәуірі туғызған алып тұлғалар. Олардың қатарында: Альбрехт Дюрер, Үлкен Лукас Кранах, Кіші Ганс Гольбейн сияқты немістің белгілі суретшілері бар.    Италияда Жоғары қайта өрлеу дәуірінде негізгі үш ұлы суретші белгілі болды. Осы дәуірдің ең үлкен жетістіктерінің барлығы ұлы суретшілердің жұмыстарынан айқын көрінеді. Ол суретшілер — Леонардо да Винчи (1452—1519), Микеланджело (1475—1564), РафаэльСанти (1483—1520). Сонымен қатар бұл суретшілер өз дәуірінің көркемөнерін биікке көтере білді. [2] 
Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің өкілдерінің ішінде сол дәуірдің тынысын терең сезінген, сол бір аласапыран кезең мен жарық дүниенің әсемдігін, адамның жан-дүниесін өнер туындылары арқылы бере білген алып тұлға —Леонардо да Винчи (1456—1519 жылдары). Өз заманында ол айналыспаған ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің бірде-бір саласы болмаған. Ол — әрі мүсінші, әрі суретші, әрі математик, әрі инженер, әрі геолог, әрі философ, әрі ақын, әрі физик т.б. болған. Сегіз қырлы, бір сырлы Леонардо да Винчи ұшу аппаратының қанатын, токарь станогының жобаларын жасады. Леонардо да Винчи сонымен қатар ғылымның әр саласына байланысты жазылған әр тақырыптағы ғылыми трактаттардың авторы. [1]

Алғаш рет адам денесінің  жеке бөліктері, ішкі құрылысы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен  қатар өз еңбегінің жоғары деңгейлілігін  көрсетті. Оның Миландағы Әулие Мария делла Грацие шіркеуіндегі шығармалары ең тамаша еңбектер қатарында. Леонардоның керемет ұлы туындысы және барлық замандардағы ең ғаламат суреттерінің бірі — «Құпия жиын» (қосымшадағы 6-сурет).МиландағыСанта-Мария-делле-Грацие шіркеуіндегі бұл сурет бізге жартылай бүлінген күйінде жетті.Бұл суретте Христос барлық сезімдер орталығына айналған, оның ішкі жан-дүниесі, қайғысы мен сабырлылығы — заңды құбылыс. Ол жанындағыларға оған опасыздық жасалатынын хабарлайды. Шығармада көрсетілген драманың терең мәні де осында болар, өйткені мұндағы сатқын, опасыз Иуданың сол бір құпия кештегі келбетінің өзі де үлкен шеберлікпен берілген. Жаугершілік, қиын-қыстау заманда салынған бұл сурет екінші жағынан — заман талабынан туған, мәңгі өшпес тақырыпқа арналған патриоттық шығарма болып табылады.(2)

Ден Броунның «Код да Винчи» атты еңбегінде « Құпия жиындағыХристостың оң жағында отырған Мария Магдалина оның жұбайы болуы және олардың ұрпақтары бүгінде өмір сүріп жатуы мүмкін, ал шіркеу ұзақ уақыт бойы шындықты жасырған, бірақ бұл туралы білетін құпия ұйым болды, оның ең беделді мүшесі Леонардо да Винчи өзінің суреттерінде Магдалина туралы шындықты көрсеткен»деген болжам ұсынады. 
Дүниені дүр сілкіндірген, бұл күндері ПариждегіЛувр музейінің інжу-маржаны болып отырған «Мона Лиза — Джоконда»(қосымшадағы 7-сурет) туындысы ғасырлар бойы көрген адамды таң қалдырып келеді. 1503 жылы суретші осы суретті салуды бастағанда 50-ден асқан кезі еді. Сурет майлы бояумен салынған, оның көлемі бар-жоғы 77×53см. Ағашты негіз даярлағаннан кейін Леонардо жалпы композиция жасап, кейін жұқалап кепкен бояу қабатына кескіндер түсірді. Осындай сурет салу техникасы адам тәнінің жылулығын сезіндіру үшін қолданылған. Леонардо ойлап тапқан сфумата әдісі заттардың кескінін бұлыңғыр етіп көрсетеді, Мона Лиза бейнесі тұманға оралған, ал күлкісі көздерінің бұрыштарына және езуіне жасырынған сияқты әсер қалдырады. Леонардо «Джоконданы» салуда ұзақ еңбектенді, қажымай-талмай жетілдіре түсудің нәтижесінде артына баға жетпес асыл мұра қалдырды. Сұлу да нәзік жас келіншектің кұпиясы оның езу тартып, ұяң жымиып тұрғандығында. Оның жан дүниесінде ғаламат мейірбандық, тылсым сыр бар екендігі көрінеді.Кейбір зерттеушілер «Мона Лизаның» сыры келіншек өзінің жүкті екенін біліп қуаныштан жайнап тұруында десе, ал келесілері - баласынан айырылып қайғырып тұр, үшіншілері – келіншектің қасын салмаса, күлкінің тартымдылығының жоғалуында, антропологтар – Леонардо өз-өзін әйел кейпінде бейнелеуінде, өнертанушылар Джоконданың ешқандай прототипі жоқ, ол сұлулық пен нәзіктіктің көрінісі деді.Мона Лиза кім деген сұраққа әр түрлі жауап айтылды. Бірақ солардың ішінде флоренциялық беделді азамат Фронческо де Джоконданың жұбайы деген пікір шындыққа жақынырақ. Себебі, бұл суретте бейнеленген келіншекті жақындары Джоконда, яғни итальян тілінен аударғанда «өмірге құштар» дегенді білдіреді. Оның көркем мұрасы сан жағынан алғанда онша көп болмаса да, оның бірде-бірін мыңмен айырбастауға болмайды, бәлкім оның қаламының құдіреті де осында болар.[2] 
Адамзат қоғамына мәңгілік рухани азық болған шығармалардың авторы, тасқа тіл бітірген тендесі жоқ мүсінші, тамаша қыл қалам шебері, сәулет өнерінің сарбазы, өнердің қай саласының болсын майталманы — атақтыМикеланджело Буонародти (1475—1564). еді. Оның өнерінің ішіндегі қай туындысын алсаңыз да алдымен адамды, оның ақыл-парасатын, оның бойындағы ізгілік қасиеттерді аңғарамыз. Микеланджелоның атақты мүсіндері — «Давид» (қосымшадағы 8-сурет), «Моисей» (қосымшадағы 9-сурет), «Бұғаудағы құл», «Өлім халіндегі құл» және т.б. қатар «Құдай — ана — Дони», «Кашино түбіндегі шайқас» сияқты суреттерінде қасірет шеккен халықтың қилы тағдыры, оның азаттық үшін күресі, ана жүрегі, ана махаббаты, сәулелі болашақ пен өмірдің сан-салалы көріністері нанымды берілген. Ол талантты мүсінші, сырлы бояуға нұрлы өмір берген шебер суретші, жүрегімен жыр толғаған ақын еді. Оның әрбір жұмысын алып қарасақ, ең алдымен, адамды, оның ақыл-парасатын, ерлігін паш етеді. Микеланджело Джотто, Мазаччо сияқты ұлы суретшілердің шығармаларын тереңдеп зерттеп, өнердің озық үлгілерімен жете таныса түседі. Әсіресе Донателло жасаған мүсіндер бұл мүсіншіге айрықша әсер етеді, осыдан кейін мүсін жасау теориясын оқуына игі ықпалын тигізеді. 
Оның көптеген жоғары деңгейлі жұмыстары бар. Ең елеулісінің бірі — Римдегі Әулие Петр соборындағы белгілі мүсін — "Жоқтау". Негізгі шығарма құрылымы екі кейіпкерден құрылған: ана мен бала. Мерт болған жалғыз ұлының суыған денесін тізесіне қойып, егіліп отырған ана бейнесі көрсетілген. 
Микеланджелоны биікке шығарған келесі жұмысы — "Давид" мүсіні. Ол Флоренция қаласының орталық алаңына тұрғызылған. Аңыз бойынша орындалып жүрген, талай шеберлердің көркем шығармаларына арқау болған Давид тұлғасы жаңа қырынан бейнеленген. Мүсінші оның халық мұңын жоқтаушы, қанды кегін кайтарушы ретіндегі ішкі мінез-құлқын асқан шеберлікпен орындаған. Бұл мүсін ұлы суретшінің атақдаңқын биікке көтерді. [2] Оның атақты «Давид» мүсіні туралы Вазарий таңдана былай деп жазды: «Микеланджелоның» қолынан шыққан Давидтің алып мүсіні қазіргі кез бен ежелгі дүниеде Грекия мен Римде жасалған мүсіндердің даңқын тартып алды» [12]Шындығында да, тұла бойы ерлік пен күшке толы, өз ісінің әділдігіне сенімді, қуатты да сүйкімді Давидтің мүсіні азаттық аңсаған елдің айбынды батырының, табиғат күштерін бойына жинақтаған ұлы адамның бейнесі болатын. «Давид» мүсіні дүниеге келген күн — Италияда ұлттық мейрам болып жарияланды, бұл өнер туындысына, жалпы өнер атаулыға деген халықтың асқан құрметі болатын. [1]

Ал кескіндемелік шығармалар ретінде Ватикан сарайында орын алып тұрған Сикстин капелласының төбесіндегі  қолымен салынған жұмысты атауға болады. Оны жазу үшін төрт жыл уақыт  кеткен. Сол қолжазбаның ұзындығы 40 м-ге жетеді. Бұл діни мазмұндағы шығарма  болып табылады. [2] 
Жоғары қайта өрлеу дәуірінің үшінші көрнекті суретшісі Рафаэль Санти (1483—1520). Рафаэль жұмыстарынан ана тақырыбын айқын сезінуге болады. Оның жұмыстары: "Констабиле мадоннасы"(қосымшадағы 10-сурет)  және тағы басқа . Рафаэль үшін 1503 жыл ерекше, есте қаларлықтай кезең болады. Оған Ватикан сарайындағы ең салтанатты залдарды көркемдеу тапсырылады. Кейінірек бүкіл әлемге әйгілі болған "Диспут"(қосымшадағы 11-сурет), “Афины мектебі” (қосымшадағы 12-сурет) тағы басқа шығармалар осы кезде дүниеге келді. [2] Рафаэль есімін өйгілі еткен ең көрнекті шығармасы — "Сикстин мадоннасы"(қосымшадағы 13-сурет) Меккедегі қара тас арабтар үшін қандай киелі болса, «Сикст мадоннасы» еуропалықтарға да сондай қасиетті дүние. [1]. Ұлы суретші 37 жасында кенеттен дүниеден қайтады, бірақ осы қысқа өмірінің өзінде ол бірталай туынды қалдырады.(2) 
Италияда өте ылғалды ауа райына байланысты майлы бояу пайда болды. Бұл бояу алғаш рет Нидерландыда ойлап табылған болатын. Енді суретшілер ылғалға төзімді майлы бояуды пайдаланды. Оны пайдалану суретшіге басқа да бояу сырларын ашуға мүмкіндік берді. Осы кезеңде атақты суретшінің бірі Тициан Вечелли өмір сүрді (1477—1576). Бұл суретші көбінесе портрет жанрында жұмыс істеді. Тициан шығармаларының ішіндегі әйгілісі — "Әулие Себастъян"(қосымшадағы 14-сурет)  шығармасы. Оның кейіпкері — Римтарихынан келіп жеткен халық батыры, елді жауға қарсы күреске, ерлікке шақырған ержүрек Себастьян. [2] Одан басқа Тицианның көзге түсерліктей еңбектері — "Тәубеге келген Мария Магдалина"(қосымшадағы 15-сурет) мен "Урбин Шолпаны" шығармалары Бұл суретшінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол алғаш рет бай колоритті сурет салудың негізін қалады. Оның жұмысындағы негізгі компоненттер жарық бояу реңі, көлеңке болды. Оның кескіндемесі бояу реңі мен бояу дақтарының басымдылығымен ерекшеленді. 
Тидиан осы Қайта өрлеу дәуіріндегі соңғы өнер алыптарының бірі болып саналды. Тицианнан кейін Веронезе, Джорджоне, Тинторетто сияқты бірнеше тамаша суретшілер өмір сүрді. [2]

Чарльз Лэм «Сурет өнері адамның тек тәнін бейнелейді, ал жан-дүниесінің сырын ұғуға дәрменсіз» деген.

 

Сәулет өнері

Мұндағы түбірлі өзгеріс  сәулет саласында болды (қосымшадағы 16-22 суреттер). Сәулетшілер Италияда етек жайған романдық және готикалық стильдерден біржолата бас тартты.

Бұл дәуірдің басты ерекшелігі – архитектураның  антика формалары  мен принциптеріне оралуы, римдік өнердің басымдығы. Құрайтын бөлшектердің симметриясына, пропорциясына, геометриясына  және ретіне ерекше назар аударылады, бұған римдік архитектураның бүгінге  жеткен үлгілері дәлел. Орта ғасырлық ғимараттардың күрделі пропорциялары  ретпен орналасқан бағаналар, пилястралармен, ал симметриялы емес кескіндерге  жарты шеңберлі аркалар, жарты сфералы  күмбез, нишалар, эдикулаларалмастырылды.

Қайта өрлеу мәдениеті және оның қалыптасу ерекшеліктері