Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы. 2
Ф.7.11.-19
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАС ЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жайназарова Жанар
Пән: «Экология және тұрақты даму»
КЕЙС
Тақырыбы: Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы
Шымкент, 2011ж.
Мазмұны
- Интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелері.....................
.............3 - Case-study....................
.............................. .............................. .................6 - Кейс- Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы....................10
- Әдебиеттер....................
.............................. .............................. ...............
- Интербелсенді оқытуды ұйымдастыру ережелері
Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау.
Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда (сынып бөлмесінде, кабинетте) компьютер, LCD-проектор, тақта (оған қоса жылжымалы тақта да болса тіпті жақсы) немесе интербелсенді тақта, қол астында бор, флип-чарттар (плакаттар), маркерлер, А-4 форматтағы қағаз болғаны дұрыс.
Аудитория үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мысалы, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын бірнеше рет өзгертуі ықтимал, сол себептен парталар мен үстелдер олардың емін-еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет.
Әдетте аудиторияда студенттер партаға екеуден отырып, жүздерін оқытушы жаққа беріп отырады. Бұлай отыру олардың бір бірімен қоян қолтық араласып, тиімді қарым қатынас жүргізуіне мүмкіндік бермейді: алда немесе арт жақта отырғанмен қалайша әңгімелесуге болады? Отырғанда студенттер бір бірінің жүздерін көргені дұрыс, өйткені олардың әңгімелесетін, қандай да болмасын мәселені талқылайтын серіктері өз жолдастары болады.
Парталарды қоюдың да көптеген тәсілдері бар. Ең бастысы үйренушілердің бәрі де бір мезгілде сабақ жүргізушіні көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек.
Екінші ереже. Топқа бөлу.
Әр сабақта (әсіресе
семинар мен практикалық
Топқа бөлу әдетте кездейсоқ
түрде жасалады. Алайда семестр бойы
бір студент жолдастарының
Топқа бөлуді әрекетке негіздеп, қызықты қылып өткізген жөн.
Үшінші ереже. Мақсаттарды
және күтілетін нәтижелерді
Әр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша ұстаз өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, үйренушілерден қандай білім, білік, дағды, әрекеттер күтілетіндігін жеткізеді. Сонан соң үйренушілердің өздерінен сабақтан нендей нәтиже күтетіндігін жеткізеді. Сонан соң үйренушілердің өздерінен сабақтан нендей нәтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр үйренушіден өзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап, оларды «Сабақта мен қандай білім ала аламын? Бұл білім маған қандай пайда бермек?» деген сұрақтар төңірегінде ой толғаныс жасауға шақырады.
Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау.
Сабақ басында жұмыс ережелерін қабылдап (силлабуста келтірілгендерден басқа), оларды әрі қарай қатаң ұстану үйренушілерді тәртіпке шақырып, тиімді әрі үнемді жұмыс жасауға қолайлы. Ол үшін әрбір шағын топ бұл мәселені 1-2 минут талқылап алғаннан кейін, олардың ұсыныстарын көлемді параққа (флип-чарт, плакат) түрлі түсті маркерлермен жазып, аудиторияның көрнекті жеріне іліп қоюға болады. Ұстаз тарапынан емес, өздері құрастырып қабылдаған ережелерді үйренушілер мейілінше қадағалауға тырысады.
Ережелер сан алуан болуы мүмкін, мысалы, жұмыс регламенті, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста сыйласымды қарым қатынас құруға бағытталуы керек.
Мысалы:
- Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!
- Қысқа да нұсқа сөйлейік!
- Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді сынайық!
- Сабаққа кешікпейік!
- Уақытты үнемді және тиімді пайдаланайық!
- Берілген тақырыптан ауытқымайық!
- Біз үшін әрбір пікір құнды!
- Жекелей жұмыс жасағанда, бір бірімізге бөгет жасамайық!
- Тыңдай білейік!
- Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындайық!
Бесінші ереже. Сенім мен жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
Үйренушілерді психлологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Әдетте сабаққа келгендердің бәрін дерлік оқуға белсенді араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздерін ыңғайсыз әрі дискомфортты сезінуі мүмкін. Мұның себептері:
- Өзіне көтеріңкі жауакершілік жүктеуі және содан қаймығу, жүрексіну;
- Оң нәтиженің шығуына күмәндану;
- Жазалаудан немесе күлкі/мазаққа жығылудан қаймығу;
- Еріншектікпен шаршағандық (мысалы, бірінші сабақта ұйқысын аша алмау немесе соңғы сабақта шаршау);
- Назарын жинақтай алмау (мысалы, үзіліс кезіндегі оқиғалардың немесе алдыңғы сабақтың әсерінде болу).
Үйренушілердің сабақ
барысында барлық шарттылықтардан
арылып, ойлау аппаратын
Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатынасады.
Интербелсенді әдіс аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірлесе жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысқа белсенді қатысуы қажет. Сондықтан сабақтың басты тәсілі ертінде топтық жұмыстарды таңдау қажет.
Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалады.
Топтық талқылау кезінде барлық үйренушілердің өз пікірлерін келтіріп, басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін сыйлап, санасатын жағдай жасап отыру қажет. Мұндайда барлық қатысушылардың пікірі тыңдалуы керек.
Топтық бірлескен жұмыстан соң әр топқа өз пікірі мен көзқарасын жариялау мүмкіндігін беру қажет. Ол үшін топ атынан бір үйренуші (оны «сөйлеуші», «шешен», «спикер», «капитан» деп атауға болады) берілген уақыт ішінде өз ойлары мен ұйғарымдарын ортаға салады.
Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар.
Үйренудің басты мақсаты – тұлғаның дамуы, оның ішінде әсіресе ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдылардың өркендеуі. Ал жазбаша жұмыстар (жазу) – ойлаудың шырқау биігі. Сондықтан әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды. Ал үйренушінің бүгінгі сабақта қандай дәрежеде білім алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды тек жазбаша жұмыстарды орындауынан ғана объективті түрде білуге болады.
Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.
Кері байланыс дегеніміз сабақтың мазмұны мен әдіс тәсілдері, оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы үйренушілердің ой пікірлері мен эмоциялары, олардың болашақтағы (келесі сабақтардағы) өз мұқтаждарын келтіруі. Бұл пікірлер оқытушыға өткізілген сабағына баға беріп, оның ұтымды жақтары мен кем кетіктерін анықтап, өз жұмысына өзгерістер енгізу мүмкіндігін береді.
Үйренушілер «Сабақ қалай өтті: қызық болды ма?», «Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?», «Бүгін не нәрсе білдіңіз?», «Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керек деп ойлайсыз?» деген сұрақтарды ауызша талқылағаннан кейін, оларға жазбаша жауап берумен жалғастыруы мүмкін. Жауаптарды, мысалы, «Шығу парақтары» тәсілі бойынша беруге болады. Әдетте жауаптар анонимді түрде беріледі.
«Шығу парақтарында» студенттердің сабақ бойынша келесідей сауалдарға жауап бергені орынды:
- Білдім (білдім және түсіндім)
- Білгім келеді
- Ұнады
- Ұнамады
- Сұрақтарым
- Өзіме
- Оқытушыға
- Басқа студенттерге
- Пікірім
- Тілекетерім
- Өзіме
- Басқа студенттерге
- Оқытушыға
- Өз жұмысыма деген көзқарас
- Мен қалайша жұмыс жасадым?
- Өз жұмысыма көңілім тола ма?
Әр «Шығу парақтарында» үш сұрақтан аспағаны жөн.
Үйренушілердің пікірлері мен қойған сұрақтары оқытушы тарапынан ескеріліп, келесі сабақта соларға жауап берумен бастау мүмкіншілігін береді.
Кері байланыс ұстаз
бен студенттердің арасында сенімге
негізделген қарым қатынас
- Case-study
Case-study – таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Ол нақты ситуацияларды (жағдайларды) практикалық тұрғыдан талдау мен олардың өмірде кездесетін түрде қайталауға, «ойнап» шығуға негізделген.
Ағылшын тілінен аударғанда, «кейс» сөзі «жағдай», «оқиға» деген мағынаны білдіреді. Сонда «кейс» деген сөз жағдайды (ситуацияны) сипаттауды, суреттеуді білдіреді. Ал кейс-стади дегеніміз – кейстерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын сабақтың формасы.
Кейс-стади мақсаты – студенттерді келесідей әрекеттерге жұмылдыру:
- Кез келген теориялық мәлімет пен ақпаратты талдау,
- Негізгі проблемаларды айқындау,
- Проблемаларды шешудің әр түрлі балама жолдарын табу (ситуация көп шешімі және баламасы бар оқиға екенін ұмытпай керек),
- Сараптау арқылы олардың ішінен ең тиімдісін таңдау,
- Өз іс-әрекеттерін жоспарлау.
Кейс-стади практикалық мәселерді жан жақты қарастыру арқылы пәннің теориялық мазмұнын толықтырады. Кейс-стади арқылы өмірде туындайтын проблемаларға жауап іздеу арқылы студенттер ертеңгі өмірде кездесуі мүмкін жағдайлар мен мәселердің дұрыс шешімін табуға жаттығады.
Бүгінгі күні кейс-стадидің
негізгі екі мектебі қалыптасқа
- Америкалық кейстер (20-25 бет және 8-10 беттен тұратын қосымша мен иллюстрациялар) еуропалықтардан 1,5-2 еседей көлемдірек болып келеді;
- Гарвардтық кейстер студенттерден бір ғана дұрыс шешім іздеуді талап етеді, ал еуропалық кейстер шешімдері біреу емес, сан қилы болып келеді: мұндағы ең басты мәселе – студенттердің өз шешімдері мен көзқарастарын теориялық тұрғыдан негізделіп, оларды дәлелдеп және қорғап шығуы; еуропалық кейстерде оқытушы көзқарастардың сан алуандығын және пікірталастардың өрбуін қолдап тұрады, алайда ол студенттерді кейстердің дұрыс шешіміне қарай жетелемейді.
Кейс-стадидің басты қағидасы «Ақиқатты іздену – ақиқаттың өзінен де маңызды» деп тұжырымдауға болады, өйткені бұл әдіс оқу/үйренуді іздену процесі ретінде қарастырады: оның негізін проблема шешу деп танып, талқылау мен пікірталасты, шешім қабылдауды оның басты құралдары қатарына жатқызады.
Кейс-стади әртүрлі әдістер мен тәсілдерді біртұтас күрделі жүйеге біріктіреді. Олардың қатарына келесідей бірлескен жұмыс тәсілдерін жатқызуға болады:
- Ой қозғау;
- Моделдеу;
- Пікірталас;
- Талқылау мен жүйелі талдау;
- Іскерлік және рөлдік ойындар;
- Тәжірибе жасау;
- Проблемалық әдіс;
- Жазу тәсілдері.
Бұнымен қатар кейс – стадидің басқа да артықшылықтарын келтіруге болады:
- Студенттер білім алу процесінде талдау еркіндігіне ие болып, оқытушыны, пәндерді, оқу тәсілдерін, тапсырмаларды және оларды орындау жолдарын таңдай алады.
- Оқытушы студенттерге теориялық мәліметті толығымен «бермей», тек негізгі ұғымдарға тоқталып, студенттердің теорияны практикалық тұрғыдан қолданылуын қадағалайды.
- Студенттерде өзін өзі басқару дағдылары қалыптасады, олар ақпаратпен тиімді түрде жұмыс жасауы үйреніп, оның орасан зор көлемінен өзіне қажеттісін таңдап, шешім қабылдауға, сол арқылы жауапкершілікке, өз іс әрекетін жоспарлауға үйренеді.
- Оқытушы мен студенттер арасында тиімді қарым қатынас пен ынтымақтастық нығаяды, оқытушы әрбір студенттің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескереді, студенттің жағымды қасиеттеріне көңіл аударады.
- Студенттер абстракциялы біліммен айналыспай, нақты нәтиже әкелетін мәселелерді қарастыру арқылы өмірде (кәсіби практикада) кездесетін ситуацияларды зерттеу және талдау дағдыларын қалыптастырады.
- Студенттер өз шешімдерін дәлелдеуге үйренеді, шешімдердің барлық баламаларын дұрыс бағалап, басқа пікірлерді ескеріп, олармен санасуды үйренеді.
- Студенттер проблемаларды шешуде қажетті көрнекі материалдармен қамтамасыздандырылады (ғылыми әдебиеттер, мақалалар, видио – және аудиокассеталар, СD дискілер, кейсте қызметі қарастырылатын компаниялардың өнімдері).
Кейстерді сабақтарда келесідей тәртіпте қолдануға болады.
- Дайындық.
Оқытушы сабаққа дейін кейс таңдап, оның негізгі және қосалқы материалдарын анықтайды, жұмыс жоспарын құрастырады. Кейс студенттерге сабақтан бұрын, әдетте бір-екі күн таратылып беріледі: олар кейстің мазмұны мен ұсынылған әдебиет тізімімен жеке-жеке танысады, кейс бойынша өзіндік пікір қалыптастырады.
- Топтық жұмыс.
Сабақта студенттер аудиториясы 4-5 адамнан тұратын шағын топтарға бөлініп, 1,5-2 сағат ішінде кейсті талқылайды, онда қойылған мәселелердің шешімдерін бірлесе іздестіреді.
- Пікірталас.
Студенттер толық құрамда бір аудиторияда жиналып, кейс бойынша пікірталас басталады. Мұнда әр топтан (спикерлер) шығып, топтың пікірі мен көзқарасын дәлелдейді. Дәлелдеуде алдын – ала әзірленген кестелер, схемалар, таблицаларды пайдалану керек. Басқа топтардың студенттері әр пікірді талқылауға қатысады, бір біріне сұрақ қойып, проблеманы шешудің басқа да варианттарын ұсынады. Студенттер өздерін белсенді ұстап, талқылау мен пікірталастан қалыс қалмау керек.
- Қорытындылау.
Пікірталас аяқталғаннан соң оқытушы сабақты сараптап, студенттердің көзқарастары мен әрекеттеріне баға береді.
- Бағалау.
Студенттер өздері жасаған жұмысы туралы (пікірі, көзқарасы, шешімі) жазбаша есеп береді. Жазу уақыты мен форматын (көлемі және басқа да талаптар) оқытушы сабақтың мақсаттарына сай белгілейді.
Кейс-стадиде оқытушы талқылауды ұйымдастырушы және жүргізуші рөлдерін атқарады. Ол студенттерді өз көзқарасын қабылдауға күштемей, талқылау барысын сабақ мақсаттарында көрсетілген нәтижелеріне бағыттап отырады, барлық студенттердің пікірталастан тыс қалмай, жұмысқа белсене қатысуын қадағалайды.
Кейс-стадиді оқу процесінде қолданғанда келесі ережелерді ескерген орынды:
- Проблемалық ситуация бір тақырып немесе бір пәннің мазмұнымен шектелмейді, әдетте ол басқа пәндердің проблемалары мен мәселелерімен тығыз байланыста болады. Кейс-стадиде студенттер пәнаралық байланыстарды табу дағдыларын көрсете білуі қажет.
- Студенттер пәннің бағдарламасында сипатталған тұжырымдар, идеялар мен тәсілдерді түсінетіндігін, оларды нақты ситуацияны талдау мен ұсыныстар жасау үшін қолдана білетіндігін көрсете білуі қажет. Үйренушілер проблемалық ситуацияны интерпретациялаудың (өзіндік тұрғыдан түсінудің) бірнеше жолы болатындығына дайын болуы керек.
- Ситуацияда бірнеше шешілмеген проблема болуы мүмкін, сол себепті де студенттер бір проблеманың шешімін тапқан соң, басқа да проблемаларды іздестіріп, оларды талдаудың бағыттарын анықтауы керек.
- Студенттер өз шешімдері мен ұсыныстарының дұрыстығын дәлелдеу үшін өздерінің жеке тәжірибесінен мысалдар келтіруі керек.
Кейстің форматы қандай болуы керек?
Ситуацияларды жан-жақты жазбаша сипаттайтын кейстердің шет елдерде кеңінен таралған форматы төмендегідей:
- Мұқаба.
Мұнда кейстің атауы, авторы, жазылған жылы келтіріледі.
- Кіріспе.
Негізгі объекттің даму тарихы сипатталып, басты белгілері суреттеледі, оқиғаның басталу уақыты көрсетіледі.
- Негізгі бөлім.
Ақпараттың негізгі бөлігі беріледі. Мұнда шешімі қажет проблема нақтыланып, оның қиындық туғызатын жерлері келтіріледі, студенттерге сұрақтар қойылып, тапсырмалар ұсынылады.
- Қорытынды бөлім.
Ұсынылған проблеманы шешудің талаптары келтіріліп, студенттерге тапсырмалар беріледі.
- Қосымша.
Проблеманы шешу үшін қажетті ақпарат.
Кейсте қарастырылған нақты ситуациялар қандай болуы керек?
- Ситуация практикадан (өмірден) алынуы керек.
Практикалық маңызы бар бұл ситуация студенттік аудиторияда талқылау барысында шығармашылық атмосфера тудыруы керек, яғни ол барлық студенттерге қызық болып, пікір алмасуы мен таластарға әкелуі керек.
Практикада кездесетін
ситуацияларды екі түрде
а. Өмірде болған оқиғалар мен әрекеттердің негізгінде («далалық»).
б. Жасанды ситуациялардың негізінде («кабинеттік»).
2. Ситуация бір нәрсеге үйретуі керек.
Ситуацияны талқылау
арқылы пән немесе тақырып бойынша
белгілі бір прагматикалық
- Ситуацияда шешім қабылдауды қажет ететін ішкі шиеленіс немесе жұмбақ болуы керек.
Кейсте келтірілген оқиға аудиторияда талқыланып, ол жөнінде пікірталас ұйымдастырумен бірге бұл ситуация қандай да бір шешім қабылдаумен аяқталуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, ситуация өзекті бір проблеманы шешуді талап етуі керек. Сол арқылы студенттер өздерінің практикалық біліктері мен дағдыларын ұштай түседі.
- Ситуацияда ақпарат мөлшері көп болуы керек.
Ал ақпараттың көптігі, біріншіден, таңдауды қажет ететін болса, екіншіден, студенттерден де басқа ақпарат көздерін тауып, қолдану талап етуі керек.
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы
2.2 Тасымалдаушы көліктердің ауа атмосферасына әсері.
2.3 Тасымалдаушы көліктің атмосфераны ластаушы қайнар көзі екенін сипаттау.
2.4 Газ балондарымен
жүретін автокөліктердің
3.Кейс - Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы
Бұл ситуацияда студенттер «Экологиялық зиянды заттар», «Экология және тұрақты даму» пәндері бойынша теориялық білімдерді қандай деңгейде игергендігін практикалық әрекеттерді қолдану арқылы көрсету мүмкіндігін береді.
Кіріспе. Атмосфераның ластануы ГОСТ 17.21.04.77 келісім бойынша атмосфера құрамында әр түрлі қоспалардың болуы. Атмосфераның ластануына табиғаттың түрлі жағдайлары себеп болуы мүмкін (құмды дауылдар, әртүрлі шаң тозаңның пайда болуы) немесе адамның іс-әрекеттерінен атмосфера ластанады. Сондықтан адамның іс-әрекеттерінен кейбір аудандарда әр түрлі өнімдердің шығындыларын ашық тастай салу салдарынан атмосфера ластана бастайды.
Атмосфераның ластануын әр түрлі бөледі жаппай бүкіл әлем бойынша атмосфераның ластануы немесе қалалардың қоршаған ортаны әртүрлі қалдықтарын шығарып тастап атмосфераны ластауы. Атмосфераны ластау процесінің ерекше түрінің бірі ол бір уақытта өте үлкен аймақтың атмосфераның өзгеруі.
Негізгі бөлім.
Ситуацияны сипаттау.
Шымкент қаласы үлкен өндіріс орталығы онда 200 тарта өндіріс орындары орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысының айналаны қорғау аймақтық басқару орталығының мәліметтеріне қарағанда ауаны латсаушы өндіріс болып есептелуші ол мұнайды қайта өңдеуші зауыт ТОО «Петро Қазақстан Ойл Продактс», металл өңдеу өндірісі және жлу энергетика объектілері АО «ПК Южполиметалл», ОАО «Шымкентцемент», ОАО «Энерго орталық-3». Мұнайды қайта өңдеуші зауыт ТОО «Петро Қазақстан Ойл Продактс» 2004 жылы атмосфераға – 9 мың.тонна, АО «ПК Южполиметалл» - 4,8 мың тонна, ОАО «Шымкентцемент»- 0,97 мың тонна, ОАО «Энерго орталық-3» - 6,6 мың тонна зиянды қалдықты атмосфераға шығарған. Өнім өндірісінің шығарған зиянды қалдықтарын классторға бөлсек:
І кл - АО «ПК Южполиметалл», ОАО «Шымкенттасбоцемент», ОАО «Химфарм», ОАО «Джин-Тэкс»;
ІІ кл – АО «Құрылыс материалы», ТОО КСМ ПТ «Аликулов и К»;
ІІІ кл – ТОО «Спецстрой», ТОО «Адал», ОАО «Алтын дән»;
IV кл – кіші және орта бизнес орталықтары, АЗС, СТО және т.б.
ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 жағуға пайдаланатын отындары көмір, ал ОАО «Энергоорталық 3» - мазут.
Қалалық СЭС – тің мәліметтері бойынша АО ПК «Южполиметалл», АО «Химфарм», ЖЭО – 1, ЖЭО – 2, өндірістері қаланың қоныстанушы аймақтарына орналасқан, ал бұл өндіріс орталықтарының санитарлық қорғау істері әлі іске асырылмаған атмосфераны қорғау іс-шараларытолық көлемде орындалмай отыр.
Соңғы 5 жылда лас шығындылар
көлемі (1998-1999жж) қарағанда біршама
төмендеген еді, ол кейінгі жылдары
(2002-2007 жж) керісінше көтерілді. Шығындылардың
азайуының себептері ауа
Сұрақтар:
- Шымкент қаласының қоршаған ортасының атмосфераның ластану дәрежесі шаң және формальдегидтің ауа құрамындағы мөлшері?
2. Адамның iс-əрекетiнiң ауа райы мен климатқа əсерi қандай?
3.Атмосфераға температураның əртүрлi инверсиялары қалай əсер етедi?
4.Атмосфералық ауаның
ластануы халық саны мен
5.Ауаны ластаушы қалдықтардан тазартудың негiзгi əдiстерi қандай?
Қорытынды бөлім.
Тапсырма.
1.Автотранспорттан қандай улы қалдықтар бөлiнетінін және улы қалдықтардан азайтуын анықтадыңыздар?
2.Атмосфераны ластаушы негiзгi факторларға көз жеткіздіңіздер?
Қосымша.
Атмосфераны ластаушы (ЗВ) зиянды заттарының ауаға таралу қала экономикасының қарқынды дамуы, құрылыс өндірісінің өркендеуі, автокөлік санының көбейуіне байланысты. Қазіргі кезде қала бойынша – 60,0 мың дана әр түрлі жеңіл, жүк көліктерінің саны тіркелген, ол 1999 жылы мұндай пайдаланушы автокөліктер – 34,0 мыңды құраған еді.
Автокөліктер санының қарқынды өсуі 200- ге тарта өндіріс орталықтарынын жұмыс істеуі атмосфераны ластаушы орталықтарының жұмыс істеуі атмосфераны ластаушы орталық болып есептеледі, және жаңа құрылыс аймақтары жақсы аяқталмаған құрылыстар (шағын мөлтек аудандар) және де басқа. Қаланың құрылысы аяқталған аймақтарының зиянды қалдықтары атмосфераға тарап ол қоршаған ортаны бүлдіріп адам ден саулығына зиян келтіруде.
Атмосфераның ластануын және оның ішіндегі қоспаларды олардың концентрациясына қарап ластану деңгейінің санын анықтайды оның таралу аймағын уақытына қарай анықтайды. Сондықтан атмосфера фонының ластану деңгейін зиянды қоспалар концентрациясының ұзақ уақыттағы жиынтығы (ай, жыл) нәтижесінде анықтайды.
Қаланың атмосферасының ластануын мемлекеттік бақылау жүйесі тіркеп отыртады. Шымкентте – 2006 ж. Казгидрометтің мәліметтері бойынша 4 бақылау орындары арқылы бақылау жүргізіледі:
№ 1 пункт – Абай проспекті, 1 май көшесінің қиялысы;
№ 2 пункт – Ордабасы даңғылы;
№ 3 пункт Попов көшесі қиылысы (№62) және Сайрам көшесі.
№ 8 пункт – Сайрам көшесінің қиялысы және Манкент тас жолы.
Бақылау негізін төрт
ауданы латсаушылар негізінен
Төмендегі В кестесінде ауа атмосферасындағы осы заттар концентрациясының мәліметтері келтірілген, бұл арқылы қаланың атмосферасын ластаушы ингредиенттердің деңгейінің жоғарылығына куә боламыз. Әсіресе шаң , азот диоксиді, сирек көміртегі оксиді.

- Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы
- Атмосфера Земли
- Атмосфера Земли: её газовый состав и строение. Парниковый эффект
- Атмосфералық ауаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Батыс Қазақстан облысының з
- Атмосфералық ауа сапасының нормативтері
- Атмосфералық қысым
- Атмосфера современного магазина
- Атипичные нейролептики. Клозапин и Оланзапин
- Атқарушы органдары
- Атлантида: история и реальность
- Атлантида: міф чи реальність?
- Атлантический океан: биогеоценоз и экологические проблемы
- Атмосфера. Влияние ее на организм человека
- Атмосфера - внешняя оболочка биосферы. Загрязнение атмосферы