Атмосфералық ауа сапасының нормативтері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Экологиялық нормалаудың негіздері және сараптау
Тақырыбы: Атмосфералық ауа сапасының нормативтері
Астана-2012ж
Кіріспе
1.Атмосфераның құрамы және маңызы
1.1Атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі
1.2Атмосфераның қабаттық құрылымы
2. Атмосфералық ауа сапасының нормалау
2.1 Атмосфералық ауа жағдайын бақылау
2.2Атмосфераға стационарлық көздерден
ластаушы заттар
шығарындыларының нормативтерін есептеу
3.Атмосфералық ауаны қорғау
3.1Атмосфераны ластаушы көздерді және зиянды физикалық әсерлерді бақылау
3.2Қазақстан қалаларының атмосферасының шаң бөлшектерімен ластануынан тұрғындар денсаулығына қауіп – қатерін бағалау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Атмосфера Жердің ауа қабатын құрайды. Оның жоғарғы шекарасы аса анық емес. Жеке иондардың шамамен 2000 км биіктікте де байқалатындығы белгілі болып отыр.
Атмосфераның төменгі шекарасы — Жер беті болып саналады.
Оның төменгі қабаты азот, отте
Атмосфера түсінің көк болып
келуі газ молекулаларының
Атмосфера Жер бетіндегі өмірдің кепілі. Ол Жерді және Жер бетінде өмір сүретін органикалық дүниені ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен, сонымен бірге ірілі-ұсақты метеориттердің бомбылауынан сақтайды. Атмосфераньң өзі өте маңызды геологиялық агент болып саналады. Ол тау жыныстарының үгілу процесінде ең басты роль атқарады.
.
1. Атмосфераның құрамы және маңызы
Атмосфера — Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі.
Атмосфералық ауа - жер атмосферасын құрайтын газдар қоспасы
Атмосфераның жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.
Атмосфераның жалпы құрамы шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында мынадай газдардан тұрады: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.
Химиялық құрылымы
|
Құрғақ ауа құрылымы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.1 Атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі
Жер бетінде тоқтаусыз жүріп жатқан экзогендік геологиялық процестер үшін оттегі, көмірқышқыл газы және су буы өте маңызды роль атқарады. Оттегі әр түрлі табиғи заттардың тотығуын және организмдердің ауамен дем алысын (тынысын) қамтамасыз етеді. Ауа-ның құрамындағы озон (О3) атмосфера қабатының 70 км биіктігіне дейін кездеседі. Әсіресе 20—30 км биіктіктерде атмосфера құрамында озонның болуы, Жерді ультракүлгін және т. б. зиянды ғарыштық сәулелердің әсерінен сақтайды.
Атмосфераның аз болса да өте маңызды бір бөлігі — су буы болып саналады. Су буы бүкіл атмосфера көлемінің 3%-ін ғана алып жатады. Су буынын, көпшілігі ауа қабатының 3000 м-ден төменгі бөлігінде кездеседі, ал 10—15 км-ден жоғары қарай оның мөлшері жоқтың қасы деуге болады. Ауа қабатының кейбір бөлігінде су булары әдеттегіден көбірек жиналған жағдайда конденсациялық процестерге байланысты бұлттар түзіледі. Кейінірек, олар су тамшыларына немесе мұз кристалдарына айналып, жауын-шашын (жаңбыр, қар және бұршақ) түрінде жерге қайта оралады.
Көмірқышқыл газы және су булары Жер
бетіндегі температура шамасын
реттеп отыратын регулятор ролін
атқарады. Көмірқышқыл газы организмдердін,
ыдырауы және олардьщ демалысы кезінде,
сонымен қатар вулкандық
Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады.
Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді.
1.2Атмосфераның қабаттық құрылымы
Атмосфера температуралық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі қабаттарға жіктеледі .Атмосфераның төменгі бөлігі (полюстер тұсында 8—10 км; экватор тұсында 16—18 км)—тропосфера, одан жорарғы қабат (55 км-ге дейін) — стратосфера, келесі қабат (55 км-ден 80 км-ге дейін) — мезосфера, одан кейінгі қабат (80 км-ден 800 км-ге дейін) — термосфера, ең соңғы кабат (800 км-ден жоғары қарай) — экзосфера деп аталады, Қейде соңғы аталған қабаттарды (мезотермо мен экзосфера) ионосфера деп те атайды.
Геология үшін тропосфера қабатының маңызы ерекше, өйткені бұл қабат жер бетімен тікелей шекаралас. Сондықтан да тропосфера қабаты жер бетіндегі экзогендік геологиялык процестерге көп әсерін тигізеді. Жоғарыда айтылрандай газды компоненттердің және су буының, сонымен бірге шан-тозаңдардың көпшілік бөлігі тропосфера қабатында кездеседі. Бұл қабаттың төменгі жағында орташа жылдық температура +!5°С болып, ал биікке жоғарылаған сайын температура біртіндеп төмендей (шамамен әрбір километр сайын 6°С) бастайды. Тропосферанын, жоғары бөлігінде ауа температурасы 60°С-қа дейін (полярлы аймактарда), ал кейде 80°—85°С-қа дейін (экваториалды аймақтарда) төмендейді.
Тропосфера қабатындағы су булары ең алдымен бұлтқа, кейінірек жауын-шашынға айналады. Жер бетінде жауын-шашын барлық аудандарда бірдей болмайды. Егер жыл сайын жауын-шашын мөлшері Жер бетінен тура айналатын су мөлшерінен көп болса, ылғалды (гумидті) климат, ал керісінше су буының мөлшері жауын-шашыннан артық болған жағдайда құрғақ (аридты) климат қалыптасады.
Ауа қабатының үздіксіз козғалыста болуы тропосфераның ерекшелігі болып саналады. Ауа қабатының қозғалысы температуралық айырмашылыққа және ыстық ауа мен суық ауаның арасындағы тығыздық айырмашылықтарымен тікелей байланысты.
Стратосфера қабатында ауаның температурасы
әрбір километр сайын ~ 1—2°С-қа біртіндеп
жоғарылап отырады. Стратосфераның
жоғарғы шекарасында
Мезосфера қабатында “күміс бұлттар” деп аталатын бұлт қабаттары пайда болады. Олар ылғи ~80—85 км биіктікте тұрақты түрде байқалып отырады. Неғұрлым биіктеген сайын температура шамасы төмендей түседі.
Термосферада температура шамасы қайтадан жоғарылай бастайды. Мысалы, 400 км биіктікте температура 1000—2000°С-қа дейін көтеріледі. Одан жоғары қарай температура тұрақты болып, өзгеріссіз қалады. Термосфера қабатында ауа ультракүлгін сәуле-лердің әсеріне байланысты ионданады (атомдар электрондарын жо-ғалтады), соның нәтижесінде электр тоғын өткізетін қасиетке ие болады.
Экзосфера құрамында жеңіл газдардың иондары басым болып, олар орасан-зор жылдамдықпен планетааралық кеңістікке ұшып кетіп жатады.
2. Атмосфералық ауа сапасын нормалау
Атмосфералық ауа сапасын нормалау- биосфераға тұтасымен және халық денсаулығының қауіпсіздігіне кепілдік беретін, қоршаған ортаға әсердің шекті рауалы нормативтерін бекіту мақсатында жүзеге асады.
Зиянды заттар үшін биосфераның әр компонентіне арнайы белгіленген ШМК-ның шамалары бар.
Атмосфералық ауа:
- ШРКжз- жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясы, мг/м3. ол сегіз сағаттық жұмыс күндік немесе ұзақтығы басқа мерзім ішінде, яғни аптасына 41 сағаттан аспайтын уақыт аралығында, қызмет істеген барлық жылдар бойы қазіргі және кейінгі буындардың денсаулығын бұзбайтын концентрация мөлшері. Жұмыс зонасы деп қызметшінің тұрақты немесе уақытша еденнен немесе жерден биіктігі 2м –ге дейінгі кеңістікте болатын орнын айтады.
Ластағыш заттардың класын осы көрсеткішке сүйеніп анықтайды. Қаіптілік класы ШРКжз мағынасына қарай 4 топқа бөлінеді:
1 класс (ШРКжз < 0,1 мг/м3) - айрықша қауіпті;
2 класс (ШРКжз = 0-1 мг/м3)- жоғары қауіпті;
3 класс (ШРКжз = 1- 10 мг/м3)- орташа қауіпті;
4 класс (ШРКжз = > 10 мг/м3)- болымсыз қауіпті.
Мысал ретінде, 3.2 кестеде кейбір зиянды заттарға сипаттам берілген.
3.2 Кесте – елді мекендердегі атмосфералық ауа құрамындағы кейбір зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясы
Код |
Заттар |
Қауіптілік класы |
ШРК, мг/м3 | |
|
Максималды бірлік |
Орташа тууліктік | |||
0330 |
Күкірт диоксиді |
3 |
0,5 |
0,05 |
0333 |
Күкіртсутек |
2 |
0,008 |
- |
0334 |
Күкірт көмірсутк |
2 |
0,03 |
0,005 |
0301 |
Азот диоксиді |
2 |
0,085 |
0,04 |
0303 |
Аммиак |
4 |
0,20 |
0,04 |
1401 |
Ацетон |
4 |
0,35 |
0,35 |
0602 |
Бензол |
2 |
1,5 |
0,1 |
0856 |
Дихлорэтан |
2 |
3,0 |
1,0 |
0612 |
Изопропилбензол (кумол) |
4 |
0,014 |
0,014 |
0521 |
Пропилен |
3 |
3,0 |
3,0 |
1071 |
Фенол |
2 |
0,01 |
0,003 |
0337 |
Көміртек оксиді |
4 |
5,0 |
3,0 |
1530 |
Капролактам (аэрозоль) |
3 |
0,2 |
0,2 |
0616 |
Ксилол |
3 |
0,2 |
0,2 |
0703 |
Бенз(а)пирен |
1 |
- |
1 г/м3 |
|
1213 |
Винилацетат |
3 |
0,15 |
0,15 |
0328 |
Сажа |
3 |
0,15 |
0,05 |
0621 |
Толуол |
3 |
0,6 |
0,6 |
0620 |
Стирол |
2 |
0,04 |
0,002 |
2603 |
Микроорганизмдер және микроорганизмдер - продуценттер |
- |
5000 кл/м3 (ОБУВ) |
1 нг/м3 |
ШРК мб.- елді мекеннің ауасындағы заттардың шекті рауалы максималды бір жолдық концентрациясы, мг/м3.бұл концентрация ауаны 20 минуттай жұтқанда адам организмінде рефлекторлық реакцияны туғызбауы қажет;
ШРК от.- елді мекеннің ауасындағы улы заттардың шекті рауалы орташа тәуліктік концентрациясы, мг/м3. Зиянды агенттің адам организміне өткенде (демалу, тамақпен және т.б) оларға қатты ықпал жасамайтын ең көп мөлшері.
Ластағыш
заттардың мөлшері
елді мекеннің ауасында
∑ Сmi ≤ ШРКауа
– Сф
мұнда Сі- і көзден түсетін зиянды заттардың концентрациясы;
Сmi – атмосфералық ауаға і-көзден түсетін зиянды заттардың максималды концентрациясы;
N-ауа бассейініне белгілі
Егер
де атмосфералық ауада зиянды эффектісі
бар бірнеше заттардың
3.3 Кесте - Ауаға арналған шекті рауалы концентрациялардың топтастырылуы
Шекті рауалы концентрация (ШРК) | |
жұмыс зонасындағы максималдық біржолдық (ШРКжз) |
өнеркәсіп территориясындағы (алаңдағы) максималдық біржолдық (ШРКөа) |
Елді мекеннің атмосфералық ауасының ШРК е.м | |
|
Максималды біржолдық ШРК м.б |
Ортатәуліктік ШРК о.т |
|
Үлкен қалалар мен денсаулыққа шипалы болатын жерлердің максималды біржолдық (0,8 ШРК м.б) | |
3.4 Кесте - Қазақстан
республикасы бойынша елді
Қосылыстардың аты |
ШРК, мг/м3 |
Қауіптілік классы | |
Максималды бірлік |
Орташа тууліктік | ||
Көміртек оксиді |
5,0 |
3 |
4 |
Азот оксиді |
0,4 |
0,06 |
3 |
Диоксид азота |
0,085 |
0,04 |
2 |
Шаң-тозаң (өлшенді заттар) |
0,5 |
0,15 |
3 |
Фенол |
0,001 |
0,003 |
2 |
Формальдегид |
0,035 |
0,003 |
2 |
Қорғасын |
- |
0,0003 |
1 |
Аммиак |
0,2 |
0,04 |
4 |
Күкірт диоксиді |
0,5 |
0,05 |
3 |
Күкіртсутек |
0,008 |
- |
2 |
Хлор |
0,01 |
0,03 |
2 |
Фторлы сутек |
0,02 |
0,005 |
2 |
Мыс |
0,003 |
0,001 |
2 |
Хлорлы сутек |
0,2 |
0,2 |
2 |
2.1Атмосфералық ауа жай-күйіне бақылау
Қоршаған орта жай-күйіне бақылаулар 1972 жылдан бастап ұйымдастырылып, 1999 жылы қалпына келтірілді.
Атмосфералық
ауа жағдайы – Қазақстан
Атмосфералық ауа жай-күйі үшін
бақылаулар желісі.
Республиканың 28 елді-мекеніндегі стационарлық
бақылау пунктерін қамтиды.
Атмосфералық ауа жағдайының мониторингін
Қазақстан Республикасы қоршаған
орта жөніндегі Министрліктің «Қазгидромет»
РГБ www.kazhydromet.kz арқылы жүзеге асырады.
ауа температурасы, дымқылдық, шық нүктесінің дефициті, желдің бағыты мен жылдамдығы туралы мәліметті кез келген атмосфералық биіктіктен (жерден 30 км қашықтыққа дейін) ,жердегі және жоғарыдағы инверсиялар туралы мәлімет, табиғи ортаның ластануы бойынша
қалалардағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі
2.2 Атмосфераға стационарлық
көздерден ластаушы заттар
шығарындыларының нормативтерін есептеу
3. Атмосфераға
стационарлық көздерден
Ықтимал болатын авариялық жағдайлар
кезіндегі ластаушы заттар шығарындыларының
нормативтері белгіленбейді.
Жаппай ластаушы көздерінің шығарындылары
нормалауға жатады.
4. Шығарындылар көздерінің тізбесі
және олардың сипаттамалары жобаланатын
объектілер үшін - жобалау ақпаратының
негізінде, қолданыстағы объектілер үшін
- атмосфералық ауаға ластаушы заттардың
шекті жол берілген шығарындылары нормативтерінің
жобасын әзірлеудің бірінші кезеңі болып
табылатын, атмосфераға ластаушы заттар
шығарындыларының және олардың көздерінің
түгендеуі негізінде айқындалады.
толтырылады.
6. Көздерден шығарындылар нормативтері
уақыт бірлігінде (секундына) шығарылатын
ластаушы заттың массасы (граммен) ретінде
айқындалады. Ең жоғары бір реттік ШЖБШ-мен
(г/сек) қатар жедел мақсаттарда шығарындылардың
төмендеуін және газ-ауа қоспасымен әкетілетін
зиянды заттарды мүмкін болатын кәдеге
жаратуды жобалық бағалауларды орындау
үшін әрбір көз және жалпы кәсіпорын үшін
ШЖБШ-ның жылдық мәндері (тонна жылына
- т/жыл) белгіленеді.
7. Атмосфераға шығарындылар нормативтері
объектінің санитарлық-қорғаныш аймағының
шекарасында, сондай-ақ жақын тұрғын үй
аймағының аумағында атмосфералық ауаның
жерге жақын қабатындағы ластаушы заттардың
ең жоғары бір реттік шоғырлануы аялық
шоғырлануларды ескере отырып, елді мекендердің
атмосфералық ауасы үшін тиісті гигиеналық
нормативтерден аспайтындай етіп белгіленуі
тиіс.
8. Курорттарды санитариялық қорғау
аймақтары, ірі санаторийлер мен демалыс
үйлерінің орналасу орындары, қалалардың
демалыс аймақтары үшін, сондай-ақ, атмосфералық
ауаны қорғауға жоғары талаптар қойылатын
басқа да аумақтар үшін әлеуетті қауіпті
химиялық заттардың шекті жол берілген
ең жоғарғы бір реттік шоғырланулары (бұдан
әрі - ШЖБШуе.б.) 0,8 ШЖБШуе.б.-ға
ауыстырылады.
9. Ластаушы заттардың атмосферадағы
таралу есебі атмосфералық ауаға әсерді
бағалау мақсатында алаңда тұрақты (стационарлы)
жұмыс істейтін жылжымалы көздердің іштен
жану қозғалтқыштарынан ластаушы заттардың
ең жоғарғы бір реттік шығарындыларын
ескере отырып жүргізіледі.
Егер нысаналы көрсеткіштер белгіленсе,
онда нормалау осы нысаналы көрсеткіштерге
сәйкес орындалады.
Көз бойынша атмосфераға жыл ішіндегі
соммалық шығарынды, егер мұндай белгіленсе,
шығарындылардың квотасынан аспауы тиіс.
10. Объектінің санитарлық-қорғаныш
аймағы (бұдан әрі - СҚА) Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген «Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу
бойынша санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларға сәйкес
белгіленеді.
11. Елді мекендердің атмосфералық
ауасы үшін гигиеналық нормативтер ретінде
атмосфераға шығарындыларды нормалау
мақсатында: әлеуетті-қауіпті химиялық
заттардың шекті жол берілген ең жоғарғы
бір реттік шоғырлануының мәндері немесе,
ШЖБШуе.б. болмаған жағдайда - әлеуетті-қауіпті
химиялық заттардың бағдарлы қауіпсіз
әсерлер деңгейлері (бұдан әрі - БҚӘД) нормативтерінің
мәндері қабылданады; егер зат үшін тек
шекті жол берілген орташа тәуліктік шоғырлануы
(ШЖБШу0.Т.) болса, онда ол үшін 0,1
С<ШЖБШу0.Т. қатынасы қолданылады.
3.Атмосфералық ауаны қорғау
Белгілі бір ортада сол жерге
тән емес, жаңа физикалық, химиялық
және биологиялық заттардың болуын
немесе бұл заттардың табиғи орташа
көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи
(жанартаулар атқылауы, орман өрттері,
шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді
(өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл
шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.
Атмосфераның табиғи жолмен ластануы
жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше
мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы
белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне,
шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне
(найзағай түскенде) теңіз тұздарының
желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы
сулы ерігінді тамшыларының құрғауына,
өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне
байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен
ластайтындарға аэропланктондар, яғни,
әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар,
саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің
тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары
жатады. Космос шаңы атмосферада жанған
метеориттер қалдықтарынан пайда болады.
Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен
(11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер
ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте
көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы
бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түс
Атмосфералық ластанудың антропогендік
(жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар,
көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді
жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және
т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың
ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын
мынадай негізгі түрлерге белуге болады:
шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар,
отын, электр энергиясы, су, қалдықтар.
Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа
тозаңы, энертетикалық : шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өpic, жарық , ультракүлгін
және лазерлі сәулелендірулер және т.б.
Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық
құрамы отын-энергетика ресурстарының
және өндірісте қолданылатын шикізаттың
түріне, оларды өңдейтін технологияға
байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін
52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының
90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды
(бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді).
Техногенді шығарындылардың құрамында
бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі.
Бірақ олардың ішінде ең көп мөлшерде,
яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындыларға
қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртегі
оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері,
фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак,
хлор, фторлы сутек жатады.
Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны
ластайтын негізгі көздер - автокөліктер,
транспорттың басқа түрлері және өндіріс
орындары. Зерттеу мәліметтері бойынша
антропогендік әсерден атмосфераға жыл
сайын 25,5 млрд. тонна көміртегі оксиді,
190 млн тонна күкірт оксиді, 65 млн тонна
азот оксиді, 1,4 млн тонна хлорлы және фторлы
көміртектер (фреондар), көмірсутектің, қорғасынның органикалық
қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік ауруын
тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді.
Ең таза ауа мұхит бетінде. Ауылды жерлерде
ауа құрамындағы шаңды қоспалар мұхит
бетімен салыстырғанда 10 есе, кішігірім
қалаларда 35 есе көп. Ал үлкен қалалар
үстінен қара тұманды байқауға болады.
Мұнда шаңды қоспалар мұхитпен салыстырғанда
200 еседен аса көп. Лас ауа ірі қалаларда
1,5-2 км биіктікке дейін созылады. Бұл лас
тұман жазда күн сәулесінің 20%, ал қыстың
күні онсыз да күн сәулесі аз болғандықтан
жартысын Автокөліктерден бөлінетін заттар.
Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып,
800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін
және 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді
атмосфераға бөледі. Автокөліктерден
бөлінетін газдар - 200-дей заттардың Қоспалары.
3.1 Атмосфераны ластаушы көздерді және зиянды физикалық әсерлерді бақылау
Атмосфералық ауаны ластаушы көздерді бақылау «Атмосфераны ластаушы көздерді бақылау әдістемесі» ОНД — 90 және басқа да әдістемелік құжаттармен атқарылады. Зиянды заттардың массалық шығарындысы әртүрлі нақтылықпен келесі әдістермен анықталады: инструментті, инструментті – зертханалық, индикаторлы және есептік.
Инструментті әдіс – бақылаудағы көздерден шығарылатын шығарындылардың қосындыларының концентрациясын үздіксіз өлшейтін автоматты газоанолизаторларды қолдануға негізделген.
Инструментті – зертханалық әдіс- қолданғанда біріншіден ластаушы көздердегі газдардың үлгілерін алады, одан кейін олар зертханада автоматты және жартылай автоматты құралдарда анализдейді.
Индикаторлы әдіс шығарындылардан шығатын қосылыстардың концентрациясына байланысты өзінің түсін өзгертетін индикаторлы элементтреді қолдануға негізделеді. Бұл әдіс шығарынды газдар қосылыстарының концентрациясын алдын-ала бағалау және экспресс-анализ үшін қолданады.
Есептік әдіс- ластаушы заттардың массалық шығарындыларын анықтау үшін қолданылады. Онда шикізатпен отынның құрамы туралы мәліметтер бойынша, технологиялық режим, газдарды тазарту дәрежесі және т.б негіздерді есепке ала орындалады.
3.5 Кесте – Ауа анализінің негізгі инструментті әдістері
Анализ әдісі |
Сезімталдық, г |
Анализдеуші заттар |
Жалынды фотометрия |
10-8 |
Күкірт диоксиді, күкіртсутек, күкірторганикалық қосылыстар, күкірткөміртек және т.б. |
Кондуктометрия |
10-6 |
Күкірт диоксиді, күкіртсутек, аммиак және т.б. |
Масс-спектрометрия |
10-11 |
Органикалық және бейорганикалық қосылыстар |
Газды хромотография |
10-8 - 10-13 |
Органикалық қосылыстар |
Сұйықтықты хромотография |
10-8 |
Органикалық қосылыстар |
Жұқақабатты хромотография |
10-7 |
Көмірсутек, альдегидтер, майқышқылы, фенол, этиленгликол және т.б. |
Хроматографиялық әдістер жоғары сезімталды және селективті болып келеді, ол жекелеген органикалық заттардың және күрделі қосылыстардағы компоненттредің концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді. Хроматографтың сезімталдығы және нақтылығы қолданатын детектор типіне байланысты болады. Қазіргі газды хроматографтарда жоғары сезімталды жалынды-ионизациялық, электронды ұстамды және трмионды детекторлар қолданылады.

- Атмосфералық қысым
- Атмосфера современного магазина
- Атмосферна корозія металів та методи захисту
- Атмосферно - вакуумная перегонка нефти
- Атмосферно-вакуумная трубчатка
- Атмосферные загрязнения
- Атмосферный блок АВТ. Нефть нагретая дизельным топливом
- Атмосфера. Влияние ее на организм человека
- Атмосфера - внешняя оболочка биосферы. Загрязнение атмосферы
- Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы
- Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы
- Атмосфера Земли
- Атмосфера Земли: её газовый состав и строение. Парниковый эффект
- Атмосфералық ауаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Батыс Қазақстан облысының з