Австралия материгінің зерттелу тарихы

Қазақстан Республикасының  Ғылым және Білім минитрлігі

Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық  Институты

География және Экология кафедрасы

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

 

Тақырыбы: Австралия материгінің зерттелу тарихы

    Пәні: Құрлықтар мен мұхмттар  географиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Кіріспе.

 

Австралия дүниежүзінде көлемі жағынан ең кіші және ең соңғы  болып ашылған материк. Австралия  материгінің зерттелу тарихы қаншама  мыңжылдықтырды қамтыса да, ол өзінің кезеңдерінде қиындықтар мен шымамдылықтарды талап еткен болатын. Өзінің әркелкі  даму сатыларында тарихқа белгілі ұлы саяхатшылар, ұлы теңіз жүзушілер, ұлы зерттеушілер мен ұлы ғалымдардың есімімен ашылған. Жалпы XVIII ғасырдан бастап зертеліп келе жатқан материк өз басынан көптеген қиындықтарды кешірген болатын.

Австралия материгінің  даму тарихын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады. Ең алғашында  саяхатшылар тек тауар сату жолдарын іздесе, кейін Австралия материгінің  жер бедеріне, табиғатына, пайдалы  қазбаларына, жер көлеміне қызығып зерттеулер жүргізу арқылы материкті бөлшектеп ашқан болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Австралияның алғашқы ашылулары.

 

XVIII ғасырға дейін Еуропа  халқының ғалымдары ешкім мекендемеген           « Австралия » жерінің барына  сенген. ( латынша auster – « оңтүстік жел » ). Оңтүстік жарты шардағы 4-ші континент, ол жер бетін төмен түсірмейтін етіп өзіннің салмағымен ұстап тұрған. Бірақ XVIII ғасырдың аяғындағы ғалымдардың айтуынша бұл болжам оларды тұғырыққа тіреген.Олар үлкен мұхитты ашып, шет жағасында аралдармен қоршалған, ең ірі аралын кейін олар – Австралия деп атап қояды. Ол Франция королі Бино Польмье де Гонневиль атынан 1504 жылы 6 қаңтарда бекітілген және бұл арал – континентті өзінің қол астында қалдырған. Ол өзінің кішкентай каравелла « Espoin  « Надежда » кемесінің якорін көтеріп және Огфлер портынан шығып, Үндістанға бет бұрған ».Сол дәуірде барлық Франция, Англия, Португалия, Испания, Нидерлан кемелері бір жолмен ғана жүрген. Еш ойламастан, қатты дауылдың әсерінен ауысқан бағытта 1504 жылы 6 қаңтарда олар оңтүстік жарты шардағы жұмақ жерін ашқан. Сол кезден бастап ол « Оңтүстік Франция » деп аталған.Франция Үндістанға барар жолда Доброй Надежда мүйісінен өте берісінде аралық тұрақтың пайда болуына қуанарында, өкінішке орай Гонневиль ол бағыттың қай жаққа ауытқаның дұрыс айта алмаған. Тектен – текке француз теңізшілері бұл жерді іздеген. Олардың қозғалысы тым шығысқа немесе оңтүстікке кете берген. Континенттің ашылу салтанаты голланд Виллем Янсзонның үлесіне тиген. Ол 1606 жылы Австралияның солтүстік нүктесіне жеткен. Бірақ бұл « Жаңа Голландия » ешкімнің көңілінен шықпаған. 1606 жылы испандық Лумс Ваэс де Торрес Жаңа Гвинея және Солтүстік Австралия бұғазы аралығынан өтеді. Сол кезден бастап ол сол кісінің есімімен – Торрес бұғазы деп аталып кеткен. 1616 жылы голландық Дик Хартог континенттің батыс бөлігінде тоқтап, мұндағы аты белгілі Шарк – Бей шығанағы және Манки – Мианың ғажайып туристік пляжі орналасқан. 1642 жылы Шығыс Үндістан губернаторы Антон ван Димен Австралияның батыс және оңтүстік жағалауын зерттеуге экспедицияны жібереді.Джакартадан жүзіп өткен кеме оның елшісі Абел Тасман аралдың батыс жағалауында қоныстанып, Ван Димен деп жерді атаған ( кейін оны Тасмания деп атап кеткен ), Голландияның атынан ол толығымен Тасмананның қолданылуына беріледі.

Біраз уақыттан кейін  ағылшын теңіз жүзушісі Уильям Дампир, ол Америкада испандық порттарды  ұрлаумен және дүние жүзін үш рет  айналып шыққанымен белгілі болып, Тының мұхитының кеңістігін зерттеген. Оның қызықты хабарлауынан кейін 1688 жыл британ үкіметі оның қол астына « Roerbuck » кемесін беріп, Австралия континентінің солтүстік – батыс жағалауын зерттеу үшін жібереді. Дампир Австралияның солтүстік – батыс жағалауында бірнеше аралдарды ашып, кейін өз атымен атаған. Австралияны француздардың алғашқы болып ашуынан екі ғасыр өткеннен кейін, Сент – Аллуарн батыс жағалауында қоныстанып, 1772 жылы Людовик XV корольдің атынан осы жерді иемдерді. Осындай қысқа период ішіндегі Францияның Австралияға деген қызығушылығы француз теңіз жүзушісі Луи Антуан де Бугенвиль 1766 жылы Үлкен Тосқауыл рифі арқылы өтеді. Қазіргі кезде бұл саяхаттардан тек министрлік архивтағы сарғайған қағаздардан және картадағы француздардың бірнеше аттары ғана қалған. Франция елінің ішіндегі саясаттық режимдердің ауысуынан Австралияның болашағына деген қызығушылықты жоғалтқан. Ал ағылшындар өздерінің қарамағынан систематиялық зерттеулер жүргізіп, сол жерге бірнеше ғылыми экспедиторларды жіберген. 1770 жылы Австралияға бірінші болып жеткен белгілі саяхатшы Джеймс Кук болған.

Сол кездері ағылшындар, француздардың жаулап алуынан қорқып, шығыс жағалауына жақын қоныстанып, ал Франция болса, Жаңа Зеландия аннексиялауды жалғастырған. 1840 жылға қарай ағылшындардың қысымымен,Франция Австралия және Жаңа Зеландияны тастап, Тынық мұхитының қиыр шығысына бет бұрып Жаңа Каледонияда тұрақтанады.

 

 

I.1. Австралияның ресми ашылулары

 

XVII ғасырдың соңына  дейін европалықтар Жаңа Голландия,  Жаңа Зеландия және Ван Димен  жерін бір – бірімен байланысқанын,  әлде олар антарктика континентінің  арнайы бөлшектенген бөліктері ме соңы дұрыс біле қоймаған.

Ғасырлар өткен сайын  білімді барлық салалар бойынша  қамтыған. Ғылыми орталықтар үлкен  қызығушылықпен ботаника, география, зоология, астрономия сияқты салалармен айналыса бастаған. Сол себепті 1769 жылдың 3 маусымында Жер және Күннің ортасынан Венера өтетінің білген. Лондонның корольдік қауымы ғасырда бір рет болатын ғажайыпты босатып алғысы келмеді. Ағылшын үкіметі Оңтүстік теңіздегі экспедиция мен әлі де белгісіз Австралия жерін іздеуге қаржылай көмек берген. Экспедицияның қолбасшысы болып әлемге белгілі теңізші, картограф, астроном Джеймс Кук таңдалды. Саяхат көп уақытты алатын болғандықтан 30 метрлі паруснигі бар кең « ИНДЕВОР» кемесін ұсынған. Корольдік қауым Джеймс Кукка кемеге  өзінің бір мүшесін алуға рұқсат берген. Ол Джозеф Бенкс болды. Одан басқа тағы 7 адам: ботаник Соландер, натуралист Сперинг ( ұлттары швед ), табиғи көшірмелерді көшіру үшін жас суретші Паркинсон,  ал пейзаж бенпортреттерді суреттеуші суретші Буман болған. Олармен бірге төрт көмекшілері болды. Таитидағы Венераны байқаған « ИНДЕВОР » кемесі 40 º ендікке бұрылып, оңтүстіктен келген қатты дауылдың әсерінен Ван Димен жерін табуға көмектеспеді.

 

I.2. Әлемдегі ең күшті рейд

 

19 сәуір күні лейтененант  Хик жердің оңтүстік – шығыс  бөлігін көріп , кейін оны Австралия деп атаған. « Көзге ол өте жағымды болып көрінген... Пейзажы тыныш және әркелкі болып түсірілгендей »,  - оның барлығын қайықтың журналаында оқуға болады. Көптеген алаудардан шыққан түтін, мұнда адамдар тұратының дәлелдеген. 1770 жылдың 29 сәуірінде Кук өзіне жақсы айлақ іздеуде.Тұрғылықты адамдардың көздерінше олар қайықтың зәкірін болашақ Сидней қаласының орнына тастайды. Бұл әлемге әйгілі Ботани –Бей шығанағының сөйтіп аталуы Джозеф Бенкстің сол уақытқа дейін белгісіз көптеген өсімдік түрлерінің жинауына байланысты қойылған. Ботаниктің айтуы бойынша, бұл жердегі тұрғылықты халықтың не Жаңа Зеландия, не « сол жердің жақын арада мекен ететін полинезейцтарған да , негрларға да » ұқсамайтының айтқан. Қара түсті адамдар жіңішке, ептілеу келген, қою қара шаштарымен, ұғынықсыз гортан тілінде сөйлейді және олардың европейцтармен сөйлесуге еш қалаулары болмаған, Кук көңілсіз ескерту ретінде « Олардың ең басты арманы ол біздің осы жерден кетуіміз... Олар жер бетіндегі ең бақытсыз халық болулары мүмкін, шынында олар бізге, европейцтарға қарағанда ең бақытты халық болып саналады. Олар тыныштықта өмір сүреді. Менім ойынша оларға біз әкелген заттардың мән мағынасы еш қызықтырмайтын сияқты ».

Қайық Ботани –Бей айлағында  тек 8 күндей тұрды. Бүгінгі күні бұл орын Австралиядағы ең керемет жерлердің бірі болып саналады. Кук теңізге шыққаннан кейін,  айлақтың солтүстігінен бірнеше километр жерде, ол табиғи порт арасындағы аралықта сенімді тұрақ бар екенің көрген. Таулардың артында, 18 жыл бұрын Капитан Филипп « әлемдегі ең күшті рейд » деп атаған бірнеше мың қайық сенімді тұрақтанатын орынды тапқан. Бүгінгі күннің Джексон шығанағының жағалауында Сидней қаласы орналасқан. Капитан Кук төрт пйдан бері арал – континенттің көптеген бөліктерін аралап, кейін оның ашушысы болып саналған.Қайықтың журналында көптеген ашылған жерлердің – принц, лорд, Англия қалаларының атаулары, жолда пайда болған қиындықтармен кездескен сияқты жаңа атаулар пайда бола бастаған. Қиындықтар еш тоқтамаған.Аралдар, таулар, рифтер және Үлкен Тосқауыл рифіндегі терең сулы аймақтар әрбір қадамда тор, қапқан қойып кедергі келтіріп отырған. Қайықтың біренеше рет аман қалуы, тек Куктың жоғары біліктілігінің арқасында екенің барлығы біледі. 22 тамызда Кук Австралияның солтүстік бөлігіне дейін жетіп, алдынғы уақыттарда ол Жаңа Голландия деп аталған. Георг 3 король атынан ол шығыс жағалауда орналасқан адамдардың иелігіне берілген және оған жаңа атау Жаңа Оңтүстік Уэльс деген атау берілген. Кейін ол Австралия мен Жаңа Гвинея арасындағы 1606 жылы ашылған Торрес аралығын анықтап тапқан. Сонымен Джакартаға жол табылған. Кейін 1772 жылы және 1776 жылғы Куктың екінші және үшінші саяхаттары Тынық мұхитына байланысты көптеген мәліметтер қалдырылған.

 

II. Бірінші отарлау

 

Капитан Кук ашқан Тының мұхитының оңтүстік бөлігі көп уақыт бойы ешкім қолданбаған. Тек американдықтардың отарлауы басталғаннан кейін, Англия жері өздерінің тұтқындарын орналастыру үшін жаңа жерлерді іздей бастаған. 1787 жылдың қаңтар айында жер аударылған адамдарды қайықтарға толтырып Оңтүстік жарты шар бағытында, жердің келесі аяғына жіберілген. Қайықтармен бірінші губернатор, капитан Артур Филлип басқарған.Ботани –Бейдің солтүстігіне қарай бірнеше километрде орналасқан табиғи портты тауып, Порт – Джексон деп Кук атап кеткен, Филлип бұл жердің орналасуымен қанағаттанып, бірнеше мың қайықтарын орналастырған. 1788 жылы 7 ақпанда Сидней қаласындағы жалаудың көтерілуімен Жаңа Оңтүстік Уэльс отарлауы ресми түрде ашық деп жарияланған.Губернатор Филллиптің алдағы тек бір мақсаты, ол тұтқындарды азық – түлікпен қамтамасыз ету болып табылған. Өмір сүруге өте қатал жағдай туындағандықтан, бірінші екі жылда тұтқындар кездейсоқ аман қалған. Көптеген тұтқындардың қала тұрғындары болғандықтан, олар жер өңдеу жұмыстарының тәжірибесі болмаған.Тәртіптің сондай қатал болуы, мұнда физикалық қысым көрсетуде байқалып тұрған. Тұтқындарды азық ұрлағандары үшін жиі асып қоюға мәжбір болған. Себебі азық – түлік өте аз, ал адамдардың барлығы тамақ жегісі келетін.

Англия жерінде мұндай шегірілген жерлерге деген қызығушылықтары өте аз болған.Британ басшылары мұнда аз ақша және аз материал жұмсаумен қанағаттанатын адамдарды отарлау жерлерін орналастырған. Тек 1793 жылғы Франция елімен дұшпандық қарым- қатынастың пайда болған. Мұндағы отарланған адамдарғат, әлемнің шетінде орналасқан адамдарға  аз көмек көрсетілу себебінде.

 

 

 

II.1. Өткен отарлау – Каторжник ( жер аударылған адамдар )

 

XVII – XVIII   ғасырларда Европадан  жер аударылған адамдарды шығару  басталды. Англияда  1717 жылы Елизавета  I басшылық еткен « кедей адамдарға арналған заң »  тәртібі орнатылған. Сол кездері Америка Құрама Штаттарында құлдар мен жұмыскерлерге деген сұраныс артқан болатын. Сол сәтті қолдана отыра Емерикандықтар 30000 жуық тұтқындарын американдық отарланған адамдар жерлеріне жіберген.Бірақ американ әскерлері американ отарлаудың тәуелсіздігіне шек қойып, жер аударылған адамдарды шығару практикасын доғарған. Сол жылдары Англияда кішігірім заң бұзушылық әрекеттер, әлеуметтік қиындықтармен байланысты және қала халқының өсуімен байланысты қылмыстар көбейген. Жер аударылған адамдар үшін жаңа жерлер қажеттігі туындаған, себебі ағылшын түрмелерін босату керек болған. Австралиядағы отарлаушылық үш этапта өткен: қылмыскерлер 1851 жылға дейін әкелінген, фермерлар және скаттерлар 1850 жылға дейін, және алтын іздеушілер 1880 жылға дейін. Сол жерлерде шамамен 123000 еркек жер аударылған адамдар болса, 25000 әйелдер « 13 % қылмыскер әйелдер болған )  болған.  Кейбір тұтқындар 7 жылға, ал төрттен бірі өмір бойына сотталған. Үштен екісі Англиядан болған, үштен бірі Ирландиядан және кейбіреулері Шотландиядан болған.Олардың барлығы жұмыскерлер класына жатып, орташа жастары 26 жас, олардың 75 % - ының жанұялары болған.  Тұтқындардың жартысынан көбі бірінші рет емес және кішігірім заң бұзушылық болып саналған. Европада аштық жылдары бір үзім нан ұрлағаны үшін сотталған адамдар да бар.  Австралия жеріндегі отарлау жерлерінің кеңеюі мен дамуы, кей бөліктерінде  мал және егін шаруашылығына жарамды жұмыскерлер жинақталған. Қалғандары Норфолк аралының отарлауына жіберілген. Ол Тынық мұхитының солтүстік – шығысында Сидней қаласынан 1600 км орналасқан. Бұл каторга тұтқындарға қатал қараумен әйгілі болған. Оларға хайуандар ретінде қарауына байланысты, кейбір адардар кешірілмес күнә жасап асылып қалғанды жөн көретін.1856 жылы  Норфолктегі каторждық түрме жабылып, Питкер аралынан келген      « Баунти » қайығының бүлік салушыларының орнына айналған.

Бүгінгі күні Норфолк Австралия  Федерациясы Үкіметінің қол астында. Қазір ол туристік орынға айналған.  1820 жылы тұтқындар мен жұмыскерлер негізгі халқы болып саналады және Австралияны құраушы болып табылады. Бірақ каторжниктардың бұл жерлерде қоныстануы, елге жаман атақ беріп отырған.

Бостандық алған адамдардепортацияның тоқтауына күресіп, 1840 жылы Жаңа Оңтүстік Уэльс жерінде қол жеткізген болатын.  Тасманияда депортация 1853 жылға дейін жалғасқан, ал Батыс Австралияда ол 1868 жылға дейін жалғасқан.  Виктория штаты ешқашан, нш уақытта жер аударылған адамдарды қабылдамаған еді. Ең бірінші бостандық алған адамдар Сидней қаласында 1793 жылдары пайда болған.  Басында олардың саны аз болғанымен, кейін олардың саны өсіп, 1850 жылға дейін оны саны күрт көбейіп кеткен – сол уақыт « алтын безгек уақыты » деп аталып кеткен. ( Золотая лихорадка ). Сидней қаласы сияқты ең бірінші қалалар отарланған адамдардың орындарында салынған.  1835 жылы Мельбурн, 1836 жылы Аделайда қалаларының негізі салынған.

 

III.1. « Ромдық Корпус »

 

Басында отарланған адамдардың тағдырлары ұрыс негізінде қарастырылды. Ең басты олар үкіметке ме, әлде отарлаудың басшыларына ма?, бағынатындарын шешіп алу керек еді.Бірінші губернаторлар мен үкімет басшылары отарланған адамдардың өмір сүрулеріне қажетті азық – түлікті төмен бағамен әкеліп отырған. 1792 жылы Губернатор Филлиптің кетуінен кейін және 1795 жылы Губернатор Джон Хантердің келуіне дейін кішігірім әскер офицерлер корпусы құрылған « Ромдық корпус » деп аталып кеткен, олар Жаңа Оңтүстік Уэльс жерінде тұрақтанған.  Сол офицерлер мен олардың көмекшілері үкіметке көптеген қиындықтар туындатқан.  Олар тұтқындарды өз қол астарына алып, монополиялық импорт, оның ішінде төлем құралы ақша ретінде болған ромды – тұтқындарға төлеп отырған. Бұл тирании және ромның негізіндегі басқару, болашақ кішігірім қоғамның өлуіне әкеп соққан.  Дәл сол  уақыттары болаақ Австралия экономикасының дамуын көтеру үшін, ең негізгісі жүнді индустрияның дамуын жеделдету қажеттігі туындаған. Бұл өнімнің  пионері Джон Макартур оның дамуына  барынша өз үлесін қосуға тырысқан. 1797 жылы ол мериностарды шығарған. Бұл жануарлар табынының өсуі Австралия гүлденуінің негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады. Кейін скваттерлердің ( қой өсірумен айналысқан адамдар ) ауыл шаруашылығында көптеген өнім шығаруды негізге қойған.

Жаңа Оңтүстік Уэльс жеріндегі  офицерлердің басқаруының ең қызықты  бірі эпизоды Капитан Блайтпен байланысты. Ол « баунти » бүлік салушыларының бірі болған.  1805 жылы ол губернатор атағына жетіп, ромды төлем ретінде қолдануға тиім салған. Жарты жылдан кейін ол              « ромдық корпуспен » ауыстырылған. Барлығы бұл корпусты Англияға жібергенне кейін сабаларына түскен. Капитан Блайт және « Баунти » көшірмесінің ескерткіштері Сидней қаласының Секьюлар – Куэйде орналасқан.

 

IV. Авсралияның әкесі

 

1810 жылы Лаклан Маккуори губернатор  атағын алып, колонияда өз режимін  орнатуға мүмкіндік алған. Көптеген адамдардың айтуы бойынша , ол деспотты болған « жауыз патша » , себебі бай мен кедей,  бос және қамауда отырған адамдар арасындағы айырмашылықты көрсетіп, тыныштық орнатушы адам болған. Сонымен қоса бұл саясат тұтқында отырған адамдардың босап шығуына мүмкіндік берген. Олар бостандыққа шығып, кішігірім фермер болуға мүмкіндіктері туған. Австралияның әкесі деп аталатын кең пейілді адам қоғамдық орталық құрып, банктің негізін салып , континентте қой өсіру , оның дамуы үшін көптеген күш және ақша жұмсаған болатын. Ол ромдық монополияны жою үшін ақша айналымын жіберген болатын. Ол колониялардың кеңеюіне көп қаржы жұмсаған. 1813 жылы ол Көк таудан өтіп  мал бағуға ыңғайлы пастбищалар тауып алған.  Сиддей қаласында әлгідейін Маккуориге арналған ресми ғимараттар сақталып қалған. Маккуориге арналған таудан ойылып жасалған кресло, корольдік ботаникалық бау – бақшасының соныңда орналасып – туристердің ең көп қызығушылық арттыратын орнына айналаған.

 

 

V. Континенттің зерттелуі

 

Сол кездері ағылшындар батыс жағалауынан жаңа колониялар іздеген француздардың басып кіруінен қорыққан. Сол себепті ағылшындар зерттеу экспедициялар көлемін арттырып, жаңа түзету калонияларын аша бастаған.

1798 жылы Джордж Басе  Ван Димен  жеріне жүзіп  келіп , жағалаудың картасын жасаған  болатын. Бес жылдан кейін бұл  жерде жаңа колония пайда болған. 1796 жылы Местью Флиндерс шығыс  жағалауының көп бөлігін зерттеген.  Бірақ , 1813 жылға дейінжіңішке  жағалаулық сызықтан басқа, континент туралы еш нәрсе білуге мүмкіндік тумаған. Колония батысында Көк таулармен , шығысында Тынық мұхитымен шектесіп орналасқан.1813 жылы  Грегори Блэксленд, Уэльям Лоусон және Вентворт Көк тауларды кесіп өтіп, каньонандармен кесілген биіктігі тік емес тауларды кесіп өтеді. Бір жағынан шексіз жазықтық, керемет шөптермен жамылған, сваттерларға ыңғайлы, қолайлы жер болған. Бұл экспедиция елдің ішкі бөлігін зерттеуге негізгі түрткі болған.1824 жылы Хьюм және Ховелл оңтүстік – батыс бөлігіне жіберіледі. Сонда олар ең алдымен Маррамбиджи өзенің ашып, кейін Австралияның ең ірі –Муррей өзенін ашады. Кейін олар территорияны өтіп, Виктория штаты деп атап кеткен.

Барлық өзендердің батысқа бағыттануымен, ішкі аудандардың кебінуінен сасқалақтаған  губернатор Ральф Дарлинг 1828 жылы Чарльз Стертті өзендер сағасын іздеуге жібереді. Стерт өзен бойымен жылжып, кейін оны Дарлинг деп атап қояды.Бірақ өзендердің солтүстікке қарай тағы болуы және оларқандай да бір ішкі теңізге құятының білген. 1840 – 1841 жылдары Эдуард Джон Эйр солтүстік – батыс Аделайданы зерттеп, бірақ еш нәрсе таппайды. Оның экспедиция нәтижесінде Австралияның орталық бөлігіндегі ішкі теңіздерді табу үшін , ол құрғақ және тұздалған жерлерді табады. Үлкен Австралия шығанағындағы Налларбор жазығы, құрғалған, еш нәрсеге жарамсыз сипатта болып қалған.

Сол уақыт  шамасында  солтүстікте Квинсленд экспедициясы да басталады. 1844 жылы Людвиг Лайхардтың 19 ай бойы батпақтар, ормандар және Карпентария  шығанағының жағалауындағы шөптесінді жазықтығын зерттеген.  Бұл экспедиция негізінде колониялардың кеңеюі туралы ойларды қайта туғыздырған болатын. Кейін Лайхардт қажет емес қадам жасаудың нәтижесінде, континенттің шығыстан батысқа қарай зерттеу үстінде жоғалып кетеді. Ондаған жылдар бойы барлық мүмкіншіліктер континенттің оңтүстіктен солтүстікке қарай зерттелуі басталады. 1860 жылы Джон Макдуалл Стюарт Батыс австралия басқарушысының ұсынысы бойынша, кім бірінші болып сол қадамды жасаса 10000 фунт сыйын ұсынады, ол соны ұтып алуға тырысады. Бірақ ол сол қадамнан тез басын бұрады. Дәл сол уақытта Виктория колониясы 12000 фунт құны бар экспедиция ұйымдастырады. Мельбурн шығанағынан Карпентарияға дейін өту жолы ұйымдастырылады. Экспедицияны Роберт О! Хара Берк және Уильям Джон Уилс басқарған болатын. Экспедиция жоспарланған, зерттеу жолына арналған тамақ және су қорлары да болған.  Олар шынында теңіздің дауысын естіп, мақсатқа жеткендей болған. Бірақ олар Карпентария шығанағы жағалауында орналасқан мангр ормандары арқылы өте алмаған болатын. Үйге қайту жолында , олардың барлығы аштықтан және арықтау себебінен өліп қалған.  Бұл экспедициялар Австралия колонияларыныңдамуына кері әсерін тигізген. 1862 жылы Стюарт алдындағы зерттеулерінен солтүстікке қарай қадам жасауын бастайды.Және ішкі теңіз туралы легенданың жоқ екеніне көз жеткізеді.Ол Тимор теңізінен солтүстікке қарай, Арнемленд және Аделайда өзені арқылы өтіп Үнді мұхитының жағалауына жетеді.1826 жылы оңтүстік – батыс жағалауда кішкентай Олбанн қаласының негізі қаланады.44 адамды отрядты басқарған Локьером.Ол Батыс австралияны басқа британ короналарына қосқан болатын. Бірақ қазіргі континенттің батыс бөлігі 1874 жылдың басында ғана зерттеле бастады. Эрнест Джайлз Наллабордың жазығының солтүстік бөлігі арқылы Аделайдедан Пертке саяхат жасаған. Перттен ол тағы да солтүстікке бағыт алып, кейін шығыстан орталықтағы шөлдерді ашқан.

Бұл барлық экспедициялар  нәтижелері, Австралияның көп бөлігі колонияларды құруға арналмағандығын  ерекшелеп, айқындап көрсетіп тұратын. 1875 жылы негізгі және ең қажетті  континенттің контуры белгіленген. Бірақ Австралияның батыс бөлігінің көбі, Квинсленд және солтүстіктегі зерттеулер кейін болған. Қазіргі кезде шетте қалған бұрыштар әлі де зерттелмеген болып қала беруде. Келесі экспедициялардың мақсаттары, аборигендердің өмірлерін зерттеу мен минералдарды іздеуге бағытталған.

 

 

V.1. « Алтын безгек »

 

1851 жылы Көк тауларда, Батерст  орнының жанында алтын табылған  болатын. Ол көптеген, мыңдаған зерттеушілердің жүзіп келуіне, оның ішінде көптеген калифорнилықтар болған. Олар континенттің тереңінде тұратын адамдар санын қосқан. Көптеген саяхатшылар алтынның орындарын табуға тырысқан.  Виктория жеріне 40000 нан көп қытайлықтар келді.Жиырма жыл ішінде колониялар төрт есеге көбейген.  Бұл жаңа иммигранттар  бұрын Австралия жерінде болмаған орта класты құраған.  Сол кезден бастап миграциялық ағын тоқтаған емес.Алтын іздеген жерлерде жаңа қалалар пайда бола бастады. Мысалы: Балларат және Бендиго Мельбурнның жанында. Ақырғы алтын орындары 1892 жылы табылған. Кулгарди және Калгурли ең ірі алтын табу орталықтарына айналады.

Австралия еш уақытта  қарулы конфликтілерді  бастан кешірмеген, өз тарихында қанды эпизонттарға куә болып қалған сәттері де болған. Ставкалар мен әрдайым алтын  табу үшін лицензиялар сатып алуға  қол жетпеген кезде, олар алтынды поляларында браканьерлікпен айналысқан.

Балларата.Полициялармен  кездесу тез әрі қатаң болған: бірнеше ондаған адамдар өлім аузында қалды.Бұл қанды эпизодтың  нәтижесінде елдің демократиялануына  себеб болды, ал 1856 жылы – барлығы  сайлауға қатысқан. Қазіргі уақытта Балларат қаласы гигантты луна – паркіне айналған.

 

 

V.2. Аграрлық реформалар

 

XIX ғасырдың соңынан  бастап Австралияда өнеркәсіптің  дамуымен қатар, бұрын соңды  болмаған хабарласу орындары  дами бастаған.

Ауыл шаруашылықтың  дамуымен алтын табушылардың көңілдерін түсіп кеткен болатын, себебі ауыл шаруашылығы көптеген территорияны қамтыған. Қой өсірумен айналысатын адамдарға бүкіл жерді территориялар « ашық » деп жарияланған. Виктория штатында барлық жерлерді мал ұстаушылар фермерлер мен оларды бағушылар сатып алған. Сол кездегі ең басты мақсаттардың бірі ол сол жерлерді « ашу » болып табылған.  1859 жылы Үкімет тарапымен сол жерлерді зерттеу жұмыстарын іс – жүзінде бекітіле бастады. Бірақ бұл жерлердегі фермеллер қарсылықтарын көрсете бастады. Дәл сондай конфликтілер 30 жыл шамасында болып өткен. 1861 жылы 5 жыл ішінде 17000 жанұя бұл жерлердің толық иегерлері ретінде қоныстанды. Бірақ мал ұстайтын адамдар тек жақсы жарамды жерлерді ғана қалайтын,  жандарында су көздері бар және артарында тек құрғап қалған жерлерді ғана тастап кетіп жүре беретін.

 

 

V.3. Федеральдік Үкімет.

 

80 жылдары Австралия  Великобритания жерінен босап  шығу жолдарын іздестіреді. 1901 жылы  колониялар бірігіп, кең кеңістіктің  арқасында Австралия өзінің федеральдік  статусына ие болады. Австралия федерациясына алты колония, штаттың статуе атағына ие болған. Тек аз қоныстанған солтүстік бөлігі территория болып қала берген. Өткен уақытта колония болған, қазіргі уақыттағы бостандық алған колониялар әлі күнге дейінАнглия королевасының билігін қолдайды.1914 жылы үкімет басындағы Лейбориятер өздерінің қолданбалы бағдарламалар мен саясаттарын жүргізген болатын. Протекционизмдерге қарсы олар: жоғары көлемді еңбекақы, білімді дамыту, күніне сегіз сағаттық жұмыс уақытын, әлеуметтік көмек көрсету сияқты жұмыстарын орнатқан. Австралиядағы өмір сүру жағдайы,әлемдегі Жағдайы жақсы елдердің қатарына қосылды. 1908 жылы федерация тарапынан астананы көшіру  шешімі қабылданды. 1927 жылдың мамыр айында Канберра қаласында парламенттің бірінші отырысы болды. Бұл бірінші парламент үш негізгі саяси партиялардан тұрды: протекционисттер, либералдар және лейбористерден.

 

VI.  I- ші Дүниежүзілік соғыс.

 

Австралия халқы Британ Достастықтарымен экономикалық және стратиграфиялық  жағынан да тығыз байланыста болған.  1885 жылы Суданда болған соғысқа Австралиялықтар Лондонға өз көмектерін көрсеткен болатын және 1900 жылы бурларға қарсы соғыста. 1914 жылы Австралия премьер – министрі Фишер « ақырғы адамға дейін , ақырғы шеллингке дейін » отан – ананы қорғауға атсалысамыз деген. Волонтерлер корпусы 300000 адамды құраған. Оның ішінде Австралиялықтар мен Жаңа Зеландия тұрғындары болған. Австралиялықтардың ұлттық сезімдері тек 1915 жылғы Турцияда болған қанды оқиғаға байланысты оянған деп айтылады. Дарданелларды алуға жіберген австралиялықтар мен жаңа зеландиялықтарды одақтастары алалмайтындығын түсінгендіктен, тек бірнеше айдан кейін алып кетуді жөн көрген. Аймақтық топография мен күштің шектеу болуы көптеген қиындықтар тудырған. 9 айдан кейін эвакуация болған, бірақ бұл қанды соғыста көптген австралиялықтар қаза тапқан.  25 сәуір австралиялықтар мен жаңа зеландиялықтар үшін бұл күн ұлттық мерекелері болып саналады.Бұл соғыс кейбір қоғам қайраткерлерінің жүрегінде Англия отан – ана деген сезімін оятқан.Соғыстан кейін 1923 жылы Үкімет басына Брюс администрациясы келгеннен кейін, « адам, ақша және нарық » лозунгі Австралияға жаңа гүлдену ошағын бергендей. Бірақ 30 жылдарда басталған экономикалық дағдарыс кезінде Австралия, шикізаттын жетіспеушілігі байқалатын жапондықтардың нарығына көңіл аударған.

Кейін Жапония Австралияның ең басты жүн және ет сатып алушыларының біріне айналған.

 

VI.1. II- Дүниежүзілік соғыс.

 

Австралия Германия Ұлыбританияға  соғыс ашқаннан кейін бірнеше  уақыттан соң соғыс жариялаған болатын. 1940 жылыАвстралия қарулы күштері Италия, Греция, Крит және Солтүстік Африка елдерінде 9 ай бойы Роммельдегі Германдық – итальяндық қарулы күштеріне қарсы соғысқан болатын. 1941 жылы Жапония Австралияны қорқыта бастаған.. Жапондықтардың Сингапурды жаулап алулары, австралия тарихында болмаған алғаш рет австралиялықтар қорғанды өздері жасау керек болды. 1942 жылы бомбардировка әсерінен қаланың солтүстік бөлігі қауіпке түсетін.  Австралия Малайзиядағы, Индонезидағы 22000 тұтқындары ішінде көптеген экипированданған солдаттары мен білімді адамдарынан айырылған.Ұлыбритания өзінің қиындықтарын шешумен айналысқан. Сол уақытта Австралия АҚШ- тан көмек сұрауды жөн көрді. Премьер – министр американ генералы Макартураны шақырып оған континент – аралды қарулы күштері бар гиганттық базаны құруды талап еткен.Коралл теңізінде және Папуа –Жаңа Гвинеяда болған соғыстарда американ күштеріне қарсы шығалмаған жапондықтар өз соғыстарын тоқтатқан болатын. Американдықтармен австралиялықтар Тынық мұхитын жапондықтардан босатқан болатын.

1951 жылы Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ мемлекеттері келісімге отырған болатын. Бұл келісімде Бірде – бір жаққа қауіп төнсе көмекке келетіндіктері туралы келісімдерге қол қойылған болатын.

 

 

VI.2. Жаңа бостандықтар

 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  Австралияға жаңа иммигранттар саны өскен болатын. Елге  екі миллионнан астам иммигрантар келген болатын. Тарихта мұндай оқиға әлі болған емес еді.Егер Австралия елінде англосаксондық бағытта болса, ал қазіргі кезде ол космополитизм және әртүрлі мәдениеттер дамыған. Ол жаңа экономикалық даму мен зерттелмеген жерлерді игеруге мүмкіндік берген.  Көптеген кеуіп қалған территорияларда, шөлді аймақтарда, алдағы уақыттарда еш жарамдығы , қызығушылығы жоқ аймақтарда зерттеушілер жаңа, қызықты ашылылулар ашқан: бұл жерлер  сирек кездесетін және көптеген көлемде барлық минералдарды қамтитын болған. 1960 жылдан бастап бұл ашылылулар « австралиялық бум » - ға әкеліп соқтырған болатын. Мұнда капиталдың келуі, биржалардың сынуы, көптеген жаңа заводтардың өсуі, бетондардың барлық жерде құрылуы жүріп жатты. Өмір сүру деңгейі, әлемдегі ең күшті мемлекеттер қатарына ене бастаған болатын.

Өзінің географиялық орналасуына көңіл бөліп, оның ішінде Азия елдеріне, Австралия көршілеріне  бетімен бұрылып, жақын уақыттарда олардың ең күшті клиенттері  болып саналып және байланыстарының нығая түсетіндігі байқалады.Жапондықтар өздерінің қарулы күштерімен ала алмаған Австралия жерінен тек сондағы жерден шыққан өнімін алумен шектеледі. Коммунистік ойлардың дамып кетпеуіне байланысты Австралия Премьер – Министрі Мензиес 1950 – 1953 жылы кореяға, ал 1965 – 1972 жылдары Вьетнамға өз әскерлерін жібереді. 1951 жылы ол Австралияға коммунистік партияны әкелмеу туралы заң қабылдайды. Заң парламентпен ратификацияланса,  жоғарғы Суд келісімін берген емес.Ал кейін тіпті де сайлау жүзінде қабылданбаған. 1972 – 1975 жылдары лейбористік басқарушылар түрлі – түсті иммигранттардың келу ағымын тоқтатуды жөн көрген. Тағы да бір үкіметте болған дағдарыстан кейін Австралия генерал – губернаторы премьер – министрді шығарып, референдум шақырады. Нәтижесінде жаңа басқарушы Мальк Фрейзер сайланады.

1980 жылы болған Оңтүстік  – батыс Тасманиядағы жабайы  жерлерде, Гордон өзенінде плотина  құрылыстарын салу секілді экологиялық  келіспеушіліктер болған. Жоғарғы  судтың шешімімен құрылыстар тоқтатылған болатын.

 

 

 

 

                                       Қорытынды

 

Қорытындылай  келе Австралия материгі XVIII ғасырдан бастап зерттелген дүниежүзіндегі ашылған  ең соңғы материк болып табылады. Өзінің даму уақытында ол көптеген есімдерді танымал еткен. Мысалы: Д.Кук, Дик Хартог, А.ван Димен, Абел Тасман, Уильям Дампир, Луи Антуан де Бугенвиль, Джон Хантер. Кейбір аралдар мен елді мекендерді өздерінің есімдерімен, немесе әлемге әйгілі әулиелер немесе, патша аттарын берген болатын.Өзінің зерттеле бастаған уақытынан бастап, қазіргі кезге дейін Австралия көптеген қиындықтарға төтеп келіп, қазіргі уақытта экономикасы дамыған елді мекендер қатарына кіреді. Бұрынғы кезбен салыстырғанда қазір  Австралия материгінің тәуелсіздігі, валютасы, тұрғылықты халықтары, белгіленген территориясы, табиғи, пайдалы байлықтары, өздеріне тән шаруашылық түрлері де дамыған.

Австралия материгінің зерттелу тарихы